Шығармашылық ойлау мәселелері



1. Ойлау жөнiнде түсiнiк
2. Ойлау жөнiндегi теориялар
3. Ойлау формалары
4. Ой қызметтерi
5. Ой әрекетi түрлерi
Адам өзiне қоршаған ортадан келiп түскен ақпарат арқылы тек сыртқы дүние көрiнiстерiн нақтылап қоймастан, қабылданған заттың iшкi, мағыналық тараптарына да назар аударады, заттардың өздерi жоқ болса да, олардың тұрқы мен қасиеттерiн жобалап таниды, уақыт пен кеңiстiкке орай болмыс өзгерiстерiн болжастырады, ұшқыр ой қанатын ерттеп, әлем мен мәңгiлiкте шарықтайды. Мұның бәрi де ойлау процесiне байланысты адамзат мүмкiндiгi. Жантану ғылымында ойлау - бұл тұлғаның шындықты жалпылама және жанама бейнелеуге ба-ғытталған танымдық әрекетi. Түйсiк пен қабылдаудан бастау ала отырып, ойлау тiкелей сезiмдiк бiлiктер аймағынан шығып, нақты қабылдаумен бiлуге мүмкiн болмаған дүние құбылыстарын жанама қорытындылау арқылы бiлiп, танымдық шектерiмiздi кеңейтуде жәрдемдеседi. Мысалы, айна сыртында iлулi тұрған термометрге қарап, күннiң суықтығын байқаймыз.
Түйсiк пен қабылдау құбылыстардың жеке тараптарының әр мезгiлдегi кездейсоқ байланыстарын танытады. Ал ойлауда сол түйсiктер мен қабылдау деректерi топтастырылады, салыстырылады, олардың арасындағы қатынастар ашылып, ажыратылады. Сезiмдiк негiз де танылған заттар мен құбылыстардың қасиеттерiне сүйене отырып, ойлау арқылы заттардың тiкелей көрiнбеген, тереңдегi жаңа қырлары мен сырларын топшылайды. Сонымен, ойлау қоршаған дүниенiң мәнiн жалпылай түсiнуге, болмысты заңдылықты байланыстар мен қатынастар негiзiнде тануға мүмкiндiк бередi.
Заттар арасындағы байланыстар мен қатынастарды ашу - ойлаудың басты мiндетi, осыдан-ақ ойлаудың болмысты тереңдей тануға бағытталған ерекше сипаты көрiнедi. Ойлау қатынастар мен байланыстарды ғана емес, сонымен бiрге қасиеттер мен мәндi белгiлейдi; бiрақ қатынастар тек ойлаумен ғана көрiнiп қоймайды. Шынында да, бiздiң қабылдаудағы танитынымыз дербес элементтердiң жай қосындысы емес, осы деңгейдiң өзiнде де болмыс қасиеттерi мен заттары өзара қатынасты бiрлiкте болып, ойлаудың дүниетанымдық қызметiне арқау болады. Бiрақ қабылдауда заттар мен құбылыстардың қасиеттерi бiздiң санамызға жеке-дара, кейде мәнсiз, кездейсоқ белгiлерiмен келiп түсуi мүмкiн. Осыдан, ойлаудың мiндетi кездейсоқ сәйкестiктерден ажыратып, нақты заңдылықтарға негiзделген мәндi, қажеттi байланыстарды танып, аша бiлу.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
С. АМАНЖОЛОВ АТАНДАҒЫ ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

Тақырыбы: Шығармашылық ойлау мәселелері

Орындаған
_________________

Өскемен, 2009

Ойлау жөнiнде түсiнiк
Адам өзiне қоршаған ортадан келiп түскен ақпарат арқылы тек сыртқы
дүние көрiнiстерiн нақтылап қоймастан, қабылданған заттың iшкi, мағыналық
тараптарына да назар аударады, заттардың өздерi жоқ болса да, олардың тұрқы
мен қасиеттерiн жобалап таниды, уақыт пен кеңiстiкке орай болмыс
өзгерiстерiн болжастырады, ұшқыр ой қанатын ерттеп, әлем мен мәңгiлiкте
шарықтайды. Мұның бәрi де ойлау процесiне байланысты адамзат мүмкiндiгi.
Жантану ғылымында ойлау - бұл тұлғаның шындықты жалпылама және жанама
бейнелеуге ба-ғытталған танымдық әрекетi. Түйсiк пен қабылдаудан бастау ала
отырып, ойлау тiкелей сезiмдiк бiлiктер аймағынан шығып, нақты қабылдаумен
бiлуге мүмкiн болмаған дүние құбылыстарын жанама қорытындылау арқылы бiлiп,
танымдық шектерiмiздi кеңейтуде жәрдемдеседi. Мысалы, айна сыртында iлулi
тұрған термометрге қарап, күннiң суықтығын байқаймыз.
Түйсiк пен қабылдау құбылыстардың жеке тараптарының әр мезгiлдегi
кездейсоқ байланыстарын танытады. Ал ойлауда сол түйсiктер мен қабылдау
деректерi топтастырылады, салыстырылады, олардың арасындағы қатынастар
ашылып, ажыратылады. Сезiмдiк негiз де танылған заттар мен құбылыстардың
қасиеттерiне сүйене отырып, ойлау арқылы заттардың тiкелей көрiнбеген,
тереңдегi жаңа қырлары мен сырларын топшылайды. Сонымен, ойлау қоршаған
дүниенiң мәнiн жалпылай түсiнуге, болмысты заңдылықты байланыстар мен
қатынастар негiзiнде тануға мүмкiндiк бередi.
Заттар арасындағы байланыстар мен қатынастарды ашу - ойлаудың басты
мiндетi, осыдан-ақ ойлаудың болмысты тереңдей тануға бағытталған ерекше
сипаты көрiнедi. Ойлау қатынастар мен байланыстарды ғана емес, сонымен
бiрге қасиеттер мен мәндi белгiлейдi; бiрақ қатынастар тек ойлаумен ғана
көрiнiп қоймайды. Шынында да, бiздiң қабылдаудағы танитынымыз дербес
элементтердiң жай қосындысы емес, осы деңгейдiң өзiнде де болмыс қасиеттерi
мен заттары өзара қатынасты бiрлiкте болып, ойлаудың дүниетанымдық
қызметiне арқау болады. Бiрақ қабылдауда заттар мен құбылыстардың
қасиеттерi бiздiң санамызға жеке-дара, кейде мәнсiз, кездейсоқ белгiлерiмен
келiп түсуi мүмкiн. Осыдан, ойлаудың мiндетi кездейсоқ сәйкестiктерден
ажыратып, нақты заңдылықтарға негiзделген мәндi, қажеттi байланыстарды
танып, аша бiлу.
Қажеттi әрi мәндi байланыстарды аша отырып, назарға алғандардан
кездейсоқтарын бөлумен ойлау жалқыдан жалпыға өтедi. Кеңiстiк пен уақыт
аймағында шектелген, жеке-дара жағдайлардың кездейсоқ тоғысынан құралған
байланыстар жалқылық сипатқа ие болады, ал әрқандай мән кездейсоқ
жағдайлардың өзгерiсiне қарамастан жалпы сипатқа ие, ойлаудың қызметi осы
мәндi байланыстарды ашумен, оларды қорытындылап, жалпы-ластыру; ойлау,
осыдан, жалқыдан жалпыға, жалпыдан жалқыға бағытталған байланыстарды тану
жолындағы психикалық әрекет желiсi. Сондықтан да ойлау жанама байланыстар
мен қатынастарға негiзделген объектив шын-дықтың қорытындысы.
Теориялық таным әрекетi ретiнде ойлау ықпалды қимылмен тығыз
байланысқан. Адам болмысқа әсер жасау арқылы оны түсiнедi, дүниенi өзгерте,
қайта жасай отырып, оның мән-жайын тереңдей айырады. Осыдан ой-лау
әрекетпен немесе әрекет ойлаумен жай қосарлана жүрмейдi, әрекет ойлаудың ең
бастапқы формасы, яғни әрекет, қимыл болмаған жерде ойлау процесi де жоқ.
