Қасым Аманжоловтың өмірі мен шығармашылығы


Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

Шығарма: Қасым Аманжоловтың өмірі мен шығармашылығы.

Жоспар

І Кіріспе

Қасым Аманжолұлының қазақ поэзиясында алар орны.

ІІ Негізгі бөлім

Ақынның кешкен ғұмыры мен астасып жатқан шығармашылығы.

ІІІ Қорытыны

Қасым Аманжол ұлының шығармалары қазіргі танда қалай бағалануда?

Қазақ поэзиясын мазмұн мен форма жағынан байытып, жаңаша түр әкелген Қасымның поэзия әлемінде алар орны ерекше. Елге деген сүйіспеншіліктің, ұлтқа деген махаббаттың асқақ рухы сезілетін Қасым өлеңдерін бүгінгі ұрпақ жатқа айтып, қасиетті бойтұмарындай сақтап келеді. Қазақ әдебиетінде есімі алтын әріппен жазылған ақындардың бірі де бірегейі осы Қасым Аманжолов. Оның көркемдік-эстетикалық деңгейі жоғары, қазақ әдебиеті тарихында айтулы орынға ие шығармашылығы, негізінен, поэзиялық туындылардан тұрады. Ақынның әдеби мол мұрасын 7-8 поэмасы мен алуан тақырыптағы лирикалары құрайды. Ол көркем аударма өнерінің де үздік шебері. Орыс, Батыс пен Шығыс поэзиясының классикалық туындыларын: лирикалық өлеңдер мен поэма-дастандарын қазақ тіліне зор шабытпен аударды. Ақын - өзінің батыл ойлы, шыншыл да терең сырлы, дауылды поэзиясымен әрқашан оқырмандар сүйіспеншілігіне ие болып, жас таланттарды талаптандырып, оларға шабыт береді.

Қасым Аманжолов қазіргі Қарағанды облысының Қарқаралы ауданындағы Қызыл деген жерде 1911 жылы дүниеге келді. Әкесі соғыста қайтыс болады. Жас болса да Қасым соның бәрін есінде жақсы сақтап қалған. Әке-шешеден жастай жетім қалған, ол біраз жыл ағасының қолында өседі. Алғашында жаңадан ашылған ауыл мектебінде оқып, сауатын ашқан ақын кейін, 1924 жылы Семей қаласындағы интернатқа орналасады. Онда 1927 жылға дейін тәрбиеленеді. Одан әрі қарай үш жыл Семей мал дәрігерлік техникумында оқиды. Алғашқы өлеңдерін де осы кезде жазады. 1930 жылы Алматыға келіп, біраз уақыт "Лениншіл жас" газетінде қызмет атқарған Қасым 1931 жылы Ленинградтағы орман шаруашылығы институтының студенті атанады. Бірақ, денсаулығына байланысты және түскен оқуын да онша ұната қоймағандықтан, бірер жылдан кейін оқуын тастап, елге оралып, Орал қаласында "Екпінді құрылыс" газетіне қызметке орналасады. Жас ақынның көптеген өлеңдері осы газетте жарық көреді. Әншілік, әртістік өнерге бейім, домбыра, мандолина тәріздес бірсыпыра музыкалық аспаптарда еркін ойнайтын ақ көңіл, жайсаң жанды Қасымның Оралда болған, әсіресе 1935-1936 жылдары Оралдағы қазақ театрындағы қызмет еткен кезі өміріндегі ең бір қызықты, қымбат шағы болып қалады. Оның бойындағы туа бітті зор таланты да осында белгі беріп, ақындық жолына біржолата бет бұрады. 1938 жылы тұңғыш өлеңдер жинағы "Өмір сыры" деген атпен жарық көреді. Қасым 30-жылдардың өзінде-ақ А. Пушкиннен, М. Лермонтовтан, Т. Шевченкодан, Дж. Байроннан, В. Маяковскийден шебер аудармалар жасады. Бұл оның үлкен поэзияның сырына терең бойлап, ақындық өнерінің қыр-сырын тануына көмектесті. 1939-1940 жылдар ақынның өсу жолындағы елеулі кезең болды. Ақын 1941 жылы армия қатарына шақырылады. Соғыс қарсаңда "Мазасыз музыка", "Қоштасу", "Бейсекештің бес ұлы" секілді әсерлі, сыршыл сезімге толы, лепті өлеңдерін жазады. 1941-1943 жылдары Қиыр Шығыста болып, 1943 жылы батыстағы майданға ауыстырылады, содан соғыс аяқталғанға дейін қанды-қырғын майданның, қып-қызыл өрттей лаулаған соғысқа белсенді қатысады. Намыскер, өр, қайсар Қасым жауынгерлік міндетін жан аямай атқарады, абыройлы болады. Қиыр Шығыс пен батыстағы майдан аралығындағы ұзақ сапар, атамекен - Қазақстанын қақ жарып өтетін жол әсершіл, ұшқыр қиялды ақын жанын қатты тебірентеді. Соның нәтижесінде "Орал", "Сарыарқа", "Байкал", "Өтіп бара жатырмын" тәрізді тек Қасымның ғана емес, сол кездегі бүкіл қазақ поэзиясының жетістігі болып саналатын өлеңдері дүниеге келеді. Ұлы Отан соғысы аяқталған соң Қасым майдан өлеңдерін газет-журналдарға көптеп бастырумен қатар жаңа өлеңдер жазды. Осы кездері оның "Біздің дастан" поэмасы жазылып, таңдамалары өлеңдер жинағы "Дауыл" деген атпен жарық көрді. 1949-1952 жылдары Қ. Аманжоловтың "Балбөбек", "Нұрлы дүние" жинақтары "Таңдамалы шығармалар" жинағы басылып шықты. 1954 жылы қыркүйек-қазан айларында Аманжолов Қазақстан Жазушыларының ІІІ сьезінің ашылуына қатынасты. Осы жылдың желтоқсан айынан бастап сырқаты мендей түсті. Ақын шыншыл, бүкпесіз ақын ұрпағымен ашық сөйлесіп, мақсат - мүддесін, қуаныш - сүйінішін, сенімі мен дүдәмәлін алдыңа жайып тастайды. 1947 жылдан бастап Қасым сырқаттанып, ара-тұра жатып қалып жүрді. Бірақ қандай ауыр қалде жатса да, өлең жазуын тоқтатқан жоқ. Сырқаты дендеген кездерде Қасым өлеңдерінде өзінің ақындық өмірі туралы жазатын. Бұған дәлел оның "Өзім туралы" атты өлеңі. Бірақ бұл өлеңді аяқтамай кетті. 1954 жылы қыркүйек-қазан айларында Қ. Аманжолов Қазақстан Жазушыларының ІІІ сьезінің ашылуына қатынасты. Осы жылдың желтоқсан айынан бастап сырқаты мендей түсті. 1955 жылы 18 қаңтарда қазақ әдебиетінің биіс шыңы, асқар тауы Қасым Аманжолов мәңгілік сапарға аттанады. Өмірден ерте кеткенімен, Қасымның мәңгі жасайтын асыл жырлары қалды. Сол жырлары ақын атын өлтірмейді. Бұл күнде халықтың сүйікті ақыны Қ. Аманжоловтың жарқын бейнесі ел жүрегінде. Қасымның өзі айтқандай «жасық өлең

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қaсым Аманжолов өмірі мен шығармашылығы
Қасым Аманжолов - қазақтың ұлттық ақыны
Ұлттық поэзиядағы Ұлы Отан соғысы тақырыбы (Қ.Аманжолов, С.Мәуленов туындылары бойынша)
Қасым Рахымжанұлы Аманжолов
Халқымыздың дарынды ақындары
Сол Қасым, сол тағдырды қанымен түсінген Қасым
Ұлы Отан соғысы кезіндегі қазақ әдебиетінің даму ерекшелігі
Қасым Рахымжанұлы Аманжолов туралы
ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы әдебиет
Қасым Аманжолов
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz