«Экономика-математикалық моделдеу» пәніне оқыту



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1 «Экономика.математикалық моделдеу» пәніне технологиялық картаны құру әдістемесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
10
1.1 В.М.Монаховтың оқыту технологиясын пайдалану әдістемесі. Оқу процесін жобалау кезеңі ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
10
1.2 «Сызықты бағдарлау есебі» тақырыбы бойынша технологиялық картаны құру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
14
1.3 «Графикалық желілер және ойындар теориясы» тақырыбы бойынша технологиялық картаны құру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
19
1.4 «Сызықты емес және динамикалық бағдарлау, бұқаралық қызмет көрсету жүйелері» тақырыбы бойынша технологиялық картаны құру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
22
2 Технологиялық картаға сабақтардың ақпараттық картасын дайындау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
24
2.1
Педагогикалық технологияның тиімділігін эксперимент арқылы тексеру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
24
2.2 «Сызықты бағдарлау есебі» тақырыбы бойынша сабақтардың ақпараттық картасын құру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
27
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 57
Қолданылған әдебиет тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 59
XX ғасырдың 90-жылдарынан бастап Қазақстанда нарықтық реформалар жүргізілуде; демократиялық және құқықтық қатынастар қалыптасуда; мәдениет, білім беру және ғылыми даму қарқыны жоғырылап келуде. Білім беру экономикалық өсудің басты көзі болып отыр, сондықтан Қазақстан жоғары білім беру сферасын еліміздің қорғаныс қабілетін, нәтижелі, тиімді технологиялардың дамуын, экономиканың, ғылымның, техниканың және мәдениеттің өрлеуін анықтайтын интеллектуалды күш-қуаты (потенциал) болып табылатын бастапқы өнім ретінде қарастырады. Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі даму стратегиясында білім беру жүйесі алдына: білім берудің ұлттық моделін құруды және оның дүние жүзілік білім беру кеңістігінде шоғырлануын қамтамасыз ету мақсаты қойылды.
Реформалар барысында қазақстандық білім беру жүйесінде жоғары экономикалық білім берудің нарықтық қатынастарға бейімделуі және оның әлемдік білім беру стандарттарына жақындауына әкелуде. Нарықтық экономика жағдайында тек ауқымды және ірге тасы қаланған білімі бар, сондай-ақ кәсіптік қызметтегі әртүрлі шарттарда оларды қолдану біліктілігімен; жаңа технологияларды тез меңгеру қабілетімен; басқару дағдысымен; нарықтық экономикада дұрыс бейімделе білуімен; өздігінен білім алу дағдысымен; ұжыммен жұмыс істеу біліктілігімен; шығармашылық және зерттеу жұмыстарын жүргізу қабілетімен үйлесімде болатын адам ғана әлеуметтік қарым-қатынаста нақты қорғалған болады.
Өткен ғасырдың 90-шы жылдарында посткеңестік үкіметі кеңістігінде экономикалық білім беру мүлдем өзгерді. Әлеуметтік экономикалық өзгерістерге байланысты қоғамда нарықтық реформалар барысында Қазақстанда өзімен бірге білім беру саясатының ауысуына және экономикалық білім берудің жаңа моделін құруына әкелді, білім беру ұйымдарының жаңа түрлері, жаңа экономикалық мамандықтар пайда болды және жаңа пәндер енгізіле басталды. Экономикалық мамандықтарда математикалық әдістер мен модельдер кең қолданылатын «Эконометрика», «Мәліметтерді талдау және экономиканы болжау» пәндері пайда болды.
Кәсіби қызметтің интеллектуализация деңгейінде туындаған талаптарға жауап беретін экономикалық бағыттағы болашақ мамандардың дайындығын қамтамасыз ету үшін экономикалық білім берудің соңғы мақсаты және оның сапасының ең негізгі сипаттамасы болып табылатын экономист маманның кәсіптік біліктілігін арттыру өзекті мәселе. Өкінішке орай, студенттердің математикалық білімін жүйелі және өзі қалаған мамандығына бейімдеп дамыту мақсатында өтілетін материалдың көлемі айқын көрсетілмей және сәйкес оқулықтармен қамтамасыз етілмей келеді.
Кәсіптік біліктіліктің қалыптасуының кепілі болашақ экономисттердің сапалы математикалық дайындығына байланысты. Қазақстанда экономикалық білім беру, ағартудың дамуы және оның әлемдік стандарттарға жақындауы математикалық әдістердің жалпы экономикалық білім берудің дербес бөлімі және экономикалық теорияны зерттеу тәсілдері болып қана қоймайтындықтан, көп жағдайда болашақ экономисттердің математикалық пәндерге оқытып үйретуден тәуелді болады, бірақ ол ғылыми танымның жалпы әдіснамасының негізін құрайды. Кәсіпорындарды басқару есептерінде математикалық амалдар, әдістер мен модельдерді қолдану; жалпы кәсіптік және арнайы экономикалық пәндерді оқытуда математикалық модельдеуді және экономикалық зерттеулерде математикалық аппаратты пайдалану математикалық пәндерді болашақ экономисттерге оқытудың үлкен роль атқаратынын көрсетеді. Қазақстандық жоо-да болашақ экономисттер математикалық пәндер болып саналатын «Экономикадағы математика» және «Экономика-математикалық модельдеу» пәндерді оқиды.
1. Монахов В.М. Методология педагогической технологии академика В.М. Монахова. – Москва-Михайловка: Михайловск. Центр обучения пед. техн., 1997. -43с.
2. Кабдыкаиров К.К. Педагогическая технология обучения и ее принципы //Вестник высшей школы Казахстана. 1996. - №5.- С. 67-71.
3. Қабдықайырұлы Қ. Оқытудың педагогикалық технологиясы білім стандартын жүзеге асыру құралы. – Алматы: Қазақ Ұлттық университеті, 2000. – 56б.
4. Целеполагание. М.В. Артюхов, Г.А. Вержицкий, В.М. Монахов и др. – Москва-Новокузнецк: Изд-во Новокузнецкого ИПК, 1997. – 67с.
5. Диагностика. М.В. Артюхов, Г.А. Вержицкий, В.М. Монахов и др. – Москва-Новокузнецк: Изд-во Новокузнецкого ИПК, 1997. – 73 с.
6. Коррекция. М.В. Артюхов, Г.А. Вержицкий, В.М. Монахов и др. – Москва-Новокузнецк: Изд-во Новокузнецкого ИПК, 1997. – 43 с.
7. Исин М.Е. Совершенствование обучения математическим дисциплинам студентов экономических вузов: монография. – Павлодар, 2007. – 225с.
8. Исследование операций в экономике: учебное пособие для вузов /под ред. Н.Ш. Кремера. – М.: ЮНИТИ, 2003. – 407с.
9. Монахов В.М. Методология педагогической технологии академика В.М.Монахова. – Москва-Михайловка: Михайловск. Центр обучения пед. техн., 1997. - 43с.
10. Калихман И.Л. Сборник задач по линейной алгебре и программированию. – М.: Высшая школа, 1969. – 157б.
11. Қабдықайырұлы Қ. Оқытудың педагогикалық технологиясы білім стандартын жүзеге асыру құралы. – Алматы: Қазақ Ұлттық университеті, 2000. – 56б.
12. Исин М.Е. Совершенствование методической системы обучения экономико-математическому моделированию будущих экономистов //Вестник Омского университета. 2007. -№2. – С. 111-114.
13. Акулич И.Л. Математическое программирование в примерах и задачах. – М.: Высшая школа, 1986.
14. Красс М.С. Чупрынов Б.П. Основы математики и ее приложения в экономическом образовании. – М.: Дело, 2003.
15. Ермаков В.И., Бобрик Г.И. и др. Сборник задач по высшей математике для экономистов. – М.: ИНФРО-М, 2005.
16. Сабыров Т., Қасенұлы Ш. ж.б. Экономиканың математикалық әдістері мен моделдеріне арналған есептер мен жаттығулар жинағы. Павлодар, 2003.
17. Экономико-математические методы и модели. Задачник. Под ред. С.И. Макарова. С.А. Севастьянова. – M.:КНОРУС, 2008.
18. А.В. Кузнецов, Г.И. Новикова, Н.И.Холод. Сборник задач по математическому программированию. – Мн.: Высш.шк., 1985.
19. Н.Ш.Кремер., Б.А.Путко., И.М.Тришин., М.Н.Фридман. Исследование операции в экономике. Учебное пособие для вузов. – М.: ЮНИТИ, 2003.
20. Логинова И.В. Методика обучения алгебре в 8 классе средней школы на основе технологического подхода к проектированию учебного процесса. Диссертация. Алматы, 1998.
21. Ә.Ж. Сапарбаев., А.Т. Мақұлова. Экономикалық-математикалық әдістер мен модельдер. – Алматы.: «Бастау» баспасы, 2007. – 358б.
22. Оразбекова Л.Н. Оқу процесін технологиялық тәсілмен жобалау негізінде экономикалық бағыттағы жоғары оқу орындарының студенттерін «Экономикадағы математика» курсына оқыту әдістемесі: автореф. канд. пед.наук: 13.00.02. – Алматы:Әл-Фараби ат. ҚазНУ, 1998. – 26б.
23. Исин М.Е. Методическая система обучения студентов экономических вузов экономико-математическому моделированию// Поиск. – 2006. - №3. – 276-281б.
24. Замков О.О., Толстопятенко А.В., Черемных Ю.Н. Математические методы в экономике. – М.: ДИС,1997. -366б.
25. Абчук В. А. Экономико-математические методы: Элементарная математика и логика. Методы исследования операций. — СПб.: Союз, 1999.
26. Аскаров Е.С. О научной работе. Руководство для аспирантов, соискателей и магистрантов. - Алматы, 2002. – 187с.
27. Рахметова Р.Ө. Экономикадағы математикалық модельдер мен әдістер: Оқу құралы. – Алматы: экономика, 2008. -240б.

Оқу процесін технологиялық жобалау негізінде экономист-студенттерді
Экономика-математикалық моделдеу пәніне оқыту
МАЗМҰНЫ

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
3
1
Экономика-математикалық моделдеу пәніне технологиялық картаны құру әдістемесі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

10
1.1
В.М.Монаховтың оқыту технологиясын пайдалану әдістемесі. Оқу процесін жобалау кезеңі ... ... ... ... ... ... ... . ... ...

10
1.2
Сызықты бағдарлау есебі тақырыбы бойынша технологиялық картаны құру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

14
1.3
Графикалық желілер және ойындар теориясы тақырыбы бойынша технологиялық картаны құру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

19
1.4
Сызықты емес және динамикалық бағдарлау, бұқаралық қызмет көрсету жүйелері тақырыбы бойынша технологиялық картаны құру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

22
2
Технологиялық картаға сабақтардың ақпараттық картасын дайындау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

24
2.1

Педагогикалық технологияның тиімділігін эксперимент арқылы тексеру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

24
2.2
Сызықты бағдарлау есебі тақырыбы бойынша сабақтардың ақпараттық картасын құру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

27

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
57

Қолданылған әдебиет тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ..
59

Бұл жұмыс 68 көлемді беттен, яғни кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, қолданылатын әдебиеттер тізімінен, қосымшадан тұрады.
15 кесте, 27 әдебиет, 2 қосымшаны қамтиды.
ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ КАРТА, ЭКОНОМИКА-МАТЕМАТИКАЛЫҚ МОДЕЛЬДЕУ, ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ЖОБАЛАУ, ЭКОНОМИСТ-СТУДЕНТТЕР.
Экономист-студенттердің математикалық білімдерін мемлекеттік стандарт талабына сәйкестендіру үшін оқу мазмұны мен бүкіл оқу процесіне деңгейлі оқыту ісін енгізу қажеттілігі мен оларды қазіргі оқыту дағдысы арасындағы қайшылықты педагогикалық технология тұрғысында шешуге болатынын негіздеп көрсету біздің зерттеуіміздің көкейкестілігін анықтайды.
Жұмыстың мақсаты - экономика саласындағы оқитын студенттердің математикалық білімдерін арттырып, оларға Экономика-математикалық модельдеу пәнін оқытуды педагогикалық технология тұрғыда жобалаудың тиімділігін ғылыми түрде негіздеп көрсету.
Зерттеу нысаны университеттегі экономика факультеттері студенттерінің экономика-математикалық модельдеу пәнін оқу үрдісі болып табылады.
Қойылған міндеттерді орындау үшін оқытудың келесідей зерттеу әдістері қолданылды: зерттеу тақырыбына байланысты математикалық, педагогикалық, психологиялық еңбектерді оқып танысу және теориялық талдау жасау; эксперимент нәтижесін бағалау, және т.б.
Зерттеу нәтижесінде алғаш Экономика-математикалық модельдеу пәнінен технологиялық карта құрылып, сабақтарға ақпараттық карталар жасалды.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы:
oo болашақ экономисттердің кәсіптік білімдері сапасының жоғарылауына мүмкіндік беретін экономика-математикалық модельдеу курсына студент-экономисттерді тиімді оқыту іске асырылатын шарттары қызметінде В.М.Монаховтың педагогикалық технологиясын қолдану әдістемесі ұсынылды;
oo оқу процесі бүтін жүйе ретінде технологиялық тәсілмен жобаланды.
Экономикалық ЖОО-да математикалық білім беруді дамыту қарқыны негізінде болашақ экономисттерді экономика-математикалық модельдеу пәніне оқытуда әдістемелік жүйенің дамуы зерттеудің теориялық маңыздылығын көрсетеді.
Зерттеудің тәжірибелік маңыздылығы. 1) ең алдымен студенттің жан жақты да деңгейлі білім алуына нақтылы жағдай жасайды; 2) оқытушыға өз тәжірибесін үнемі жүйелендіріп, сапасын арттыруға мүмкіндік береді.

Кіріспе

XX ғасырдың 90-жылдарынан бастап Қазақстанда нарықтық реформалар жүргізілуде; демократиялық және құқықтық қатынастар қалыптасуда; мәдениет, білім беру және ғылыми даму қарқыны жоғырылап келуде. Білім беру экономикалық өсудің басты көзі болып отыр, сондықтан Қазақстан жоғары білім беру сферасын еліміздің қорғаныс қабілетін, нәтижелі, тиімді технологиялардың дамуын, экономиканың, ғылымның, техниканың және мәдениеттің өрлеуін анықтайтын интеллектуалды күш-қуаты (потенциал) болып табылатын бастапқы өнім ретінде қарастырады. Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі даму стратегиясында білім беру жүйесі алдына: білім берудің ұлттық моделін құруды және оның дүние жүзілік білім беру кеңістігінде шоғырлануын қамтамасыз ету мақсаты қойылды.
Реформалар барысында қазақстандық білім беру жүйесінде жоғары экономикалық білім берудің нарықтық қатынастарға бейімделуі және оның әлемдік білім беру стандарттарына жақындауына әкелуде. Нарықтық экономика жағдайында тек ауқымды және ірге тасы қаланған білімі бар, сондай-ақ кәсіптік қызметтегі әртүрлі шарттарда оларды қолдану біліктілігімен; жаңа технологияларды тез меңгеру қабілетімен; басқару дағдысымен; нарықтық экономикада дұрыс бейімделе білуімен; өздігінен білім алу дағдысымен; ұжыммен жұмыс істеу біліктілігімен; шығармашылық және зерттеу жұмыстарын жүргізу қабілетімен үйлесімде болатын адам ғана әлеуметтік қарым-қатынаста нақты қорғалған болады.
Өткен ғасырдың 90-шы жылдарында посткеңестік үкіметі кеңістігінде экономикалық білім беру мүлдем өзгерді. Әлеуметтік экономикалық өзгерістерге байланысты қоғамда нарықтық реформалар барысында Қазақстанда өзімен бірге білім беру саясатының ауысуына және экономикалық білім берудің жаңа моделін құруына әкелді, білім беру ұйымдарының жаңа түрлері, жаңа экономикалық мамандықтар пайда болды және жаңа пәндер енгізіле басталды. Экономикалық мамандықтарда математикалық әдістер мен модельдер кең қолданылатын Эконометрика, Мәліметтерді талдау және экономиканы болжау пәндері пайда болды.
Кәсіби қызметтің интеллектуализация деңгейінде туындаған талаптарға жауап беретін экономикалық бағыттағы болашақ мамандардың дайындығын қамтамасыз ету үшін экономикалық білім берудің соңғы мақсаты және оның сапасының ең негізгі сипаттамасы болып табылатын экономист маманның кәсіптік біліктілігін арттыру өзекті мәселе. Өкінішке орай, студенттердің математикалық білімін жүйелі және өзі қалаған мамандығына бейімдеп дамыту мақсатында өтілетін материалдың көлемі айқын көрсетілмей және сәйкес оқулықтармен қамтамасыз етілмей келеді.
Кәсіптік біліктіліктің қалыптасуының кепілі болашақ экономисттердің сапалы математикалық дайындығына байланысты. Қазақстанда экономикалық білім беру, ағартудың дамуы және оның әлемдік стандарттарға жақындауы математикалық әдістердің жалпы экономикалық білім берудің дербес бөлімі және экономикалық теорияны зерттеу тәсілдері болып қана қоймайтындықтан, көп жағдайда болашақ экономисттердің математикалық пәндерге оқытып үйретуден тәуелді болады, бірақ ол ғылыми танымның жалпы әдіснамасының негізін құрайды. Кәсіпорындарды басқару есептерінде математикалық амалдар, әдістер мен модельдерді қолдану; жалпы кәсіптік және арнайы экономикалық пәндерді оқытуда математикалық модельдеуді және экономикалық зерттеулерде математикалық аппаратты пайдалану математикалық пәндерді болашақ экономисттерге оқытудың үлкен роль атқаратынын көрсетеді. Қазақстандық жоо-да болашақ экономисттер математикалық пәндер болып саналатын Экономикадағы математика және Экономика-математикалық модельдеу пәндерді оқиды.
Сонымен, жоғары білім беруде қалыптасқан салт пен ғылыми-зерттеу жұмысын ескеріп, өткен ғасырдың 90-шы жылдарынан бастап Қазақстанда жоғары білім беру жүйесін реформалауда болашақ экономисттерге математикалық пәндерді оқытудың әдістемелік жүйесі өзгерді, бірақ осы математикалық пәндерді жүргізуде оқытудың әдістемелік жүйесін дамытуды талап ететін көптеген кемшіліктер табылды.
Жалпы білім мазмұнын анықтап алу мәселесі көптеген дидактикалық және әдістемелік зерттеулерде қарастырылған. В.В.Давыдов, В.В.Краевский, И.Я.Лернер, М.Н.Скаткин, Н.К.Гончаров, В.Г.Разумовский, Г.И.Изукина және т.б еңбектерінде мазмұн анықтаудың жалпы теориясы зерттеліп, түрлі салалары қарастырылды. Осы уақытқа дейінгі ғылыми-әдістемелік басылымдар мен кітаптарда ЖОО-да негізгі мамандығы математика емес студенттердің математикалық білім мазмұнын әр студенттің міндетті түрде білуі керек материалдар көлемін анықтап, оны іске асыру мәселесі тұрғысынан жалпы түрде қарастырылмай келеді.
ХХ ғасыр бойы педагогикада оқу процесін технологияландыру мәселесі көп зерттелді. Осындай зерттеулердің нәтижесінде бірнеше ірі-ірі бағыттар сұрыпталды: оқу процесін іс-әрекет негізінде (пәндік жоспар әрекеті - (Н.Талызина, П.Гальперин); концептуалды негізде (негізгі және қосымша сабақ, курстың жалпы идеясын анықтап алу, қайшылық тудырмайтын пән аралық байланысты қалыптастыру); ірі блоктық жүйе негізінде (В.Шаталовтың педагогикалық жүйесі); алдын-ала дайындау (опережение) жүзінде; мәселелік жағдай негізінде (А.М.Матюшкин, М.Махмутов, Е.Ильин); жеке мәндік негізде (теориялық материалды өтпестен бұрын оқушы санасына эмоционалды- психологиялық әсер ету, И.Шварц, М.Щетинин); белгілі бір жағдайда қалыптастыру немесе ойын түрінде; диалог жүзінде; ұжымдық негізде ұйымдастыру технологиялары белгілі.
Оқу процесін орта мектепте технологияландыру мәселесінде Ресейдің көптеген аймақтарында іс жүзінде жақсы нәтижелерге жетіп жүрген, ғылыми тұрғыдан негізделген академик В.М.Монаховтың (жоғары мектеп үшін оқу процесін технологиядандыру идеясы) педагогикалық технологиясының орны ерекше. Өзінің педагогикалық технологиясына В.М.Монахов мынадай анықтама береді: педагогикалық технология - оқу процесін жоспарлаудың жүйелік әдісі, оқытудың тиімді түрлеріне жету мақсатында, адам мен техникалық ресурстарды, олардың ара-қатынасын ескере отырып бүкіл оқу мен білімді меңгеру процесін жүргізу, оны бағалау.
Бұл технологияның ерекшелігі алғаш рет іс жүзінде бүкіл оқу процесін бүтіндей қарастырып, оны жүйелеу, реттеу мұғалімнің шығармашылық қызметін мақсатты бағалау мәселесін шешіп береді, оқушыға оның білімі мен қабілетіне қойылатын талаптардың нақты да рационалды жүйесі ұсынылды.
