Колошниктегі көтеріңкі қысымның пештің жүрісіне және көрсеткіштеріне әсерін пайдалану мен сараптау арқылы жылдық өнімділігі 3,3 млн тонна қайта өңделетін шойынға тең домна цехының жобасы


Пән: Тау-кен ісі
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 98 бет
Таңдаулыға:   

ӘОК, 621. 746. 270:669. 18. 11.

Мухаметхан Е. Колошниктегі көтеріңкі қысымның пештің жүрісіне және көрсеткіштеріне әсерін пайдалану мен сараптау арқылы жылдық өнімділігі 3, 3 млн тонна қайта өңделетін шойынға тең домна цехының жобасы. Дипломдық жоба. Теміртау.

РМК «ҚМИУ», 2015 ж. 107 б.

АҢДАТПА

Тақырыбы: «Колошниктегі көтеріңкі қысымның пештің жүрісіне және көрсеткіштеріне әсерін пайдалану мен сараптау арқылы жылдық өнімділігі 3, 3 млн тонна қайта өңделетін шойынға тең домна цехының жобасы» дипломдық жобасы келесі бөлімдерден тұрады:

  1. Техникалық тапсырманы талдау;
  2. Техникалық бөлiмi;
  3. Инновациялық бөлiмi;
  4. Автоматтандыру бөлімі;
  5. Жобаның экологиялығы және қауіпсіздігі;
  6. Экономикалық бөлiмi;

Технико-экономикалық негіздеу бөлімінде металлургиялық өндірістің ерекшеліктері және жұмыс тәртібі, еңбек және өндірісті дұрыс ұйымдастырудың қажетті шарттары көрсетілген.

Технологиялық бөлiгiнде қазiргi кездегi металлургиялық тараудың болуы және озат дүниелiк тәжiрибелердi есепке ала отырып, оның дамуының мүмкiншiлiгi көрсетілген. Жобаның негiзінде тиiстi есептеу жұмыстары бойынша және технологиялық жабдықтарды таңдау бойынша ұсынылған және бiрлестiрiлген технологиялық процестiң келiсiмi ұсынылған.

Инновациялық бөлімде домна пешінің колошнигіндегі газдардың қысымын арттыру, оның тиімділіктері мен кемшіліктері көрсетілген.

Жобаның қауiпсiздiгi және экологиялылығы бөлімінде жобадағы зерттелген шешімдер, қоршаған ортаны қорғау және еңбеқ қауіпсіздігі талаптарына сәйкес берілген.

Экономикалық бөлiмiнде жобаны iске асырудағы мақсатқа сәйкестiлiгiнiң экономикалық талдау көзқарасы бойынша дәл негiздеуi нығайтылған. Бұл есептеудiң нәтижелiлiгiмен негiзделген.

Жобадағы мәлемет графикалық және суреттiк парақтарда ұсынылған. Түсiндiрме қолжабаның мазмұны 107 машинамен басылған парақтағы мәтiннен пайымдалған, 19 сурет пен 22 кесте келтiрiлген. Пайдаланылған әдебиеттер тiзiмi 31 ақпараттық дерек көздерінiң сiлтемелiк атауларынан тұрады.

УДК, 621. 746. 270:669. 18. 11.

Мухаметхан Е. Проект доменного цеха годовой производительностью 3, 3 млн тонн передельного чугуна в год с использованием и анализом влияния повышенного давления на колошнике на ход и показатели работы печи. Дипломный проект. Темиртау.

РГП «КГИУ», 2015 г. 107 с.

АННОТАЦИЯ

Дипломный проект на тему «Проект доменного цеха годовой производительностью 3, 3 млн тонн передельного чугуна в год с использованием и анализом влияния повышенного давления на колошнике на ход и показатели работы печи» входят следующие разделы:

  1. Анализ технического задания;
  2. Техническая часть;
  3. Инновационная часть;
  4. Автоматизация;
  5. Безопасность и экологичность проекта;
  6. Экономическая часть.

Технико-экономическое обоснование проекта показывает достоверность и перспективу предлагаемых технических и технологических решений.

В технической части проекта рассмотрены современные перспективы черной металлургии и развитие. Произведены технологические расчеты, рассчитываются технико-экономические показатели проекта и расчеты вспомогательного оборудования.

В разделе «Инновационная часть» рассмотрено повышение давление газов на колошнике, преимущества и недостатки этого процесса.

В разделе «Безопасность проекта и экология» в соответствии с требованиями охраны окружающей среды и труда исследованы предлагаемые проектные решения.

В экономической части проекта на основании цели эксплуатации, экономического анализа приводится расчеты и его эффективность.

Пояснительная записка выполнена машинописным шрифтом 107 страниц на формате А4, в пояснительной записке 19 рисунков, 22 таблиц. Список используемых литератур состоит из 31 источников.

UDK. 621. 746. 270; 669. 18. 11.

Mukhametkhan Y. Project blast-furnace provide year volume productivity 3, 3 mln ton repartition cast iron with the use and analysis of the influence of high pressure on the throat on the progress and performance of the furnace. Graduation project. Temirtau.

RSO «КSIU», 2015. 107 p.

ANNOTATION

The graduation project for theme “Project blast-furnace provide year volume productivity 3, 3 mln ton repartition cast iron with the use and analysis of the influence of high pressure on the throat on the progress and performance of the furnace” contains the following parts:

1 Analysis of the technical requirement

2 Technical part

3 Innovational part

4 Automation

5 Safety and ecological ness of the project

6 The economic part

The section analysis of technical requirement includes feasibility study of the project and literary-patent search, reflecting practicability and perspectivness of the proposed to the realization technical and technological decisions, in accordance with study role of the lime in production of agglomeration, as intensification process.

In technical part was considered questions on projecting and technologies of production agglomeration. Here is offered motivation at the option of the technological equipment on base of corresponding to calculation.

In innovation part of the exhaust work are considered increasing the gas pressure on the throat, the advantages and disadvantages of this process.

The chapter “Safety and ecological ness of the project” touches upon the questions: safety of the project, ecological ness of the project, problems of lab our safety and protection of the environment.

The economic part consists of the motivation of practicability realization of the work from the standpoint of the economic analysis, supported by the calculation of its efficiency.

The work presented in 107 pages of graphic and illustrated material.

The explanatory note consists of pages of typescript, 22 tables and 19 pictures. The list of used literature contains 31 sources.

ГРАФИКАЛЫҚ МАТЕРИАЛДАР ТІЗІМІ

Материалдың аты
Түсіндірме жазуы
Формат
№: 1
Материалдың аты: Цех жоспары
Түсіндірме жазуы: ДЖ. 050709. 54-11. 03. 01. ЖК.
Формат: А1
№: 2
Материалдың аты: Домна пешінің қимасы
Түсіндірме жазуы: ДЖ. 050709. 54-11. 03. 02. ЖК.
Формат: А1
№: 3
Материалдың аты: Конуссыз тиегіш құрылғы
Түсіндірме жазуы: ДЖ. 050709. 54-11. 03. 03. ЖС.
Формат: А1
№: 4
Материалдың аты: Жану камерасы сыртқа шығарылған ауа қыздырғыш
Түсіндірме жазуы: ДЖ. 050709. 54-11. 03. 04. ГС.
Формат: А1
№: 5
Материалдың аты: Дроссельдік топ
Түсіндірме жазуы: ДЖ. 050709. 54-11. 03. 05. ГС.
Формат: А1
№: 6
Материалдың аты: Жобаның техникалық-экономикалық көрсеткіштері
Түсіндірме жазуы: ДЖ. 050709. 54-11. 03. 06. СК.
Формат: А1

МАЗМҰНЫ

Кіріспе . . . 10

1. Техникалық тапсырманы талдау . . . 12

2. Техникалық бөлім . . . 16

2. 1. Технологиялық бөлім . . . 16

2. 1. 1. Домналық балқыманың шикі материалдары . . . 16

2. 1. 2. Жобаланатын цехтың шикізат базасы . . . 23

2. 1. 3. Жалпы бөлім . . . 29

2. 2. Жобалау бөлімі . . . 49

2. 2. 1. Ожаулардың қажетті санын анықтау . . . 49

2. 2. 2. Шлак тасығыштардың санын анықтау . . . 51

2. 2. 3. Пайдалы көлем V=3200м 3 домна пешінің піші-

нің М. А. Павлов әдісімен есептеу . . . 53

2. 2. 4. Материалдық - жылулық баланстарды құру

және колошник газының құрамын анықтау арқылы

домна шихтасын есептеу (Excel) . . . 58

3. Инновациялық бөлім . . . 69

3. 1. Домна пешіндегі газ қысымын арттырудың пайда

болу тарихы . . . 69

3. 2. Домна пешіндегі газ қысымының өзгеруі . . . 70

3. 3. Газдардың көтеріңкі қысымының тиімділігі . . . 72

3. 3. 1. Көтеріңкі қысымның тотықсыздану процестеріне

тигізетін әсері . . . 74

3. 3. 2. Колошниктегі көтеріңкі қысымның карбонаттар-

дың ыдырауына әсері . . . 75

3. 3. 3. Көтеріңкі қысымның ағын жоғалымына әсері . . . 75

3. 4. Көтеріңкі қысымның артықшылықтарын іске асы-

ру жолдары . . . 75

3. 5. Газдардың көтеріңкі қысымын пайдаланудың кем-

шіліктері . . . 78

3. 6. Қорытынды . . . 78

4. Автоматтандыру . . . 79

5. Жобаның экологиялығы және қауіпсіздігі . . . 82

5. 1. Өндіріс қауіпсіздігі . . . 82

5. 1. 1. Цех ғимараты және құрылысы . . . 82

5. 1. 2. Желдету және жылыту . . . 82

5. 1. 3. Өндірісті жарықтандыру . . . 83

5. 1. 4. Тазалық-тұрмыстық бөлмелер . . . 83

5. 1. 5. Нақты қауіпті және зиянды факторларды талдау . . . 84

5. 1. 6. Анықталған өндірістік ортадағы нақты өндірісті

қауіпті және зиянды факторлардан қорғану әдістері … . . . 85

5. 1. 7. Өрт қауіпсіздігі . . . 85

5. 2 Технология және техникалық жүйелердің эколо-

гиялық жағдайы . . . 86

  1. Өндірістік жабдықтар, көліктік құралдар, техни-

каның экологиялық жағдайын талдау . . . 86

5. 2. 2 Ағымды сулар көзін талдау . . . 87

6. Экономикалық бөлім . . . 88

6. 1. Домна цехының өндірістік бағдарламасын құру . . . 88

6. 2. Күрделі қаржының есебі . . . 92

6. 2. 1 Ғимараттар мен құрылыстар . . . 92

6. 2. 2 Технологиялық және көтергіш тасымалдағыш құ-

рылғылар . . . 93

6. 3. Өнімнің өзіндік құнының есебі . . . 95

6. 4 Жаңа пеш құрылысының тиімділігін есептеу . . . 96

Қорытынды . . . 98

Қосымшалар . . . 99

Қолданылған әдебиеттер тізімі . . . 106

КІРІСПЕ

Қоғамның қазіргі даму барысындағы қара металлургияның ролі өте зор. Адам баласының техникалық цивилизациясы (мәдени дамуы) көбінесе әр түрлі материалдарды, соның ішінде ең алдымен құрылымдық, ең басты қара металдар болып саналатын, материалдарды игеру және өндіру негізінде дамуы. Біраз уақыт небәрі 7-ақ металл (алтын, күміс, мыс, қорғасын, сынап, темір) болған деп есептелінген.

Қазіргі уақытта ғылымға 80-нен астам металл белгілі, олардың көпшілігі техникада пайдаланылады.

Дүние жүзілік практикалық-іс жүзінде металдарды қара (темір және оның қорытпалары) және барлық қалғандарын қара емес немесе түсті металдар деп бөлу тарихи қалыптасқан. Осыған орай металлургия қара және түсті деп екіге жиі бөлінеді. Қазіргі кезде қара металдар үлесіне дүние жүзінде өндірілетін металл өнімдерінің шамамен 95%-ы жатады.

ХІХ ғасырдың орта кезінде ғылымға «темір дәуірі» деген термин енгізілген болатын. Осы уақыттан темірді кеңінен пайдалану басталды. Басқа құрылымдық материалдарға қарағанда темір және оның қорытпалары келесі сипаттамаларымен теңдессіз: беріктігі, арзан, біршама оңай өңделуі, өндіруі, бай шикізат көздері, жоғары мөлшері, қайта пайдалануға жарамдылығы.

Соңғы 20 жылда металдарды дүние жүзілік тұтыну және дүние жүзілік металдар қоры екі есе өсті, сөйтіп тиісінше шамамен 800 млн. тонна және шамамен 8 млрд. тонна құрады. (Адам баласының барлық тарихы бойынша, кейбір мәліметтерге қарағанда, 12 млрд. тоннадан артық темір өндірілген) . Бұл оның табиғатта көп таралуына (4, 4%) байланысты болуы мүмкін.

Металдарды өндіріп алу тәсілдері және оны пайдалану дүние жүзілік техникалық прогресті қамтып көрсетеді. Өндіріп алу және тұтыну жалпы ішкі өнімнің өзгеруіне әсерін береді Оның өсуі ЖІӨ-нің өсуіне, ал оның төмендеуі, тиісінше, жалпы ішкі өнімнің (ЖІӨ) төмендеуіне әкеліп соқтырады.

1980-1995 жылдары әлемдік болат өндірісінде біраз төмендеу байқалды, мысалы 1988 жылы дүние жүзілік болат өндіру 789 млн. тонна, ал 1992 жылы ол 723 млн. тонна дейін қысқарады. Қазіргі кезде металға деген сұраныстың жоғарылауына байланысты металл өнімдерінің қайта өсуі байқалып келеді. Әсіресе қазір өнімнің прогрессивті жоғары технологиясы түрлеріне сұраныс өте жоғары: жайма покат, сорттық прокат, ақ қаңылтыр, мырышталынған металл.

Өндірістің технологиясын мейлінше жетілдіру қазірдің өзінде өндірістің «кен-прокат» интеграциялануына әкеліп жеткізді.

Бүгінгі күнде болат өндірудің екі сатылы тәсілі жаппай қоданылады (кеннен, аралық өнім ретінде, шойын алады, ал одан кейін оны болатқа қайта өңдейді) . Әзірше бұл тәсіл ең үнемді және өнімді тәсілдің бірі ғана болып қалады Шойынның 90-95%-ға дейін болатқа қайта өңделінеді, сондықтан барлық елдердегі металл өндірушілердің шойын өндіретін көлемі қорытып алынатын болаттың көлемінің ∼75%-н құрайды. Осыған байлансты домна өндірісінің темір өндірудегі ролі алдағы орында болады.

Домна өндірісінің маңыздылығы тек экономикалық түсінікте ғана емес. Домна үдерісі металлургиялық үдерістің ең бір көне, ерекше және оксидтерден темірді бөліп алуға болатын, өйткені басқа үдерістер бұл дәрежеде оны әзірше істей алмайтын, жалғыз ғана түрі.

Бұл үдерістің өте жоғары тиімділігіне жеткен, көптеген мөлшерде технологиялар жасалынған, оның одан ары дамуы мен жетілдірілуіне айтарлықтай потенциал беретін, көп көлемде эксперименталдық және теориялық жете зерттеулер жұмыстары жинақталынған.

Жаңа домна цехын жобалаған кезде алдағы технологиялық тәжірибе және соңғы технологиялық деңгейге байланысты оның экономикалық тиімділігі жоғары болады деп күтеді, ал бұл өзіндік құны өте төмен шойын алуға қолайлы жағдай жасайды.

Қазіргі домна пештері біршама оңай басқарылатын агрегаттарға жатады, шойынның жоғары сапасын және мөлшерін қамтамасыз етеді. Одан басқа, домна пешінде металдың күкіртсізденуіне қолайлы, жоғары сападағы болат, прокат өндірісіне жағдай жасалынды.

Қазіргі кезде жаңа домна пеші сыйымдылығы өте үлкен агрегат болып саналады. Мысалы, әлемде пайдалы көлемі 5000 м 3 -ден жоғары пештер бар және олар ойдағыдай жұмыс істейді. Арселор Митталдың домна цехындағы пештердің пайдалы көлемі 3848 м 3 дейін жетеді. Олар механикаландырылған және автоматтандырылған. Домна пешіндегі үдерістерді үдету үшін қарқындатқыштар, толық флюстенген материал, жоғары температурадағы үрлеме және т. б. пайдаланылады.

  1. ТЕХНИКАЛЫҚ ТАПСЫРМАНЫ ТАЛДАУ

Қазіргі кезде өнеркәсіптің, жеке кәсіпорындардың және олардың бөлімшелерінің бүкіл салаларының жұмыстары экономикалық аспекттермен анықталады. Кез келген кәсіпорынның ақырғы мақсаты - пайда алу, сондықтан өндірістің экономикалық шарттары шын мәнінде анықтайтын болып шықты:

  • шығарылатын өнімнің жоғары сапысы;
  • оның нарықтағы бәсекелес қабілеттілігі;
  • ғылымның және техниканың жаңа жетістіктерін енгізу;
  • қазіргі өндірістің тиімділігін көтеру мақсатымен оны қайта құру және модернизациялау;
  • аз шығынмен шығарлатын өнімнің көлемін арттыру;
  • қолданыс табатын тауарлы өнімдер шығару;

Жаңа өндіріс қуаттарын енгізумен салыстырғанда бұрынғы істеп тұрғандарды техникалық жағынан қайта жабдықтау әлде қайда тиімді болып келеді, бұл күрделі қаржылардың жоғары тиімділігімен, өндірістік қуаттардың тез игеруілімен түсіндіріледі. ТМД елдерінде 1982-1983 жылдары қара металургияның дамуына күрделі қаржының жалпы көлемінің 37% қайта құруға және техникалық қайта жабдықтауға жіберілген болатын. АҚШ-та 1977-1980 жылдары бұл цифра 73%-ға, ГФР-65%-ға жеткен болатын.

Металлургиялық өндірістерді модернизацияланған (жаңғыртқанда) әсердегі қуаттарды өсіре беруге емес, шығарылатын өнімнің сапасына көтеруге, шикізаттық және отын қорларын үнемдеуге, еңбек өнімділігі мен жалпы өндіріс тиімділігін өсіруге қолайлы жағдай жасайтын жаңа технологиялық үдерістер мен жабдықтарды енгізуге көңіл аударылады. Мысалы, 1980-ші жылдары Жапония қара металлугияда тек энергия үнемдегіш жабдықтарды енгізуге жалпы инвестициядан 20%-дан артық күрделі қаражат жұмсады. Қара металдардың дүние жүзілік нарқында және қазіргі ортақ өндірудің дағдарыс құбылысын жеңуде, дәп осындай өндіріс технологиясын іске асыру, келешекте де шешуші рольді атқаратын болады.

Бірақ қазіргі өндірісте қайта құру ТЭК (техникалық эканомикалық көрсеткіш) көтеру проблемасы негізгі түрде шешуге мүмкіндік бермейді, өйткені ескі кәсіпорынның «тар жерлері» әрдайым сақталынып қалып отырады: ескірген көмекші жабдықтар, зауыттың ыңғайсыз жерде орналасуы және т. б. Сондықтан бұл мәселе кәсіпорынның технологиялық деңгейінің көтерілуімен, қай жағынан болса да жабдықтардың ескіргендерін пайдаланудан алып тастаумен қатар шешіледі.

Сөйтіп қатарға енгізген агрегаттарды жоғары қайтарыммен қамтамасыз ететін алдағы технологияны қолдану жағдайында жаңа цехтарды салу бұрынғыдай маңызды істің бірі болып қала береді. Одан басқа жаңадан жасалынған дайындықтар мен технологиясы құрылысқа енгізу металлургиялық жаңа кәсіпорындарын жасауға шығындарды бір тәртіпке төмендетуге мүмкіндік жасады, бұл жаңа құрылыстың күрделі қаржысының орнын толтыру мерзімін едәуір төмендетті.

Осы дипломдық жобада қазіргі жаңа, жылдық өнімділігі 3, 3 млн. тонна қайта өңделінетін шойынға есептелінген домна цехы ұсынылған. Бұл жобоны келесі аспекттер бойынша негіздеуге болады:

  • жаңа цех «Арселор Миттал Теміртау» АҚ жағдайына байланысты салынады, оның ең басты өнімі тым сұраныстағы жайма прокат және ақ қаңылтыр - тапсырыс өте жоғары металлургиялық өнім;
  • болжаудағы құрылыс өте қолайлы ауданда жүргізіледі: шикізаттың ірі кенорындары бар (темір кенінің, коксталынғыш тас көмірдің, әктастың, су қорының) ;

-шикізатты қазып алатын және даярлайтын өнеркәсптің (ТКБК-тар, агломерациялық және коксхимиялық өндірістер) дамыған тармақтары бар;

  • шикізаттың географиялық орналасуы, оларды тасымалдау, олардың бірі-біріне жақын орналасуына байланысты көп қаржы жұмсауды талап етпейді;
  • өнімдерді өткізуге болатын рыноктың болуы (Орталық және Оңтүстік Шығыс Азия, Қытай, Жерорта теңізінің елдері, Таяу Шығыс, Ресей, ішкі рынок және т. б, яғни АМТ-ның өнімдерін 30-дан астам мемлект тұтынады) .

Жаңа домна цехын жобалаған кезде алдағы технологиялық тәжірибе және соңғы технологиялық деңгейге байланысты оның экономикалық тиімділігі жоғары болады деп күтеді, ал бұл өзіндік құны өте төмен шойын алуға қолайлы жағдай жасайды.

Жобалық қуат - кез келген өндірістің ең басты көрсеткіші, ал нақтылы жылдық өнімділік те осымен қатар жүреді. Цехтың өнімділігі онда орнатылған агрегаттардың өнімділігіне тәуелді болып келеді.

Сондықтан, берілген жылдық өнімді анықтау үшін, жобаланып отырған цехтағы домна пештерінің қажетті жинақ көлемін тауып алу қажет болады.

Бұл мәселені шешіп алу үшін былай жасайды:

  • цехтың тәуліктік өнімділігін анықтайды. Ол жылдық өнімділіктен есептелініп алынады.

Р тәу (1. 1)

мұнда Р жыл - цехтың берілген жылдық өнімділігі, т;

Т к - цехтың бір жыл ішінде жұмыс істеп тұратын календарлық уақыты, тәулік;

  • жобаның қойылған шартына қарай Ржыл= 3. 300. 000 тонна, Тк- (365-9) = 356 тәулік, ал 9 тәулік профилактикалық (жоспар бойынша) жөндеу жұмыстарына белгіленетін уақыт.

Р тәу = = 9270 т/тәулігіне

Домна пештерінің жұмыс істеу жағдайлары шикі материалдар мен кокстың сапасымен анықталынады. Көп жылдық тәжірибелерге сүйене отырып технологтар белгілі бір тиімділікте кез келген шикізатты өңдей алады. Бұл жайда ең басты мәселе ретінде қабылданған технология болады.

Домна пештерінің өнімділігі көлемін пропорционал болып келетіндіктен, домна өндірісінің техникалық сипаттамсы ретінде цехтың немесе жеке алынған пештің меншікті өнімділігін пештің 1 м 3 пайдалы көлемінен тәулік аралығында алынатын шойын мөлшері жиі қолданады. Бұл көрсеткіш көлемі әр түрлі пештердің жұмысының нәтижелерін және тиімділігін салыстыруға мүмкіндік береді. Меншікті өнімділіктің мөлшерімен қатар домналық балқыманың ойдағыдай жүруі домна пешінің пайдалы көлемін пайдалану коэфицентімен анықталады, м 3 ·тәулік/т.

ПКПК = (1. 2)

мұндағы V пайд - пештің пайдалы көлемі, м 3 ;

Р тәу - пештің өнімділігі, т/тәулік.

Жобаланып отырған цех үшін теориялық және тәжірибелік негіздеріне сүйене отырып, бұл көрсеткішті 0, 7 (м 3 ·тәулік/т) деп қабылдаймыз, бұл мына меншікті өнімділікке тең болады:

=1, 429 т/( м 3 ·тәулік) ;

Сонымен цехтағы пештердің жинақ көлемі былай табылады, м 3 :

V пайд =ПКПК·Р тәул =0, 7·9270=6489 м 3 .

Демек, домна цехындағы пештердің жалпы көлемі 6489 м 3 . Ендігі жерде цехта орналасатын пештердің санын және әрқайсысының көлемін анықтаймыз. Мұндай мәселені бағалағанда бірлік қуаты үлкен металлургиялық агрегаттардың артықшылығы болады. Сондықтын қазіргі кезде пештердің көлемі үлкендеу жасау ықпалы көзге түседі; бірақта көптеген домна пештерінің көлемі 3500 м 3 аспайды. Дегенмен Кривой-Рог металлугиялық зауытында және Череповец металлургиялық зауытында тиісінше пайдалы көлемі 5036 м 3 және 5500 м 3 үлкен салмақты пештер жұмыс істейді.

Мұндай аса қуатты пештердің тоқтап қалуы осы кәсіпорындағы металл балансының бұзылуына әкеліп соқтыратынын есептен шығармау керек. Жинақталынған тәжірибені ескере отырып пайдалы көлемі 2500÷3500 м 3 пештер ең тиімді деп есептеуге болады. Осыған орай ТМД елдерінде, соңғы кездерде салынған пештердің көлемі көбінесе, типтік пештерге жататын, 2700 және 3200 м 3 құрайды.

Осы айтылған пікірді есепке ала отырып, цехтың өнімділігі 3, 3 млн. тонна қайта өңделген шойын алу үшін цех құрамында пайдалы көлемі V=3200 м 3 екі пеш болады деп қабылдаймыз.

Ең алдымен бүкіл шикізаттар комбинатта алдын ала домналық балқытуға даярланатынын айта кету керек, яғни кез келген шикізат қазып алынғаннан кейін тікелей домна пешіне түспейді. Бұл домна пешінің жүрісін қарқындату, технологияның тиімділігін көтеру, домналық балқытудың ТЭК жақсарту және шойынның сапасын арттыру және тағы басқалар үшін жасалынады. Шикі материалдар сондықтан мұқият ортақтандыру мен агломерациялаудан өтеді. Домна пешінің шикізаты мүмкіншілігінше саны аз компоненттерден тұратын етуге ұмтылу керек. Қазіргі жағдайларға қарай әр түрлі кенорындарының жинақталған шикізатынан домна цехын қорландырып тұратын бір ғана өнім - флюстенген (өздігінен балқығыш) агломератты алады. Сондықтан домна цехының шикізат базасы ретінде аглофабрикаға шикізат материалдарын жеткізіп беріп тұратын кенорындарының жинағы белгіленеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Домна пешінің құрылысы
Темір кендерін домналық балқытуға дайындау
Домна пешінің құрылысы, домна процесі, оның өнімдері және техника-экономикалық көрсеткіштерін жақсарту
Металлургия өндірісінің негіздері
Күйдipугe apнaлғaн дoмaлaтпa тaбaны бap пeш
Оттекті конвертор өндірісі
Материалдарды өндірудегі технологиялық қондырғылар
Домна пеші
Балқаш мыс комбинаты
Арнайы кокс өндірісі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz