Несиенің мәні, функциялары және түрлері туралы



Жоспар
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 3
І. Несиенің мәні және несие қатынастарының пайда болуы ... ... ... ... .. 6
1.1 Несие теориясы және оның дамуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 6
1.2 Несие түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 9
ІІ. Несие қызметінің түсінігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...20
2.1 Несиенің қызметі, шын мәніндегі ақшаларды айналымның несиелік құралдарымен ауыстыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..21
2.2 Несие мен ақшаның өзара әрекеті ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 23
2.3 Несиенің экономикалық рөлі және оны қолданудың шектері ... ... ..25
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...28
Пайдаланған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..29
Кіріспе
Несиенің мәнін анықтаған кезде бірқатар әдістемелік принциптерді ұстану керек, несиелердің барша түрі формалардан тәуелсіз оның мәнін көрсетуі керек:
Несие мәселесі тұтасымен алғанда несенің мәнін ашуы керек. Егер бір мәселеде несие қайтарылмаса, онда бұл өзінің қайтарылатын қасиетін жоғалтатының білдіреді;
Несиенің мәнін талдауда несенің құрылымын, қозғалас сатыларын, несиенің негізін қарастырған жөн.
Несиеде өзгермейтін, тұрақты болып қалатын жәйіт – құрылым. Өзге экномикалық категориялар сияқты несиеде бір – бірімен өзара әрекетке түсетін бірнеше элементтен тұрады. Ондай элементтерге ең алдымен несиелік қатанастың барлық субъектілері, сондай – ақ жоғарыда анықтағанымыздай, бұл субъектілерге несие беруші мен қарызға алушылар жатады. Оларды бөлуге және бөлек қарастыруға болмайды. Оларды бірге қарастырған жағдайда ғана несиенің мәнін анықтауға болады.
Несие беруші – несиелік мәміленің қарыз ұсынатын жағы. Мұны іске асыру үшін онда ақшалай қаражаттың белгілі бір қоры болуы керек. Ол ақша өзінікі болуы немесе басқа біреуден қарызға алған болуы да мүмкін.
Қазіргі уақытта қарызға ақша ұсынатын негізгі несие беруші – банк болып табылады. Ол кәсіпорындардың, ұйымдардың, кеңселер мен халықтын уақытша бос қаражаттарын шоғырландырып, оларды қарызға алушыға уақытша пайдалану үшін несие түрінде ұсынады. Бұл ретте банктен алған несиені тек қарызға алушы ғана емес, сондай – ақ соңғысы да меншік иесіне тартылған ресурстарды қайтаруға міндетті. Бұл арада банк бір жағдайға несие беруші болса, екінші жағдайда – қарыз алушы болып көрінеді.
Қарызға алушы – несиелік қатынастар жағы, несие алып, алған қарызды қайтаруға міндетті жағы. Қосымша ақшалай қаражатқа уақытша мұқтаждығы туғандар қарызға ақша алушылар болып табылады. Қазіргі заман талабына сай қарызға алушылар - кәсіпорындар, кәсіпкерлер, халық, мемлекеттер мен банктер болуы мүмкін. Алайда, қарызға алушы қарызға алынған қаражаттын меншік иесі болып табылмайды, өндіріс саласында, айналымда оны ол өз қалауымен қолданады. Бұл жағдайда ол алынған ақшадан гөрі, яғни шаруашылықта ауыспалы айналым қор таусылғаннан кейін оны іске асырып, пайдаланғаны үшін өсімақы төлеп, қарызды артық көлемде төлейді.
Несиелік мәміледе қарызға алушы несие берушіге тәуелді, оған несие беруші өз талаптарын қояды. Алайда, қарызға алушы мен несие беруші несие қатынастарының толық құқықты жақтары болып табылады. Олар міндетті түрде қатысуы керек. Және бұл жағдайда олар орындарын ауыстыруы мүмкін. Несие беруші – қарызгер (кәсіпорындар мен халық бос қаражаттарын есеп және дипозиттік шоттарға сақтай отырып) болуы мүмкін. Несие беруші мен қарызға алушы өзара іс әрекеттерінде қарама – қайшылықтың бірлігі


- 3 -
сипатын көрсетеді. Несиелік мәміленің қатысушылары ретінде олар оның қарама – қарсы жақтарында тұрады. Олардың мүдделері де бөлек, несие беруші неғұрлым жоғары пайыздық несие бергісі келсе, қарыз алушыға мүмкіндігінше арзан несие алып, қосымша қаржылар табу мүддесі болады.
Несие берушілер мен қарызға алушылардан басқа несие қатынасы құрылымының элементі алыс – берістің объектісі – құнның негізгі бөлігі сияқты өзіндік өтелмеген құн – несиеленген құн болып табылады.
Несиенің қайтарылуы – уақытша пайдаланған несиеленген құнды несие берушіге қайтару процесі. Ол өзінен - өзі туындамайды. Ол құнның ауыспалы айналымында аяқталатын материалдық процестерге негіделеді.
Алайда, бұл тек қайтарымның негізін жасайды. Уақытша пайдалануға алған ақшалай қаражатты қайтаруға босаған қаражаттар қарыз алушыға мүмкіндік берген кезде ғана несиені қайтару басталады. Несиенің қайтарылуы объективті процесс болып табылады, яғни оны мәміленің табиғатын өзгертпей, кейінге қалдыруға болмайды. Несие беруші мен қарыз алушы бекіткен келісімшартқа сәйкес ол заңды бекітілген сипат алады. Халық шаруашылығы деңгейінде несиенің қайтарылуы тұтас алғанда қайтарылудың жиынтығын көрсетеді. Бұл жерде ол алынған несиенің бір ғана белгісін көрсетпейді, экономикалық категория сияқты бар несиенің тұтастығын көрсетеді.
Несиенің әлеуметтік – экономикалық негізі оның қоғамдық сипатқа тән екендігінде.
Несиеге толық анықтама берейік. Несие – кеңейтілген қайта өндіру мақсатында жеделдік, төлемдік, қайтару талаптарына сай оларды ақшаны бөлу және халықтың, экномиканың бос ақшалай қаражаттардың жұмылдырылуын қамтитын несие капиталының қозғалысы себепті экномикалық қарым – қатынасты көрсетеді.
Несие мәні қатынастардың несиенің – қайтару, төлемдік, мерзімдік, қолма – қол ақша, мақсатты сипат сияқты маңызды принциптерімен анықталады.
Белгіленген мерзімді бұзу – несие беруші үшін қарыз алушыға өндіріп алынатын пайызды көбейтілген түрде несиені пайызбен мерзімінен бұрын өндіріп алуға саятын экномикалық санкция қолдануға жеткілікті негіз болып табылады. Несиенің қамтамасыз етілу принципі несие келісімшартында қарыз алушы өз мойнына алған міндеттемелерді бұзуы мүмкін жағдайда несие берушінің мүліктік мүддесін қорғауды қамтамасыз етудің қажеттілігін көрсетеді. Бұл принцип жалпы экномикалық тұрақсыздық кезеңінде өзекті мәселе болып табылады.
Несиенің объективті қажеттілігі табиғи және ақшалы түрде жүзеге асатын ерекшеліктерден кеңейтілген өндірістік шығарып тастайды. Ол капитал түрлері үнемі ауысып тұратынын ұйғарады, меншіктің ақшалай түрі тауарға, тауарлы меншік өндірістікке, өндірістік тауарлар және тауарлық қайтадан ақша түріне ауысып тұрады, яғни A - T - Ө - T - A капиталдың ауыспалы айналымы жүреді. Ауыспалы айналымның бірінші кезеңінде ақша өндірісі

