Қазақстандағы жеке психология салаларының құрылуы және даму қарқын



Кіріспе 3
1 Қазақстанда психология ғылымының даму мәселесі 4
2.Қазақ ғұламаларының педагогикалық психологиядағы орны. 5
3. Жеке психология салаларының құрылуы және даму қарқыны 7
Қорытынды 9
Пайдаланылған әдебиеттер: 11
Психология - психикалық құбылыстардың (жан қуаттарының») пайда болу, даму және қалыптасу заңдылықтарын зерттейтін ғылым.
Психикалық құбылыстар бізді қоршап тұрған сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының мидағы әр түрлі бейнелері болып табылады. Олар көпшілігімізге өз тәжірибиемізды жақсы мәлім, тілімізде жиі кездесетін ұғымдар. Бір қарағанда бұлардың мәнін әрқайсымыз тез ажырататын да, білетін де сиақтымыз. Бірақ психикалық құбылыстардың мәнін ғылыми түрғыдан түсіну арқылы ғана жан-жақты ажыратуға болады. Осы мәселені ғылыми жолмен баяндауды, олардың өзіндік заңдылықтарын айқындауды сөз болып отырған психология ғылымы қарастырады. Психология ерте замандардан келе жаткан білім салаларының бірі. Оның дүниеге тұңғыш келген жері ежелгі Греция. «Психология» термині гректіқ екі сөзінен тұрады: оның біріншісі - «псюхе» (жан), екіншісі - «логос» (сез, ілім). Сөйтіп, бұл сөз «жан туралы ілім» деген ұғымды білдіреді. Бірақ психологияны «жан туралы ілім» демей, психика туралы ғылым деп түсінген дұрыс. Психология ерте уақыттан келе жатқан ғылымдардың бірі болғанмен, адамның күнделікті қажетін өтеуге оның пайдасы өте аз тиіп келді. Өйткені, сол кездегі көпшілік зерттеулердің философиялық негізі ғылыми жағынан дәйексіз болды да өмірден алшақ мәселелерді сөз етті. Психологияда шын мәнісіндегі ғылыми-зерттеулер тек үстіміздегі ғасырда ғана көріне бастады.
Ерте замандарда пайда болып, ғасырлар бойы соқыр сенім нанымдар мен кейбір зиялылардың көзқарастарында насихатталып келген түсініктер бойынша адамда тәуслсіз «жан» болады, мәңгі-бақи жасайтын жан адамның барлық психикалык тіршілігінің (ойынын, сезімініқң, еркінін) иесі де, себепшісі де. Жан туралы осындай жалған түсініктің пайда болуына алғашкы адамдардың табиғат сырларын дұрыс түсіне алмауы себеп болды. «Психикалык қүбылыстарды» төл тілімізде «жан қуаттәры» деп алған макұл. Әл-Фараби, Абай еңбектерінде де осылай алынған. Әйтседе ретті жерінде «психика» терминін де қолданған артық болмайды. Олар дуыиеде табнғатқа бағынбайтын, одан оқшау тұратын ерекше бір сикырлы куш бар, ал жан болатын болса, еоның бір көрінісі, уйқы кезінде ол денеден уа-кытша ріығып кетеді де, адам оянған кезде кайтып ке-леді, егер келмей калса, адам өледі деп түжырымдадьі Жан туралы осындай акимистік (барлық нәрседе де жан бар дейтін түсінік) пікірлер кейбір тайпалардың ара-сында күні бүгінге дейін кездеседі.
1. Қ.Жарықбаев. Қазақ психологиясының тарихы. -Алматы:Қазақстан, 1996. -160 б.
2. Қ.Жарықбаев. Психология. Адамзат ақыл-ойының қазынасы.-Алматы, 2006.-480 б. 10-том.
3. Қ.Жарықбаев. Кезiнде әлемдiк психологияға өзiндiк үлес қосқан қайран қазақ психологиясының қазiргi халi қандай? /Мектептегi психология. 2006. №4. Шiлде-тамыз.
4. Сабирова Ж. Мағжан Жұмабаевтың психологиялық көзқарастары. -Алматы, 2005.-25 б.
5. Жарықбаев Қ., Қалиев С. Қазақ тәлiм-тәрбиесi. -Алматы:Санат. 1995. -352 б.
6. Жарықбаев Қ., Құдиярова А. Жантану пәнiн орта мектептерде оқытудың мәселелерi. -Алматы, 2004.
7. Жарықбаев Қ., Озғанбаев О. Жантануға кiрiспе.-Алматы, 2000.
8. Сейiтнұр Ж. М.Мұқановтың педагогикалық-психологияға қосқан үлесi. /Ұлағат.-Алматы, 2001. -38 б.б.
9. Уалиханов Ш. Шығармалар жинағы. - Алматы, 1961. 5 - том.- 89 б.
10. Құнанбаев А. Қара сөз, поэмалар. // Құрастырған К.Серiкбаева. - Алматы, "Ел", 1992.

Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
Кіріспе 3
1 Қазақстанда психология ғылымының даму мәселесі 4
2.Қазақ ғұламаларының педагогикалық психологиядағы орны. 5
3. Жеке психология салаларының құрылуы және даму қарқыны 7
Қорытынды 9
Пайдаланылған әдебиеттер: 11

Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі. Психология - психикалық құбылыстардың (жан қуаттарының) пайда болу, даму және қалыптасу заңдылықтарын зерттейтін ғылым.
Психикалық құбылыстар бізді қоршап тұрған сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының мидағы әр түрлі бейнелері болып табылады. Олар көпшілігімізге өз тәжірибиемізды жақсы мәлім, тілімізде жиі кездесетін ұғымдар. Бір қарағанда бұлардың мәнін әрқайсымыз тез ажырататын да, білетін де сиақтымыз. Бірақ психикалық құбылыстардың мәнін ғылыми түрғыдан түсіну арқылы ғана жан-жақты ажыратуға болады. Осы мәселені ғылыми жолмен баяндауды, олардың өзіндік заңдылықтарын айқындауды сөз болып отырған психология ғылымы қарастырады. Психология ерте замандардан келе жаткан білім салаларының бірі. Оның дүниеге тұңғыш келген жері ежелгі Греция. Психология термині гректіқ екі сөзінен тұрады: оның біріншісі - псюхе (жан), екіншісі - логос (сез, ілім). Сөйтіп, бұл сөз жан туралы ілім деген ұғымды білдіреді. Бірақ психологияны жан туралы ілім демей, психика туралы ғылым деп түсінген дұрыс. Психология ерте уақыттан келе жатқан ғылымдардың бірі болғанмен, адамның күнделікті қажетін өтеуге оның пайдасы өте аз тиіп келді. Өйткені, сол кездегі көпшілік зерттеулердің философиялық негізі ғылыми жағынан дәйексіз болды да өмірден алшақ мәселелерді сөз етті. Психологияда шын мәнісіндегі ғылыми-зерттеулер тек үстіміздегі ғасырда ғана көріне бастады.
Ерте замандарда пайда болып, ғасырлар бойы соқыр сенім нанымдар мен кейбір зиялылардың көзқарастарында насихатталып келген түсініктер бойынша адамда тәуслсіз жан болады, мәңгі-бақи жасайтын жан адамның барлық психикалык тіршілігінің (ойынын, сезімініқң, еркінін) иесі де, себепшісі де. Жан туралы осындай жалған түсініктің пайда болуына алғашкы адамдардың табиғат сырларын дұрыс түсіне алмауы себеп болды. Психикалык қүбылыстарды төл тілімізде жан қуаттәры деп алған макұл. Әл-Фараби, Абай еңбектерінде де осылай алынған. Әйтседе ретті жерінде психика терминін де қолданған артық болмайды. Олар дуыиеде табнғатқа бағынбайтын, одан оқшау тұратын ерекше бір сикырлы куш бар, ал жан болатын болса, еоның бір көрінісі, уйқы кезінде ол денеден уа-кытша ріығып кетеді де, адам оянған кезде кайтып ке-леді, егер келмей калса, адам өледі деп түжырымдадьі Жан туралы осындай акимистік (барлық нәрседе де жан бар дейтін түсінік) пікірлер кейбір тайпалардың ара-сында күні бүгінге дейін кездеседі.
Мақсаты :
Қазақстандағы жеке психология салаларының құрылуы және даму қарқын, медециналық психология туралы мағлұмат беру
Міндеттері :
* Қазақ ғұламаларының психалогиядағы орнын білу;
* Әбу Насыр әл-Фараби және оның қазақ психологиясы тарихындағы орны
білу

1 Қазақстанда психология ғылымының даму мәселесі
Қазіргі кезде біздің республикада өзекті психологиялық мәселелерді анықтауға деген қажеттілік, қызығушылық өсу үстінде. Ғылыми зерттеулер шыға бастады, психологиялық білімдерді насихаттау кеңейе түсті, бірнеше ғылыми-теоретикалық конференциялар өтті (1990, 1994, 1996, 1998 жж.) монографиялар, оқу пособиялары, оқулықтар басылымдары шыға бастады. Әдістемелік өңдеулер биографиялық көрсеткіштер терминологиялық сөздіктер пайда болды. Ұлттық білім беру мен тәрбиелеу атты Алматы облыстық ассоциациясына кірісті психологтардың іс-әрекеттері белсенді болу да.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де этнопсихология және этнопедагогика орталығы қайтадан жұмыс істеуде. Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында ғылыми және практикалық іс-әрекетпен айналысатын психологтардың саны 300-ден асты. Оның 30-дан астамы кандидат, 5-уі ғылым докторлары.2Біздің
, Қазақстандағы психология ғылымының мәселелерінің бірі осы үлкен аймақтың экологиялық, демографиялық, этнопсихологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, осы білімнің теоретикалық, методологиялық негіздірен құру. Себебі Батыста жүргізілген психологиялық зерттеулердің негіздеріне сүйенген әдістер теріс нәтижеге әкелуі мүмкін. Психология саласындағы басты бағыттардың бірі біздің ойымызша этикалық жеке адамның құрылуы мен дамуының жолдарын зерттеу, психиканың туғаннан кәрі шаққа дейінгі дамуының жоғарғы рухани адамгершілік жүйесіне тәрбиеленуінің, Қазақстандық патриотизм сезімінің құрылу механизмдерінің заңдылықтарын ашу.
Сонымен қатар нарықтық қатынасқа, коммерциялық саудаға өту жағдайындағы жеке адамның психологиялық жаңа құрылымдарының қалыптасу механизмдерін, экономикалық реформалардың аспектілерін зерттеу маңызды болып табылады.7
Көп ұлтты Қазақстан этнопсихологиялық зерттеулердің алып орталығы болуы керек. Бүгінгі таңда экологиялық кризистен шығудың тиімді жолдарын іздеу өзекті болуда. Бұл жерде экологиялық жүріс-тұрыстың мотивациясын зерттеу қоршаған ортаға тигізген кері әсерінің себептерін анықтау үшін адамдардың іс-әрекетін анықтау. Арал теңізінің , Семей ядролық полигандағы экологиялық кризистің психологиялық зардаптарын (психологиялық денсаулық бұзылуы, суицид феномені, т.б.) зерттеу.
Ғасырлар бойы көшіп - қонып жүрген халық өзі өмір сүрген ортаның әлеуметтік - экономикалық жағдайларына, мәдениеті мен тарихына, табиғатына орайлас жас буынға тәлім - тәрбие берудің айрықша талап - тілектерін дүниеге әкелді. Мәселен, бұлар жас адамның жұртқа танымал моральдық - психологиялық нормасын сегіз қырлы, бір сырлы делінетін қанатты нақыл сөздермен қисындады. Осынау аталы сөздің мән - мағынасы мыналар еді: көшпелі мал шаруашылығын жете игеру; еңбек сүйгіштікпен қиыншылыққа төзе білу; ел намысын қорғау; жаудан беті қайтпау; ата тегін жадында сақтау; сөз асылын қастерлеу; тапқырлық пен алғырлық, ат құлағында ойнау; ата салтын бұзбау.
Көшпелі өмір тіршілігі қара күшке мығым, қиыншылыққа төзімді, құбылмалы табиғат жағдайына тез икемделгіш болумен бірге, жан - жүйесі жағынан да жан - жақты жетілген, кемел адамдарды қалыптастырды. Үйдеде, түзде де бала ес білгеннен бастап із кесіп, жол қарап, жұлдыз санап өсті. Олардың көзі қырағы, құлағы сақ, қияндағыны шалатын болды. Аң аулап, мал бағып, күнделікті кейбең тіршілікпен жүрсе де жас өскін ақынның сөзін, жыраудың жырын, әншінің әні мен әуенін қалт жібермей тыңдап, ел аузындағы ұғымды мақал мен мәтелді, ертек пен жұмбақты, терме мен шежірені жадында сақтап, халық даналығын өзіне рухани азық етіп отырды.
Қоғам өмірінде қазіргі кезде жүріп жатқан терең саяси - экономикалық өзгерістер халқымыздың баға жетпес рухани байлықтары: тілі мен ділі, діні мен тарихы, өнері мен әдебиеті, табиғи ортасы, күн көрісі мен шаруашылығына байланысты небір асылдарды, қысқасы, ұлттың бүкіл болмыс - бітімін жаңартып, жаңа мазмұнмен байытуда. Әрине еліміз бен жеріміздің түпкілікті иегері - қазіргі қазақтардың психологиясында этносқа ғана тән біртұтас ұлттық ерекшелік бар деп айту қиын, өйткені, қазақ этносының қазіргі бүкіл тыныс - тіршілігінде, отбасындағы әдет - ғұрпы мен салт - дәстүр, жөн - жосық, жол - жоралғысында кең байтақ өлкемізді біраздан бері мекен етіп келе жатқан басқа этностар мінездерінің элементтері де көрініс беріп жүр. Десе де, бәз біреулер айтып жүргендей, біз жылқы мінезділіктен айрылған, қой мінезді момын, жуас, намысы жаншылған халық емеспіз.
Жеріміздің ұланғайыр кеңдігімен, мұндағы табиғат сұлулығының әсерінен ғасырлар бойы қалыптасқан дархан, жомарттық, адамға деген мейірімділік пен өнерпаздық, қазақ биосферасының өзіндік ерекшелігінен туындаған асқан қонақжайлылық, жойқын соғыс пен қуғын - сүргінге ұшырау салдарынан тірнектеп жинаған рухани мұраны өсер ұрпаққа жеткізу ниетінен қалыптасқан балажандық, үнемі мал шаруашылығымен айналысудан қанымызға сіңген малжандылық, ешуақытта басқа жұрттың жеріне көз алартпаған бейбітшілік саясат, өзі тиген дұшпанның қабырғасын қақсатқан көзсіз батырлық, мың өліп, мың тірілген кездердегі керемет шыдамдылық пен барға қанағатшылдық - біздің ұлттық мінезіміздің жоталы бітістері, халқымыздың ұлттық мақтанышы.

2.Қазақ ғұламаларының педагогикалық психологиядағы орны.

Көптеген жылдар бойы 1946 жылға дейін жеке дара психология кафедрасы болған жоқ.. Оның жоқтығы психолог мамандардың жетіспеушілігінен болды. Бірақ мұнда өзіндік жақсы жақтары болды. Абай атындағы Қазақ Педагогикалық Институтының психология кафедрасының қалануында Халел Досмұхамедов ,Салкен Балаубаев,Төлеген Тажібаев т.б сияқты керемет оқымыстылар тұрды.
20-жылдардың аяғында атақты физиолог нобел премиясының лауриаты академик И.П Павловтың лекциясын тыңдаған Санкт Петербург әскери медециналық академиясының түлегі профессор Халел Досмұхамбетов педология кафедрасын басқарды. Ол академияны алтын медальмен бітіргеннен кейін (1909ж) Ресейдегі әскерей бөлімшеде тәжірибелі медецинамен айналысады Революциядан кейін түгелдей ғылымипедогогиколық психологияға көшеді.
Кафедрада сол жылдары Досмұхамбетовтан басқа пофессор Автухов, доцент Белковский , Кеп-лер ,Ситдыков тағы басқалар жұмыс істеді .
30-жылдардың басында педогогика же психология кафедрасын Н.К Круп атындағы Комунистік тәрбиелеу академиясы асперантурасының түлегі профессор Ш.Альжанов басқарды. Ол педогогикалық және даму психологиясы жөнінде зерттеу жасап, балалардың ойлануының,есте сақтау жөніндегі сұрақтар жайлы ғылыми еңбектерін шығарды. А.Б Заменинда педология профессорының кітабын Балаубаевпен бірігіп аударды.Психология ғылымында Қазақстан кадрлар дайындауда Балаубаевпен Қожахметовтың еңбектері ерекше орын алады.Қожахметов педогогикалық психолиямен ,педогогика тарихымен айналысты.Ол Вопросы педагогики, О воспитани сознателной дисцеплине школников монографияларын жарыққа шығарды. Балаубаев САГУ-дің педагогика факултетінің деканы, педагогика-психология доценті болып жұмыс жасады. Ол, қазақ балаларының даму жағдайына психологиялық зерттеу жасап, кітап жазды. Ол Барановпен бірге Вопросы конструирование национального теста, Комплектование школьных групп, Трудные дети деген мақалалар жазды,педология және педагогика жалпы көптеген кітаптарды қазақ тіліне аударды.
20-ғасырдың 30-жылдары Қазақтар үшін қайғылы болғаны белгілі 1932-1933 жылдары ашаршылық Сталиндік репрессия қазақ ұлтының жартысының (2млн адам) өмірін әкетті.Бірінші болып қазақ интелегенциясы түсті.Репрессия құрбаны болып Халел Досмұхамбетов, Мағжан Жұмабаев, Жүсіпбек Аймауытов, Салкен Балаубаев т.б болды.Олардың ішінен Балаубаев қана аман қалды. Сталидік лагерден ол жиырма жылдан кейін отанына оралды. Қатігез лагердегі өмір қайратты адамның жанын сындырды.Өмірінің соңғы жылдарында ҚарМУ-да педагогика және психология кафедрасында жұмыс жасады.Темірбековпен бірлесіп бірнеше психологиялық жұмыс, студентерге психология оқулығын жазды. Балаубаев кафедра ішнде аспирантура ұйымдастырып, бірнеше ғылым кандидаттарын даярлады.
Ұлы Отан соғысы жылдарында көптеген ҚазПИ ұстаздары психолгтары әр жерге шақырылды.
1946-жылдың тамызында Қаз ССР министірі бұйрығымен жеке өзіндік психология кафедрасы құрылды,оның алғашқы жетекшісі болып профессор И.Л.Стычкин болды. Қазіргі кафедра мамандары және асперанттары жастар болды. Оның көбі ғылым кандидаттары болды.(Темірбаев,А.М Невский,А.П Панов, П.Ф Павлюк,А.Асылбеков)
3. Жеке психология салаларының құрылуы және даму қарқыны
- - - - - - - - - - - - - ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ хандығы тұсындағы ақын - жыраулардың психологиялық тағылымдары
Жоғары мектеп психологиясының пәні, міндеттері және құрылымы
Экономикалық теория туралы
ҒТР туралы жалпы мағлұмат
Қазақстанның қазіргі заман тарихы
Нарықтық экономика мен инфрақұрылымда институттарының дамуы
Өнеркәсіптің құрылымы күрделі
Әлеуметтік басқару жайында
Еркін экономикалық аймақтардың түрлері
Шет тілін оқытудың маңыздылығы
Пәндер