Оқу тәжірибесі есебі. «Еңбек құқығы және әлеуметік қамсыздандыру»


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   

ЖОСПАР

1
Кіріспе
3
1: 2
Кіріспе: Қазақстанда жалақыны мемлекеттік реттеу
3: 4
1: 3
Кіріспе: жәрдемақы
3: 6
1: 4
Кіріспе: Қорытынды
3: 8
1: 5
Кіріспе: Пайдаланылған әдебиеттер
3: 10

Кіріспе

Құқықтық реттеу әдісі

Құқықтық реттеу әдісі дегеніміз - біртектес қоғамдық қатынастарды сапалы құқықтың реттеуді жүзеге асыруға көмектесетін заңдық тәсілдер. Құқықтық реттеудің мынадай негізгі әдістері бар:

  • имперактивті(тегеуірінді түрде) - тыйым салу, міндеттеу және жазалауға негізделген жазбаша өкім әдісі;
  • диспозитивті- рұқсат етілуге, үйлестіруге, бостандық пен теңдікке негізделген тараптардың тең құқықты әдісі.

Сондай-ақ қосымша әдістер де болады:

  • көтермелейтін - құрметтеуге лайықты іс-өрекет үшін марапаттау әдісі;
  • ұсынылатын - мемлекет пен қоғам үшін лайықты мінез-құлықты жүзеге асыруға кеңес беру әдісі.

1. Қазақстанда жалақыны мемлекеттік реттеу

Экономика шартында жалақыны реттеудің қағидалары

Жалпы экономика шартында жалақыны реттеу қағидаларының қажеттілігі тікелей өнерксіптік кәсіпорындарда шешіледі. Мемлекет әлеуметтік маңызды төлемдерді бекітеді, кедейшілдік белгілері сондай-ақ Қазақстанда еңбек ақы жүйесін реформалаудың заңды базасын анықтайды. Нарықтық экономика шартында еңбек ақыны ұйымдастыру мемлекеттік реттеуді қажет етеді. Мұндай реттеудің себептері келесідей:

  • Қазақстанда экономикасы дамыған елдердегі деңгейлермен салыстырғанда жұмыс күшінің төмен бағасы;
  • Минималды жалақының төмен деңгейі - аймақ, жұмыскерлердің кәсіби-білікті топтары бойынша, экономиканың салалары бойынша жалақы мөлшерінің негізделмеген дифференциацясы;
  • Жалақыны келісіммен реттеудің механизмінің тиімді болмауы.

Қазақстанда жалақыны реттеудің ажырамас бөлігі халықаралық еңбек мөлшерлерінің сақталуы болуы керек. Бұл бірінші кезекте Еңбекті Халықаралық Ұйымдастыру Конвенциясының (ЕХҰ) тән талаптарына. Конвенция № 95 «Жалақыны қорғау жөнінде» № 95 конвенциясы ақшалай жалақы сол елде заңды айналымда жүретін валютамен төленетінін анықтап көрсетеді.

Қызметкерлеріне өз жалақысымен еркін үкім етуге жұмыс берушілерге тиым салынады. Жұмыс берушінің немесе делдалдың пайдасына жалақыдан әр түрлі бөлінулер алуға тиым салынады.

Қазақстандағы мемлекеттік реттеудің бағыттары:

  • сұрақтарында жалақы және халықты әлеуметтік қорғау құқықтық;
  • ең болмағанда минималды өмір сүру деңгейін деңгейіне сәйкес негізделген минималды жалақы бекіту;
  • стипендия, жәрдемақы, зейнетақыны есептеу үшін есептік көрсеткішті белгілеу;
  • кедейшілдік белгісін жұмыссыз және анықтау, кедейшілікпен күрестегі, осы кедейшілік деңгейіндегі халыққа мекен-жайлық әлеуметтік көмек көрсету;
  • әр түрлі меншік формасындағы еңбек ақыны реформалаудың заңды және әдістемелік негізін құру;
  • шаруашылық субъектілері жұмыскерлерінің жалақысына салынатын салықтың тиімді жүйесін құру;
  • жұмыскерлер үшін теріс инфляциялық үдерістерді жұмсарту шаралар бойынша жасау;
  • жалақыны өз уақытында бермегені үшін жұмыс берушіге жауапкершілікті бекіту.

Мемлекеттік реттеу қағидалары:

  • заңды және нормативті жасау актілер негізінде, жалақының сатып алу қаблетінің әрі қарай төмендеуін қысқартуға мемлекеттің араласуы;
  • жалақының ынталандырушы функциясын орындауға мемлекеттің ықпалын нығайту;
  • макроэкономикалық үдерістерге ықпалы;
  • еңбек ақының минималды бекіту мөлшерлемесін.

Қағидалары
Функциясы
Қағидалары: Еңбек ақы жүйесі мен формаларының логикалылығы және мүмкіндігі
Функциясы: Өндірістік Ұдайы
Қағидалары: Еңбек және өндіріс тиімділігінің өсуіне қарай нақты жалақының артуы
Функциясы: Реттеушілік
Қағидалары: Тең еңбекке тең еңбек ақы төлеу
Функциясы: Ынталандырушы
Қағидалары: Мемлекеттік реттеу
Функциясы: Өлшеуші-орналастырушы
Қағидалары: Жұмыс күші нарығына ықпалын есепке алу
Функциясы: Орналастырушы Ресурстық
Қағидалары: Дифференциация
Функциясы: Халықтың қаблеттлігін төлемге қалыптастыру

2. жәрдемақы

Арнайы мемлекеттік жәрдемақы - әлеуметтік қорғауды қажет ететіндерге арналған және жәрдемақының өзге түрлерінен тәуелсіз төленетін ақшалай төлем; жәрдемақы мемлекеттік әлеуметтік қамтамасыз ету жүйесіне кіреді және оларды алуға құқығы бар азаматтарға ай сайынғы ақша төлемін ұсынады.

Жәрдемақы алуға құқығы бар азаматтарға мыналар жатады:

1) Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектер, сондай-ақ жеңілдіктер мен кепілдігі жағынан Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектерге теңестірілген тұлғаларға;

2) Ұлы Отан соғысында қайтыс болған (қаза тапқан, хабарсыз кеткен) әскерлердің ата-аналары мен олардың екінші рет тұрмысқа шықпаған жесірлері;

3) қаза тапқан (қайтыс болған, хабарсыз кеткен) әскери қызметкерлердің отбасы, соның ішінде: Ауғанстандағы немесе өзге де мемлекеттердегі әскери әрекеттерге қатысу кезінде алынған жарақат, контузия, мертігу, ауру салдарынан қаза тапқан (хабарсыз кеткен) немесе қайтыс болған әскери қызметкерлердің отбасы; бейбіт кезеңде әскери қызметін өтеу кезінде қайтыс болған (қаза тапқан) әскери қызметкерлердің отбасы, балалары, қайтыс болғандардың (қаза тапқанның, хабарсыз кеткеннің) асырауындағылар; лауазымдық міндетін орындау кезінде қаза болған ішкі істер органдарының қызметкерлерінің отбасы; қайта некеге тұрмаған әйелдер (күйеулер) ; Чернобыль АЭС-індегі апаттың және өзге де радиациялық апаттардың немесе азаматтық не әскери нысандардағы апаттардың салдарларын жою кезінде қаза болғандардың отбасы; сәулелену салдарынан қаза болғандардың немесе қаза болған мүгедектердің отбасы, сонымен қатар өлімі Чернобыль АЭС-імен немесе өзге азаматтық не әскери нысандардағы радиациялық апаттармен байланысты азаматтардың отбасы;

4) қайтыс болған соғыс мүгедектерінің және оларға теңестірілген мүгедектердің қайта некеге тұрмаған әйелдері (күйеулері), сондай-ақ соғысқа қатысып қайтыс болған әскер, партизан, жасарын әскер, «Ленинградты қорғағаны үшін» медалімен немесе «Ленинград блокадасының тұрғыны» белгісімен марапатталған азаматтардың, жалпыға ортақ ауру, еңбек жарақаты және өзге де себептермен қайтыс болған азаматтардың әйелдері (күйеулері) ;

4-1) Кеңес Одағының батырлары, Социалистік еңбек Ерлері, үшінші дәрежелі даңқ орденінің, үшінші дәрежелі Еңбек даңқы орденінің кавалерлері;

5) Ұлы Отан соғысы жылдарындағы тылдағы ерен еңбегі мен мүлтіксіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСРО ордендерімен және медалдарымен марапатталған тұлғалар;

6) 1988-1989 жылдары Чернобыль АЭС апаты салдарын жоюға қатысқандардың арасынан кезінде құрсақта жатқан балаларды көшіру күнін қоса алғанда Қазақстан Республикасынан аластатылған және көшіріп жіберген (өз бетінше шығып кеткен) тұлғалар;

7) 1, 2 және 3 топтағы мүгедектер;

8) 16 жасқа дейінгі мүгедек балалар;

9) «Алтын алқа», «Күміс алқа» белгілерімен марапатталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ І және ІІ дәрежелі «Даңқты ана» орденімен марапатталған көп балалы аналар;

10) төрт немесе одан да көп бірге тұратын кәмелеттік жасқа жетпеген (соның ішінде жоғары және орта арнайы оқу орындарында оқитын кәмелеттік жасқа жеткен балардың оқу орнын аяқтаған мезгіліне дейін) балалары бар көп балалы отбасылар;

11) саяси репрессия құрбандары, мүгедектігі бар немесе зейнеткер болып табылатын саяси репрессиядан зардап шеккен тұлғалар;

12) Қазақстан Республикасы алдындағы ерекше еңбегі үшін зейнетақы тағайындалған тұлғалар.

Мемлекеттік жәрдемақы түрлері:

  1. Арнайы мемлекеттік жәрдемақы;
  2. Мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы;
  3. Асыраушысынан айрылу және жасы бойынша жәрдемақы;
  4. Бала туылуына және бала күтіміне байланысты жәрдемақы;
  5. 18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларына арналған мемлекеттік жәрдемақы;
  6. Жерлеуге берілетін жеңілдіктер.

ҚОРЫТЫНДЫ

Жалақы - еңбектің күрделілігіне, саны мен сапасына сәйкес төленетін сыйлық (табыс) .

Еңбекақы - қаржыландыру көзіне қарамастан, ақшалай немесе заттай түрде еңбекке төленетін ақылардың барлық түрі, сондай-ақ, әр алуан сыйақылар, қосымша төлемдер, үстеме ақылар мен әлеуметтік жеңілдіктер. Бұлардың қатарына арнаулы заңға сәйкес қызметкерлерге жұмыс істемеген уақыты (жыл сайынғы еңбек демалысы, мерекелік күндер, т. б. ) үшін берілетін ақша сомасы да жатады. Еңбек ақыны нормалау негізгі екі әдіс: орталықтық және келісімшарттық реттеу арқылы жүзеге асырылады. Еңбекке ақы төлеуді орталықтан реттеу дегеніміз Еңбек тарифтерін, қызметкерлердің барлық категорияларына Еңбек төлеуге арналған бірегей тарифтік кесте қолданудың негізгі шарттарын, қызметкерлердің кәсіби біліктілігі бойынша сараланған разрядаралық кесімді коэффициенттерді, т. б. мемлекеттің тағайындауын білдіреді.

Яғни Еңбек ақыны орталықтан реттеу мемлекеттік нормалау тәсілі болып саналады. Сондай-ақ, Енбек ақыны келісімшарт арқылы нормалау әдісі де қолданылады. Нарықтық қарым-қатынастардың, еңбек нарығының қалыптасу жағдайында Еңбек мөлшерін ұжымдық-келісімшарттық және жекеше-келісімшарттық реттеудің (ұжымдық және жеке еңбек келісімшарттары, шарттамалар) үлес салмағы артып келеді. Ал орталық реттеу тәртібі, негізінен, мемлекеттік бюджет есебінен қаржыландырылатын мекемелер мен ұйымдар қызметкерлерінің еңбегіне қатысты қолданылады. Жалақының ең аз мөлшері -Қазақстан Республикасының Конституциясы кепілдік беретін меншік түрлеріне қарамастан, ұйымдарда жалданып жұмыс істейтін адамдарға төленетін ақшалай төлемдердің ең аз мөлшері. Жалақының ең аз мөлшерін Қазақстан Республикасының Парламенті жыл сайынғы республика бюджеті бойынша анықтайды.

Ақы - жұмысшы алатын жеке табыс; жалақы ставкасының еңбектену уақытына көбейтілуі арқылы есептеледі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Еңбекке қабілетсіз азаматтарды материалдық қамсыздандыру
Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік қолдау жүйесі
Халықты әлеуметтік қорғау жүйесі жайлы
Халықты әлеуметтік қорғаудың шетелдік тәжірибесі
Халықты әлеуметтік қорғау жүйесін жетілдіру жолдары
Әлеуметтік қамсыздандыру жүйесі
Халықты әлеуметтік қорғау құрылымы
Халықты әлеуметтік қорғау жүйесі туралы
Сақтандыру қағидасы
Англосаксондық модель
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz