Биологияны оқыту барысында эстетикалық тәрбие беру



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
І. ЭСТЕТИКАЛЫҚ ТӘРБИЕНІҢ ПЕДАГОГИКА ҒЫЛЫМЫНДАҒЫ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Оқушыларға эстетикалық тәрбие берудің міндеті маңызы ... ... ... .5
1.2 Қоршаған орта мен табиғаттың оқушыларға эстетикалық тәрбие
берудегі маңызы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...6
ІІ. БИОЛОГИЯ ПӘНІН ОҚЫТУДА ЭСТЕТИКАЛЫҚ БІЛІМ МЕН ТӘРБИЕНІҢ МАҢЫЗЫ
2.1 Биология пәнін оқытудағы пәнаралық байланыстардың қызметі ... ...10
2.2 Танымжорықтар арқылы этикалық.эстетикалық тәрбие беру ... ... ..13
2.3 Туристік саяхат түрлері және оның адам өміріндегі маңызы ... ... .. 16
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..21
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... 23
Зерттеудің өзектілігі: Адамның өнердегі, өмірдегі әсемдікпен сұлулықты танып, ұғынып және оны ажыратып рухани әспеттеп қабылдай білуі эстетикалық тәрбиемен сабақтас құбылыс. Көріктілік пен көркемдікті халқымыз ежелден –ақ қастерлеп сұлулыққа сұқтанбағанның көзі шықсын деп тегін айтпаған. Олай болса, бүгінгі оқушыларға эстетикалық тәрбие берудің мақсаты тұлғаның әсемдік жөніндегі қабілетін жетілдіріп, өмірдегі және өнердегі сұлулықты сезіне білуге қалыптастыру болып шығады. Оқушының өнердегі, адамдардың іс-әрекетіндегі қарым – қатынасындағы әсемдікті түйсініп, әсерленуі тұлғаның эстетикалық сезіміне тәуелді. Өмір шындығының образға айналған бейнесі тұлғаны әсерлендіріп, кейде күлкілі қуанышқа батырып, немесе мұңайтып, ренжітіп әр түрлі ойға жетелейді, қиялына қанат бітіреді. Көркем өнердегі құндылықтарды танып, одан ләззат алып рахатттану тұлғаның эстетикалық түйсінуі мен біліміне қатысты болғандықтан оның әсері мен ықпалы адамның арман мұратына қозғау салып, түрлі әрекеттерге баруына ұйытқы болады. Сондай – ақ табиғаттағы, қоғам өміріндегі, адамдар болмысындағы, өнердегі әсемдік пен сұлулықты, көркемдікті танып түсіну тұлғаның әлеуметтік, психологиялық қарым – қатынасына ықпалды әсер туғызады. Әсердің барысында ұғым, түсініктерін бойына дарытуға ұмтылады.Ықпалды әсер оқушыны еш уақытта бейжай қалдырмайды, әрекеттендіреді, бұл белгілі деңгейдегі қозғаушы күшке айналады. Әсерленген сезімдік тағылымын өзіне үйлестіруге, қолдана білуге, теріс әрекеттер болса одан сақтануға ынталандырады. Сонымен эстетикалық әсер оқушының бойын балқытып, көңіліне түрлі ой салып іздендіреді. Оқушы іздену барысында өнердегі, өмірдегі құбылыстар мен болмыстағы әрекеттерді саралап, болжап өзінің эстетикалық білім дәрежесіне қарай баға береді, арман мүддесіне үйлесімді сараптама жасайды.
Эстетикалық тәрбие, тәлімнің тиімділігін арттыруда әдіснамалық заңдылықтардың да мәні зор. Өйткені кеңестік жүйе ыдырағанға дейін коммунистік партияның саясаттандырылған әміршілдік нұсқауы эстетикалық тәрбие мәселесіне тек материалистік тұрғыдан таптық танымды сіңіруді талап етсе, енді ондай сыңаржақ көзқарастан айығып, оқушыларды жаңаша тәрбиелеп, шын мағынасындағы эстетикалық таным, сана қалыптастыруды өмірдің өзі талап етіп отар.
Эстетиалық тәрбие беруде мұғалім оқушы бойындағы көркем өнерге деген ынта ықыласын қолдай отырып, табығи болмысындағы өмірге үйлесімді сыр – сипатын аша түсуге зейін аударуы керек. Айталық, тұлғаның дыбысты, үнді, әуенді, ырғақты дәл аңғара алуы, немесе түр, түс, бәден, реңді байқай білу ерекшеліктерін ажырату қабілетіне мән беріп, үйлесімділікті ескерсе оның нәтижесі де тұлғаның санасын, танымын қалыптастыруға тиімді ықпал жасайды. Әрбір оқушының эстетикалық таным ерекшеліктерінде байқалған бейімділік көріністеріне назар аударып оған бағдар берумен қатар, сл салаға байланысты нақты тапсырмалар орындаттырып, олардың өздігінен ізденуіне жол нұсқау тұлғаның бойында әлі көрінбей жатқан мүмкіндіктерін ашуға жәрдем ететіндігін есте сақтау керек. Мұның өзі оқушының эстетикалық мұрат мақсатының жетілуіне қозғау салып, оның өркен жайып, өріс алуына жол ашатындықтан ұйымдастыру жұмыстарының тиімді әдістерін таба білу де шарт.
1. Мектептегі тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі. Алматы.1999ж.
2. Р.Қоянбаев. Тәрбие теориясы. - Алматы, 1990.
3.Сағымбаев.Ә. Бейнелеу өнері сабағында шығармашылықты қалыптастыру. Алматы 20014.
4. М.Ералиева. Бастауыш сатыдағы оқу - тәрбие үрдісінде, Алматы, 2005.
5. Сәрсенбаев Т. Ұлттық сана-сезім мен ұлттық қадір-қасиет. Алматы, 1990ж.
6. Савин Н.В.Педагогика. Москва, 1990.
7. Әбенбаев С.Ш. Эстетикалық мәдениет негіздері. Оқу құралы. – Алматы. Дарын, 2005. -280б.
8. Эстетикалық мәдениет «Қазақстан мектебі» журналы 10, 2002ж.
9. М.Жұмабаев. Педагогика. "Рауан" баспасы 1993ж.
10.Ұзақбаева С. Тамыры терең тәрбие. Алматы. Білім. 1995ж.
11. Қ.Жарыңбаев, С.Қалиев. Қазақтың тәлім тәрбиесі. - Алма-п.1,1995.
12. Н.Нұрмұхаметова. Эстетикалық тәрбие берудегі табиғаттың маңызы «Бастауыш мектеп» журналы №11 2004ж.
13. Ө.Танабаев. Эстетикалық тәрбиемен ұштастыру, Алматы 1999.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
М.ӨТЕМІСОВ АТЫНДАҒЫ БАТЫС ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