- 4 -
қорына (машиналар, шикізат жабдықтары және т.б.) ауысып кетеді, екінші кезеңде - өндірістік процестерді – дайын өнім (тауар) жасалады, өндірістік тауарларға келеді. Үшінші кезеңде тауар сатылып, бастапқы ақша түріне ауысады. Капиталдың осындай ауыспалы айналымы тұрақты түрде бөлек жеке кәсіпорын және жалпы халық шаруашылығында үнемі жүріп жатады. Капиталдың қозғалысы – оның тек ауыспалы айналымы емес, сондай ақ оның айналымы да. Капиталдың айналымы дегенде оның үнемі қаталанатын ауыспалы түсіндіріледі.
Капитал түрінің ауысуы бір шаруашылық субъектілерінде ақша қаржысының уақытша босатылып және басқа шаруашылық жүргізуші субъектілерді ақша деген қажеттіліктің қалыптасуымен қоса жүреді. Әрбір шаруашылық субъектілерде (кәсіпорын) өзінің жеке ауыспалы айналымдағы капитал болады.
Ақшалай қаражаттың уақытша босатылуы және оларға деген өажеттілік тек материалдық өндіріс саласы мен айналымда ғана туындамайды. Ол мемлекетте, бюджеттік және қоғамдық ұйымдарда, сондай – ақ халықта да болуы мүмкін.
Қаражатқа деген қажеттілік пен оның босатылуы арасында туындаған қарама – қайшылық шаруашылық жүргізуші субъектілердің қалыпты қызметі үшін қажет материалдық және қаржылық ресурстарды нақты байланыстыратын несиенің жәрдемімен ғана рұқсат етіледі.
Жеткіліксіз шамада несиенің объективті қажеттілігі несие қатынастарын жүзеге асыратын капитал айналымы мен ауыспалы айналымның бір қалыпты еместігімен түсіндіріледі.
Несиелік қатынастар пайда болатын және дамитын нақты экономикалық негізде қаражат айналымы мен ауыспалы айналым, яғни несиелік қатынастың материалдық негізі болып құн қозғалысы саналатын болады.
Қарызға алушы несиені кедей болғаны үшін алмайды, ол өзінің меншікті қорларының ауыспалы айналым мен капитал айналымының оюъективті күшіне толық шамада жетпей тұрғандықтан өз ісін алға бастыру үшін алады.
Пайдаланған әдебиеттер

1. Ақша, несие, банктер.
Ғ.С.Сейтқасымов.
Алматы: Экономика, 2001 ж
2. Көшенова.Б.
“Ақша, несие, банктер”.
Алматы, 2001ж.
3. Мақыш.С.Б.
“Коммерциялық банктер операциялары”.
Алматы: 2004ж.
4. Мақыш.С.Б.
“Ақша айналысы және несие”
Алматы: 2004ж.
5. Ысқақова. З.Д.
“Банк ісі”
Қарағанды, ж.
6. Ысқақова. З.Д.
“Бағалы қағаздар нарығы”
Қарағанды, ж.
7. Актенов.Н.Г., Пессель.М.А
“Денежное обращение” кредит и банк, 1995.
8. Я. А. Дободиной
“ Денежное обращение” финансы. ЮНИТИ, 1999
9. В. Колесинкова
“ Банковское дело ”, “ финансы и статистика ”, 1996
10. И. И. Повлов
“ Денги, кредит, банк”, Алматы, Казакхстан, 1994 ж

- 29 -
11. Г. С. Сейітқасымов
“ Денги, кредит, банк ” Алматы, Экономика, 1996
12. Ілиясов Қ., Құлпыбаев
“ Қаржы ” Алматы, 2005ж
13. В. Д. Мелинков
“ Основа финансов ”, Алматы, 2005 ж
14. С. С. Сахариев
“ финансы ” Алматы юредическая литература, 2004 ж
15. Романовский
“ финансы ” учебник для ВУЗ 2000 ж

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Есеп және қаржы кафедрасы

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: Несиенің мәні, функциялары және түрлері.

Орындаған:
Тексерген:
Chinaz

Астана 2009

Жоспар

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... . 3
І. Несиенің мәні және несие қатынастарының пайда
болуы ... ... ... ... .. 6
1.1 Несие теориясы және оның
дамуы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... 6
1.2 Несие
түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... 9
ІІ. Несие қызметінің
түсінігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
...20
2.1 Несиенің қызметі, шын мәніндегі ақшаларды айналымның несиелік
құралдарымен
ауыстыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ..21
2.2 Несие мен ақшаның өзара
әрекеті ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 23
2.3 Несиенің экономикалық рөлі және оны қолданудың шектері ... ... ..25

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... 28
Пайдаланған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... 29

Кіріспе
Несиенің мәнін анықтаған кезде бірқатар әдістемелік принциптерді
ұстану керек, несиелердің барша түрі формалардан тәуелсіз оның мәнін
көрсетуі керек:
Несие мәселесі тұтасымен алғанда несенің мәнін ашуы керек. Егер бір
мәселеде несие қайтарылмаса, онда бұл өзінің қайтарылатын қасиетін
жоғалтатының білдіреді;
Несиенің мәнін талдауда несенің құрылымын, қозғалас сатыларын,
несиенің негізін қарастырған жөн.
Несиеде өзгермейтін, тұрақты болып қалатын жәйіт – құрылым. Өзге
экномикалық категориялар сияқты несиеде бір – бірімен өзара әрекетке
түсетін бірнеше элементтен тұрады. Ондай элементтерге ең алдымен несиелік
қатанастың барлық субъектілері, сондай – ақ жоғарыда анықтағанымыздай, бұл
субъектілерге несие беруші мен қарызға алушылар жатады. Оларды бөлуге және
бөлек қарастыруға болмайды. Оларды бірге қарастырған жағдайда ғана несиенің
мәнін анықтауға болады.
Несие беруші – несиелік мәміленің қарыз ұсынатын жағы. Мұны іске
асыру үшін онда ақшалай қаражаттың белгілі бір қоры болуы керек. Ол ақша
өзінікі болуы немесе басқа біреуден қарызға алған болуы да мүмкін.
Қазіргі уақытта қарызға ақша ұсынатын негізгі несие беруші – банк
болып табылады. Ол кәсіпорындардың, ұйымдардың, кеңселер мен халықтын
уақытша бос қаражаттарын шоғырландырып, оларды қарызға алушыға уақытша
пайдалану үшін несие түрінде ұсынады. Бұл ретте банктен алған несиені тек
қарызға алушы ғана емес, сондай – ақ соңғысы да меншік иесіне тартылған
ресурстарды қайтаруға міндетті. Бұл арада банк бір жағдайға несие беруші
болса, екінші жағдайда – қарыз алушы болып көрінеді.
Қарызға алушы – несиелік қатынастар жағы, несие алып, алған қарызды
қайтаруға міндетті жағы. Қосымша ақшалай қаражатқа уақытша мұқтаждығы
туғандар қарызға ақша алушылар болып табылады. Қазіргі заман талабына сай
қарызға алушылар - кәсіпорындар, кәсіпкерлер, халық, мемлекеттер мен
банктер болуы мүмкін. Алайда, қарызға алушы қарызға алынған қаражаттын
меншік иесі болып табылмайды, өндіріс саласында, айналымда оны ол өз
қалауымен қолданады. Бұл жағдайда ол алынған ақшадан гөрі, яғни
шаруашылықта ауыспалы айналым қор таусылғаннан кейін оны іске асырып,
пайдаланғаны үшін өсімақы төлеп, қарызды артық көлемде төлейді.
Несиелік мәміледе қарызға алушы несие берушіге тәуелді, оған несие
беруші өз талаптарын қояды. Алайда, қарызға алушы мен несие беруші несие
қатынастарының толық құқықты жақтары болып табылады. Олар міндетті түрде
қатысуы керек. Және бұл жағдайда олар орындарын ауыстыруы мүмкін. Несие
беруші – қарызгер (кәсіпорындар мен халық бос қаражаттарын есеп және
дипозиттік шоттарға сақтай отырып) болуы мүмкін. Несие беруші мен қарызға
алушы өзара іс әрекеттерінде қарама – қайшылықтың бірлігі

- 3 -
сипатын көрсетеді. Несиелік мәміленің қатысушылары ретінде олар оның қарама
– қарсы жақтарында тұрады. Олардың мүдделері де бөлек, несие беруші
неғұрлым жоғары пайыздық несие бергісі келсе, қарыз алушыға мүмкіндігінше
арзан несие алып, қосымша қаржылар табу мүддесі болады.
Несие берушілер мен қарызға алушылардан басқа несие қатынасы
құрылымының элементі алыс – берістің объектісі – құнның негізгі бөлігі
сияқты өзіндік өтелмеген құн – несиеленген құн болып табылады.
Несиенің қайтарылуы – уақытша пайдаланған несиеленген құнды несие
берушіге қайтару процесі. Ол өзінен - өзі туындамайды. Ол құнның ауыспалы
айналымында аяқталатын материалдық процестерге негіделеді.
Алайда, бұл тек қайтарымның негізін жасайды. Уақытша пайдалануға алған
ақшалай қаражатты қайтаруға босаған қаражаттар қарыз алушыға мүмкіндік
берген кезде ғана несиені қайтару басталады. Несиенің қайтарылуы объективті
процесс болып табылады, яғни оны мәміленің табиғатын өзгертпей, кейінге
қалдыруға болмайды. Несие беруші мен қарыз алушы бекіткен келісімшартқа
сәйкес ол заңды бекітілген сипат алады. Халық шаруашылығы деңгейінде
несиенің қайтарылуы тұтас алғанда қайтарылудың жиынтығын көрсетеді. Бұл
жерде ол алынған несиенің бір ғана белгісін көрсетпейді, экономикалық
категория сияқты бар несиенің тұтастығын көрсетеді.
Несиенің әлеуметтік – экономикалық негізі оның қоғамдық сипатқа тән
екендігінде.
Несиеге толық анықтама берейік. Несие – кеңейтілген қайта өндіру
мақсатында жеделдік, төлемдік, қайтару талаптарына сай оларды ақшаны бөлу
және халықтың, экномиканың бос ақшалай қаражаттардың жұмылдырылуын
қамтитын несие капиталының қозғалысы себепті экномикалық қарым – қатынасты
көрсетеді.
Несие мәні қатынастардың несиенің – қайтару, төлемдік, мерзімдік,
қолма – қол ақша, мақсатты сипат сияқты маңызды принциптерімен анықталады.
Белгіленген мерзімді бұзу – несие беруші үшін қарыз алушыға өндіріп
алынатын пайызды көбейтілген түрде несиені пайызбен мерзімінен бұрын
өндіріп алуға саятын экномикалық санкция қолдануға жеткілікті негіз болып
табылады. Несиенің қамтамасыз етілу принципі несие келісімшартында қарыз
алушы өз мойнына алған міндеттемелерді бұзуы мүмкін жағдайда несие
берушінің мүліктік мүддесін қорғауды қамтамасыз етудің қажеттілігін
көрсетеді. Бұл принцип жалпы экномикалық тұрақсыздық кезеңінде өзекті
мәселе болып табылады.
Несиенің объективті қажеттілігі табиғи және ақшалы түрде жүзеге асатын
ерекшеліктерден кеңейтілген өндірістік шығарып тастайды. Ол капитал түрлері
үнемі ауысып тұратынын ұйғарады, меншіктің ақшалай түрі тауарға, тауарлы
меншік өндірістікке, өндірістік тауарлар және тауарлық қайтадан ақша
түріне ауысып тұрады, яғни A - T - Ө - T - A капиталдың ауыспалы
айналымы жүреді. Ауыспалы айналымның бірінші кезеңінде ақша өндірісі

