Психологиялық кеңес беру маңыздылығы



Кіріспе 3
1. Психологиялық кеңес беру процесінің теоретикалық негіздері. 4
2. Психологиялық кеңес беру әдістері. 5
Қорытынды 7
Пайдаланылған әдебиеттер: 8
Психологиялық кеңес (консультация) жүргізу,кәсіби кеңес (консультация) жүргізу – диагностикалық негізде туындайды. Психологиялық кеңес берудің мақсаты: педагогикалық үрдістердегі қатысушыларға мәселелерді,оқу-тәрбие үдерісінде туындаған проблемаларды шешуге көмек көрсету. Кеңес беру жұмысында психологтың іскерлігі мен дағдысын дамытумен бірге бұл арнайы дайындықты талап етеді.
кезде психологиялық кеңес беру және психокоррекция жүргізу әдістері ретінде белгіленетін көптеген тәсілдерді тәжірибеленуші психолог кеңінен пайдаланылуда. Психологиялық кеңес беру психолог тәжірибесінде бұрыннан бері пайдаланылатын ұғым болғандықтан, ол терминмен психолог қызметінің кең аумағын қамтитын бұл түріне нақты анықтама беру немесе оның қолдану аймағын бір жақты көрсету қиын. Сондықтан, психологиялық білім қолданылатын кез келген салада кеңес беру жұмысы осы қызметті ұйымдастыру формаларының бір түрі ретінде саналады. Кеңес беру жұмысының өзі бірнеше бағытта болуы мүмкін: кәсіби кеңес беру, басшыларға кеңес беру, мектеп жасындағы балаларға кеңес беру, ата-аналарға және педагогтарға кеңес беру т.с.с. Білім беру жүйесінде және әлеуметтік ортада психологиялық кеңес берудің ең көп қолданылатын саласы мектеп оқушыларына және олардың ата-аналарына, әркімнің өзінің жеке тұлғалық және отбасылық проблемасымен келетіндерге психологиялық көмек көрсету болып отыр. Бұл сала бастауыш мектеп оқушыларының адаптациядан өтуі, жеткіншектер проблемалары, балалар мен олардың ата-аналарына кеңес беру, жас жұбайлармен жүргізілетін жұмыс, некеге дейінгі кезеңде үйленейін деп жүрген жастарға кеңес беру, семья бұзып ажырасушыларға психологиялық көмек сияқты көптеген жеке бағыттардан тұрады.
Психологиялық кеңес берудің негізгі мақсаты – психологиялық көмек көрсету қажеттілігі даусыз екенін дәлелдеп беру, яғни клиентпен әңгімелесу арқылы кеңес сұрап келген адамға проблемаларын шешуге және қоршағандармен ара қатынасын дұрыс орнатуға психолог көмек көрсете алатындығына сендіру. Бірақ бұл психологиялық көмек қалай көрсетілуі тиіс екендігіне бір жақты жауап беру оңай емес. Негізінде, маманның қабылдауында болған адам психолог туралы және психологиялық қызмет туралы пікірі жақсы болуы керек және психологпен кездескеннен кейін, егер ол адам шынында да өзін жақсы сезінсе, проблемаларын шешуге мүмкіндік бар екеніне көзі жетсе, онда кеңес берудің оң әсері бар екені қосымша дәлелдеуді талап етпейді. Бірақ уақыт өте келе, сол адам психолог сөзінің, оның берген кеңесінің дұрыс екеніне түсіне бастайды. Сондай-ақ кеңес беруші де, егер клиентпен кездесу одан әрі жалғасса, психодиагностика барысында анықталған проблемаларды түсіндіру кезінде кейбір мәселелерді клиент жете тыңдамағанын және қабылдамағынын байқауы мүмкін. Бұл жағдай психологтан өз қызметін клиентке жете түсіндіру қажет екенін көрсетеді.
1. Жарықбаев. Жантану негіздері.
2. Алдамұратов. Жалпы психология. Алматы, 1996.
3. Бап-баба. Жалпы психология. Алматы, 2005.

Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
Кіріспе 3
1. Психологиялық кеңес беру процесінің теоретикалық негіздері. 4
2. Психологиялық кеңес беру әдістері. 5
Қорытынды 7
Пайдаланылған әдебиеттер: 8

Кіріспе
Психологиялық кеңес (консультация) жүргізу,кәсіби кеңес (консультация) жүргізу - диагностикалық негізде туындайды. Психологиялық кеңес берудің мақсаты: педагогикалық үрдістердегі қатысушыларға мәселелерді,оқу-тәрбие үдерісінде туындаған проблемаларды шешуге көмек көрсету. Кеңес беру жұмысында психологтың іскерлігі мен дағдысын дамытумен бірге бұл арнайы дайындықты талап етеді.
кезде психологиялық кеңес беру және психокоррекция жүргізу әдістері ретінде белгіленетін көптеген тәсілдерді тәжірибеленуші психолог кеңінен пайдаланылуда. Психологиялық кеңес беру психолог тәжірибесінде бұрыннан бері пайдаланылатын ұғым болғандықтан, ол терминмен психолог қызметінің кең аумағын қамтитын бұл түріне нақты анықтама беру немесе оның қолдану аймағын бір жақты көрсету қиын. Сондықтан, психологиялық білім қолданылатын кез келген салада кеңес беру жұмысы осы қызметті ұйымдастыру формаларының бір түрі ретінде саналады. Кеңес беру жұмысының өзі бірнеше бағытта болуы мүмкін: кәсіби кеңес беру, басшыларға кеңес беру, мектеп жасындағы балаларға кеңес беру, ата-аналарға және педагогтарға кеңес беру т.с.с. Білім беру жүйесінде және әлеуметтік ортада психологиялық кеңес берудің ең көп қолданылатын саласы мектеп оқушыларына және олардың ата-аналарына, әркімнің өзінің жеке тұлғалық және отбасылық проблемасымен келетіндерге психологиялық көмек көрсету болып отыр. Бұл сала бастауыш мектеп оқушыларының адаптациядан өтуі, жеткіншектер проблемалары, балалар мен олардың ата-аналарына кеңес беру, жас жұбайлармен жүргізілетін жұмыс, некеге дейінгі кезеңде үйленейін деп жүрген жастарға кеңес беру, семья бұзып ажырасушыларға психологиялық көмек сияқты көптеген жеке бағыттардан тұрады.
Психологиялық кеңес берудің негізгі мақсаты - психологиялық көмек көрсету қажеттілігі даусыз екенін дәлелдеп беру, яғни клиентпен әңгімелесу арқылы кеңес сұрап келген адамға проблемаларын шешуге және қоршағандармен ара қатынасын дұрыс орнатуға психолог көмек көрсете алатындығына сендіру. Бірақ бұл психологиялық көмек қалай көрсетілуі тиіс екендігіне бір жақты жауап беру оңай емес. Негізінде, маманның қабылдауында болған адам психолог туралы және психологиялық қызмет туралы пікірі жақсы болуы керек және психологпен кездескеннен кейін, егер ол адам шынында да өзін жақсы сезінсе, проблемаларын шешуге мүмкіндік бар екеніне көзі жетсе, онда кеңес берудің оң әсері бар екені қосымша дәлелдеуді талап етпейді. Бірақ уақыт өте келе, сол адам психолог сөзінің, оның берген кеңесінің дұрыс екеніне түсіне бастайды. Сондай-ақ кеңес беруші де, егер клиентпен кездесу одан әрі жалғасса, психодиагностика барысында анықталған проблемаларды түсіндіру кезінде кейбір мәселелерді клиент жете тыңдамағанын және қабылдамағынын байқауы мүмкін. Бұл жағдай психологтан өз қызметін клиентке жете түсіндіру қажет екенін көрсетеді.
1. Психологиялық кеңес беру процесінің теоретикалық негіздері.
Психологиялық кеңес берудің мазмұны - психолог өзінің кәсіптік-ғылыми білімін қолдана отырып, екінші адамға өзінің жаңа психологиялық тапсырмаларын шешу қабілетін сездіретін жағдай жасайды. Бұл мына шкала бойынша тексеріледі:
1. Психолог өте байқампаз болуы керек. (Клиентті тоқтатып, маңызды ақпаратты сараптайды.
2. Психологтың іс-әрекеті құрастырмалы (құрастырмалы емес); ол басқа адамға ақылмен әсер етуге тырысады. (Оған қысым көрсетеді).
3. Клиенттің даусы естіледі (өте ақырын естіледі).
4. Клиенттің жауабы психологтың айтқандарымен сәйкес (сәйкес емес).
5. Клиенттің тапсырмасының мазмұны психологқа әсер ету арқылы дұрыс (дұрыс емес) түсінілген. Психолог клиент тапсырмасын шеше отырып, оның жағдайына жеңілдету енгізеді.
6. Психологтың бойында түсіну мен жағымдылық арқылы әсер ету дағдысы бар (жоқ).
7. Психолог клиентке өзінің жеке даралығын жоғалтпай қосылады (тұлғалық құрбандығымен бағасымен).
Адам - адам кәсібіндегі психологиялық әсер ету (дәрігер, заңгер, тілші, мұғалім, әлеуметтанушы, әлеуметтік қызметкер) сұхбат ретінде жүзеге асырылатын болғандықтан кеңес беру процедураларын жиі еске түсіреді. Бірақ бұл сұхбаттар өзара іс-әрекет құралы сияқты адамға әсер ету мөлшерімен және оған деген жауапкершілікпен ерекшеленеді. Психолог клиенттің психологиялық өмірінің қасиеттерін көрсеткені үшін жауаты болады. Әр бағыттауға спецификалық әдістемелік тәсілдер, кеңес берудің мақсаты мен тапсырмалары, психикалық шындықтың аймағы, клиент пен кеңес берушінің бағыттары тән.
Психологиялық кеңес беру процесінің теоретикалық негіздерін терең механизмдерді, адамның әрекеттері мен қылықтарының мотивациясын, оның мінез-құлқының құндылықты мағыналар жүйесін анықтайтын жеке тұлға психологиясы бойынша жұмыстардан іздеу керек.
Ойлауды зерттеудің маңызы зор, себебі, ойлау қажеттігі өмір сүру барысында адамның алдында жаңа мақсат пайда болған кезде, жаңа жайлар мен іс-әрекет шарттары пайда болған кезде, ал іс-әрекеттің ескі амалдары мен тәсілдері оларға жету үшін жаңа тәсілдер мен құралдар жасауға болады. Мұндай жағдайлар мәселелі деп аталады, дәл осындай жағдайларда психологиялық кеңес бере алу қажеттілігі туады.
Мәселелі жағдай іс-әрекеті барысында адам түсініксіз, белгісіз нәрсеге тап болғандығын білдіреді. Мәселелі жағдайды ойлау мәселенің анализінен бастап адам саналы сезінетін міндетке айналдырады. Әсіресе, ойлау міндетті шешу барысында процесс ретінде айқын байқалады.
Енді ойлау процесінің кезеңдеріне тоқталайық. Әдетте ойлауды зеттеу бойынша жұмыстарда төрт осындай кезеңдерді атап көрсетеді:
1. Міндетті саналы сезіну.
2. Алдын ала оның шарттарын анықтап алу.
3. Болжамдарды ұсыну және сараптау.
4. Шешім.
Жиі бірінші және екінші кезеңдер бір міндетті тауып, оны құрастыру кезеңінде біріктіреді де, тағы бір кезең - шешімді тексеру кезеңін ендіреді.
Кейіннен психологиялық кеңес беру процесін қарастырғанда, оның кезеңдері ойлау процесінің кезеңдерін қайталайтындығын оңай байқауға болады.
2. Психологиялық кеңес беру әдістері.
Психологияда жеке адамның психологиялық қасиеттері мен таным процестерін өңдеуге пайдаланылатын әдістемелер жиынтығы мен технологиясын психокоррекция деп пайдаланады. Оларды баланың жас ерекшеліктеріне байланысты және отбасы проблемаларына байланысты сыныптастырып, жинақтағандардың бірі А.А.Бодалев және оның зертханасында істейтін ғалымдар болды. Психологиялық кеңес беру жұмысының мазмұны мектепке дейінгілерге, бастауыш сынып оқушыларына және жоғары сыныптағыларға деп жіктеліп көрсетілді.
Психологияны өмір тәжірибесіне кең көлемде енгізу нәтижесінде оның көптеген жетістіктерін адамдардың алдында тұрған қиын мәселелерді шешуге ықпал жасауға мүмкіндік берді. Қазіргі кезде психологиялық кеңес беру және психокоррекция ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазіргі заманғы психологиялык білім мен оның тэжірибесіне деген қызығушылықтың өсуі
Студенттердің түлғалық жэне кәсіби даярлығына психологиялық кеңес беру тәсілдерінің тиімді эсерін зерттеу
12 жылдық оқу жүйесіне бейімделуге практик – психологтың әсері
Мектепте әлеуметтік-психологиялық кеңес беру
Психология ғылымындағы кәсіби бағыттылық мәселелеріне теориялық шолу
Білім беру жүйесіндегі психологиялық қызмет көрсету
Жоғары сынып оқушыларының мамандық таңдауының психологиялық ерекшеліктерін зерттеу
Оқыту процесіндегі төменгі сынып оқушыларының ойлауын дамыту
Қазіргі мектеп психологінің кәсіби сапасын анықтау
Психологиялық кеңес берудің типі, түрі және деңгейлері
Пәндер