«Қазкоммерцбанк» АҚ-да іс-тәжірибеден өту есебі


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ҚАРЖЫ КАФЕДРАСЫ
Өндірістік тәжірибеден өту жөніндегі 1-курс магистранты
ЕСЕБІ
Тәжірибе орны: «Қазкоммерцбанк» АҚ
\Тәжірибеден өту мерзімі: «23» қаңтар
«25» сәуір
МАЗМҰНЫ
Кіріспе . . . 3
І Бөлім. «ҚАЗКОММЕРЦБАНК» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫНА ЖАЛПЫ СИПАТТАМА
- АҚ-ның жарлығы негізіндегі «Қазкоммерцбанктің» сипаттамасы . . . 5
- «Қазкоммерцбанк» АҚ-ның тарихы және тарихындағы негізгі оқиғалар мен банк стратегиясы мен мақсаттары . . . 7
- «Қазкоммербанк» АҚ-ның ақпараттық ағымдары, банкте іс жүргізу құрылымы . . . 13
ІІ Бөлім. «ҚАЗКОММЕРЦБАНК» АҚ БӨЛІМШЕЛЕРІНІҢ ҚЫЗМЕТТЕРІН ЗЕРТТЕУ
2. 1. Банктің ұйымдық құрылымы . . . 16
2. 2. Банктің операциялық бөлімі . . . 18
2. 3. Депозиттік операциялар бөлімі . . . 20
2. 4 Кредиттеу бөлімі . . . 23
2. 5. Халықаралық есеп айырысулар бөлімі . . . 28
2. 6. Ақша айналымы бөлімі . . . 30
2. 7. Дилингтік операциялар бөлімі . . . 31
2. 8. Маркетингтік зерттеу бөлімі . . . 37
2. 9. Қазкоммерцбанктің нарықтағы экономикалық жағдайына талдау . . . 43
2. 10. Банк активтері мен пассивтеріне талдау . . . 49
ІІІ Бөлім. «ҚАЗКОММЕРЦБАНК» АҚ ДАМУ БОЛАШАҒЫ
3. 1. Банктік операцияларды басқаруда туындайтын мәселелер . . . 57
3. 2 Активтер мен пассивтерді басқару жүйесінің қызметін жетілдіру . . . 60
3. 3 Банктік операциялардың тәуекелдерін төмендету жолдары . . . 64
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 68
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 69
Кіріспе
Пайда алуға, коммерциялық жетістікке бағдарланған, әр түрлі меншік формаларына негізделген серпінді әрі икемді несие жүйесіне өту қолға алынды.
Нарықтық экономика Казақстан Республикасында өзінің алғашқы қадамдарын жасау үстінде, жаңа шаруашылық қатынастарды дамытуға бағытталған заңдар мен қаулылар топтамалары қабылданды.
Тікелей алыс-берістің аркасында сыртқы рынокқа шығу шаруашылық қызметтің құрылымы мен түрлерін ғана емес, қызметкерлердің ойлау жүйесін де өзгертті.
Қазақстанның банк жүйесі экономиканың посткеңестік кеңістігіндегі аса жоғары қарқынмен дамып келе жатқан салаларының бірі болып табылады. Мұны банк заңдарымен және басқа да нормативті-заңды құжаттарға сүйенген коммерциялық банктердің ұйымдастырылған жүйесі растайды.
Заңға сәйкес Қазақстан Республикасының банк жүйесінің құрылымы екі деңгеймен көрсетілген: Қазақстанның Ұлттық Банкі мен екінші деңгейдегі банктер (коммерциялық банктер) . Қазкоммерцбанк АҚ-екінші деңгейлі банктердің қатарына жатады. Банк қазіргі таңдағы рейтинг бойынша клиенттерге қызмет көрсету сапасы бойынша алдыңғы қатардағы дамып келе жатқан банктердің бірі болып саналады.
Қазкоммерцбанк (КАЗКОМ) - Қазақстан мен Орта Азиядағы ірі банктердің бірі. 2012 жылы 31 желтоқсанда Банк активтері 2 444, 8 млрд. теңгені құрады. Банк жұмысындағы негізгі бағыттарымен (бөлшек және корпоративті) қатар КАЗКОМның зейнетақы мен қаржы активтерін басқару, сақтандыру және брокерлік қызметтерін ұсынатын еншілес компаниялары бар. КАЗКОМның сондай-ақ, Ресей Федерациясында, Тәжікстан Республикасында және Қырғыз Республикасында еншілес банктері жұмыс істейді.
Өндірістік тәжірибе есебі үш бөлімнен құралған. Бірінші бөлімінде «Қазкоммерцбанк» акционерлік қоғамының жалпы сипаттамасы, даму тарихы мен жетістіктері Қазақстан Республикасының екінші денгейлі банктер арасында алатын орны, стратегиясы мен Банк миссиясы мен мақсатын, банкте іс жүргізу тәртібін ашып қарастыру көзделген.
Екінші бөлімінде «Қазкоммерцбанк» акционерлік қоғамында басқару жүйесінің ұйымдық - құрылымдық сипаттамасына тоқталған. «Қазкоммерцбанк» АҚ - ның Алматы қаласындағы бас филиалының ұйымдық - құрылымдық құрамын негізге ала отырып сипатталады, яғни банктегі несиелік, депозиттік, дилингтік операциялар, төлем карточкалары талданған.
Үшінші бөлімінде «Қазкоммерцбанк» акционерлік қоғамының қаржы - шаруашылық қызметіне талдау жасау арқылы банктің экономикалық жағдайын зерттеу негізге алынған. Сонымен қатар осы өндірістік іс - тәжірибеде екінші денгейлі банктердің де қызмметтері мен мақсаттарына салыстырмалы түрде зерттеу жүргізілді.
Өндірістік іс - тәжірибенің басты мақсаты: банк қызметі мен қағидаларымен танысу, теориялық материалдарды іс жүзінде қолдана білуге үйрену, жасалынған жұмыстан тәжірибе алу. Осы мақсатқа жету үшін мына міндеттерді орындау керек:
- «Қазкоммерцбанк» АҚ - ның мәнін ашу;
- «Қазкоммерцбанк» АҚ - ның фукнцияларын талдау;
- Банктің активті және пассивті операцияларын қарастыру;
- Банктің фукнцияларының және операцияларының дамуын талдау;
- «Қазкоммерцбанк» АҚ - ның қызметтерін жетілдіру жолдарын қарастыру.
Бизнестің жаңа бағыттарының дамуы, табыс сапасының жоғарылауы, менеджмент қауіп-қатер жүйесінің жақсаруы, клиенттік қызмет етудің толық жетілуі, пайызсыз шығындардың ықшамдалуына ұмтылу Банк қызметінің барлық көрсеткіштерінің өсуін және оның жыл қорытындысы бойынша жақсы нәтижеге жетуін қамтамасыз етті.
Өндірістік тәжірибе есебінің зерттеу объектісі -Алматы қаласындағы Қазкоммерцбанк акционерлік қоғамының бас банкі.
Осы жұмысты жазу барысында келесідей авторлардың әдебиттері қолданылды: С. Б. Макыш, Б. Көшенова, Қ. Сейітқасымов, сонымен қатар ел президенті Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы, т. б.
I Бөлім. «ҚАЗКОММЕРЦБАНК» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫНА ЖАЛПЫ СИПАТТАМА
- АҚ-ның жарлығы негізіндегі «Қазкоммерцбанктің» сипаттамасы
«Қазкоммерцбанк» АҚ өзінің қызметін Қазақстан Республикасында 1990 жылдан бастады. Банктің қызмет етуін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі және қаржылық қадағалау қомитеті бақылап отырады. Қаржылық қадағалау және бақылау комитеті бақылауды 2007 жылғы 27 желтоқсандағы № 47 лицензияға сәйкес жүргізеді. Банктің негізгі қызметі болып коммерциялық банктік қызмет, бағалы қағаздармен операциялар, шетел валютасы сонымен қатар кепілдік беру табылады. Банктің белгіленген мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Гагарин көшесі 135. 2013 жылғы 30 қыркүйек және 2012 жылы желтоқсандағы жағдай бойынша банктің Қазақстанда 23 филиалы бар. Қазкоммерцбанк (КАЗКОМ) - Қазақстан мен Орта Азиядағы ірі банктердің бірі. 2012 жылы 31 желтоқсанда Банк активтері 2 444, 8 млрд. теңгені құрады.
Банк жұмысындағы негізгі бағыттарымен (бөлшек және корпоративті) қатар зейнетақы мен қаржы активтерін басқару, сақтандыру және брокерлік қызметтерін ұсынатын еншілес компаниялары бар. КАЗКОМның сондай-ақ, Ресей Федерациясында, Тәжікстан Республикасында және Қырғыз Республикасында еншілес банктері жұмыс істейді. ;
Банктің негізгі акционерлері: «Орталық Азиялық инвестициялық компаниясы» АҚ, Н. С. Сұбханбердин мырза, «Alnair Capital Holding» АҚ, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ және Еуропаның Қайта құру және Даму Банкі болып табылады.
Банктің ізбасары - Медеу Банкі 1990 жылғы шілдеде құрылған болатын, ал 1991 жылғы қазанда Қазкоммерцбанк болып қайта тіркелді. 2006 жылдың қарашасында КАЗКОМ ТМД-дағы банктердің бірі болып, Лондон қор биржасында ҒДҚ түрінде жалпы сомасы 845 млн. АҚШ долларын құрайтын IPO өткізді. Банк акциялары «Қазақстан қор биржасы» АҚ-ның ресми тізімінде тіркелген (KASE) . 1991 жылы Медеу Банкінің негізінде құрылған «Казкоммерцбанк» АҚ, қазіргі уақытта активі, несие қоржыны, таза кірісі және жалпы депозиттері бойынша ірі жекеменшік қаржы институты болып табылады. 2010 жылғы 31 желтоқсанда қаржылық есептің халықаралық стандарттары бойынша есептелінген банктің активтері 2 688, 1 млрд. теңгені құраса, оның 81%-ы, яғни 2 175 млрд. теңге көлеміндегі қаражат клиенттер алған несие болатын.
Қаражат тартудың негізгі көзі - банк депозиттері болып табылады, олар қордың жалпы көлемінің үштен бір бөлігін құрайды. 2010 жылдың ішінде клиент депозиттері 1 506, 8 млрд. теңгеге жетті. Осылай Қазкоммерцбанк тартылған депозиттердің көлемі бойынша Қазақстандағы ірі банктердің бірі болып табылады.
Депозиттер тартумен қатар банк теңге және шетел валютасындағы қарыз және несие беру, клиенттердің төлем қабылдау, дебетті және несиелік карталар, инкассация, сондай-ақ бөлшек банкинг сияқты ағымдағы шоттары бойынша қызмет көрсетудің кең спектрін ұсынады.
2013 ж. 1 қаңтардағы жағдай бойынша, Банк бас офисінен басқа, Қазақстандағы 23 әмбебап филиалдарға және 130 операциялық бөлімшелерге иелік етеді. Сондай-ақ Банктің Қырғызстанда («Казкоммерцбанк Қырғызстан» ЖАҚ), Ресейде («Москоммерцбанк» КБ) және Тәжікстанда («Казкоммерцбанк Тәжікстан» ЖАҚ) еншілес банктері бар.
2013 жылғы 1 қаңтардағы жағдайға сәйкес, Банктің қолданыста 1 миллион 330 мың карточка бар. Қазкоммерцбанк Visa Inc., MasterCard Worldwide жүйелерінің төлем карталарын шығарады. Сондай-ақ American Express® Gold Card және American Express-тің The Platinum Card® карталарын теңге, еуро, АҚШ долларымен шығаратын Қазақстандағы жалғыз банк. Сонымен қатар Банк магниттік лента мен чипті алмастыратын смарт-карталарға көшкен Қазақстандағы бірінші банк болды. Және клиенттеріне кредиттік бонустық GoCard картасын ұсынатын жалғыз банк. Және Казкоммерцбанк виртуалды желісі арқылы (интернте) 3-D Secure (Verified by Visa) және соған ұқсас MasterCard SecureCode төлем карталары бойынша қызмет етудің ең озық және сенімді технологиясын ұсынып әрі оны іс-жүзіне асырған ең алғашқы банк болып табылады.