- 4 -
қорына (машиналар, шикізат жабдықтары және т.б.) ауысып кетеді, екінші
кезеңде - өндірістік процестерді – дайын өнім (тауар) жасалады, өндірістік
тауарларға келеді. Үшінші кезеңде тауар сатылып, бастапқы ақша түріне
ауысады. Капиталдың осындай ауыспалы айналымы тұрақты түрде бөлек жеке
кәсіпорын және жалпы халық шаруашылығында үнемі жүріп жатады. Капиталдың
қозғалысы – оның тек ауыспалы айналымы емес, сондай ақ оның айналымы да.
Капиталдың айналымы дегенде оның үнемі қаталанатын ауыспалы түсіндіріледі.
Капитал түрінің ауысуы бір шаруашылық субъектілерінде ақша қаржысының
уақытша босатылып және басқа шаруашылық жүргізуші субъектілерді ақша деген
қажеттіліктің қалыптасуымен қоса жүреді. Әрбір шаруашылық субъектілерде
(кәсіпорын) өзінің жеке ауыспалы айналымдағы капитал болады.
Ақшалай қаражаттың уақытша босатылуы және оларға деген өажеттілік тек
материалдық өндіріс саласы мен айналымда ғана туындамайды. Ол мемлекетте,
бюджеттік және қоғамдық ұйымдарда, сондай – ақ халықта да болуы мүмкін.
Қаражатқа деген қажеттілік пен оның босатылуы арасында туындаған
қарама – қайшылық шаруашылық жүргізуші субъектілердің қалыпты қызметі үшін
қажет материалдық және қаржылық ресурстарды нақты байланыстыратын несиенің
жәрдемімен ғана рұқсат етіледі.
Жеткіліксіз шамада несиенің объективті қажеттілігі несие қатынастарын
жүзеге асыратын капитал айналымы мен ауыспалы айналымның бір қалыпты
еместігімен түсіндіріледі.
Несиелік қатынастар пайда болатын және дамитын нақты экономикалық
негізде қаражат айналымы мен ауыспалы айналым, яғни несиелік қатынастың
материалдық негізі болып құн қозғалысы саналатын болады.
Қарызға алушы несиені кедей болғаны үшін алмайды, ол өзінің меншікті
қорларының ауыспалы айналым мен капитал айналымының оюъективті күшіне толық
шамада жетпей тұрғандықтан өз ісін алға бастыру үшін алады.

- 5 -
І. Несиенің мәні және несие қатынастарының пайда болуы.
1.1 Несие теориясы және оның дамуы.
Несиені зерттеу барысында таным әдісі ретінде теорияның рөлі ерекше.
Несие туралы ғылым әлі жас. Ол саяси экномиканың қалыптасуымен пайда болды.
Несиенің ұдайы өндіріс процесімен, құндылықтың қайта айналымының және
айналысының Маркстік тұрғыдан талдануы несиенің қажеттігін түсінудің
демеушісі, қоғамдағы несиелік қатынастардың туындауын, несиенің табиғаты
мен мәнінің айрықша экномикалық категория екендігін түсінудің қуат көзі
болып табылады.
Ғалымдар бүгінгі таңда экномика ғылымының алдында бір жағынан
теориялық талдау қорытындыларын белсендірек жүргізіп, екінші жағынан банк
ісін дамытып, жетілдірудің керек екнін айтуда.
Теоррияны тәжірибеден оқшау қарыстырмау керек екені түсінікті. Барлық
теориялық проблеммалырдың соңы тек тәжірибелік әдістермен шешілетіні
кездейсоқтық емес. Теория мен тәжірибе арасында диалектикалық бірлік бар.
Экномикалық әдебиеттерде несиенің мәніне, қызметтері мен заңына
қатысты саясат орын алуда. Несиенің мәнін зерттеуде натуралистік және
капиталдық жасампаздық теориясы қатаң қадағаланатындығы байқалады.
Натуралистік несие теориясы ХҮІІІ ғасырдың екіші жартысында пайда
болды. Бұл теорияның негізін А. Смит пен Д. Рекардо салды. Одан әрі оны
француз экномистері Ж. Сэй, Ф. Бастия және американдық Д. Мак – Куллах
дамытты. Бұл теорияның негізгі идеялары несие мәнінің натуралистік
түсінігіне үйлесті яғни несие заттай игіліктердің қозғалысын көрсетті.
Сондықтан, бұл тек аталмыш қоғамда бар материалдық құндылықтарды бөлу әдісі
ғана. Бұл жағдайда несие объектісі заттай емес игіліктер болып табылады.
Несие капиталы өндірістік капиталға тең. Бұл жерде натуралистер несиені
несие капиталының қозғалысын емес, табиғи түрде материялдық құндылықтарды
қайта бөлудің әдісі сияқты қарастырады. Несиенің мәні мен рөлі жөнінде
мұндай қате түсінік өнеркәсіп капиталының тауарлы, өндірістік және ақшалай
түрдегі ауыспалы айналымын жете түсінбеуден шығып отыр. Несие капиталының
мәні өнеркәсіп капиталының ақша түріндегі ерекше бөлігі деуге болады.
Бұған қарамастан натуралистік теорияның маңызын несиенің қазіргі
заманғы теориясының қалыптасуы мен дамуына байланысты еш кемітуге болмайды.
Натуралистер өндіріс процесінде қалыптасатын несие нақты капиталды
құрамайды, деп дұрыс есептеді. Олар несиенің рөлін өсірмей, несие пайызының
түсетін табыстың көлемімен өзгерістеріне тәуелді екенін дәлелді екенін
дәлелдеді.
Несиенің капиталдық жасампаздық теориясы натуралистік қарама қарсы
идеяны ұстанады. Оның тұжырымдамасы бойынша несиеге экономиканың дамуында
шешуші рөл беріліп, оны ұдайы өндіру процестерінен алыстатады. Несие
ақшамен және байланыспен теңестіріледі. Бұл теорияның негізін

- 6 -
салушы, ағылшын экономисі Дж. Лонның ойынша несие елдің барлық
пайдаланылмаған мүмкіндіктерін қозғалысқа келтіріп, байлық пен капиталдың
жиналуына себеп болады. Ол банктерді делдалдар ретінде емес, капитал
жасаушылар деп қарастырады.
Бұл теорияның қолданушылары а ғылшын экономистері Г. Макмед, Дж.
Кейнс, Ф. Хоутри, И. Шумперет(Австрия), А. Ган (Германия) болды. Олар ақша
мен несиені сатып алу күшіне сай байлық деп есептеді. Несие пайда әкеледі,
сондықтан ол “өндіргіш капитал” болып табылады, ал, банктер “несие
фабрикасы”. Бұл екеуі де несиені, яғни капитал жасайды. Олар банктер
барлығын, депозиттерді, яғни капитал жасайды деп пайымдайды. Сондай – ақ
олар банктер шексіз депозиттерді, соған сәйкес несие мен капитал жасайды
деп есептейді. Міне, осындай несие ауқымының шексіз кеңеюі қайта өндірудің,
экономикалық дамудың қозғаушы күші екенін ұйғарып, экономиканың тұрақты
дамуына әсер етеді. Сондықтан олардың теориялары “өтемпаздық теориясы”
деген атауға ие болды.Олар несиеің шегін, несие ауқымының шексіз кеңеюі
инфляция мен оның зардаптарына әкелетінін ұмытып кетті.
1929 – 1933 жж. әлемдік дағдарыс несиенің капиталдық жасампаздық
теорияның абыройын жоққа шығарды. Алайда, оның оңтайлы нәтижелері болмай
қалған жоқ. Оны Дж. Кейнс пен оның ізбасарлары оларды дағдарыстарстың және
екінші дүниежүзілік соғыстың зардаптарын жою үшін пайдаланды. Олар
экономиканы несиемен реттеудің принциптерін негіздеді: экономикаға несие
салымдарының инвестициясын кеңейту жолымен несие пайызын төмендетуге
болады. Дж. Кенстың тұжырымдамасы бойынша айналымдағы ақша жиынтығы
пайызға, пайыз – инвестицияға, инвестиция - өндіріске, өндіріс – табысқа,
табыс – бағаға әсер етеді. Сондай – ақ ол ақшаның белгілі бір деңгейге
дейін пайызға әсер етпейтінін, ал инвестицияның пайызға үнемі әсер
етпейтінін мойындады.
Батыс және Еуропамен 24 – тен астам дамыған елдердің қамтитын Еуропа
Одағы АҚШ – тан капитал қорланымының кіші көлемімен және несие нарығының
жеке сараланым (сегмент) операцияларының жеткілікті дамымауымен
ерекшеленеді. Мұндай тенденциялар Жапонияның несие капиталы нарығына да
тән.
Егер Қазақстанның несие нарығына тоқталатын болсақ, онда оның
сараланымдары әр түрлі деңгейде екенін, сондай – ақ ол енді енді қалыптасып
келе жатқанын атауға болады. Мысалы, Қазақстан ақша және капитал нарығының
сараланымы елдегі өндірістік және жеке қорланымның және банк жүйесінің
жақсы дамымағанына байланысты едәуір жетілді.
Ипотека нарығы алғашқы даму сатысында, оның инфрақұрылымы мен заңдық
базасы жасалуда.Бірақ,бұл нарықты әзірге даму сатысында деп айтуға
болмайды,ол ипотекалық несиелеудің Батыс үлгісінен алшақ жатыр.
Қор нарығы кенжелеп қалған. Оның заңдық базалары мен инфрақұрылымы
әлдеқашан әзірленіп, биліктің ынтасы болса да, ол әлі даму

- 7 -
тұрғысынан енді – енді оянып келе жатыр. Егер мемлекеттік бағалы қағаздар
қалыпты дамыса, ал корпарациялық бағалы қағаздар түрлі объективті
себептерге байланысты мүлде дамымаған.
Капиталдық жасампаздық теорияны ары қарай монетаристер дамытуда.
Оқулықтың алдыңғы бөлімінде атап өткеніміздей, М. Фридмен экономиканы
реттеудің негізгі құралдары – несиенің пайыздық мөлшерлемелері мен
айналымдағы ақша жиынының өзгерісі болып табылады деп есептейді. Шын
мәнісінде пайыздық мөлшерлемелерді реттей отырып, экономикаға салынатын
несие салымдарының ауқымын кеңейтуге немесе аясын тарылтуға болады. Сондай-
ақ, айналымдағы ақша жиынтығын реттеуге, ең соңында өндіріске және баға мен
инфляцияның деңгейіне де әсер етуге болады.
Монетаризм теориясы дамыған елдердің экономикалық саясатында кеңінен
қолданылуда. Бүгінгі таңда оның маңызы несиенің пайыздық мөлшерлемесін
өзгерте отырып, ақша жиыны мен инфляцияның өсуін тежеуге қол жеткізуге
болып отыр.
Қазақстан да несие теориясының жемістерін тәжірибеде кеңінен
пайдаланып отыр. ҚР Ұлттық банкі мен үкіметі ақша несие реттеуінің
монетаристік теориясын қолдана отырып, 1994 – 1997 ж ж. өршіген инфляцияны
басты және елдегі макроэкономикалық тұрақтылыққа қол жеткізді.

- 8 -

1.2. Несие түрлері

Жоғарыда қарастырылған несие формаларының көптеген түрлері болады.
Несие түрлері – бұл оның несиелерді жіктеу үшін пайдаланатын, экономикалық
ұйымдастырушылық белгілері бойынша ең детальданған сипаттамасы, яғни,
несиенің іс - тәсірибедегі нақты қосымшасы.
а) Қазақстанда несие түрлері былайша жіктеледі: несиелену объектінің
экономикалық белгілірі бойынша:
- айналым қаражатын қалыптастыруға берілетін несие;
- негізгі құрал жабдықты қалыптастыруға берілетін несие;
- ТМҚ аясында шұғыл қажеттілікке, сондай – ақ, нормативтен тыс
қорлардың аясында уақытша қажеттілікке берілетін несие;
- өндірістің маусымдық шығыны аясында берілетін несие;
- жол үстіндегі (жолдағы) есеп айырысу құжаттары аясында берілетін
несие, аккредитивтер;
- төлем несиелері;
ә) қамтамасыз етілуі бойынша:
- жылжымалы және жылжымайтын мүлікпен, ТМҚ – пен, кепілдікпен,
сақтандыру келісімшартымен толық қамтамасыз етілген;
- ішінара қамтамасыз етілген;
- қамтамасыз етілуі болмайтын банкілік .
б) қайтарылу мерзімі бойынша:
- қысқа мерзімді;
- орта мерзімді;
- ұзақ мерзімді;
в) өтелу тәртібі бойынша:
- бөліп бөліп төлеу (мерзімінің ұзарту);
- бір жолғы өтеу
- кезең сайын бір қалыпты(бір қалыпты емес) өтеу.
г) тәуелді деңгейі бойынша:
- субстандартты;
- стандартты;
- күмәнді;
- сенімді;
- cенімсіз;
- ұзартпалы.
ғ) ақылығы бойынша:
- қалыпты пайыздық мөлшерлемесі (пайыз мөлшерлемесі қалыпты);
- жоғарғы пайыздың мөлшерлемесі (пайыз мөлшерлемесі жоғары);
- төмен пайыздың мөлшерлемесі (пайыз мөлшерлемесі төмен);
- пайызсыз.

- 9 -
д) салалық бағыты бойынша:
- сауда - саттық несиесі;
- өнеркәсіп несиесі;
- ауыл шаруашылық несиесі;
- құрылыс несиесі;
ж) ашылатын шот түрлері бойынша:
- жай ссудалық шот бойынша несие;
- арнайы ссуда шоты бойынша несие;
- контокорренттік шот бойынша несие;
- овердрафт бойынша несие;
- несие желісі бойынша несие.
Несиенің айрықша түріне жылдам сатылатын жылжымалы мүлікпен немесе
құқықпен қамтамасыз етілген, қысқа мерзімді әрі сауда мөлшері бойынша
тіркелетін ломбардтық несие жатады.
Ломбардтық несиені негізгі әр алуан түрлеріне құнды қағаз
кепілдігімен, тауар кепілдігімен, талап кепілдігімен (жинақ ақша салымы,
сақтандыру келісімшарты, ипотека және т.б.) берілетін несиелер жатады.
Қарыз алушы ломбардтық несиені өз қалауынша, шектеусіз пайдалана алады.
Жаңартпалы несие ( ағылшынша revolve – айналыста болу, кезең сайын
ауысып отыру) – сауда капиталының ұлттық және әлемдік нарықтарында
қолданылатын жаңғыртпалы несие. Ол белгіленген берешек лимиті шегінде және
өтеу мерзімі шегінде несие келісіміне қатысушы елдер арасында қосымша
келісімсөзсіз автоматты түрде беріледі.
Несие желісі қарыз алушының алдындағы несие ұйымының оған несие
келісімшартының белгіленген әрекет ету кезеңі ішінде белгілі бір мақсатқа
және келісілген мөлшерде несиені беру жөніндегі заң тұрғысынан ресімделген
міндеттемесі. Несие желісінің ашылуы несие беруші мен қарыз алушының ұзақ
уақытқа созылатын тығыз ынтмақтастығын білдіреді.
Овердрафт (ағымдағы банк шотының келісімшарты аясинда несиелеу) несие
ұйымының шот иесіне, оның ағымдағы банк шотына қойылатын талап ақшалай
қаражат болмаса, шот иесінің несие берушінің алдында пайда болған
берешегінің түскен қаражаттың есебінен кейін оған өтеуін қарастыратын
келісімшарт шегіне беріледі.
Коммерциялық несие. Несиенің басқа формаларына қарағанда коммерциялық
несие олардан бұрын пайда болды. Оны бір шаруашылық жүргізуші субъекті
екіншісіне сатылған тауарлар мен қызмет көрсетулер үшін төлем мерзімін
ұзартумен береді. Осы несие формасының объектісіне өнеркәсіп және сауда
капиталының бірігу нәтижесін білдіретін тауар капиталы жатады. Коммерциялық
несие тауарларды өндіру мен өткізу процесінен тікелей пайда болады. Ол
тауарлақ формада беріледі және оның пайдалану шегі болады. Ең алдымен оның
мөлшері шектеулі болады, өйткені әрбір кәсіпкер, әрбір өзге субъект
коммерциялық несиені өзінің

- 10 -
ақшалай капиталының шегінде ғана бере алады.Коммерциялық несиені тиісті
тауарларды сатып алған кәсіпорындар ғана пайдалана алады.
Осы несие формасының құралына вексель жатады. Вексель қолма – қол
ақшасыз есеп айырысудың көлемін арттыруға және айналыс шығынан кемітуге
жағдай тудырады.
Вексель – бұл сатып алушы –қарызгердің жабдықтаушының алдындағы
заңмен қатаң белгіленген борыштық міндеттемесі. Онда борыш сомасы, несие
үшін алынатын пайыз, өтеудің мерзімі мен шарты көрсетіледі. Вексель
несиелерге тиесілі қаражатты алу үшін ғана емес, сонымен бірге төлем құралы
ретінде пайдаланылады.
Вексельдің қолдан оған өтуі барысында табыстау жазбасы–индоссамент
жасалады. Вексельде индоссамент неғұрлым көп болса, оның айналыс ортасы
соғұрлым кең әрі оның төлем кепілдігі соғұрлым жоғары болады.
Коммерциялық несиенің басты мақсаты – тауарлардың сатылу процесін
жеделдету және пайданың жылдам алынуын қамтамасыз ету.
Оған тән белгіге оны пайдаланғаны үшін сатылған тауарлардың немесе
қызмет көрсетулердің бағасына, әдетте, банк пайызынан төмен болатын
пайыздың қосылуы жатады.
Коммерциялық несие дамыған елдерде кеңінен тараған және ол өндірістін
ауқымы мен тауар айналымының көлеміне тікелей байланысты болады.
Қазақстанда ол инфляцияның салдарынан, өндіріс пен тауар айналымының
құлдырауынан және шаруашылық жүргізуші субъектілердің арасындағы сенімінің
азаюынан тиісті деңгейде дамымай қалды.
Коммерциялық несие көбінесе ауыл шаруашылығында қолданылады. Азық –
түлік корпарациясы фермерлерге, шаруа қожалықтарына жанар- жағар май
материалдарын, тұқымды, минералды тынайтқыштарды және өсімдікті қорғайтын
құралдарды тауарлық несие түрінде ұсынады. ҚР Азаматтық Кодексіне сәйкес
коммерциялық несие ұғымы аванс түрінде берілетін несиені, тауарлардың,
жұмыстың және қызмет көрсетулердің алдын – ала төлемін қамтиды.
Коммерциялық несиені тауар жеткізушілер сатып алушыларға жеткізілген
тауар үшін алынатын төлемнің мерзімін ұзартумен береді. Бұл арада соңғысы
алғашқысына вексельді,яғни, төлем міндеттемесін табыс етеді.Бұл вексель
банкте атаулы құннан төмен баға бойынша ескерілуі (банктің сатып алуы)
мүмкін немесе оның кепілдігімен (кепілге салынумен) банк несиесін алуға
болады. Дамыған нарықтық экономика жағдайында коммерциялық несие банк
несиесімен әрдайым аралас болады.
Банк несиесі. Нарықтық экономикада несиенің негізгі формасы банк
несиесі. Бұл жағдайда несие қатынасының объектісіне сауданы ақшалай
қаражатпен беру процесі жатады. Мұндай несие уақытша қаржылай көмекке
мұқтаж мамандандырылған қаржы несие ұйымдарына, көбінесе банктерге, қарыз
алушы кәсіпорындарға, ұйымдарға, халыққа, мемлекеттерге беріледі.

- 11 -
Банк несиесінің бірінші ерекшелігі – банк өз қарыз алушыларына
несиені өзінің капиталынан ғана емес, сонымен бірге, тартылған ресурстардан
да береді. Қазақстан банктерінің несие ресурстарындағы өзіндік капиталының
үлесі шамамен алғанда 18-20% - ті құрайды, ал, қалғаны – тартылған
ресурстар (депозиттер, банкаралық қарыз ақшалар).
Осы несие формасының екінші ерекшелігі – шаруашылық айналымға әлі түсе
қоймаған, кәсіпорындардың, ұйымдардың және халықтың банкке орналастырылған
уақытша бос қаражатын банк саудаға береді.
Банк несиенің үшінші ерекшелігі – банк ақшалай қаражатты саудаға
өздігінен өсетін құн ретінде болатын капитал формасында береді. Қарыз алушы
бұл ссуданы пайдаланғаны үшін банкке пайыз төлейді. Қарыз алушы осы несиені
өндіріс саласында пайдаланғаннан кейін пайда аладыәрі оның есебінен
несиегерге пайыз төлейді. Несиеге қажеттілік оның ажырағысыз атрибуты болып
табылады. Банк несиесінің айналыс саласына ғана қызмет ететін коммерциялық
несиеден айырмашылығы, ол, сонымен қатар, өндіріс саласына және жинақтау
саласына да қызмет етеді. Банк несиесінің қолданылу аясы коммерциялық
несиеге қарағанда әлдеқайда кең, өйткені коммерциялық несие – несие
мәмілесінің бағытымен, мерзімімен, және сомасымен шектеліп қалған.
Банк несиесі банк пен қарыз алушының арасында несие келісімшарты
немесе несие келісімі бекітілгеннен кейін беріледі. Банк несиесінің
мақсаты: негізгі және айналым капиталына арттыру, маусымдық қорларды
толықтыру, вексельдер есебі және оны қайта есептеу халықты несиелеу.
Ол материалдық тұрғыдан қамтамасыз етілуі, мақсатты бағытының болуы,
мерзімділігі, қайтарылуы және ақылы принциптері негізінде банктің қарызға
беретін ссудалық капиталдың қозғалысын білдіреді.
Банк несиесі берілетін мерзіміне қарай қысқа мерзімге және ұзақ
мерзімге бөлінеді. Мәселен, қысқа мерзімді несие қарыз алушының ағымдағы
және маусымдық ТМҚ қорларын қалыптастыруына, еңбекақы төлеуіне және өзге де
шығындарын өтеуіне байланысты уақытша қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін
бір жылға дейінгі мерзімге беріледі.
Ұзақ мерзімді несие ұзақ мерзімді активтердің ұлғайтылған ұдайы
өндірісіне арналған, яғни ол бір жылдан да көп уақытқа негізгі қорларды
құруға, қайта жарақтандыруға, ұлғайтуға әрі жаңғыртуға беріледі.
Банк несиесінің есебінен залалдардың орнын толтыруға, жарғылық
капиталды қалыптастыруға, бұрын алынған несиені өтеуге, айыппұл, өсімақы,
тұрақсыздық төлемдерін және т.б. төлеуге болмайды.
Несие есеп айырысу құжаттарының төлеміне қолма – қол ақшасыз түрінде,
жекелеген жағдайларда, мысалы ауыл шаруашылық өнімдерін сатып алуға,
еңбекақы төлеуге және тұтыну қажеттіліктеріне қолма – қол ақшамен
беріледі.
Несие қарыз алушыларға тек несие келісімшартында қарастылған
мақсаттары үшін беріледі. Және несие қарыз алушының заң тұрғысынан

- 12 -
құқық қабілеттілігі болған жағдайда, несиені өтей алатын қабілеті болған
жағдайда, несиені өтей алатын қабілеті болған жағдайда, несиені өтей алатын
қабілеті болған жағдайда және қаржылық жағдайы тұрақты болғанда ғана
беріледі. Несие келісімшартының шарттары әрбір қарыз алушыға жеке
анықталады.
Банк несиесі маңызды ерекшеліктерін сақтай отырып, айтарлықтай сандық
және сапалық өзгерістерге ұшырады. Қазақстанда мұндай несиені тек банктің
қаржы несие мекемелері ғана беріп қоймайды, сонымен қатар, оны қаржылық
компаниялар да, несие серіктестіктері де, несие кооперативтері де,
микронесие ұйымдары да және т.б. береді. Алайда, бұл осы несие формасының
мәнін өзгертпейді. Coндай – ақ, қарыз алушылырдың құрылымы да өзгереді.
Акционерлік қоғамдардан, компаниялардан, фирмалардан және xaлықтан өзге оны
үкімет те, банктер де, жергілікті органдар да және т.б. алады.
Банктің несие салымдарының мқлшері несие ресурстарына байланысты
болады. Бүгінгі таңда банктердің мұндай ресурстарын депозиттер ғана емес,
сонымен қатар, клиенттердің шоттағы уақытша бос ақшалай қаражаттары,
банкаралық нарықтағы қарыз ақшалар, шетелдік қаржы несие институттарынан
алынатын қарыз қаражатты құрайды.
Осылармен бір мезгілде ҚР Ұлттық банкі өзінің ақша несие саясаты
арқылы экономиканы несиелейтін саланы да реттеп отырады. Ол банктердің
несие қоржынының сапасы нашарлаған жағдайда депозиттерді міндетті түрде ең
аз шамада резервтеудің деңгейін арттыру жолымен экономиканы несиелеудің
аясын тарылтады. Бұл несиенің тек экономикалық қана емес, сонымен бірге,
әкімшіліктік шекарасының болатынын да көрсетеді.
Банк несиесі негізінен тікелей болады, яғни, ссуда қарыз алушыларға
тікелей берілсе, ал, жанама түрі делдал арқылы беріледі, мысалы, халыққа
тауарлыр сатылған кезде несие сауда желілері арқылы немесе вексельді
пайдаланумен беріледі.
Қазақстандағы коммерциялық банктер соңғы бес жылда (2001- 2004жж.)
экономикадағы несие салымдарын күрт арттырады. ЖІӨ - дегі ссудалық қоржын
1.01.2002ж. 15,0% - ды құраған болса, 1.01.2005ж.-32,7%,яғни, 2еседен көп.
1.01.2005ж. несие салымдарының құрылымы:
- қысқа мерзімді несие - 499%;
- орта мерзімді неисе(1жылдан 5жылға дейін)- 30,2%
- ұзақ мерзімді несие(5жылдан жоғары)-19,9%
Тұтыну несиесі. Несие қатынасы банктер мен кәсіпорындардың, ұйымдардың
арасында ғана болмайды. Ол, сондай – ақ, бір жағынан несие жүйесінің және
екінші жағынан, халықтың арасында да пайда болады. Несие алушыға халық, ал,
несие берушіге банк жататын қатысты тұтыну несиенің мазмұны құрайды.
Айрықша жағдайларда банк пен халықтың арасында делдалдық ететін үшінші
тарапта болуы мүмкін, мысалы, тауарларды

