«Медициналық апат» бейбіт және әскери уақыттағы төтенше жағдайлардағы халықты қорғаудың негізгі шаралары

1 «Медициналық апат» Бейбіт және әскери уақыттағы төтенше жағдайлардағы халықты қорғаудың негізгі шаралары.
2 Нормативтік құқықтық қызметі
3 Бейбіт және соғыс уақытындағы төтенше жағдайлар .1 сағ.
4 Эвакуациялық шараларын ұйымдастыру
Төтенше жағдай - адамдардың қаза табуына әкелiп соққан немесе әкелiп соғуы мүмкiн, олардың денсаулығына, қоршаған ортаға және шаруашылық жүргiзушi объектiлерге нұқсан келтiрген немесе келтiруi мүмкiн, халықты едәуiр дәрежеде материалдық шығындарға ұшыратып, тiршiлiк жағдайын бұзған немесе бұзуы мүмкiн авария, зiлзала немесе апат салдарынан белгiлi бiр аумақта туындаған жағдай.
Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар - дүлей зiлзала (жер сiлкiнiсi, сел, көшкiн, су тасқыны және басқалар), табиғи өрт, iндеттер мен малдың жұқпалы аурулары, ауылшаруашылық өсiмдiктерiнiң және ормандардың кеселдерi мен зиянкестерi арқылы зақымдануын туғызған төтенше жағдайлар.
Техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар - өнеркәсiп, көлiк авариялары және басқа да авариялар, өрт (жарылыс), күштi әсер ететiн улы, радиоактивтi және биологиялық жағынан қауiптi заттарды тарататын (тарату қаупi бар) авария, үйлер мен ғимараттардың кенеттен қирауы, бөгендердiң бұзылуы, тiршiлiктi қамтамасыз ететiн электр-энергетика және коммуникация жүйелерiндегi, тазарту құрылыстарындағы авария туғызған төтенше жағдайлар.
Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар мынадай кластарға жіктеледі:
объектілік, жергілікті, өңірлік және жаһандық.
1. Егер авария, табиғи зілзала немесе апат нәтижесінде төтенше жағдай аймағы өндірістік немесе әлеуметтік мақсаттағы объектінің аумағы шегінен шықпаса, бұл ретте мынадай салдарлардың бірі туындаса немесе туындауы мүмкін болса:
5-тен астам, бірақ 10-нан көп емес адам қаза болса;
50-ден астам, бірақ 100-ден көп емес адамның тіршілік ету жағдайлары бұзылса;
адамдардың денсаулығына, қоршаған ортаға және шаруашылық жүргізу объектілеріне келтірілген материалдық залалдың мөлшері бес мыңнан он бес мыңға дейінгі айлық есептік көрсеткішті құраса табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай объектілікке жатады.
2. Егер авария, табиғи зілзала немесе апат нәтижесінде төтенше жағдай аймағы өндірістік немесе әлеуметтік мақсаттағы объектінің аумағы шегінен шықса және облыстың екі ауданының шегінен шықпаса, бұл ретте мынадай салдарлардың бірі туындаса немесе туындауы мүмкін болса:
10-нан астам, бірақ 50-ден көп емес адам қаза болса;
100-ден астам, бірақ 500-ден көп емес адамның тіршілік ету жағдайлары бұзылса;
адамдардың денсаулығына, қоршаған ортаға және шаруашылық жүргізу объектілеріне келтірілген материалдық залалдың мөлшері он бес мыңнан жүз мыңға дейінгі айлық есептік көрсеткішті құраса табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай жергіліктіге жатады.

Медициналық апат Бейбіт және әскери уақыттағы төтенше жағдайлардағы халықты қорғаудың негізгі шаралары.

3. Егер авария, табиғи зілзала немесе апат нәтижесінде төтенше жағдай аймағы бір облыстың кемінде үш ауданының аумағын қамтыса не төтенше жағдай Қазақстан Республикасының екі облысының аумағында болса, бұл ретте мынадай салдарлардың бірі туындаса немесе туындауы мүмкін болса:
50-ден астам, бірақ 200-ден көп емес адам қаза болса;
500-ден астам, бірақ 1500-ден көп емес адамның тіршілік ету жағдайлары бұзылса;
адамдардың денсаулығына, қоршаған ортаға және шаруашылық жүргізу объектілеріне келтірілген материалдық залалдың мөлшері жүз мыңнан екі жүз мыңға дейінгі айлық есептік көрсеткішті құраса табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай өңірлікке жатады.
4. Егер авария, табиғи зілзала немесе апат нәтижесінде төтенше жағдай Қазақстан Республикасының үш және одан да көп облыстарының аумағында болса не шектес мемлекеттердің аумағын қамтыса, бұл ретте мынадай салдарлардың бірі туындаса немесе туындауы мүмкін болса:
200-ден астам адам қаза болса;
1500-ден астам адамның тіршілік ету жағдайлары бұзылса;
адамдардың денсаулығына, қоршаған ортаға және шаруашылық жүргізу объектілеріне келтірілген материалдық залалдың мөлшері екі жүз мыңнан аса айлық есептік көрсеткішті құраса табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай жаһандыққа жатады.

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Апаттар медицинасы орталығы ММ (бұдан әрі - АМО) табиғи және техногендік апаттар салдарынан зардап шеккендерге шұғыл медициналық көмек көрсету, зардап шеккендерді қауіпсіз жерге көшіруге, төтенше жағдайды жоюға қатысқандардың денсаулығын қалпына келтіру және сақтау мақсатында кұрылды (АМО 1994 жылы құрылды).

Нормативтік құқықтық қызметі
АМО Қазақстан Республикасы Үкіметтің 3 Қаулысын және Қазақстан Республикасы Төтеншежағдайлар министрлігінің 3 бұйрығын дайындауға белсендi атсалысты:
Қазақстан Республикасы Үкіметтің Қаулысы:
1.2010 жылғы 28 қаңтардағы №30Жекеленген мемлекеттік мекемелерді коммуналдықменшіктен республикалық меншікке өткізу туралы;
2.2010 жылғы 17 маусымдағы №608Төтенше жағдайлардағы медициналық көмект көрсетуережесі, түрі және көлемі;
3.2010 жылғы 19 маусымдағы №736Қазақстан Республикасы аумағынан төтеншежағдайларды жоюға баратын апаттық-құтқару ұйымдар және құрамы қатарында, материалды-техникалық және медициналық заттар, Қазақстан Республикасы аумағынан дәрілік заттарды,медициналық заттарды және медицина техникасын шығару ережесі.
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің бұйрықтары:
1.2010 жылғы 13 қазандағы №354Апаттар медицинасы қызметінің ережесін бекіту.
2.2011 жылғы 27 маусымдағы №274 біріккен төрт жақты бұйрық Трассалық медициналыққұтқару пунктінің жауапты аймағында жол көлік апатында өзара әрекет ету (ҚазақстанРеспубликасы Ішкі істер министрлігі, Денсаулық министрлігі, Төтенше жағдайлар министрлігі,Көлік және коммуникация министрлігі қол қойған).
3.2011 жылғы 29 маусымдағы №278 біріккен бұйрық Трассалық медициналық құтқарупунктінің жұмысын ұйымдастыру ережесін бекіту (Төтенше жағдайлар министрлігі қол қойыпҚазақстан Республикасы Денсаулық министрлігімен келісім жасаған).

Бейбіт және соғыс уақытындағы төтенше жағдайлар -1 сағ.
1. Зілзала, авария, апат және төтенше жағдайдың анықтамалары.
2. Негізгі белгілері бойынша төтенше жағдайларды жіктеу.

1. ҚР-ның 1996 жылғы 5 шілдедегі "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы" Заңы Қазақстан Республикасы аумағында табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды жою жөніндегі қоғамдық қатынастарды реттейді. Мұнда халықты, қоршаған ортаны және шаруашылық жүгізуші объектілерді төтенші жағдайлар мен олар туғызған зардаптардан қорғау - мемлекеттік саясатты жүргізудің басым салаларының бірі болып табылады.
Заңда төтенше жағдайға, дүлей зілзалаға, аварияға анықтама берілген; ұйымдардың міндеттері, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы халықтың құқықтары мен міндеттері белгіленген; жергілікті өзін-өзі басқару мемлекеттік органдардың өкілеттіктері ерекше көрсетілген; табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы заңдарды бұзғаныүшін жауапкершілік анықталған. Заңда төтенше жағдайларға қатысты өзгеде сұрақтар қамтылған.
Дүлей зілзала бұл әдеттегідей тұрғындардың қалыпты тіршіліктерінің тұтқиыл бұзылуына, адамдардың өліміне, ауыл шаруашылығы малдарының шетінеуіне, материалдық құндылықтардың бүлінуіне және жойылуына әкеп соғатын табиғи құбылыс.
Дулей зілзала - төтенше жағдайдың пайда болуына әкеліп соғатын зілзала.
Төтенше жағдайлардың көбісі адамға бағынышты емес табиғат күш әсерінен болады: жер сілкінісі, сел, су тасқыны, сырғымалар, қар көшкіні, дауылдар, күртік, орман және дала өрттері т. б.
Әрбір дүлей зілзаланың өзіне ғана тән пайда болу себептері, қозғауші күші, сипаты мен даму сатысы, қоршаған ортаға әсер ету ерекшеліктері болады.
Дүлей зілзалалар бірінен-бірінің елеулі айырмашылықтарына қарамастан оларға мына жалпы ерекшеліктер ортақ болып келеді: кең өріс алуы, қоршаған ортаға айтарлықтай әсер етуі, адамға күшті психологиялық ықпал жасауы.
Авария -- технологиялық процесстер мен механизмдердің бұзылуы, жабдықтар және ғимараттардың зақымдануы.
Авариялар зардаптарының сипатты түріне, ауқымына және олар пайда болған кәсіпорынның ерекшелігіне байланысты. Авариялардың әдеттегідей зардаптары: жарылыстар, өрттер, су басу, шахтаны үйінді басу болуы мүмкін.
Көбінесе авариялар ауаның газдалуы, мұнай өнімдерінің, қауіпті сұйықтықтардың, қатты әсер ететін улы заттардың төгілуіне әкеліп соғатын зардаптар туғызады.
Апат -- бұл тұтқиылдан пайда болдыратын адам әрекеті, халықтың үлкен тобының тіршілік әрекеттерінің бұзылуымен, адам өлімімен немесе өмірі мен денсаулығына қауіп төндірумен, едәуір экономикалық немесе экологиялық шығынмен сипатталатын табиғи немесе әлеуметтік зілзала
Апаттар көлемі мен түрі бойынша бөлінеді:
Көлемі бойынша: кіші, орташа, үлкен болады.
Көлемді анықтау кезінде белгіге екі көрсеткіш алынады: зардап шеккендер немесе ауруханаға жатқызтын адамдар саны; апат зардабына ұшыраған аумақ.
Түрі бойынша:
- табиғи (табиғи немесе дүлей зілзала);
- жасанды (антропогендік, атап айтқанда адам факторы әсерінен) болады

Табиғи:
1. Метеорологиялық (дауыл, циклон, құйын, әдеттегіден тыс аптап, құғақшылық, аяз, найзағайдан болған өрттер).
2. Тектоникалық және теллурлық (жанартаудың атқылауынан болған өрт, жер сілкінісі).
3. Топологиялық (сел, сырғыма, қар көшкіні, тастың құлауы, су басу).
4. Космостық (метеориттердің және басқа космостық денелердің құлауы, олармен соқтығыс).
Төтенше жағдай - адамдардың қаза табуына әкеліп соққан немесе әкеліп соғуы мүмкін, олардың денсаулығына, қоршаған ортаға және шаруашылық жүргізуші объектілерге нұқсан келтірген немесе келтіруі мүмкін, халықты едәуір дәрежеде материалдық шығындарға ұшыратып, тіршілік жағдайын бұзған авария, зілзала немесе апат салдарынан болған белгілі бір аумақта туындаған жағдай.

Төтенше жағдайлардың басты көрсеткіші бүлдіру процесстерінің жиілігі болып табылады, бұл процесстерді қалыпқа келтіру үшін қосымша күш пен қаражатты тарту және айрықша шешім қабылдауды талап етеді.
2.Төтенше жағдайлар үш негізгі белгілері бойынша жіктелінеді:
1. Пайда болу саласы бойынша.
2. Ведомстволық қатыстылығы бойынша.
3. Аймақтық таралуы бойынша.

Пайда болу саласы бойынша төтенше жағдайлар:
- табиғи;
- техногенді;
- жанжалды болып бөленеді.
Эвакуациялық шараларын ұйымдастыру
Бейбіт уақытында барлық баспаналар шаруашылық мақсатқа пайдаланылады. Қала мен селолық жерлердің халқы радияцияға қарсы баспаналарда, туннелдерде, кен орындарында, жер асты гараждарында және басқа да паналау ғимараттарында жасырынады, сол үшін жоспарлы жиналу және есеп сондайақ халықты жасырыну ғимараттарына бөлу жүргізіледі.
Халықты қорғау әдістерінің ең негізгісі уақытша көшіру (эвакуация) шаралары болып табылады, оған: адамдардың өмірін сақтау мақсатында төтенше жағдайлар аймағынан және қазіргі заманғы қырып жою құралдары қолданылуы мүмкін аудандардан халықты көшіру; соғыс уақытында санатталған қалаларда жұмыс істеп жатқан, ұйымдардың жұмысшылары мен қызметкерлерін қауіпсіз аймаққа ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Төтенше жағдайлардағы халықты, аумақ пен ұйымдарды қорғау шаралары
Халықты қорғаудың ұжымдық құралдары
ТЖ кезіндегі құтқару жұмыстары мен басқа да шұғыл жұмыстарды ұйымдастыру және жүргізу
Төтенше жағдайда қорғау
Халықты және шаруашылық жүргізу объектілерін қорғау жүйелері
Азаматтық қорғаныстың міндеттері мен қолданатын шаралары
Халықты, қоршаған орта мен ұйымдарды төтенше жағдай кезіндегі қорғау
Төтенше жағдайларда тұрғындарды қорғау
Транспорттагы төтенше жағдайлар
Қазақстан Республикасындағы Азаматтық қорғаныс жүйесі туралы
Пәндер