Орталық Қазақстандықтардың 1940-1945 жылдардағы шаруашылығы


М А З М Ұ НЫ
КІРІСПЕ3
І. ТАРАУ. ОРТАЛЫҚ ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫҢ 1940-1945 ЖЫЛДАРДАҒЫ ШАРУАШЫЛЫҒЫ13
ІІ ТАРАУ. СОҒЫСТАН КЕЙІНГІ ДӘУІРДЕ СОЦИАЛИСТІК ХАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУ ЖӘНЕ ӨРКЕНДЕТУ ЖОЛЫНДАҒЫ КҮРЕС (1945-1953 жылдар) 36
2. 1 Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін халықаралық жағдайда болған негізгі өзгерістер. Екі лагерьдің құрылуы36
2. 2. Партияның халық шаруашылықтарын қалпына келтіру және онан әрі дамыту жөніндегі жұмысы. Төртінші бесжылдық жоспарының мерзімінен бұрын орындалуы48
ҚОРЫТЫНДЫ68
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:70
СІЛТЕМЕЛЕР71
КІРІСПЕ
Бұл дипломдық жұмысты жазудағы алдағы қойған мақсатым, Ұлы Отан соғысының сан алуан беттеріне үңіле отырып Орталық Қазақстандықтардың соғыс жылдарындағы және Ұлы Отан соғысынан кейінгі жылдардағы еңбекшілердің таңқаларлық еңбегін көрсету. Биылғы 2004 жылы 22-ші маусымда Ұлы Отан соғысының басталғанына толықтай 63 жыл толады. Осы уақыт аралағында біршама зерттеулер жүргізіліп тарихи көзқараста үлкен сынға түскені белгілі. Дипломдық жұмыста қарастырылатын мәліметтер біршама ғалымдардың зерттеулерінде келтіріледі.
1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы өзінің ауқымдығы мен ұзақтығы жағынан адамзат қоғамының дамудағы тендесі жоқ жаңа кезеңі болғаны мәлім. Дипломдық жұмыстың басты қарастыратын мәселесі Орталық Қазақстанның Ұлы Отан соғысы жылдарындағы экономикалық дамуды, оның ішінде Қарағанды көмір бассейнінің Балқаштың мысының тағы басқа да ауыл шаруашылық, өндіріс салаларының соғыс талабына сай майдан үшін жаппай көрсеткен еңбекке баға беру. Соғыс жылдарында экономикалық, әлеуметтік өзгерістерді көрсету алға қойылып отыр.
Бұл дипломдық жұмысты жазу үшін ең алдымен негізгі дәлелді дерек ретінде облыстық архив құжаттарын пайдаландым. Және де бұл тақырып белгілі ғалымдар, көптеген жұмыстарын жүргізіп келеді. Жалпы дипломдық жұмыс монографиялар, зерттеулер, газеттік материалдар, архивтік құжаттар негізінде жазылды. Отан соғысын зерттеу республиканың көптеген ғалымдары үшін актуальды мәселе болғандықтан, көптеген мәліметтер кездеседі. Олардың әрқайсысы өз алдына құнды дерек. Дипломдық жұмыстың нақты қарастыратыны Орталық Қазақстанның соғыс жылдардағы даму ерекшеліктерін көрсету болғандықтан бұл мәселені терең зерттеген ғалымдардың еңбегін пайдаландым. Мәселен Н. Дауылбаев Қарағанды көмір бассейнінің соғыс жылдарындағы дамуы, өндірістегі еңбекшілердің майдан үшін қосқан еңбегі жайлы өз монографиясында көрсетіп өткен1.
Сонымен қатар М. Қозыбаев, Т. Б. Балақаев сынды ғалымдардың еңбектерін пайдаландым. 1970 жылы Алматыда басылып шыққан М. Қозыбаевтың «Қазақстан - арсенал фронта» атты еңбегін дипломдық жұмыстың біршама мәселелерін шешуге пайдаландым. Себебі Қозыбаев Ұлы Отан соғысы тарихын терең зерттеген ғалымдардың бірі болғандықтан, Орталық Қазақстанның соғыс кезеңі жайында, көптеген деректер нақтылы көрсетілген2. Сонымен қатар Орталық Қазақстанның тылы, еңбеккерлерінің еңбектегі орны, майданға көрсеткен елеулі табыстары. Қарағанды көмір бассейнінің дамуы, сол сияқты майданға аттанып Отан үшін аянбай шайқасқан Қарағанды-лықтар, олардың ерлікте жайында мынадай ғалымдар зерттеу жүргізген. Әрине, олардың әрқайсысы Ұлы Отан соғысының Қазақстан аумағындағы алатын орыны туралы жалпылама шолу көрсете отырып, Орталық Қазақстанға да нақтылы тоқталып өтеді. Зерттеушілер ескі тарихи көзқараспен жазылса да бүгінгі таңда актуальдылығын жоғалтпаған құнды дерек көзі деуге болады.
Т. Б. Балақаевтың монографиясы3 біршама нақтылы зерттеу еңбегі болғандықтан бұл еңбектердің еңбекшілердің соғыс жылдарындағы майданды азық-түлікпен, көшірілген адамдар мен өндіріс орталықтарының жағдайы мен азат етілген аудандарға шефтік көмек көрсетуде ерекшеліктер көрсетілген . . .
Ұлы Отан соғысы еліміздің тарихындағы ең қиын және ерлікке толы кезең болды. Республикамыздың экономикалық, саяси, мәдени дамуында көптеген өзгерістер әкелді. Оның бірі - Орталық Қазақстан өңірі деуге болады. Майдан арсеналы бола отырып, соғысты жан-жақты қамтамасыз етуші орталықтардың бірі болғаны жайлы көптеген ғалымдардың еңбектерінен, архив деректерінен, мақалалардан көреміз.
Жалпы ғалымдар Қазақстанның Ұлы Отан соғысына көмек беруші негізгі күш екенін жан-жақты түрде зерттеді. Олардың жазған зерттеулерінде дипломдық жұмыстың актуальды мәселелерін ашық көрсететін нақтылы деректс қамтылады. Мәселен, Ұлы Отан соғыс тарихында зерттеу жүргізген: М. Қозыбаевтың «Қазақстан майдан арсеналы», Т. Б. Балақаевтың «Колхозное крестьянство Казахстана в годы Великой Отечественной войны 1941-1945г. » Л. Байсеркеевтің «Майданды демеген қуатты күш», көптеген ғалымдардың құрастыруымен шыққан: «Казахстан в период ВОВ Советского Союза» II томдық еңбекте, тарих ғылымдарының докторы Т. Б. Балақаевтың басшылығымен шыққан «Казахстан в годы Великой Отечественной Войны І-ІІ томах» еңбегін К. І. Оразовтың «Рабочий класс Казахстана в годы ВОВ» т. б. да авторлардың еңбектері, архив құжаттары т. б. да материалдар аталып отырған дипломдық жұмыстың маңызды мәселелерін шеуге негіз болды.
Орталық Қазақстанның соғыс жылдарындағы әлеуметтік - экономиклық өзгеріске ұшырағанын, оның өз алдына жетістіктері мен майданга берген күш-қуаты жайлы кең көлемде қамтиды.
Т. Б. Балақаевтың монографиясында соғыс жылдарындағы еңбекші тобының еңбектегі ерліктері, майдан даласын азық-түлікпен қаматамасыз ету сияқты мәселелер қарастырылған. Монографияда Орталық Қазақстан жайлы мөліметтер көптеп кездеседі. Архивтік және әдеби деректердің негізінде жазылған Балақаевтың бұл зерттеуінде соғыс жылдарындағы өнеркәсіп-ауыл шаруашылығындағы өзгерістер, азат етілген аудандарға Орталық Қазақстан аумағында қандай көмек жүргізілгені берілген. Қысқаша айтқанда Орталық Қазақстанның тылы көрсетілген4.
1970 жылы Алматыда басылып шыққан М. Қозыбаевтың «Қазақстан арсенал фронта» атты еңбегі дипломдық жүмыстың бір шама мәселерін шешуге пайдаландым. Қозыбаев Ұлы Отан соғысы тарихын терең зерттеген ғалымдардың бірі болғандықтан, бұл монографиясы өз алдына құнды еңбек болып табылады. Мемлекеттік архив деректеріне құнды деректерге сүйеніп жазылған бұл еңбектің өзі бірнеше тараудан тұрады. Қазақстанның майдан арсеналы екенін көрсете отырып, бір тарауында Орталық Қазақстанға яғни Қарағанды магниткасы туралы жекелей тоқталып өткен, еңбекте сонымен бірге майданды транспортпен, шикізатпен, азық-түлікпен қамтамасыз еткен еңбек майданын көрсетіп өтеді. Соғыс жылдарында экономика мен әлеуметтік құрылымындағы өзгерістер, ғылым мен мәдениеттің дамуына мамандар дайындаудың санының өскендігі жайлы мәліметтер келтірілген. Қаһарлы соғыс жылдарындағы тыл мен майданның байланысын көрсете отырып, халықтың патриоттық сезімін, Отанға деген сүйіспешілігін айқындайды.
1967 жылда Б. А. Акжанов, М. Қозыбаев, Т. Б. Балақаев тағы басқа атақты ғалымдардың қүрастыруында жарық көрген «Казахстан в период ВОВ Советского союза» атты II томдық еңбегі тарихи құнды құжаттарға бай жазылған. Дипломдық жұмыстың нақтылы тақырыбын ашып көрсетуге кеңінен пайдаланылды. Бұл құрамы еңбек 3 бөлімнен түрады. Соғыс жылдарындағы өндіріс, ауыл шаруашылығы салаларын қамтитын құнды да қызықты деректер баршылық.
Оның ішінде Қарағанды, Балқаш сияқты кенді аймақтардың сол аудандардағы колхоздар мен совхоздардың еңбекшілердің еңбектегі ерліктері, Ұлы Отан соғысы жылдарындағы мәдени құрылыстар, ғылыми мекемелердің дамуы жайлы әр осы аймақтан шыққан қаһарман халықтың неміс басқыншыларынан Отанын азат етуге қатысқан соғыстағы ерліктері туралы біршама деректер берілген.
Ұлы Отан соғысы жылдарында қазақ халқы, көп ұлтты Қазақстанның барлық еңбекшілерінің жауды жеңіп шығуға қосқан үлесі жайлы А. Н. Нүсіпбеков, С. Б. Бәйішев, С. Н. Покровский сияқты тарихшылырдың қүрастыруында 1964 жылы 2-ші рет басылып шыққан «Қазақ ССР тарихы социализім дәуірінде» атты оқулықта IX тарауы Ұлы Отан соғысына арналған. Орталық Қазақстанның
тыл мен майдандағы елеулі істерін береді.
1995 жылы Алматыда жаңаша архивтік деректердің зертелуінің негізінде республика тылын көрсететін М. Қ. Қозыбаев пен Н. Е. Едігеновтің басшылығымен «Труд во имя победы» атты еңбек жарыққа шықты. Тарихтың өзі уақыттың талабына сай зерттелетіні, жазылатыны белгілі. Авторлар Советтік дәуірден біршама уақыт аралығында көптеген ғалымдардың құпия архивтік деректерін ащық түрде зерттей алмағанын, оған себеп сол заманның талаптары сай екенін көрсете отырып, қазіргі таңда еркіндік алған уақытта тарихқа шынайы көзбе нақтылы тоқталуға тырысады. Яғни бұл еңбекте көрсетіліп отырған еңбек мәлімет арқылы халық дүниежүзілік көзқараста өзінің ұлттық намысын жоғалтпау жолында, Отанына шынайы қызмет еткенін айқындайды. Авторлар Қарағанды көмір бассейнінің дамуы соғыс жылдарындағы қиыншылықтар мен жетістіктерге көз жүгірте отырып халқытың өз алдына дамудағы өзгерістеріне тоқталады. Сол сияқты Қарағанды облыстық мемлекеттік архивінде Ұлы Отан соғысы тарихын кең көлемде зерттеуге мүмкіндік туды. Осы архив құжаттарына тоқталсақ, Қарағандылық батырларға арналған документтер, батырлармен әңгімелесу кезіндегі жазба деректер, Қарағандылық Совет одағының батырларының тізімі, соғыс аяқталғаннан кейін де Қарағандылық батырларды іздестіру мәселелері сияқты құжаттар бар.
Қарағандылық батырлар жайлы құжаттар ғылыми-техникалық жөндеуден өтіп, күнделікті сақтауға арналған. 1942-1971 жылдардағы кезді камтитын №1 описьте сақталған5.
Ұлы Отан соғысы жылдарындағы ерлік көрсеткен батырлар жайлы Белан. П. С, Камета Н. П құрастыруында 1968 жылы Алматыда II томдық «Герой Советского союза Казахстанцы» атты еңбек шықты. Бұл еңбекте дипломдық жұмыстың қарастырыла-тын мәселелерінің бірі Орталық Қазақстандық батырлар, жауынгерлер жайлы біршама мәліметтер алуға болады. Еңбекте Совет одағының батырлары жайлы, олардың өз алдына өмір жолдары арқылы қаһармандықпен күресе отырып Отан үшін жан пида еткені қамтылды.
Балақаевтың басшылығымен шыққан II томды - «Казахстан в Великой Отечественной войне» Алматыда 1974 жылдарда жарық көрген еңбек көптеген тарихшы ғалымдардың зерттеу очерктерінен құрастырылған. Мәселен Ұлы Отан соғысына байланысты архив, газет материалдарын пайдалана отырып жазған Н. Едігеновтың «Социалистическое соревнование рабочих промышленности Казахстана в годы войны» еңбегінде Қарағанды көмір бассейнінің жағдайына, Балқаш мыс заводтарының өнім өндірудегі соғыс жылдардағы табыс көздері жайлы қарастырып өткен.
Соғыс жылдарында Қазақстан темір жолдарының ролі артқаны белгілі. Бұл жылдарда Қазақстан бойынша 8 темір жол торабы құрылған еді. Соның бір негізгісі Қарағанды мен Түркістан Сібір магистралі болатын. Осы темір жолды салу кезіндегі, ондағы атқарылған шаралар жайлы М. Х. Асылбековтың «Железнодорожники - фронту» атты еңбегінде терең зерттеле отырып баға беріп өтеді.
М. Қ. Қозыбаевтың «Рабочий класс - Казахстана - фронту» деген мақаласында Қазақстан еңбекшілерінің майданға деген шынайы еңбек күштерін жұмсаудағы ролін, әсіресе Қарағанды, Балқаш, Жезқазған, Ағадыр, Жаңарқа сияқты аудандардағы жастардың, ерлер мен әйелдердің жауды жеңуге бір ауыздан қарсы тұрып, күндіз-түні жаппай еңбек атқарғаны жайлы жазылған.
1995 жылы Қарағандыдан Ермағанбет Лұқпанов, Мағауия Сембаевтың құрастыруында «Жауынгер қыздар» атты еңбек жарыққа шықты. Совет халқының неміс фашист басқыншыларына қарсы күресіне қазыналы Қарағанды өңірі өз көмірі мен темірі арқылы көмектесіп қана қойған жоқ, сол бір отты жылдарда ер азаматтармен қатар, Қарағандылық қыздар да өз еріктерімен соғысқа аттанды. Олардың туған жер, өскен елге деген ыстық махаббаты жауға деген өшпенділік Ұлы жеңіс күнін жақындатуға өз үлестерін қосқаны жайлы көпшілік қауымға ұсынылып жазылған бұл очерктер жинағында Батыстан тиген жауға қарсы тұрып перзенттік парыздарын адал атқарған Қарағандылық жауынгер қыздардың майдандағы және бейбіт еңбектегі кейінгі ұрпаққа үлгі болар ұлағатты өмір жолдары нақтылы деректерге сүйене отырып баяндалады.
1994 жылы «Қазақ энциклопедиясының» редакциясынан Алматыда 3 томдық көптеген ғалымдардың құрастыруында «Боздақтар» атты еңбек жарыққа шықты. Бұл кітап 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында қаза болған жауынгерлер туралы кітап. Фашистік Германияны жеңудің 50 жылдығына арналған, бұл кітапқа Отан үшін опат болған 18 000 Қарағандылықтардың есімдері еніп отыр. Оларды мәңгілік еске сақтау үшін көпшілік тарапынан орыналған бұл еңбектің ғылыми маңыздылығы зор деуге болады. Еңбектің жарыққа шығып зертте-лудегі мәселелердің актуальдылығын ашуға А. А. Абдуллин, С. З. Зиманов, З. Қ. Қабдалов, М. Н. Қозыбаев, А. Қ. Қошанов, Ш. Мұртаза, С. Қ. Нүрмағанбетов сияқты ғалымдардың еңбегі зор роль атқарды. Ф. Н. Нұрғалиевтің бас редакторлығының негізінде жарық көрген бұл еңбекте Ұлы Отан соғысының ұрыс даласында қаза болғандардың, гитлершілердің қасап лагерлерінде азаппен жан қиғандардың, соғыстың алғашқы айналымында фашистердің айбарлы танкілерімен құр қол алысқандардың, Мәскеу түбіндегі окоптарда Сталинград көшелеріндегі кескілескен ұрыстарда, Прибалтика мен Еуропалық елдерді азат еткен, қаһарман ағаларымыз бен әпкелеріміздің есімдері келтірілген халықтың миллиондаған даңқты өкілдерінің қанымен боялған жеңістің бір айғағы болды6.
1993 жылы Алматы баспасынан Орталық Қазақстанның экономикалық әлеуметтік, саяси, мәдени әрине оның ішінде түрлі архивтік деректер мен тарихқа, оның ішінде Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қарағанды өңіріне орынды сипат берген атақты ғалымдардың еңбектерінің нәтижесінде «Қарағанды. Қарағанды облысы энциклопедия» жинағы басылып шықты. К. А. Аманбаев, А. Ж. Жанғожин, М. Б. Исенов, В. М. Минин, Б. Б. Мұқышев, А. П. Нестеров, И. Г. Югай сияқты зерттеушілер алқасынан туындаған бұл кітап Қарағанды өңірінің өткені мен бүгінгі өмірінен сыр шертеді. Көмірлі Қарағандының қалыптасуы соңғы жылдарындағы ірі өнеркәсіп салаларында мәдениет пен өнерде, ауыл шаруашылығында, құрылыс мекемелерінде, денсаулық салаларындағы т. б. өзгерістер баяндалып жазылған. Ұлы Отан соғысына аттанған жауынгерлердің, еңбек майданында ерлердің ерлік істері жайлы мәліметтерге бай жазылған. Сонымен қатар, Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Орталық Қазақстанда жасақталған әскери бірлестіктер жайлы келтірілген.
Дипломдық жұмысым кіріспеден, екі тараудан және қорытынды мен әдебиеттер тізімінен түрады. Бірінші тарау: Орталық Қазақстандықтардың Ұлы Отан соғысы жылдарындағы тылдағы еңбегі.
Бұл тарауда қарастырылатын мәселелер Орталық Қазақстанның соғыс жылдарындағы жағдайы. Басқа да аймақтар сияқты көшіріліп келген кәсіпорындар, халықтар жайлы айтылады. Оның негізгі себеп-салдары көрсетіледі. Майданды көмірмен қамтамасыз етуші одақтағы ірі орталықтардың бірі Қарағанды болғандықтан соғыс жылдарындағы Қарағанды көмір бассейнінің дамуы майдан мен үкіметке жоспардан тыс қанша өнім бергені, Қарағанды шахтерлерінің қажырлы еңбектері жайлы мәліметтер беріледі. Басқа өндіріс саласында Балқаштың түсті меаллургиясындағы өнім өндіру, Қарсақпай заводы сияқты Жезді аймақтардың соғыс талабына сай қызмет етуі айтылды. Соғыс жылдарында тек қана көмірмен, азық-түлікпен, мыспен ғана қамтамасыз етіп қойған жоқ, майданға ұйымдасып танк колоннасын жіберіп отырды. Яғни тарауда Орталық Қазақстаннан шыққан «Қарағанды комсомолы», «Қарағанды шахтері» т. б. танк колонналарына қанша мөлшерде ақша аударып, Қарағандылықтардың қосқан үлесі беріледі.
Қарағанды темір жолының соғыс жылдарындағы дамуы, Орал сияқты өндіріс орталықтарын жанар-жағар маймен қамтамасыз етуші орталықтардың бірі екенін айта кеткен жөн.
Республиканың басқа облыстары мен бірге Орталық Қазақстандықтарда қыстың суығына шыдап Отанды қорғаушы жауынгер бауырларына арнап сыйлықтар, жылы киім, ақшалай заемдар жіберуді алдарына міндет алды. Осы мөселелер төңірегінде біршама деректер беріледі.
Сонымен қатар Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдың негізгі көзі ауылшаруашылығы болғаны белгілі. Орталық Қазақстан аул шаруашылық өнімдерін беруде алдыңғы орында болды. Жұмыста егін егіп, мал шаруашылығы саласындағы колхозшылардың майданды қамтамасыз етудегі орны архив құжаттар негізінде беріліп отыр. Сонымен қатар азат етілген аудандарға Орталық Қазақстан тарапынан шефтік көмек көрсетуі жөнінде мәліметтер кездеседі. Жалпы алғанда бұл тараудың ашып көрсететін негізгі мәселелері Орталық Қазақстандықтардың тылдағы ерліктері, халықтар алдындағы араласқа түсіп, бір-біріне деген қамқорлықтарының жарқын бейнесін көруге болады.
Екінші тарау: Қазақстандықтардың Ұлы Отан соғысынан кейінгі кезеңдегі ауыл шаруашылығын көтерудегі ерен еңбектері жайында және осы жылдардағы еліміздің өнеркәсібін өркендетуге жұмсалған халықтың қажырлы еңбегі көрсетіледі.
Бұл тарауда Балақаевтың, Алдажұмановтың “Қазақстан еңбекшілері майдан қызметінде” атты еңбегін және Алдажұмановтың “Оның құнын тірілер біледі” атты еңбегін пайдаландым.
І. ТАРАУ. ОРТАЛЫҚ ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫҢ 1940-1945 ЖЫЛДАРДАҒЫ ШАРУАШЫЛЫҒЫ
Ұлы Отан соғысы басталған жылдан-ақ Қазақстан халқының бірлігі негізінде «Барлығы майдан үшін, барлығы жауды талқандау үшін» деген ұранды еліміздің барлық облыстарының еңбекші халқы бір ауыздан қолдады. Колхоз, совхоз өндірісінің еңбеккерлері, жер-жерде еңбек өнімділігін арттыруға, еңбек тәртібін күшейтуге тылда жауды жеңбек күшімен талқандауға міндет алды. Сарқылмас табиғат байлықтарын майдан үшін қызмет еткізген аймақтың бірі - Орталық Қазақстан деуге болады. Қарағандының көмірі, Балқаштың мысы, өнеркәсіп саласының жүргізіліп жатқан әскер құрамалары үшін соғыс техникасы, оқ дәрілер өндіруде аз роль атқарған жоқ. Еліміздің ең маңызды ауылшаруашылық аудандары Украинадан, Доннан, Куваннан уақытша айырылып қалуымызға байланысты, соғыстың алғашқы жылдарында Қазақстанның үлесіне жауапты міндет, майдан мен елімізге көптеп астық, ет, май, жүн, темекі және ауыл шаруашылығының басқа өнімдерін беру міндеті тиді. Қаһарлы соғыс жылдарында тыл мен майдан бір-бірімен тығыз байланыста болғаны белгілі. Армия мен халықтың тұтастығы олардың патриотизмі Ұлы Отан соғысы жылдарында майданға қаржылық көмек көрсетуге ғана емес, сол сияқты еңбекшілердің майдангерлерге, соғыс мүгедектеріне, олардың жанұяларына деген қамқорлығынан да көрінеді.
Ұлы Отан соғысы Қазақстанда соғыстан бұрынғы бесжылдықтардың ішінде жасалған түсті металлургияның, көмір және мұнай өнеркәсібінің ең ірі кәсіпорындарында, Кеңес Одағының қорғаныс өнеркәсібінде ірі роль атқарған, сирек металдар шығаратын кәсіпорындарда өнімді барынша көптеп шығаруды талап еткені белгілі. Орталық Қазақстан болса осындай өнеркәсіп салаларына бай аймақ. Қиын соғыс кездерінде халықтың алдында зор міндет тұрды. Жау еліміздің өмірлік маңызы бар бірсыпыра аудандарын басып алғаны себепті азық-түлік және өнеркәсіп товарларымыздың қоры қатты кеміді. Соғыстың алғашқы айларының өзінде-ақ Қазақстанға елімізді жау оккупациялап алған батыс аудандарынан Ленинградтан, Москвадан және басқа жерлерінен эвакуацияланған балалар мен ересек халық келе бастады. Орталық Қазақстанға да осындай халықтар көшірілген болатын. 1942-44 жылдары Қарағандыға 50 мыңға эвакуацияланған жұмысшылар қоныс аударылды. Олардың ішінде техниканы жетік меңгерген әр саладағы мамандар бар болатын. Олардың әрқайсысы өз тәжірибелерімен бөлісіп, өндірісті жетілдіруге ат салысты. Сонымен бірге Қазақстанға көптеген кәсіпорындар көшірілген болатын. Эвакуацияланған кәсіпорындарды орналастыру, іске қосу тез уақыт аралығында жүзеге асырылды. Бұл көшірілген кәсіпорындармен бірге келген аса маман жұмысшылар мен инженер-техник кызметкерлер еңбектің ең жетілген әдістерін қолдана отырып, мұның нәтижесінде жергілікті кадрлардың мамандығының өсуіне себеп болды. Деректерде көрсетіп өтеді, соғыс жылдарында Қазақстанға 150 кәсіпорын көшірілген болатын. Олардың біразы уақытша көшірілген.
Орталық Қазақстан көптеген кәсіпорындарды қабылдаған аймақ. Тіпті, соғысқа дейінгі жылдардың өзінде Қарағандыға Нова-Подольск цемент заводынан жабдықтар көшірілген болатын. Қарағанды көмір бассейніне басшылық көмек көрсету жайлы 1931 жылы Қарағанды шахтерлерінің Украиндық кеншілерге жазған хаттары «Правда» газетінде басылып шығады. Онда Қарағандылықтардың көмір алу күресіне тәжірибелі кеншілердің келуін талап етіп шақырулары жазылады. Донбасс еңбекшілері бір ауыздан қолдап соғыстың алғашқы он жылдығында Донбасстан Қарағандыға көптеген 500-ге жуық жоғары маманданған жұмысшылар келген болатын. Оның ішінде белгілі донецтік шахтер ірі еңбеккер К. О. Горбачев бар. Ол «Қазақстан уголь» трестің құрушылардың бірі. Сол сияқты соғыс жылдарында тәжірибелі өнім алуға ат салысқан кеншілірдең бірі А. Г. Стахановтың еңбегін атаған жөн. Сол себепті айта кететін жайт Қарағанды көмір бассейні соғысқа дейінгі жылдан-ақ өз алдына дамыған, маманданған кәсіпорындардың қатарында болды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz