Аккредиттеу тәртібі



1. Сәйкестікті растау органын аккредиттеу тәртібі
2 Сәйкестікті растау жөніндегі органдарға қойылған талаптар
3 СО.ға қойылатын жалпы талаптар
4 Сынау зертханаларын аккредиттеу тәртібі және кезеңдері
5 СО.ның қызметкерлері
Аккредиттелген СРО-да:
- СРО туралы ережелер;
- аккредиттеу аттестаты;
- бекітілген аккредиттеу аясы болуы керек.
СРО өнімдер (қызмет көрсетуді) міндетті және/немесе ерікті сертификаттау жұмыстарын орындауға аккредиттелуі (тіркеу) мүмкін.
СРО-ның филиалдары мен өкілдіктері СРО-ның тәртібімен аккредителеді (тіркеледі).
СРО-дардың, сондай-ақ олардың филиалдары мен өкілдіктерінің құрамында аккредиттеудің өтініш аясында ҚР СТ 7.8 талаптарына сәйкес сертификаттық сынақтар жүргізуге құқық алуға аккредиттелген (тіркелген) және СО-ның тіркеу аясына енгізілген өнімдердің сәйкестігін бағалауға керекті сынақтар түрінің 75 пайызын жүргізуге мүмкіндік беретін, сондай-ақ сертификатталған өнімдерді сертификаттау мен инспекциялық бақылау бойынша жұмыстар жүргізу үшін қажетті құзырлықта тұрақты (штаттық) қызметкерлері бар сынақ зертханалары немесе сынақ орталықтары (бұдан әрі-СЗ) болуы керек.
Қажет болған жағдайда жүйелі аккредиттелген СЗ мен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сертификаттау жүйесінің Мемлекеттік тізілімінде белгіленген тәртіппен тіркелген сарапшы-аудиторларды СРО жұмысқа қосымша шарт жасау арқылы тартуы мүмкін.
СРО қамтамасыз етуге тиіс:
- жүйеде белгіленген сертификаттау ережелерін сақтауды;
- шағым арыздар берудің тәртібі мен оларды ҚР СТ 3.10-ға сәйкес қарауды;
- шетелден әкелінген және ортандық өнімдерді сертификаттау үшін алынған өтемдердің баламалары;
- сертификаттау жөніндегі жұмыстарды жүргізген кезде алынған және өтінушінің коммерциялық құпиясын құрайтын ақпараттың құпиялығын (өнім, процесс, қызметтер, сондай-ақ өндіріс жағдайлары адамдар денсаулығына, азматтардың мүлкіне және қоршаған ортаны қорғауға зиян келтіретіндерін қоспаған жағдайларда) сақтауды.
СРО өнімдерді (қызмет көрсетуді) сертификаттауды келісім-шарт негізінде жүзеге асыруы керек.
Сәйкестікті растау жөніндегі органдарға қойылған талаптар
Қазақстан Республикасы заңына және осы стандарттың талаптарына жауп беретін, барлық меншік нысанындағы заңды тұлғалар қызмет көрсететін және осы қызметі тұтынатын жеке және заңды тұлғаларға тәуелсіз СРО бола алады.
Сертификаттаудың нәтижесіне артылған сенімді жүзеге асыру үшін СРО төмендегі критерияларға сәйкес келуі керек:
- СРО -ның тәуелсіз болуы;
- Сертификаттау жөніндегі міндеттерді анық орындауды және өтінішкелерге қандай да болмасын кемсітушілік болмауды қамтамасыз ететін ұйымдық құрылымы болуы;
- өнімдерге (қызмет көрсетуге) сертификаттау кезінде пайдаланылатын сынақ әдістеріне қойылған талаптарды реттейтін нормативтік құжаттар қорының (осындай қорларды пайдалану үшін құжатты дәлелдеме) болуы;
- аккредиттеудің (тіркеудің) өтінім саласына сәйкес, Мемстандарттың талабы бойынша, қызметтер көрсету кезінде керекті деңгейде өзінің мүмкіндігін көрсетуге құзыреттілігі және қабілеттігі болуы.
СРО -ның тәуелсіздігін қамтамасыз ететін талаптар
СРО әкімшілік, экономикалық және Заң жағынан өнімдерді (қызмет көрсету) әзірлеушілер (жеткізушілер) мен оларға тапсырыс берушілерге (тұтынушыларға) тәуелсіз болуы керек.
Тәуелсіздікті қамтамасыз етудің шартты міндеттеріне СО-да төмендегілердің:
- аккредиттеудің (тіркеудің) өтінім саласына енетін сертификатталатын өнімдер (қызмет көрсету) бойынша жеткізушілермен немесе тұтынушылармен бірлескен коммерциялық мүдделерінің іс қимылдары;
- сертификатталатын өнімдерді (қызмет көрсету) жасау, әзірлеу, сату саласында шаруашылық іс-қимылдарының болмауы жатады.
