ҚР аймақтардың экономикалық қауіпсіздік жағдайын талдау


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 35 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе

1 ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІКТІҢ ПАЙДА БОЛУЫНЫҢ АЛҒЫШАРТТАРЫ

1. 1 Аймақтың экономикалық қауіпсіздігінің мәні, мазмұны және қағидалары

1. 2 Экономикалық қауіпсіздік аймақты тұрақты дамытудың негізі ретінде

1. 3. Мемлекеттің экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі рөлі (отандық және шетелдік тәжірибеде)

2 ҚР АЙМАҚТАРДЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ

2. 1. Ұлттық экономиканың тиімді дамуы экономикалық қауіпсіздіктің негізі

2. 2. Аймақтық экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің маңызы

2. 3. Экономикалық қауіпсіздік саласын жетілдіру жолдары

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі. Қазіргі жағдайларда экономиканы қайта құру процесі аймақтық деңгейде анағұрлым белсенділік танытып отыр, бұл аймақтың экономикалық қызметінің субъектілеріндегі нарықтық экономиканың заңнамалық актілері мен тетіктерін іске асыру қажеттілігімен түсіндіріледі. Осы шарттарда аймақтың ерекшеліктерін, аса маңызды өндірістік және өмір сүруді қамтамасыз етуші салалардағы жеке сектордың басымдылығын ескеретін аймақтық экономикалық саясатты қалыптастыру жүргізіліп отыр. Әр аймақ, жалпы экономикалық тенденциялар мен құбылыстардың күшті ықпалына ұшырай отырып, дәл сол уақытта өзінің қауіпсіздік мәселелеріне ие, олар аймақтың ерекшеліктерімен анықталады: жағрафиялық орны, климаттық жағдайлары, экономика салаларының құрылымы, тұрғындардың ұлттық құрамы және оның мінез-құлқының мәдени-тарихи дәстүрлері.

Экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері шешімін табуды, аймақтардың экономикалық қауіпсіздігі мен тұрақты дамуының жаңа мәселелері мен қатерлері олардың алдын алуды және жоюды қажет етеді. Қазіргі уақытта мемлекеттің, оның аймақтарының және ұйымдарының, мемлекеттік және кәсіпкерлік қызмет салаларының экономикалық мүдделерін қорғау әдістері мен тетіктерін қалыптастырудың жаңа тұжырымдамалық әдістерін іздестіру жүргізілуде, ол Қазақстан аймақтарының әлеуметтік-экономикалық даму стратегиясынан көрінеді.

ҚР Президентінің «Қазақстан-2050 стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында аймақтардағы әлеуметтік-экономикалық жағдайларды теңдестіру қажеттілігіне аса маңызды көңіл бөлінеді. Бұл мәселені шешу үшін аймақтық экономикалық мүдделерді іске асыруға бағытталған аймақтық саясаттың жаңа жолын қолданған дұрыс.

Осыған байланысты әкімшілік басқарудың аймақтық деңгейінде экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің теориялық әдістерін зерттеу, экономикалық қатерлерді айқындау әдістемесін жасау, қазіргі жағдайлардағы экономикалық жүйелерді басқарудың тетігі ретіндегі экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бағыттарды және аймақтық саясатты негіздеуерекше өзектілікке ие болып отыр.

Бүгінгі таңда экономикалық әдебиеттерде экономикалық қауіпсіздіктің тұжырымдамалық аспектілері кеңінен көрсетілген. Осыған қарамастан, аймақтардың экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі жеткіліксіз зерттелген. Мұндай жағдай бірнеше себептердің ықпалымен қалыптасып отыр.

Біріншіден, Қазақстан Республикасы аймақтарының экономикалық дамуының өзіндік ерекшеліктері бар, ол аймақтық экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету міндеттерін шешуге жобаланады және қазіргі жағдайларда нақты аймақтардың экономикалық қауіпсіздігін сипаттайтын қолданыстағы көрсеткіштердің нақты модификациясын талап етеді.

Екіншіден, Қазақстан аймақтарының экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бір біріне қайшы келетін түрлі әдістемелік көзқарастардан қарастырылады.

