Нығмет Сауранбаев туралы



Нығмет Сауранбаев
Қазақ тілінің іргетасын қалыптастыруға үлес қосқан санаулы ғалымның бірі
Академик Нығмет Сауранбаев – қазақ тілі білімінің барлық салаларында қалам тартып, оның негізгі теориялық бағыт-бағдарын анықтап, іргетасын қалыптастыруға үлес қосқан санаулы ғалымның бірі. Бүгінгі таңда ғалымның есімі тарих қойнауында. Ал Н.Сауранбаевтың зерттеулері қазақ тілінің бүгінгі дамуы мен оның өзекті мәселелерін шешуге әлі де ғылыми-теориялық құндылығын жоймаған, жолбасшы ретінде пайдаланылып келеді. Бұл – ғалымның теориялық білімінің тереңдігінің, өміршілдігінің, өрістілігінің куәсі.
Қазіргі қазақ тілі құрмалас сөйлемдер жүйесінің өткені мен бүгінгі жай күйін, көкейтесті мәселелерін танып білуде академик Н.Сауранбаевтың теориялық тұжырымдарын зерттеудің маңызы зор. Н.Сауранбаевтың ғылыми зерттеулері - құрмалас сөйлемдердің негізгі теориялық бағыт-бағдарын, негізін анықтауда бағдарламалық мәні бар, қазіргі қазақ тілі құрмалас сөйлем синтаксисінің бүгінгі дамуы мен оның өзекті мәселелерін шешуде баға жетпес мұра. Бүгінде ғалымның еңбектері, соның ішінде құрмалас сөйлемдер жөніндегі зерттеулері ғылыми бағасын әлі де толық алған жоқ. Сондықтан ғалым тұжырымдарының қалыптасуының теориялық негіздерін анықтау, бүгінгі күнгі тұжырымдармен салыстырып, жан-жақты талдауды қажет етеді.
Н.Т.Сауранбаев өз шығармашылығының нағыз шарықтау кезеңінде құрмалас сөйлем синтаксисі мәселелерін зерттеумен шұғылданады. Ғалым құрмалас сөйлемдердің табиғатын танып, тарихына көз жүгіртумен бірге, ішкі-сыртқы заңдылықтары мен ерекшеліктерін, жасалу жолдары мен жұмсалуын қарастырып, синтаксистік қызметін саралады.
Құрмалас сөйлемдерді зерттеуде даулы мәселелердің бірі – жай сөйлем мен құрмалас сөйлемдерді айырудың критерийлері қандай деген мәселе. Бұл мәселе жөнінде ғалым «жай сөйлем мен құрмалас сөйлемнің арасындағы айырмашылық: жай сөйлем жеке сөздерден, сөз тіркестерінен құралса, құрмалас сөйлемдер бірнеше жай сөйлемдерден (синтаксистік компоненттер- ден) құралады. Яғни, әрқайсысының өзіне тән дербес бастауышы, баяндауышы және тұрлаусыз мүшелері бар, әр сөйлем бөлек тұрған қалпында бөлек-бөлек ойды білдіре алады».[18;251-бет] Н.Сауранбаев қазақ тіліндегі құрмалас сөйлемдердің негізгі белгілері ретінде мыналарды береді:
1) Құрмаластағы синтаксистік компоненттерде айтылатын ойдың дербестігі;
2) Компонентте дербес бастауышпен баяндауыштың болуы;
3) Құрмаластағы әрбір компоненттердің интонациялық жігі айқын болуы;
Құрмалас сөйлемде берілген ой бірнеше оқиға, құбылыстар көлемінде құрылып, олар бір-бірімен ұштасып, логикалық жағынан бір-біріне ұласа айтылады. Ғалымның пікірінше, компоненттердегі бірнеше ойдың дербестігін компоненттің тұлғалық дербестігімен шатастырмау керек. Құрмаластағы жай сөйлемдер өзінің тұлғалық дербестігін сақтауы да, сақтамауы да мүмкін. Н.Сауранбаев құрмалас сөйлемдер жай сөйлемдерден құралатындықтан, ондағы синтаксистік компоненттерде бастауыш пен баяндауыштың болуы құрмалас сөйлем деп танудың басты критерийі деп таниды. Бірақ бұл жерде бастауыш пен баяндауыш құрмалас сөйлемнің негізгі критерийі болғанымен, ғалым бұл екі мүшенің синтаксистік рөлі бірдей еместігін, бастауыштан баяндауыштың рөлі басым екендігін, сондықтан құрмалас сөйлем компоненттерінің бастауыштары кейде ортақ болып, тіпті болмауы мүмкіндігін көрсетеді. Мәселен, ғалым «Еңбек қылмай тапқан мал дәулет болмас, қардың суы секілді тез суалар» деген сөйлемінің мағыналық жағын басшылыққа алған болу керек. Өйткені берілген сөйлем себептік қатынасқа құралған.

Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Нығмет Сауранбаев

Академик Нығмет Сауранбаев – қазақ тілі білімінің барлық салаларында
қалам тартып, оның негізгі теориялық бағыт-бағдарын анықтап, іргетасын
қалыптастыруға үлес қосқан санаулы ғалымның бірі. Бүгінгі таңда ғалымның
есімі тарих қойнауында. Ал Н.Сауранбаевтың зерттеулері қазақ тілінің
бүгінгі дамуы мен оның өзекті мәселелерін шешуге әлі де ғылыми-теориялық
құндылығын жоймаған, жолбасшы ретінде пайдаланылып келеді. Бұл – ғалымның
теориялық білімінің тереңдігінің, өміршілдігінің, өрістілігінің куәсі.
Қазіргі қазақ тілі құрмалас сөйлемдер жүйесінің өткені мен бүгінгі
жай күйін, көкейтесті мәселелерін танып білуде академик Н.Сауранбаевтың
теориялық тұжырымдарын зерттеудің маңызы зор. Н.Сауранбаевтың ғылыми
зерттеулері - құрмалас сөйлемдердің негізгі теориялық бағыт-бағдарын,
негізін анықтауда бағдарламалық мәні бар, қазіргі қазақ тілі құрмалас
сөйлем синтаксисінің бүгінгі дамуы мен оның өзекті мәселелерін шешуде баға
жетпес мұра. Бүгінде ғалымның еңбектері, соның ішінде құрмалас сөйлемдер
жөніндегі зерттеулері ғылыми бағасын әлі де толық алған жоқ. Сондықтан
ғалым тұжырымдарының қалыптасуының теориялық негіздерін анықтау, бүгінгі
күнгі тұжырымдармен салыстырып, жан-жақты талдауды қажет етеді.
Н.Т.Сауранбаев өз шығармашылығының нағыз шарықтау кезеңінде құрмалас
сөйлем синтаксисі мәселелерін зерттеумен шұғылданады. Ғалым құрмалас
сөйлемдердің табиғатын танып, тарихына көз жүгіртумен бірге, ішкі-сыртқы
заңдылықтары мен ерекшеліктерін, жасалу жолдары мен жұмсалуын қарастырып,
синтаксистік қызметін саралады.
Құрмалас сөйлемдерді зерттеуде даулы мәселелердің бірі – жай сөйлем
мен құрмалас сөйлемдерді айырудың критерийлері қандай деген мәселе. Бұл
мәселе жөнінде ғалым жай сөйлем мен құрмалас сөйлемнің арасындағы
айырмашылық: жай сөйлем жеке сөздерден, сөз тіркестерінен құралса, құрмалас
сөйлемдер бірнеше жай сөйлемдерден (синтаксистік компоненттер- ден)
құралады. Яғни, әрқайсысының өзіне тән дербес бастауышы, баяндауышы және
тұрлаусыз мүшелері бар, әр сөйлем бөлек тұрған қалпында бөлек-бөлек ойды
білдіре алады.[18;251-бет] Н.Сауранбаев қазақ тіліндегі құрмалас
сөйлемдердің негізгі белгілері ретінде мыналарды береді:
1) Құрмаластағы синтаксистік компоненттерде айтылатын ойдың дербестігі;
2) Компонентте дербес бастауышпен баяндауыштың болуы;
3) Құрмаластағы әрбір компоненттердің интонациялық жігі айқын болуы;
Құрмалас сөйлемде берілген ой бірнеше оқиға, құбылыстар көлемінде
құрылып, олар бір-бірімен ұштасып, логикалық жағынан бір-біріне ұласа
айтылады. Ғалымның пікірінше, компоненттердегі бірнеше ойдың дербестігін
компоненттің тұлғалық дербестігімен шатастырмау керек. Құрмаластағы жай
сөйлемдер өзінің тұлғалық дербестігін сақтауы да, сақтамауы да мүмкін.
Н.Сауранбаев құрмалас сөйлемдер жай сөйлемдерден құралатындықтан, ондағы
синтаксистік компоненттерде бастауыш пен баяндауыштың болуы құрмалас сөйлем
деп танудың басты критерийі деп таниды. Бірақ бұл жерде бастауыш пен
баяндауыш құрмалас сөйлемнің негізгі критерийі болғанымен, ғалым бұл екі
мүшенің синтаксистік рөлі бірдей еместігін, бастауыштан баяндауыштың рөлі
басым екендігін, сондықтан құрмалас сөйлем компоненттерінің бастауыштары
кейде ортақ болып, тіпті болмауы мүмкіндігін көрсетеді. Мәселен, ғалым
Еңбек қылмай тапқан мал дәулет болмас, қардың суы секілді тез суалар
деген сөйлемінің мағыналық жағын басшылыққа алған болу керек. Өйткені
берілген сөйлем себептік қатынасқа құралған.
Көптеген түркітанушылар (Н.Дмитриев, Ш.Ширалиев,т.б.) құрмалас
сөйлемнің компоненттерінің баяндауыштары жақтасуын басты шарт деп есептесе,
ал Н.Сауранбаев құрмалас сөйлемнің синтаксистік компоненттерін-де
баяндауышпен жақтасып, тиянақты қалыпта тұруы, қазақ тілі үшін де, жалпы
түркі тілдері үшін де шартты емес. Ғалымның бұл пікірімен келіспеуге
болмайды.
Н.Сауранбаев құрмалас сөйлемдегі синтаксистік компоненттердің ара
жігі бірнеше тәсілдерімен ажыратылады деген қорытындыға келеді. Олар:
интонация, баяндауыштың тиянақты формасы, жалғаулықтар, септеуліктер немесе
солардың қызметін атқаратын жалғаулық сөздер. Сондықтан сабақтастарда
компоненттердің жігін көрсетуші көбінесе интонация болады да, ал
салаластарда үш тәсіл (баяндауыштың тиянақты формасы, жалғаулық, демеулік,
интонация) бірдей қолданылады деп, әрқайсысына талдау жасаған.[18;510-бет]
Бұл – түркологияда бұрын-соңды айтылмаған пікір.
Ғалым тұжырымдарын 1939 жылы С.Аманжоловпен бірігіп жариялаған Қазақ
тілі грамматикасының синтаксис бөлімінде толықтырып, жетілдіре түседі.
Құрмалас сөйлемдер жөнінде осы күні айтылып жүрген негізгі ұғымдар осы
еңбекте берілген. Құрмалас сөйлемдер салалас, сабақтас және аралас деп үш
топқа бөліп, аралас құрмалас сөйлемдер жеке зерттеу нысанасы ретінде
алынған. Салалас жалғаулықты және жалғаулықсыз салаластар деп екіге
бөлінгенде, жалғаулықты салалас жеті түрге жіктелген: тіркесті, қарсылықты,
үдетпелі, талғаулы, себепті, кезектес, бейтарап салалас сөйлемдер. Ал
сабақтас құрмалас сөйлемдер: себеп-салдар, мезгіл мәнді, шартты мәнді,
салыстырмалы, мақсатты, қарсылықты, нұсқаулы, іргелес, аяулы, сілтеулі
сабақтастар деп бөлінген. Қазіргі грамматикада үдетпелі салалас пен
тіркесті салалас - ыңғайлас салалас, бейтарап салалас - талғаулы
салалас деген атаулармен бірлесе, іргелес салалас сабақтас құрмалас
сөйлемдер қатарынан үлектес сабақтас деп танылған. Ал сабақтастардың
ішінде нұсқаулы сабақтас, аяулы сабақтас, сілтеулі сабақтас
дегендерден басқасының барлығы қолданылып жүр.
Жай сөйлемдердің құрамына енген сөздер бір-бірімен қандай граммати–
калық тығыз байланыста болса, құрмалас сөйлем құрамындағы жай сөйлемдер де
сондай тығыз байланыста тұрады. Құрмалас сөйлемдер арасындағы теңдік
қатынасқа негізделген салаласа байланысу не біріне-бірі меңгеріле бағыну
негізіндегі сабақтаса байланысу болады. Құрмалас сөйлемдер құрамындағы жай
сөйлемдердің байланысының әр түрлі болуы – оларды байланыстыру
дәнекерлердің, амал-тәсілдердің әр алуандығы.
Н.Сауранбаев құрмалас сөйлемдерді ұйымдастырудың амалдары ретінде
интонация, компоненттердің орын тәртібі, шылаулар, етістіктің есімше,
көсемше, шартты рай тұлғалары, изафеттік тіркестер қатыса алады дейді.Бұнда
ғалымның жаңалығы – құрмалас сөйлемнің компоненттерінің изафеттік тіркестер
арқылы құрмаласуы.
Қай тілде болмасын, адамның айтайын деген ойының аяқталғанын немесе
аяқталмағанын білдіруде интонацияның атқарар қызметі өте зор. Тіл-тілде
интонация тиянақты және тиянақсыз болып екіге бөлінеді. Тиянақты интонация
сөйлемнің соңында келеді де, айтылған ойдың аяқталғанын білдіреді. Бұл
қағида – тек жай сөйлемге ғана тән емес, сонымен қатар құрмалас сөйлемдерге
де ортақ қасиет. Н.Сауранбаевтың айтуынша, интонация – құрмалас сөйлемнің
грамматикалық табиғатының негізгі крите- рийлерінің бірі. Құрмалас сөйлем
тиянақты ойды білдіретін екі я одан да көп жай сөйлемдерден емес, біршама
аяқталған ойды білдіріп, өзара предикативтік қатынаста тұратын жеке
компоненттерден жасалады. Құрмалас сөйлемнің әрбір компоненті тиянақсыз
немесе біршама тиянақсыз үнмен айтылады да, тиянақты интонация сөйлемнің
соңында келеді. Сондықтан ол - тек құрмалас сөйлемге ғана емес, жай
сөйлемге де тән құбылыс. Құрмалас сөйлемдердегі интонацияның бұл түрінің
қызметі сол, құрмалас сөйлемдердің құрамындағы жай сөйлемдердің басын
біріктіріп, оларды синтаксистік бір бүтін етіп тұрады. Н.Сауранбаев:
интонация имеет различные ритмика- мелодические разновидности, которые
используется в почеркивании эмоциональной окраски стилистических и
смысловых оттенков предложений [16;362-бет] Бұл үстеме мағына
жалғаулықтарды қолдану арқылы жүзеге асатынын ғалым дұрыс көрсеткен.
Құрмалас сөйлемдердің құрамына енген жай сөйлемдердің тіліміздегі
қалыптасқан орын тәртібі бұзылса, жай сөйлемдердің бір-бірімен байланысы,
сөйлемдердің құрмаластық қасиеті жойылады. Сондықтан құрмалас сөйлемнің
компоненттерінің орын тәртібі жай сөйлемдерді құрмаластырудың елеулі бір
тәсілінің бірі болып есептелінеді. Құрмалас сөйлем компоненттерінің
орындалуында мынадай заңдылықтар болады:
1) салалас құрмалас сөйлемде, сабақтас құрмаласта да мағына және
тұлғалары жағынан тиянақсыз компоненті тиянақты компоненттің алдынан
келеді;
2) поэзияда құрмаластардың тиянақты компоненттерімен тиянақсыз
компоненттерінің орын тәртібін өзгертіп, өлең үйлесіне қарай түрленіп
айтылады. Бұлай болып келу - тілімізде қалыптасқан заңдылық;
3) сабақтас құрмалас сөйлемнің тиянақсыз компоненті тиянақты
компоненттің ішінде келеді. Бірақ бұл тілімізде кең жайылған құбылыс емес,
өте сирек кездеседі. Бұнда сөйлемнің интонациялық жағынан ғана өзгермесе,
оның компоненттерінің байланысы мен мағынасына ешқандай нұқсан келмейді.
Н.Сауранбаевтың көрсетуінше, анықтауыш бағыныңқылы, толықтауыш
бағыныңқылы және мезгіл, себеп , шартты бағыныңқылы сөйлемдер басыңқы
сөйлемнің алдында тұрады.
Сондай-ақ құрмалас сөйлемдерде байланыстырушы элементтердің де
белгілі орын тәртібі бар. Мысалы, септеуліктер бағыныңқы сөйлем, ал
жалғаулықтар басыңқы сөйлем құрамында келеді де: в сложном иредложе- нии
твердый порядок расположения простые предложений используется как один из
способов связи деп қорытады.[16;365-бет]
Жай сөйлемдерді бір-бірімен құрмаластырып, құрмалас сөйлем жасауда
жалғаулықтардың атқарар ролі зор. Әрбір грамматикалық категориялар мен
морфологиялық тұлғаларға, синтаксистік қатынастар мен қалыптасқан сөздердің
формасына тарихи өлшем тұрғысынан қарайтын ғалым, әрбір жалғаулықты бір
кезде толық мағыналы жеке сөздер болған, олардың жалғаулыққа (демеулікке)
айналуының негізгі себебі - сөз бен сөздің, сөйлем мен сөйлемнің арасындағы
синтаксистік қатынас деген пікір айтады (бірақ – бір + ақ, дегенмен – де +
ген + мен, алайда – алай + да, сөйтіп – солай + етіп, сондықтан – солай +
болғандықтан, біресе – бір + есе, сөйтсе – солай + етсе).
Н.Сауранбаевтың пікірінше, кейбір жалғаулық мәнде қолданылатын сөздер
толығымен жалғаулыққа айналмаған. Мәселен, болмаса сөзі екі мағынада
қолданылады: негізгі және жалғаулық мағынасында. Мысал ретінде Бұл үйді
салып бітіру керек, болмаса тіпті қою керек. Олай болмаса қайтесің деген
сөйлемдерді келтіріп, болмаса жалғаулығы бірінші сөйлемде жалғаулық мәнде,
екінші сөйлемде өзінің негізгі мағынасында қолданылған деп түсіндіреді.
Осыған орай қазақ тіліндегі жалғаулықтарды екі топқа бөледі. Бірінші топқа
таза жалғаулықтар, яғни үстеме мағына беретін жалғаулықтарды жатқызса,
екінші топқа лексико-семантикалық және грамматикалық мағынада жұмсалатын
жалғаулық мәнді сөздер: болмаса, себептен, болғандықтан, дегенмен
жатқызылған.
Жалғаулықтардың тілімізде пайда болу дәуірі де, жазба ескерткіштер
тілінде кездесу дәрежесі де, қызметтері де біркелкі емес. Ғалым 8–17- ғасыр-
лар арасында жазба ескерткіш тілінде осы күні қолданылып жүрген
жалғаулықтардың болмағандығын айтып, тек үшін шылауының қолданылғандығын
айтады. Зерттеушілердің жалғаулықтардың бір кезде пайда болмағандығын,
олардың бірте-бірте жеке сөздерден, тіпті сөйлемдерден пайда болып, олардың
жаңа синтаксистік мәнге ие болғандығын жоққа шығармайды. Профессор
Р.Әміровтың пікірінше, болмаса, әйтпесе, немесе ерте кезде шартты бағыныңқы
сабақтас қызметін атқарып, осының нәтижесінде талғаулықты және қарсылықты
жалғаулықтар пайда болған.
Салалас және сабақтас құрмалас сөйлемдерде жалғаулықтардың қолдану
дәрежесі біркелкі емес. Салаласа құрмаласқан сөйлемдердің көбінде
жалғаулықтар сөйлемдерді құрмаластырушы негізгі тұлға емес, бұнда
байланысты күшейте түсетін, көмекші тұлға ретінде жұмсалады. Н.Сауранбаев
бұл жөнінде: По сравнению с послелогами союзные слова имеют особую сферу
употребления. Союзы выражают не влияние синтаксические отношения и
следовательно, связывают составные части сложного предложения не всех
типов. Сфера действия союзов распространяется преимущественно в пределах
одного отношения именно в тех случаях, когда отношение одного слова к
другому и одного предложения у другому предложению является равным или
независимым. В том случае, когда отношение между сочетающимся
синтаксическими еденицами или компонентами бывают неравное или зависимое,
союзы вообще по своим функциям преимущественно являются соченительными. Они
определяют специфические особенности сложносочиненного предложения в
отличии от сложноподчиненного. [16;366-бет]
Салалас құрмалас пен сабақтас құрмаласты ажыратуда қазақ тілі
білімінде екі түрлі көзқарас қалыптасқан: бірінші көзқарас бойынша, оларды
ажыратудың критерийі компоненттердің мағыналық қарым-қатынасы, егер
компоненттер мағыналық жағынан бірі екіншісіне тәуелді болса, сабақтас
құрмалас сөйлем болады. Ал өзара теңдік қатынаста жұмсалса,
компоненттерінің баяндауыштары тиянақты тиянақсыз тұлғаларда тұрғанымен
салалас құрмалас сөйлем деп танылады. Екінші көзқарас бойынша, салалас
құрмалас пен сабақтас құрмалас сөйлемдерді мағыналық белгілеріне қарай
емес, тұлғаларына қарай ажыратуды критерийі етіп алу. Егер алдыңғы
компоненттің баяндауышы тұлғалық жағынан тиянақсыз болып, екінші
компонентке бағына байланысса, сабақтас құрмалас деп, ал баяндауыштары
тиянақты тұлғада тұрса салалас құрмалас деп танылады.
Қазақ тіл білімінде салаластың қатарында көсемшенің – п тұлғасымен
келген сөйлемдердің де танылғаны белгілі.(Ғ.Бегалиев, Қ.Жұбанов,
Н.Сауранбаев, С.Жиенбаев) Бұл ғалымдар сөйлем табиғатын түсінуде мағыналық
тиянақтылықты басшылыққа алып, тиянақсыз байланысу жолын екінші қатарға
қойған. Мұндай сөйлемдерді Н.Сауранбаев іргелес сабақтас сөйлем деп,
С.Аманжолов үлектес сабақтас сөйлем деп атауды ұсынған.
Қазақ тіл білімінде жалпы түркологияда құрмалас сөйлемдердің
грамматикалық табиғатын психолингвистика тұрғысынан алғаш рет Н.Сауранбаев
түсіндірген. Ғалымның түсіндіруінше, сөз бен сөздің, сөйлем мен сөйлемнің
арасында қатынастың мәнін, түрін психолингвистикасыз түсіндіруге болмады.
Ғалым өз тұжырымын дәлелдеу мақсатында: Жазды күні томпайған бір төбелер
бар еді, енді олар қарға батып кетіпті де, жалтыр төбелері (қар тұрмайтын)
сырғанақ болып қалыпты сөйлемінде талдау жасайды: бірінші сөйлем - жазды
күні томпайған бір төбелер бар еді, екіншісі - енді олар қарға батып
кетіпті де, үшіншісі - жалтыр төбелері (қар тұрмайтын) сырғанақ болып
қалыпты. Мұнда төбе туралы бірнеше ой ұласқан. Бірінші төбенің бір мезгілде
барлығы, екіншіде олардың қарға батуы, үшіншісі тақыр төбелердің сырғанақ
болып қалуы туралы. Жоғарыда келтірілген үш сөйлем форма жағынан да тығыз
байланысты. Үш сөйлемдегі ойдың да түпқазығы – төбе. Бірінші сөйлеммен
(жазды күні томпайған бір төбелер бар еді), екінші сөйлем (енді олар қарға
батып кетіпті де) мезгіл жағынан байланысты, яғни біріншіде төбенің өткен
уақыттағы қалпы (көрінбей қарға батып кеткені) туралы салыстырылып
айтылған. Ғалымның айтуынша, бұрыннан белгілі бір ой (томпайған төбенің
барлығы) арқылы жаңа ой (олардың қарға батуы, төбелердің жылтыр болуы)
айтылған. Психологияда мұндай процесс апперцепция деп аталады. Апперцепция
дегеніміз білуге тиісті нәрсені бұрын білінген нәрсе арқылы білу болады.
Сондықтан апперцепцияның нәтижесінде жаңадан ой құрастырылады. Апперцепция
екі түрлі ұғымнан құралады: бірінші апперцепциялаушы (яғни бұрыннан
белгілі) ұғым, екіншісі апперцепцияланушы (яғни білінуге тиісті) ұғым.
Сондықтан ғалым мынадай қорытындыға келеді: жай сөйлемдердің бірде тең
дәрежеде салалас болып, бірде бір – біріне бағынып сабақтасып құрмаласуының
ең негізгі себебі – адамның айналадағы табиғи, қоғамдық өмірдегі
оқиғалардың, құбылыстардың арасындағы байланысты аңдауы.(восприятие)
Салаласып құрмаласқан жай сөйлемдердің арасындағы ішкі байланыс
құбылыстардың, оқиғалардың арасындағы байланысты айқын, дәл ажырату емес,
ассоциация аналогия, апперцепция принциптерімен жинақталып ұласуға
негізделген.[15;35-бет] Автордың түсіндіруінше, сөйлемдердің сабақтасып
құрмаласуының психологиялық негізі – талдау (анализ). Ал сөйлемдердің
салаласып құрмаласуының психологиялық негізі керісінше болады. Сөйлемдердің
салаласып құрмаласуының психологиялық негізі – жинақтау (синтез).
Салалас құрмалас сөйлемдердің құрамына енген жай сөйлемдер өздерінің
сөйлемдік қасиеттерінен аз да болса айырылып, бір бүтіннің органикалық
бөлшектеріне айналады. Салалас құрмаласта басқа компоненттеріне қарағанда
бірінші компоненттің интонациясы тиянақсыздау болады. Осыдан болу керек
Н.Сауранбаев интонациясы құрмалас сөйлем – дерді танудың басты критерийі
деп таниды. Салалас сөйлемдегі жай сөйлемдер әркашан белгілі жалғаулық
арқылы, я жалғаулық мағынада қолданылатын көмекші сөздер арқылы
құрмаласады. Сондықтан әр сөйлемнің баяндауыштары тиянақты қалыпта тұра
алады. Осыған орай, Н.Сауранбаев салалас құрмаласқа енген жай сөйлемдердің
тиянақты қалыпта тұруының үлкен бір себебі – олардың арасындағы
синтаксистік қатынастар (сабақтастағы сияқты; құрмаласқа енген жай
сөйлемдердің баяндауыштары арқылы емес) арнаулы жеке формалар, жалғаулықтар
арқылы білінеді деп есептейді. Бұл – бұрын – соңды айтылмаған пікір. Ғалым
салалас құрмалас сөйлемдердің өзара байланысу тәсілдерін баяндай отырып,
бүгінде айтылып жүрген құрмаласу жолдарын (аналитикалық) тәсіл,
жалғаулықтар немесе жалғаулықтар орнына жүретін көмекші сөздер арқылы айтып
кеткен.
Сабақтас құрмалас сөйлемдердің байланысу жолдары мен топтастыру
мәселелерінде шартты болса да бірізділік болса, салаластарды топтастыру
–да, олардың байланысу тұлғаларын айқындауда мұндай бірізділік болмады.
Салалас құрмаластар тобына құрмаластағы жай сөйлемдердің байланыс формалары
да, белгілі бір ойды білдірудегі дербестілік дәрежесі де әр түрлі құрмалас
сөйлемдер жатқызылып жүрді. Ал Қазақ тілінің құрмалас сөйлемдер жүйесінде
салалас сөйлемдерді жіктеуде Н.Сауранбаев өзіне дейін жіктеліп келгендей
мезгілдес, себептес, қарсылықты деп үш түрге ғана бөліп, олардың өзіндік
белгілерін, мәнін түсіндірген. Бұл саладағы автордың табысы – салалас
сөйлемдердің аталған түрлерін кеңірек баяндауында. Бірақ қазақ тіліндегі
талғаулы, кезектес салаластар құрмалас сөйлем дәрежесіне көтеріле қойған
жоқ деп есептеген. Ғалымның пікірінше, сөйлемдерді құрмаластардың басқа
түрлерінен (іргелес, сабақтас) ажырататын шек – жалғаулық, яғни,
салаластардың жалғаулықтар арқылы құрмаласатындығы.
Іргелес құрмаластарды құрмалас сөйлемдердің ерекше құрылымдық-
семантикалық түрі ретінде қарастыру көптеген түрколог ғалымдардың
еңбектерінде айтылған. Қазақ тіл білімінде іргелес құрмалас сөйлемдерді
алғаш рет құрмалас сөйлемнің жеке түрі ретінде Н.Сауранбаев қарастырған.
Н.Сауранбаев еңбегінде іргелес деген термин бұған дейінгі лингвистикалық
әдебиеттерде жалғаулықсыз деп аталатын терминнің орнына қолданылған.
Бірақ онымен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Құрмалас сөйлемнің қалыптасуы
Тілдің аумақтық өзгешеліктері
Құрмалас сөйлемнің қкалыптасу мен даму жолдары
Құрмалас сөйлем ықшамдалуының басқа тілідік құрылымдармен байланысы
Жергілікті диалектілер және оларды зерттеудің маңызы
Әдеби қазақ тілі
Тахауи Ахтановтың Шырағың сөнбесін шығармасы тіліндегі диалектілік сөздердің қолданысы
Орыс тілі ықпалымен бұрмаланған жер-су аттары
Анықтауыш оның жасалу жолдары
Тілдегі үнемдеу заңдылығының теориялық негіздері
Пәндер