Оқу процесінің белгілі бір бөлігінде, яғни қандай да бір пәнге қатысты қарастырылғанда, немесе бір ерекше жағдай жасалғанда ғана қолданғанда жақсы нәтиже беретін жоғарыдағы технологиялардың жалпы идеясымен салыстырғанда жаңа педагогикалық технологияның жеткілікті түрде әмбебаптылығымен қатар оның кез келген пәнге оңай қолдануға болатынын және де осы технологияны қолданғанда мемлекеттік стандарт талаптары ғана шектеліп қоймай, деңгейлік оқыту мәселесі де толық шешілетінін ескерсек, бұл технологияны оқу процесіне қолдану қажеттілігі айқындалады.
Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Магистерлік диссертацияда студент-экономисттерді "экономика-математикалық модельдеу" пәніне оқытудың технологиялық тәсілінің жобасы және сабақтардың ақпараттық карталары (САК) дайындалып жасалды, сонымен қатар технологиялық жолмен жасалған жобаның тиімділігі тексеріледі.
Зерттеудің көкейкестілігі. 1970 жылы білім беру сапасын арттыру мәселелері талқыланған ЮНЕСКО конференциясында оқыту технологиясы дидактиканың құрамды элементі болып табылатындығы мойындалды.
1972 ж. осы ұйыммен "маман болу үшін оқу" атты баяндамада оқыту технологиялары білім беру процесін модернизациясының қозғаушы күші ретінде анықтаған мақала жарияланды.
Педагогикалық технология ХХ ғасырдың 60-шы жылдары жеке бағыт ретінде АҚШ-та, Англияда туындап және әлемнің көптеген мемлекеттеріне кең таралды. "Педагогикалық технология" терминнің алғашқы мағынасы оқу процесін технизациялау болып табылды, ал бұл бағдарламаланған оқытуға әкелді (Б.Ф.Скиннер, АҚШ).
В.П.Беспалько, Б.Блум, М.В.Кларин өздерінің жұмыстарында педагогикалық технологияға тән айтарлықтай маңызды қасиеттерін бөліп анықтады: болжамдылық, нәтижелілік, үнемділік, бүтінділік, басқарушылық, мақсат туындаушы, түзетушілік, визуалдау. Жаңа технологияның дәстүрлі әдістемеге ауысымға келуі оқу процесінің тиімділігінің нығаюына жағдай жасауы қажет.
Ерекше орынды оқу процесін технологияландыру мәселесіне арналған В.М. Монаховтың ғылыми негізделген педагогикалық технологиясы алады [1-4].
Мамандарды дайындаудың сапасын арттыру Қазақстандағы жоғары білім берудің дамуының негізгі қарқыны болып табылады. Қазіргі уақытта заманауи педагогикалық технологиялардың негізінде болашақ экономисттерді математикалық пәндерге оқытуды жетілдіру қажет. Қазақстанда математикаға оқытудың технологиялық тәсіліне Қ.Қабдықайырұлының [5-9] зерттеулері арналған. Берілген бағыт бойынша оның ғылыми басшылығы негізінде бірнеше кандидаттық диссертациялар орындалды [10-11]. Қазіргі кезеңде сондай-ақ педагогикалық технологияның негізінде "экономика-математикалық модельдеу" пәніне оқытуды жетілдіру өзекті мәселе болып отыр.
М.Е. Исиннің диссертациялық жұмысында [12] студент-экономисттерді математикалық пәндерге оқытудың әдістемелік жүйесі жетілдірілетін заманауи педагогикалық технологиялары негізінде көрсетіледі, бірақ бізге экономика-математикалық модельдеу курсын қандай да бір технологиямен оқытудың жүзеге асыруы белгісіз болғандықтан, бұл бізге студент-экономисттерді "экономика-математикалық модельдеу" пәніне оқытудың жобасын технологиялық тәсілмен жасауға және оның нақты білім беру практикасында жүзеге асырылуына әкелетін зерттеу мәселесін айқындауға мүмкіндік берді.
Берілген мәселенің өзектілігі, осы мәселені шешудің қажеттілігі Оқу процесін технологиялық жобалау негізінде студент-экономистттерді "экономика-математикалық модельдеу" пәніне оқыту магистерлік диссертацияның тақырыбын таңдауға себепші болды.
Зерттеу мақсаты - студент-экономисттерді "экономика-математикалық модельдеу" пәніне оқытудың жобасын технологиялық тәсілмен жасап жобалау және оның жоо-ның нақты білім беру тәжірибесінде тиімділігін эксперимент жүзінде тексеру.
Зерттеу нысаны: Университеттегі экономика факультеттері студенттерінің экономика-математикалық модельдеу пәнін оқу үрдісі.
Зерттеу тұлғасы - оқу процесін технологиялық жолмен жобалау негізінде студент-экономистттерді "экономика-математикалық модельдеу" пәніне оқыту процесі.
Алға қойылған мәселені зерттеу кезінде біз мынадай болжамды басшылыққа алдық: егер технологиялық тәсіл негізінде студент-экономистттерді "экономика-математикалық модельдеу" пәніне оқыту процесінде пәннің бағдарламасынан тақырыптар бойынша технологиялық карталарды және сабақтардың ақпараттық карталарын жасасақ, онда оқытудың кредиттік жүйесінің шарттарында болашақ экономистттерді "экономика-математикалық модельдеу" пәніне тиімді оқытуы қамтамасыз етіледі, яғни:
- студенттерді оқыту үшін нақты жағдайлар жасалады: оларға теориялық және тәжірибелік материалдар беріледі; оқу уақыты тиімді ұйымдастырылады, бағалау механизмі түсінікті, өзіндік тексеру жұмыстарының нәтижелері бойынша жеке білім деңгейін көрсетуге мүмкіндік жасалады;
- оқытушы үнемі өз тәжірибесін жүйелендіруге және жұмыс сапасын жоғарылатуға мүмкіндік алады;
- оқытушылар арасында өзара тәжірибемен алмасу механизмі қалыптасады;
- жоо-ның оқытушылары мен студенттері үшін оқу құралдарының негізі құрылады.
- студенттің аудиториядан тыс уақыты үнемді және мақсатты ұйымдастырылады;
Зерттеу мақсаты, тұлғасы және жасалған болжам бізге зерттеудің негізгі міндеттерін анықтауға мүмкіндік берді:
студент-экономисттерді "экономика-математикалық модельдеу" пәніне оқытудың жобасын технологиялық тәсілмен жасау үшін В.М.Монаховтың педагогикалық технологиясының методологиясын оқып меңгеру;
"экономика-математикалық модельдеу" пәнінің бағдарламасынан тақырыптар бойынша технологиялық карталарды құру;
технологиялық карталарға сәйкес сабақтардың ақпараттық карталарын жасау;
оқу процесін технологиялық жолмен жобалау негізінде студент-экономистттерді "экономика-математикалық модельдеу" пәніне оқытудың тиімділігін эксперимент жүзінде тексеру.
Зерттеудің әдістемелік негізін педагогика, психология, дидактика, математика, педагогикалық технологиялар, ақпараттық технологиялар, экономика-математикалық әдістер мен модельдер бойынша зерттеулер құрайды.
Зерттеудің эксперименттік базасы ретінде студент-математиктер үшін экономика-математикалық модельдеу курсы бойынша сабақтарды жүргізуге С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті таңдап алынды.
Зерттеу әдебиеттеріне заңды материалдар мен құжаттар: Қазақстан білім беру туралы Заңы; орта және жоғары білім берудің дамуы Концепциясы; жоғары білім беруді реформалау туралы заңнамалық құжаттар; психолог, педагогтардың және математиктердің еңбектері жатады. Сонымен қатар, біздің зерттеуіміздің теориялық негізін экономика-математикалық модельдеу курсы бойынша оқулықтар мен оқу құралдары (И.Л. Акулич [13], Ю.Н. Кузнецов және т.б. [14], Е.С. Вентцель [15], М.С. Красс және Б.П. Чупрынов [16], Н.Ш. Кремер және т.б. [17], Е.В. Шикин және А.Г. Чхартишвили [18], Сапарбаев А.Д. [19], Рахметова Р.У. [20]) оқу процесін технологизациялау бойынша еңбектері құрайды (В.М. Монахов, М.В. Кларин, В.П. Беспалько,
Қ. Қабдықайырұлы).
Қойылған міндеттерді орындау үшін оқытудың келесідей зерттеу әдістері қолданылды: экономикалық ЖОО-да метематикалық ағартудың даму қарқынын айқындау мақсатымен тарихи талдау; зерттеу тақырыбына байланысты математикалық, педагогикалық, психологиялық еңбектерді оқып танысу және теориялық талдау жасау; Экономика-математикалық модельдеу пәні бойынша жасалған оқу бағдарламасымен, оқулықтар және әдістемелік құралдармен танысу; оқытушылардың озық тәжірибесімен танысу; экономика-математикалық модельдеу пәнін қолданып студенттерге мамандық беретін кафедралар оқытушыларымен әңгіме; оқыту нәтижесін байқап, бақылау жасау; эксперимент нәтижесін бағалау, математикалық сұрыптау және т.б.
Зерттеу кезеңдері және оны ұйымдастыру: Студент-экономисттерді экономика-математикалық модельдеу пәніне оқытуда дайындалған технологиялық жобаның тиімділігінің эксперименттік тексеруі мен зерттеу жұмысы екі кезеңде жүргізілді.
Бірінші кезең (2010-2011жж.) қазіргі заманғы кезеңдегі студент-экономисттерді экономика-математикалық модельдеу курсына оқытудың жағдайын зерттеуіне арналды. Осындай тапсырмаға орай философиялық, математикалық, психология-педагогикалық әдістемелік әдебиеттерге; отандық және шетел басылымдарында жарияланған диссертациялық зерттеулеріне, материалдарына талдау жасалды.
Қазақстанның және Ресейдің жоғары оқу орындарында болашақ экономисттер үшін "экономика-математикалық модельдеу" пәні бойынша оқу бағдарламаларына, оқулықтар мен оқу құралдарына, жұмыс жоспарларына, экономикалық пәндер бағдарламаларымен ұсынылған заманауи оқулықтар мен оқу құралдарына талдау жүргізілді және Қазақстан мен ТМД елдерінің басқа мемлекеттеріндегі жоо оқытушыларының жұмыс тәжірибесі бақыланды. Зерттеу барысында студент-экономисттерді "экономика-математикалық модельдеу" пәніне оқыту жобасын технологиялық тәсілмен жасау үшін В.М.Монаховтың педагогикалық технологиясының методологиясы меңгерілді және М.Е.Исиннің жұмысындағы таңдау теориясының негізі ретінде осы пәннің жұмыс бағдарламасында көрсетілген экономика-математикалық модельдеу курсына оқытудың мазмұны құрастырылды. Болашақ экономисттерді "экономика-математикалық модельдеу" пәніне оқытудың сапасын жақсартуды қамтамасыздандыру бойынша ұйымдастыру шараларының жүйесі анықталды. "Экономика-математикалық модельдеу" пәні бағдарламасына сәйкес тақырыптар бойынша технологиялық карталары жасалды. Бұл кезеңде болжам жасалып, зерттеу міндеттері айқындалды.
Екінші кезеңде (2011-2012жж.) болжамды тексеру мақсатында оқыту эксперименті жүргізілді. Осы уақытқа дейін технологиялық карталарға сәйкес сабақтардың ақпараттық карталары жасалды. Болжамның эксперименталды тексеруі уақытында студенттердің алған білімдері, біліктері мен дағдыларының деңгейін анықтау межелік және қорытынды бақылаулар нәтижелері бойынша жүзеге асырылды.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы:
oo В.М.Монаховтың педагогикалық технологиясы методологиясына сәйкес студент-экономисттерді технологиялық тәсілмен "экономика-математикалық модельдеу" курсына оқытудың жобасы жасалды;
oo сабақтарды өткізу және ұйымдастыру сұрақтарын шешетін сабақтардың ақпараттық карталары ұсынылды;
oo болашақ экономисттердің кәсіптік білімдері сапасының жоғарылауына мүмкіндік беретін экономика-математикалық модельдеу курсына студент-экономисттерді тиімді оқыту іске асырылатын шарттары қызметінде В.М.Монаховтың педагогикалық технологиясын қолдану әдістемесі ұсынылды;
oo оқу процесі бүтін жүйе ретінде технологиялық тәсілмен жобаланды.
Болашақ экономистерді математикалық пәндерге оқытудағы әдістемелік жүйені дамыту өзекті мәселеге айналды; экономистердің математикалық дайындығында дидактикалық принциптердің және оқытудың заңдары мен заңдылықтарының, психолого-педагогикалық концепциялардың ролі теориялық түрде негізделді; экономикалық ЖОО-да математикалық білім беруді дамыту қарқыны негізінде болашақ экономисттерді экономика-математикалық модельдеу пәніне оқытуда әдістемелік жүйенің дамуы зерттеудің теориялық маңыздылығын көрсетеді.
Зерттеудің тәжірибелік маңыздылығы. Оқу процесін технологиялық тәсілмен жобалау нәтижесі болатын технологиялық карталар атласы мен сабақтың ақпараттық картасының жиынтығы: 1) ең алдымен студенттің жан жақты да деңгейлі білім алуына нақтылы жағдай жасайды; 2) оқытушыға өз тәжірибесін үнемі жүйелендіріп, сапасын арттыруға мүмкіндік береді; 3) әр пән оқытушыларының өзара тәжірибе алмасу механизмін қалыптастырады; 4) ЖОО-ы студенттеріне және оқытушыларға арналған оқу құралдарының негізі болады.
Келешек экономисттерді кәсіби бағыттылық принципі негізінде математикалық пәндерге оқытуда математикалық модельдеу әдістері және мәселелік оқыту сияқты заманауи әдістерді қолдануды ұйғарады. Оқытудың мұндай әдістері дайын емес білімдерді беруге бағытталғандықтан, танымдық қызметке, яғни жаңа білімдерді өз бетінше меңгеріп қабылдауға арналған әдістер білім берудің кредиттік жүйесі шарттарында өзекті болады.
Қорғауға шығару жағдайы: "Экономика-математикалық модельдеу" пәні бойынша жасалған технологиялық карталар пәннің мазмұнын нақтылауға және түзетуге мүмкіндік береді; мақсаттар, оқыту әдістері, бақылау жолдары мен түзету элементтері анықталады.
Ұсынылған сабақтардың ақпараттық карталары (САК) сабақтарды жүргізу және ұйымдастыру сұрақтарын шешеді. САК-да жоспарланған теориялық және тәжірибелік материалдар студенттің және оқытушының пайдалануы үшін беріледі.
Ұсынылған технологиялық тәсілді қолдану әдістемесі болашақ экономисттердің кәсіптік білімдері сапасының артуына себепші болатын студент-экономисттерді экономика-математикалық модельдеу курсына тиімді оқытуды жүргізуге мүмкіндік береді.
Зерттеудің негізгі нәтижелерін енгізу және апробациялау.
Негізгі нәтижелер:
1) Оломоуц қ. (Чехия) университетіндегі Халықаралық ғылыми конференциясында жарияланған мақала;
2) ПМУ хабаршысы (физика-математикалық серия) басылымында жарияланған мақала;
3) Сатпаев оқулары Халықаралық ғылыми конференциясында жарияланған 2 мақала.
1 Экономика-математикалық моделдеу пәніне технологиялық картаны құру әдістемесі

1.1 В.Монаховтың оқыту технологиясын пайдалану әдістемесі

Қазіргі заманғы ғылыми техникалық прогрестің өте шапшаң қарқынмен демуы және информация көлемінің әр 3-5 жылда 2 еседей өсіп отыруы, әсіресе ой еңбегін және оқыту үрдісін айрықша сапалық түрде жетілдіруді талап етіп отыр.
Мұндай дүниежүзілік күрделі проблеманы шешудің бір жолы, жастарға үздіксіз білім берудің жаңа түрлері мен әдіс-тәсілдерін тауып, олардың өздігінен білім алуын қамтамасыз ету болып табылады. Ондай жаңа оқыту тәсілдерінің бірі академик В.М.Монаховтың педагогикалық технологиясын қарастырайық.
Көптеген мұғалімдер технология мазмұнын жете түсінбейді, оны әдістемеден ажырата алмайды. Егер әдістеме көбінесе оқу процесін ұйымдастыру және өткізу жөніндегі ұсыныстардың жиынтығы болса, педагогикалық технологияның өзіне тән ерекшелігі бар. Біріншіден технология - бұл соңғы нәтижеге берілетін кепілдік; екіншіден, технология - бұл болашақ оқу процесінің жобасы. Өзінің педагогикалық технологиясында В.М.Монахов мынандай анықтама береді: педагогикалық технология - оқу процесін жоспарлаудың жүйелік әдісі; оқытудың тиімді түріне жету мақсатында, адам мен технология ресурстарды олардың ара-қатынасын ескере отырып бүкіл оқытушымен білімді меңгеру процесін жүргізу, оны бағалау.
Ғылыми тұрғыдан негізделген В.М.Монаховтың педагогикалық технологиясы мұғалім қызметін екі кезеңге бөледі:
1) оқу процесін жобалау кезеңі;
2) осы жобаны іске асыру кезеңі.
Бірінші кезеңде мұғалім оқу материалын шағын мақсаттар жүйесі ретінде көрсетеді. Бұл шағын мақсаттарға жету-жетпеуін жазбаша жұмыстар арқылы тексереді, яғни болжам жоспарланады. Болжамнан оқушылар жақсы өтуі үшін, мұғалім оқушыларға өз бетімен жұмыс істеуге алдын-ала тапсырыстар береді. Екінші, яғни жобаны іске асыру кезеңінде мұғалім оқу процесінің нақтылы жағдайларын ескере отырып, жобаны жүзеге асырады. Оқу процесін жобалаудағы негізгі объекті - оқу тақырыбы. Бұл оқу тақырыбының көлемі, тақырыптың күрделілігіне байланысты 6-7 сабақтан, 22-24 сабаққа дейін болуы мүмкін. Технологияда оқу процесін жобалаудың толық және бөлшектелген көрінісін технологиялық картадан көруге болады. Технологиялық карта 5 бөліктен тұрады: мақсат қою, болжам, үй жұмысын мөлшерлеу, логикалық құрылым, түзету.
Технологиялық картаның әр бөлшектері қандай жұмыс атқаратынын қарастырайық.

1) Мақсат қою. Берілген тақырыпқа қойылатын білім стандарттарының талабын жүзеге асырып жүрген бағдарлама мазмұнын талдай отырып, шағын мақсаттар қарастырылады. Тақырыптар көлеміне және оның күрделілігіне байланысты шағын мақсаттар саны 2-ден 5-ке бейін болуы мүмкін. Арнайы технологиялық ұйғарым бойынша әр шағын мақсатқа сәйкес өзіндік жұмыс құрастырылады.
2) Диагностика. Бұл өзіндік жұмыстардың, яғни болжамның, ерекшелігі мынада: тексерудің және оқушылардың жетістіктерін бағалаудың қарапайымдылығы. Болжам екі түрлі тапсырмадан тұрады: білім беру стандарты деңгейіндегі тапсырма және тереңдетілген тапсырма. Болжамның 1-ші және 2-ші тапсырмалары стандарт деңгейімен сәйкес қарастырылады, ал 3-ші тапсырмада жақсы деген бағаға сәйкес, 4-ші тапсырмада өте жақсы деген бағаға сәйкес тапсырмалар беріледі.
3)Үй тапсырмасын мөлшерлеу. Егер үй тапсырмасын мөлшерлегенде біраз ақаулар жіберсе, ол болжам кезінде көзге бірден түседі. Мұғалім сәйкес түзету жүргізу керек. Үй жұмысын мөлшерлеу 3 деңгейлік тапсырмадан тұрады:
1-ші деңгей. Болжамның 1-ші, 2-ші тапсырмасына;
2-ші деңгей. Болжамның 3-ші тапсырмасына;
3-ші деңгей. Болжамның 4-ші тапсырмасына сәйкес болуы керек.
4) Логикалық құрылым, оқу тақырыбына байланысты әр шағын мақсаттарды меңгеру үшін. Оқушыға қанша уақыт керек екенін, болжамды, түзетуді қайталауды, қай кезде өткізу керектігін жоспарлайды. Яғни, мұғалім өзінің әдістемелік тұжырымдарына сүйене отырып, оқу процесін тұтас және логикалық көрнекті модельге көшіреді.
5) Түзету. Түзету негізгі үш бағытта жүргізіледі:
1) жаңа оқу материалын меңгеру кезіндегі оқушыларға тиетін қиындық;
2) оқушылардың жұмысында жиі жіберілетін қателіктер;
3) оқушыларды стандарт деңгейіне жеткізетін педагогикалық әдістер жүйесі.
Технологиялық карта нәтижесі әр болжамнан кейін тексеріліп, талдау жасауды қажет етеді, яғни интеграция жүзеге асырылады.
Оқу үрдісін педагогикалық технология тұрғысынан жобалау жекелеме тараулардың технологиялық карталарынан құралады. Технологиялық картаның құрамды бөліктерін және олардың атқаратын қызметтерін қарастырайық.
1.Технологиялық негізі жоғарыда айтып өткеніміздей мақсат қоюдан басаталады, яғни тақырыпқа байланысты шағын мақсаттарды анықтау.
Мақсатты нақты және анық көре білу, яғни тақырыптың негізгі сұрағын анықтай білу, мұғалімнің әдістемелік шеберлігін көрсетеді. Қойылатын мақсат мұғалімге және оқушыға ұғынықты түрде ықшам әрі түсінікті болуы қажет. Қойылған мақсат бойынша мұғалім болашақ оқу үрдісін мақсаттар түрінде көруі керек, ал оқушы үшін оның білімі мен біліктілігіне қойылатын талаптар жүйелі түрде берілуі керек.
Ілгеріде қойылатын мақсат саны тақырып көлеміне қарай 2-5 аралығында болуы керек дегенбіз. Оның себебі мақсат ұсақталып, көбейген сайын оның нақтылығы азайып алғашқыларының мәні жойыла бастайды.
Мақсат қою технологиясы және педагогтың әдістемелік жұмысының мақсаттылығы оқу тақырыбындағы әрбір сабақтың мәнділігін арттырады, сабақтың нәтижелігіне және мазмұндылығына оқытушының сол сияқты оқушының да жауапкершілігін арттырады, осы сабақтың берілген мақсаттың меңгерілуіндегі орнын нақтылай түседі, ал бұның барлығы жобалаудан, технологиялық картадан басталады.
2.Берілген тақырыпты мақсаттарға бөліп алғаннан кейінгі жұмыс осы қойылған мақсаттарға байланысты оқушылар білімін диагностика жұмысын құру.
Біз бірінші рет оқушыға жеке тұлға ретінде қараймыз, себебі оқушы өз деңгейін өзі таңдайды, яғни өзінің білім мөлшеріне қарай болжаудағы қажетті тапсырмалар мөлшерін таңдап алады. Болжау деп отырғанымыз оқушылардың қойылған мақсатты меңгеруін анықтауға арналған өздік жұмыс.
В.М.Монаховтың педагогикалық технологиясы бойынша болжауды құру барысында мына жеті аксиома орындалу керек:
1-аксиома. Өзіндік жұмыстың (ӨЖ) екі түрі бар: білім беру стандарты (программа) деңгейіндегі тапсырма, көтеріңкі деңгейдегі тапсырма.
2-аксиома. Стандартты ӨЖ төрт тапсырмадан тұрады: алғашқы екеуі стандартты деңгейінде, соңғы екеуі көтеріңкі деңгейде.
3-аксиома. ӨЖ-тың жалпы түрі:
1)білім беру стандарты талаптары деңгейіндегі тапсырма;
2)білім беру стандарты талаптары деңгейдегі тапсырма;
3) Төрттік баға деңгейіндегі тапсырма;
4) Бестік баға деңгейіндегі тапсырма.
4-аксиома. Алғашқы екі тапсырма қиындығы жөнінен бірдей, оқушыларға түсінікті әрі қарапайым болу керек.
5-аксиома. Білім беру Заңына (әрбір 3 оқушы стандарт деңгейіне жетуге міндетті, одан әрі ол осы деңгейде тоқтай ма, жоқ па әлде әрі қарайғы деңгей тапсырмасын орындай ма, ол оқушының өз еркі) сәйкес кез келген оқушы тапсырманы берілген тәртіп бойынша және екінші тапсырма орындалмай тұрып үшінші сол сияқты төртінші тапсырманы орындауға болмайды.
6-аксиома. Төрттік бағаға берілетін №3 тапсырма алғашқыларға қарағанда қиынырақ болу керек. Тапсырманың қиындығы болжанатын мақсаттың мазмұнына байланысты.
7-аксиома. Бестік бағаға берілетін №4 тапсырма №3 тапсырмаға қарағанда қиындау болуы керек.
Міне, осы аксиомалар талаптары толық сақталғандща болжау жұмысының тапсырмалары алдыға қойған мақсатқа толық жеткізеді.
Осы аксиомаларға нақтырақ түсініктемелер берейік. 3-аксиомада болжамдағы тапсырмалар саны көрсетіледі. Онда білім беру стандарты талаптары деңгейіндегі тапсырма саны екеу екені айтылған. Оның себебі егер оқушы алғашқы екі тапсырманы ешқандай қатесіз орындаса, онда оның білімі мемлекеттік талаптарына сай келеді және ол сынақтан өтті деген белгі алуына толық мүмкіндігі бар. Егер тапсырманың екеуі де орындалмаса, онда оқушы түзету (коррекция) тобына түседі. Егер екі тапсырманың біреуі дұрыс, ал екіншісі қате болса, онда ол оқушының да сынақтан өтуге мүмкіндігі бар, егер ол технологиялық картадағы Сабақтан тыс өз бетімен орындайтын тапсырмалар бөлігіндегі тапсырманың стандарт деңгейіндегі жаттығуларын толық орындаса.
Келесі кезекте бестік деңгейін анықтайды, яғни №4 тапсырманың үлгісін құрады. Бестік немесе ең жоғары деңгей тапсырмасы оқушылардың ойлау, есте сақтау дағдыларын жылдамдығын тексеру мақсатында болу керек. №3тапсырманың (төрттік баға деңгейінің талаптары) қиындығы стандарт пен жоғары деңгейдің арасындағы аралық деңгей болып шығады.
Студенттердің сабақтан тыс бетімен орындайтын тапсырмаларын мөлшерлеу бөлігі. Бұл бөліктің практикалық мақсаты - Студенттердің болжау тапсырмаларына дайындығы.
Адамгершілік мақсаты - оқушыға бірінші рет білім туралы Заңға сәйкес өз бағасын таңдауға мүмкіндік беріледі, яғни қойылатын баға деңгейіндегі тапсырмалар жиынтығын таңдау.
Негізгі мақсат - артық тапсырмадан арылу.
Мұнда да қойылған мақсаттар санына байланысты, әрбір мақсатқа үш деңгей бойынша тапсырмалар жиынтығы беріледі. Технологиялық жобаның авторы - сабақтан тыс өз бетімен орындайтын тапсырмаларды мөлшерлеу бөлігінде оқушыға тексеру жұмысы кезінде өзінің таңдаған деңгейіндегі бағаны алуға кепілдік беретін тапсырма көлемін орындап дайындалуды ұсыну керек. Технология бойынша оқыту үрдісі кезінде де әдеттегі үйге берілетін тапсырмадан бас тартуға болмайды. Үй тапсырмасының әрқайсысының деңгей бойынша анықтап, оның қай деңгейін орындауды таңдауын оқушылардың өз еріктеріне беру қажет. Технологияның үш элементі: мақсат қою, болжау, үй тапсырмасын мөлшерлеу өзара тығыз байланыста, олардың әрқайсысы екіншісінің мазмұнын толықтырып отырады. Мақсаттың саны мен мазмұны, онда анықталған оқушыларды дамыту міндеттері тақырыпты оқытудың логикалық құрылымын құрайды. Мұнда әрбір мақсатқа жетудің уақытша ұзақтығы беріліп, сабақтың негізгі және көмекші құралдары анықталады, оқушыларды дамыту бағдарламасы құрастырылады.
Уақытпен есептелген ұзақтық қойылған мақсатқа жетуге жеткілікті болатын тақырыпқа берілетін сағат санымен анықталады. Әдеттегі күнтізбелік жоспарлаудан айырмашылығы, мұғалім оқу үрдісінің субъективті жағдайларға байланысты болатын сабақтың үйлесімді үдемелілігін кәсіпкерлік шеберлігі, сыныптың білім деңгейі және көмекші құралдарын қарастыру өзара байланыста болатын жаңа білім элементтерінің тізбесін және негізгі тақырыпты өту барысында қажет болатын қосымша ұғымдардың тізбесін анықтауды қажет етеді. Біздің жұмысымызда көмекші құрал ретінде қайталау тақырыптары алынған. Қайталау тақырыптары жаңа ұғымды енгізу барысында, оның түсінікті болуы үшін және жаңа ұғымды ілгеріде өткен ұғымдармен байланыстыру үшін қажет. Сыныптағы оқушылардың жекеше ерекшеліктеріне байланысты оқу үрдісінің логикалық құрылымына оқушылардың ойлау қабілетін, есте сақтау, сөйлеу мәнерін, ынтасын дамыту енгізіледі.
Технологиялық ең соңғы Түзету (коррекция) бөлігін қарастырайық.
Бұл бөлік сынақтан өтпеген, яғни білім дәрежесі мемлекеттік стандарт деңгейінен төмен оқушыларға арналған. Бұл бөлікте негізі үш жағдай қамтылады.
Бірінші - қойылған мақсатқа қатысты оқу материалын меңгеру барысындағы мүмкін болатын қиындықтар.
Екінші - өтілетін тақырып бойынша оқушыларда жіберілетін негізгі қателіктер.
Үшінші - оқушы білімін стандарт деңгейіне көтеру үшін педагогикалық және әдістемелік түрдегі іс-шаралар.
Технологиялық картада неше мақсат болса сонша түзету жұмысы болады, яғни осы аталған үш жағдай әр мақсат үшін жеке-жеке жазылады.
Осы айтылғандарды қорыта келіп, технологиялық картаның жалпы құрылымын төмендегі сызбадан көруге болады.
Сызбада технологиялық картаны толтыру реті рим цифрымен көрсетілген.
Технология негізінде жобалаудың келесі кезеңін, жобаның негізгі ойын жүзеге асыратын сабақтың ақпараттық картасын (САК) дайындау. САК- технологиялық картадағы көрсетілген шағын мақсаттарды, ондағы сағат санына байланысты жіктеп жазуға арналған. САК-те оқу материалының толық мазмұны, сабақтың мақсаты мен міндеттері, мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынас нәтижесі оқыту құралдарын қолдану кезеңдері қарастырылады.

1.2 "Экономико-математикалық модельдеу" пәні үшін "Сызықты бағдарлау есептері" тақырыбы бойынша технологиялық картаны жасау

Берілген тақырыпта тек "Экономика-математикалық модельдеу" пәні бойынша сабақ жүргізетін оқытушыларға, экономикалық жоғары оқу орындарының студенттері мен магистранттарына ғана қызығушылық тудырмайды, сондай- ақ өзге пәндер оқытушылары үшін де пайдалы, сондықтан мұнда анықталған тақырып бойынша технологиялық картаны қалай құруға, өндеуге болатыны көрсетілген. Сонымен қатар бұл мақаладан алынған қорытындылар мен ұсыныстар алдағы уақытта "Экономика-математикалық модельдеу" пәнін оқыту әдістемесі бойынша зерттеулерде қолданылатын болады.
Қазіргі уақытта заманауи (жаңа) педагогикалық технологиялар негізінде болашақ экономисттерді математикалық пәндерге оқытудың әдістемелік жүйесін жетілдіру қажет. Елеулі орынды академик
В.М. Монаховтың оқу процесін технологияландыру мәселесіне бағытталған және ғылыми негізделген педагогикалық технологиясы алады. [1]. Қазақстанда математиканы оқытудың технологиялық әдістеріне Қ. Қабдықайырұлының зерттеулері арналған.[2-3]. Қазіргі таңда, сонымен бірге оқыту технологиясының негізінде "Экономика-математикалық модельдеу" пәніне оқытудың әдістемелік жүйесін қалыптастыру өзекті мәселе болып отыр. Алайда "оқыту технологиясы"- бұл педагогикадағы көп кездесетін ұғымдардың бірі, бірақ бұнда Қазақстанның ЖОО-да қандай да бір оқыту технологиясын іске асыру шарттарында "Экономика-математикалық модельдеу" пәніне оқытудың әдістемелік жүйесінің жүзеге асырылуы әзірге белгісіз.[4].
Біздің жұмысымыздың басты мақсаты В.М.Монаховтың педагогикалық технологиясына сәйкес "Экономика-математикалық модельдеу" пәні үшін "Сызықты бағдарлау есептері" тақырыбы бойынша технологиялық картаны жасау болып табылады. Технологияландырудың ең қажетті шарты оқу үрдісінің ақпараттық моделін құру немесе таңдау болып саналады. В.М. Монаховтың педагогикалық технологиясында оқу процесінің ақпараттық моделі параметрлік түрде көрсетіледі, себебі параметрлердің мүмкін жиындарына зерттеулер жүргізу нәтижесінде оқу процесін жалпы түрде және оның заңдылықтарының жеке бөліктері ретінде де сипаттайтын сол немесе басқа шамада оқу процесінің заңдылықтарын жоба деңгейі ретінде және оны жүзеге асыру деңгейінде де аса нақты, әмбебап және бүтіндей бейнелейтін және көрсететін 5 параметр таңдап алынды.
Оқу үрдісінің осындай ақпараттық моделін құруда таңдап алынған бес параметрлердің: мақсат қою (микромақсаттар жүйесі), болжау, студенттердің өздік жұмыстарын мөлшерлеу, логикалық құрылым және түзету бірінші алдыңғы сілтемеден шығады және оқу процесінің құрылысы мен бүкіл заңдылықтарын бүтіндей сипаттайды.
Екінші аса маңызды ұйғарым оқу үрдісін технологияландырудың негізгі объектісін таңдау болды. Технологияландырудың объектісі ретінде оқу жылы да, сабақ та емес, оқу тақырыбы таңдалып, бірақ дәстүрлі түсінімде емес, қалыптандырылған түрде алынды( оқу тақырыбының ауқымы 6-8 сабақтан 22-24 сабаққа дейін).
В.М.Монаховтың педагогикалық технологиясында оқыту үрдісінің тақырыбы бойынша жобаны ұсынудың көріністік, бейнелі және аса көрнекі қалыбы табылды.(Технологиялық карта) Технологиялық карта оқу үрдісінің барлық бес параметрін бірмәнді көрсететін бес компоненттен тұрады. Барлық бес параметрлерді құрылымдаудың технологиясын "Экономика-математикалық модельдеу" пәні үшін қолданайық. Бұл үшін "Сызықты бағдарлау есептері" тақырыбын қарастырайық.
Педагогикалық технологияда микромақсаттарды (мақсат қою) құру үрдісі және сәйкесінше технологиялық процедуралары негізін құраушы болып саналады. Шынында да, нақ осы мақсат қою болжау компоненттерінің, үй тапсырмасын мөлшерлеу, түзету компоненттерінің және де логикалық құрылымның мазмұнын сипаттайды. Біз "Экономика-математикалық модельдеу" пәнінің оқу жұмыс бағдарламасынан бернілген тақырыптың ұғымдық аппаратының орналасу ретіне сүйенетін боламыз. Қарастырып отырған процедураның нәтижесі ретінде оқу тақырыбының микромақсатын құру болып табылады, оның дәстүрлі көлеміне байланысты әдетте олардың саны 2 ден 5дейін болады.
Біздің жағдайда 4 микромақсат бар: B1,B2,B3,B4. Оларды келтірейік:
В1 Микромақсаты: n белгісіздерден еркін және базистік белгісіздерді айырып алу және базистік шешімдерді таба білу. Нақты экономикалық үрдістердің математикалық моделдерін құрастыра білу. Екі өлшемді СБ есептерін геометриялық әдісті қолданып шешуді, көп өлшемді СБ есебін екі өлшемді түрге келтіре білу.
B2 Микромақсаты: Сызықты бағдарлау есебінің тиімді шешімін табудың симплекс әдісін пайдалана білу; симплекс алгоритмдерін дұрыс меңгеру, кестелерді нақты құру; Бүтін мәнді бағдарлау есебін Гомори әдісімен шеше білу; Сызықты бағдарлау есебін шешудің жасанды базис әдісін қолданып шешуді меңгеру.
B3 Микромақсаты: Сызықты бағдарлаудың сыңарлас (қосалқы) есептердің симметриялық, симметриялық емес түрлерін және олардың математикалық моделін құру ережелерін білу; қосалқы есептер теориясының негізгі теоремаларын; симметриялық және симметриялық емес қосалқы есептерді шеше білу.
B4 Микромақсаты: Тасымалдау есебінің математикалық моделін құру, бастапқы тірек жоспарды солтүстік-батыс бұрыш және минималды құн әдісін пайдаланып табу; тасымалдау есебінің тиімді шешімін табуда потенциалдар әдісін қолдана білу.
Микромақсаттарды құрғанда "микромақсатты құрастыруда ол болжамдалатындай болу қажет; яғни мұғалім үшін осы микромақсатты студенттің орындай алуын қарапайым орнатудың әдістемелік механизмі анық көрінуі қажет" екендігін ескеру керек.[5]
Бұдан кейін технологиялық картада "болжау" блогын толтырамыз, яғни әрбір микромақсат үшін өзінің өздік жұмысының - D (болжау) үлгісін құрамыз. Сонымен қатар, қандай да болмасын жағдайда бұзуға болмайтын бірнеше технологиялық ережелерді қатаң түрде ұстануы керек.
Ереже 1. Өздік жұмыс, яғни болжау D екі типті тапсырмадан тұрады: білім беру стандарты деңгейіндегі тапсырмалар, жоғары деңгейдегі тапсырмалар.
Ереже 2. Болжау D төрт тапсырмадан құралады: екеуі - стандарт деңгейіндегі, екеуі - жоғары деңгейдегі тапсырмалар.
Ереже 3. Болжаудың жалпы түрі:
1) білім беру стандартының талабы деңгейіндегі тапсырмалар;
2) білім беру стандартының талабы деңгейіндегі тапсырмалар;
3) жақсы баға талабына сәйкес деңгейдегі тапсырмалар;
4) өте жақсы баға талабына сәйкес деңгейдегі тапсырмалар.
Ереже 4. Бірінші екі тапсырма қиындығы жағынан бірдей, жеткілікті қарапайым және студенттерге анық түсінікті болуы керек. ( тапсырманың шартының анықтығына аса мән беру керек).
Ереже 5. Білім беру стандарты шартымен студент әрекетінде өзінің алдыңғы табыстарынан тәуелсіз көрсетілген кезекпен тапсырмаларды орындауға кіріседі.( әрбір студент стандарт деңгейіне жетуге міндетті, ал бұдан кейін оның осы деңгейде қалуына немесе ары қарай есеп шығаруға құқығы бар).
Ереже 6. №3 жақсы деген бағаға тапсырма алдыңғы тапсырмаға қарағанда аса күрделі болуы керек. Оның қиындығын жоғарылату болжалатын микромақсаттың мазмұнымен байланысты болуы қажет.
Ереже 7. №4 өте жақсы деген бағаға сәйкес тапсырма №3 тапсырмадан гөрі қиынырақ болуы қажет.[6].
Сонымен, жоғарыда көрсетілген жеті ережеге сүйене отырып, әрбір микромақсат үшін өздік жұмыстың өз үлгісін құрастырайық.
D1. 1) Сызықты бағдарлаудың СБ негізгі есебі түрінде қарапайым экономикалық есептің математикалық моделін құруға берілген есеп; 2) Геометриялық әдісті қолдануға арналған екіөлшемді СБ есебі; 3) n белгісіздері бар m сызықты теңдеулер жүйесі. n белгісіздерден бос және базистік белгісіздерді бөліп алу. Базистік шешімдерді табу; 4) Көпөлшемді СБ есебін екіөлшемді СБ есебіне келтіруге берілген есеп.
D2. 1) Симплекс кестелері көмегімен мақсат функциясының минимумын табуға арналған СБ есебі; 2) Симплекс кестелері көмегімен мақсат функциясының максимумын табуға арналған СБ есебі; 3) Гомори әдісін пайдаланып шығаруға берілген бүтінсанды бағдарлау есебі; 4) Жасанды базис тәсілін қолдануға арналған СБ есебі.
D3. 1) Симметриялық және симметриялық емес жағдайларда қосалқы есептерді құруға берілген есеп; 2) Қосалқылық теориясының негізгі теоремаларын пайдалануға берілген есеп; 3) Симметриялық жағдайдағы қосалқы есептерті шешу; 4) Симметриялық емес жағдайдағы қосалқы есептерті шешу.
D4. 1) Алғашқы тірек жоспарын табу үшін "минималды құн" және "солтүстік-батыс бұрыш" әдістерін қолдануға берілген есеп; 2) Көлік есебінің жабық моделіне потенциалдар әдісін пайдаланып шығаруға берілген есеп; 3) Көлік есебінің ашық моделіне потенциалдар әдісін пайдаланып шығаруға берілген есеп; 4) Туындалған жоспармен берілген көлік есебі.
Диагностика блогын толтырғаннан кейін В1 мен D1-дің, B2 мен D2-нің, B3 мен D3-тің, B4 ен D4-тің арасындағы сәйкестікті талдау өту өте маңызды.
В.М.Монаховтың педагогикалық технологиясы бойынша диагностика - бұл оқушының мемлекеттік жалпы білім алу стандарты деңгейін меңгеру немесе меңгере алмау фактін айқындау, және егер студент бірінші екі тапсырманы дұрыс (қатесіз) орындаса, онда ол стандарт деңгейіне жетті деп есептейміз. Оқушы қанағаттанарлық деген баға алады.
Егер студент екі тапсырманы орындау барысында қателіктер жіберсе, онда ол түзету тобына түседі. Ал егер бір тапсырма орындалып, бірақ екіншісінде қате немесе керісінше болса, онда студентке осы жағдайдан шығуға мүмкіндік беріледі.
Бұл үшін технологиялық картада оқушы қойылған микромақсат бойынша диагностикаға дайындалуына мөлшерленген тапсырмалар көлемі берілетін үй тапсырмасын мөлшерлеу деген блок бар болады. Егер осы оқушы жалпы білім беру талабы деңгейіндегі үй тапсырмаларын орындап, және дәптерінде диагностикада жиберген ешқандай қателік жоқ болса, оқытушы оған қанағаттанарлық деген баға қоюы қажет.
Студент кейде №1 және №2 есептерді шығара алмай, ал №3 есепті оңай шығаруы мүмкін жағдайлар кездеседі. Бұл тапсырмалардың дұрыс таңдап алынбағандығын білдіреді. Сондықтан cтудентке жақсы деген баға қоюға болмайды, яғни жоғарыда көрсетілген жеті ережеге сүйене отырып жалпы білім беру стандартының берілген микромақсатқа тиісті барлық 4 тапсырманы талдап және №1 мен №2 тапсырманы қайтадан таңдау қажет.
Осылай кейде технологиялық картаны қайта түзеп құруға тура келеді. Түзету тобына түскен оқушыларға оралайық. Оларды жалпы білім беру стандарты деңгейіне ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экономикалық талдаудың негізгі принциптері, талдау функциялары
Оқытуда компьютерлік модельдеу түсінігі
ИНФОРМАТИКА ЖӘНЕ ИНФОРМАТИКА ПӘНІ
Экономикалық тәрбие ұғымы
Ақпараттық оқыту ортасы
Жаратылыстану-математикалық бағытта бейіндік оқытудың әдістемелік ерекшеліктері
Vii-ix сыныптарда математиканы оқыту барысында пәнаралық байланыстарды жүзеге асыру
Экономикалық теория негіздерінің пәні және әдістері
Физика сабағында үлестірмелі дидактикалық материалдарды қолдану
«Технология» пәнін оқыту үдерісінде оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастыру
Пәндер