14 IAS ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАРЖЫ ЕСЕПТІЛІГІНІҢ СТАНДАРТЫ


14 IAS ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАРЖЫ ЕСЕПТІЛІГІНІҢ СТАНДАРТЫ
Сараланымдық есептiлiк
Бұл нұсқа 2005 жылғы 31 желтоқсанға дейін шығарылған түзетулері енгізілген жаңа IFRS-нан туындайтын түзетулерді қамтиды.
14 IAS ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАРЖЫ ЕСЕПТІЛІГІНІҢ СТАНДАРТЫ
Сараланымдық есептiлiк
МАҚСАТЫ
Осы Стандарттың мақсаты - сараланымдар бойынша қаржы ақпаратының есептерінде - компания және шығаратын тауарлар мен қызмет көрсетулердiң әр түрлi тұрпаттарына және қаржы есептілігін пайдаланушыларға көмектесу үшін ол жұмыс iстейтiн әр түрлі географиялық аудандарға қатысты ақпаратты белгiлеу:
(а) компанияның бұрынғы кезеңдердегi қызмет нәтижелерiн жақсы түсiну;
(b) компанияның тәуекелдерi мен пайдаларын жақсы бағалау; және
(с) тұтас алғанда компанияға қатысты неғұрлым негiзделген шешімдер қабылдау болып табылады.
Көптеген компаниялар тауарлар немесе қызмет көрсетулер тобын шығарады, немесе пайдалылық нормалары, даму мүмкіндіктері, болашаққа перспективалар және тәуекелдері әр түрлі географиялық аудандарда жұмыс iстейдi. Компанияның тауарлары мен қызмет көрсетулерiнiң әр түрлi тұрпаттары және әр түрлi географиялық аудандардағы оның операциялары туралы - көбiнесе сараланымдық ақпарат деп аталатын - ақпарат әр тараптандырылған халықаралық компанияның тәуекелдерi мен пайдасын бағалау үшiн маңызды болады, бiрақ жиынтық деректерден анықталмауы мүмкiн. Сөйтiп, сараланымдық ақпарат қаржы есептiлiгiн пайдаланушылардың қажеттерiн қанағаттандыруға керектi нәрсе ретiнде кеңінен қарастырылады.
ҚОЛДАНЫЛУ САЛАСЫ
1. Осы Стандарт Халықаралық қаржы есептілігі стандартына сәйкес келетiн, жарияланатын қаржы есептiлiгiнiң толық жиынтығында қолданылуға тиiс.
2. Қаржы есептiлiгiнiң толық жиынтығы бухгалтерлік балансты, пайдалар мен залалдар туралы есептi, ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есептi, капиталдағы өзгерiстерді көрсететін есептi және 1-“ Қаржы есептiлiгiн ұсыну” IAS Халықаралық стандартында көзделгендей ескертулердi қамтиды.
3. Осы Стандартты үлестік немесе борыштық бағалы қағаздары еркін айналымда жүрген компаниялар және ашық бағалы қағаздар рыногында үлестік немесе борыштық бағалы қағаздар шығару процесiнде жүрген компаниялар қолдануға тиiс.
4. Егер бағалы қағаздары еркін айналымда жүрмеген компания Халықаралық қаржы есептілігі стандарттарына сәйкес келетiн қаржы есептiлiктерiн әзiрлесе, ондай компанияның сараланымдар бойынша ақпаратты ерiктi түрде ашып көрсетуi мақұлданады.
5. Егер бағалы қағаздары еркін айналымда жүрмеген компания Халықаралық қаржы есептілігі стандарттарына сәйкес келетiн қаржы есептiлiктерiнде сараланымдық ақпаратты ерiктi түрде ашып көрсетудi ұйғарса, ондай компания осы Стандарттың талаптарын толық сақтауға тиiс.
6. Егер бір қаржы есебiнде бағалы қағаздары еркін айналымда жүрген компанияның шоғырландырылған қаржы есептiлiгi де, және басты немесе бiр не бiрнеше еншiлес компанияның жекелеген қаржы есептері де болса, сараланымдық ақпарат шоғырландырылған қаржы есептiлiгiнiң негiзiнде ғана ұсынылуға тиiс. Егер еншiлес компанияның өзi бағалы қағаздары еркін айналымда жүрген компания болса, ол сараланымдық ақпаратты өзiнiң жеке қаржы есебiнде ұсынатын болады.
7. Осы сияқты, егер бір қаржы есебiнде бағалы қағаздары еркін айналымда жүрген компанияның қаржы есептері де, қауымдас компанияның үлес қосып қатысу әдiсi немесе онда компанияның қаржылық мүддесi бар бiрлескен қызмет әдiсi бойынша жекелеген қаржы есептері де болса, сараланымдық ақпарат компанияның қаржы есептерi негiзiнде ғана ұсынылуға тиiс. Егер үлес қосып қатысу әдiсi бойынша қауымдасқан компания немесе компанияның бiрлескен қызметінiң өздері бағалы қағаздары еркін айналымда жүрген компания болса, ол сараланымдық ақпаратты өзiнiң меншiктi жеке қаржы есебiнде ұсынатын болады.
АНЫҚТАМАЛАР
Басқа Халықаралық қаржы есептілігі стандарттарынан анықтамалар
8. Осы Стандартта мынадай терминдер 7-“ Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есептер ” IAS; 8-“ Есеп саясаты, есептік бухгалтерлік бағалаудағы өзгерістер мен қателіктер ” IAS; және 18-“Түсім” IAS Халықаралық стандартында көрсетілген мағынасында пайдаланылады:
Операциялық қызмет - компанияның кіріс әкелетiн негiзгi қызметi және, инвестициялық және қаржы қызметінен өзгеше, басқа да қызметi.
Есеп саясаты - бұл қаржы есептiлiгiн әзiрлеу және ұсыну үшiн үйым қабылдаған нақты принциптер, негіздер, келісімдер, ережелер мен практика.
Табыстар - бұл компанияның негізгі қызметiнiң барысында туындайтын кезең iшiндегi экономикалық пайдалардың жалпы түсiмi, бұл жағдайда ондай түсім акционерлер жарналарының есебiнен меншiктi капиталдың өсуiне қарағанда өзгеше өсуге алып келеді.
Шаруашылық сараланымының және географиялық сараланымның анықтамалары
9. “Шаруашылық сараланымы” және “географиялық сараланым” терминдерi осы Стандартта мынадай мәндерде қолданылады:
Шаруашылық сараланымы - бұл жекелеген тауарлар өндiрумен (қызметтер көрсетумен) компанияның немесе компанияның басқа сараланымдарына қарағанда өзгеше тәуекелдерге ұшырайтын және пайдалар алатын өнімдерге немесе қызмет көрсетулерге байланысты топтың айрықша құрамдас элементі. Тауарлар мен қызмет көрсетулердiң байланысты болуын анықтаған кезде мынадай факторлар қарастырылуға тиiс:
(а) тауарлардың немесе қызмет көрсетулердiң сипаты;
(b) өндiрiстiк процестердiң сипаты;
(с) тауарларға немесе қызмет көрсетулерге арналған клиенттің тұрпаты немесе сыныбы;
(d) тауарларды тарату және қызмет көрсету үшін пайдаланылған әдістер; және
(е) егер мұны қолдануға болса, реттеушi ортаның сипаты, мысалы, банк, сақтандыру және коммуналдық кәсiпорындар.
Географиялық сараланым - бұл басқа экономикалық жағдайларда iс-әрекет ететiн құрамдас элементтердің тәуекелдерi мен пайдаларынан өзгеше тәуекелдерге ұшырайтын және пайдалар алатын нақты экономикалық ортада өнім өндiрумен немесе қызмет көрсетумен айналысатын компанияның айрықша құрамдас элементі. Географиялық сараланымдарды анықтаған кезде мынадай факторлар ескерiлуге тиiс:
(а) экономикалық және саяси жағдайлардың ұқсастығы;
(b) әр түрлi географиялық аудандардағы операциялардың арасындағы қатынастар;
(c) операциялардың жақындығы;
(d) нақты аудандағы операциялармен байланысты арнайы тәуекелдер;
(e) валюталық бақылау ережелерi; және
(f) негiзiнде жатқан валюталық тәуекелдер.
Есептi сараланым - бұл жоғарыда келтiрiлген анықтамалардың негiзiнде айқындалған шаруашылық немесе географиялық сараланым, ол үшін, осы Стандартқа сәйкес, сараланымдық ақпарат ұсыну талап етiледі.
10. Шаруашылық және географиялық сараланымдарын анықтау үшін 9-параграфта келтірілген факторлар қандай да болсын белгілі бір тәртiпке сәйкес келтiрiлмеген.
11. Бір шаруашылық сараланымы едәуiр өзгеше тәуекелдер мен пайдалары бар тауарлар мен қызмет көрсетулерді қамтымайды. Шаруашылық сараланымын анықтау кезiнде бiр немесе бiрнеше факторларға қатысты алшақтықтар пайда болуы мүмкiн болатындығына қарамастан, бiр шаруашылық сараланымына енгiзiлген тауарлар мен қызмет көрсетулер факторлардың көпшiлiгiне қатысты ұқсас болуға тиiс деп топшыланады.
12. Тап сол сияқты, географиялық сараланым тәуекелдерi мен пайдаларында едәуiр айырмашылығы бар экономикалық ортадағы операцияларды қамтымайды. Бiр ел, екi немесе одан көп елдердiң тобы немесе ел iшiндегi аймақ географиялық сараланым бола алады.
13. Тәуекелдердiң басым көздерi компаниялардың көпшiлiгi қалай ұйымдасқанына және қалай басқарылатынына ықпал етедi. Сөйтіп, осы Стандарттың 27-параграфы компанияның ұйымдық құрылымы және оның iшкi қаржы есептiлiгiнiң жүйесi оның сараланымдарын анықтау үшiн негiз болып табылады. Компанияның тәуекелдерi мен пайдалары оның операцияларының географиялық орналасқан жерiне де (оның өнiмi қайда өндiрiледi немесе оның қызмет көрсету жөнiндегi қызметi қайда орналасқан), сондай-ақ оның рыногы орналасқан жерге де (оның өнiмi қайда сатылады немесе оның қызметтерi қайда көрсетiледi) байланысты болады. Анықтау географиялық сараланымның мыналарға негiзделуіне рұқсат етеді:
(а) компанияның өндiрiстiк және сервистiк қуаттарының және басқа да активтерiнiң орналасқан жерiне; не
(b) оның рыноктары мен клиенттерi орналасқан жерге.
14. Компанияның ұйымдық құрылымы және оның iшкi есептiлiгінің құрылымы әдетте оның активтерi орналасқан жер (оны сататын жер) немесе оның клиенттерi орналасқан жер (оны сату орны) географиялық тәуекелдердiң негiзгi көзi болып табылу-табылмауы жайында дәлелдеме бередi. Тиiсiнше, компания бұл құрылымды оның географиялық сараланымдары: оның активтерi орналасқан жерге, немесе оның клиенттерi орналасқан жерге негiзделуге тиiс екендiгiн анықтау үшiн қарастырады.
15. Шаруашылық немесе географиялық сараланымдарының құрамын анықтау субъективті шешімнің белгiлi бiр үлесiн топшылайды. Ондай шешімдi қабылдаған кезде компания басқармасы, осы Стандартта белгiленгендей, сараланым бойынша қаржы ақпаратын ұсыну мақсатын және ХҚЕСК Принциптерінде анықталғандай, қаржы есептiлiгiнiң сапалық сипаттамасын ескередi. Бұл сапалық сипаттамалар компанияның тауарлары мен қызмет көрсетулерiнің әр түрлi топтары және нақты географиялық аудандардағы оның операциялары жайында есептiлiкте ұсынылатын қаржы ақпаратының уақытқа сай маңыздылығын, сенiмдiлiгiн және салыстырмалылығын, және тұтас алғанда компанияның тәуекелдерi мен пайдаларын бағалау үшiн осындай ақпараттың пайдалылығын қамтиды.
Сараланым түсімдерінің, шығыстарының, нәтижелерінiң, активтері мен мiндеттемелерінiң анықтамалары
16. Осы Стандартта мынадай қосымша терминдер төменде аталған мәнiнде пайдаланылады:
Сараланымның кірісі - бұл компанияның пайдалары мен залалдары туралы есепте ұсынылған кіріс, оның сараланымға тiкелей қатысы бар және компания кірістерінің компаниядан тыс тараптармен операцияларынан немесе тап осы компанияның басқа да сараланымдарымен операциялардан алынатын, негізді түрде сараланымға жатқызылуы мүмкін кіріс. Сараланымның кірісі мыналарды қамтымайды:
(а) [жойылған]
(b) егер сараланым операциялары негiзiнен қаржы сипатында болғанда ғана, басқа сараланымдарға берілген аванстар немесе қарыздарға алынған пайыздарды қоса, пайыздық немесе дивидендтiк кiрiстi; немесе
(c) сараланым операциялары, негiзiнен, қаржылық сипатта болғанда ғана, инвестицияларды сатудан түскен пайданы немесе борыштарды өтеуден түскен пайданы.
Қауымдасқан компаниялардың, бiрлескен кәсіпорындардың немесе басқа инвестициялардың үлес қосып қатысу әдiсi бойынша ескерiлген пайдалардағы немесе залалдардағы компанияның үлесi, егер осы баптар компанияның шоғырландырылған немесе жалпы кірісіне енгiзiлсе ғана, сараланымның кірісіне қосылады.
Сараланымның кiрiстерi бiрлесiп бақылау жасалатын ұйымның кірістеріндегі бiрлескен қызметке қатысушының үлесiн қамтиды, ол 31-“Бiрлескен қызметке қатысу ” IAS тепе-тең шоғырландыру әдiсi бойынша ескерiледi.
Сараланымның шығыстары - бұл сараланымның негізгі қызметiнiң нәтижесiнде туындайтын, сараланымға тiкелей қатысы бар шығыстар, және ақылға қонымды негiзде сараланымға жатқызылуы мүмкiн шығыстардың тиiстi бөлiгi, соның iшiнде сыртқы клиенттерге сатуға жататын шығыстар және тап сол компанияның басқа сараланымдарымен операцияларға жататын шығыстар. Сараланымның шығыстары:
(а) [жойылған]
(b) сараланым операциялары негiзiнен қаржы сипатында болғанда ғана, пайыздарды, оның iшiнде басқа сараланымдардан алынған аванстар немесе қарыздар бойынша пайыздарды;
(c) сараланым операциялары негiзiнен қаржылық сипатта болғанда ғана, инвестицияларды сатудан болған залалдарды немесе қарыздарды өтеуден болған залалдарды;
(d) қауымдасқан компаниялардың, бiрлескен кәсіпорындардың немесе үлес қосып қатысу әдiсi бойынша ескерiлген басқа да инвестициялардың залалдарындағы компанияның үлесiн;
(е) пайдаға салынатын салықтан аударымдарды; не
(f) жалпы әкiмшiлiк шығыстарды, бас кеңсенiң шығыстарын және компания деңгейiнде туындаған және тұтас алғанда компанияға жататын басқа да шығыстарды қамтымайды. Алайда кейде сараланымның атынан компания деңгейiнде шығындар пайда болады. Ондай шығындар, егер олар сараланымның операциялық қызметiне жататын болса және сараланымға тiкелей бөлінуі немесе негізді түрде жатқызылуы немесе мүмкiн болса, сараланымның шығыстары болып табылады.
Сараланымның шығыстары бiрлесiп бақылау жасалатын ұйымның шығыстарындағы бiрлескен кәсіпкердің үлесiн қамтиды, ол 31 IAS Халықаралық стандартына сәйкес тепе-тең шоғырландыру әдiсi бойынша ескерiледi.
Негiзiнен қаржы сипатында болатын сараланым операциялары үшiн, пайыздық табыс және пайыздық есептерде сараланымның есептiлiк мақсаттары үшiн, егер осы баптар шоғырландырылған қаржы есептiлiгiнде немесе компанияның қаржы есептiлiгiнде ұсынылса ғана, бір таза сома ретінде ұсынылуы мүмкiн.
Сараланымның нәтижелерi - бұл сараланымның шығыстарын шегергендегi оның кiрiстерi. Сараланымның нәтижелерi азшылық үлесiне жататын кез келген түзетулерге дейiн анықталады.
Сараланымның активтерi - бұл сараланым өзiнiң негізгі қызметiнде пайдаланатын және сараланымға тiкелей жатқызылатын, не ақылға қонымды негiзде оған жатқызылуы мүмкiн активтер.
Егер сараланымның нәтижесi пайыздық немесе дивидендтік табысты қамтитын болса, оның активтерi, тиiсінше, дебиторлық берешектi, инвестицияларды немесе табыс әкелетiн басқа да активтердi қамтиды.
Сараланым активтерi пайдаға салынатын салықтар бойынша салық активтерін қамтымайды.
Сараланым активтерi үлес қосып қатысу әдiсiне сәйкес ескерiлген инвестицияларды, егер ондай инвестициялардан алынған пайда немесе залал сараланымның кiрiстерiне жатқызылатын болса ғана, қамтиды. Сараланым активтерi бiрлесiп бақылау жасалатын кәсiпорынның операциялық активтерiндегi бiрлескен кәсіпкердің үлесiн қамтиды, ол 31 IAS Халықаралық стандартына сәйкес тепе-тең шоғырландыру әдiсi бойынша ескерiледi.
Сараланым активтерi компанияның бухгалтерлік балансындағы тiкелей есепке алулар ретiнде ұсынылатын тиiстi бағалау резервтерi шегерiлгеннен кейiн анықталады.
Сараланымның мiндеттемелерi - бұл сараланымның операциялық қызметiнiң нәтижесiнде туындайтын және сараланымға тiкелей бөлінетін не оған негiздi түрде жатқызылуы мүмкiн операциялық мiндеттемелер.
Егер сараланым нәтижесi пайыздық шығыстарды қамтитын болса, онда оның мiндеттемелерi пайыздары бар тиiстi мiндеттемелердi қамтиды.
Сараланымның мiндеттемелерi бiрлесiп бақылау жасалатын ұйымның мiндеттемелерiндегi бiрлескен кәсіпкердің үлесiн қамтиды, ол 31 IAS сәйкес тепе-тең шоғырландыру әдiсi бойынша ескерiледi.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz