Су мәселесі туралы



1. Су мәселесі
2. Орталық Азия республикаларының экономикасы
Бір қол – жағада, бір қол – сағада...

Қанша қиюластырғың келгенімен, әу бастан қиюы қашқан нәрсенің икемге келіп, иліге кетуі екіталай. Ал икемге келтіру үшін амал-тәсілдің сан түрін ойластырып, мәселеге жан-жақты байыппен қарағанда ғана бұрыннан түйіні шешілмей жүрген түйткілді дүниенің түйіні тарқап, күрмеуі біраз да болса шешілер еді. Әйтпесе...

Су мәселесі бүгінгі таңда тек Орталық Азияда ғана емес, тіпті жаһандық тұрғыда талқыға түсіп жүргені белгілі.Аймақтық-өндірістік кешендерден бастап тұтастай ел экономикасының қарыштап дамуы бірінші кезекте мемлекеттің су ресурстарымен жеткілікті мөлшерде қамтамасыз етілуіне байланысты десек, артық айтқандық болмас. Қазіргі кезде Орталық Азия республикалары арасында шиеленісе түскен аталмыш мәселе көршілермен арадағы байланыстың болашақта қай бағытқа қарай бет алатынын бағамдауға мүмкіндік беретіндей. Таразының бір басында Қазақстан болса, екінші жағында Орталық Азиядағы мемлекеттер тұр. Оған тағы да Ресей мен Қытайдың салар салмағын қосыңыз. Осы ретте алаң туғызар басты жәйт: ағын суды, соның ішінде, әсіресе, трансшекаралық өзендерді пайдалануда жаңағы мүдделілік таразысының тепе-теңдігін қалай сақтауға болатындығы. Егер де аталмыш үдеріс бұдан былай да қазіргі бағытта өрістей беретін болса, су мәселесі төңірегінде жаңа шиеленіс түрінің туындауына жол ашылып жүрмей ме? Және сол шиеленіс салдарынан түптің түбінде елдің зардап шекпейтініне кім кепілдік береді? Сауал көп. Оған берілер жауаптың да аз еместігіне дау жоқ. Осы ретте аталмыш проблема мемлекеттің экономикалық не болмаса экологиялық мүмкіндігін ғана танытып қоймай, қауіпсіздік және саяси мәселе сипатына көшетін сыңайы бар.

Қазақстан Республикасының
Ғылым және Білім министрлігі

На тему:
Су мәселесі

Орындаған:
Тексерген:

Астана 2008 ж.

Бір қол – жағада, бір қол – сағада...

Қанша қиюластырғың келгенімен, әу бастан қиюы қашқан нәрсенің икемге келіп,
иліге кетуі екіталай. Ал икемге келтіру үшін амал-тәсілдің сан түрін
ойластырып, мәселеге жан-жақты байыппен қарағанда ғана бұрыннан түйіні
шешілмей жүрген түйткілді дүниенің түйіні тарқап, күрмеуі біраз да болса
шешілер еді. Әйтпесе...

Су мәселесі бүгінгі таңда тек Орталық Азияда ғана емес, тіпті жаһандық
тұрғыда талқыға түсіп жүргені белгілі.Аймақтық-өндірістік кешендерден
бастап тұтастай ел экономикасының қарыштап дамуы бірінші кезекте
мемлекеттің су ресурстарымен жеткілікті мөлшерде қамтамасыз етілуіне
байланысты десек, артық айтқандық болмас. Қазіргі кезде Орталық Азия
республикалары арасында шиеленісе түскен аталмыш мәселе көршілермен арадағы
байланыстың болашақта қай бағытқа қарай бет алатынын бағамдауға мүмкіндік
беретіндей. Таразының бір басында Қазақстан болса, екінші жағында Орталық
Азиядағы мемлекеттер тұр. Оған тағы да Ресей мен Қытайдың салар салмағын
қосыңыз. Осы ретте алаң туғызар басты жәйт: ағын суды, соның ішінде,
әсіресе, трансшекаралық өзендерді пайдалануда жаңағы мүдделілік таразысының
тепе-теңдігін қалай сақтауға болатындығы. Егер де аталмыш үдеріс бұдан
былай да қазіргі бағытта өрістей беретін болса, су мәселесі төңірегінде
жаңа шиеленіс түрінің туындауына жол ашылып жүрмей ме? Және сол шиеленіс
салдарынан түптің түбінде елдің зардап шекпейтініне кім кепілдік береді?
Сауал көп. Оған берілер жауаптың да аз еместігіне дау жоқ. Осы ретте
аталмыш проблема мемлекеттің экономикалық не болмаса экологиялық
мүмкіндігін ғана танытып қоймай, қауіпсіздік және саяси мәселе сипатына
көшетін сыңайы бар.

Орталық Азия республикаларының экономикасы үшін су ресурсы өткен ғасырдың
орта тұсынан-ақ өзекті де өткір проблемаға айналғанын ескерсек, оның
әлдеқашан халықаралық маңызға ие болғандығы анық. ТМД мемлекеттері ішінде
біздің еліміз өзен суымен өте төмен деңгейде қамтамасыз етілген.
Географиялық жағынан барлық трансшекаралық – Ертіс, Сырдария, Жайық, Іле,
Шу, Талас секілді өзендердің төменгі сағасында орналасқандықтан да болар,
Қазақстан үшін бұл проблема күрделілігімен қатар, уақыт өткен сайын мүлдем
жаңа түрге енетін құбылмалылығымен де қиындық туғызуда.

Өткенге біраз шегініс жасасақ, сонау 1992 жылдың ақпан айында Алматы
қаласында Орталық Азия мемлекеттері арасында Сырдария өзенінің су
қатынастары мәселелерін реттеу, трансшекаралық су ағындарының режім
проблемаларын шешу, әсіресе, жазғы суармалы мерзім кезінде су ресурстарын
тиімді пайдалану мен қорғауды бірлесіп басқару саласындағы ынтымақтастық
туралы келісімге қол қойылған болатын. Ал 1998 жылдың наурыз айында осы
өзеннің су-энергетикалық ресурстарын келісілген шартпен іске асыру
мақсатында Орталық Азия экономикалық ынтымақтастығы ұйымының үкіметаралық
негіздемелік келісіміне қол қойылды. Алайда, соңғы екі жылда аталған
келісімдердің ережелерін Сырдария өзенінің жоғарғы сағасында орналасқан
мемлекеттер толығымен орындамай отыр. Мәселен, Қырғызстан қысқы мерзім
аралығында энергетикалық режімге сәйкес 19,5 млрд. текше метрді құрайтын
Тоқтағұл су қоймасынан суды көп мөлшерде жіберіп, осы өзеннің төменгі
ағысында орналасқан біздің Оңтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстарының
елді мекендерін су басу қаупін төндіруде. Ал Өзбекстан болса кейінгі
кездері жылда түзілетін Сырдария өзенінің су ресурстарын пайдалану туралы,
яғни жаз айларында алынған суға қырғыздың электр қуатын қабылдап,
сәйкесінше Қырғызстанға газ беруге тиіс делінген мемлекетаралық келісім-
шартты мойындамай келеді. Осы шарттың орындалмауы салдарынан бар
ауыртпашылықтың салмағы төменгі сағада отырған Қазақстанның мойнына ауып
отыр: жазда Оңтүстік Қазақстан мен Қызылорда облыстарының егінді аймақтарын
сумен қамтамасыз ету үшін біздің еліміз екі мемлекетке қатысты алынатын
электр қуатын өтеуге мәжбүр болуда. Тағы бір айта кетерлігі, арнайы
белгіленген шартқа сәйкес өзен ағысы бойындағы су шаруашылығы құрылыстары
тек мемлекетаралық келісім бойынша салынуы тиіс десек, Өзбекстан бұл жерде
де басқаша қадамға барып, ешқандай келісімсіз Арнасай су қоймасын салып
алды. Ал бұл өз кезегінде Шардара су қоймасынан апатты жағдайда жіберілетін
секөнтіне 2160 текше метр су өтімінің төмендеуіне әкеп соғуда. Басқаша
айтсақ, Өзбекстан алдымен өзін сумен қамтамасыз ету жағына бет бұрып,
трансшекаралық өзендерді пайдалану ережесін ескерусіз қалдырды. Қырғызстан
мен Өзбекстан бұл мәселеде қазаншының еркі бардың рөлін атқаруға тырысып
бағуда.

Қазақстан тарапынан осы мәселелерді реттеу тұрғысында Халықаралық су
энергетика консорциумын құру туралы ұсыныс енгізіліп, оның тұжырымдамасы да
әзірленіп қойды. Оған Дүниежүзілік банк те өз тарапынан көмек көрсеткісі
бар. Десек те аталмыш консорциумға жоғарыда аталған мемлекеттердің
кіріскісі де, қатысқысы да жоқ. Себеп, әркім өз мүддесін ғана көздеп,
географиялық жағдайларын көзір ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстанның шекаралас мемлекеттері арасындағы трансшекаралық өзендер мәселесі
Қазақстандағы трансшекаралық өзендердің жалпы сипаттамалары
Ертіс пен Іле өзендері
Қазақстан Республикасының транс шекаралық өзендер мәселелері
Қазақстанның трансшекаралық өзендері
Арал мәселесі
Каспий мұнайын тұтынушы елдер
Қазақстан Республикасы мен Әзірбайжан Республикасы арасындағы каспий мәртебесінің мәселесі
Қазақстандағы ауыз су мәселесі
Қазақстанның жалпы экологиялық проблемалары
Пәндер