Қарым-қатынас психологиясы пәнінен дәрістер



№1.2 ДӘРІС. Қарым.қатынас психологиясына кіріспе
Жоспар:
1.Қарым.қатынас туралы жалпы ұғым
2.Қарым.қатынастың түрлерi және стратегиясы
3.Коммуникация және оның функциялары мен түрлерi
№3.4 дәріс. Жеке адамның қарым. қатынас жайлы түсінігі
Жоспар:
1. Қарым.қатынастың түрлері мен формалары.
2. Қарым.қатынастың функциялары.
№5.6 дәріс. Білім беру саласында жеке тұлғаның коммуникативтік мәдениетін, тұлғааралық қарым.қатынасын қалыптастырудағы психологиялық мәселелер.
Жоспар:
1.Білім беру саласында жеке тұлғаның коммуникативтік мәдениет туралы түсінік.
2. Тұлғаның қалыптасуындағы маңызды факторлардың бірі . қарым.қатынас мәселесі болып табылады.
3. Студенттің қарым.қатынас жасау типтері.
4. Тұлғааралық қарым.қатынастар.
№7.8 дәріс. Психологиялық қарым.қатынас қажеттілік ретінде
Жоспар:
1.Тұлғаның қалыптасуындағы маңызды факторлардың бірі
2.Адамдар арасындағы қатынас
№9.10 дәріс. Мұғалім мен оқушы арасындағы психологиялық қарым.қатынас нәтижесі
Жоспар:
1.Мектеп өміріндегі мұғалім . басты тұлға
2. Мұғалім . компьютер
3. Адамдар арасындағы қарым.қатынас
№11.12 дәріс. Мұғалім мен оқушылар арасындағы қарым.қатынас психологиясы және оның тәлім.тәрбиелік маңызы
№13.15 дәріс. Мұғалім, ата.анажәне бала арасындағықарым.қатынас
Адам қоғамда өзiн қоршаған адамдар тобында өмiр сүредi және дамиды, оның талаптарына сәйкес өз ойларымен мiнез-құлқын өзгертедi, топтың басқа мүшелерiмен өзара әрекеттесу арқылы әртүрлi байланысты сезiнедi.
Қарым-қатынас психологиясы мынандай құбылыстарды зерттейдi; адамдардың бiр-бiрiн қабылдауы және түсiнуi,елiктеу, сендiру және нандыру, ұйымшылдық немесе жанжалдық, бiрiккен iс-әрекет және тұлғааралық қатынастар. Осыпсихологиялық құбылыстың әр түрлiлiгiнде, олардың пайда болуының негiзгi қайнар көзi болып адамдар арасындағықарым-қатынас аймағы болып табылады.
Егер қарым-қатынас болмаса, бiздiң рухани, материалды даму деңгейiмiздiң қандай дәрежеге көтерiлгенiн бiлмеседiк. Бiздiң әрқайсымыз өзiмiздiң негiзгi қырларымызды жеке қарым-қатынас тәжiрбиелерiмiз арқылы жанұядағы,мектептегi, жұмыстағы, көшедегi тiкелей қатынастар арқылы игеремiз. Бұл микроорта. Микроортадағы қарым-қатынасарқылы әрқайсымыз әлеуметтiк әлемдi кеңiнен танимыз және қарым-қатынасқа түсемiз, яғни макроорта әсерiн сезiнемiз.
Макроорта – бұл өз ғылымы, мәдениетi, идеалогиясы, заңы, қоғамдық өлшемдерi бар қоғам.
Микро және макроортаның кездесетiн жерi, олардың өзара әрекеттесетiн шек – бұл кiшi топ, онда бiздiңәрқайсымыздың өмiрiмiз өтедi.
Қарым-қатынас тарихи алғашқы форма болып табылады оның негiзiнде өркениет дамуының кейiнгi кезеңдерiндеқарым-қатынастың басқа түрлерi пайда болды. Мысалы; жазбаша қарм-қатынас жазбашалықтың құралуынан кейiн ғанапайда бола бастады. Бiздiң әрқайсымыз адамдар арасында өмiр сүрiп және жұмыс iстегендiктен кез-келген жағдайда өзтiлектерiмiзге тәуелсiз түрде адамдармен қарым-қатынасқа түсемiз.
Егер бiз өз өмiрiмiздi бақыласақ онда мынаны байқаймыз:
• басқа адамдармен өзара әрекеттесiп оларды қабылдаймыз және бағалаймыз.
• Жиi түрлi естiгендерiмiздi қызығушылықпен қабылдаймыз.
• Таныстарымызбен немесе кездейсоқ адамдармен өмiрлiк тәжiрбиелерiмiзбен алмасамыз.
• Басқа адамдардың әсерiн сезiнiп оларға елiктеп өз мiнез-құлқымызды өзгертемiз.
• Шешiм қабылдағанда көп жағдайда қасыңдағы адамдардың пiкiрiн есепке аламыз.
Қарым-қатынас стратегиясы
Қарым-қатынас стратегиясы үшке бөлiнедi.
1-шi ашық-жабық қарым-қатынас. Ашық қарым-қатынаста әр адам өзiнiң көзқарасын жеткiзе бiлуi жәнебасқалардың позициясын тыңдауға әрдайым дайындық. Ал жабық қарым-қатынас ақпаратқа деген өзiнiң көзқарасынқатынасын жеткiзе алмауы, қарым-қатынасқа түсуге талпынбауы.

Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   
Қарым-қатынас психологиясы пәнінен дәрістер

№1-2 ДӘРІС. Қарым-қатынас психологиясына кіріспе

Жоспар:
1.Қарым-қатынас туралы жалпы ұғым
2.Қарым-қатынастың түрлерi және стратегиясы
3.Коммуникация және оның функциялары мен түрлерi