Көрсетілген жағдаяттар аймақтық экономикалық қауіпсіздік деңгейін бағалаудың жалпы қағидаларын әзірлеуді қиындатады, сондай ақ мемлекеттік және жергілікті билік органдарының мақсаттарын, шараларын және нақты әрекеттерін модификациялаудың қажеттілігін түсіндіретін аймақтың экономикалық даму ерекшелігін ескеретін қауіпсіздікті қамтамасыз етудің нақты шараларын әзірлеуді де қиындатады.

Тақырыптың ғылыми өңделу дәрежесі. Аймақтық дамудың экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерін зерттеу үшін әдістемелік маңызы бар әзірлемелерге Бхадури А., Кейнс Дж. М., Коуз Р., Ласка К., Левчик Ф., Лист Ф., Маркс К., Мюнх Р., Мюрдаль Г., Оппенлендер К., Самуэльсон П., Смит А., Гал З., Хорват Г. сияқты ғалымдардың еңбектері жатады.

Экономикалық қауіпсіздікті зерттеудің жалпы теориялық мәселелеріне Л. Абалкин, А. Архипов, А. Городецкий, Н. Косолапов, П. Никитенко, Е. Олейников, К. Самсонов, В. Сенчагов, В. Тамбовцев және т. б. ғалымдардың еңбектері арналған. Экономикалық қауіпсіздіктің тұрақсыздандыру факторлары және қатерлерін анықтауға, талдауға және сипаттауға А. Большаков, Е. Бухвальд, Н. Гловацкая, А. Нестеренко және т. б. ғалымдардың жұмыстары арналған. Әлеуметтік-экономикалық жүйелер дамуының тұрақсыздығы және әркелкілігі шарттарында аймақта болып жатқан негізгі экономикалық процестерді көрсететін және аймақтардың экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесіндегі аймақтар дамуын мемлекеттік реттеудің түрлі тетіктерінің тиімділігін зерттеуге мүмкіндік беретін имитациялық үлгілерді әзірлеу мәселері аса өзекті болып отыр.

Экономиканы дамытудың және экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің аймақтық аспектілері В. Анищенко, И. Долматов, Д. Доценко, Н. Дюженкова, Л. Коршунов, Н. Красников, И. Новикова, Е. Микульчинова, А. Татаркин, А. Чимитова, О. Ютяева және т. б. ғалымдардың жұмысында сипатталған. Алайда, экономикалық қауіпсіздіктің қатерлерінің жеткілікті түрде зерттелгендігіне қарамастан, аймақтық шаруашылықтың қосалқы жүйелерінде пайда болатын қатерлерді егжей-тегжейлі қарастыру қажеттілігі туындап отыр.

Қазақстандық ғалымдар да аймақтардың экономикалық қауіпсіздігі және тұрақты дамуы мәселелерін зерттеуге өз үлестерін қосты. Іргелі жұмыстардың атарында А. Есентугелов, А. Қошанов, Н. Нұрланова, Н. Бримбетова, Г. Нұрлихина, М. Спанов сынды ғалымдардың еңбектерін бөліп көрсетуге болады.

Қазіргі уақытта қолданбалы сипаттағы зерттеулер жүргізу үшін әдістемелік база қалыптастырылған, ол аймақтың экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету облысындағы басқару функцияларын анықтау бойынша тұжырымдамалық ережелер мен әдістемелік рекомендациялар деңгейіне шығуға мүмкіндік береді. Алайда, автордың көзқарасы бойынша, шет елдік және отандық экономикалық әдебиеттерде экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету факторларын ескеретін аймақтық экономикалық жүйелерді басқарудың тұтас жүйесін құру мәселесінің теориялық және әдістемелік аспектілері қамтылмаған. Қазіргі кезеңге қатысты аумақтардың тұрақты дамуының аймақтық аспектілері, экономиканың қауіпсіздігінің және аймақтардың әлеуметтік саласының жай-күйін бағалау, Қазақстан Республикасының аймақтарының экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі құрылымдар қызметін үйлестіру толығымен зерттелмеген.

Осы факторлардың барлығы Қазақстан аймақтарының тұрақты дамуы аясында экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерін зерттеудің қажеттілігін білдіреді, бұл зерттеу тақырыбын таңдауға, мақсаттар мен міндеттерді қоюға негіз болды.

Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Дипломдық жұмыстың мақсаты тұрақты даму аясында аймақтардың экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету тетіктерін жетілдіруді теориялық-әдістемелік негіздеу болып табылады.