Банктің банкоматтар желісі бар. 2013 жылғы 1 қаңтардағы жағдайға сәйкес олардың саны 1329, соның ішінде ақша қабылдау функциясы бар (cash-in) банкоматтардың саны - 289. Сондай-ақ банктің процессингтік орталығы 232 интернет-дүңгіршекке және сауда орындарында орналасқан 13 128 POS-терминалға қызмет көрсетеді. Соның 6 мың данасы Бонустық бағдарлама әріптестерінде орналасқан. Қазкоммерцбанк қашықтықтан қызмет көрсету бойынша Қазақстандағы жетекші банк. 2013 жылғы қаңтарында жеке тұлғаларға арналған Homebank. kz қаржы порталында тіркелген жеке тұлғалардың саны 415 000-нан асты, олардың ішінде Қазкоммерцбанк клиенттері, сондай-ақ «Қазинвестбанк» АҚ, «Ситибанк Қазақстан» АҚ және «Ресейдің Жинақ банкі» АҚ төлем карта иелері бар. Порталдың 40 000 астам тұтынушысы өздерінің қалта телефондарына Android және iPhone мобильдік түрін көшіріп алды. Ал заңды тұлғаларға арналған Onlinebank. kz порталының тұтынушы компаниялар саны 14 000 асса, «Банк-Клиент» жүйесін 2 200 астам компания тұтынады.
Банк орташа және ірі қазақстандық және Қазақстанда өз қызметін жүзеге асыратын халықаралық бірлестіктерге түрлі өнімдер мен қызметтерді ұсынады; сауда, жобалық, инвестжобаларды қаржыландыру, активтерді басқару, сондай-ақ қысқа мерзімді несиелеу мен басқа да жалпы банктік қызметтерді қосқанда. Банк өз саясатына сәйкес, жоғары өтімділік деңгейін қолдау мақсатында, әдетте, корпоративтік клиенттер үшін 18 айға дейін орташа мерзімге несие, сондай-ақ қазіргі уақытта ресурстарына байланысты ұзақ мерзімді қаржыландыруды ұсынады. Банк Қазақстандағы өзінің негізгі клиенттері үшін шетелдік банктермен бірлестірілген несиелер ұйымдастырады және Ресей мен Қырғызстанның ірі корпоративтік клиенттерін қаржыландырады.
Банктік қызметтен басқа Банк өзге де қаржылық қызметтер ұсынады. Қазақстанның құнды қағаздар мен валюта нарығының негізгі ойыншысы бола отырып, ол компанияларға валюталық-конверсиялау операцияларын, ақша нарығындағы операцияларды (құнды қағаздар операцияларын қосқанда), компанияларға ақша ресурстарын басқару жөніндегі қызметін ұсынады. Банктің бас лицензиясына сәйкес, Банктің бағалы металдармен (алтын және күмісті қосқанда) мәміле жасауға (сату, сатып алу және сақтау) құқы бар. 2001 жылдан бастап Банк өзінің корпоративтік және бөлшек сауда клиенттеріне ақша қаражаты мен активтерді басқаратын сенімгерлік қызметтерін ұсынады.
- «Қазкоммерцбанк» АҚ-ның тарихы және тарихындағы негізгі оқиғалар мен банк стратегиясы мен мақсаттары
Қазіргі Қазкоммерцбанктің тарихы (одан әрі - Банк) 1990 жылдың 12-ші шілдесінде Қазақ Советтік Социалистік Республикасының заңнамасына сәйкес ашық акционерлік қоғамы ретінде құрылған Медеу Банкіден бастау алады. Қазақстан Республикасы мемлекеттік тәуелсіздікке қол жеткізген соң Медеу Банк «Қазкоммерцбанк» ААҚ ретінде қайта тіркеліп, банктік операцияларды жүргізуге 1991 жылдың 21-ші қазанында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің №48 лицензиясын алды. Міне, осы күн Банктің ресми қалыптасқан күні болып есептеледі.
Банктің ҚР Әділет Министрлігімен берілген № 4466-1910-АҚ тіркелу күәлігі бар. Банк және оның бас кеңсесі мына мекенжай бойынша тіркелген: Қазақстан Республикасы, 050060, Алматы қ., Гагарин даңғылы, 135 ж.
1994 жылдың сәуірінде Банк басқа қазақстандық коммерциялық банкімен - «Астана-Холдинг» бірікті. Міне, содан бастап Банк өзінің филиалдарының желісі арқылы елдің іскерлік және халықтың көптеп шоғырланған орталықтарында орын алды. Бүгінгі күні банктің 23 филиалында 152 операциялық бөлімшелері қызмет жасайды.
1994 жылдан бастап Банк Ұлттық Банк, ҚР қаржы Министрлігі және Бүкіләлемдік банк, Қайта құру және Еуропалық даму банкі (ҚҚЕДБ), Ислам даму банкі, Kreditanstalt fur Wiederaufbau және Азия даму банкі халықаралық қаржы институттары дайындаған және қаржыландырылған бірқатар арнайы бағдарламаларға қатысты.
1995 жылы Қазкоммерцбанк мұнай-газ саласындағы кәсіпорындарды жекешелендіру мен қайта құрылымдау экономикалық және саяси маңызы бар процесстері бойынша ҚР Үкіметінің ресми кеңесшісі ретінде белсенді атсалысты.
1996 жылы банк өзінің негізгі мақсатына, банктік қызметінде халықаралық стандарттарға қол жеткізді. Қазкоммерцбанк («Deloitte & Touche») халықаралық аудиторлық тұжырымды толық алған қазақстандық банктердің ең алғашқысы болды. Осы жылы банк тарихында тағы бір маңызды оқиға орын алды, Қазкоммерцбанк Орта Азия банктерінің ішінде «Thomson BankWatch-BREE» агенттігінің халықаралық рейтингісін алған ең алғашқы банк болды.
1997 жылы Банк үшін және бүкіл қазақстандық банк секторы үшін маңызды жетістікке қол жеткізілді. Сол уақытқа дейін ҚР үкіметін ғана қарызгер ретінде мойындаған немістің мемлекеттік «Hermes» экспорттық сақтандыру компаниясы, Банкті қарызгер ретінде бекітті. Сондай-ақ, 1997 жылы Қазкоммерцбанк өзінің бірінші халықаралық синдикатталған несиесін алды.
1998 жылғы мамырда Банк қазақстандық корпоративтік эмитенттердің ішінде бірінші болып үш жылға еурооблигациялар шығару арқылы 100 млн.
2001 жылы Банк елімізде бірінші болып DEG неміс банкінен ұзақ мерзімді 7 жылдық несиені тікелей алды (үкіметтің кепілдігінсіз!) .
2002 жылы Қазкоммерцбанк Қырғызавтобанкінің 74% акциясын сатып алды, банктің атауы Қазкоммерцбанк Қырғызстан деп өзгертілді. Бүгінгі күні еншілес құрылымның капиталындағы Қазкоммерцбанктің үлесі 95, 75% құрайды.
2003 жылы ЕҚДБ Қазкоммерцбанктің акционерлік капиталына қатысу туралы Келісімге қол қойды, кейін Банктің 15% жай акциясын сатып алды.
2008 жылы КазкоммерцNews бұқаралық ақпарат құралдары мен қазақстандық бизнес өкілдерінің арасында «BizMedia» іскер журналистика Орталығы өткізген байқауда «Үздік корпоративтік БАҚ » номинациясы бойынша 2-ші орынды иеленді. 2009 жылы КазкоммерцNews үздік басылым ретінде екі рет марапатталды. Ол «The Best Corporate Press 2009» - «Үздік корпоративтік басылым 2009» атауына корпоративтік баспасөздің қазақстандық байқаудың жеңімпазы және «Үздік корпоративтік медиа 2009» корпоративтік БАҚ букіл Ресейлік байқаудың «ТМД-нің үздік корпоративтік басылымы» номинациясы бойынша лауреаты атанды. Қазкоммерцбанктің корпоративтік басылымы VIII Халықаралық PR-форумының шеңберінде өткен корпоративтік басылымдардың V-ші байқауының нәтижесі бойынша Қазақстан бойынша 2012 жылы үздік корпоративтік басылым деп танылды.
2005 жылдың маусымында ЕҚДБ арнайы бағдарлама шеңберінде Қазкоммерцбанкке шағын және орта бизнесті несиелендіру процесстерін өзінше басқаруға барлық өкілеттілікті берді.
2005 жылдың маусымында Қазкоммерцбанк басқармасының төрайымы Нина Жүсіпова ЕҚДБ және Emerging Markets журналы бойынша ТМД елдері, Орталық және Шығыс Еуропа аймағында «Әйелдер бизнесте және үкіметте» атты үш марапаттың біріне ие болды. 2005 жылғы шілдеде ABN AMRO Қазкоммерцбанкке зейнетақы активтері мен «ABN AMRO КаспийМұнайГаз» (қазіргі- «ГРАНТУМ ЖЗҚ» АҚ) жинақтаушы зейнетақы қорының 80. 01% үлесін сату туралы екі компания келісімге келді.
2005 жылы қазан айында Қазақстанда алғаш рет Қазкоммерцбанктің ресми сайты екі тілде: мемлекеттік (қазақ) тілінде және орыс тілдерінде жұмыс істей бастады. 2005 жылдың желтоқсанында Қазкоммерцбанк Қазақстанда бірінші болып өзіне-өзі банктік қызмет көрсетудің Орталығын ашты. Күндіз-түні жұмыс істейтін орталық өз клиенттеріне банктің қызметкерісіз-ақ, замануи құрылғылар арқылы банктік қызметтерді орындауға мүмкіндік берді. 2005 жылғы желтоқсанда Қазкоммерцбанк 1, 3 млрд. доллар сомасына синдикатталған қарыз туралы келісімге отырды. Бұл Қазақстанда ғана емес, бүкіл Орталық және Шығыс Еуропадағы және ТМД аймағындағы ең ірі мәміле болды. Ал халықаралық Trade Finance және Global Trade Review басылымдары аталған мәмілені «2005 жылдың мәмілесі» деп атады.
2006 жылғы наурызда Қазкоммерцбанк осымен сегізінші рет халықаралық Global Finance журналының жыл сайынғы зерттемелерінің қорытындысы бойынша «Дамушы нарықтарда үздік банк: Қазақстан» номинациясының жеңімпазы атанды. Сонымен қатар, ол «Саудалық қаржыландыруда үздік банк» және «Валюталық нарықта үздік банк» номинациялары бойынша жеңімпаз болды. Қазкоммерцбанк әлемнің басқа да қаржы басылымдарының - Euromoney және The Banker бойынша «Қазақстанның үздік банк» марапатына ие болған.
2006 жылғы қарашада Қазкоммерцбанк Лондон қор биржасында (LSE) 45, 7 млн. $-ға акцияларды орналастырып, IPO-ны сәтті аяқтаған ТМД-дағы алғашқы банк болды. 2006 жылы Қазкоммерцбанктің қызметіне 15 жыл толды. Банк бұл мереке күнді өз серіктестері, клиенттері және қызметкерлерімен бірге Алматыда аңызға айналған Deep Purple рок-тобының концертімен атап өтті. Осы күнге дейін бұл күн музыкалық топтың жанкүйерлерінің есінде Қазкоммерцбанктің есімімен сақталып келеді.