- 13 -
несиеге сататын, яғни мерзімін ұзартып төлеумен тауарды несиеге беретін
сауда ұйымдарын айтуға болады.
Тұтыну несиесі халыққа оның ағымдық сипаттағы қажеттіліктерін
қанағаттандыру үшін беріледі. Оның ішінде, жеке шаруашылықтағы өндірісті
дамытуға, құрылыс салуға, тұрғын үйді жөндеуден өткізуге, ұзақ уақыт
пайдалануға жарамды заттарды сатып алуға беріледі.
Халықты несиелеу халықтың өмір деңгейін арттыруға бағытталған
мемлекеттік несие саясатының маңызды бөлігі болып табылады. Өнеркәсібі
дамыған елдерде тұрғындар (халық) өзінің жыл сайынғы табысының 10 – 12 % -
ын тұтыну несиесін өтеуге жұмсайды. Қазақстанда несиенің бұл формасы мүлдем
дамымай қолды десе де болады. Халық борышқор болудан қорқады, оның үстіне,
тұтыну несиесінің пайыздық мөлшерлемесі айтарлықтай жоғары, жылына 16 – 18
% - ды құрайды.
Несие халыққа тауарлы формада және ақшалай формада берілу мүмкін.
Тауарлық форма халыққа тауарларды оның төлем мерзімін ұзартумен сатуда
қолданылады, яғни, бұл коммерциялық несие болып табылады. Ақшалай форма
банк несиесі секілді халыққа тікелей немесе сауда желісі арқылы жанама
түрде беріледі.
Тұтыну несиесінің қосарлы қызметі бар: бір жағынан, тауар айналымы
артатын болса, несие мөлшері де өседі, өйткені, тауар сұранысы несие
сұранысын тудырады, екінші жағынан, халық неғұрлым несиеленетін болса,
төлем қабілеті бар сұранысты арттырады.
Несиелеу объектісі бойынша Қазақстанда тұтыну несиесі мыналарға: кезек
күттірмейтін қажеттілік ( шұғыл мұқтаж ) несиесіне, құрылыс салу және
тұрғын үй сатып алу несиесінде, ұзақ пайдалануға жарамды тауарларды сатып
алуға арналған несиеге және шаруашылықты ұйымдастырып, жүргізуге арналған
несиеге бөлінеді.
Тұтыну несиесі белгілі бір дәрежеде табыстары біркелкі емес
тұрғындардың өмір деңгейін салыстырмалы түрде теңестіреді, әр түрлі
әлеуметтік топтардың тұтыну деңгейі мен құрылымының арасындағы
айырмашылықты жояды.
Ол ұзақ пайдалануға жарамды тауарлардың салыстырмалы түрде жоғары
бағасы мен халықтың ағымдағы табысы арасындағы және халықтың бір тобындағы
ақша қорланымы мен оны басқа топтың пайдалану қажеттілігі арасындағы екі
қарама қайшылықты шешіп береді. Тұтыну несиесі банк операцияларымен тығыз
араласып кеткен. Мәселен, сатып алушылардың ұзақ мерзімі борыштық
міндеттемесін сауда ұйымдары банкінен несие алу үшін пайдаланады.
Түтынушыларға несие банкінен тікелей беретін болса, сауда фирмасы мен
банктің арасындағы несие қатынасының артық буыны жойылады.
Несиеге сатып алынған тауарларды сауда ұйымдары олардың ссудасын
қамтамасыз етуші ретінде қарастырады.

- 14 -
Сондықтан да сонғы жарна төленгенше тауардың меншік құқығы сауда
ұйымдарында қалады.
Өнеркәсібі дамыған елдерге тұтыну несиесінің бірнеше түрі пайдаланады.
Алайда, олардың арасында тауарды төлем мерзімін ұзату мен сатудың үлес
салмағы басым.
Тауарды несиеге сатып алуда сатып алушы тауардың құнын ай сайынғы
жарнама мен төлеп қоймай, сонымен бірге, ол несиені пайдаланғаны үшін пайыз
төлейді. Көптеген жағдайларда төлем мерзімін ұзарту мен сатуда тауардың
бағасы коммиссиялық сауда ұйымының мөлшеріне несие үшін алынатын пайыздан
жоғары көтеріледі.
Тұтыну несиесі көптеген елдерде маңызды роль атқарады. Осыған орай, ол
мемлекет тарапынан реттеліп отыратын болады. Ол қадағаланады әрі банк және
коммерциялық несиелерге бақылау қойылады.
Экономика құлдыраған жағдайда мемлекеттің саясаты халықтың іскерлік
белсенділігін арттыруға оларды ынталандыруға бағытталады. Бұл үшін тұтыну
несиесін алудың, атап айтқанда қолма қол ақшамен төленетін тауар бағасын
арзандату, несие мерзімін ұзарту, оның құнын кеміту секілді жеңілдікті
шарттар еңгізіледі.
Инфляция жағдайда, керісінші, қолма қол ақша мен төлеудің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Несиенің мәні және функциялары
Несиелік талдау және несиелеу кезеңдері
Экономикалық категория ретінде несиенің мәні және қажеттілігі
Несиенің түрлері және қызметтері
Қарыз алушының несиелік қабілетін бағалау туралы
Несиелеудің негізгі элементтері
Коммерциялық банктің несиелік саясаты және механизмі
Несиелік процесті ұйымдастыру және оны жетілдіру
Банктік несиелеу
НЕСИЕНІҢ ФОРМАЛАРЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ЖІКТЕЛУІ
Пәндер