Iс-тәжiрибе, қимыл-әрекет ойлау дұрыстығы мен дәлдiгiнiң негiзi де, ақырғы
нәтижесi де; жалпы iс-тәжiрибеге тәуелдiлiгiн сақтаумен, теориялық ойлау
өзiнiң алғашқы әрi жеке, кездейсоқ практикалық жағдайларға бағыныштылығынан
құтылады. Қорытынды түсiнiм мен жалпы ше-шiмге келтiре алу мүмкiндiгiнен
ойлаудың басқа психикалық процестерден өзгешелiгi айтарлықтай. Бiр мәселе
бойынша қабылданған қорытынды нәтижесiн тапқан жалғыз-ақ проблемаға тиiстi
орындалмай, бүкiл сол тақылеттi көптеген сұрақтарға жауап болған -
теориялық шешiм ретiнде қабылданады. Жеке дерекке орай қабылданған ой, ендi
бiр сұрақ аймағынан шығып, қорытындылық ма-ңызға ие болумен, теорияға не
теорияның құрамды бiр бөлiгiне айналады. Ойлау процесiнде қандай да бiр
мәсе-ле қайталай, жаңадан ашыла бермейдi, онда жалпыланған түрде мәселе
шешiмдерiнiң принциптерi айқындалып, практиканың болашақта кезiгетiн
мiндеттерiнiң орындалу жолдары болжастырылады, яғни ойлау арқылы жос-пар
түзiледi. Осыдан, ойлауға байланысты адам практикаға жол көрсететiн,
әрекетке жетекшi болған теорияға қол жеткiзедi, объектив шындықты танытатын
диалектика жолын ашады. Әрекет негiзiнде дамып, ойлау, ақырында, iс-қимылды
ұйымдастыруға және оған басшылық етуге себiн тигiздi.
Ойлау жөнiндегi теориялар
Ойлау проблемасы көп дәуiрге дейiн психология саласы болудан гөрi,
философия мен логика нысаны болып келдi. Сондақтан да ойлау процесiн
зерттеуде ғылым бағыттары арасындағы күрес бiрде толастамаған. Ойлау
жөнiндегi алғашқы материалистiк бағыт классикалық сенсуализм тұжырымын
негiзге алып, алғаш сезiмдiк та-нымда болмаған дүние санада бейнеленуi
мүмкiн емес деген шешiмдi уағыздады. Алайда бұл теориялық тоқтам көбiне
ойлауды ес, елес бейнелерiнiң бiрлiгi немесе ассоциация нәтижелерi деп
үстiрт түсiндiредi. Бұлай топшылаудан өнiмдi де белсендi процесс ретiнде
танылмаған ойлау өз алдына дербес, процестiк сипатынан айрылып, жақын
кезеңдерге дейiн ғылымда арнайы зерттеулер аумағынан тыс қалды.
Қарама-қарсы бағытты ұстанған идеалист философтар ойлауды адам рухының
айрықша, қарапайым бөлшектерге жiктелмейтiн процесс формасы деп таныды.
Бiздiң заманымызда ойлауды рухтың символдық белсен-дiлiгiнiң көрiнiсi
ретiнде тану неоканттық философияға негiз болып отыр. Ойлау - психикалық iс-
әрекеттiң ерекше түрi деп психологияда алғашқы жария еткен Вюрц-бургтық
ғылыми мектеп болды. Бұл бағытта өз тұжырым-дарын эксперименталды
дәлелдеуге ұмтылған ХХ ғасыр басындағы немiс психологтары (О.Кюлье,
А.Мессер, К.Бюлер, Н.Ах) ойлауды одан әрi бөлшектенбес сана қызметi деп
бiлдi; оны сезiмдiк негiз бен сөздiк өрнектен бөлектедi, оны таза рухқа
телiп, бұл мәселеде идеалистiк тарапқа қолдау бердi.
Сонымен ойлаудың ғылыми шешiмi табылмай, бұл жөнiндегi проблема
тығырыққа тiрелдi. Ендi жантану ғылымы алдында бұл құбылысты материалистiк
тұрғыдан түсiндiруден басқа жол қалмады. Мұндай түсiнiмнiң мәнi келесiдей
едi: ойлау - өз тамыры мен тарихына ие, заттасқан iс-әрекет формаларын
сипаттайтын тарихи қалыптасқан құрал-жабдықтарға сүйенедi және тiлдiк
жүйенi негiзгi құрал ретiнде пайдаланады. Бұл мiндеттердi атқа-ру үшiн
шынайт ғылым ойлауды "рух көрiнiсiне" теңдестiрмей, оны қоғамдық тарих
желiсiнде қалыптасып, алғашқыда затпен тiкелей байланысқан әрекет ретiнде
орындалатын, мәндiк байланысқан және арақатынастағы тiл жүйесiн
пайдаланатын процесс, ал кейiн iшкi "ақыл-ой қызметiне" айналып,
қысқартылған формаға келетiн сана әрекетi деп тануы қажет болды.
Адамның ойлау қызметi үшiн сезiмдiк танымға қарағанда, сөйлеу мен тiл
әлдеқайда маңызды. Ойлаудың ең жоғарғы формасы - сөздi-логикалы ой
(вербально-логическое мышление). Тек қана осы ой формасында адам тiлдiк
таңбаларды (коды) қолданумен күрделi байланыстар мен қатынастарды
бейнелейдi, түсiнiктер қалыптастырып, қорытынды жасаумен күрделi теориялық
мәселелердi шешедi. Адамның ойлау қызметi, қандай да формада орындалмасын,
тiл қатысынсыз жүзеге келмейдi. Ойлау процесi жануарларға да тән, бiрақ
олардың ой жүйесi көрнекiлiкке құрылып, белгiлi мезетте көз алдында тұрған
нақты заттармен ғана байланысты. Ал адам өз ойы арқылы танылуы тиiс
нысаннан тiкелей байланысын үзiп, оның қасиеттерi мен сипаттарын тiлдiк
белгiлермен өрнектеп, тыңдаушыға жеткiзе алады. Сонымен, ғылыми психология
үшiн сөз тек тiлдесу қажетiн орындап қана қоймастан, негiзгi ойлау құралы
да болып есептеледi.
Бiрақ ойлау мен сөздiң ажыралмас байланысынан ой мен сөздi бiр нәрсе
екен деп қарастыруға болмайды. Екеуiнiң төл табиғаты әрқандай. Мұның
дәлелi: бiр ойды әрқилы сөзбен өрнектеуiмiз; қысылтайаңда бiлдiрейiн деген
ойымызды жеткiзуге сөз таба алмай күйзелуiмiз; кейде көп сөйлеп, бiрде-бiр
ойды жеткiзе алмауымыз, т.с.с.
3. Ойлау формалары
Бiр нәрсе туралы ойлағанда бiз әрқашан да үғымға сүйенемiз. Ұғым
дегенiмiз - зат немесе қүбылыстың жалпы, сондай-ақ мәндi қасиеттерiн
бейнелейтiн ой.
Ұғым - заттың бейнесi елестен ерекше. Мысалы, өзiмiз тұратын үй жөнiндегi
түсiнiгiмiзде бiз нақ сол үйдi барлық ерекшелiктерiмен (жаңа, қызыл
кiрпiштен, бес қабат) ойға келтiремiз. Ал: "Үй-адамның баспанасы" деп
ойлайтын болсақ, бiз белгiлi бiр үйдi айтпай, кез келген үй, баспана
жөнiнде қорытылған үғымды пайдаланамыз. Cондықтан үғым елестен гөрi кеңiрек
келедi. Көрнекi бейнеде көз алдымызға елестете алмайтындарымызды ұғым
жәрдемiмен өренектеймiз (жан, капитал, хандық).
Мысалы, бiз мың бұрышы бар геометриялық фигураны ойша көре алмаймыз, бiрақ
"мың бұрыш" деген үғым бар, бiз практикада мұндай фигураның болуы мүмкiн
екендiгiн мойындаймыз.
Ұғымды сөзбен жеткiзуге болады. Бiрақ, ұғым мен сөз екеуi теңдес емес:
1) бiр ұғымның өзiн түрлiше сөздермен айтуға болады ("самолет", "аэроплан")
2) бiр сөздiң өзi кейде әр түрлi ұғымдарды бiлдiредi: "Ат" - есiм, "Ат" -
жануар. 3) бiр ұғымның өзi әр тiлде "әрқандай" сөздермен берiледi (орысша-
хлеб, қазақшанан).