2007 жылдың сәуір айында Қазкоммерцбанк КАЗКОМ атты жаңа сауда белгісін шығарды. Жаңа бренд бөлшек нарықтағы клиенттер үшін түсінікті әрі ыңғайлы болу мақсатында шығарылды. 2011 жылы консалтингтік Brand Finance компаниясы мен The Banker журналы Қазкоммерцбанк брендінің құның 389 млн. долларға бағалады. Сондай-ақ, бренд қазақстандық банктердің арасында ең қымбаты және әлем бойынша ең қымбат брендтерінің көрсеткішінде 280-ші орынды иемденді.
2007 жылғы желтоқсанда Тәжікстан Республикасының Әділет министрлігінде жарғылық капиталы 10 млн. долларды құрайтын Қазкоммерцбанктің еншілес банкісі тіркелсе, келесі жылы аталған еншілес банк Тәжікстан территориясында жұмыс жасауға рұқсат беретін лицензияны алды. 2007 жылғы желтоқсанда Алматыда орналасқан қаржы орталығы ғимараттарының кешенінде Қазкоммерцбанктің Бас кеңсесінің ашылу салтанаты өтті. Ашылу салтанатына елбасы қатысып, жергілікті ақпарат жүйесін іске қосты.
2008 жылғы шілдеде арабияның жеке инвестициялық Alnair Capital Holding қоры банктің ірі акционері болды. 2009 жылы аталған қор Қазкоммерцбанк акцияларындағы үлесін 28, 6% дейін көбейтті.
2008 жылғы қазанда ҚР үкіметі ел экономикасының нақты секторына қолдау көрсету мақсатында жасалған шараларды жүзеге асыру үшін стратегиялық серіктес ретінде Қазкоммерцбанкті таңдады. 2009 жылғы қаңтарда Қазкоммерцбанк пен оның негізгі акционері «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ-мен өзара түсіністік туралы Меморандумды жүзеге асыру туралы құжаттарға қол қойды. Аталған меморандумда банктің экономиканың нақты секторына қолдау көрсету бойынша Мемлекеттік тұрақтандыру бағдарламасына қатысудың негізгі шарттары көрсетілген. Бұл бағдарламаның шеңберінде 2009 жылғы мамырда «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ Қазкоммерцбанктің 21, 2% акцияларын сатып алды. 2009 жылы мемлекеттің және ҰӘҚ қатысуымен ипотекалық заемдарды қайта қаржыландыру бағдарламасы іске қосылды. 2012 жылы Қазкоммерцбанк қайта қаржыландырудың үш жылдық мемлекеттік бағдарламасын аяқтады. Нәтижесінде 7, 7 мың қарыз алушылардың несиесі біршама жеңілдетілді.
2011 жылғы сәуірде КАЗКОМ IBM корпорациясымен бірге IBM Power Systems серверлік плтаформасының негізінде жаңа DATA-орталықты іске қосты. Аталған жаңа орталық үш орталықтың бір-біріне 1200 км. жақын орналасқанның алғашқысы болып банктің ақпараттық инфрақұрылымын апаттан қорғап, шұғыл жағдайларда тұрақты жұмыс істеуіне мүмкіндік береді. 2011 жылғы мамырда Қазкоммерцбанк борыш капиталының постдағдарыс нарығында 300 млн. доллар сомасына 7-жылдық еурооблигацияларды орналастырған қазақстандық банкілердің алғашқылардың бірі болды. 2011 жылғы қазанда банк өзінің 20-жылдық мерейтойын өткізді. 20 жылдық қызмет жолында Қазкоммерцбанк Қазақстанда және Орталық Азияда шағын банкіден ең ірі қаржы институтына айналды.
2012 жылғы қазанда Алматыда Esentai Shopping Mall сауда-сауық орталығының салтанатты ашылу өтті. Бұл жоба Capital Partners девелоперлік компаниясы үшін постдағдарыс кезеңінде маңызды жоба болды. Бір жылдан соң - 2013 жылғы қарашада - Қазақстанда тұңғыш Ritz-Carlton халықаралық мейманханалар жүйесінің бес жұлдызды қонақүйі ашылды. Сөйтіп, Қазкоммерцбанктің қаржыландыруымен Esentai Tower көп функциялы кешеннің соңғы жобасының құрылысы іске қосылды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz