Оқу əдістері жəне құрал жабдықтары туралы



1. Оқу, əдіс, тəсіл жəне ережелері түсінігі мен мəні
2. Оқу əдістерін топтастыру
3. Оқу құрал.жабдықтары
4. Оқу əдістері мен құралдарын іріктеу
Білімдену процесінің табысты болуы көбіне қолданылатын оқу əдістеріне тəуелді.
Оқу əдісі – білім игеру мақсаттарына қол жеткізуге бағытталған оқытушы мен оқушының бірлікті іс -əрекеттік қимыл - тəсілдері. Оқу мақсаты жолындағы ұстаздың оқыту жұмысы мен шəкірттің оқып- үйрену əрекеттерінің өзара байланыстылығы жəне анайылығы осы оқу əдісінен көрінеді.
Дидактикада кең қолданым тауып жүрген жəне бір түсініктер легі –бұл “оқу тəсілі” жəне “оқу ережелері”.
Оқу тəсілдері- оқу əдісінің құрамды бөлігі немесе бір қыры, яғни жалпы “əдіс” түсінігіне байланысты жалқы ұғым. Бұл екі ұғымды өз алдына шектеп болмайды, олардың ара қатынасы ауыспалы, өзгермелі. Кей жағдайларда əдіс педагогикалық міндетті шешудің дербес жолы есептелсе жəне бір ықшам оқу-тəрбие мəселесіне орай- тəсіл болуы мүмкін. Мысалы, егер мұғалім жаңа білімдерді сөздік, ауызша əдіспен (түсіндіру, əңгімелеу, сұхбат) ұсыну барысында көрнекі құралдарды пайдаланса, онда бұл көрнекілік –тəсіл ретінде қабылданады. Егер де көрнекіліктер білім игертудің негізгі құралы болып, солар негізінде оқушылар жаңа білім ақпараттарын қабылдаса, онда көрнекілік - əдіс, ал мұғалімнің қалған оқу іс-əрекеттерінің бəрі тəсіл болып есептеледі.
Сонымен, əдіс көптеген тəсілдерден құралады, бірақ олардың жəй жиынтығын білдірмейді. Тəсілдер арқылы оқытушы мен оқушының оқу жұмыстарын орындаудағы өзіндік ерекшелігі көрініп, оқу субъекттері іс-əрекеттеріне даралық сипат береді.
Оқу ережелері (дидиактикалық ережелер) – оқу процесінің қалыпты педагогикалық жағдайларында қандай жəне қайтіп əрекет жасау қажеттігін көрсететін нақты ұсыныс.
Ереже əрқандай тəсілдің сипаттамасы, норматив моделі есебінде қолданылады. Нақты міндет шешіміне пайдаланатын ережелер жүйесі - əдістің норматив-сипаттама моделін құрайды.
Оқу əдістері – тарихи категория. Өндіріс күштерінің деңгейі мен өндірістік қатынастар сипаты педагогикалық процестің мақсаттарына, мазмұнына, құрал жабдықтарына өз ықпалын тигізеді. Олардың ауысуымен оқу əдістері де өзгеріске келеді.
Қоғамдық дамудың алғашқы кезеңдерінде өскелең əулетке тəжірибе өткізу ересектер мен балалардың бірлікті іс-əркеттік процесінде орындалып жатты. Бұл дəуірлердегі басты оқу əдісі еліктіру, еліктеу жолымен іске асты. Ересектер қалай əрекетке келсе, балалар соны қайталап, қорек табу, от жағу, киім-кешек дайындау ж.т.б. үйренді. Негізгі оқуды өзгертпей, қайта жасау (репроедуктив), (“мендей етіп істе”) əдісі алынды. Кейінгі замандардағы барша əдістер осы қайталай жасау əдісінен өз бастауларын алды.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Оқу əдістері жəне құрал жабдықтары
Жоспары
1. Оқу, əдіс, тəсіл жəне ережелері түсінігі мен мəні
2. Оқу əдістерін топтастыру
3. Оқу құрал-жабдықтары
4. Оқу əдістері мен құралдарын іріктеу

1. Оқу əдіс, тəсіл жəне ережелері түсінігі мен мəні
Білімдену процесінің табысты болуы көбіне қолданылатын оқу əдістеріне
тəуелді.
Оқу əдісі – білім игеру мақсаттарына қол жеткізуге бағытталған оқытушы
мен оқушының бірлікті іс -əрекеттік қимыл - тəсілдері. Оқу мақсаты
жолындағы ұстаздың оқыту жұмысы мен шəкірттің оқып- үйрену əрекеттерінің
өзара байланыстылығы жəне анайылығы осы оқу əдісінен көрінеді.
Дидактикада кең қолданым тауып жүрген жəне бір түсініктер легі –бұл
“оқу тəсілі” жəне “оқу ережелері”.
Оқу тəсілдері- оқу əдісінің құрамды бөлігі немесе бір қыры, яғни жалпы
“əдіс” түсінігіне байланысты жалқы ұғым. Бұл екі ұғымды өз алдына шектеп
болмайды, олардың ара қатынасы ауыспалы, өзгермелі. Кей жағдайларда əдіс
педагогикалық міндетті шешудің дербес жолы есептелсе жəне бір ықшам оқу-
тəрбие мəселесіне орай- тəсіл болуы мүмкін. Мысалы, егер мұғалім жаңа
білімдерді сөздік, ауызша əдіспен (түсіндіру, əңгімелеу, сұхбат) ұсыну
барысында көрнекі құралдарды пайдаланса, онда бұл көрнекілік –тəсіл ретінде
қабылданады. Егер де көрнекіліктер білім игертудің негізгі құралы болып,
солар негізінде оқушылар жаңа білім ақпараттарын қабылдаса, онда көрнекілік
- əдіс, ал мұғалімнің қалған оқу іс-əрекеттерінің бəрі тəсіл болып
есептеледі.
Сонымен, əдіс көптеген тəсілдерден құралады, бірақ олардың жəй
жиынтығын білдірмейді. Тəсілдер арқылы оқытушы мен оқушының оқу жұмыстарын
орындаудағы өзіндік ерекшелігі көрініп, оқу субъекттері іс-əрекеттеріне
даралық сипат береді.
Оқу ережелері (дидиактикалық ережелер) – оқу процесінің қалыпты
педагогикалық жағдайларында қандай жəне қайтіп əрекет жасау қажеттігін
көрсететін нақты ұсыныс.
Ереже əрқандай тəсілдің сипаттамасы, норматив моделі есебінде
қолданылады. Нақты міндет шешіміне пайдаланатын ережелер жүйесі - əдістің
норматив-сипаттама моделін құрайды.
Оқу əдістері – тарихи категория. Өндіріс күштерінің деңгейі мен
өндірістік қатынастар сипаты педагогикалық процестің мақсаттарына,
мазмұнына, құрал жабдықтарына өз ықпалын тигізеді. Олардың ауысуымен оқу
əдістері де өзгеріске келеді.
Қоғамдық дамудың алғашқы кезеңдерінде өскелең əулетке тəжірибе өткізу
ересектер мен балалардың бірлікті іс-əркеттік процесінде орындалып жатты.
Бұл дəуірлердегі басты оқу əдісі еліктіру, еліктеу жолымен іске асты.
Ересектер қалай əрекетке келсе, балалар соны қайталап, қорек табу, от жағу,
киім-кешек дайындау ж.т.б. үйренді. Негізгі оқуды өзгертпей, қайта жасау
(репроедуктив), (“мендей етіп істе”) əдісі алынды. Кейінгі замандардағы
барша əдістер осы қайталай жасау əдісінен өз бастауларын алды.
Мектептердің ресми формаларының ұйымдастырылуы заманынан оқудың сөздік
(ауызша) əдістері пайда болды. Мұғалім дайын ақпаратты сөзбен жеткізіп
отырды, оқушылар оны есіте отырып, игерумен болады. Қоғамға жазудың келуі,
кітап баспасының өркендеуі, білімді жария етуде, жинақтауда жəне əулеттен
əулетке жеткізуде (код) таңбаны пайдалануға мүмкіндік берді. Енді сөз
негізгі ақпарат ұсыну құралына айналып, ал кітап бойынша оқыту мұғалім мен
оқушының ең көп тараған өзара ықпал жасау əдісі болды.
Кітап əрқилы қолданылды. Ортағасыр мектебінде оқушылар негізінен діни
мазмұндағы мəтіндерді қарадүрсін жаттаумен шектелді. Осыдан жалаң, жаттанды
оқу (догматикалық) əдісі үрдіске айналды. Бұл əдістің сəл жетілген түрі
сұрақ қою, дайын жауаптар берумен (софистика) байланыстырылды.
Ұлы жаңалықтар ашу жəне ойлап табу дəуірінде бұрын оқытудың жалғыз- ақ
жолы болған сөздік əдіс өз маңызын жоғалта бастады. Өркендеудегі қоғам
қажетіне орай оқу процесіне бақылау, эксперимент, өзіндік жұмыс, жаттығу,
яғни оқушыда белсенділік, саналылық, ынталылық оятуға бағытталған əдістер
ене бастады. Көрнекі оқу əдісі де кең тарады.
XІХ-ХХ ғ.ғ. шектерінде сөздік əдіске балама ретінде бала қажеттері мен
қызығуларын біршама толық ескеретін, оның өзіндік əрекеттерінің дамуына жол
ашатын эвристикалық (шығармашылдық) əдіс маңызды орын иелей бастады.
“Кітаби” əдістердің орнына “табиғи ” əдістер келді. Яғни оқу шынайы болмыс,
қоршаған дүниемен байланыстырылатын болды. Ұстаз бен оқушыны енді оқудың
практикалық əдістерін қажет ететін “іс-əрекет арқылы оқып- үйрену” əдісі
қызықтыра бастады. Мұндай оқуда қол еңбегіне, еңбекпен байланысты іс-
əрекеттерге, сонымен бірге оқушылардың кітаппен жұмыс істеуіне көп мəн
беріліп, балалардың өз тəжірибесі негізінде дербестік қабілетін дамыту
басты назарға алынды. Шамалап ізденіс, зерттеу əдістері қалыптасты.
Дегенмен, білім дамуының əр кезеңдерінде қолданымға келген əдістердің
қай-қайсысы да өз бетінше жеке қажетті педагогикалық нəтижені қамтамасыз
ете алмайды. Оқу əдістерінің əрбірі өз алдына əмбебап қызмет атқармайды.
Оқу барысында əрқилы əдістерді өзара байланыстыра қолдану, пайдалану ғана
тиімді өнімін береді.
2. Оқу əдістерін топтастыру
Осы заманғы педагогикалық процесте қолданылатын əдістер саны, түрі
орасан көп. Осыдан, оларды ғылыми топтастыру қажеттігі туындайды. Бұл оқу
əдістеріндегі жалпылық пен жалқылықты мəнділік пен кездейсоқтықты анықтауға
жəрдемдеседі, оларды мақсатқа орай əрі тиімді пайдалануға себін тигізеді.
Қазіргі күнде педагогикада əдістерді топтастырудың үш жолы кең
танылған.
1. Оқу əдістерін дидактикалық мақсаттарға орай топтастыру.
Мұндай топтастыруға байланысты əдістерді бөлу ең алдымен оқу мақсатын
назарға алады. Бұл жағдайда оқу мақсатына қол жеткізуге бағытталған мұғалім
əрекетіне көп көңіл бөлінеді. Мақсатты көздеген əдістер тобына енетіндер:
- білім жинақтау əдісі;
- ептілік жəне дағды қалыптастыру əдісі;
- білімді қолдану, пайдалану əдісі;
- білім, ептілік, дағдыларды бекіту мен тексеру (бақылау) əдістері.
2. Оқу əдістерін білім көзі бойынша топтастыру.
Тəжірибеде негізгі үш білім көзі нақты танылған: сөз, көрнекілік, іс-
əрекеттік (практика). Осыған орай ажырататынымыз: сөздік əдістер (білім
көзі ретінде ауызша не жазба сөз қызмет етеді); көрнекі əдістер (білім көзі-
бақылауға түскен заттар, құбылыстар, көрнекі құралдар) жəне іс-əрекеттік
əдістер (білім жəне ептіліктер ойын, оқу, қарапайым еңбектік істер
процесінде қалыптасады).
Оқу əдістері жүйесінде басты орын сөздік əдістерге беріледі. Олар-
əңгімелеу, түсіндіру, сұхбат, сөз-жарыс, пікір-талас, дəрісбаян (лекция),
кітаппен жұмыс.
Əңгімелеу – оқу материалын тыңдарманға сипаттама не баян формасында
монологты, бірізді сөйлеп жеткізу.
Түсіндіру – бұл игеруге қажет обьект, құбылыс, кейбір ұғымдар
заңдылықтары мен мəнді қасиеттерін талқы, талдау, мысал келтіру жолымен
дəлелдеп, оқушы санасына енгізу. Сұхбат – оқудың диалогтық əдісі: педагог
бірізді сұрақтар қоя отырып, оқушыны жаңа материалды түсіну, ұғу деңгейіне
көтереді не ұсынылған материалдың қаншалықты меңгерілгенін тексереді.
Дəрісбаян (лекция) - көлемді материалды монологтық жолмен баяндау.
Дəрісбаянның басқа сөздік əдістерден өзгешелігі – қатаң құрылымды, мол
ақпаратты, баяндалуы қисынды, білім мəнін ашу жүйелікке негізделеді.
Дəрісбаян ғылыми-көпшілік жəне академиялық болып ажыралады. Өткен
материалды қорытындылауға, қайталауға шолу дəрісбаяндары қолданылады.
Қазіргі кезеңде дəрісбаян əдісін қолданудың көкейкестілігі ірі
бөлімдер мен жеке тақырыптарды игеруде оқу материалын топтап ұсыну (блок)
тəсілін пайдалану қажетттігінен туындап отыр.
Оқу сөз-жарысы (дискуссия) əдіс ретінде нақты проблема бойынша пікір
алмасуға, жекеленген көзқарастар білдіруге негізделеді. Сөз-жарыс
барысындағы оқушының ой-пікірі өзінің меншікті шешімі не басқа тұлғалардың
ғылыми –теориялық ұсыныстары болуы мүмкін. Оқу сөз –жарысының басты қызметі
–шəкірттердің танымдық ұмтылыстарына дем беру.
Сөз жарыс жəрдемімен оған қатысушылар жаңа білімдерді игереді, өз
пікірлерінің дұрыстығына не қателігіне көзін жеткізеді, өз көзқарастарын
қорғап қалуға үйренеді, басқалар ой топшылауларымен есептесу қажеттігін
түсінеді.
Кітаппен (оқулықпен) жұмыс – кітап оқу сөздік əдісінің аса маңызды
түрлерінің бірі. Бұл əдістің тиімділігі –оқушы өзіне қолайлы жағдайда, өз
түсініміне орай оқу материалын қалауынша қайталап игеруге мүмкіндік алады.
Баспа көздерімен оқу жұмысын атқарудың бірнеше жолы бар:
- конспектілеу - оқылған ақпараттың қысқаша жазбасы не баяны.
Конспектілеу түрлері- түгелдей көшіру, іріктеумен таңдап жазу, толық не
қысқа конспект түзу. Оқушы конспектіні үшінші тұлғаның атынан емес, өз
атынан жасағаны жөн, осы жағдайда оның дербес ойлау қабілеті дамиды;
- тезистер түзу - негізгі идеяларды белгілі бірізділікпен қысқаша
баяндау;
- реферат құрастыру – тақырып бойынша бірнеше ақпарат көздеріне шолу
беріп, олардың мазмұны мен формасына өз бағасын беру;
- мəтін жоспарын жасау - мəтінді бөлімдерге келтіріп, əрқайсысына атама
беру; жоспар жай не күрделі болуы мүмкін;
- сілтемелер беру (цитирование)- мəтіннен өзгертілместен бөліп алынған
көшірме. Сілтемеге байланысты қойылатын талаптар: əдептілік болуы,
мағынаның өзгеріске түспеуі, сілтеме алынған еңбектің авторын, атамасын,
баспа орыны мен атын, жария жылын, бетін дəл келтіру;
- түсініктеме беру (аннотация)- оқылғанның мəнді тараптарын жойып
алмастан, қысқа, ықшам баяндау (ауызша не жазба);
- пікір беру (рецензирование)- оқылған жөнінде өз ойын білдіруге арналған
қысқаша ауызша не жазба баян.
- анықтама (справка) түзу –ізденіс нəтижесінде жинақталған ақпарат
бойынша мəлімет. Анықтамалар түрі - өмірнамалық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектептегі білім беру мазмұны мен оқыту әдістері
Оқу процесінің қызметтері
Оқытудың белсенді оқыту әдістері
Машина жасау мамандығы
Дидактика пәні, міндеттері. Дидактиканың дамуына үлес қосқан ағартушылар
Қажетті тұлға сапаларын қалыптастырудың жалпыланған əдісі - жаттықтыру
ТӘРБИЕ ӘДІСТЕРІ ТУРАЛЫ
«Ауыл шаруашылығы малдарын өсіру және селекциясы»
Дидактикалық жүйенің сипаттамасы
Оқудың педагогикалық технологияларына сипаттама
Пәндер