Заттар және құбылыстар олардың арасындағы байланыстар мен қатынастар
туралы ойды бiз пiкiр формасында бiлемiз, мысалы: "далада жаңбыр жауып
тұр": "оқушы есептi шешкен жоқ". Осыдан, пiкiр дегенiмiз ойлау формасы,
мүнда бiр нәрсе не мақүлданады, не терiске шығарылады. Пiкiрде, көбiнесе,
ұғымның мазмұ-ны ашылады: "Жантану - адамның психикалық өмiрiнiң
заңдылықтары туралы ғылым". "Жантану" ұғымының мазмұны осы пiкiрден
көрiнедi.
Бiр немесе бiрнеше пiкiр негiзiнде нақты бiр қорытынды жасалады.
Мысалы, бiз екi пiкiр айтсақ: "Құс-жануар", "Жануарлар оттегiсiз
жасамайды". Бiрiншi және екiншi пiкiрлерге сүйене отырып, бiз үшiншi пiкiр
айтамыз: демек – "Құстар оттегiсiз жасамайды".
Бiр немесе бiрнеше пiкiрден жаңа пiкiр шыға-ратын ойлау формасы - ой
қортындылары деп аталады. Ой қорытындыларының мысалы ретiнде геометриялық
теорема дәлелдерiн алуға болады.
Ой қорытындылары индуктивтiк және дедуктивтiк болып келедi.
Индуктивтiк ой қорытындылары жеке фактiлердiң негiзiнде қорытынды жасау,
жалпы пiкiр айту.
Дедуктивтiк ой қорытындылары дегенiмiз - жалпы ережеден жеке қорытынды
жасау.
Қорытынды пiкiрге келудiң екi түрi де - индуктивтiк те, дедуктивтiк те
- адамның айналадағы дүние туралы бiлiмiн кеңейтуге көмектеседi.
Ой қорытындыларының объектив пiкiрлерге негiзделетiн процесi логикалық
ойлау деп, ал дүрыс ойлаудың формалары мен заңдары туралы ғылым логика деп
аталады. Логикалық ойлаудың ерекшелiгi - қорытындылардың қисындылығында,
олардың шындыққа сай дәлелдерiнде. Логикалық ойлауға түскен қүбылыс көз
жетерлiктей етiп нақты түсiндiрiледi, себептерi мен салдарлары катесiз
анықталады. Ұғымдар арасындағы байланыстар мен қатынастар логикалық ойлау
жолымен ашылады. Бұл байланыстар мен қатынастардың дүрыстығын терiске
шығаруга болмайтыны пiкiрлерде (теорема, аксиома) көр-сетiледi.
Ой қызметтерi
Ой әрекетi барысында адам қоршаған дүниенi танып, бiлу үшiн ерекше
ақыл қызметтерiн орындайды. Бұл нақты қызметтер (операция) өзара
байланысқан, бiрi-бiрiне ауысып отыратын ойлардың әрқилы әдiстерiнен құ-
ралады. Бұлардың негiзгiлерi: талдау (анализ), бiрiктiру (синтез),
салыстыру, дерексiздендiру (абстракция), нақтылау және қорытындылау.
Талдау - ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Педагог-музыкантты дайындауда музыкалық-тарихи және музыкалық-теория мәселелері
Шығармашылық ойлау мәселелері туралы
Болашақ мұғалімдерді оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытуға кәсіби даярлаудың ғылыми-педагогикалық негіздері
Оқушыларды шығармашылық іс-әрекетке баулу
Бастауыш мектеп оқушыларының көркемдік талғамын қалыптастырудағы дәстүрлі сәндік-қолданбалы өнердің мәні мен маңызы
Физика сабағында оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту
Оқушының өздігінен орындайтын және шығармашылық жұмыстарын ұйымдастыру
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ПСИХОЛОГИЯ кітабі
Музыкалық білім саласындағы музыкалық ойлау ерекшеліктері
Гносеология ғылыми зерттеудің жалпы ғылымдық әдіснамалық негізі
Пәндер