Әрбір өтініш беруші СО-ның қызметтері туралы ақпараттармен кедергісіз танысуына болады.

Пән: Менеджмент
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   
1.Сәйкестікті растау органын аккредиттеу тәртібі
СРО аккредиттеуді (тіркеуді) Қазақстан Республикасының Стандарттау, метралогия және сертификаттау жөніндегі өкілетті мемлекеттік орган (бұдан әрі-Мемстандарт) жүргізеді.
Аккредиттеу (тікреу) Мемстандарттың СРО ретіндегі белгілі бір салада жұмысты жүзеге асыруға құқылы екендігін ресми мойындау болып табылады (1-кесте).
ҚР МТРЖ сәйкестікті растау жөніндегі органдарды (СРО) және сынақ зертханаларын (орталықтарын) аккредиттеу тәртібі
Аккредиттеу ҚР заңнамасына сәйкес ТРжМ саласында уәкілетті орган жүзеге асырады. Аккредиттеу қатысушылары уәкілетті орган, өтінім беруші, аккредиттеу субьектілері аккредиттеу материалдарын қарастыру жөніндегі комиссия, ҚР ТРМЖ белгіленген тәртіпте бекітілген нормативтік - құқықтық актілермен және нормативтік құжаттармен басшылық ететін сарапшы - аудитор болып табылады.

Аккредиттеу ережесі
Өтінім берушімен ұсынылады
Сарапшы бағасы
Аккредиттеу кезеңдері
1. Аккредиттеу жүргізуге өтінім;
2. СРО мен СЗ туралы мәлімет;
3. СЗ төл құжат (СЗ үшін);
4. Сапа жөніндегі басқарма;
5. (СЗ үшін) сауалнама - сұраулар;
6. Сарапшы бағасы бойынша қорытынды;
7. Куәландырылған, заңды мәртебесін анықтайтын құжаттар көшірмесі.

1. Құжаттар сараптамасы;
2. Тексеру жүргізу;
3. Сарапшы бағасы бойынша рәсімдеу.
1. Комиссия аккредиттеу материалдарын қарастырады;
2. Уәкілетті орган аккредиттеу немесе аккредиттеуден бас тарту туралы шешім қабылдайды;
3. Аккредиттеу саласын бекітеді;
4. Аккредиттеу аттестатын беру және аккредиттелген субьектілер тізіміне тіркеу жүргізеді.

1-кесте.
Аккредиттелген СРО-да:
- СРО туралы ережелер;
- аккредиттеу аттестаты;
- бекітілген аккредиттеу аясы болуы керек.
СРО өнімдер (қызмет көрсетуді) міндетті жәненемесе ерікті сертификаттау жұмыстарын орындауға аккредиттелуі (тіркеу) мүмкін.
СРО-ның филиалдары мен өкілдіктері СРО-ның тәртібімен аккредителеді (тіркеледі).
СРО-дардың, сондай-ақ олардың филиалдары мен өкілдіктерінің құрамында аккредиттеудің өтініш аясында ҚР СТ 7.8 талаптарына сәйкес сертификаттық сынақтар жүргізуге құқық алуға аккредиттелген (тіркелген) және СО-ның тіркеу аясына енгізілген өнімдердің сәйкестігін бағалауға керекті сынақтар түрінің 75 пайызын жүргізуге мүмкіндік беретін, сондай-ақ сертификатталған өнімдерді сертификаттау мен инспекциялық бақылау бойынша жұмыстар жүргізу үшін қажетті құзырлықта тұрақты (штаттық) қызметкерлері бар сынақ зертханалары немесе сынақ орталықтары (бұдан әрі-СЗ) болуы керек.
Қажет болған жағдайда жүйелі аккредиттелген СЗ мен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сертификаттау жүйесінің Мемлекеттік тізілімінде белгіленген тәртіппен тіркелген сарапшы-аудиторларды СРО жұмысқа қосымша шарт жасау арқылы тартуы мүмкін.
СРО қамтамасыз етуге тиіс:
- жүйеде белгіленген сертификаттау ережелерін сақтауды;
- шағым арыздар берудің тәртібі мен оларды ҚР СТ 3.10-ға сәйкес қарауды;
- шетелден әкелінген және ортандық өнімдерді сертификаттау үшін алынған өтемдердің баламалары;
- сертификаттау жөніндегі жұмыстарды жүргізген кезде алынған және өтінушінің коммерциялық құпиясын құрайтын ақпараттың құпиялығын (өнім, процесс, қызметтер, сондай-ақ өндіріс жағдайлары адамдар денсаулығына, азматтардың мүлкіне және қоршаған ортаны қорғауға зиян келтіретіндерін қоспаған жағдайларда) сақтауды.
СРО өнімдерді (қызмет көрсетуді) сертификаттауды келісім-шарт негізінде жүзеге асыруы керек.
Сәйкестікті растау жөніндегі органдарға қойылған талаптар
Қазақстан Республикасы заңына және осы стандарттың талаптарына жауп беретін, барлық меншік нысанындағы заңды тұлғалар қызмет көрсететін және осы қызметі тұтынатын жеке және заңды тұлғаларға тәуелсіз СРО бола алады.
Сертификаттаудың нәтижесіне артылған сенімді жүзеге асыру үшін СРО төмендегі критерияларға сәйкес келуі керек:
- СРО -ның тәуелсіз болуы;
- Сертификаттау жөніндегі міндеттерді анық орындауды және өтінішкелерге қандай да болмасын кемсітушілік болмауды қамтамасыз ететін ұйымдық құрылымы болуы;
- өнімдерге (қызмет көрсетуге) сертификаттау кезінде пайдаланылатын сынақ әдістеріне қойылған талаптарды реттейтін нормативтік құжаттар қорының (осындай қорларды пайдалану үшін құжатты дәлелдеме) болуы;
- аккредиттеудің (тіркеудің) өтінім саласына сәйкес, Мемстандарттың талабы бойынша, қызметтер көрсету кезінде керекті деңгейде өзінің мүмкіндігін көрсетуге құзыреттілігі және қабілеттігі болуы.
СРО -ның тәуелсіздігін қамтамасыз ететін талаптар
СРО әкімшілік, экономикалық және Заң жағынан өнімдерді (қызмет көрсету) әзірлеушілер (жеткізушілер) мен оларға тапсырыс берушілерге (тұтынушыларға) тәуелсіз болуы керек.
Тәуелсіздікті қамтамасыз етудің шартты міндеттеріне СО-да төмендегілердің:
- аккредиттеудің (тіркеудің) өтінім саласына енетін сертификатталатын өнімдер (қызмет көрсету) бойынша жеткізушілермен немесе тұтынушылармен бірлескен коммерциялық мүдделерінің іс қимылдары;
- сертификатталатын өнімдерді (қызмет көрсету) жасау, әзірлеу, сату саласында шаруашылық іс-қимылдарының болмауы жатады.
Әрбір өтініш беруші СО-ның қызметтері туралы ақпараттармен кедергісіз танысуына болады.
СО міндетті:
- өзінің осы стандарттың талабына сәйкестігін ұдайы қадағалап отыруға;
- қызметкерлерді үйретуге және біліктілігін арттыруға, келісім-шарт негізінде жұмысқа тартылған сарапшы-аудитордың, сондай-ақ штаттағы қызметкерлердің біліктілігін арттыру, үйрету және кәсіптік тәжірибесі туралы мәліметтер жүргізуімен қамтамасыз етуге. Осы мәліметтер ылғи жаңартылып тұруы керек.
- сертификаттауды аккредиттеу саласына сәйкес жүйенің ережелері бойынша жүргізуге;
- сәйкестік сертификаттарын белгіленген үлгіде беру және әзурлеушілерге (өндірушілерге) өнімдерді Сәйкестік белгімен таңбалауға немесе осы жүйенің ережелері бойынша жасалған сертификаттың көшірмелерін жіберуге құқық беруге;
- сәйкестік сертификаттары мен олардың көшірмелерінің бланктерін есепке алуда және сақтауды, берілген сертификаттар мен олардың көшірмелерін есепке алуды қамтамасыз етуге;
- Мемстандартқа берілген сәйкестік сертификаттар туралы есептік деректер табыс етуге, құрылымдықжәне сапалық өзгерістер, сондай-ақ заңды мекенжайдың өзгерулері туралы дер кезінде хабарлауға;
- өзінің іс-қимылына мемлекеттік бақылау жүргізуге қажетті жағдайлар жасауға, оның ішінде өкілетті тұлғаларға бақылау жүргізу үшін қол жеткізуге, қажетті құжаттаманы беруге, жүргізілген тексерудің нәтижелерімен таныстыруға;
- Мемстандарттың аккредиттеу (тіркеу) аттестатының әрекетін тоқтата тұру туралы уәжделген шешімін алған күннен бастап, сертификаттау жөніндегі іс-қимылды тоқтатады. Аттестат күшінің тоқтап тұру себептері жойылғаннан кейін, Мемстандарт оның қолдану күшін қайтадан іске қосады.
- соттың аккредиттеу (тіркеу) аттестатын жою туралы немесе аттестаттың қолдану күшінің мерзімі аяқталғандығы жөніндегі қабылдаған шешімі күшіне енген күннен бастап сертификаттау жөніндегі іс-қимылды тоқтатуға.
СО-ға қойылатын жалпы талаптар
Жалпы ережелер, негізгі міндеттері, ұйымдық құрылымы мен қызметтері, оның құқығы, жауапкершілігі, қызметкерлерге қойылатын талаптар, басқа ұйымдармен қарым-қатынас А қосымшасына сәйкес әзірленген СО туралы Ережелерде белгіленуі керек.
СО-ның ұйымдық құрылымы СО-ның барлық қызметтері мен міндеттерінің орындалуын қамтамасыз етуге міндетті.
СО өзінің іс-қимылына мемлекеттік бақылау жүргізуде және аккредиттеу (тіркеу) кезінде төмендегі құжаттардың болуы және көрсетілуі керек:
- Қазақстан Республикасы заңына сәйкес заңды тұлғаның мәртебесін дәлелдейтін құжаттар;
- ұйымның ұйымдық құрылымы және міндеттерін анықтайтын құжаттар;
- аккредиттеу аясында енетін біртекті өнімдерді (қызмет көрсету) сертификаттаудың тәртібі белгіленген аккредиттеу (тіркеу) жүйесінің нормативтік құжаттары;
- қолданыстағы сапа жүйесі.
Қызметкерлерге қойылатын талаптар
Қызметкерлердің құрылымы мен жауапкершілігі бөлінуі орындалатын жұмыстың сапасына кері әсер етуі мүмкін қызметкерлерге коммерциялық, қаржылық, әкімшілік және басқа да қысымшылық болдырмау мақсатымен анықталуы керек.
Сертификаттауға тікелей қатысатын СО-ны мамандарының жоғарғы білімі болуы, алған мамандығы бойынша еңбек тәжірибесі бір жылдан кем болмауы, өнімдерді сертификаттау жөніндегі арнайы даярлығы (сертификаттау жөніндегі органнан алынған куәлігі) болуы керек. Сарапшы-аудитор ҚР СТ 3.8-дің талаптарына сай болуы қажет. Мамандар туралы мәліметтер Г Қосымшасын келтірілген.
СО-ның сертификатталған өнімдерге сынақ, инспекциялық бақылау сертификаттау жөніндегі жұмыстарды басқаруды жүзеге асыратын жетекшілер мен мамандар аккредиттеу аясының өтініміне сәйкес мамандығы бойынша Мемлекеттік сертификаттау жүйесінің сарапшы-аудиторы болуы керек.
СО-ның барлық қызметкерлері өздерінің іс-қимылдарын лауазымдық нұсқауларға сәйкес жүзеге асырады, бұл нұсқауларда олардаың жалпы талаптары, негізгі мақсаттары және жұмысшылардың негізгі міндеттері, олардың құқығы, өзіне жүктелген міндеттердің орындалуына және қажетті жағдайда құқығын пайдаланбағаны үшін жауапкершілігі кіреді.
Сертификаттау жөніндегі нақты жұмыстарды шарт жасау негізде басқа ұйымға тапсырған жағдайда, СО бұл ұйымның қосалқы мердігерлік жұмыстармен айналысудағы қызметкерлерінің осы стандартқа сәйкес келетіне көз жекізуі керек.
Құжаттамаға қойылатын талаптар.
СО сертификаттау жүйесінде пайдаланылатын құжаттамаға бақылау жүйелерін орнатуы және мыналарды қамтамасыз етуі керек:
- жұмыс орындарында қолданыстағы нормативтік құжаттамалардың болуын;
- сертификаттау кезінде пайдаланылатын нормативтік құжаттарды дер кезінде актуалдандыруды;
- мемлекеттік бақылау кезінде анықталған кемшіліктерді жою жөнінде шұғыл шаралар жүргізу мақсатымен сапа жүйесінің құжаттарына өзгертулер мен толықтыруларды мерзімінде енгізуді;
- СО-ның барлық бөлімшелерінде ескірген құжаттамалрды жойып отыруды.
СО өзінің іс-әрекетінде қолдарында болатын төмендегідей құжаттарды басшылыққа алуы керек:
- стандарттау, метрология және сертификаттау жөнінен Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актісі;
- аккредиттеу (тіркеу) аясына сәйкес өнімдерге қойылатын талаптар мен оларды сынау әдістерін анықтайтын НҚ. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік стандарттау жүйесі белгіленген Қазақстан Республикасында қолдануға бектілген немесе танылған НҚ;
- стандарттау, сертификаттау, метрология және аккредиттеу жөнінен негізін қалушы нормативтік құжаттар;
- осы СО-ның сапа жүйесін анықтайтын ұйымдық-әдістемелік құжаттар.
Ұсынылған құжаттар:
- сертификаттау аясындағы ұлттық стандарт;
- өнімдердің (қызметтің) нақты түрлеріне қойылған талаптарды анықтайтын шетелдердің халықаралық және ұлттық НҚ;
- халықаралық және еуропалық стандарттар [1-4];
- сертификаттау саласындағы ИСОМЭК басшылықтар.
СО-ның сапа жүйесіне қойылған талаптар
СО-ның сапа жүйесі жөніндегі құжаттар жинақтамасына төмендегідей негізгі құжаттар енуі керек:
- сапа жөніндегі басшылық;
- әр санаттағы қызметкерледің лауазымдық нұсқаулары;
- НҚ, нұсқаулар және т.б.;
- қызметкерлердің аттестатталғанын дәлелдейтін құжаттар.
Сапа жөніндегі басшылықты әзірлегенде ҚР СТ ИСО 10013 стандартының басшылық нұсқауын ескереді. Тәртіп бойынша төмендегі мазмұнда болуы керек:
- аты, қолдану және пайдалану саласы;
- тақырыбы;-
- ұйым және басшының өзі туралы мәліметтер кіретін кіріспе бөлімі, СО-ның заңды мәртебесі туралы қысқаша сипаттама;
- сапа саласындағы ұйымның ұстаған саясаты мақсаты;
- ұйымдық құрылымын, жауапкершілігін және өкілеттігін баяндау, қызметкерлердің әрбірінің лаузымдық нұсақаулары, жетекшісі мен қызметкердің әрбірінің лауазымдық нұсқаулары, жетекшісі мен қызметкердің (оның ішінде шарт бойынша жұмыс атқаратындардың) аты-жөні, біліктілігі, жұмысы мен өкілдігіндегі практикалық тәжірибесі туралы деректер:
- сертификаттау саласында және сертификаттық сынақтармен айналысатын қызметкердің біліктілігін арттыру туралы мәліметтер;
- сапа жүйесінің элементтерін баяндау және сапа жүйесінің құжатталған тәртіптеріне сілтеме;
- өнімдерді (қызмет көрсетуді) сертификаттау кезеңдерін өткізудің тәртіптері немесе акредиттеу жүйесінің қолданыстағы нормативтік құжаттарында баяндалған тәртіптеріне сілтемелер;
- сертификатталған өнімдерді (қызмет көрсетуді) сертификаттау және испекциялық бақылау кездерінде өнімдер сынақтарының нәтижелерін бағалаудың тәртібі;
- қосалқы мердігер бойынша орындалған сертификаттау жөніндегі жұмыстардың сапасын қамтамасыз ету;
- нормативтік құжаттардың қоры туралы мәліметтер және оларды актуалдандыру;
- өнімдердің (қызмет көрсету) сәйкестік сертификаттарының күшін тоқтата тұру және жою тәртіптері;
- шағым арыздарды беру мен қараудың тәртібі;
- ақпараттың құпиялылығын қамтамасыз етудің тәртіптері;
- СО-ның іс-әрекетін іштей тексерудің тәртібі;
- мұрағаттарды жүргізудің тәртібі;
- сапа жүйесін қайтадан қарау жұмысын жүргізудің тәртіптері;
- Мемстандарттың шешімі бойынша іс-әрекетті тоқтата тұрудың тәртібі; өз бастамасы бойынша немесе аккредиттеу аттестатын жою туралы соттың шешіміне сәйкес іс-әрекетті тоқтатудың тәртіптері.
Қажет болған жағдайда Сапа жөніндегі басшылық басқа да тәртіптер мен мәліметтерге енуі мүмкін.
Сапа жөніндегі басшылықтың басылып шығуы СО-ның басшысымен бектілуі керек.
Сапа жүйесінің жұмыс істеуіне қойылатын талаптар:
- СО-ның сапа жүйесінің жұмыс істеуіне жауапты лауазымдық тұлғаның болуы;
- Сапа жүйесінің жұмыс істеуіне мезгіл-мезгіл тексеру жүргізу;
- Сапа жүйесінің тиімділігін талдау мен бағалау;
- Сапа жүйесін жетілдіру бойынша шаралар әзірлеп жүзеге асыру.
СО тапсырыс берушілерді, сертификаттаудың тәртіптері мен олардың нәтижелерін тіркеуді жүзеге асырады, өзінің іс-қимылы туралы ақпараттың толықтығын және шынайылығын қамтамасыз етеді.
СО сертификат бергеннен кейін үш жыл ішінде сертификатталған өнімдердің қызмет көрсетулері дәлелдейтін құжаттар мен материалдарды: өтінімдерді, өтінімдер жөніндегі шешімдердің, өнімдер сынақтары хаттамасының, өндірістің жайын талдау актісінің көшірмелерін, берілген сертификаттардың, инспекциялық бақылау актілерінің, түскен шағым арыздардың, олар бойынша қабылданған шешімдердің көшірмелерін жинауды ұйымдастырып, оларды сақтауды қамтамасыз етеді.
Сақтау жүйесі тапсырыс берушілердің коммерциялық құпия болып табылатын мәлеметтердің құпиялылығын қамтамасыз етуі керек.
СО-ны аккредиттеуге (тіркеуге) құжаттарына қойылатын талаптар
Аккредиттелуге үміткер ұйым, осы стандарттың қосымшасында көрсетілген нысандарға сәйкес аккредиттелу жөніндегі құжаттарды тапсыруы керек.
Толық жинақталмаған және дұрыс ресімделмеген құжаттар қарауға жатпайды.
Негізгі міндеттер
Өнімдерге (қызмет көрсету, өндіріске) сертификаттау жүргізу сәйкестік сертификатын ресімдеу мен беру, Сәйкестік белгісімен өнімдерді таңбалауға рұқсат беру.
Егер сертификаттау сұлбасында көзделген болса, сертификатталған өнімдерге (қызмет көрсетуге) инспекциялық бақылауды жүзеге асыру.
Сертификаттау мәселелері бойынша Мемстандартпен, оның мемлекеттің қадағалау жөніндегі аумақтық бөлімшелерімен, басқа да аккредиттелген СЛ және СЗ-мен өзара іс-әрекеттері.
Ұйымдық құрылымы және қызметі
СО-ның қолында бар және аккредиттелгенде және мемлекеттік бақылау кезінде табыс ететін құжаттары:
- СО-ның құрылымын анықтайтын және аккредиттеу аясына өтінілген жұмыстардың орындалуын қамтамасыз ететін ұйымдық сұлбасы;
- СЗ-мен және басқа да Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сертификаттау жүйесі. Аккредиттеу жүйесінің басқа қатысушыларымен өзара іс-әрекеттерінің сұлбасы;
- Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сертификаттау жүйесі. Аккредиттеу жүйесі белгіленген тәртіп бойынша бекітілген сертификаттаудың ережелері мен тәртіптері;
- оның заңды мәртебесін анықтайтын құжаттама.
СО-ның ұйымдық құрылымы төмендегілерден тұрады:
- СО-ның жетекшісінен;
- Басқарушы Кеңесінен;
- СО бөлімшелерден;
- аккредиттелген СЗ.
Сертификаттау жөніндегі жұмыстарды жүргізу кезінде әділдік пен шынайылықты қамтамасыз ету және сертификаттаудың кез келген нысанына қатысқандарына қатысты кемсітушілік мүмкіндігін болдырмау мақсатымен Үйлестіруші Кеңес құрылады.
Басқарушы Кеңестің құрамына СО-ның құрылымдық бөлімшелерінің жетекшілері мен сапа жүйесіне жауапты өкілдері енеді. Басқарушы Кеңес:
- СО-ның саясатын қалыптастырады да оны орындауға бақылау жүргізіп отырады;
- сертификаттау жөніндегі жұмыстардың құнын анықтауды бақылайды;
- қажет болған жағдайда сертификаттау жөнінде жұмыстарды орындау тапсырылатын сертификаттау жөніндегі штаттан тыс мамандардың құрамын анықтайды;
- сертификаттау мәселері бойынша Мемстартпен және басқа ұйымдармен өзара іс-әрекеттер ұйымдастырады;
- сертификаттау жөніндегі органның аккредиттеу саласын кеңейту жөнінде ұсыныстар әзірлейді;
- СО-ның жұмыстарын жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлейді; қосалқы мердігерлік шарт бойынша жұмыстар жүргізу үшін аккредиттелген СЗ мен СО-ын таңдайды.
СО-ның бөлімшелері мынадай функцияларды (атқарымдарды) жүзеге асырады:
- сертификаттауға өтініш қабылдау мен оны қарау, олар жөнінде шешімдер даярлау;
- сертификаттау жөніндегі жұмыстарды жүргізу;
- сәйкестік сертификатын рәсімдеу, сәйкестік белгіні пайдалану құқығын рұқсаттар беру;
- сертификатталған өнімдердің (қызмет көрсету) сипаттамасының тұрақтылығына инспекциялық бақылау жүргізу;
-дайындаушылармен түзету шараларының орындалуына жоспарды келісу, егер анықтаған сәйкессіздігі жөндеуге мүмкін болса;
- сәйкестік сертификаттарменнемесе Сәйкестік белгілермен өнімдерді таңбалауға рұқсат берілген іс-әрекеттерді тоқтатқан кездегі түзету шараларын орындау мерзімін белгілеу және олардың орындалуын бақылау;
- сәйкестік сертификаттарыменнемесе Сәйкестік белгілерімен өнімдерді таңбалауға рұқсат берілген іс-әрекеттерді тоқтату немесе жою себептеріне ұсыныстар дайындау;
- сертификаттау кезінде пайдаланылатын нормативтік құжаттардың қорларын қалыптастыру, жүргізу, актуалдандыру;
- СО-ның Сапа жөніндегі басшылықты әзірлеу және оның талаптарын сақтау;
- аккредиттелген СЗ-мен өзара іс-әрекет ұйымдастыру;
сертификатталған өнімдердің нәтижелері туралы мәліметтерді басып шығару;
- СО іс қағаздары мен ағымдағы қаржылық іс-әрекеттерін жүргізу;
- СО-ның қызметкерлеріне даярлау мен аттестаттау және біліктілігін арттыруды ұйымдастыру;
- Мемстандартқа жүргізілген жұмыстар туралы есеп беру.
СО-ның қызметкерлері
СО-ның қызметкерлерінің өз міндеттерін орындау үшін қажетті құзырлығы болады.
СО-ның қызметкерлері өздерінің құқын, қызметтік бағынушылықты, міндетін және оларға байланысты жауапкершілікті анықтайтын осы Ережені және лауазымдық нұсқауларда басшылыққа алады.
Со-ның қызметкерлері, СО-ның аккредиттеу саласына сәйкес, сертификаттау объектісінің сәйкестігін бағалауды, сынақтарды, сертификиктталған өнімдерді, қызмет көрсетуді инспекциялық бақылауды жүзеге асыратын сарапшы - аудиторлары болып табылады. Қосалқы мердігерлік жұмыспен айыналысатын ұйымның қызметкерлері Қазақстан Республикасының Мемлекеттік серитфикаттау жүйесі. Аккредиттеу жүйесінің талаптарымен жауап береді.
СО құқылы:
* аккредиттеу кезінде анықталған функциялар (атқарымдар) ауқымында сертификаттау жұмыстарын жүргізуге;
* Қазақстан Респулбликасының Мемлекттік сертификаттау жүйесі. Аккредиттеу жүйесінің қолданыста жүрген негіз қалаушы нормативтік құжаттарды әзірлеу немесе жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізуге;
- Сертификаттау жөніндегі жұмыстарға және сертификатталған өнімдерге қызмет көрсету инспекциялық бақылау жүргізуге келісім-шарт жасау негізін басқа ұйымдармен кәсіпорындардың мамандарын, сертификаттау жөніндегі сарапшыларын тартуға;
- өзінің құзырлық ауқымында тиісті ұйымдар мен кәсіпорындардан қажетті материалдарды сұрап алуға;
- сертификаттау және аккредиттеу жөнінен басқа елдердің ұйымдармен өзара байланыс жасауға;
- сертификатталған өнімдерді (қызмет көрсетеді) сертификаттау және инспекциялық бақылау кезінде сынақтан өткізу үшін өнімдерді сәйкестендіру мен үлгілерге (сынамалар) іріктеуді жүргізуге;
- Сәйкестік белгісімен сертификатталған өнімдерді таңбалау үшін өтінушімен (тапсырушымен) келісім-шарттар жасауға;
- басқа СО-мен, аккердиттелген СЗ-мен, сарапшы-аудиторлармен, сонымен қатар басқа да ұйымдармен өнімдерді сертификаттау мен сынау, инспекциялық бақылау жөнінде нақты жұмыстар жүргіз уүшін қосалқы мердігерлік шарт жасауға;
* тарифтар әзірлеу және оларды бекітуге;
* СО-ның құқықтық мәртебесін анықтайтын құжаттаманың қолда болуына;
* СО-ның қызметтері туралы ақпаратқа өтінішкердің кедергісіз қолы жетуін қамтамасыз етуге;
* СО өз іс-әрекетін жүзеге асыруға көмектесетін тәртіптердің кемсітушіліксіз сипатын қамтамасыз ету, қабылданбайтын қаржыларды немесе басқа жағдайларда ұсынбауға;
* алаламай, өтінушіге (дайындаушы, сатушыға) және тұтынушыға (үшінші жақ болып табылады) тәуелсіз болу, сертификаттау нәтижелерінің растығын және шынайылығын қамтамасыз етуге;
* сертификатталатын объектілерге тікелей коммерциялық мүдделі ұйым (ұйымның бөлігі) болмауға;
* сәйкестік сертификаттауды шынайы және дұрыс жүргізуге мүмкіндік жасайтын құзырлылық иеленуге;
* сертификаттауды аккредиттеу аясына сәйкес, аккредиттеу ережелері бойынша жүргізуге;
* заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі болып табылатын СЗ мердігерлік негізде сертификаттық сынақтар жүргізген кезде СО-ның өкілі болуын және сынақ хаттамасында оның қол қоюын қамтамсыз етуге;
* жұмыс орындарында қолданыстағы нормативтік құжаттарының болуын, белгіленген ережелерге сәйкес құжаттарға дер кезінде өзгерістер мен түзетулер енгізуге, ескірген құжаттаманы жоюға;
* сертификатталған өнімдерге (қызмет көрсетуге) инспекциялық бақылау жүргізуге;
* Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сертификаттау жүйесі. Аккредиттеу жүйесінің НЖ-да белгіленген үлгіде сертификат және оның көшірмесін беруге және өтінушіге өнімдерді Сәйкестік белгімен таңбалауға құқық беруге;
* Сәйкестік сертификаттың бланкілері мен көшірмелерін есепке алуды және сақтауды, берілген сертификаттар мен олардың көшірмелерін, басқа да құжаттарды есепке алуды қамтамасыз етуге;
* Мемстандартқа өзінің іс-әрекеттері туралы ақпарат пен есептік деректер табыс етуге, құрылымдық және сапалық өзгерістер, сондай-ақ заңды мекенжайының және өтем деректемелерінің өзгерулері туралы дер кезінде хабардар етуге;
* іс жүргізу жүйесін жұмыстық жағдайда ұстауға;
* осы стандарттың талаптарына өзінің сәйкестігін бғалау үшін аудит жүргізеді. Мұндай тексерулер тіркеліп отырылуы керек, олардың деректері, сондай-ақ олар туралы түзетулік шаралар қызметкерлерге жеткізілуі керек және ақпаратқа құқығы бар адамдарға қол жетерлік болуы керек.
* Аккредиттеу аттестатының тоқтала тұруы (жайылуы) немесе қолдану мерзімі өтуі жағдайында іс-әрекетті тоқтата тұруға (тоқтатуға);
* СО-ды аккредиттеуге даярлаған тәртіптермен байланысты қаржылық міндеттемелерді орындауға.
СО-ның жауапкершілігі
Сертификаттау жөніндегі орган мыналарға жауапты:
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын және сертификаттау жөніндегі жұмыстарды жүргізген кезде НҚ талаптарын бұзғанына;
* аккредиттеудің шарттарын жәненемесе аясын бұзғанына;
* өтінушіге сәйкестік сертификаттын негізсіз бергеніне, сондай-ақ Сәйкестік белгісін өнімдерді таңбалауға негізсіз құқық бергеніне;
* өнімдерді мәлімдемелеушілермен, қосалқы мердігерлік ұйымдармен жасалған келісім-шарттардың шартын бұзғанына.
СО-ның сапа үшін және осы Ережемен жүктелген міндеттердің, атқарымдардың және міндеттердің атқарылуы мерзімінде орындалуына, сондай-ақ берілген құқықтарды пайдаланбағаны үшін барлық жауапкершілікті толығымен қолданыстағы заңдарға сәйкес сертификаттау жөніндегі органның жетекшісі тартады.
СО-ның қызметкерлері жауапкершілігінің дәрежесі Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес лауазымдық нұсқаулықтармен белгіленген.
Сәйкестiктi растау жөніндегі органдарды аккредиттеу ережесi
Аккредиттеу өнiмнiң, процестердiң және қызметтердiң сәйкестігiн растаудың белгілi бiр саласында жұмыстарды орындауға өзiнiң құзыретiн ресми тануды алуға ниет білдiрген ұйымдар мен олардың филиалдарына қатысты жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасында аккредиттеудi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес техникалық реттеу және метрология саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрi - уәкілетті орган) жүзеге асырады.
Аккредиттеуге қатысушылар уәкілетті орган, өтiнiш иесi, аккредиттеу субъектілерi, аккредиттеу материалдарын қарау жөнiндегi комиссия (бұдан әрi - комиссия), сәйкестiктi растау және аккредиттеу саласындағы нормативтiк құқықтық кесiмдердi және стандарттау жөніндегі нормативтiк құжаттарды басшылыққа алатын сарапшы-аудиторлар болып табылады.
Комиссияның құрамы мен ол туралы ереже уәкілеттi органның бұйрығымен бекiтiледi. Комиссия шешiмi ұсынымдық сипатта болады.
Аккредиттеу өлшемдерi сәйкестiктi растау және аккредиттеу саласындағы нормативтiк құқықтық кесiмдердiң және стандарттау жөнiндегi нормативтік құжаттардың талаптары болып табылады.
Шетелдiк өтiнiш иелерi мен олардың филиалдары, егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттармен өзгеше белгіленбеген болса, Қазақстан Республикасының өтiнiш берушiлерi сияқты шарттарда және сондай тәртiппен аккредиттеледi.

2. Сынау зертханаларын аккредиттеу тәртібі және кезеңдері
Сынау зертханаларын аккредиттеу ережесін ҚР Үкіметі 2005-жылғы тамыз айының 1-жұлдызында №800 қаулысымен бекіткен.
Аккредиттеуге ниет танытқан, өзінің салалық қатынасы мен меңшік формасына қарамастан ҚР МТРЖ-сіндегі аккредиттеу саласының және аталмыш ереженің талаптарына жауап бере алатын кез келген өтінуші аккредиттелуіне құқылы.
Аккредиттелуге ниет танытқан өтінім беруші Мемстандартқа келесі құжаттарды (әрі қарай - аккредиттеу материалдары) ұсынады:
1. Аккредиттеуге өткізуге өтінім;
2. Аккредиттеу аясы;
3. Сәйкестікті растау жөніндегі орган немесе сынау зертхана туралы ереже;
4. Зертхана паспорты (тек зертхана үшін);
5. Сапа жөніндегі басшылық;
6. Сауалнама анкета (тек зертхана үшін);
7. Техникалық құзыреттілікті сараптамалық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Францияның аккредиттеу жөніндегі комитеті
Кедендік бақылау зертханалары
Сапа менеджменті жүйесін сертификаттау
Өңірлік келісімдерге қатысатын аккредиттеу жөніндегі органдар
Еңбекақы формалары мен жүйелері
Өлшем бірлігін қамтамасыз ету
Сарапшы – аудитор
Қазақстан Республикасының өлшем бірліктерін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесі
Өлшеу құралдарын калибрлеу жүйесі
Сәйкестікті растау
Пәндер