Адам қоғамда өзiн қоршаған адамдар тобында өмiр сүредi және дамиды, оның талаптарына сәйкес өз ойларымен мiнез-құлқын өзгертедi, топтың басқа мүшелерiмен өзара әрекеттесу арқылы әртүрлi байланысты сезiнедi.
Қарым-қатынас психологиясы мынандай құбылыстарды зерттейдi; адамдардың бiр-бiрiн қабылдауы және түсiнуi,елiктеу, сендiру және нандыру, ұйымшылдық немесе жанжалдық, бiрiккен iс-әрекет және тұлғааралық қатынастар. Осыпсихологиялық құбылыстың әр түрлiлiгiнде, олардың пайда болуының негiзгi қайнар көзi болып адамдар арасындағықарым-қатынас аймағы болып табылады.
Егер қарым-қатынас болмаса, бiздiң рухани, материалды даму деңгейiмiздiң қандай дәрежеге көтерiлгенiн бiлмеседiк. Бiздiң әрқайсымыз өзiмiздiң негiзгi қырларымызды жеке қарым-қатынас тәжiрбиелерiмiз арқылы жанұядағы,мектептегi, жұмыстағы, көшедегi тiкелей қатынастар арқылы игеремiз. Бұл микроорта. Микроортадағы қарым-қатынасарқылы әрқайсымыз әлеуметтiк әлемдi кеңiнен танимыз және қарым-қатынасқа түсемiз, яғни макроорта әсерiн сезiнемiз.
Макроорта - бұл өз ғылымы, мәдениетi, идеалогиясы, заңы, қоғамдық өлшемдерi бар қоғам.
Микро және макроортаның кездесетiн жерi, олардың өзара әрекеттесетiн шек - бұл кiшi топ, онда бiздiңәрқайсымыздың өмiрiмiз өтедi.
Қарым-қатынас тарихи алғашқы форма болып табылады оның негiзiнде өркениет дамуының кейiнгi кезеңдерiндеқарым-қатынастың басқа түрлерi пайда болды. Мысалы; жазбаша қарм-қатынас жазбашалықтың құралуынан кейiн ғанапайда бола бастады. Бiздiң әрқайсымыз адамдар арасында өмiр сүрiп және жұмыс iстегендiктен кез-келген жағдайда өзтiлектерiмiзге тәуелсiз түрде адамдармен қарым-қатынасқа түсемiз.
Егер бiз өз өмiрiмiздi бақыласақ онда мынаны байқаймыз:
:: басқа адамдармен өзара әрекеттесiп оларды қабылдаймыз және бағалаймыз.
:: Жиi түрлi естiгендерiмiздi қызығушылықпен қабылдаймыз.
:: Таныстарымызбен немесе кездейсоқ адамдармен өмiрлiк тәжiрбиелерiмiзбен алмасамыз.
:: Басқа адамдардың әсерiн сезiнiп оларға елiктеп өз мiнез-құлқымызды өзгертемiз.
:: Шешiм қабылдағанда көп жағдайда қасыңдағы адамдардың пiкiрiн есепке аламыз.
Қарым-қатынас стратегиясы
Қарым-қатынас стратегиясы үшке бөлiнедi.
1-шi ашық-жабық қарым-қатынас. Ашық қарым-қатынаста әр адам өзiнiң көзқарасын жеткiзе бiлуi жәнебасқалардың позициясын тыңдауға әрдайым дайындық. Ал жабық қарым-қатынас ақпаратқа деген өзiнiң көзқарасынқатынасын жеткiзе алмауы, қарым-қатынасқа түсуге талпынбауы.
2-шi Монологты стратегия.
3-шi Рольдiк тұлғаарлық стратегия (мұғалiм-оқушы, үлкен-кiшi).

Қарым-қатынастың түрлерi:
1. Маскiлi қарым-қатынастар; бiр күннiң iшiнде бiрнеше маска кию. Формалды қарым-қатынас, яғни мұндамаскiлердi пайдаланып сұхбаттасушылардың тұлғалық ерекшелiгiн түсiнiп ескеруге талпынамыз (сыпайлық, қаталдық,тұйықтық). Шынайы сұхбаттасушыға деген сезiмдерiн, эмоцияларын қарым-қатынас барысында көрсетпейдi.
2. Формалды рөлдiк қарымқатынас - мұнда сұхбаттасушының тұлғасы мен әлеуметтiк рөлi маңызды болыптабылады.
3. Iскерлiк қарым-қатынас - мұнда сұхбаттасушының iске деген тұлғалық ерекшелiгi, мiнезi, жасы, көңiл-күйiескерiледi. Сонымен бiрге оның iске деген қызығушылығы мәндiк маңызды орын алады.
4. Достардың рухани және тұлғалық қарым-қатынасы - мұнда кез келген тақырыпқа әңгiме қозғауға болады, тек сөзарқылы ғана емес жест, мимика арқылы бiрiн-бiрi жақсы түсiнедi.
5. Маникулятивтiк қарым-қатынас сұхбаттасушыдан белгiлi бiр пайда табуға бағытталған. Ол үшiнсұхбаттасушының тұлғалық ерекшелiгiне байланысты түрлi әдiстер пайдаланады.
6. Вербалды және вербалды емес қарым-қатынас.
Коммуникациялық жүйе - бұл алынатын және берiлетiн ақпаратты түсiнудi қамтамасыз ету мақсатында адамдарарасындағы хабар алмасу.
Коммуникацияның негiзгi функциялары мыналар:
1.Информативтi - адамдар арасындағы өзара әрекеттесудi ұйымдастыру.
2.Интерактивтi - адамдар арасындағы өзара әрекеттесу түрлерiн пайдалана отырып сұхбаттасушының көңiл күйiне,сенiмiне мiнез-құлқына әсер ету.
3.Перциптивтi - қарым-қатынасқа түсушi серiктестердiң бiрiн-бiрi қабылдауы және өзара түсiнушiлiктiқалыптастыру.
4.Экспрессивтi - эмоционалды бастан кешiрулер сипатын өзгерту.
Хабар беру мына бағыттармен жүзеге асады:
-жоғарыдан төменге - жұмысшыларға бұйрық беру.
-төменнен жоғарыға - басшылармен пiкiр алмасу және т.б.
Коммуникация процесi жүзеге асу үшiн мынадай 4 элемент керек.
1. хабар берушi
2. мәлiмет
3. арнайы ақпарат беру құралы
4. ақпарат алушы

№3-4 дәріс. Жеке адамның қарым- қатынас жайлы түсінігі
Жоспар:
1. Қарым-қатынастың түрлері мен формалары.
2. Қарым-қатынастың функциялары.

Психология ғылымындағы негізгі ұғымдардың біреуі - қарым-қатынас. Қарым-қатынассыз жеке адамды түсіну, оның дамып-жетілуін талдау мүмкін емес.
Қарым-қатынас түрлері мен формалары бойынша әр алуан. Тура, жанама, тікелей, біреу арқылы (тікелей емес). Алғашқысы тікелей қарым-қатынас, соның негізінде тікелей емес қарым-қатынас пайда болады.
Тікелей емес қарым-қатынас - жазбаша түрдегі немесе техникалық құралдарды пайдалану негізіндегі толық емес психологиялық контакт.
Адамзат тәжірибесін игеруде жазудың, кітаптың, басқа әр түрлі техникалық құралдардың пайда болуы тікелей емес қарым-қатынас жасаудың жүйесін күрделендірді.
Қарым-қатынас ары қарай жеке адамаралық және көпшіліктік қарым-қатынас болып бөлінеді.Жеке адамаралық қарым-қатынас - топтарда, жұптарда жеке дара ерекшеліктерін білу, қайғы-қуанышына ортақтасу, түсіну, бірігіп іс-әрекет ету негіздерінде қалыптасатын түрі.
Көпшіліктік қарым-қатынас - көпше түрдегі таныс емес адамдардың және көпшіліктік мәлімет құралдары арқылы қарым-қатынас жасау, осындай қатынастың үріне өнер, эстетикалық - қарым-қатынастарды да жатқызады.
Қарым-қатынаста адамдар өзін көрсетеді, өзі үшін және басқалар үшін психологиялық қасиетерін аша түседі. Сонымен бірге ол қасиеттері қарым-қатынаста қалыптасады да, адамдармен қарым-қатынаста адамның адамзаттық тәжірибені игеруі, қалыптасқан мораль, құндылықтар, білім мен іс-әрекет түрлерін игеруі , жеке адам және дара адам түрінде қалыптасуы іске асырылады. Яғни қарым-қатынас адамның психологиялық дамуының маңызды факторы. Жалпы алғанда қарым-қатынасты былай анықтауға болады: адамның бүкіл өмірі барысында психикалық процестері мен мінез-құлқы қалыптасатын жан-жақты шындық.
Қарым-қатынастың маңызды 5 функциясын бөліп қарастыруға болады. Қарым-қатынас адамдардың ұжымдық іс-әрекетінде байланыстырғыш рөлді атқарады. Бұл функциясын шартты түрде прагматикалық функция деп атауға болады. Бұл шартты орындамау Інжілде айтылған атақты Вавилон мұнарасы туралы аңызға әкеліп соғуы мүмкін. Маңызы бойынша 2-функциясын қалыптастырғыш функция деп айтуға болады. Бұл функция адамның психологиялық бейнесін қалыптастырып өзгертудің маңызды шарты. Бала дамуының белгілі кезеңдерінде мінез-құлқы, іс-әрекеті және баланың қоршаған әлем мен өзіне деген қатынасы үлкендер арқылы іске асырылады. Д.Элькониннің айтуынша: Бала әрқашанда 2 адам - оның өзі және ересек адам . Даму барысында бала мен ересектің сыртқы тікелей емес қарым-қатынасы баланың ішкі психологиялық прцесіне және де баланың дербестік ерікті іс-әрекетіне айналады.
Онтогенездің бастапқы кезеңдерінде қарым-қатынас бала өмірінде аса маңызды функция атқарады. Орта ғасырда бір испан епископы былай деп жазған екен: Жетімханадағы балалар зерігіп, зеріккендіктен өледі. 30-жылдары АҚШ-та эксперимент жүргізілген: 2 клиникада қауіпті, әрең жазылатын ауру балалар жатқан. Оның біреуінде балалар туысқандарымен кездеседі, ал екіншісінде туысқандарымен жолықтырылмайды. Осы екі клиникада жазылу тиімділігін салыстырғанда: оның біріншісінде - бала өлімі жоқ, ал екіншісінде - балалардың үштен бірі шетінеген.
Бала мен ересектің қарым-қатынасы білім, іскерлік, дағдыны берудің жай қосындысы емес, өзара әсерлесу нәтижесінде өзара баю мен өзгерудің күрделі процесі. Бала өзіне берілетін басқаның тәжірибесін белсенді түрде ой елегінен өткізіп, өңдеп пайдаланады. Қарым-қатынастың үшінші функциясы ретінде бекітетін, қолдаушы деген функциясын атауға болады.басқаша айтқанда, басқа адаммен қарым-қатынаста адам өзін-өзі танып-біліп, өзіне-өзі сенімге ие болады. Адам өзін-өзі бағалау үшін басқаның мақұлдауын қажет етеді. У.Джеймстің айтуынша: Адам үшін қоғамда өз бетімен назардан тыс қалу және басқалардың оны мүлдем байқамауы - ең зор жаза. Көптеген псизотерапевттік жүйелерде адамның мұндай жағдайы қолданылмаған . бекітілмеген деген ұғым арқылы беріледі, және де Сенікі жөн емес, Сен жамансың деп мойындамауға қарағанда (бұл жағдайда теріс болса да бекітудің белгілі үлесі бар), бекітілмеу Сен бұл жерде жоқсың, Сен тірі адам емессің дегенді көрсетеді.

Атақты ағылшын психологы Р.Д.Ленг - бекітілмеу ,көптеген психологиялық ауру, әсіресе шизофринияның себебі деген қорытындыға келген. Оның байқаулары бойынша, басқа да зерттеулер көрсеткендей, эндогенді психозбен көбінесе ата-аналары тарапынан шеттетілген балалар ауырады екен.

Адамдар өміріндегі әр түрлі дәстүрлер - амандасу, түрліше көңіл аудару рәсімдері бекітілу терапиясы деп саналады.Қарым-қатынастың төртінші функциясы жеке адамаралық қатынастарды ұйымдастыру және қолдау болып табылады. Басқа адамдарға деген эмоциялық көзқарастар - сүйкімді -- сүйкімсіз, ұнайды- ұнамайды деген терминдермен белгіленеді.Әрине, эмоциялық қарым-қатынас адам өміріндегі жалғыз қатынастың түрі емес, бірақ олар адамның барлық қарым-қатынас жүйесінде көрінеді, көбінесе іскерлік немесе тіпті рөлдік қатынасына да өз әсерін тигізеді. Келесі , бесінші функциясы жеке адам ішілік функциясы. Бұл жағдайда адамның өз-өзімен қарым-қатынас жасауын (ішкі немесе сыртқы сөйлеу арқылы- диалог типінде) адамның ойлауының әдісі түрінде қарастыруға болады. Осыған байланысты Л.С.Выготскйй былай деген: ...адам өзімен зі болғанда да қарым-қатынас функциясын сақтайды.

Сонымен біз қарым-қатынастың түрін , формалары мен функцияларын қарастырдық. Әлеуметтік психологияда баса назар аударылатыны жеке адамаралық , тікелей қарым-қатынас түрі, ең терең зерттелетіні де осы түрі.

Әлеуметтік психология, адамдардың түрлі әлеуметтік топтарға кіріктірілуіне байланысты, олардың мінез-құлқы мен іс-әрекетінің заңдылықтарын зерттейтін болса, онда, алдымен жеке адамаралық қарым-қатынас және адамдардың бір-біріне өзара әсерін ғылыми тұрғыда талдау қажеттілігінің туындауы заңды құбылыс. Бұл процестер қалай өтеді, олардың формалары, құрылымы қандай, адамдар арасындағы қарым-қатынаста алатын орны қандай?

Қоғамдық қарым-қатынасқа қарағанда жеке адамаралық қарым-қатынастың табиғаты бөлекше, оның өзіндік ерекшелігі - эмоциялық негізінің болуы. Адамдар бір-бірімен қарым-қатынасқа түскенде, оның бір-біріне деген әртүрлі көзқарастары сезімдер негізінде қалыптасады. Психология ғылымы жеке тұлғаның эмоциялық көріністерінің үш түрін немесе үш деңгейін бөліп қарастырады: аффектілер, эмоциялар мен сезімдер. Жеке адамаралық қарым-қатынаста осылардың бәрі де көрініс бергенімен , көбінесе сезімдерге баса көңіл аударылады, олардың өзін екі топқа бөліп қарастыру қабылданған:

1) конъюктивті - адамдарды жақандататын, біріктіретін, бірлескен іс-әрекетке итермелейтін сезімдер;

2) дизъюнктивті - адамдарды бір-бірінен аластататын, біллескен іс-әрекеттен қашқақтататын сезімдер.

Жеке адамаралық қарым-қатынасты зерттеуде американ психологы Дж. Морено (1958) ұсынған социометрия әдісі кең қолданылады. Социометрия негізінде нақты іс-ірекет кезіндегі шағын топтың қарым-қатынасын (жақтыру, жақтырмау) анықтауға болады. Дегенмен , топты толық зерттеу үшін тек социометрия әдісі жеткіліксіз болып табылады.

Кеңестік психологияда қарым-қатынасты бір жағынан, іс-ірекеттің бір түрі , екіншіден, іс-әрекеттің өзіндік көрінісі деген ұғымда қолдану басым.Қарым-қатынастың іс-әрекетке кіріктірілуі оған қатысышылардың әрекеттерін үйлестіріп немесе үйлестірмей іске асырады. Мұндай үйлетірушілік қарым-қатынастың ерекше әсер етушілік функциясымен байланысты.

Қарым-қатынастың құрылымы күрделі болғандықтан, шартты түрде талдау мақсатымен, көбінесе оның бір-бірімен тығыз байланысты үш жағын қарастырады: коммуникативті, интерактивті, перцептивті.

Қарым-қатынастың коммуникативті жағы (тар мағынада) - қарым-қатынасқа түсішушілердің бір-бірімен мәлімет алмасуы.

Интерактивті жағы - қарым-қатынасқа түсушілердің өзара әрекетесуін ұйымдастыру, яғни білім, идеялар және әрекеттермен алмасу (әрекеттестік) . Бірлескен әрекеттің ұйымдастырылуы.

Перцептивті жағы - қарым-қатынасқа үсушілердің бір-бірін қабылдауы, тануы (түсінуі) , соның негізінде өзара түсіністіктің пайда болып қалыптасуы.

Сонымен қатар, жеке адамаралық қарым-қатынас: императивті, манипулятивті және диалог болып бөлінеді. Императивті қарым-қатынас - авторитарлы, директивті (өктем) түрде қарым-қатынасқа түсушіге жасалынатын әсер. Бұл жағдайда қарым-қатынас партнері -- әсер етілетін объект, пассивті обхект болып есептелінеді.

Көптеген іс-әрекетте , мәселен, әскери өмірде, кейбір шытырман, қиы-қыстау жағдайларда осындай қарым-қатынас қажет.Мұндай қарым-қатынастың орынсыз , этикаға сыймайтын кездері де болады. өте жақыфн адамдар арасында, тәрбиелік, педагогикалық, т.б. қарым-қатынастарда.

Манипуляция - қарым-қатынас партнеріне өзінің іштей мақсаттарын жасырын түрде жүзеге асыру үшін жасалынатын қарым-қатынас түрі. Қарым-қатынастың бұл түрі, әсіресе, бизнес, іскерлік қарым-қатынаста әбден орынды болғанымен , достық, жолдастық, сүіспеншілік саласында орынсыз. Императивті және манипулятивті қарым-қатынасты біріктіріп, монологтық қарым-қатынас деп сипаттауға болады.А.А.Ухтомскийдің айтуынша, адам өз маңайындағыларды басқа адам емес, өзінің сыңарлары деп қабылдайды. Өзіне деген бағдардан басқа адамға деген бағдарға көшетін қарым-қатынас түрі - диалогты қарым-қатынас.

Диалог - тең құқылық, субъективті қарым-қатынас, оның мақсаты: өзара танып-түсіну, партнерлер арасында өзін түсіну, өзіндік даму. Диалогты қарым-қатынас жасау, қарым-қатынастың белгілі ережелерін сақтағанда ғана мүмкін.

№5-6 дәріс. Білім беру саласында жеке тұлғаның коммуникативтік мәдениетін, тұлғааралық қарым-қатынасын қалыптастырудағы психологиялық мәселелер.

Жоспар:
1.Білім беру саласында жеке тұлғаның коммуникативтік мәдениет туралы түсінік.
2. Тұлғаның қалыптасуындағы маңызды факторлардың бірі - қарым-қатынас мәселесі болып табылады.
3. Студенттің қарым-қатынас жасау типтері.
4. Тұлғааралық қарым-қатынастар.

Білім беру саласында жеке тұлғаның коммуникативтік мәдениетін, тұлғааралық қарым-қатынасын қалыптастыру маңызды мәселелердің бірі болып табылады. Қазіргі қоғамның қарқынды дамуы әлеуметтік, экономикалық құндылықтарды, оның ішінде қарым-қатынас және адам мәдениетінің деңгейін түбегейлі жетілдіруді керек етіп отыр. Әсіресе, әлемдік деңгейде қарым-қатынас мәселелерінің шиеленісіп отырған шағында тұлғааралық қарым-қатынасты ізгілендіру, оны жоғары мәдениеттіліктің деңгейіне көтеру қажеттігі айқындала түсуде.
Қазақстан Республикасы Президентінің Бәсекеге қабілетті Қазақстан үшін, бәсекеге қабілетті халық үшін, бәсекеге қабілетті ұлт үшін деген Жолдауында ұлттық бәсекелестің қабілеті бірінші кезеңде білімділік деңгейімен айқындалады деп атауы білім беру саласында жаңаша көзқарас, кәсіби қарым-қатынас қалыптастыруды міндеттейді.
Қазақстан Республикасы Білім туралы Заңында білім беру жүйесінің басты міндеті - ұлттық және жалпы азаматтық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіптік шыңдауға бағытталған сапалы білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау екендігі атап көрсетіліп, онда білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттері көзделеді. Осындай міндеттерді жүзеге асыру үшін Елбасы Н.Назарбаев Интеллектуалды ұлт - 2020 ұлттық жобасын ұсынды. Интеллектуалды ұлт болу үшін тұлғаның ғылыми, кәсіби, мәдени ақпаратына, білімі және біліктілігіне, психологиялық, моралдық ерекшеліктері мен әлеуметтік ұжымда өзін-өзі ұйымдастыра, басқара алуына басты назар аудару қажеттігі туындап отыр.
Қазіргі кезеңде жоғары оқу орындарының оқытушылары білім беру мен тәрбие үдерісінің көп қырлы мақсаттарын көздей отырып, осындай мемлекеттік құжаттар аясында мұғалім кадрларын әзірлеуді міндеттейді. Осы орайда, оқытушылар мен студенттердің тұлғааралық қарым-қатынастарын оқыту үдерісінде қалыптасуын зерттеу әлеуметтік-экономикалық және мәдени дағдарыс жағдайында бірегей көтеріліп отырған өзекті мәселелердің бірі болып табылады.
Тұлғааралық қарым-қатынас - білім мен тәрбиенің нәтижесі болып қана қоймай, бүгінгі күннің өте маңызды әрі күрделі де ұзақ мерзімді қажет ететін көкейкесті мәселелерінің бірі. Қарым-қатынасқа түспей тұрып жеке адамды толық түсіну, оның адами қасиеттері мен дамып-жетілуін талдау мүмкін емес. Педагогика ғылымының кез келген мәселесі адамдардың жан дүниесімен, қоғам мен әлеуметтік өмірдің сан алуан сырларымен тығыз байланысты.
Оқытушылар мен студенттердің тұлғааралық қарым-қатынастарын оқыту үдерісінде қалыптастыру қажеттілігі оқытушының өз пәнін оқыту барысында жеке басының үлгісімен, сонымен қатар пәнді меңгертуде жеке тұлға ретінде өз мүмкіндіктерінің жаңа қырларын танытуға қызықтыру арқылы студенттерге зор ықпал ете алуымен байланысты. Осыған орай, студент оқыту үдерісіндегі басты субъект болғандықтан назардың барлығы оның тұлға ретінде қалыптасып, дамуына аударылады. Осындай сабақтастық қатынасқа қол жеткізу үшін оқытушы мен студенттің тұлғааралық қарым-қатынастарын оқыту үдерісінде қалыптастыруымыз қажет.
Бұл мәселені ғалымдарымыз да жан-жақты қарастырған. Мысалы, Әл-Фараби, Ж.Баласағұн, Қ.А.Ясауи және т.б. ғұлама ойшылдар адамгершілік-имандылық тәрбиесі арқылы адамдар арасындағы тұлғааралық қарым-қатынастың біртұтастығын қалыптастыруға болатындығына аса мән берсе, А.С.Макаренко мен Я.А.Коменский тұлғааралық қарым-қатынастың тәрбиелік ықпалына ерекше назар аударған.
Педагогикалық үдерістегі оқытушылар мен студенттердің іс-әрекетін ұйымдастыруда тұлғааралық қарым-қатынастың маңызы ерекше. Оны сапалы ұйымдастыру педагогтардың білім дәрежесі мен шеберлігіне байланысты. Педагогтарға қажетті мұндай қасиеттерді А.С.Макаренко өнер деп бағалаған.
ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы қазақ ғұламалары мен ағартушылары Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев және ХХ ғасырдың алғашқы ширегіндегі қазақ зиялылары Ш.Құдайбердиев, А.Байтұрсынов өз шығармаларында адам мен қарым-қатынас мәселесін көтерсе, оны шетелдік және отандық философ, психолог, әлеуметтанушы және педагог ғалымдар да әр қырынан зерттеген. Мысалы, қарым-қатынастың философиялық негізін В.С.Библер, Г.С.Батишев, М.С.Каган, Ж.М.Әбділдин, Қ.Ә.Әбішев, Д.Кішібеков, қарым-қатынас мәдениетін В.С.Грехнев, Е.М.Семёнова, Р.М.Фатихова, Е.О.Омар, Ю.А.Сапарова, коммуникативтік мәдениет мәселелерін И.И.Зарецкая, А.Н.Васильева, В.В.Соколова, Г.Д.Аулбекова, қарым-қатынастың қоғамдық-әлеуметтік өмірде тілдесу, ортақтасу арқылы жүзеге асуын, қарым-қатынас барысында шиеленіс мәселелерін С.Елеусізова, А.Құдиярова, К.М.Арымбаева, психологиядағы қарым-қатынас туралы әлеуметтік зерттеулер төңірегінде Б.Д.Парыгин, Л.П.Буева, А.А.Леонтьев, тұлғаны дамытудағы қарым-қатынас мүмкіндіктерін Б.Г.Ананьев, А.А.Бодалев, Л.И.Божович, И.С.Кон, қарым-қатынастың мәдениет теориясын Э.А.Баллер, И.С.Злобин, В.Е.Давидович, Л.И.Рувинский, В.А.Кан-Калик, А.Н.Леонтьевтер зерттесе, қарым-қатынас мәселелерінің негіздерін зерттеген Л.Н.Коган, Л.М.Митина, Г.И.Саранцев, Р.Ж.Божбанова, Қ.Б.Жарықбаев, Э.А.Урунбасарова, Х.Т.Шерьязданова, Р.К.Кушембаева, этнографиялық зерттеулердегі қарым-қатынастың этномәдени деңгейін қарастырған С.А.Ұзақбаева, К.Ж.Қожахметова, Ж.К.Оңалбек, болашақ мұғалімдерге ұлттық тәрбие беру мәселелерін ұсынған Қ.Бөлеев, Б.А.Тойлыбаев, С.Қ.Қалиев, Ә.Қ.Қисымова, білім мазмұнын, оның ішінде жоғары мектептегі оқытудың теориялық-әдістемелік міндеттерін шешкен С.Пірәлиев, Л.Керімов, М.Н.Сарыбеков, К.М.Беркімбаев, Б.К.Момынбаев, С.М.Жақыпов, В.А.Ким, Б.Қ.Мухамеджанов, Р.С.Омарова және т.б. зерттеушілерді жатқызуға болады.
Тұлғаның қалыптасуындағы маңызды факторлардың бірі - қарым-қатынас мәселесі болып табылады. Қарым-қатынас түсінігі мен тұлғаның қалыптасуындағы қарым-қатынастың алатын рөлі туралы идея кеңестік психологтар А.Н.Леонтьев, А.Б.Добрович,И.А.Зимняя, Г.В.Казнова, М.И.Лисина, А.В.Мудрик, Л.А.Поварницынаның және т.б. ғалымдардың еңбектерінде қарастырылған. Ал жоғары оқу орындарында оқытушылар мен студенттердің тұлғааралық қарым-қатынастарын оқыту үдерісінде қалыптастыру мәселесінің теориялық негізі оқыту үдерісіндегі тұлғааралық қарым-қатынастарды қалыптастыру ұғымының мәні мен мазмұнын анықтауға байланысты. Сондықтан бұл ұғымның жан-жақты талқылануы маңызды. Мұның бәрі зерттеу жұмысының Тұлғааралық қарым-қатынастардың теориялық негіздері атты бірінші бөлімде қарастырылды.
Тұлғааралық қарым-қатынастың бірлігі мен қызметтік пайымы біркелкі түсінікті бермей, қарым-қатынастың қызмет түрі ретінде де қарастырылады. Себебі қарым-қатынас, біріншіден, бұл - қызметтің ерекше бір түрі (коммуникативтік қызмет), екіншіден, кез келген қызметті жүзеге асырудың шарты, үшіншіден, арнайы қойылған қызметтің нәтижесі болып табылады. Өзінің еңбектерінде М.Н.Ночевник Адамның дамуын, жеке адамның тұлға болып қалыптасуын, оның қоғаммен байланысын басқа адамдармен қарым-қатынасынан тыс елестету мүмкін емес деп атап көрсетсе, М.Жұмабаев Педагогика атты еңбегінде бұл мәселе жөнінде Жеке адамның шын мәніндегі рухани байлығы оның іс жүзіндегі қарым-қатынастарының байлығына байланысты деп жазған.
Тұлғааралық қарым-қатынас адамдар болмысының қажетті шарты болып табылады. Қарым-қатынассыз адамның жекелеген психикалық қызметтерінің, үдерістер мен ерекшеліктерінің, жеке тұлғаның және тұтас қоғамның толыққанды қалыптасуы мүмкін емес. Кейде қарым-қатынас, әлеуметтік қарым-қатынас, тұлғааралық қарым-қатынас, іскерлік қарым-қатынас және мәдени қарым-қатынастүсініктері өзара байланысты болғанымен, бір-біріне тең келмейді, себебі олардың өзіндік өзгешеліктері болады.
Адамдар арасындағы қатынастардың қаншалықты айқын байқалуына байланысты қарым-қатынастар бірнеше түрге бөліп қарастыруға болады:
Қоғамдық қатынастар анағұрлым айқын көрінетін әлеуметтік бағдарлықарым-қатынастар (дәріс оқу, баяндама және т.б.);
Бірлескен іс-әрекеттерге байланысты қарым-қатынастар айқын байқалатын пәндік бағдарлы топтық қарым-қатынастар (бұған еңбек ету, оқу барысында қалыптасатын қарым-қатынастар жатады);
Тұлғааралық қарым-қатынастар, яғни бір адамның екінші адаммен қарым-қатынасы. Тұлғааралық қарым-қатынасқа адамзат аралық ақпарат алмасу жатады, бұл қарым-қатынастың бірінші коммуникативтік жағы ретінде сипатталады. Тұлғааралық қарым-қатынастың екінші жағы - қарым-қатынас жасаушылардың өзара әрекеттестігі - тек сөйлесу үдерісі арқылы ғана емес, істері мен әрекеттері арқылы да қарым-қатынас жасау. Қарым-қатынастың үшінші жағы қатынас жасаушылардың бірін-бірі қабылдауы болып табылады. Ал оқыту үдерісіндегі тұлғааралық қарым-қатынас дегеніміз - оқытушының ықпалымен студенттердің топтық іс-әрекетін реттеуші, вербалды, бейвербалды қарым-қатынасқа түсу ерекшелігі, оқыту үдерісіндегі шиеленістерді шешудің, мінез-құлықтың топтық нормаларын қалыптастырудың құралы және болашақ маман тұлғасының қалыптасуының бір факторы болып табылады.
Оқыту үдерісінде тұлғааралық қарым-қатынас мәдениетінің болмауы немесе төмен деңгейде болуы көп жағдайда келіспеушілік пен келеңсіз оқиғаларға, сондай-ақ оқытушының студентпен немесе бүкіл топпен байланысының нашарлауына себеп болуы мүмкін. Мұндай келеңсіз жағдайды табысты әрі шебер түрде реттей білу оқытушының қарым-қатынас мәдениетіне тікелей байланысты.
Оқытушы мен студент арасындағы тұлғааралық қарым-қатынастың негізгі моральдық нормалары бар, олар - өзінің тыңдаушыларының әрқайсысының қадір-қасиетін құрметтеу, ішкі дүниесіне ықыласпен және сеніммен қарым-қатынас жасау, қайырымдылық пен мейірбандық таныту.
Кәсіби маманның коммуникативтік құзіреттілігі сөйлеу қызметі арқылы қалыптасады. Коммуникативтік құзіреттілік - іс-әрекет барысында түрлі коммуникативтік міндеттерді шешу жағдайында сөйлеу әрекетін тиімді жүзеге асыруға даярлығы мен қабілетін көрсететін тұлғаның сипаттамасы. Оның негізін қарым-қатынас құралдары мен тәсілдері, іс-әрекет нормалары мен ережелері, әдептің ерекшеліктері, тұлғааралық байланыстарды орнату заңдары және коммуникативтік іскерліктер құрайды. Мұндай комуникативтік құзіреттілікке педагогтарды ғана емес, студенттерді де дайындау қажет. Студент оқытушыны қызығушылық танытқан сұхбаттас және әріптес ретінде қабылдауы қажет, бұл оқытушының сөйлеу әдебін қаншалықты жетік меңгергеніне тікелей байланысты болады. Оқытушының коммуникативтік іс-әрекетін сипаттауда оның сөйлеу сазы, студенттермен қарым-қатынас жасауы, жауап беру мәнері, бағалаушы пікір айтуды орынды қолдануы, сөйлеуде қолданылатын ілеспелі мимикалар мен ым-ишараттардың сипаты аса маңызды болып табылады.
Зерттеушілердің көпшілігі сөйлеу саласы ақпаратты жеткізу үшін қолданылса, бейвербалды сала тұлғааралық қарым-қатынастарды талқылау үшін, сезім күйлерін білдіру үшін, ал кейбір жағдайларда сөз арқылы хабар жеткізудің орнына да қолданылатыны туралы пікірді жақтайды. В.А.Лабунская өзінің еңбегінде бейвербалды қарым-қатынастың атқаратын қызметі туралы мәселені жан-жақты қарастырып, вербалды қарым-қатынас түрінің тұлғааралық қатынастар тұрғысынан көп функционалды екенін және оның бірқатар маңызды қызметтерін де атап көрсетеді. Оқытушылар үшін бейвербалды қарым-қатынастардың оқыту үдерісінде алатын орны ерекше. Назар аударатын бір мәселе, әдетте, педагогтың мән бермеуіне қарамастан, бейвербалды қарым-қатынас тәсілдері әрдайым оқу-тәрбие үдерісінде тиісті деңгейде қамтылып отырады.
Қазiргi таңдағы қазақ педагогикасының мiндетi - адам бойындағы жақсы қасиеттердi жас ұрпаққа үйрету, ұлтжанды, отансүйгiш, әдептi, ар-намысы биiк студенттерді тәрбиелеу. Ал дәстүрлі педагогикада жоғары оқу орындарында оқыту үдерісінде оқытушы студентті объекті ретінде қабылдап келсе, қазіргі таңда тек субъекті ретінде мән беруді басшылыққа алуда.
Студент субъекті болу үшін өзін-өзі тану, өзін-өзі көрсету, өзіне-өзі сену, өзін-өзі анықтау, өзін-өзі іске асыру, өзін-өзі реттеу және т.с.с. үдерістердің мәні мен маңызын ұғына білсе, оқыту үдерісіндегі тұлғааралық қарым-қатынастың қалыптасуына жағдай туындайды. Осының нәтижесінде ортада сөздік қарым-қатынас, сезімдік қарым-қатынас, сенімділік қарым-қатынас, сыйластық қарым-қатынас, мәдени-этикалық қарым-қатынас және әдеп, іс-қимыл қарым-қатынасы пайда болады. Мысалы, оқытушылар мен студенттердің арасындағы қарым-қатынас арқылы ақпарат алмасуда ынтымақтастық немесе бірлескен іс-әрекеттер орнаса, мұндай байланыстар оқыту үдерісінің табысты болуына игі әсер етеді.
Оқыту үдерісінде адамгершілік тәрбиенің ықпалы нәтижесінде тұлғааралық қарым-қатынастар қалыптасып, субъекті-субъектаралық үйлесімді қатынастар пайда болады.
Оқыту - студент пен оқытушының өзара бірлесіп іске асыратын әрекетінен тұратын күрделі, екіжақты үдеріс. Өйткені оқыту оқытушының білім берудегі негізгі іс-әрекеті болса, оқу - студенттің өзінің танымдық, тәжірибелік әрекеті.
Оқытуға төмендегідей сипаттар тән: оқытушы мен студенттердің бірлескен іс-әрекеті, оқытушының тарапынан жетекшілік ету; білім беруді арнайы, жоспарлы түрде ұйымдастыру және басқару, білім берудегі біртұтастық және бірлік, студенттердің даму ерекшеліктерінің заңдылықтарына сәйкестік, студенттердің дамуы мен тәрбиесін басқару және студенттермен арадағы қарым-қатынасты ұйымдастыруға бағытталған педагогтың коммуникативтік іс-әрекет реті.
Студенттік кезең - адамгершiлiк дамуының, моральдық мөлшердi меңгерудiң қарқынды даму кезеңi. Адамгершiлiк дамуы өзiне адамгершiлiк сана-сезiмдi, адамгершiлiк мiнез-құлық және адамгершiлiк қарым-қытынасты жинақтайды. Студенттік кезеңде студенттердің қарым-қатынас мәдениеті, құрбы-құрдастарымен өзара қатынастары айтарлықтай өзгередi. Тiптi олар үшiн жора-жолдастарына көмек қолын беруге дайын тұру, достықты сүю, мейiрiмдiлiк және қайырымдылық сияқты қасиеттер өте маңызды саналады.
Студенттің қатынас жасау типтерін зерттеген еңбектерді қарастыра отырып, студенттердің қарым-қатынас жасау қабілетін үш түрге бөліп қарастыруға болатындығын Л.А.Перовская, Ю.М.Лотман, М.И.Рыданов және Б.Ф.Ломовтардың еңбектерінен көреміз:
1) Жалғыздыққа бейім өзімен-өзі жүретін студент. Оны айналасындағы құрдастарымен қарым-қатынас жалықтырады. Ол өзімен-өзі жалғыз қалғанда немесе өзі ұнататын ісімен айналысқанда ғана өзін жайлы сезінеді.
2) Жұптасқан қарым-қатынас түріне бейім студент. Оның жанында сенімді досы немесе құрбысы болуы қажет. Ол доссыз немесе құрбысыз толыққанды өмірді сезіне алмайды.
3) Топтық, ұжымдасқан қарым-қатынас түріне бейім студенттер. Мұндай ұжымдасқан немесе бейімділіктеріне қарай топтасқан студенттерден дұрыс бағыттағы салауатты қарым-қатынастағы ұжымдар да, сондай-ақ, қоғамдағы жағымсыз әрекеттерге баратын топтар да қалыптасуы мүмкін.
Осы қарым-қатынас жасау қабілетінің үш түрі арқылы мынадай көзқарасқа тоқталамыз: егер бірінші типке жататын студент қақтығыс жағдайында жалғыз өзі уайымдайтын болса, екінші және әсіресе, үшінші типке жататын студенттер табиғи сыртқы қорғаныс тәсілдерін қолданады.
Мектеп жасындағы жасөспірімдермен салыстырғанда, студенттердің қақтығысқа түсетін адамдарының саны көп, өйткені мектептегі санаулы мұғаліммен салыстырғанда, студент әр курста он-он бес оқытушымен, жаттықтырушылармен, кафедрадағы, факультеттегі, оқу бөліміндегі әдіскерлермен, қызметкерлермен тұлғааралық қарым-қатынасқа түседі. Оның көз алдында алуан түрлі мамандардың: жас, орта жастағы, егде жастағы оқытушылардың, өз ісінің білікті мамандарының немесе салмақты, мәдениетті оқытушылардың және беймаза, дөрекі оқытушылардың әрқайсысының өзіне тән қайталанбас, дербес сабақ беру үлгілері ұсынылады. Сонымен қатар, оқытушылармен арадағы қақтығыстар, түсінбестіктер мен шиеленістердің пайда болу мүмкіндігі де арта түседі.
Болашақ маманды педагогика саласы бойынша даярлауда оның мәдениеттілігіне көңіл бөлу, бүгінгі мәдениеттілік дәрежесіне сай қарым-қатынастың сапалық деңгейін қалыптастыру арқылы оны әлеуметтік өмірге енгізу көзделеді. Осы тұрғыдан оқыту үдерісінде оқытушылардың қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыруының маңызы педагогикалық шеберлікті қолдануына, қарым-қатынас үдерісі кезінде тез және жеңіл тіл табысу барысында сенімділікті, ынтымақтастықты, жолдастық сезімді ояту, сұхбаттасушы тұлғаның тақырыбын қызығушылықпен тыңдау, мимика, пантомимиканы тиімді қолдануы үлкен нәтижеге қол жеткізуге ықпал етеді.
Осыған орай, модельдеу үдерісі нысананы белгілі бір мақсатта зерттеудегі нақты теориялық болжамның жүйеленген көрсеткіші бола отырып, оның дәлдігін тәжірибеде тиімді анықтауға мүмкіндік бере алады.
Жоғары білім беру үдерісіндегі (студент - оқытушы - жоғары мектеп) сабақтастықта тұлғааралық қарым-қатынасын шыңдаған оқытушылар мен студенттердің қарым-қатынас қажеттілігін арнайы жасалған модельарқылы:
- қарым-қатынастың оқыту үдерісіндегі екі аспектілігінің (педагогтың іс-әрекеті, студенттердің іс-әрекеті) негізгі сипатын анықтау мақсатында жоспарланған жүйелі зерттеуді;
- жеке тұлғаға әсер ететін факторларды анықтауды;
- студенттердің оқуға бейімделу жағдайын;
- эмоционалдық қарым-қатынас ахуалының қалыптасуын педагогикалық қызметтегі қарым-қатынастың ұжымдық сипатын;
- шиеленістердің алдын алудың жолдарын айқындауға мүмкіндік туындап, төмен, орта, жеткілікті және жоғары деңгейлер анықталды (Сурет 1).

Сурет 1 - Оқытушылар мен студенттердің тұлғааралық қарым-қатынастарын оқыту үдерісінде қалыптастырудың құрылымдық-мазмұндық моделі

Оқыту үдерісінде топ ұжымын қалыптастыру, тұлғааралық қарым-қатынас орнату - күрделі және жауапты үдеріс. Бұл тұрғыдан, ең бастысы - адамгершілік тәрбие жұмысын дұрыс жолға қою қажет. Адамгершілік адамның мінез-құлқы, іс-әрекеті, қарым-қатынасы, көзқарасы арқылы сипатталады, яғни олар: әдептілік, мейірімділік, инабаттылық, қарапайымдылық т.б. Адамгершілік құндылықтар шынайы болады, ол адамға тәуелді емес, солай болса да, оқытушы мен студенттің арасында субъективті қатынасты қалыптастырады.
Академиялық топ тәлімгерлерінің жұмысындағы негізгі жұмыс бағыты - студенттердің адамгершілік тәрбиесін қалыптастыру болып табылады. Оқыту үдерісінде студенттердің іс-әрекеті мен қылықтарынан адамгершілік қатынасты байқауға болады. Олай болса, біздің түсінігімізше, оқытушылар мен студенттердің басқа адамға деген қатынасын - гуманизм; өз-өзіне деген қатынасын - қадір-қасиет; еңбекке деген қатынасын - еңбексүйгіштік, еңбекқорлық; ұжымға деген қатынасын - ұжымшылдық; Отанға деген қатынасын - отансүйгіштік, патриотизм; табиғатқа қатынасын - көркемдікті эмоционалды-эстетикалық түрде қабылдау қабілеті деп ұйғарамыз.
Оқыту үдерісінде қарым-қатынас стильдерін таңдау жолдары - педагогика және психология ғылымдарының ең күрделі мәселелерінің бірі. Педагогикалық қызметте қарым-қатынас барысында кез келген кедергіні жеңуге қарым-қатынас жасаудың дұрыс тәсілдерін таңдау, дәлірек айтқанда, педагогикалық қарым-қатынастың дұрыс стилін таңдау мол мүмкіндіктер береді. Оқытушының студенттермен қарым-қатынас стилі - әлеуметтік және адамгершілік мазмұнды категория. Ол қоғамның және тәрбиешінің әлеуметтік-этикалық ұстанымдарын сипаттайды. Қарым-қатынас стилі арқылы бірқатар ерекшеліктер бейнеленеді: педагогтың коммуникативтік мүмкіндіктерінің ерекшеліктері, педагог пен студенттер арасында қалыптасқан тұлғааралық қарым-қатынастың сипаты, педагогтың шығармашылық дербестігі және студенттер ұжымының ерекшеліктері. Ал студенттермен қарым-қатынасты ұтымды ұйымдастыруда педагогикалық стильді дұрыс таңдап алу педагогтың жұмыс ерекшелігі болып табылады. Бұл ерекшеліктер арқылы қарым-қатынастың екі түрін ажыратуға болады:
1. Әлеуметтік-бағдарлы қарым-қатынас барысында әлеуметтік маңызы бар міндеттер шешіліп, әлеуметтік өзара әрекеттестік пен қоғамдық қатынастар жүзеге асырылады.
2. Жеке-бағдарлы қарым-қатынас - белгілі бір бірлескен әрекеттерге бағытталған іскерлік қарым-қатынас.
Екінші бөлімОқыту үдерісінде тұлғааралық қарым-қатынастарды қалыптастырудың жолдары деп аталды. Бұл бөлімдеоқу топтарында тұлғааралық қарым-қатынастарды қалыптастырудың әдістемелік нұсқаулары, ұсынылып отырған әдістеменің тиімділігін дәлелдейтін тәжірибелік-эксперименттік жұмыстардың мазмұны, әдістемесі және оның нәтижесібаяндалды.
Аталған мәселелерді зерттеу өз кезегінде өте өзекті және күрделі болып табылады. Мәселенің күрделілігі және оған деген жаңаша көзқарастар зерттеушіден тәжірибелік-зерттеу жұмыстарының бағдарламасын құруды талап етеді. Осыған орай тәжірибелік-эксперименттік жұмыстардың мақсат-міндеттері мен эмпирикалық болжамдары айқындалды.
Тәжірибелік-зерттеу кезеңінің мақсаты: Оқытушылар мен студенттердің тұлғааралық қарым-қатынастарын оқыту үдерісінде қалыптастырудың педагогикалық шарттарын анықтау, оны жүзеге асырудың қазіргі талаптарға сай әдістемелік негізін жасау және оның ұтымдылығын тәжірибелік-эксперименттік тексеруден өткізу.
Зерттеу жұмысының жалпы ғылыми болжамын нақтылау мақсатында бірқатар тәжірибелік-эмпирикалық болжамдар жасалды:
Бірінші эмпирикалық болжам - оқытушылар мен студенттердің тұлғааралық қарым-қатынастарын оқыту үдерісінде қалыптастырудың әдістемесі дайындалса, онда тұлғааралық қарым-қатынастардың жаңа сапалық деңгейіне қол жеткізуге болады.
Екінші эмпирикалық болжам - оқытушылар мен студенттердің тұлғааралық қарым-қатынастарын оқыту үдерісінде қалыптастырудың педагогикалық шарттары жасалса, онда тұлғааралық қарым-қатынастарды қалыптастыру мүмкіндігі туындайды.
Үшінші эмпирикалық болжам - оқу топтарында тұлғааралық қарым-қатынастарды қалыптастырудың әдістемелік нұсқаулары ұсынылса, онда коммуникативтік құзыреттіліктің қалыптасуы жүзеге асады.
Кез келген әлеуметтік-психологиялық зерттеуді жүргізуде нәтиженің тиімді болуы қажетті эксперименттік әдістемелерді дұрыс таңдауға тікелей байланысты. Зерттеу әдістемесі - бұл әдісті жүзеге асыру құралы, операциялар мен тәсілдердің біртұтастығы, сонымен қатар ақпаратты талдау және өңдеудің қалыпқа келтірілген ережелері.
Алынған әдістемелер екі бағыт бойынша іріктелді:
І. Өзгеге бағытталған коммуникативтілік құзыреттілігін анықтауға мүмкіндік беретін әдістемелер:
1. Сіз басқалардың пікірін дұрыс қабылдайсыз ба, басқалардың көзқарасын сыйлайсыз ба? тесті.
2. Сіздің қарым-қатынас стиліңіз жүйкенің жұқаруына әкеліп соқпайды ма? тесті.
ІІ. Өзіне бағытталған қарым-қатынас құзыреттіліктерін анықтауға мүмкіндік беретін әдістемелер:
1. Коммуникативтік іскерлікті бағалау тесті.
2. Тіл табысу шеберлігін бағалаутесті.
Зерттеу жұмысында оқыту үдерісінде тұлғааралық қарым-қатынастарды қалыптастырудың педагогикалық шарттарын айқындау үшін жоғары оқу орындарында тұлғааралық қарым-қатынасты қалыптастыруға байланысты элективті курсты енгізудің қажеттігі анықталды. Себебі тұлғааралық қарым-қатынас туралы тақырыпшалар психологиялық, әлеуметтік психологиялық және педагогикалық оқу құралдарында болғанымен, Тұлғааралық қарым-қатынастар тақырыбындағы элективті курстың бағдарламасы оқыту үдерісіне енгізілмеген. Сол себепті ғылыми-зерттеу жұмысының барысында Тұлғааралық қарым-қатынастар атты элективті курстың бағдарламасы құрылды (Кесте 1).
Элективті курстың бағдарламасы бойынша өткізілген сабақ мазмұнының меңгерілу сапасы сұрақ-жауап, әңгіме сабақтары және студенттердің өзіндік ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ХХ. ғ. Басындағы қазақ этнопедагогикасының негізін салушылар
Тәрбие мен оқыту жүйесінің дамуындағы психология. ролі және орны
Педагогика және психология мамандығына арналған Психологиялық менеджмент
Мектеп пен жанұя бірлігі негізінде оқушыларды жан-жақты дамытудың теориялық негіздері
Жас ерекшелігі психологиясы жайлы
Педагогика және психология мамандығында арнайы
Жалпы ғылым туралы сипаттама. Психология ғылымының пәні мен объектісі
Балалардың ұнамды қасиеттері мен сапалы ерекшеліктерін дамытып отыру
Жас ерекшелік және әлеуметтік психология пәні бойынша студенттерге арналған лекция жинағы
Жоғары мектеп педагогикасының зерттеу әдістері
Пәндер