ҒИЛМАНОВ ЕРКЕБҰЛАН РИЗАБЕКҰЛЫ

БИОЛОГИЯНЫ ОҚЫТУ БАРЫСЫНДА ЭСТЕТИКАЛЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУ

(КУРСТЫҚ ЖҰМЫС)

5B011300 - БИОЛОГИЯ

Ғылыми жетекші: б.ғ.к., доцент
Бимагамбетова Г.А

Орал, 2016
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ____________________________ _____________________________3
І. ЭСТЕТИКАЛЫҚ ТӘРБИЕНІҢ ПЕДАГОГИКА ҒЫЛЫМЫНДАҒЫ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Оқушыларға эстетикалық тәрбие берудің міндеті маңызы_____________5
1.2 Қоршаған орта мен табиғаттың оқушыларға эстетикалық тәрбие
берудегі маңызы_____________________________ ______________________6
ІІ. БИОЛОГИЯ ПӘНІН ОҚЫТУДА ЭСТЕТИКАЛЫҚ БІЛІМ МЕН ТӘРБИЕНІҢ МАҢЫЗЫ
2.1 Биология пәнін оқытудағы пәнаралық байланыстардың қызметі_______10
2.2 Танымжорықтар арқылы этикалық-эстетикалық тәрбие беру__________13
2.3 Туристік саяхат түрлері және оның адам өміріндегі маңызы__________ 16
ҚОРЫТЫНДЫ__________________________ ________________________21
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ_______________________ 23

КІРІСПЕ

Зерттеудің өзектілігі: Адамның өнердегі, өмірдегі әсемдікпен сұлулықты танып, ұғынып және оны ажыратып рухани әспеттеп қабылдай білуі эстетикалық тәрбиемен сабақтас құбылыс. Көріктілік пен көркемдікті халқымыз ежелден - ақ қастерлеп сұлулыққа сұқтанбағанның көзі шықсын деп тегін айтпаған. Олай болса, бүгінгі оқушыларға эстетикалық тәрбие берудің мақсаты тұлғаның әсемдік жөніндегі қабілетін жетілдіріп, өмірдегі және өнердегі сұлулықты сезіне білуге қалыптастыру болып шығады. Оқушының өнердегі, адамдардың іс-әрекетіндегі қарым - қатынасындағы әсемдікті түйсініп, әсерленуі тұлғаның эстетикалық сезіміне тәуелді. Өмір шындығының образға айналған бейнесі тұлғаны әсерлендіріп, кейде күлкілі қуанышқа батырып, немесе мұңайтып, ренжітіп әр түрлі ойға жетелейді, қиялына қанат бітіреді. Көркем өнердегі құндылықтарды танып, одан ләззат алып рахатттану тұлғаның эстетикалық түйсінуі мен біліміне қатысты болғандықтан оның әсері мен ықпалы адамның арман мұратына қозғау салып, түрлі әрекеттерге баруына ұйытқы болады. Сондай - ақ табиғаттағы, қоғам өміріндегі, адамдар болмысындағы, өнердегі әсемдік пен сұлулықты, көркемдікті танып түсіну тұлғаның әлеуметтік, психологиялық қарым - қатынасына ықпалды әсер туғызады. Әсердің барысында ұғым, түсініктерін бойына дарытуға ұмтылады.Ықпалды әсер оқушыны еш уақытта бейжай қалдырмайды, әрекеттендіреді, бұл белгілі деңгейдегі қозғаушы күшке айналады. Әсерленген сезімдік тағылымын өзіне үйлестіруге, қолдана білуге, теріс әрекеттер болса одан сақтануға ынталандырады. Сонымен эстетикалық әсер оқушының бойын балқытып, көңіліне түрлі ой салып іздендіреді. Оқушы іздену барысында өнердегі, өмірдегі құбылыстар мен болмыстағы әрекеттерді саралап, болжап өзінің эстетикалық білім дәрежесіне қарай баға береді, арман мүддесіне үйлесімді сараптама жасайды.
Эстетикалық тәрбие, тәлімнің тиімділігін арттыруда әдіснамалық заңдылықтардың да мәні зор. Өйткені кеңестік жүйе ыдырағанға дейін коммунистік партияның саясаттандырылған әміршілдік нұсқауы эстетикалық тәрбие мәселесіне тек материалистік тұрғыдан таптық танымды сіңіруді талап етсе, енді ондай сыңаржақ көзқарастан айығып, оқушыларды жаңаша тәрбиелеп, шын мағынасындағы эстетикалық таным, сана қалыптастыруды өмірдің өзі талап етіп отар.
Эстетиалық тәрбие беруде мұғалім оқушы бойындағы көркем өнерге деген ынта ықыласын қолдай отырып, табығи болмысындағы өмірге үйлесімді сыр - сипатын аша түсуге зейін аударуы керек. Айталық, тұлғаның дыбысты, үнді, әуенді, ырғақты дәл аңғара алуы, немесе түр, түс, бәден, реңді байқай білу ерекшеліктерін ажырату қабілетіне мән беріп, үйлесімділікті ескерсе оның нәтижесі де тұлғаның санасын, танымын қалыптастыруға тиімді ықпал жасайды. Әрбір оқушының эстетикалық таным ерекшеліктерінде байқалған бейімділік көріністеріне назар аударып оған бағдар берумен қатар, сл салаға байланысты нақты тапсырмалар орындаттырып, олардың өздігінен ізденуіне жол нұсқау тұлғаның бойында әлі көрінбей жатқан мүмкіндіктерін ашуға жәрдем ететіндігін есте сақтау керек. Мұның өзі оқушының эстетикалық мұрат мақсатының жетілуіне қозғау салып, оның өркен жайып, өріс алуына жол ашатындықтан ұйымдастыру жұмыстарының тиімді әдістерін таба білу де шарт.
Зерттеудің мақсаты: Оқушыларға эстетикалық тәрбие берудің мақсаты тұлғаның әсемдік жөніндегі қабілетін жетілдіріп, өмірдегі және өнердегі сұлулықты сезіне білуге қалыптастыру, жеке адамның эстетикалық мәдениетін дамыту. Ал түпкі мақсаты-эстетикалық іс-әрекетке жетелеу, түрткі беру, ояту.
Зерттеудің міндеті:
+ Жеке адамның эстетикалық мәдениетін дамыту.
+ Биология сабағында оқушылардың қабілетін, ынтасын және бейімділігін дамыту;
+ Танымжорықтар арқылы баланың сезімдері мен талғамдарын дамытып, сұлулық туралы ұғымдарын қалыптастыру;
+ эстетикалық құралдарды пайдалануға дағдыландыру;
+ әсемдікке үлесін қосуға тәрбиелеу.
Зерттеудің болжамы: Егер біз эстетикалық тәрбие арқылы жастарды түрткі беріп оятсақ , онда болашағымыз жақсы болады.Егер олай болмаған күнде эстетикалық тәрбиенің нәтижелілігі де жеткіліксіз болмақ.
Зерттеудің әдісі: Эстетикалық тәрбиенің әдістері:
а) эстетикалық нанымын қалыптастыратын әдістер;
б) эстетикалық әдет пен эстетикалық дағдылар қалыптастыратын әдістер мен тәсілдер; в) эстетикалық іс-әрекетке ынталандыратын;
г) эстетикалық әсер ететін жағдай туғызу әдістері.
Зерттеудің құрылымы: Зерттеу жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.

І. ЭСТЕТИКАЛЫҚ ТӘРБИЕНІҢ ПЕДАГОГИКА ҒЫЛЫМЫН-ДАҒЫ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1.1 Оқушыларға эстетикалық тәрбие берудің міндеті маңызы

Философиялық әдебиеттерді алып қарайтын болсақ, "эстетика" деген сөздің өзінде былайша түсініктер берген. "Эстетика" - көркемдік таным теориясы, әсемдік туралы, көркем шығарманың жалпы заңдары туралы, адамның болмысқа эстетикалық қатынасы туралы ғылым, өнерге деген көзқарас, өнерді қабылдау, сезіну, түйсіну, түсіну.
Ал "эстетикалық" дегеніміз не, бұл сөз нені білдіреді? Бұл гректің сөзі, оның тікелей аудармасы "сезінушілік" дегенді білдіреді. Мұнда көру, есту, түйсіну, талғам арқылы -бұл адамдардың сезінуі. Оқытушы мен оқушылардың өзара қарым-қатынасынан эстетикалық тәрбие туындайды. Қарым-қатынас қоғамда, адамдардың рухани өмірі үшін, яғни қай сала болмасын, адамдардың көзқарасын, позициясын бірте -бірте өзгеруіне алып келеді.
Адамзат баласының жеке бір тұлға болып дамуы мен қалыптасуы өте күрделі процесс. Осы қалыптасу барысындағы оңай емес бір жағы - оған эстетикалық тәрбие беру. Эстетикалық тәрбие айналаны қоршаған табиғат әдемілігі мен таңқаларлық сұлулықты, көркемдікті, көре, сезе білуге, соншалықты оны терең сезінуге үйретеді. Шын мәніне келетін болсақ, қөркем шығарманы қадірлеп, түсіну арқылы қабылдайды.
Оқушының жан-жақты жеке тұлға болып қалыптасуына, әсемдікті сезінуіне ықпал ететін пәндердің бірі - бейнелеу өнері. Бейнелеу өнерінің кереметтігі - өмірдегі барша бояу түрлерінің байлығын ашып, өзіне деген ерекшеліктерін айқындайтындығында. Бейнелеу өнеріндегі көркемдегіш күштің жоғары деңгейде болуы, көрушіге өте зор ықпал етеді. Сонымен оның эстетикалық тәрбие берудегі әсер етуші мүмкіндіктердің шексіз екендігін айта кетуге болады.
Сондықтан адам баласының өмірдегі табиғат көрінісіндегі әсемдік пен сұлулықты тануға, сезе білуге үйретуде, жалпы сезімталдыққа тәрбиелеуде бейнелу өнерінің пәні аса үлкен орын алады.
Қоршаған болмысқа деген байқағыштықты, зеректілікті қалыптастыру көркемөнерлік материалдарды жылдам қабылдауға үйретеді. Бала сурет салуда бейнелеу іс-әрекеті арқылы жас ерекшелігіне сай, қоршаған ортаны өзінің бейнелеу тәсілдерімен суреттеуге талпынатыны мәлім. Бала қоршаған ортаға деген саналы қарым-қатынасын адамдар арасындағы қатынастарға, табиғатқа, жануарлар әлеміне қатысты өз ойларын сөзбен не болмаса сурет түрімен бейнелеуге тырысады. Мұғалім өз сабақтарын құрғанда, оқушыларды қоршаған ортаның әсемділігінің, пішіні мен түсінің қарапайымдылығын, заттардың әдемілігін бағалау қабілеттерін арттыруға бағыштайтын тәсілдерді қолданғаны жөн.
Туған жердің әсемдігін көру, түстердің ғажап әлемін ашу, суретші құралдарымен (графикалық, кескіндемелік) беру, әрбір қимылды Мұғалімнің тыңдатқан музыкалық үзінділерінен, есту - бейнелеу өнерінен сабақ берудің негізгі мақсаты шығармашылықты қалыптастыру. Тек қана қоршаған табиғатты қабылдау үрдісінде емес, сонымен қатар шығармашылық жұмыстарды талқылағанда да астарласып жүріп жатуы керек[1,2,3].

1.2 Қоршаған орта мен табиғаттың оқушыларға эстетикалық тәрбие берудегі маңызы
Мектепте оқушыларға эстетикалық тәрбие берудегі бірден - бір құрал-табиғат. Табиғаттағы жыл мезгілдерінің ауысуына байланысты қардың жаууы, күннің күркіреуі, ағаштардың бүршік жарып, гүлдердің түрлі түске еніп гүлдеуі, қүұтардың жылы жаққа үшып кетуі, қайта үшып келуі т.б. - мұның бәрі оқушының эстетикалық сезіміне әсер етіп, қоршаған ортаға қызығушылығын арттырады. Балалардың сезімін тәрбиелеуден табиғаттың рөлі жөнінде К.С.Станиславский: "Табиғаттың өзі теңдесі жоқ әсем дүние, сондықтан оған зер салып, үңіле қараңыз. Алдымен гүлді немесе жапырақтарды, өрмекші торын немесе терезе әйнегіндегі аяз өрнегін алыңыз. Мұның бәрі - ұлы суретші," -дейді.
Мұғалім оқушыларды табиғи құбылыстармен таныстыра отырып, таңертеңгі әсемдікті байқауға, күннің шығуы мен сәулесінің жер бетіне шашқан нұрын көре білуге, сылдырлап аққан су дыбысын, орман шуылын құстардың сайраған үнін, жапырақтар мен шөптің сыбдырын естіп, түсіне білуге баулиды. Оқушыларды табиғатта жұмыс істейтін адамдар еңбегімен таныстыра отырып, олардың қимылы мен еңбек барысындағы әсемдікке көңіл аудартады. Соның нәтижесінде оқушылардың еңбекке, табиғат сұлулығына деген эстетикалық сезімдері оянып, сол әсемдікті аялай білу дағдылары қалыптасады.
Міне, осы мүмкіндіктерді ескере отырып, оқушылармен тиімді ұйымдастырылған мақсатты серуен мен бақылау жұмыстары эстетикалық тәрбие жүйесін қалыптастырып, фольклор жанрларымен таныстыруда өз нәтижесін береді. Мысалы, оқушыларды өзенге саяхатқа апарған кезде мынандай мақсатарды басты назарда ұстау керек.
Балаларды көктем кезіндегі өзен жалғауындағы өзгерістермен таныстыру, өзен жағағалауындағы құстар және өзендегі балықтар жайындағы түсініктерін кеңейту, қоршаған ортадағы әсемдікке қызығушылғымен өз эмоциясын білдіру дағдысын тәрбиелеу, айтайын деген ойын толық сөйлем мен жеткізе білдіруге дағдыландыру, тілін дамыту.
Туған жер табиғаттың әсем келбеті мен нәзік сырларын танытып, оқушы бойына эстетикалық сезім мен рухани қуат беруде табиғат көріністеріне жазылған пейзаждық шығармалардың маңызы ерекше. "Ақсақ киік" (С.Сейфуллин) өлеңі тікелей оқушыларға эстетикалық тәрбие беруге арналған шығарма.
Оқулықтағы қысқартыла отырып іріктеліп алынған өлең шумағы киіктің шөп дала сәні, тұла бойын тұнып тұрған сұлулыққа оқ атқан мейірімсіз мергендерге деген ақын лағынеті осы үш нәрсеге назар аударылады. Ақынның мақсат етіп қойған осы ойларын, оның тәрбиелік қуатын оқушы бойына қалай дарытуға болады.
Оқушылардың көз алдына ақын суреттеуіндегі Арқаның бетпақдаласын елестетеміз. "Бетпақ шөлі" деген суретті көрсете отырып, мұғалім: "Бетпақдала. Ел жоқ, жұрт жоқ, не өзен, не көл жоқ, көлденеңі сегіз көштік дала. Бұл далаға жігіттің жігіті, түйенің атаны, аттың тұлпарының да шыдас беруі қиын. Осы шөл далаға көндіккен жалғыз ғана тіршілік иесі, дала кербезі - ак бөкендер" - дейді.
Мұғалімнің осындай кіріспе сөзінен кейін, кіиіктің Бетпақ тіршілігінің сәні екендігін айқындай түсетін өлең шумағын оқып береді.
Бұл жерде оқушылардың ойы ақын суреттеген дала кербезінің сыртқы сұлулығына аударылады. Бөкеіңнен сұлу аңды мен көрмедім. Өзге аңға жануарды тең көрмедім. Көздері мөлдіреген ақбөкенді, Адамның баласынан кем көрмедім.
Нәзік әрі әсем көрініс. Мінсіз жаратылым. Бөкен бойындағы ақын суреттеген сұлулық оқушыны, сөз жоқ, терең сезімге жетелейді. Әдептілікті бағалау қабілетін дамытады.
Эстетикалық сезімнің пәрменділігі сол: ол тек сұлулықты сезіндіріп қана қоймай, оның жаманшылыққа, көріксіздікке ұшырауына қарсылық әрекетіне жұмылдыруында.
Одан әрі ақынның киікке деген жанашырлық сезімін, күйзелісін танытатын өлең шумақтарын оқи отырып, оқушы бойындағы эстетикалық сезімді адамгершілік сезіміне ұштастыру мүмкіндігі бар. Олардың көз алдына: дамылсыз киік атқан мергендер, "жазасыз неге өлдіңдер - деп ойламайтын жауыздық, мүйізіне бола қырылған киктер, т.б. тізіліп өтіп жатады. Сол мыңдап қырылып жатқан киіктің бірін ақын суреттеп отырған жаралы киік дей келе, Сандалып келе жатты ақсақ киік, Бір тоқтап, анда-санда әлін жиып, Ақбөкен сахараның ботагөзі, атты екен қандай адам көзі қиып... деген үзіндіні оқып, үн таспадан "Ақсақ киік" әнін тыңдаттыруға болады.
Осы кездегі оқушылардың үнсіз қалуы, жаралы киіктің аянышты халіне ортасқан күйзеліс табының жүздерінен байқалуы сабақтың тәрбиелік күш қуатының оқушыларға әсер ететіндігін байқауға болады.
Өлеңді оқу арқылы бөкеннің сұлулығын таныту, мергендер құлқын-құмарлығын көсету, жазықсыз жәбірленіп жан азабын тартуына аяныш сезімін тудыру эстетикалык, адамгершілік сезімдерін қалыптастыра отырып, жануарларға сүйіспеншілігін арттырады. Оларды қорғай білуге бағыттайды.
Мұғалімнің міндеті өз шәкірттерін табиғатымыздың сұлулығына тамсандырып, еліктіріп, сезіндіре отырып тәрбиелеу.
Табиғат - дүниедегі тіршілік атаулының анасы. Табиғатты аялау әр адамның парызы. Халқымыз ұрпақтарына табиғатты аялауды әрқашанда әдеппен аңғартып отырған.
Халқымыздың ұзақ жылдар бойы жинақтаған тәжірибесі, асыл мұраларының бірі - табиғаттың алуан түрлі құбылыстарын болжау. Ежелден ашық аспан астында көшпелі өмір сүрген ата-бабаларымыз, оның бір бөлшегіміз деп, табиғат - барлық тіршіліктің нәрі, өзек тірегі деп білген.
Мынау жарық дүниедегі әсерлі әсемдіктер мен қыруар қызықтар, рухани рахаттар, таңғажайып тамашалар Жер-ананың жүзінде өтіп жатады.
Қазақта "ер туған жеріне" деген мақал бар. Әрбір адамның туған жері - бәрінен де қымбатты. Өйткені, ол сол жердің топырағында өсіп, суын ішіп, ауасымен тыныстайды, табиғатымен біте қайнасып, адам болып қалыптасады. Сондыктан да әрбір адам туған жерін қорғайды, аялайды, күтеді, қастерлейді.
Аяулы туған жеріміздегі жайнаған гүлдер, жайқалған шалғындар, ормандар, бұлақтар, керіліп жатқан кең дала, аспанмен тірескен ақ таулар, жарық ай, жарқыраған жұлдыздар, көк мөлдір аспан, күлімдеген Күн-ана -өміріміздің тірегі, қызығы, рахаты. Туған жердің әрбір тасына дейін қасиетті.
"Бұлақ көрсең көзін аш", "Жол үстінде тас жатса алып таста", "Гүлді жүлма", Ағашты жастай қырықпа", "Құмырсқаның илеуін бұзба", "Судың да сұрауы бар, "От шығарып ойна,ма", "Аққуды атпа", "Құс ұясын бұзба", "Жеті күн жауған жаңбырдан желіп өткен су артық" т.б. тыйымдар мен мәтелдер табиғатқа байланысты әдет-ғұрыптармен салт дәстүрлердің ертеден келе жатқандығын көрсетеді.
Табиғатты аялап, оның қызығын көре білген халқымыз табиғат заңдылықтары мен оның сиқырлы сырларын да жақсы білген.
"Ай құбылса, аяғыңды сайла, күн құбылса, күрегіңді сайла". деп, көктемнің келуіне байланысты ауа райының құбылыстарын айыра біліп, күн райының құбылуын ай бетіне, күн жүзіне, жұлдыздарға қарап болжаған.
"Жатқанға дейін үркер жамбасқа келсе, жаз шықпағанда несі қалды" деп, көктемнің келуіне байланысты ауа райының құбылыстарын айыра білген, күн райын күні бұрын болжап, жыл мезгілдерінің кезеңдерін кемеңгерлікпен айқындап, жақсылыққа жадырап, әсем табиғатты әдеппен қорғаған. Халық арасындағы туған жер туралы әндер мен күйлер өнер адамдарының, өнерпаз халқымыздың туған жерді аялай біліп, ардақтай сүйетінін дәлелдейді. Құрманғазы атамыздың "Сарыарқа", "Алатау", Тәтімбет атамыздың "Саржайлау" күйлері туған жеріміздің тамаша табиғатын көз алдымыздан өткізіп әдемі әсерлендіріп, жанымызды жадыратады.
Сыныпта гүл өсіру, табиғат мүйісін ұйымдастыру, мал, құс өсіріп, еңбектеніп, қызығын көру, әрбір жастың ықыласты іс-әрекеті болып қалыптасуға тиіс. Мектептегі табиғатты қорғаушылар клубтары мен үйірмелері Жер-ана жүзіндегі жеткілікті қызықтардың рақатын көруге әрбір оқушыны бейімдей білетіндей болуы қажет. Ата-бабамыздың аялап келген, кереметтерге толы туған жердің топырағын тыңайтып, суын тұнықтап, өсімдігін өркендету, жалпы табиғатын қорғау - әрбір адамның қастерлі борышы.
Баланың тәрбиелік ортасы, оқитын және үйдегі сабақ даяарлайтын орны эстетикалық тұрғыдан жабдықталуы, оның сұлулық сезімінің дамуына ықпал етеді.
Оқушылар кез келген тәрбиелік ортада: мектепте, үйде, бос уақыттарын өткізетін, тынығатын орындарында үнемі әсемдікті сезінуі тиіс. Сондықтан да оларды сыныпты, мектепті, пәтерді эстетикалық тұрғыдан жабдықтауға қатыстырудың маңызы зор.
Табиғатты эстетикалық тұрғыдан қабылдау.Табиғат тұнып тұрған сұлулық, ол адамның сезімін, бақылағыштығын, қиялын оятып, адам бойындағы адамгершілік қасиеттерін арттыра түседі. Табиғат сұлулығын сезіну, адамның адамгершілік қатынасын қалыптастырады. Табиғат - қоғамдық моральдың көрсеткіші болмаса да, баланы адамгершілік қатынасқа, үйлесімділік, сұлулық, үнемі жаңаруды сезінуге, табиғи заңдылыққа бағынуға, онымен үйлесім табуға, түрлі формалар мен бедерлер, табиғи бояаулар мен дыбыстар оқушының ішкі сезімін оятып, әсемдікті түсінуге, оны сүюге баулиды. Баланың табиғаттағы шынайы әсемдікті тануы, табиғаттың байлығын, үйлесімділігін қорғап сақтай білу сезімі сұлулықтың өміршеңдігін түсінуге, ал табиғатты бүлдіру ұсқынсыздыққа, апатқа әкелетінін саналы меңгереді.
Эстетикалық тәрбие жаратылыстану пәндерін оқыту барысында, табиғат құбылыстарын бақылау арқылы қалыптасады. Табиғат аясына экскурсия, серуен құру, оқушылардың сұлулықты қабылдау сезімін, қиялын, бейнелі ойлау қабілетін арттырады.
Оқушының эстетикалық сезімі мен талғамын оятып, жетілдіру үшін жазушылардың табиғат сұлулығын бейнелейтін көркем шығармалары мен өнер туындыларын кеңінен қолданауының маңызы ерекше. Мәселен, көркем шығармалардың ішінен табиғат сұлулығын суреттейтін мәтінді тауып оқу, өздері ұнататын табиғат туралы көркем материалдарды жазып алу, табиғат мезгілдерін суреттеу, табиғат аясындағы өзінің іс-әрекетіне мән беріп ойлану, табиғатты қорғау, табиғат сұлулығын сезініп, оны өлең, шығарма, сурет арқылы бейнелеу[3,4,5].

ІІ. БИОЛОГИЯ ПӘНІН ОҚЫТУДА ЭСТЕТИКАЛЫҚ БІЛІМ МЕН ТӘРБИЕНІҢ МАҢЫЗЫ

2.1 Биология пәнін оқытудағы пәнаралық байланыстардың қызметі

Биология пәнін оқытуда пәнаралық байланыстар бірнеше қызмет атқарады:
+ Бірінші - методикалық қызметі. Осы қызметті оқушылардың табиғаттануға, оның біртұтастығы мен дамуына дидактикалық - материалистік көзқарасын қалыптастыруға үлкен септігін тигізеді.
+ Екінші - оқушының білімдік ой - санасын қалыптастырып, алғырлығын дамытады. Бұл ретте пәнаралық байланыстарды игеруге мүмкіндік туғызады биологиялық түсініктерді дамыту құралы есебінде пайдаланылады.
+ Үшінші - тәрбиелік қызметі. Осы қызметті пәнаралық байланыс білім берудегі политехникалық бағытты іске асыруда көмектеседі.
+ Төртінші - конструктивті қызметі. Оқу материалдарының мазмұнын, әдісі мен ұйымдастыру формаларын арттыруға көмектеседі.
Мектеп мұғалімдері күнделікті оқыту жұмыстарына пәнаралық байланысты іс жүзінде пайдалану кездерінде көптеген қиындыққа кездеседі. Оның негізгі себебі, пәнаралық байланыстар жайлы керекті оқу әдістеиелік құралдардың жоқтығынан. Биологиялық курысынан сабақ беру үшін әрбір мұғалім пәнаралық байланысты іс жүзінде орындауы тиіс. Оның өзі бірнеше кезеңдерден тұрады.
А) Биологияның әрбір курсының және басқа да пәндердің басты тақырыптарының арасындағы пәнаралық байланыстарды талдап, қосымша әдебиеттерді пайдалану.
Ә) Курстық және тақырыптық жоспарларды пайдаланып, пәнаралық байланысқа сәйкестендіріліп, сабақтың жоспарын құру.
Б) Нақтылы сабақтың тақырыбы бойынша әдістемелік тәсілдермен керекті құрал - жабдықтарды дайындау, тағы басқалар. Іс жүзінде орындауға қолданылатын әдістемелік тәсілдердің барлығы оқушылардың өз бетімен ізденіс жұмыстарын арттыруға арналады.
Пәнаралық байланыстар арқылы оқушыларға білім беру және тәрбиелеу процестерін қалыптастыру. Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек. Тәрбиесіз берілген білім - адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі Әл - Фараби.
ҚР - сы Тәуелсіздік алғаннан бері жас өспірімдерге тәрбие беру өзекті мәселе болып келеді. Тәуелсіз Республикаға біліммен қаруланған, жан - жақты дамыған, шығармашылықпен еңбек ете алатын дарынды адамдар қажет. Тәрбие мәселелерін шешу үшін биология пәні мазмұны жағынан да оқыту әдістері жағынан да тиімді және тәрбиелеудің барлық түрлерін қамтамасыз етеді. Сондықтанда биологияны оқытуда пәнаралық байланыста өткізу оқушылардың білімін дамытумен қатар тәрбиелік қызметінің де қалыптасуына мүмкіндік береді.
Оқушылардың білімін қалыптастырудағы пәнаралық байланыстың негізгі үш тобына тоқталайық:
1. Оқушылардың білімін дамыту.
2. Алған білімін іс жүзінде қолдану.
3. Алған білімін бағалай отырып іскерлігін дамыту.
Әрбір мұғалім оқу материалының мазмұнын сараптай отырып пәнаралық байланыстарды анықтап, әр түрлі әдістерді пайдаланып, өз жұмысын іске асыру қажет. Ал тәрбие элементтеріне келетін болсақ, олар;
1. Дүниетанымдағы ғылыми көзқарасты
2. Ойлауды тәрбиелеу
3. Еңбек ету мәдениетін тәрбиелеу
4. Эстетикалық тәрбие
5. Этикалық тәрбие
Биология сабақтарында кең және жан - жақты пәншілік және пәнаралық бұрынғы болашақ, тура және кері байланыстарды пайдаланудың арқасында мұғалім оқушылардың материя қозғалысындағы адамның алатын орны, даму формасы жайлы білімін жетілдіреді.
Оқушылардық танымдық процестерін арттыру. Биологияны оқытуда мектеп оқушыларына білім мен тәрбие берудің танымдық жағын аттыру әдістерінің бірі пәнаралық байланыстарды пайдаланып, биологиялық есептері шығаруды үйрету. Пән аралық танымды қалыптастырушы есептерді басты үш топқа бөлуге болады;
* Бірінші - оқушының танымдық білімін арттыру:а ба:ыттал:ан есептер.
* Екінші - теориялық білімдерді практикада пайдалануға бағытталған есептер.
* Үшінші - Оқушылардың іскерлігін, ептілігін қалыптастырыуға бағытталған есептер.
Практикалық іскерлігін дамытуға арналған есептерді шығару барысында оқушының есептеу, өлшеу, эксперименттерді жүргізу, өз бетінше ойлану және т.б. іскерлік жақтарының дамуына мүмкіндік туады. Оқушылардың іскерлігін, ептігін, төтенще құбылыстарды байқау жағын қалыптастыратын есептерде аса көп көңіл бөлу қажет. Әсіресе тірі ағзалардың эволюциялық даму үрдісінде кездесетін құбылыстар қарапайым атомдардан - молекула - жасуша - ұлпа - мүше - мүшелер жүйесі - популяция - түр және одан да жоғары деңгейлеріне тоқтағанда оқушының дүниеге тірі табиғатқа көзқарасын қалыптастыратын нақтылы фактілерді, ғылымның басқа салаларындағы жаңалықтарды пайдаланған жөн. Тәнтану курсында пәнаралық байланысты іске асыруда бірінші - проблемалық жағдайларды тудыру, оларды талқылау, танымдық есептерді шығарудың маңызы зор. Мысалы Бұлшық еттердің жұмысы тақырыбында оқушылардың проблемалық мәселелерді шешуіне тура келеді. Неге адамның бұлшық еттері әртүрлі қимылдар жасаған кезде адам денесі қызып, жылу бөлінеді ? Бұл жердегі шешуі талап етілген мәселелердің бірі - химиялық ээкзотикалық және эндотермия реакциялар кезінде энергияның өзгеруі физика пәнінен энергияның бір түрінің екінші түріне ауысуы жайлы білімді пайдаланып, жұиыс істегенде еттен ағып шыққан көктамыр қанының температурасы салатамыр ( артерия ) арқылы сол етке келіп құятын қанның темпиратурасынан жоғары болатынын түсіну. Ал оқушылардың бір тобы өсімдіктер мен жануарлар курысын өткендегі тыныс алудың жасушадағы органикалық заттар тотығып, жылу бөлінетіндігі туралы білімін естеріне түсіріп жұмыс кезінде ет талшықтарындағы жаттығу үрдісінің нетижесінен бөлінген жылу деп жауап беруі мүмкін, ол жылуда экзотермиялық. Неге ет жұмыс істегенде көп, ал тұқым тыныс алғанда аз энергия бөледі ? - деген сұраққа оқушылар физмка курысынан алған білімін есе алып Жұмыс істеген еттерде механикалық энергия жылу энергиясына айналады - дейді. Ал бұл жерде механикалық энергия қайдан пайда болады ? - деген сұраққа былай түсіндірме беруге болады: ет талшықтарындағы ақуыздар мен көмірсулар ыдырауының және тотығуының нәтижесінде химиялық байланыстардың түзілуінен энергия бөлінеді, қан плазмасы осының салдарынан жылуды сіңіреді, сөйтіп оның темпиратурасы жоғарылайды. Адам денесінде пайда болған тер буланғанда да артық жылуды қоса алып кетіп, адам денесіндегі жалпы температураны бірқалыпты деңгейде ұстап тұрады. Пәнаралық байланыстарды пайдалану арқылы проблемалывқ сұрақтарды шешудің мысалын келтірейік. Мысалы Ағзаның ішкі ортасы тақырыбын түсіндіру кезінде оқушыларға мынадай сұрақ қоялық. Егер қан плазмасында судың мөлшері 80 % жақын болса, сол қанға суды құюға бола ма ? Бұл сұраққа жауап беру үшін тәжірибе көрсетуге болады. Картоптың мөлшері бірдей үш кесіндісін алып, олардың бірін дистилденген суға, екіншісін - 0.9 - тік ас тұзы ерітіндісіне, үшіншісін - 10 -ке ас тұзы ерітіндісіне салып, бірнеше уақыттан кейін оларда қандай өзгерістер болатынын оқушылардың өздеріне бақылату керек, олар екінші кесіндіде ешқандай өзгеріс болмай, бірінші ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Биология пәніндегі тәрбие әдістері мен теориясы. биология оқыту
Биологияны оқыту әдістерінің тұжырымдамалық негіздері
Биологияны оқыту әдісі
Патриотттық тәрбие
Биологияны оқыту әдістемесін жүзеге асырудың әдіс - тәсілдерін көрсету
Биологияны оқытудың қажетті формалары
Биологияны оқыту әдістемесінің пәні
Биология оқыту әдістемесі
Биологияны оқыту әдістемесінің мақсаты мен міндеті
Оқушылар білімін тексеру
Пәндер