Қойылған мақсатқа қол жеткізу үшін келесі міндеттерді шешу көзделеді:

− тұрақты даму стратегиясындағы аймақтың экономикалық қауіпсіздігінің мәнін айқындау, оның императивтерін, шекті индикаторларын анықтау, қолданыста бар қатерлер координатасында аймақтық дамуды жайғастыру;

− аймақтық экономиканың экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етудің ұйымдық-экономикалық тетігін жетілдіру тәжірибесін жалпылау және оның тиімділігін жоғарылату жолдарын анықтау;

− экономикалық қауіпсіздіктің негізгі қатерлерін аймақ деңгейінде қарастыру;

− Қазақстан аймақтарының тұрақты дамуына ықпал ететін факторларды жүйелеу;

− экономикалық қауіпсіздікті аймақтық деңгейде басқарудың негізгі қағидалары мен функцияларын негіздеу;

− аймақтың экономикалық қауіпсіздігінің жай-күйін сапалы бағалаудың әдістемелік аппаратын толықтыру және дамыту;

− аймақтың экономикалық қауіпсіздігін басқару жүйесін қалыптастыру бойынша әдістемелік рекомендациялар әзірлеу;

− анықталған қатерлерді ескеретін аймақтың экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша ұсыныстар әзірлеу.

Зерттеу объектісі Қазақстан Республикасы аймақтарының экономикасы. Зерттеу пәні аймақтардың экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша қатынастардың жиынтығы болып табылады.

Диссертациялық зерттеудің теориялық және әдістемелік негізі заманауи экономикалық ғылымның іргелі жағдайлары болып табылады. Диссертациялық зерттеуде аймақтардың экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету тенденциялары мен мәселелерін ашатын, жетекші шет ел және қазақстандық экономистердің еңбектері кеңінен қолданылған. Әдістемелік негіз ретінде Қазақстан Республикасының Заңдары, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтары, Қазақстан Республикасы үкіметінің қаулылары, және кәсіпкерлікті дамыту мәселелері бойынша басқа ресми бағдарламалық құжаттар қолданылды.

Жұмыстың құрылымы мен көлемі. Дипломдық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер көзінен, сонымен қатар құрамында 18 сурет, 8 кестеден тұрады.

1 ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІКТІҢ ПАЙДА БОЛУЫНЫҢ АЛҒЫШАРТТАРЫ

1. 1. Аймақтың экономикалық қауіпсіздігінің мәні, мазмұны және қағидалары

Дүниежүзілік шаруашылық байланыстарына жүйелі ықпалдасу бағытына ілесе отырып және өз экономикасының ашықтық деңгейін жоғарылата отырып, көптеген елдер әлемдік экономикалық дағдарыстардың ықпалына көбірек ұшырап, жаңа мәселелер мен қатерлерге төтеп беруде. Осы мәселелерге тікелей қатысы бар қазіргі заманғы дүниежүзілік дамудың негізгі үрдістерінің бірі экономиканың жаһандануы болып табылады.

Экономиканың жаһандануы шарттарында экономикалық қауіпсіздік құбылыс және жеке санат бола отырып, дүниежүзілік ықпалдастықтың, жекелеген елдердің болуы мен дамуының маңызды шарты ретінде кең халықаралық деңгейде мойындалуда және ғылыми ізденістер заты ретінде танылуда.

Сондықтан экономикалық қауіпсіздік мәселелері бойынша зерттеулер дамуының қазіргі кезеңін экономикалық теорияның жаңа бағыты - экономикалық жүйелердің қауіпсіз қызмет етуі теориясының қалыптасу кезеңі ретінде сипаттаған дұрыс. Сол себепті экономикалық қауіпсіздік теориясының қалыптасуы уақыттың объективті қажеттілігі болып табылады. Ол әсіресе мемлекет субъектілері арасындағы әртараптану деңгейінің өсуі шарттарында тұрақты даму стратегиясын әзірлеу кезінде өткір байқалады.

Осыған байланысты әлеуметтік-экономикалық және табиғи ортадағы эволюциялық процестер серпінінің мониторингі мен зерттеуі және оның негізінде барлық деңгейлердегі, оның ішінде аймақтар деңгейіндегі экономикалық қауіпсіздік стратегиясын түзету маңызды сипатқа ие болады.

Экономикалық қауіпсіздік елдің сенімді қорғаныс қабілетін қамтамасыз ету, қоғамдағы әлеуметтік тұрақтылықты ұстану, экологиялық апаттардан қорғау сияқты құрамдастармен бірге ұлттық қауіпсіздік жүйесіне органикалық кіріктірілген. Бұл жерде барлығы өзара байланысты және бір бағыты басқасынтолықтырады: әлсіз және тиімсіз экономика кезінде әскери қауіпсіздік бола алмайды, сол сияқты әлеуметтік жанжалдарға толы қоғамда әскери қауіпсіздік те, тиімді экономика да бола алмайды. Осындай өзара байланысты ерекшелей отырып, ондағы шешуші, негізгі рольдің экономикалық қауіпсіздікке жататынын ескеру қажет.

Түсініктеме беру тұрғысынан экономикалық қауіпсіздік құбылысының күрделілігі, жүйелілігі оны жүйелік әдіс арқылы осы жүйенің маңызды құрамдас бөліктерін ерекшелеу мүмкіндігімен жалпыланған түрде анықтауға мүмкіндік береді. Экономикалық қауіпсіздік түсінігінің жақын арада ғана ғылыми әзірлемелердің объектісі бола бастағанына байланысты, экономикалық әдебиттерде аталған терминнің анықтамаларын берудегі әдістердің алуан түрі кездеседі:

− экономиканың сапалы нақты жай-күйі, ол қоғамдық көзқарас тұрғысынан мемлекет экономикасын сақтау немесе ілгерілемелі ауқымдарда дамыту қажет болғанда;

− экономиканың өмір сүруге, тұлғаларды дамытуға, қоғам мен мемлекеттіңәлеуметтік-экономикалық және әскери-саяси тұрақтылығын қамтамасыз етугеқолайлы шарттарды жасауға, ішкі және сыртқы қатерлерге төтеп беруге дайындығы және осыларды іске асыру мүмкіндігі;

− экономикалық жүйенің маңызды сапалы сипаттамасы, ол тұрғындардың өмір сүруінің қалыпты шарттарын ұстануға, халық шаруашылығын дамытуын ресурстармен тұрақты қамсыздандыруға, сонымен қатар ұлттық-мемлекеттік мүдделерді біртіндеп жүзеге асыруға экономиканың қабілеттілігін анықтайды;

− экономиканың даму деңгейі, ол қолайсыз факторлардың ықпал етуі шарттарында экономикалық, әлеуметтік-саяси және әскери тұрақтылықты қамтамасыз етеді;

− ұлттық экономика тәуелсіздігін, оның тұрақтылығы мен беріктігін, үнемі жаңару мен өзін-өз жетілдіру қабілеттілігін қамтамасыз ететін шарттар мен факторлар жиынтығы;

− ұлттық шаруашылық кешенін және оның құрамдас бөліктерінің сипаттамасы, ол әлеуметтік және экономикалық тұрақтылық және тиімді халықаралық серіктестік шарттарында қоғамдық өмірлік маңызы бар мүдделерге қатер тудыратын ішкі және сыртқы мәселелерді оңтайлы шешуге бағытталған, тұрғындардың барлық қабаттарының әл-ауқатын тұрақты өсіру жолымен, ілгерілемелі дамуға қабілеттілігі тұрғысынан алғанда.

«Экономикалық қауіпсіздік» санатының мәнін анықтаудың теориялық-әдістемелік әдістерін сынамалы талдау келесі қорытынды жасауға мүмкіндік береді: экономикалық қауіпсіздіктің бернеше деңгейі бар, оларға халықаралық, ұлттық, аймақтық, салалық, кәсіпорын деңгейіндегі, дербес экономикалық қауіпсіздік жатады. Экономикалық қауіпсіздік деңгейлерінің өзара ықпал етуі 1-суретте көрсетілген.

Экономикалық қауіпсіздік өзінің кез келген деңгейлерінде, жеке алғанда, аймақтық деңгейде қоғам мен мемлекеттің қарым қатынасының жүйесі ретінде қарастырылуы тиіс, және, осыған байланысты, экономикалық қауіпсіздік мәселелерін зерттеудегі негізгі жол жүйелік әдіс болуы қажет. Жүйелік әдісті қолданудың қажеттілігі қауіпсіздікті халықаралық, ұлттық, аймақтық және дербес деңгейде қамтамасыз ету процестерінің диалектикалық бірыңғайлығымен түсіндіріледі, ал бұл қауіпсіздіктің басқа деңгейлерін есепке алмай, жеке деңгейін қарастыруға мүмкіндік бермейді. Мұндай бірыңғайлықтың қайнар көзі экономикалық қауіпсіздіктің түрлі деңгейлеріне әсер ететін процестер мәнінің ұқсастығы болып табылады.

Теориялық аспектілерді қарастыра отырып, түсініктемелік құралдарды және, ең алғашқы кезекте, осы зерттемеге қатысты «аймақ» түсінігін анықтау қажет. Айта кету қажет, отандық және шет елдік әдебиеттерде берілген түсініктің нақты анықтамасы жоқ, бұл Қазақстан және шет елдердегі заманауи аймақтық зерттеулер бағыттары мен әдістемелік тұжырымдамаларының көп түрлілігінің себептерінің бірі болып табылады. Осы зерттеу аясында аймақ ретінде біз кешенділік, біртұтастық, ерекшелік және басқарушылықпен, яғни саяси- әкімшілік басқару органдарының болуымен сипатталатын мемлекет субъектісінің әкімшілік шекараларындағы аумақты түсінеміз.

Біздің ойымызша, экономикалық қауіпсіздіктің аймақтық деңгейі ең маңыздылардың бірі болып табылады, өйткені тап осы тұста қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік саясаттың мақсаты мен міндеттері іске асады. Дәл осы уақытта, аймақтың экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндеттерін шеше отырып, жалпы мемлекетке қатысты, аймақтың, осы аймақта қызмет ететін жекелеген кәсіпорындардың, үй шаруашылықтарының экономикалық қауіпсіздік ерекшеліктерін ескеретін критерийлерді назарға алу қажет.

Сурет 1. Экономикалық қауіпсіздік деңгейлерінің өзара ықпалдасуы

Ескерту - автормен құрастырылған

Аймақтың экономикалық қауіпсіздігінің мәнін анықтауда берілген мәселемен айналысатын авторлардың бірегей көзқарасы жоқ. Мәселен, батыс экономист ғалымдарының арасында бір тұжырымдама кеңінен таралған, ол бойынша экономикалық қауіпсіздік экономикалық дағдарыстар шарттарында ұлттық экономиканың өміршеңдігі ретінде, сонымен бірге жалпы экономиканың және оның жетекші салаларының дүниежүзілік экономикалық аренадағы бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету қажеттілігі ретінде қарастырылады.

Қытай ғалымы Джанг Ёнг «экономикалық қауіпсіздік» терминіне қысқа анықтама берді: «Қытай сияқты дамушы елдер үшін экономикалық қауіпсіздік экономикалық тәуелсіздікті сақтай отырып, ұлттық экономикалық даму арқылы барлық тұрғындардың өмір сүруінің дүниежүзілік стандарттарын біртіндеп өсіруді қамтамасыз ету қабілеті деп анықтаған дұрыс. Басқаша айтқанда, экономикалық қауіпсіздіктің екі жағы бар: бәсекеге қабілеттілік және тәуелсіз экономикалық еркіндік». Осы екі «жақтың» ішінен авторды екіншісі көбірек толғандырады. Ол барлық зерттеулерін шет ел капиталының қытай экономикасына әкелген зардаптарына арнаған.

Ресей ғалымы Сенчагов В. К. аймақтың экономикалық қауіпсіздігін
«аймақ тұрғындарының әл-ауқатын арттыруға жететін аймақтың әлеуметтік-экономикалық және қаржылық әлеуетін сақтауға ішкі және сыртқы қатерлері жоқ, жоқтың қасы немесе көзі жойылған жай-күйі» деп түсіндіреді. Бұл жерде автор аймақ тұрғындарының әл-ауқатының жоғарылауын әлеуметтік жанжалдардың жоқтығы (немесе жай байқалуы) және мемлекет біртұтастығын қамтамасыз етудің негізі ретінде көрсетеді.

Акинин П. В., Гаевский В. В., РязанцевС. В. көзқарастары бойынша аймақтың экономикалық қауіпсіздігі үшін аймақтардың сыртқы көршілермен нәтижелі қарым қатынасы мен аумақ ішіндегі экономиканың серпінді дамуы жеткілікті.

Профессор Губин Б. В. анықтамасы академик Олейников Е. А. аймақтың экономикалық қауіпсіздігі терминіне берген анықтамасына ұқсас келеді. Аймақтың экономикалық қауіпсіздігін олар аймақтар экономикасының даму тұрақтылығын және сарынды дамуын, нақты тәуелсіздігін және ел экономикасымен ықпалдасуын сипаттайтын шарттар мен факторлардың, олардың ағымдағы жай-күйінің жиынтығын түсінеді, олар келесі жайттардан көрінеді:

− мемлекет аясында жеке экономикалық саясат жүргізу мүмкіндігі;

− елдегі жедел геосаяси өзгерістерге төтеп беру қабілеті;

− жекелеген экономикалық апаттармен немесе федералдық деңгейдегі экономикалық қате есептеулермен байланысты аймақтағы төтенше әлеуметтік жағдайлар бойынша ірі экономикалық іс-шараларды жүзеге асыру (немесе, ең болмағанда, жүзеге асыруды бастауға) қабілеттілігі;

− келісім-шарт негізінде қолданыстағы теңгерімсіз экономикалық жағдай аймақтың экономикалық мүдделеріне теріс әсер етуі мүмкін аумақтарға көмек көрсету.

Еделев А. Л. көзқарасы бойынша аймақтың экономикалық қауіпсіздігінің мәні келесіде: аймақ экономикасының тұрғындардың өмір сүру сапасын жалпы қабылданған стандарттар деңгейінде сатылап жоғарылату, барлық ресурстар мен табиғи факторларды аз шығындай отырып, ішкі және сыртқы қатерлерге төтеп беру, аймақтың әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси тұрақтылығын қамтамасыз ету.

Н. С. Гуськов, В. Е. Зенякин и В. В. Крюков сынды зерттеушілердің көзқарастары бойынша аймақтың экономикалық қауіпсіздігі келесідегідей анықталады: табиғи, еңбек, материалдық, қаржылық ресурстарды қолдану тиімділігін, сонымен бірге, экономикалық өсудің жоғарғы қарқындарына қол жеткізуді, аймақтық өндірістің тиімділігін, өнім, жұмыс, қызметтер сапасын жоғарылауын, өндірісті монополиядан арылтуды, шаруашылық субъектілерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыруды аймақтық биліктің басқару органдары тарапынан нәтижелі бақылау мүмкіндігі.

Коршунов Л. А. аймақтың экономикалық қауіпсіздігін кеңістіктік трансформациялар тарапынан қарастырады. Экономикалық қауіпсіздік термині ретінде ол аймақтардың кеңістіктік шек араларының өзгеруімен қалыптасатын және экономикалық даму тұрақтылығының бұзылуымен байланысты қатерлерден мемлекет, қоғам, қоршаған орта мүдделерінің сақталуының жай- күйін түсінеді:

− оның ресурстық, өндірістік, адами, қаржылық және т. б. әлеуеттерін өсірудің мүмкін болмауы;

− теріс сыртқы және ішкі әсерлерге аймақтың «қорғаныс қабілетінің» төмендеуі;

− қоршаған табиғи ортаға теріс әсерлердің пайда болуы;

− тұрғындар қажеттіліктері мен қоршаған орта мүмкіндіктерінің арасындағы теңгерімнің оңтайсыз өзгеруі.

Қазақстандық экономикалық ғылымда экономикалық қауіпсіздік тек ұлттық ауқымдарда ғана зерттеледі. Д. К. Ахметов берілген түсінікті «экономикалық тұрақтылық деңгейін арттыруға әсер ететін ұлттық экономиканың еркіндігі мен оның сауда-саттық еркіндігін, оның өзін өзі жетілдіруін және жаңаруын қамтамасыз ететін барлық шарттар мен факторлардың жиынтығы» ретінде анықтайды. Экономикалық қауіпсіздіктің мәнін түсіну үшін автор оның «даму» және «тұрақтылық» түсініктерімен байланысын түсіндіреді. Дәлірек айтқанда, нақ осы түсініктер бірыңғай жүйе ретіндегі экономиканың маңызды сипаттары болып табылады.

М. Е. Нығматулина да осындай көзқарасты ұстанады: «ұлттық қауіпсіздіктің аса маңызды құрамдасы ретінде экономикалық қауіпсіздік экономикалық жүйенің нақты жай-күйін көрсетеді, мұндай экономикада азаматтық қоғам мен мемлекеттің басты қажеттіліктерінің қанағаттандырылуы, елдің қорғаныс қабілеті мен болуы мүмкін ішкі және сыртқы қатерлерінің көрінуі қамтамасыз етіледі.

Ұлттық экономикалық қауіпсіздік жүйесінде келесі іріленген блоктарды бөліп көрсетуге болады: табиғи-ресурстық, экологиялық, әлеуметтік-экономикалық, қаржылық және дербес-экономикалық.

О. Н. Өксікбаев басқаша көзқарасты ұстанады, ол экономикалық қауіпсіздіктің негізгі сапасы ретінде тұрақтылықты бөліп көрсетеді. Жеке алғанда, ол көрсетеді: «Экономикалық қауіпсіздікті сыртқы қысымға қарамастан, қоғамның әлеуметтік-экономикалық және саяси-құқықтық тұрақтылығын, жалпы мемлекеттің және оның әрбір мүшесінің даму тұрақтылығы мен ілгерілемелі дамуын қамтамасыз етуге дайындығы мен мүмкіндігі ретінде түсінген дұрыс».

Б. К. Баяндин бұл мәселе бойынша белгілейді: «Бейінді қазақстандық зерттеулерді талдай отырып, айта кету керек, отандық ғалымдар экономикалық қауіпсіздікті әдістеменің екі жолымен: институционалдық және құрылымдық-функционалдық талдау тарапынан қарастырады. Институционалдық әдіс арқылыэкономикалық қауіпсіздіктің оқшау мәселелері, критерийлері және тетіктері анықталады. Құрылымдық-функционалдық талдау экономикалық қауіпсіздіктің кешендік факторларын зерттеуге, экономикалық қауіпсіздікті талдаудың түрлі әдістемелерін әзірлеуге, сонымен бірге оның индикаторлары мен шекті мәндерін анықтауға мүмкіндік береді».

Берілген зерттеу аясында «аймақтың экономикалық қауіпсіздігі» түсінігініңзаманауи экономикалық әдебиеттерде көрсетілген анықтамаларын жалпылай отырып, автор аймақтың экономикалық қауіпсіздігі ретінде экономика тұрақтылығын, оның даму кезеңділігі мен даму тұрақтылығын, еркіндік деңгейі мен ел экономикасымен ықпалдасу деңгейін, сонымен бірге мемлекеттік биліктің аймақтық органдарының шаруашылық субъектілерінің мүдделерін іске асыру мен қорғау тетіктерін қалыптастыру қабілетін, аймақтық ықпалдастықтың әлеуметтік-экономикалық тұрақтылығын қалпында ұстау қабілетін сипаттайтын шарттар мен факторлардың жиынтығын түсінеді.

Аймақтың экономикалық қауіпсіздігінің анықтамасы оның қағидаларын анықтауға мүмкіндік береді. Автордың пікірі бойынша, ол қағидалар төмендегідей:

− аймақтың экономикалық қауіпсіздігін ұлттық қауіпсіздіктің құрамдас бөлігі ретінде қамтамасыз ету;

− аймақтың экономиканың жай-күйінің объективті көрсеткіштерінің мониторингі және индикативті талдауы;

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚР аймағын дамыту стратегиясының негізгі бағыттары мен олардың ресурстық қамтылуы
Аймақтардың экономикалық дамуын мемлекеттік реттеу
Қазақстан экономикасын аймақтық басқару
АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК–ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖҮЙЕСІН ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ, ӘДІСТЕРІ
Қазақстанның экономикалық дамуының аймақтық аспектілері
Потенциалды қауіпті экономикалық нысандардың беріктігіне баға беру және болжау әдістері
Республикалық және жергілікті бюджеттердің қазіргі кезеңдегі орындалу барысын талдау
Теориялық тұрғыда қалыптасқан әр түрлі, әр бағыттағы ғылыми классикалық концепцияларға мән беріп, олардың өзектілігі мен артықшылықтарын анықтау
Қазақстан Республикасының әлеуметтік саясатының мемлекеттік-аймақтық түрі және оны іске асырудың механизмдері
Қазақстан Республикасының бюджет жүйеснің құрылымы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz