Қазақстан Республикасында кәсіподақтардың қорғау қызметі


Қазақстан Республикасында кәсіподақтардың қорғау қызметін жүзеге асырудың кейбір мәселелері.

Қазақстан Республикасы - демократиялық құқықтық мемлекет, оның сипаттайтын белгісі тікелей және өкілдік демократия нысанының, Конституциямен кепілденген азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының ауқымды жүйесінің болуы, елдің саяси өміріне азаматтардың белсенді қатысуы болып табылады. ҚР Конституциясының баптары әрбір адамға өз мүдделерін қорғау үшін кәсіптік одақтар құру құқығымен қоса, бірігу құқығын береді.

Кәсіптік одақтар туралы Ата заңымызда айтылуы кездейсоқ жағдай емес. Ата заң оларды Қазақстан аумағында әрекет ететін салмақты қоғамдық ұйым ретінде ерекше мәртебесін куәландырады.

Қызметкерлердің еңбек құқығын кәсіптік одақтармен қорғау - бұл азаматтардың жұмыс беруші, мемлекет алдында мүдделерін қорғау мақсатында құрылған қоғамдық ұйымдарға (кәсіптік одақтарға) бірігуіне негізделген еңбек құқықтарын қорғау тәсілі [1, 435] .

Еңбек құқығы ғылымында қызметкерлердің еңбек құқықтарын кәсіподақтық қорғау қалыптаса бастады. Оны зерттеумен Н. Г. Александров, Г. П. Алексеев, Е. М. Акопова, В. М. Догадов, А. М. Куренной, И. О. Снигирева, А. И. Цепин, В. А. Чибисов, Б. А. Шеломов, Л. С. Явич сияқты атақты ғалымдар және басқа да мамандар айналысты. Бірақ еңбек құқығын реформалау барысында еңбек құқықтарын кәсіподақтық қорғауды зерттеуге арналған жаңа тақырыптар ашылды [2, 92] .

Кәсіподақтардың қызметіне өзінің мүшелерінің мүдделерін қорғау бойынша жалпы қамтитын талдауға кіріспей отырып, мынаны айта кетейік. Кәсіподақтардың қорғау және өкілдік қызметі өзара тығыз байланысты, олар бірінсіз бірі әрекет ете алмайды. Кәсіподақтар өздерінің мүшелерінің мүдделерін тек олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мақсатында ғана қорғай алады. Кәсіподақтық қорғаудың еңбек құқықтарын қорғау тәсілі ретіндегі мазмұнын анықтауға біз кәсіптік одақтар атқаратын қызметтерді қарастыру арқылы, соның ішінде қорғау қызметіне үлкен мән бере отырып келеміз.

«Қызмет» терминінің анықтамасының көптігіне қарамастан, кеңестік ғылымда оның мойындалған анықтамасы қалыптасты: қызмет - бұл субъектінің негізгі бағыты.

Қызметкерлердің бұзылған құқықтары мен заңды мүдделерінің алдын алу және қалпына келтіру (В. С. Бердычевский) . Бірақ кәсіподақтардың қорғау қызметінің екі анықтамасының дұрыс қалыптаспағанын дәлелдеген зерттеушілер (А. И. Цепин, В. А. Смирнов) бар. Кәсіподақтардың қызметі ретінде қорғау деп осы көзқарастың жақтаушылары (А. И. Цепин) құқықты жүзеге асыруда кедергілерді жою деп түсінді, яғни бағытының көлемі тар қызмет, ал басқалары (В. А. Смирнов) қорғау аясын кәсіподақтармен шешілетін одан да кеңірек мәселелерге таратты. Оның ішінде кәсіподақтардың қорғау қызметінің түсінігі, еңбек жағдайын бекіту, еңбек заңнамасы нормаларын қолдану, еңбек заңнамасын сақтау және еңбекті қорғау бойынша қадағалау және бақылау, еңбек дауларын қарау және олар бойынша шешімдерді орындау барысындағы құқыққорғау қызметі, жауапкершілікке тарту бойынша қызмет туралы мәселелер бар [2, 93, 94] .

КСРО-дағы кәсіподақтардың құқықтық жағдайына ғылыми және оқу әдебиеттерінде сипаттама беру барысында кеңестік кәсіподақтардың негізгі қызметіне, олардың құқықтарының жіктелуіне ерекше орын берілді. Ішкі және сырқы қызметтері ажыратылды. Маңызды ішкі қызметі болып мыналар аталды: қоғамның экономикалық және әлеуметтік дамуы туралы ойлар (өндірістік-экономикалық), еңбек етушілердің құқықтарын қамтамасыз ету (қорғау), еңбек етушілердің саналылық, тәртіптілік, мәдени және білім деңгейінің артуына ықпал ету (тәрбиелік қызметі) . Кеңестік кәсіподақтардың сыртқы қызметі бейбітшілік үшін империалистік соғыс пен агрессияға қарсы, барлық елдің кәсіподақтары мен еңбек етушілердің пролетариаттық интернационализм рухында әрекеттегі бірлігі мен серіктестік үшін күрес жариялады (халықаралық ынтымақ қызметі) . Көптеген авторлар кәсіподақтардың құқықтарын олардың кәсіподақтық қызметінің әртүрлі саласына қатыстылығы бойынша: өндірісті басқаруға қатысу аясында, қызметкерлердің еңбек жағдайын, кәсіподақтардың юрисдикциялық және бақылау-қадағалаушылық құқықтарын және мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру мен санитарлық-курорттық қызмет көрсету бойынша құқықтарын, кәсіподақтардың мүліктік құқықтарын бекіту және қолдану аясында, деп жіктеп, ажыратты [3; 94, 95] .

Қазіргі еңбек құқығы, кәсіподақтардың қызметінің негізгі бағыты үкімет қызметі және қызметкерлердің құқықтары мен мүдделерін қорғау деп бекітеді және оларды ең бастысы деп мойындайды. Осылайша бекітуге 9-сәуір 1993 жылғы «Кәсіптік одақтар туралы» ҚР Заңы (бұдан әрі - Кәсіподақтар туралы заң) ықпал еткен сияқты, аталған заңның 1 бабы, кәсіподақ өз мүшелерінің еңбек және өзге де әлеуметтік-экономикалық құқықтары мен бостандықтарын қорғау, еңбек жағдайын қорғау және жақсарту үшін құрылады деп бекітеді.

Осылайша, Кәсіподақтар туралы ҚР заңы 1990 жылғы одақтық заңнан кейін, кәсіподақтардың негізгі қызметі қорғау қызметі деп бекітті.

Кәсіподақтар өзінің қорғау қызметін, жұмыс берушілердің бірлестіктерімен, ҚР Үкіметімен, атқарушылық билік органдарымен келіссөздер жүргізу жолымен, әлеуметтік әріптестік жүйесі арқылы еңбек нарығында жұмыс күші құнын әділ бекітіп, қауіпсіздік және гигиена талаптарына жауап беретін еңбек жағдайын қалыптастырып, мемлекеттің ерекше қамқорлығын қажет ететін тұлғалар (мүгедек балалары, қарттары, кәмелетке толмаған балалары бар отбасылар және т. б. ) үшін әлеуметтік кепілдікке қол жеткізіп жүзеге асырады.

Заңның 8-бабында былай делінген, кәсiптiк одақ кемiнде он адамнан тұратын азаматтар тобының бастамасымен құрылады, олар құрылтай съезiн (конференциясын, жиналысын) шақырып, онда одақтың жарғысы бекiтiледi және басшы органдары құрылады. Мүшелiкке өту және одан шығу шарттары мен тәртiбi кәсiптiк одақтың жарғысымен белгiленедi.
Кәсiптiк одақтың заңды ұйым ретiнде құқылық қабiлетi ол тiркелген кезден пайда болады. Кәсiптiк одақтарды тiркеу "Қоғамдық бiрлестiктер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына және "Заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу және филиалдар мен өкiлдiктердi есептiк тiркеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүргiзiледi. Тiркеушi орган кәсiподақтардың қызметiне бақылау жасамайды.

Шетелдік тәжірибеде кәсіподақтар құру үшін қатаң шарттар кездесетіндігін айта кету ерек. Жаңа Зеландияда 2000 жылғы «Еңбек қатынастары туралы» заң бойынша әрбір кәсіподақ Еңбек министрлігінің құрамына кіретін арнайы Бірлестіктерді тіркеушіде тіркеуге тұрады. Кәсіподақ тіркеуден өту үшін кем дегенде 15 адамды біріктіруі керек, жұмыс берушіге тәуелді болмауы тиіс және жарғысы болуы қажет. Жұмыс берушіден тәуелсіздігі дәлелденуі тиіс.

Ұлыбританияның заңнамасы бойынша кәсіподақтар мемлекеттік тіркелуге жатпайды, заңды тұлға құқықтарын иеленбейді. Соған байланысты оларға келтірілген зиянды өтеу, фирманың іскерлік беделіне келтірілген зиянды төлеу және т. б. туралы талап қоя алмайды. Бірақ, заңнамаға сәйкес қызметкерлердің мүдделерін білдіруге ұсыныс білдіруші кәсіптік одақтардың құқықтық мәртебесіне барынша қатаң талаптар қойылады. Кәсіподақтар үш талапқа сай болуы тиіс: 1) кәсіподақтардың заңнамалық анықтамасына скай болу; 2) кәсіподақ жұмыс берушіден тәуелсіз болу керек; 3) кәсіподақ жұмыс берушімен мойындалуы тиіс. 1992 жылғы «Кәсіптік одақтар және еңбек қатынастары туралы» заңда кәсіподақтардың тәуелсіздігін сертификаттау жүйесі бекітілген. Кәсіподақты тәуелсіз деп тану, аталған кәсіподақ ұжымдық келіссөздер қатысушысы ретінде жұмыс берушімен танылған, ұжымдық келіссөздер жүргізу үшін ақпарат алуға құқылы; тәуелсіз кәсіподақтардың лауазымды тұлғаларына ұжымдық келіссөздер жүргізуге және өкілдік міндеттерін атқаруға және де орташа еңбек ақысын сақтай отырып, кәсіптік оқу үшін уақыт беріледі; тәуелсіз кәсіподақтардың мүшелері кәсіподақта мүшелік еткені үшін жұмыстан заңсыз босатуғы шағымдануға құқылы және өзге де артықшылықтары бар [4; 131-157] .

Қазіргі таңдағы маңызды мәселе мынау болып табылады, кіші және орта кәсіпкерлік кәсіпорындарында кәсіподақтық ұйымдар құрылмайды, еңбек даулары бойынша комиссиялар сайланбайды, яғни қызметкердің мүдделерін қорғайтын органдар жоқ. Бұл мынадай себептерге байланысты болып жатыр: 1) жұмыс берушілердің кәсіпорындарда кәсіптік одақтар құруға және оның қызметіне теріс қарым-қатынасы; 2) жұмыс берушінің кәсіподақ құруға бастамашы болған, оның қызметіне қатысқан немесе оған құқығын қорғауды сұрап барған қызметкерді жасырын ізіне түсуі; 3) кеңес кезеңінде олар негізінен әкімшіліктің мүдделерін қорғағандықтан, қызметкерлердің алдында кәсіподақтардың қызметіне деген сенімін жою, осыдан барып кәсіподақ құрудың қажет емес екеніне деген сенімділік пайда болады; 4) қызметкерлердің өз құқықтарын және еңбек заңнамасын жетік білмеуі, және де осыған сәйкес бұзылған құқықтарын өздері немесе кәсіподақтар арқылы қорғауға ынтасының болмауы; 5) жұмыс берушінің қызметкерлерге тиісті еңбек жағдайын ерікті құруы, еңбек туралы және еңбекті қорғау туралы заңнаманы сақтауы (мұндай жағдайда ондай органдар құрып қажеті не?) ; 6) жұмыссыздық қызметкердің кәсіподақ құру арқылы жұмыс берушімен қатынасты бұзуға ынтасын тудармайды.

Жұмыс беруші қызметкерді қанша болса да, қайда болса да жұмыс істеуге мәжбүрлей алады. Егер қызметкер жұмыс берушінің заңсыз тапсырмаларын орындаудан бас тартса немесе осындай әрекетіне шағымданса, онда бір шешім ол - жұмыстан босату (ол үшін негіз тапқысы келсе, табады) . Мұндай еңбек жүйесінде қызметкер өзінің жұмыс орнын сақтау үшін, өзінің денсаулығын, құқықтары мен заңды мүдделерін жұмыс беруші көп пайда табу үшін құрбан етеді.

Әлеуметтік әріптестік кәсіпорын деңгейінде жұмыс беруші мен кәсіподақтар арасында екі жақты қатынасты және кәсіподақтар бірлестігі, жұмыс беруші, мемлекет арасында үш жақты қатынасты болжайды. Кәсіподақтардың әлеуметтік әріптестік қатынастарына қатысуы, еңбек жағдайын кәсіпорында ұжымдық шарт институты арқылы бекітуі және өзге де еңбек туралы келісімдер кәсіподақтардың қорғау қызметін жүзеге асырудың басты, негізгі нысаны болуы қажет. Қазіргі кезде әлеуметтік әріптестіктің құрылған жүйесі туралы айту біздің ойымызша ерте. Алдағы жылдары ол экономикалық себептерге байланысты құрылмайды. Әдебиеттерде айтылып кеткендей, үшжақты келісімнің тек жекелеген бөліктері ғана орындалады, онда да шешім атқарушы билікке қатысты шыққанда.

Ұжымдық шарттың қолданылу аясы әсіресе экономиканың мемлекеттік емес саласында барынша тарылады. Экономиканың мемлекеттік саласында да ұжымдық шарт жүйесіне сенім жоғалғаны соншылықты, тіпті еңбек ұжымдары ұжымдық шарт жасауға қатысудан бас тартады. «Әріптестікті белгілі бір экономикалық негізде құру керек. Мысалы, мемлекеттік құрылым өкілдері (мемлекет), жұмыс берушілер мен айлап еңбек ақы алмай, төменгі өмір деңгейіне жеткен қызметкерлер атынан қатысатын кәсіподақтар арасындағы әлеуметтік әріптестік туралы айту қиын» деп айтқан О. В. Ромашевпен келіспеген дұрыс емес.

Кәсіподақтық органдар қазіргі уақытта жеке еңбек дауларын шешу аясынан шығарылған, тек жеке еңбек дауларын шешетін органдарда қызметкерлердің мүдделерін білдіре алады (Кәсіптік одақтар туралы заңның 10-бабы) . Ойлап қарасақ, бұл дұрыс сияқты, кәсіподақ органы жұмыс беруші мен қызметкер арасындағы дауды шешетін төреші бола алмайды. Бірақ, заңнамамен қарастырылған дауды сотқа дейін еңбек даулары бойынша комиссия шешу жүйесі де нәтижесіз, сондықтан да юрисдикциялық қызметті әдебиеттерде бірнеше рет сілтеме жасалған таңдалған тұлғалар емес, мамандар жүзеге асыруы керек. Еңбек дауларын қарайтын арнайы органдар жүйесін қалыптастыру қажет.

Кәсіподақтардың қорғау қызметін жүзеге асырудың ұйымдастырушылық-құқықтық нысаны еңбек туралы заңнаманы, еңбекті қорғау ережелерінің сақталуын кәсіподақтық бақылау болып табылады (Кәсіподақтар туралы заңның 10, 11, 13 баптары) . Өзінің құқықтық табиғаты бойынша мұндай бақылау бүгінгі күні қоғамдық болып табылады, бұл олардың мемлекеттік бақылауға тән белгілері болмау керектігін білдіреді, яғни кәсіподақ органдары жұмыс берушілер мен оның әкімшілігіне қатысты билік ететін құзыретке ие болмауы тиіс.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіподақтық түсінікті қалыптастыру
Жұмыс берушінің құқықтық мәртебесі
Қазақстан Республикасының еңбек кодексінде еңбек шарттарын жасасу және бұзу негіздері
Еңбек заңнамасындағы кәсіподақ құқығы
Нарықтық қатынас жағдайында еңбек құқық қатынастары
Еңбек құқығының субъектілері туралы мәліметтер
Азаматтық қоғамды дамыту тұжырымдамасы
Әлеуметтік әріптестік
Қазақстан Республикасындағы еңбек нарығы туралы
Қазақстан Республикасында азаматтық қоғамның қалыптасуы мен дамуы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz