Өкпенің қызметтері


Жоспары
1. Өкпенің қызметтері
2. Ацинустың құрылысы
3. Альвеоланың қабырғасының құрылысы
4. Респираторлық және секреторлық альвеолоциттердің цитофизиологиясы
5. Аэрогематикалық тосқауылдың құрылысы
6. Өкпенің дамуы
7. Өкпенің балалардағы ерекшеліктері
Өкпенің қызметтері
- Газалмастыру
- Термореттеу(дем шығару кезінде жылу жоғалту)
- Қышқылсілтілік тепетеңдікті реттеу(СО2 шығару қанның буферлік сиымдығын реттейді)
- Қанның ұюын реттеу(тромбопластин және гепарин синтезі; тромбоцитопоэз) .
- Су мен тұздың алмасуын реттеу(дем шығару кезінде шыққан тамшыда минеральды заттар болады)
- Эритропоэзді реттеу(эритропоэтин синтезі)
- Иммундық(ББЛТ ) (БАЛТ)
- Липидтердің алмасуына қатысу(майды ыдырату → энергия түзу → ауа өткізу жолдарының, альвеоланың шырышты қабығын және кірген суық ауаны жылыту)
Өкпе 2 негізгі бөлімнен тұрады: Өкпеішілік бронхтардан және көптеген ацинустардан. Строма аз дамыған, оның көбеюі патология жағдайында ғана байқалады.
Ацинустың құрылысы
Ацинус өкпенің құрылымдық-қызметтік бірлігі болып табылады. Оны бірқабатты жазық эпителий қаптап тұрады. Альвеолалардың жалпы саны шамамен 300 млн., ауданы≈ 80 шаршы м. Альвеолалардың арасында жұқа альвеолааралық тосқауыл және саңылаулар болады. Ацинустың құрамына келесі құрылымдар кіреді: Терминальды бронхиола, 1-ші реттік респираторлық бронхиола, 2-ші реттік респираторлық бронхиола, 3-ші реттік респираторлық бронхиола, Альвеолярлық жолдар, Альвеолярлық қапшықтар, Альвеолалар.
Альвеоланың қабырғасының құрылысы.
Альвеолалардың ішкі бетін екі түрлі жасушалар қаптайды: респираторлық альвеолоциттер немесе 1-ші типті жасушалар және секреторлық альвеолоциттер немесе 2-ші типті жасушалар. Жануарларда 3-ші типті немесе жиекшелі жасушалар орналасады. Альвеолалар бір-біріне түйісе орналасқан, олардың арасында альвеола аралық қабырға бар, оның құрамында БТДҰ жұқа қабаты, гемокапиллярлар, эластикалық, коллагендік және ретикулярлық талшықтар анықталады. Альвеолалардың арасында оларды байланыстырып тұратын тесікшелер болады. Бұл саңылаулар патологиялық процестер кезінде ауаның альвеоладан альвеолаға өтуіне және альвеолада газ алмасудың өтуіне жағдай тудырады. Бұл альвеола аралық саңылаулардан басқа претерминалды бронхиолаларды альвеолярлық қапшықтармен байланыстыратын Ламперт каналы болады. Бұл каналдар ауаға коллатералды жолдар болып табылады және өкпе фиброзы кезінде маңызы артады.
Респираторлық және секреторлық альвеолоциттердің цитофизиологиясы.
Альвеола эпителиі 3 түрлі альвеолоциттерден құралады.
1. Респираторлық альвеолоциттердің немесе 1-ші типті альвеолоциттердің ядросы орналасқан аймағы қалыңырақ, ядросыз аймағы жұқа (0, 2 мкм) . Альвеолаға қараған бетінде микробүрлері орналасады, олар газ алмасу аймағын арттырады. Цитоплазмасында ұсақ митохондриялар мен пиноцитоздық көпіршіктер анықталады. Альвеолоциттердің ядросыз бөлігіне гемокапиллярлар жанаса орналасады. Респираторлық альвеола арқылы газ алмасу іске асырылады. Бұл жасушалар аэрогематикалық тосқауылдың құрамына кіреді.
2. Секреторлық альвеолоциттердің немесе үлкен эпителиоциттердің пішіні текшелі. Цитоплазмасында секреторлық аппараты жақсы дамыған және осмиофильді табақшалы денешіктер-цитофосфолипосомалар болады. Апикальды бетінде микробүрлері болады. Бұл жасушалар сурфактант (гликолипиднопротеин) өндіреді, митозға қабілетті. Сурфактант дегеніміз гликолипидтіпротеинді зат. Сурфактант 2 бөліктен тұрады: 1) астыңғы - гипофазадан. Гипофаза альвеола эпителиінің кедір-бұдырларын азайтады. Гипофазаны торлы құрылым құрайтын тубулалар түзейді. 2) үстіңгі - апофазадан. Апофаза фосфолипидті моноқабат құрайды. Қабаттың гидрофобты бөліктері альвеоланың қуысы жағына бағытталған. Сурфактант келесі қызметтерді атқарады: а) альвеолалардың жоғарғы беттерінің тартылысын азайтып оларды қабысудан сақтайды. Сурфакттың бөлінуі зақымданса өкпенің қабысуы мүмкін. б) тамырлардан альвеоланың қуысына сұйықтықтың шығуына кедергі болады, өкпе ісінуіне жол бермейді в) бактерицидтік қасиеті болады. г) иммунокомпетентті жасушалардың және альвеолярлық макрофагтардың жұмысын реттеуге қатысады.
Сурфактант үнемі алмасуда болады. Өкпеде сурфактант-антисурфактанттық жүйе бар. Сурфактантты 2 типті альвелоциттер өндіреді, ал оны ыдыратуды оларға сәйкес ферменттерді бөлу арқылы бронхтар мен бронхиолалардың Клар жасушалары, 2 типті жасушаның өзі және альвеолярлық макрофагтар жүргізеді. Сонымен қатар бұл жасушалар бөлінуге қабілетті болғандықтан резекция жағдайында өкпенің қалпына келуіне қатысады.
3. 3 типті альвеолоцит немесе жиекшелі жасушалар хеморецепторлық қызмет атқарады. Олардың цитоплазмасында құрылысы бойынша нейроэндокриндік жасушалардың түйіршіктеріне ұқсас секреторлық түйіршіктер болады. Түйіршіктердің құрамында кальцитонин, бомбезин, серотонин т. б. болады. Жасушалардың бос беттерінде көптеген микробүрлер, ал цитоплазмасында жиырылғыш белоктардан тұратын микрофибриллалар анықталады. Альвеоланың қабырғасының жасушаларының құрамына альвеолярлық макрофагтар кіреді. Олар қанның моноциттерінен дамиды, басқа жасушаларға жабыса орналасады. Альвеолярлық макрофагтар иммундық реакцияларға қатысады.
Өкпені сыртынан БТДҰ және мезотелийден құралған плевра жауып тұрады.
Аэрогематикалық тосқауылдың құрылысы
Аэрогематикалық тосқауылдың құрамына кіреді: 1) гемокапиллярдың эндотелиі; 2) үзіксіз эндотелийдің базалды мембранасы; 3) альвеолярлық эпителийдің базалды мембранасы; 4) 1 типті альвеолоцит; 5) альвеолярлық эпителийдің үстін жауып жататын сурфактант.
Өкпенің дамуы.
Негізгі тыныс алу мүшелерінің дамуы прехордиалды табақша деп аталатын алдыңғы ішектің вентралды қабырғасының материалынан жүреді. Эмбриогенездің 3 аптасында ол томпайма түзейді, төменгі бөлігінде бұл құрылым сол және оң өкпені беретін екі бастамаға бөлінеді. Өкпенің дамуында 3 сатыны ажыратады:
1 сатысы безді деп аталады да эмбриогенездің 5 аптасынан 4 айына дейін жүреді. Бұл мезгілде ауа өткізу жолдарының және бронхиалды бұтақтардың жүйесі қалыптасады. Өкпенің бастамасы бұл сатыда түтікшелі безге ұқсас болады.
2 сатысы каналикулярлық деп аталады да (эмбриогенездің 4-6 айлары) бронхиалды тармақтардың қалыптасуының аяқталуымен және респираторлық бронхиолдардың түзелуімен сипатталады. Бұнымен бірге бронхиалды түтікшелердің эпителиін қоршай орналасқан мезенхиманың ішіне кіре орналасқан гемокапиллярлардың пайда болуы қарқында жүре бастайды.
3 сатысы альвеолярлық деп аталады және 6 айдан нәресте туғанға дейін жүреді. Бұл мезгілде альвеолярлық жолдар және қапшықтар құралады. Сонымен қатар альвеолярлық эпителиймен өкпе капиллярларының арасында тығыз байланыстар қалыптасады. Альвеолярлық бұтақтарды қоршаған мезенхимадан БТДҰ, жазық бұлшық ет, гиалинді шеміршек және капиллярлар торы пайда болады. Құрсақ іші даму бойы альвеолалар қабысқан күйін сақтайды.
Өкпенің балалардағы ерекшеліктері
Туғаннан кейін бірінші дем кезінде олардың ашылуы және ауаға толуы өтеді. Дені сау нәрестенің тек төменгі диафрагма жанындағы өкпенің альвеолалары ғана ашылмаған болады. Өлі туған баланың барлық альвеолалары қабысқан күйде болады. Соттық-медициналық сараптау кезінде осы белгіге қарап баланың өлу уақытын анықтауға болады. Егер өкпе суға батса, оның құрамында ауа жоқ, яғни бала дем алмаған, ол өлі туған. Егер өкпе суға батпаса, онда ауа бар, бала дем алған, яғни ол туғаннан кейін қайтыс болған.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz