Оңтүстік Қазақстан облысына жылпы физикалық - географиялық сипаттама
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1 ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНА ЖЫЛПЫ ФИЗИКАЛЫҚ.ГЕОГРАФИЯЛЫҚ СИПАТТАМА ... ... ... ... ... ... ... .
4
1.1 Оңтүстік Қазақстан облысының географиялық орналасуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
4
1.2 Оңтүстік Қазақстан облысының табиғи жағдайына сипаттама ... ... 5
2.ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЛАНДШАФТЫҚ.ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АУДАНДАРЫ ЖӘНЕ ЛАНДШАФТЫ ҚОРҒАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
19
3.ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАНДА ГЕОЭКОЛОГИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРДІ ШЕШІ ЖОЛДАРЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
31
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 54
55
ҚОСЫМША ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 57

Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі: Оңтүстік Қазақстанның соңғы жылдардағы экономикалық жағдайы облыс территориясындағы ландшафт түрлерінің өзгеруіне және жаңа антропогендік ландшафтардың пайда болуына әкеліп соқты. Соның әсерінен облыс территориясын ландшафтық-экологиялық аудандастыруда көптеген күрделі мәселелер туындап отыр.
Дипломдық жұмыстың мақсаты мен міндеттері: Оңтүстік Қазақстанның экологиялық жағдайынының ландшафтқа әсерін айқындай отырып, облысытың лландшафтық-экологиялық аудандарына сипаттама беру.
Облыс жері негізінен жазық көпшілік бөлігін орташа биіктігі теңіз деңгейінен 200 — 300 м болатын Тұран ойпатының шығыс бөлігі алып жатыр. Терістігінде Бетабақ дала шөлі, Шу анғарының онтүстігін Мойынқұм, облыстың батысында Қызылқұм және Шардара датасы. қиыр оңтүстігін Мырзашөл алып жатыр. Орталық бөлігінде, Жамбыл облысының аумағымен шектес, онтүстік шығыстан солтүстікке қарай 217 километрге көлбей созылып Қаратау жотасы (ең биік нүктесі 2176 м) жатыр.
Ал оңтүстік-шығысында Талас Алатауының батыс шетіндегі — Өтем жотасында облыстың ең биік нүктесі — Сайрам шыңы (4238 м) бар. Өтем мен Келес өзендерін бөліп жатқан Қаржантау жотасы Тәңіртаудың (Тянь-Шань) ең батыс әлемі болып табылады. Қаржантаудың орташа биіктігі 2000 м, ал ең биік нүктесі — Мыңбұлақ тауы (биіктігі 2834 м).
Қаржантаудан солтүстік батысқа қарай тарихы терең, аңызға толы күрт Қазығұрт (ең биік нүктесі 1600 м) тұр. Қазығұрт тауы оңтүстігінде Келес өзенінің аңғарына тіреледі.
Жоғарыда аталып отырған әртүрлі жер бедерінде шөл,шөлейт және таулы ландшафт түрлері тараған. Дипломдық жұмыста осы ландшафт түрлеріне сипаттама берілген және олардың экологиялық жағдайы қарастырылған.

Пайдаланған әдебиеттер тізімі:
1. Джаналиева Г.М. и др. Физическая география Казахстана. Алматы, 2002 С. 125-136.
2. Чигаркин А.В. Геоэкология Казахстана. Алматы, 2006,- С. 175-181.
3. Файзуллина А.Х., Жамалбеков Е.У. Почвенно-географическое районирование и проблемы использования пустынной территроии Мангышлакской области // Тез. докл. Ү Всесоюз. конф. по освоению пустынь. -Ашхабад, 1986. - Т. 3. - С. 170-172.
4. Асанбаев И.К. Современный антропогенез, экологические состояние и пути востановления нарушенных почв аридных территорий Казахстана (на примере Прикаспия и Приаралья): Дис…д-ра с-х. наук. - Алматы, 1999. - 280 с.
5. Қалекенұлы Жиенғали. Өсімдіктер физиологиясы. -Алматы: Қазақ университеті, 1996. - 451 б.
6. Өтемағамбетов М. Қазақстанның физикалық географиясы. -Алматы: Мектеп, 1967. -181 б.
7. Узенбаев Е.Х., Винтерголлер Б.А., Джадайбаев Ж.М. Ботанические сады Казахстана. - Алма-Ата: Наука, 1973. -100 с.
8. М.Ш.Ярмухамедов. Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік географиясы. Алматы.,1997
9. Шардара аудандық статистикалық комитетінің мәліметтері
10. Қазақстан Республикасы балық шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының жылдық есебі. Астана, 2005.
11. К.Б.Ахметова. Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік географиясы. - Алматы,1994
12. Е.А. Ахметов и др. География современного мира. Алматы.,2003
13. Е.А. Туркебаев. Рыночная экономика Алматы.,1998
14. Регионы Казахстан. Ежеквартальник.
15. Суверенный Казахстан и социально-экономическая география. Под ред. Увалиева Т.О.- Алматы,1998
16. Нұрын шашқан Оңтүстік. Энциклопедия. Шымкен,2004
17. http/www. uko.kz. Официальный сайт Южно-казахстанской области
18. http/www.old. cru. ru.
19. С.Халимов., А. Эргашев Проблемы развития рыбной промышленности в Чардаринской водохрналище. Шымкент., 2002
20. Казахстан и его регионы. Ежеквартальник. Алматы,2005 № 1
21. Ковда В.А. Биосфера, почвы и их использование. М.1974. 124 стр.
22. Боровский В.М. Что нас ждет завтра. газ.Вечерняя Алма-Ата. 22/11-1975.
23. Урланис Б.И. Народонаселение. Исследования, публицистика. М. Статистика. 1976. 356.
24. Оңтүстік Қазақстан облыстық статистикалық комитетінің мәліметтері.
25. Оңтүстік Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жағдайы. Статистикалық комитет мәліметтері. Шымкент, 2006

Пән: Экономикалық география
Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 54 бет
Таңдаулыға:
Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 54 бет
Таңдаулыға:
Мазмұны
кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ..
1 ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНА ЖЫЛПЫ ФИЗИКАЛЫҚ-ГЕОГРАФИЯЛЫҚ
СИПАТТАМА ... ... ... ... ... ... . ... 4
1.1 Оңтүстік Қазақстан облысының географиялық
орналасуы ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... .4
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ...
1.2 Оңтүстік Қазақстан облысының табиғи жағдайына 5
сипаттама ... ...
2.ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЛАНДШАФТЫҚ-ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АУДАНДАРЫ ЖӘНЕ
ЛАНДШАФТЫ ҚОРҒАУ
МӘСЕЛЕЛЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .1 9
... ... ... ... ...
3.Оңтүстік Қазақстанда геоэкологиялық мәселелерді шеші
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 31
қорытынды ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... .5 4
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... 55
пайдаланылған әдебиеттер тізімі

ҚОСЫМША ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5 7
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... .
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі: Оңтүстік Қазақстанның соңғы жылдардағы
экономикалық жағдайы облыс территориясындағы ландшафт түрлерінің өзгеруіне
және жаңа антропогендік ландшафтардың пайда болуына әкеліп соқты. Соның
әсерінен облыс территориясын ландшафтық-экологиялық аудандастыруда көптеген
күрделі мәселелер туындап отыр.
Дипломдық жұмыстың мақсаты мен міндеттері: Оңтүстік Қазақстанның
экологиялық жағдайынының ландшафтқа әсерін айқындай отырып, облысытың
лландшафтық-экологиялық аудандарына сипаттама беру.
Облыс жері негізінен жазық көпшілік бөлігін орташа биіктігі теңіз
деңгейінен 200 — 300 м болатын Тұран ойпатының шығыс бөлігі алып жатыр.
Терістігінде Бетабақ дала шөлі, Шу анғарының онтүстігін Мойынқұм, облыстың
батысында Қызылқұм және Шардара датасы. қиыр оңтүстігін Мырзашөл алып
жатыр. Орталық бөлігінде, Жамбыл облысының аумағымен шектес, онтүстік
шығыстан солтүстікке қарай 217 километрге көлбей созылып Қаратау жотасы (ең
биік нүктесі 2176 м) жатыр.
Ал оңтүстік-шығысында Талас Алатауының батыс шетіндегі — Өтем
жотасында облыстың ең биік нүктесі — Сайрам шыңы (4238 м) бар. Өтем мен
Келес өзендерін бөліп жатқан Қаржантау жотасы Тәңіртаудың (Тянь-Шань) ең
батыс әлемі болып табылады. Қаржантаудың орташа биіктігі 2000 м, ал ең
биік нүктесі — Мыңбұлақ тауы (биіктігі 2834 м).
Қаржантаудан солтүстік батысқа қарай тарихы терең, аңызға толы күрт
Қазығұрт (ең биік нүктесі 1600 м) тұр. Қазығұрт тауы оңтүстігінде Келес
өзенінің аңғарына тіреледі.
Жоғарыда аталып отырған әртүрлі жер бедерінде шөл,шөлейт және таулы
ландшафт түрлері тараған. Дипломдық жұмыста осы ландшафт түрлеріне
сипаттама берілген және олардың экологиялық жағдайы қарастырылған.
1. Оңтүстік Қазақстан облысына жалпы физикалық-географиялық сипаттама
1.1 Оңтүстік Қазақстан облысының географиялық орналасуы
Оңтүстік Қазақстан облысы республика территориясының оңтүстігінде
орналасқан. Жер көлемі 117,3 мың шарша шақырым. Оңтүстігінде Өзбекстан
республикасымен, батысында Қызылорда облысымен, шығысында Жамбыл облысымен,
солтүстігінде Қарағанды облыстарымен шектеседі. Территорияның жер бедері
жазықты, негін шаруашылығы мен мал шаруашылығына өте қолайлы.
Территориясының солтүстік және қиыр оңтүстік бөліктерінен өзгесі шөл
зонасында орналасқан. Облыс жерінен Сырдарья, Арыс, Келес секілді ірі
өзендер ағады. Өзен жағалары егін шаруашылығына өте қолайлы. Осыған орай
мұнда мақта, күріш өсіріледі және мал шаруашылығының кейбір салалары жақсы
дамыған.
Оңтүстік Қазақстан облысының көп ғасырлық тарихы бар. Мұнда Ұлы Жібек
жолы өткен. Бұл өлке ертедегі мәдениет пен цивилизацияның орталығы.
Ертедегі Оңтүстік Қаазсқатн облысында көне түрік қағанаты заманында көне
мәдениет ошақтары- Исфиджаб (Сайрам),Отырар, Сығанақ, Яссы, Әулие-Ата
қалалары дамыған. Мұнде әлемдік маңызы бар ғылыми және білім орталықтары
болған.
Саяси-әкімшілік тарихы бойынша Оңтүстік Қаазақстан облысы 1932 жылы жеке
әкімшілік облысы болып құрылған. Оның жеке облыс болып даму тарихы Алматы,
Қарағанды, Шығыс Қаазақстан, Батыс Қазақстан облыстарымен байланысты.
Оңьтүстік Қазақстан облысы 1932 жылы 10-наурыз күні құрылғаннан бастап,
атауын сан мың өзгерткен. 60-жылдары Оңтүстік Қазақстан өлкесінің құрамында
Шымкент деген атаумен еніп, егемендік жылдарынан кейін Оңтүстік Қазақстан
облысы деп аталды.
1.2. Оңтүстік Қазақстанның табиғи жағдайына сипаттама.

Қазақтар осыдан мындаған жыл бұрын Қазығұртты кие тұтып. дүниенің
тұтқасы тұтып: Басына Қазығұрттың кеме қалған, Болмаса кереметі неге
қалған?! — деп басталатын ғажайып дастан тудырған.
Қазығұрт туралы жыр да, аңыз да көп. Көк Тәңірі дүние жүзін топан су
басқан кезде жаңа бір пәк дүние жасау үшін Нұқ пайғамбардың кемесіне
адамзат, жан-жануар, ұшқан құстан, өсімдіктен жұп-жұбымен отырғызып, таза
тұқым сақтап қалмақ болған. Топан тартылып, су қайтқанда, Нұқ пайғамбардың
кемесі Қазығұрт тауының басына қайырлапты деседі. Не көп — тау көп.
Солардың бәріне халықтың ықыласы мен махаббаты мұншалықты түсе бермеген.
Қазығұрт қазір де көптеген түрлі көркем туындылардың тақырыбы. Заты —
мұның бәрі тектен текке емес. Халық білмей айтпайды.
Ел-жұрт Қазығұрттың қадіріне жетіп, киесіне табынып, абыройын
асқақтатып, мерейін асыра түсуде. Ташкент — Шымкент жолындағы ең биік асута
ескерткіш койылды. Сонау көне замандардан бастап бүгінге дейінгі тарихи
оқиғалар тек Қазығұрт өңіріне ғана емес, бүкіл қазақ даласына қатысты.
Өйткені Қазығұрттың жөні бөлек. Ол Ұлы Жібек жолының бойында тұр.
Жібек жолы бойын жайнатқанға не жетсін! Міне, біздің Жеріміз! Біз кімнен
сорлымыз? — деп ауыз толтырып айтарға басқа жәдігерлермен бірге, Қазығұрт
әсіресе, лайықты, Асылы. Қазығұрт маңайын ұлттық үлкен қорыққа айналдыруға
әбден болады. Айналасы — Төле би ауданы, атақты Аксу-Жабағылы. Шетелдік
меймандарға ұялмай-қызармай көрсететін кереметтер.
Облыс аумағының жер бедеріндегі жазықтар мен таулы аймақтар жиі
алмасып отырады. Мұнда алуан түрлі құмды, сортаң шөлдерден биік тау
мұздықтарына дейінгі климаттық табиғат зоналары кездеседі. Таулы аймақтарда
болып тұратын тектоникалық жер сілкіністері аумақтағы тау түзілу
процестерінің әлі аяқталмағандығын көрсетеді.
Жер бедерінің қалыптасуына зор ықпал етуші күштер: ағын сулар мен
желдер. Осы күштерге қосымша антропогендік, яғни адамдардың шаруашылық
әрекеттері табиғи ортаның, әсіресе жер бедерінің қалыптасуына зор әсерін
тигізетіні сөзсіз. Мысалы, каналдар мен суару аймақтары авто және темір
жолдар кеніштер мен қала салынған аймақтар, т.б.
Геологиясы және кен байлықтары. Геологиялық құрылымы жөнінен облыс
аумағы Тұран плитасына жатады. Қаратау жотасы — протерозой тақтатастарынан
және құмтастардан тұрса, оңтүстік-батыс Қаратау карбонның әктас, кұмтас
конгломераттарынан және девонның жанартау тектес тау жыныстарынан құралған.
Сонымен бірге палеозой қатпарлы іргетасы, пермен дәуірінде қалыптасқан
интрузиялық және жанартаулық, сондай-ақ платформалық мезозой-кайнозой
шөгінді тау жыныстары кездеседі.
Облыс қойнауы әр түрлі пайдалы қазбаларға бай: подиметалдар, қоңыр
көмір, темір кені, гипс, әктас, от төзімді саз, кварцты құм қабаттары, мәр-
мәр түрлі құрылыс шикізаттары бар. Қарт Қаратау койнауындағы Ащысай,
Мырғалымсай және Байжансай қорғасын-мырыш кеніштері 20 ғасырдың 40-
жылдарынан жұмыс істейді. Боралдайтау, Қаржантау, Күмісті және Жоғарғы
Бадам алтын кен көздерінін орны ерекше.
Облыста республика уран ресурстарынын жартысына жуығы орналаскан, олар
әлем-дегі ен ірі уран кеніштері болып саналады. Ал Иірсу, Сусіңген және
Абайыл кеніште-рінен титан, хром, марганец және темір кендері өндіріледі.
Облыс аумағында Шу-Сарысу газ-гелий және Сырдария мүнай-газ кен орындары
бар. Боралдайдан, Тас-көмірсайдан, Келтемашатган және Ленгер кеніштерінен
мезозойлык коңыр кемір өн-дірічеді. Облыс аумагындагы Қаратау фос-форит
алабына жататын Герес және Үшбас фосфор кен орындары барлаудан өтгі.
Ал Тәңіртаудың ен батыс Қаржантау мен Сайрам жоталары өнеркәсіптің
көптеген салаларына өте қажетті шикізатқа бай.
Кентау қаласына жақын маңда орналасқан Ақсай және Солтүстік доломитті
кеніштерінде резина, қағаз бояулар дайындалады, газ-мұнай бұрғылау
жұмыстарында кеңінен пайдаланылатын минералдық шикізат — бариттің ірі
ресурстары бар.
Түлкібас өңіріндегі Құлантау және Иірсу кенорындарында жеңіл бетон
дайындауға, оттан, дыбыстан қорғауға, жылу сақтауға, ғарыштық техникаға аса
қажетті вермикулит бар. Бессазда габброперидотиттер құрамында от төзімді
заттар, қағаз резина, парфюмерияға кажетті шикізат — тальктің ірі қоры
барланып, зерттелген. Төле би ауданында орналасқан Жоғарғы Бадамда жоғары
сапалы керамика, минерал талшығы, фарфор, фалнс, диэлектрлік керамика,
бояу, қағаз, резина өндірістеріне аса қажетті техникалық шикізат —
волдастониттің мол қоры ашылған.
Сары жылға, Қызылкөл және Дарбаза кеніштерінде кварц құмының ірі қоры
бар. Ал Түлкібас, Корнштов кеніштерінің әктастары бұрыннан қант өндірісінде
карбонаттық шикізат ретінде қолданылып келеді.
Облыстағы құрылыс материалдарының минералды шикізат базасы әр түрлі
цемент, керамзит, кірпіш, шыны және құрылыстық тас өндірістерінің
шикізаттары, құм-тас минералдық бояулар ретінде қолданылады. Олар Қазығұрт,
Бадам, Састөбе және Түлкібас әктастары, Бағаналы гипсі, Күбірексай
минералдық бояулары, Ленгер оттөзімді сазы, Күрішбұлақ кварц құмы, Дарбаза
және Қыңырақ бентониттері, Сарытопырақты саздақтардың ірілі-ұсақты
ресурстары мен құмтастардың табиғи қоспалары көп кездеседі.
Облыс аумағынын географиялық орнына (яғни атмосфераның ылғалдылықтың
негізгі көзі мұхиттардан тым шалғай орнхтасуына) және жер бедерінің
сипатына байланысты куаң континенттік климат қалыптасқан. Мұнда күндізгі
және түнгі, қысқы және жазғы температуралар шұғыла отырады. Жазы ұзақ
облыс түстігінде 8 айға дейін созылады. Қысы жылы: ең суық ай — қаңтардың
орташа температурасы -2 — 9°С. Ең суық кезең Созақта тіркелген (—4РС).
Жазы ыстық шілде айының орташа температурасы 19 — 29°С. Ең ыстық кезен
Шардарада (47°С) тіркелген. Вегетация кезеңі 230 — 320 тәулікке созылады.
Шөлді аудандарда жылдық жауын-шашын мөлшері 100 — 170 мм, тау
етектеріше 300 — 450 мм. ал биік тауларда 1000 мм-ге дейін құбылады. Жауын-
шашын негізінен көктем мен күз айларында болады. Қар жамылғысының орташа
қалыңдығы 20 — 40 см аралығында жазыкта 2 айға, тауларда 5 айға дейін
жатады. Қар қарашаның соңы, желтоксанның басында түсіп наурыз айында ери
бастайды.
Облыс аумағының көпшілік бөлігінде антидиклондық ауа райы басым.
Сондықтан мұнда шұтылалы ашық күндердің ұзақтығы жылына солтүстікпен
оңтүстікке қарай 2150 сағаттан 3000 сағатқа дейін артады. Жылына 150-ден
260 күнге дейін күн ұдайы ашық болады бұлтты күндер тиісінше 60 күннен 15 —
20 күнге дейін азаяды. Міне осылардың нәтижесінде жиынтық радианның мөлшері
де солтүстіктен оңтүстікке қарай біртіндеп артады. Облыста оңтүстік және
солтүстік батыс желі көбірек тұрады. Желдің орташа жылдамдығы 1.9 — 3.9
мс. Желдің қатты тұратын аймағы — Аксораң онда желдің жылдамдығы 5.1 мс-
қа жетеді. Шақпақ пен Арыстанды-Қарабас желдері өте күшті соғады.
Облыстың киыр онтүстігі жылу мең ылғалдың жыл бойы таралуына т.б.
метеорологиялық сипаттамалар ерекшеліктеріне қарай оңтүстік шөл белдем
аралығын құрайды. Ерекшелігі — жауын-шашынның негізгі мөлшері (62 — 67%)
наурыз айында түседі, жыл бойына 40 күндей қар қылаулайды, бірақ та көп
жатпай, тез еріп кетеді. Вегетациялық кезенінің ұзақтығы 245 — 260 тәулік.
10°С-тан жоғары ауаның орташа тәуліктік температурасының жылдық жиынтық
мөлшері 4300 — 4600°С.
Жыл маусымдарының аражігі айқын ажыратылады. Қысы қысқа — 90 күндей.
Жазы ұзақ — 160 — 170 күнге дейін созылады.1
Облыстың су қорларын ірілі-ұсақты 127 өзен (жалпы ұзындығы 5 мың
шақырымдай), 34 көл (көлемі 110 млн. текше метр), 30 бөген (көлемі 6 млрд.
текше метр), 29 пайдаланылатын жер асты сулары және 5 минералды су көздері
құрайды. Жалпы облыс аумағына жылына орташа есеппен 37 млрд. текше метрге
жуық су келіп осыншама мөлшерде су кетіп отырады.
Облыстағы ең ірі және ұзын өзен — Сырдария өзені басқа мемлекеттерден
басталып. Қызылорда облысы арқылы Арал теңізіне құяды. Облыс аумағындағы
Сырдария өзенінің негізгі саласы Арыс өзені (378 км), ол Алатау
мұздықтарынан басталып жол-жөнекей Боралдай (130 км), Ақсу (133 км).
Машат (60 км). т.б. көптеген өзен суларымен толығады. Маңызды да ірі
өзендер қатарына Келес (102 км). Бадам (145 км) өзендерін жатқызуға болады.
Облыстағы ең үлкен суқойма — Шардара бөгені 1965 жылы пайдалануға
берілген. су сыйымдылығы 5.2 млрд. текше метр, су өткізу мөлшері 200 м3с.
Одан су алатын Қызылқұм (106 км). Шардара (10 км) каналдары арқылы 71.5 мың
гектар егістік жер суландырылады. Бөген суқоймасының сыйымдылығы 37 млн.
текше метр. ол Бөген, Арыс өзендерінің суларымен толығып отырады.
Облыстағы 500 мың гектардан астам суармалы жерлерді игеру үшін 14336
шақырым су арналары. 4743 км су қашыртқылары және 1900 дана тік дренажды
ұнғышалар. 61 мыңнан астам гидротехникалық ғимараттар жұмыс істейді.
Облыс аумағындағы көлдер ауыл шаруашылығымен бірге басқа да
мақсаттарға пайдаланылады. Шошқа көлде (көлемі 8,6 млн. м3) аң ауланады,
Сарыкөлден (10,2 м) балық ауланады, Қызылкөл суының (5.9 м3) ем үшін
пайдасы зор.
Облыстағы жерасты суларының қоры ретінде Бадам-Сайрам, Мырғалымсай.
Талас-Ақсу. Икансу, Бөген жерасты су көздерін атауға болады, Шу-Сарысу
артезиан алабының су қоры 260 млн. текше метрден асады, минералды сулар
Сарыағаш, Манкент шипажайлары мен Темірлан ауыддарында арнайы рұқсатпен
пайдалануға берілген.
Облыс аумағындағы гидрографиялық желінің жиілігі біркелкі емес.
Өзендер негізінен аймақтың таулы бөлігінен нан астам гектар жерді алып
жатыр. Олар бастау алады. Жалпы облыс өзендері Сырға Бадам, Бөген, Шардара.
Қапшағай. т.б. дария және Шу өзен алаптарына жатады.3
Сырдария өзені республикадан тыс жердегі Орталық Тянь-Шань тауларынан
бастау алып, негізінен қар және мұз суларымен толығып отырады. Сырдария
өзенінің облыстағы негізгі саласы — Арыс өзені, ол Талас Алатауы мен Өгем
тау жоталарынын беткейлерінен басталады. 1961 жылы Арыс — Түркістан каналы
іске қосылғаннан кейін оның төменгі ағысындағы су өтімі 52,8-ден 31 м-ус-ка
азайды.
Бұдан басқа Бөген, Келес, Бадам, Боралдай, Ақсу өзендері бар. Олардың
жалпы ұзындығы 3745 км. Сондай-ақ Қаратау жоталарынан Жиделі. Бесарық
Ермексу, Қарашық, Арыстанды және Шаян өзендері басталады.
Облыстың қиыр солтүстігі Бетпақдаланың батысында Шу және Сарысу
өзендерінің төменгі ағысын қамтиды.
Негізінен Сырдария. Шу өзендерінің сағаларында орналасқан. Олар
тасыған өзен суларымен, ал ұсақ көлдер жер асты суларымен толығады. Облыс
аумағында 43 кел бар, олардың жалпы ауданы 25,94 мың ға. Облыстың солтүстік
аймағында Шу өзенінің төменгі ағысында Ақжайық, Қарқын тұзды көлдері,
Құмкент елді мекені жанында тұйық жер асты суымен қоректенетін Қызылкол
жатыр.
Қаратау жотасының оңтүстік беткейлерінен бастау алатын Байылдыр,
Хантағы. Иқансу Көкқиясай өзендері Қарашык, Қалдыкөл, Шүйнек көлдеріне
құяды.
Сырдария өзенінің аңғарында Тұздық, Сарыкөл, Балтакөл, Көккөл, т.б.
ірілі-ұсақты көлдер көп кездеседі. Бұл көлдердің көпшілігі ащы, тұзды.
Облыстағы су желісінің бір ерекшелігі: тақырларда жауын-шашын
суларынан түзілетін көлшіктер мен көлдер пайда болып, кейінірек кеуіп
кетеді.
Сонымен қатар облыстағы 22 жасанды су қоймаларының жалпы қөлемі 98
мыңнан астам гектар жерді алып жатыр. Оларға Бадам, Бөген, Шардара,
Қапшағай. т.б. бөгендер жатады.
Облыста шамамен тәуліктік ресурсы 3000 м-Утоулік болатын 30-дан астам
жер асты суларының көздері белгілі. Ішуте жарамды сулардың болжамдық
ресурсы тәулігіне 4000 м-тан астам мөлшерге бағаланады.
Облыста Арал, Сырдария және Ташкент (солтүстік жақ бөлігі) ойыстарынан
тұратын Сырдария артезиан алабы барланған. Сырдария және Келес ойысы
аумақтарының палеоген жер қыртыстарында ойыстың шеты бөлігінде 90 — 170 м.
ортаңғы бөліпнде 1100 — 1200 м тереңдікте жататын сульфат-хлоридті
натрийлік суларының көздері табылған. Су көзінің тәуліктік қор мөлшері 10 —
15 және 165 м аралығында. Минералдануы 2—12 гдм. Жоғарғы бор дәуірі жер
қыртыстарында бұл сулар Сырдария ойпанының оңтүстік-батысында көптеп
кездеседі және 170 — 600 м тереңдікте жатады. Судың температурасы 20 -
40=С.
Түркістан ауданында (Түркістан минералды сулары) және "Манкент" шипа-
жайында (Манкент минералды сулары) емдік мақсаттарда колданылатын сульфат
натрий су көздері ашылған. Манкент минералды жерасты су көзінің тереңдігі
1143 — 1181 м. минералдылығы 2.1 гдм\ судың температурасы 40°С. Судың
құрамында күкіртсутегі бор, бром, кремний қышқылы кездеседі.4
Сырдария және Келес ойысы аумақтарындағы жер қыртысында 400 — 500-ден
2000 м терендікте жататын және температурасы 20 — 90°С болатын аз
минералданған азот сілтілік термальды сулар мол. Олар палеоген жеке бор
дәуірлері жер қыртыстарының құмды бөліктерінде кездеседі.
Темірлан ауылынын оңтүстік бөлігінде (Шымкент минералды сулары) 792 —
840 м тереңдікте мирокарбонатнатрий құрамына кіретін аз минералданған азот
сілтілік су көздері ашылған. Су жоғары қысымды, минералдылығы 0,8 гдм\
температурасы 39"С.
Келес ойысының ортаңғы болігінде содалық сулар көп кездеседі. Сарыағаш
жерінің зерттелген минералды су көздері негізінде ''Сарыағаш" курорты жұмыс
істеуде. Судың құрамында кремний қышқылы, радиоактивті элементтер, азот,
гидрокарбонаттар, натрий, кальций, магний, алюминий, мыс, марганец,
молибден және әр түрлі микроэлементтер бар екені анықталған. Судың
температурасы 49 — 53°С, тәуліктік шығымы 5 млн.тәулік.
Бөгендері мен тоғандары. Облыста 27 бөген мен тоған бар. Шағын
бөгендер мен тоғандар Түркістан ауданында көп кездеседі. Облыстағы
суқоймалар 1927 — 92 жылдар аралығында салынып, іске қосылған. Олардың ең
үлкені — Шардара бөгені 1965 жылы іске қосылған. Ол Сырдария өзенінің
алабында орналасқан, көлемі 5200 млн. м- ұзындығы 6000 м, терендігі 28,2 м.
Көлемі және халық шаруашьшығындағы маңызы жағынан екінші орында тұрған
Бөген суқоймасы 1967 жылы іске қосылған. Арыс өзенінің алабында орналасқан,
көлемі 370 млн. м\ ұзындығы 5400 м.
Топырақ жамылғысы табиғаттың зоналық заңына сәйкес таралатындықтан
аумағында биік таулы салқын алъпілік топырақтардан бастап тау
бөктерлеріндегі әртүрлі қоңыр және сұр топырактарға жалғасып, терістік және
терістік-батыс аймақтарындағы жазықтарды сүрқұба, ескі аллювиалды ойыс
жазықтарды тақыр және тақыр түстес топырақтар мен ірі құмды алаптар (Шығыс
Қызылқұм мен Батыс Мойынқұм) алып жатыр. ҚР Ғылым академиясының О.Оспанов
атындағы Топырақтану институтының көпжылдық ғылыми-зерттеу жұмыстарының
нәтижесінде облыс аумағында 130-ға жуық топырақ түрлері мен олардын
комбинациялары кездесетіндігі анықталды. Жалпы облыс жерінің топырағы екі
топқа бөлінеді: 1. Тау топырақтары. 2. Тау аралығындағы аңғарлардың, тау
боктеріндегі, т.б. биік және ойысты жазықтардың топырақтары.
Таулы аймақтар облыстың біраз жерін алып жатыр. Осы таулы аймақтың
бір ерекшелігі биіктігі мұхит деңгейінен 4000 метрге жақындайтындықтан
топырақ климаттық зоналардың таралуында биік белдеулік зоналық заңы орын
алады яғни тау биіктеген сайын ылғал көбейіп ауа райы суыта түседі. Міне
осыған байланысты таудың төменгі етегіңдегі шөлді-дала белдеуінен (теңіз
деңгейінен 250 —350 м) таудың биік 3500 — 4000 м деңгейіне дейін бірнеше
таудың белдеулік белдемдері кездеседі, олардың топырақ өсімдік жамылғылары
да жануарлар дүниесі де әр алуан болып келеді. Былайша айтқанда,
табиғаттың көлденең белдемдік заңы байқалатын сонау терістік тундрадан
оңтүстіктегі шөл зоналарына дейін мыңдаған шақырым қажет болса облыс
аумағындағы Батыс Тянь-Шань тау етегінен биік шындарына дейінгі 3 — 4
шақырым қашықтықтағы биіктікте көпшілік белдемдердің кездесуі ғажап дүние,
табиғаттың осындай ерекшелігін түсіне білген ғалым, Орта Азия
университетінің профессоры А.Л. Бродский 1920 жылдардың басында осы аймақга
Мемлекеттік қорық ұйымдастыру мәселесін алға қойған. Бұл ұсыныс сол кезде
Мәскеуде Орталық органдарда қызметке араласа бастаған Т.Рысқұловтан қолдау
тауып, 1926 жылы Қазақстанда алғаш Аксу — Жабағылы қорығы ұйымдастырылды.
Сонымен осы таулы белдеуде таудың шалғындыдалалы альпілік, субальпілік,
таулыдалалық альпілік, таулы альпілік, таулы шалғанды роморфты субальпілік
және таудың күңгірт түсті субальпілік топырақтары кездеседі. Бұл топырақтар
132 мың гектарды, яғни облыс жерінің 1,1 пайызын алып жатыр. Орта таулы
аумақтарда таулы орманды, таулы-бұталы белдеулерде күнгірт қоңыр, таудың
ашық қоңыр, сұр қоңыр топырақтары 575 мың гектар, облыс жерінің 4,7 пайызы
болады. Ал аласа таулар мен оларға жалғас етектерінде таудың сүр
топырақтары түзілген. Олардың көлемі 186,8 мың гектар, облыс жерінің 1,7
пайызы. Сонымен жалпы таулы аймақтағы топырақтар көлемі 894,8 мың гектар
жерді алып жатыр, ол облыс жерінің 7,5 пайызы.
Таулы аймактарға қарағанда бұл топырақтардың түрлері мол. Бұл топтағы
топырақтар ішінде осы аймақтарға тән зоналық топырақтар кездеседі. Тау
етектерінің биіктеу жазықтарының қара коңыр, қоңыр және сұр қоңыр
топырақтарының көлемі 78,4 мың гектар, облыс жерінің 6,6 пайызы. Тау
етектерінің орталық бөлігіндегі жазықтарының оңтүстік және терістік сүр
топырақтарының көлемі 1021,4 мың гектар, облыс жерінің 8,4 пайызы. Тау
етегіндегі төменгі жазықтардың оңтүстік және терістік ашық сүр топырақтары,
көне аллювиалды жазықтар мен биік өзендер террасаларының шалғынды-сүр
топырақтары, биік шөл жазықтарының сүр құба топырақтары 2390,7 мын гектар —
19.5 пайызы, оның ішінде біршама ойпатты жерлерде тақырлар мен тақыр түстес
топырақтар және шалғынды. шағынды-батпақты топырақтар кездеседі. Біраз
жерлерді белдемаралық топырақтар жатыр. Оның ішінде сұр топырақ белдемдегі
сортан топырақтар көлемі 193.Д мын гектар, облыс жерінің 1,6 пайызы: ел
зонасындағы сортаң топырақтар, көлемі 539.7 мың гектар — 4.5 пайыз, ал екі
белдемдегі сортаң топырақтар көлемі 45.3 мын гектар — 3,8 пайыз. Өзен
бойларының топырақтары 300,9 мын гектар — 2,7 пайыз, сұр топырақтар белде
міндегі құмды топырақтар 1047,1 мың гектар — 9,5 пайыз болса, шөл
белдеміндегі құмды топырақты жерлер 2486,1 мың гектар — 20,6 пайыз. Сонымен
жалпы екінші топтағы, яғни облыстың жазық аумактарындағы топырақтар көлемі
11108,7 гектар жерді қамтып, облыс жерінің 91,5 пайызын алып жатыр.
Облыстың біршама жерлерін топырақ емес құрылымдар: биік таудағы мәнгі
қарлар мен тұздар, қатты тау жыныстары, көп мен өзендер алып жатыр. Олардың
жалпы көлемі 150 мын гектардай — 1,2 пайыз. Ал бұл топырақтар орналасу
жағдайларына, табиғи ылғалмен қамтамасыз етілуіне немесе қолдан суару
мүмкіншілігіне қарай ауыл шаруашылығының салаларына пайдаланылады. Мысалы
таудың биік альпілік, субальпілік белдеулері малдың жазғы жайлауы болса,
орта және аласа таулы белдеулерде жер бедерлерінің ыңғайына қарай жайылым,
шабындық жеміс ағаштар, тағы басқа дақылдар өсіруге болады. Ал аласа таулы
аумақтардың етектеріндегі ылғал жеткілікті болғандықтан бұл белдеулер
тәлімі (богара) егістерге пайдаланылады. Таулардың төменгі етектеріндегі
жазықтарда ылғал жеткіліксіз, негізінен суармалы егістіктер үшін ыңғайлы.
Бұл аймақтарда су көздері жеткілікті болған жағдайларда мақта дақылы, бау-
бақша жемістері, көкөніс, матазығындық шөптер, т.б. өсірідеді. Ал өзен
бойларындағы көне атлювиавды шөл белдеміндегі жазықтарда жоғарыда аталған
дақылдарға қоса күріш етіледі. Жашы облыс көлеміндегі жартылай шөл, шөлді
алқаптар негізінен жайылым ретінде пайдаланылады.5
Тау беткейлеріндегі бұталар да Қаратау мен Батыс Тәңіртауда кең
тараған. Ал шөллі жазықтарда, тұзды сортанды жерлерде, өзен анғарларында
қалың шеңгел кездеседі. Тауларда өз алдына калын болып шие, ұшқат, тобылғы,
итмұрын, зірік, куриль шайы, ырғай, қара арша, тобылғы гүл мен қылшалар
кездеседі.
Фриганоидтар немесе таулықыраттық ксерофиттер Қазақстанда тек қана
онтүстікте мейлінше толық кездесетін тікенекті бөстек тәрізді, ксерофильді
тікенекті шөптесін өсімдіктер қауымдастығы. Олар теніз денгейінен 1000 —
2700 м биіктікге таралған. Фриганоштардың айқын өкілдерінің көпшілігі
реликт, әрі сирек түрлер болып табылады да, "Қызыл кітапқа" кірген. Олар —
Культиасов шренкиясы, тікен жапырақ, әулие-аталық трихантемис, Қаратау
лепидолофа қоғасы, таспажапырақты лепидолофа, мыңжылдық көбен құйрығы,
таусағыз және т.б.
Батыс Тәніртаудың қыраттарында теңіз денгейінен 1700 — 2400 м
аралығында таулы шалғындар. одан жоғарырақ (2300 — 2800 м) субальпілік
шалғындар, 2800 — 3500 м аралығында — криофитті альпілік шалғындар
таралған. Таулы шалғындарда кең тараған түрлер — шалғындық түлкі-құйрық
бидайық, кәдімгі тарғақ шөп, шалғындық атконақ шалғындық қоңырбас, т.с.с.
Субалыгілік шалғындар жатаған аршалар белдемінде тараған. Шалғындык астық
тұқымдастарға жататын түрлер шалғындық беде, Гельцер қалампыры, бұйра
қымыздық маралоты және т.с.с. қосылады. Қазақстанның "Қызыл кітабына"
енгізілген Қоқан моринасы мен іріжапырақты медиазия субальпілік
шалғындардың құрамында. Альпілік шалғындардың тұр құрамы бөлек, олар
негізінен аласа бойлы, криофитті шөптесін өсімдіктерден тұрады. Әдетте,
доминант болып келетіндері — жіңішке кобрезия немесе күйген бас, доңызсырт,
сарғалдақтар, тасжарғандар, көкгүлдер және т.б.
Батыс Тәніртаудың ең биік жерлерінде (3500 — 4200 м) криофитті
бөстектілер мен кармаңайлык — субнивалды белдемдік топтар кездеседі. Ен
жарқын өкілдері болып табылатындары — үш сала вальдгеймия, желайдар
шөмішбас, аяздық семіз от және т.б.
Облыс жері өте көне мәдениет және өркениет ошағы болып табылады. Бұл
әрине өсімдіктер дүниесіне тікелей әсер өткен, әсіресе Қаратаудығ күнгей
беткейіндегі, Сырдарияның бойындағы қалың орман, тоғайлар сиреп қалған.
Өсімдік дүниесі көптеген мәдени дақылдардың отаны болып табылады. Облыстың
жер аумағы Н.Вавилов айқындап кеткен "Орта Азиялық мәдени өсімдіктер
ошағының" қомақты белігі болып табылады. Ондай дақылдарға қызыл бидай,
арпа, күріш, алма, өрік, жүзім және т.б. жатады. Облыстын өсімдіктер
дүниесінен "Қызыл кітапқа" 176 түр енгізілген бұл Қазақстандағы сирек
өсімдіктердін 45%-ы.
Облыстын табиғи флорасы — олі де пайдалы өсімдіктердің кайнар көзі болып
отыр. Мұнда жемшөптік (малазықтық), дәрілік, азык-түліктік, эфирмайлық және
т.б. пайдалы өсімдіктер көп-ақ. Олардың ішіндегі дәрмене жусан, жабайы
алма, жабайы өрік, алша, тау пісте, жабайы жүзім сияқты түрлердің табиғи
популяциялары ғаламдық маңызды генофонд деп танылып отыр.6
Жануарлары. Облыстың кеңбайтақ табиғат аймақтары түрлі жануарларға өте
бай. Онда жануарлардың 1400-ге жуықтүрлері кездеседі. Ал балықтардың 8
түрі. қосмекенділердің 3 түрі, бауырымен жорғалаушылардың 9 түрі, құстардың
240-тан астам түрі, сүткоректілердің 8 отрядына жататын 50-ден астам
түрлері мекендейді.
Жоғарыда айтылғандай, күстардың 128 түрі облыс жерінде үялайды, ал 38 түрі
тұрақты мекендейді, 24 түрі қыстауға келеді, 85 түрі миграция кезінде
кездеседі.
Балыктар класы бойынша оңтүстік суларында, Шардара бөгенінде жайындар,
сазан, майшабақ, табан балық жылан балық, үкішабақ сияқты сирек түрлері
кездеседі. Қосмекенділер класы бойынша шөлді-далалы жерлерде құрбақа, сулы
жерлерінде жасылкөл балықтары кездеседі. Таулы аймақтарда бақалар 2800 м
биіктікке дейінгі ендіктерде тіршілік ете алады. Құрбақалар "Қызыл кітапқа"
енген. Жорғалаушылардың 9-ға жуық түрлері кездеседі: ұзынсирақ сығыркөз,
сүр кесіртке, сарлан, дала тасбақасы, жыланкөз кесіртке. Жыландардың 6 түрі
кездеседі: оның ішінде оқжылан, карашұбар жылан, далалық сұржылан, жолақты
шұбар жылан — улы жыландарға; қалқанбас шұбар жылан, сарыбас жылан,
сарықарын жылан улы емес түрлеріне жатады. Сарлан, оқ жылан, төрт жолақты
шұбар жылан, сарықыран шұбар жыландар "Қызыл кітапқа" енгізілген.
Мұнда құстардың 240-тан астам түрі кездеседі. Оның 14 түрі Қазақстан
"Қызыл кітабына" енгізілген. Олардың ішінде қара дегелек, сақалтай, бүркіт,
жылан жегіш, ителті, лашын, ақ дегелек, кіші құған, жамансары сияқты
жыртқыш құстар тау беткейлерін мекендейді. Облыс жерінде сүт қоректілердің
8 отрядына жататын 50-ден аса түрлері мекендейді. Көпшшігінің кәсіптік мәні
бар, 1996 жылы Қазақстанның "Қызыл кітабына" тіркелгендері де кездеседі.
Кеміруші отрядынан "Қызыл кітапқа" енген көк суыр Батыс Тянь-Шань тау
жотасында шағын аймақта тараған. Жұптұяқты сүткоректілер отрядының күйіс
қайырмайтындар тобынан жабайы шошқаны таулы беткейлерден "Қызыл кітапқа"
енген күйіс қайыратын арқар, тау ешкі, елік және маралдарды жоғары ендіктер
мен бұталы ағашты алқаптардан кездестіруге болады. Казіргі таңда аркар,
марал, еліктердің саның сақтап қалу және көбейту мақсатында
трансплантациялау әдісін (қолдан ұрықтандыру) пайдалану жұмыстары
жүргізілуде.
Жыртқыштар отрядынан Батыс Тянь-Шаньдық қоңыр аюдың 60 — 70-ке жуығы
мекендейді. Бұл аю Қазақстанның "Қызыл кітабына" енгізілген. Мысық
тұқымдастары мен қар барысы — ілбістін шамамен 10—15 жұбы мекендейді. Ілбіс
халықаралық табиғатты қорғау орталығының "Қазақстан Қызыл кітабына"
тіркелген. Түркістан өпеусінін де, бұталы, ағашты атқаптардан сусар
тұқымдастарынан күзен мен борсықты да кездестіруге болады.
Далалы, шөлді жерлерде қарсақ шие-бөрі, қасқыр, түлкі, т.б. андардың
саны артуда атады. "Бұрыңғы Мырғалымсан" (Кеңтау), Ашысан өңірінен түсті
метал шығады, ол Шымкент қорғасын зауытына тасымалдап ол өнімдерден
қорғасын өнімін және кездейсоқ бөлек үсті металдардың түрлерін алады.
Қаратау өнірінен Созақ ауданйныа территориясынан Сайрам ауданынан және
Отырар ауданындағы Қызылкұм шөлінен уран рудасы өдіріледі,
Туркістаннан гипс, Ақтастан қабыршақтар құрылыс материалдары
өндіріледі. Сазтөбеде түсті әк, цемент өнімдері өндірілгеді. Ленгірден
қоңыр көмір, Дарбаза мен Жылғадан саз балшық өнімдері шығады.
2. Оңтүстік Қазақстанның ландшафтық-экологиялық аудандары және
ландшафтарын қорғау мәселелері
Ландшфат қорғаудың ең жоғарғы формасы қорықтар ұйымдастру.
Бүкіл дүние жүзілік тәжиербиелерге сүиенсек жер шарының жекелеген
елдерінде қорық ұиымдастру 19 ғ басқы кездерінен бастап жүзеге аса
бастады. Халық санының өсуне байланысты барлық табиғи
бірлестіктердің бөліктерін бастапқы күиінде сақтап қалу дың маңызы
артып отыр. Мұнда жүзеге асырудың екі дұрыс жолы қорықтар мен
ұлттық парктерді ұиымдастру болып табылады. Негізнен ландшфаттарды
қорғау дың 10 категориясы бар: қорықтар,қорыққорлары,
биосфералыққорықтар, микроқорықтар, табиғи обьектлері және көп
мақстатты қорғауға алынған жерлер. Қазіргі кезде қорықтың
териториясы жер шарының шамамен 1,6- 2% ын құраиды. Ол Қазақстан
Республикасын бша 10 мемлекеттік қорық, 8 ұлттық парк, 66 дан
астам қорыққорлар бар әрине біздің аумақтың көлеміне шатқамда
қорғалатын жерлер барлық жердің 3% ін қамтиды мұның өзі табиғат
қорғау проблемасы ның өз шешімін таппай отыр ғанын көрсеисе керек.
Дегенімен республикамызда қорықтар ұиымдастру соңғы жылдары қолға
алына бастады мәселен соңғы жылдары Батыс Алтаи мен Ала көл
қорығының ұиымдаструды Алтынемен, Орда басы, Қарқаралы, Іле алатауы
ұлтық парктерінің құрылуы осының аиғағы болса керек. Егемен
Қазақстан жері жақын жылдары Қаратау, Бетпақдала, кент, қапланқыр
Балқаш Ереилентау Торғай т.б. көптеген қорықтар мен ұлттық
паріктердің отанына аймалары сөзсіз.
Қазақстан жері жасыл өсімдіктер әлемімен жабайы жануарлар
дүниесі өкілдеріне бай өлке өздеріңізге белгілі, олардың арасында
туған өлке топырағына ғана тән хайуанаттар мен өсімдіктердің
эмдемикалық түрлері мен қатар, сонау, муздану дәуірінен бері бізге
жеткен реликт және толып жатқан себептерге байланысты азайып кеткен
түрлері аз емес. Айтамыз жайылып кетуі қаупы бар және сиреп
кеткендер тізіміне хайуанаттардың 87түрі өсімдіктердің 306 түрі
ілікен екен қайткен күнде де олардың жеріміздің ғайып болып
кетуіне жағдай жасау мол міндеттер жүктеиді . Қазақстанда жүзден
астам ерекше қорғалатын аймақ 17 млн гектар жерді алып жатыр оның
ішінде 10 мемлекеттік қорық, 8 ұлттық табиғи саябақ 26 табиғи
ескерткіш 3 ботаникалық бақ бен табиғи аумақтар бар аталған
аумақтарды қоғауға жыл саиын бюджеттен 2 млт теңгеге жуық ақша
бөлінді. Бөлінген қаржы аумақтың құрлыс жұмыстарына жануардың
қорегіне жұмсалады мң баитақ еліміздің табиғи қорлары өзге
елдерден кемде емес. Алайда тәуелсіздікке қолжеткізгенге дейін бізде
ұлттық саябақтар мәселесі өз деңгейінде көтерілмей келеді. Тек
1990 жылы киін жабаиы табиғатты қорғаитын ұиымдар құрыла бастады.
Қәзіргі таңда қазақстанда жасылдарды қорғау атты адамдардың
экологиялық және табиғат құқығын қорғайтын ұйымдар жұмыс істеиді.
Осы 1997 жылы ҚР-ың ерекше қорғалатын тероториялары туралы
заңынын мемлекеттік ұлттық табиғи бақтар деген 8 тарауының 39 шы
бабында ұлттық бақтар туралы: Мемлекеттік ұлттық табиғи саябақ -
ерекше экологиялық эәне ғлыми құнды табиғи және тарихи - мәдини
кешендер мен нысандарды қайта қалпына келтрумен сақтау үшін арнаиы
қорғалатын табиғи тероториялар деиінген қазіргі таңда Қазақстан да
рессеилік эколог мамандардың зерттеуінше ұлттық саябақтардың
белгісіз күиде қалуын жарнаманың жетіліуі нен болады екен.
Расында біздің қорықтармен табиғи саябақтардың кереметтігін
жарнамалап оны туристік бағытта дамту әлі қолға алынбай келеді
қазақстанда жалпы аумағы 2978,9 мың гектар жерді алып жатқан
табиғи қорықтардың 23% орманды алқап 10,4 % ін су қорылары құраиды
осы ерекше қорғалатын мекендерде 2108 адам қызмет етеді екен.
Жалпы табиғи қорықтармен ұлттық саябақтардың басым билігі Алматы
обылысында Аламаты, Алакөл мемлекеттік табиғи қорықтармен алтын емен
Іле алатау мемлекеттік ұлтық саябақтары сондай-ақ
аталған тереторияларды туризмнің түрлері енеді ғана дамып жатқан
көрінеді. Істің көзін білетін адамдарға туризм секілді саиадан
түсетін қаржыыны қорықтар мен табиғи саябақтардың негізгі табиғи
көзіне айналдруға болады. Мысалы келтірсек 2030 ж келген 231,8
мың туристерден 15млн 2015,7 мың тенге паида түскен. Демек
ұлттық саябақтардың мүмкіндіктерін пайдалана отырып туризмді
дамытуға толық негіз бар деген сөз.7
Қорыта келгенде қорықтар тек саны азайып жойыдып кетуге
жақын тұрған хаиунаттар мен аса бағалы өсімдіктер ғана
қамқорлыққа алынып қоимаи сонымен қатар өлкеміздің көрікті
табиғат ландшфаттарын же оларды сол қалпында сақтау үшін
қызмет етеді. Міне сондықтан да болашақ ұрпаққа табиғат
баилықтарын кемеліне келтре көркеиген қалпында табыс ету сіз бен
біздің қолымызда.
Ақсу-жабағылы қорығы
Талас Алатауының солтүстік – батыс сілмдерін және оған
іргелес жатқан Өгем жоталарын қамтыған Ақсу жабағылы қорығы 1926
жылдын 14 маусымында ұиымдастрылды. Бұл қорықты ұиымдаструдағы басты
мақсат – Батыс Тянь – Шань тауының өзіндік еркшелегі бар табиғат
ландшфаттарын, табиғи комплекстерінін даму заңдығын жанжақты
зерттеу үшін сақтап қалу еді. Бастапқыда қорық аумағының
ауданы 30 мың гектар шамасыда болса, қазіргі оның алып жатқан
көлемі 74 416 гектар.
Ақсу-Жабағылы қорығы-Батыс Тянь-Шаньның солтүстігіндегі табиғи
комплекстерді қорғау және зерттеу үшін құрылған.қорық 1926 жылы тұңғыш рет
ұйымдастырылған,еліміздегі ең ірі қорықтардың бірі.Шымкент қаласының
шығысында 90 км жерде,Талас Алатауының батыс және солтүстік батыс
сілемдерін алып жатыр.Атап айтсақ,Төлеби және Түлкібас
аудандарының территориясында орналасқан,көлемі 75043 га.Қорықтың
құрамына,сондай-ақ Бәйдібек ауданының Қаратау жоталарынан 226 га жері
енеді.Бұл жер негізінен қорықтан шетте орналасқан.Бұл шағын ғана жердің
қорыққа енгізілуінің себебі неде?
Қорықтың бұл шағын жері Қарабастау және Әулие деп аталынатын екі
учаскіден құралады.Мұнда жануарлар мен өсімдіктердің қалдықтары,қаңқалары
мен сүйектері,олардың тастағы таңбалары мен іздері
қалған.Шағын қорық ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізу орны болып
саналады.Қаңқалар мен сүйектердің сақталу мерзімі ғалымдардың
дәлелдеріне қарағанда,150 млн. жылдан бұрын басталған.Бұл мерзімді юра
кезеңі деп атайды.Өйткені мұндай қазбалар тұңғыш рет Францияның юра тауында
табылған.
Қорықта өсімдіктердің 1200(дәрі-дәрмектік шөптерден:сасыр, қылша,
иманжапырақ, түйе жапырақ, сарыағаш, шайқурай, бәрпе; гүлді
өсімдіктерден:қызғалдақ,шырыш,қарағ ан, т.б. жемшөптік өсімдіктерден:жусан,
селеу, итқонақ, көде ) түрі бар.Мұнда ағаштың 25 түрі –талас терегі, қайың,
тал, шырша, өрік, алма; бұталы өсімдіктердің 65 түрі-арша, ырғай, итмұрын,
долана, қарақат т.б. өседі.Батыс Тянь-Шаньның бауырынан теңіз деңгейінен
1000 метрден 4238 м биіктікте орналасуына байланысты,қорық бірнеше биіктік
белдеуде жатыр.
Тау алдындағы бидайықты,түрлі шөпті,бозды жусанды далада
дуадақ,безгелдек,қызғылт қара торғай,қосаяқ мекендейді.Одан жоғары емдік
арша орманы,субальпі және алпь, шалғыны өседі.Одан биігіректе мұздықтар мен
көп жылдық қар жатады.Жануарлардың 53 түрі (елік, марал, қабан, арқар,
барыс, сібір тауешкісі, ақ тырнақты аю, жайран, т.б.) кездеседі.Құстардың
238 түрі-бірқазан, қырғауыл, сары шымшық т.б. тіршілік етеді.[12]
Арша біздің республикамызда тек осы қорықта,сондай-ақ аудан
аумағындағы таулы өңірде ғана өседі.Арша шын мәнінде өмір ағашы-деп
те аталады.Мысалы,1 гектер арша алақабы бір күнде 30 кг айналаға ұшпалы
фитонцидты шығарады. Фитонцид дегеніміз-өсімдіктерден бөлінетін ұшпалы
зат.Ол адам,жан-жануарлар организміне зиян клетін микробтарды жояды және
олардың таралуына жол бермейді.30 кг ұшпалы фитонцид үлкен
қаланың әуе кеңістігін микробтардан тазарта алады екен.
Ақсу-Жабағылы қорығының жерін Ақсу өзенінің тереңдігі 500 м-ге жететін
көрікті каньоны жарып өтеді.Ол каньон Төлеби ауданы бөлігінде
орналасқан.Мұнда Орта Азияның тауларының табиғи күйде сақтауға және
жануарлар мен өсімдіктер дүниесін қорғауға бағытталған жан-жақты ғылыми
зерттеу жұмыстары жүргізілуде.Қорық-туристер мен өлкетану әуесқойларының
саяхат орны.
Сайрам-Өгем (табиғат заказнигіне және Қасқасу шатқалы қорықтық аймағы.
Сайрам-Өгем табиғи ұлттық паркі Қазақстан Республикасының Үкіметінің
2006 жылғы 26 қаңтардағы №52 қаулысымен бекітілген парк. Табиғи ұлттық
парк Төлеби,Түлкібас аудандарының территориясын алып жатыр.
Табиғи ұлттық паркті құрудағы басты мақсат-Батыс Тянь-Шань өңіріндегі
ерекше экологиялық және ғылыми құндылығы бар табиғи аймақтар мен
нысандарды сақтау,қалпына келтіру және оларды ел иелігіне жарату болып
табылады.
Табиғи ұлттық парк орманды-дала белдеулігінен биік таулы белдеулікке
дейінгі 7 аймақты қамтиды.Мұнда өсімдіктердің 1635 түрі,аңның59 түрі,құстың
300 түрі кездеседі.Парк аумағындағы Бадам,Өгем,Қасқасу,Сайрамсу өзендерінің
алабында мензбир суыры жабайы шошқа мен аю,арқар мекендейді.Сайрамсу
өзенінің алқабындағы қалың арша
орманы айырықша қамқорты күтеді.
Ұлттық парк құрамына үш аймақ-қорықтық аймақ,туристтік аймақ және
шектеулі шаруашылық аймағы кіреді.Қорықтық аймақ бұл текқана ғылыми-
зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін қажет.Оған сырттан ешкім кіре алмайды, аң
мен құс ауланбайды, шөп дәрі жиналмайды,тіпті,алма да терілмейді.Аң атылса
ғылым мүддесі үшін арнайы рұқсатпен ғана атылып алынуы мүмкін. Екінші
аймаққа туристтер жіберіледі,бірақ,олар сол аймақтың ішінен белгілі
бір бағытқа тіке өтіп кететін болады. Ары-бері бұрылып,от жағуға,демалуға
рұқсат жоқ. Түристтік аймақтағы бағытағы бойында уақытша шатырлар мен киіз
үйлер тігіліп қойылады,тұрақты түрде жұмыс істейтін мейрамханалар,
кафелер,демалыс орындары ашылатын болады.
Ұлттық парк құрамында бүгінгі таңда 106 қызметкер жұмыс істейді.
Әрине,149 мың гектар жерге 106 маман аздық етеді.Биыл 44 миллион тенге
бөлінсе,келесі жылға 200 миллион теңге бөлінеді.Бұл бізге қосымша
қызметкерлер жалдауға,жаңа техника алуға мүмкіндік беріп отыр.
106 маманың 94-мемлекетік инспектор,атының өзі айтып тұрғандай үстінде
арнайы киімі, қалтасында күәлігі,қолында қаруы бар инспектордың парк
аумағында жүрген кез-келген адамды,көлік тоқтатуға,тексеруге, қажет
болса,акт толтыруға да хақысы бар. 149 мың гектар жердің табиғатын қорғау
осы инспекторлардың күшімен атқарылады. Әр инспекторға мың жарым гектар
шамасында аумақ бекітіліп берілген.Әрине, таулы аймақта бір адамның
осыншама аумақты қамтуы қиын.Біздің басты міндетіміз-жергілікті халық
арасында үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу.[14]
Парк құрамында ғылым, ақпарат және мониторинг бөлімі ғылыми-
зерттеу институтының міндетін атқарады.Ол өз бағдарламасы бойынша да өзге
ғылыми мекемелермен бірлесіп те жүргізеді.2006-2011 жылдарға арналған
ғылыми-зерттеу жұмыстардың тақырыптары министірлікте
бекітіліп,Білім және Ғылым министірлігінде тіркелген.Оларға енді мемлекет
тарапынан қаржы бөлінеді.Ұлттық парк ғылыми қызметкерлерінің негізгі
міндетері жаңалық ашу емес, қолданыстағы бар нұсқаулар мен әдістемелерді
пайдалана отырып,жаналықтарды өндіріске енгізу. Одан ары қарай
дамыту.Мысалы аршаны жасанды жолмен көбейту мақсатында бұған дейін нақты еш
нәрсе жүргізілмеген.Ғылыми жұмыс- парк аумағындағы барлық өсімдіктер мен
жануарға баға беру деген сөз.аз қалган фауна мен флораны
қорғау шараларын ұйымдастыру,құрып бара жатқандарын қайта қалпына
келтіру,ол үшін өсімдіктерді қолдан өсіру деген сөз.қолдан өсіру үшін
өсімдіктің биологиясын толық зерттеу қажет.Кейін оны питомниктен апарып,
өзінің табиғи өсетін өңіріне жеткізу қажет.
Аңдарды қолдан азықтандыру,көктемде тұз беруді қамтамасыз ету де аз жұмыс
емес.Қызыл кітапқаенген аңдарды қорғау-манызды шаруаның бірі.Оларды атып
алған адам жауапқа тартылады.
Паркты айнала 2 шақырым шеңберінде қорғаныш аймағыбелгіленіп
бекітілді. Қорғаныш аймағы-бұл парктың жері емес.Бірақ парк осы жердің
иесімен келісім-шартқа отырады.Оларға осы 2 шақырымдық белдеуде ұлттық
паркке зардабы тимейтіндей шаруашылық ісімен айналасуына рұқсат
бар.Мысалы,егін егіп, мал өсіре алады.Бірақ, ауаны,суды былғайтындай
өндіріс ошағын салуға үзілді-кесілді тыйым салынады.
Сайрам-Өгем тауларындағы орман негізін арша ағашы құрайды.Арша
дәнінің қабығы өте қатты болып келеді де, топырақ астында бірнеше жыл жатып
та өне береді.Бірақ жылына бірнеше сантиметр ғана өсетін аршаның табиғи
өсіп-жетілу мерзімі ұзақ жылдарға созылады.Сондықтан,парк қызметкерлері де
оны көшет түрінде егіп, көбейту ісін қолға алмақ.Ол үшін тал,терек секілді
аршаның шыбығын тамырландыру қажет.Әзірге көшет өсіретін питомниктің аумағы
4-5 гектар ғана.Питомникте тек орман ағаштары ғана емес,әсемдік-
декоративтік өсімдіктер де егіліп,сатылатын
болады.[14]
Төлеби ауданының аумағынан 25 гектар жер парк құрамына берілетін
болады.Өйткені,Ұлттық парк аумағында ағын су баратын соншалықты теп
тегіс жер табу қиын.Ал,питомник өз міндетін ойдағыдай атқару үшін техника
қолдануға болатындай көлемді жер қажет.
Соның салдарынан тегіс жердің бәрі ауыл шаруашылығы мен аудан
әкімдігінің арнайы жер қорына алынған.Парк құрылады екен деген сөз
шыққанда Өгемде 40 гектар аумақ коммуналдық шаруашылықтың құзырына өтіп
кетіпті.Тіпті Үкіметтің қаулысы шыққаннан кейін де паркке
бұйырмай жалға беріліп кеткен жерлер бар...
Ландшафтық-экологиялық аудандардағы өсімідіктерді қорғау мәселелері
Әулие және қарабастау палеотнологиялық учаскілері бар. Осыдан
150 млн жыл бұрын тіршілік еткен жануарлар мен өсімдіктердің тасқа
айналған қалдықтар шоғырланған Әули сайы Қошқар ата өзені
аңғарының сол жағалауында типі қылқан жапырақты ағаштардың
көптүрі шоғырланған. Әсіресе бағалы самырсын, маи қарағаидың
орны ерекше. Биік таулы тундра 2000-2200 м биіктіке жатыр
Бұл белдемде жатаған бұталы өсімдіктер альпі мүгі, қырық
буыны, альпі сүттегіні моиыл, тағы басқа өседі. 10
Облыс жерінде Қазақстандағы өсімдік түрлерінің жартысынан астамы
кездеседі, шамамен 8 мыңдай болады. Оның 1 — 1.5 мындайы — балдыр. 2,5 — 3
мындайы — санырауқұлақ, 200-ге жуығы — қына, 500-ге жуығы — мүк тәрізділер
және 3 мыннан астамы — жоғары сатыдағы өсімдіктер. Бұл өсімдіктердің
шамамен 250 түрі тек қана облыс жерінде кездесетін эндемиктер. Қазақстанға
тән 10 — 12 эндемик тұқымдастардың ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz