Қазақстан Республикасының коммерциялық банктерінің жеке тұлғаларды несиелендіру жүйесін қарастыру


Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе

Нарықтық экономикалық қатынастарда несие барлық өндірістік

жұмыстардың, ғылыми-техникалық процестердің негізгі қозғалысын, заңды тұлғалардың кәсібін ұлғайтуға, жеке тұлғалардың өмірін жақсартуға, шағын және орта бизнесті, фермерлік шаруашылықтарды кеңейтуге негізгі үлесті қосады.

Несиенің формалары оның құрылымымен және белгілі бір дәрежеде несиелік қатынастардың мәнімен тығыз байланысты келеді.

Курстық жұмыстың өзектілігі. Қазіргі нарықтық жағдайдағы несие берудің сапасын және оны ұйымдастыру барысындағы негізгі қиыншылықтарын қарастыру және шешу жолдары. Мемлекеттің несие жүйесінде коммерциялық банктердін алатын орны өте зор. Олар қарыз капиталы нарығының әр түрлі саласында жан-жақты іс-әрекет етеді. Коммерциялык банктер несие ресурстарының негізгі бөлігін шоғырландырып, өз клиенттеріне несие беру, депозит кабылдау, есептесу, бағалы қағаздарды, шетел валютасын сатып алу-сату мен оларды сақтау және басқа да көптеген қаржылык қызмет көрсетеді.

Коммерциялык банктер - нарықтық экономикада несие жүйесінің негізгі буыны. Олардың міндеті акша айналымы мен капитал айналымынын үздіксіз козғалысын камтамасыз ету, өнеркәсіп мекемелерін, мемлекет пен халықты несиелеу, халық шаруашылығына қор жинау үшін жағдай жасау болып табылады

Коммерциялық банктің негізгі мақсаты - кең мағынадағы оның дамуы, яғни, коммерциялық кәсіпорын ретінде оның сандық жағынан дамуы және сапалы дамуы - қызмет етудің, тиімділігін көтеру, сонымен бірге банк акционерлері, клиенттері, қызметкерлері және банктік қадағалау органдарының мүдделерін қамтамасыз ету ұстанымы банктің әлеуметтік институт ретінде дамуы туралы болып табылады. .

Несие-есептеу операциялары - ол банктің несие ресурстарын орналастыру қызметіндегі несие беру операциясы. Банк табысының көп бөлігі осы операцияларды жүргізуден түседі.

Несиені өтеу және беруге байланысты, банктің сыйақы ставкаларының мөлшері олардың өзгерістеріне байланысты барлық сұрақтар құқықтың өз аралық міндеттемелерін және жан-жақты жауапкершіліктерді анықтайтын несиелік келісімдердегі қарыз алушылар мен банк арасындағы қорытындылар негізінде шешіледі.

Курстық жұмыс жазу кезінде Қазақстан Республикасының заңнамалы және нормативті актілері (Заңдар, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы, Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетінің Қаулылары мен Ережелері және т. с. с. ) “Тұран Әлем банкі” статистикалық мәліметтері мен сайты қолданылды. Жеке тұлғаларды несиелендіру аясындағы шетел ғалымдарының және мамандарының еңбектері, сонымен бірге статистикалық және анықтама материалдары қолданылды.

Курстық жұмыстың негізгі мақсаты: Қазақстан Республикасының коммерциялық банктерінің жеке тұлғаларды несиелендіру жүйесін қарастыру.

Зерттеу мәселелері:

1) несие түсінігін анықтау, оның шетелдегі және Қазақстан Республикасындағы дамуын қарастыру;

2) «Тұран Әлем Банк» АҚ материалдар негізінде, Қазақстанның коммерциялық банктерінің жеке тұлғаларды несиелендіру тәжірибесіне талдау жүргізу;

3) Қазақстан Республикасындағы жеке тұлғаларды несиелеудің даму мәселелері мен келешегін қарастыру.

Курстық жұмыстың құрылымы . Бұл жұмыстың бірінші бөлімінде несие және несие жүйесі туралы түсінік беріліп, яғни Қазақстан Республикасындағы несие жүйесінің даму кезеңдерінен бастап, несиенің мәні, қажеттілігі мен қызметтері, несиенің формалары мен олардың жіктелуі және несиелеуді ұйымдастыру қағидалары туралы теориялық негіз барынша ашылып жазылды.

Ал, екінші бөлімінде «ТұранӘлемБанкі» АҚ мысалындағы несиелеу ерекшеліктерін көрсетіп, тұтыну несиесінің түрлері мен оның ставкаларын талданған.

Жұмыстың үшінші бөлімінде Қазақстан Республикасындағы несиелік қатынастардың даму болашағы жазылған, яғни жеке тұлғаны несиелеу операцияларының болашағы, ипотекалық несиелеу нарығын жетілдіру жолдары ашылды.

Экономикалық категория ретінде, несие - бұл кәсіпорындар, ұйымдар және бірлестіктер, сондай-ақ, халық арасындағы несие қорын құру және оларды қайтарылу, пайыз төлеу шартында белгілі бір мерзімге уақытша пайдалануға беру негізінде қалыптасатын өндірістік қатынастар жиынтығын білдіреді.

  1. НЕСИЕ ЖӘНЕ НЕСИЕ ЖҮЙЕСІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІНесиенің мәні, қажеттілігі мен қызметтері

Несие - нарықтық экономиканың тірегі ретінде, экономикалық дамудың ажырамас элементін білдіреді. Оны барлық шарушылық субьектілерімен қатар, мемлекет те, үкімет те, сондай-ақ жеке азаматтар да пайдаланады.

Мемлекеттің несие жүйесінде коммерциялық банктердін алатын орны өте зор. Олар қарыз капиталы нарығының әр түрлі саласында жан-жақты іс-әрекет етеді. Коммерциялык банктер несие ресурстарының негізгі бөлігін шоғырландырып, өз клиенттеріне несие беру, депозит кабылдау, есептесу, бағалы қағаздарды, шетел валютасын сатып алу-сату мен оларды сақтау және басқа да көптеген қаржылык қызмет көрсетеді.

Несиенің пайда болуын өнімдерді өндіру сферасынан емес олардың айырбас сферасынан іздеу қажет. Тауар айырбастау - бұл тауардың бір қолдан екінші қолға өтуін білдіреді десе, шынымен де, осындай айырбас кезінде несиеге байланысты қатынас туындайды.

Құнның қозғалысы- бұл несиенің қозғалысының кіндігін сипаттайды. Несиелік қатынастардың пайда болатын экономикалық негізіне капитал айналымын жатқызуға боладьі.

Көбіне несиені ақша ретінде түсінеді. Бір жағынан қарағанда бұған деген негіз де бар сияқты. Себебі, қазіргі шаруашылықта қарыз көбіне ақшалай түрде берілуде. Бірақ та бұл жерде ақша мен несиенің әртүрлі ұғымды білдіріп, әртүрлі қатынастарды түсіндіретінін естен шығаруға болмайды.

Несие - бұл пайыз төлеп қайтару шартында уақытша пайдалануға, яғни қарызға берілетін ссудалық капитал қозғалысын білдіреді.

Несие ақшалай капиталдың ссудалық капиталға өтуін қамтамасыз ете отырып, несие берушілер мен қарыз алушылар арасындағы несиелік қатынасты бейнелейді. Несиенің көмегімен заңды және жеке тұлғалардың уақытша бос қаражаттары мен табыстары экономикалық жүйе төңірегінде жинақтала отырып, уақытша және ақылы негізде пайдалануга берілетін ссудалық капиталға айналады.

Несие мен ссуданың арасында өзара айырмашылық бар. Несие - бұл банктің қаражатын құрайтын көзі ретінде барлық несиелік қатынастарды ұйымдастырудың әр түрлі формаларының болуын және сондай-ақ олардың жұмсалымдарының бір формасын білдіретін кен, ұғымды сипатайды. Ссуда -бұл ссудалық шот ашумен байланысты қалыптасатын несиелік қатынастарды ұйымдастырудың бір ғана формасын білдіреді.

Зерттеу заты сияқты, несие құрылымы бір бірімен өзара байланысты элементтерден тұрады. Мұндай элементтерге ең алдымен несиелік қатынастар субъектілері жатады. Несиелік мәміле бойынша несиелік қатынастар субъектісіне қарыз беруші және қарыз алушы жатады.

Қарыз беруші - қарызды беретін несиелік қатынастың бір жағы. Қарыз беруші - бұл уақытша пайдалануга қарыз беруші субъектілер болып табылады. Қарыз берушілерге: банктер, банктік емес мекемелер, мемлекет, шарушылық субъектілері және халық жатады.

Қарыз алушы - бұл несиені алушы және оны қайтаруға міндетті, несиелік қатынастың екінші жағы. Борышқор және қарыз алушы бір бірімен жақын сөздер болғанымен де, олардың түсініктері әртүрлі. Мысалға, кәсіпорын немесе жеке азамагтардың коммуналдық қызметке, салықтарға т. б. байланысты төлемдері кешігуі мүмкін, бірақ, бұл жерде ешқандай да несиелік қатынас туындамайды. Борыш бұл тек қана экономикалық қатынасты емес, сондай-ақ адамзаттық қатынастар жағдайын сипаттайды. Борыш - бұл өте ауқымды ұғым. Ал, қарыз алушы - бұл қосымша қаражатқа деген сұранысы бар тұлға.

Қарыз беруші және қарыз алушымен қатар несиенің ққрылымының элементіне берілетін объекті де жатады. Беру объектісі - бұл құнның ерекше бөлігі, яғни қарызға берілген құнды білдіреді.

Несиенің экономикадағы орны мен рөлі, оның атқаратын қызметтерімен сипатталады. Жалпы несие экономикалық категория ретінде төмендегідей қызметтерді атқарады:

  • қайта бөлу;
  • айналыс шығындарын үнемдеу;
  • айналыстағы нақты ақшалардың орнын уақытша алмастыру;
  • капиталдың шоғырлануын жеделдету;
  • ғылыми-техникалық прогрессті жеделдету1.

Несиенің қайта бөлу қызметі, кез келген елдің ұлттық экономикасының толық қанды жұмыс жасауына өз үлесін қосады. Несиенің бұл қызметінің көмегімен экономикалық жүйенің бір саласынан екінші бір саласына капитал

ағымы болады. Несиенің бұл қызметінің, қаржының қайта бөлу қызметінен айырмашылыгы қаржының бөлінуі әкімшілік негізде жүргізілсе, ал салалар мен аймақтар арасындағы капитал ағымы несие арқылы, яғни ол нарықтық механизм негізінде жүзеге асырылады.

Несиенің айналыс шығындарын үнемдеу қызметінің іс жүзіне асуы несиенің экономикалық мәнінен туындайды. Шаруашылық субъектілеріндегі ақшалай қаражаттардың түсуі мен жұмсалуы арасындағы уақытша болатын алшақтық кей жағдайларда қаржылай ресурстарға деген қажеттілікті туындатады. Міне, сондықтан да мүндай жағдайларда қарыз алушылардың барлық категориялары өздерінің меншікті қаражатқа деген жетіспеушіліктің орнын толтыру үшін несиені пайдаланады. Бұл дегеніміз капитал айналымын қамтамасыз етіп кана қоймай айналыс шығындарын үнемдеуге де мүмкіндік жасайды.

Капиталдың шоғырлану процесі қызметі экономиканың тұрақты дамуына жағдай жасау үшін маңызды болып табылады. Мұндай міндеттерді шешуде несиенің бұл қызметі өндірістің ауқымын ұлғайта отырып, пайда алуға мүмкіндік береді.

Несиенің ғылыми-техникалық прогресті жеделдету қызметі ғылыми-техникалық ұйымдардың қызметін қаржыландырумен сипатталады. Сондықтан да, несиенің көмегінсіз көптеген ғылыми-зерттеу орталықтарының (бюджеттік қаржыландыруда отырғандардан басқалары) жұмыс жасауы қиынға түседі. Сондай-ақ несие өндіріске ғылыми технологияларды жаңалық ретінде енгізу үшін де аса қажет болып табылады. Себебі, ондай шығындар бастапқыда кәсіпорынның қаражатымен, оның ішінде орта және ұзақ мерзімді банктің несиелері есебінен қаржыландырылады.

Банкаралық бәсекелестіктің күшеюі әсерінен коммерциялық банктердің қаржылық қызметтерінің кеңеюі қарқыны пайда болуда. Олардың ішінде форфейтингтік, лизингтік операцияларды бөлуге болады.

Форфейтинг-бұл несие берушіде айналысу негізде айналым құжатында көрініс табатын қарызды сатып алу. Бұл қарыздың сатып алушысы (форфейтер) өз мойнына қарыз алушыдан қанағаттандыру ала алмай қалу мүмкіндігі кезінде несие берушіге регрессивті талап айналысынан бас тарту-форфейтинг туралы міндеттемені алатындығын білдіреді.

Оның дамуының маңызды алғышарттары ретінде халықаралық интергацияның күшейтілуі, банктердің бәсеке қабілеттілігінің өсуі, экспорттық саудаға мемлекеттік шектеулердің алынып тастаулары, сонымен бірге, экспортерлерге тән тәуекелділіктің өсуі қызмет етеді.

Форфейтинг механизмі келісім-шарттардың екі түрінде қолданылады:

  • қаржылық келісім-шарттарда-ұзақ мерзімді қаржылық міндеттемелерді тез арада өткізу мақсатында;
  • экспорттық келісім-шарттарда-шетелдік сатып алушыға несие ұсынған экспортерға нақты ақшаның түсуіне әрекеттесу үшін.

Форфейтингтік аспаптар ретінде қолданылатын негізгі айналымдық құжаттар болып вексельдер табылады. Бірақ та форфейтинг объектісі ретінде бағалы қағаздардың басқа түрлері де бола алады. Бұл қағаздардың “таза” (тек абстрактті міндеттемені мазмұндайтын ) болуы маңызды.

Форфейтинг экспорты мемлекеттік несиелендіру қатысты түрде әлсіз дамыған елдерде аса кең даму алды. Алғашқыда форфейтингтеу коммерциялық банктермен жүзеге асырылды, бірақ та “а-форфе” операцияларының көлемдерінің ұлғаю шамасы бойынша, сондай-ақ арнайы мамандандырылған институттар құрыла бастады.

Форфейтингтеу мерзімі 150 күннен 5 жылға дейін, ао кейбір жағдайларда 7 жылға дейін.

Лизингтік операциялар кәсіпорын -жалға алушыларға машиналарды, құрал-жабдықтарды, жылжымайтын мүлікті және де негізгі капиталдың басқа да бөліктерін ұзақ мерзімді кезеңге жал шарттарына ұсынуға бекітіледі.

Лизинг инвестициялау формасы ретінде негізгі құралдарды жылдам жаңарту үшін дүние жүзінде қолданылады. Ол құрал-жабдықтарды алу үшін үлкен бастапқы капиталды және де, әдетте, қосымша кепілді талап етпейді, өйткені лизингтің алынатын құралы біруақытылы кепіл құралы да болып табылады. Осылайша, кәсіпкерлік ынталандырылады және мемлекет экономикасына қосымшы инвестициялар тартылады.

Коммерциялық банктермен лизингтік операцияларды жүргізу тәжірибесі келісім-шарттың барлық қатысушылары үшін оның оңтайлы жақтарын анықтады. Кәсіпорын-жалға беруші үшін лизинг негізгі қорларды несиелендірулің жаңа формасы болып табылады. Лизингті жүзеге асыратын банк өз операцияларының шеңберін кеңейтеді және де клиенттердің төлемқабілетсіздігі тәуекелділігін төмендетеді. Банк жалға берілетін мүлікке салық салынбайтын және де құрал-жабдықтарды алу үшін қаражат көзі бола алатын амортизациялық төлемдер есептеуге құқылы. Өнімдері лизинг бойынша алынатын жабдықтаушы үшін оның төлемімен байланысты мәселелер шешіледі, бұл өз кезігінде, оның тұрақты қаржылық жағдайын, өтімділігі мен несие қабілеттелегін қамтамасыз етеді.

  1. Несиенің формалары мен олардың жіктелуі және несиелеуді ұйымдастыру қағидалары

Несиенің формасы - бұл несиелік қатынастар құрылымының, олардың негізгі қызметтерінің яғни, әр алуан сыртқы және ішкі өзгерістер барысында толық сақталатын көрінісін білдіреді. Несие берушілер мен қарыз алушылар арасындағы байланыстар қалай өзгергенімен де, несиенің формасы сол күйіңде сақталады.

Отандық және шетелдік әдебиеттерде несиенің келесідей формаларын кездестіруге болады:

  • коммерциялық несие;
  • банктік несие;
  • тұтыну несиесі;
  • мемлекеттік несие;
  • халықаралық несие;
  • ипотекалық несие2

Коммерциялық несие - бұл қарыз берушінің қарыз алушыға қарызға берген тауарын білдіреді.

Коммерциялық несие - бұл вексель айналысының пайда болуына себеп болған, экономикадағы несиелік қатынастардың алғашқы формасы. Несиенің бұл формасының басты мақсаты - тауарлардың өту процесін жеделдету, сондай-ақ одан пайда табу болып табылады.

Мұнда қарыз алушы да және оны берушілер ретінде кәсіпкерлер мен бизнеспен айналысатындар бола алады. Коммерциялық несие көбіне тауарды сатып алушыда нақты ақшаның болмай қалуы барысында туындайды. Мұндай жағдайда, айналыс құралы ретінде, қарыз алушының көрсетілген соманы уақытында төлейтіндігін куәландыратын арнайы қарыздық міндеттеме - вексель қолданылады.

Коммерциялық несиенің банктік несиеден айырмашылығы төмендегідей:

  • қарыз беруші рөлінде банктік мекемелер емес, яғни тауар немесе қызметті сатумен айналысатын кез келген занды тұлға бола алады;
  • коммерциялық несие тек қана тауар формасында беріледі;
  • қарыз капиталы өнеркәсіптік немесе сауда капиталымен байланысты;
  • коммерциялық несиенің орташа құны сол кездегі банктік пайыз мөлшерімен салыстырғанда төмен болады;
  • қарыз беруші мен қарыз алушы арасындағы несиелік мәміленің занды түрде рәсімделуі барысында, бұл несие үшін төленетін ақы тауар бағасының құнына қосылады.

Банктік несие - бұл банктік мекемелерден қарыз сұраушыларға ақшалай түрде берілетін несиені білдіреді.

Банктік несие - бұл экономикадағы кеңінен тараған несиелік қатынастардың формасы болып табылады. Банктік несие бойынша несиелік қатынастың құралына несиелік шарт немесе несиелік келісім жатады. Банктік несиеде несие беруші: банк және арнайы қаржы мекемелері болса, ал қарыз алушылар ретінде: кәсіпкерлікпен немесе бизнеспен шұғылданатын қаржы ресурстарына деген сұранысы бар кез -келген занды ұйым болып табылады. Мұндағы қарыз берушінің басты мақсаты - бұл пайыз түрінде табыс алу.

Тұтыну несиесі - бұл жеке тұлғаларға тұтыну тауарларын сатып алу үшін және тұрмыстық қызметтерді өтеуге берілетін несиені білдіреді.

Тұтыну несиеснің, басты тағайындалуы халыққа тауарлар сатуды ынталандыруға бағытталады. Тұтыну несиесі бөлшек саудамен тығыз байланысты: бір жағынан тауар айналымының ұлғаюына сай несиенің көлемі өседі, сонымен қатар, тауарды несиеге алу сұранысы туындайды; екінші жағынан, халықты несиелеудің өсуі, сұраныстың төлем қабілеттілігін ұлғайтады. Мұндай тәуелділік, әсіресе бүгінгі тауарлар нарығын толтыру жағдайында пайда болуда.

Тұтыну несиесінің дамуы әр түрлі елдерде әр қалай дәрежеде қалыптасуда. Италия мен Жапонияда халықтың қарызының жалпы сомасы, сол елдің ішкі жиынтық өнімінің 10%-ын, Германия мен Францияда - 30%-ын, ал, Ұлыбритания мен АҚШ-та 60%-ын құрайды екен3. Бұл елдердің тәжірибелерінде тұтыну несиесін ен қымбат тауарларды: автомобиль, электр тұрмыстық құралдарды, жиьаздарды және т. с. с. сатып алу барысында жиі пайдаланады. Бұл елдердің тұтыну несиесінің жартысынан көп бөлігі автомобильдерді сату үлесіне тиеді. Экономикалық мазмұны жағынан тұтыну несиесі банктік несиенің бір бөлігі ретінде, оның басты бағыты тек жеке тұлғалармен тікелей байланысты болып келеді. Сондықтан да несиенің бұл формасының экономикасы дамыған елдерде кеңінен пайдалануының екі түрлі себебі бар: біріншісі, субъективті, яғни бұл несие халыққа ең жоғарғы деңгейде материалдық игілікктерге қол жеткізуге қолайлы жағдай жасаса; екіншісі, объективті, яғни Кез келген қоғамның дамуының басты бір экономикалық мәселесі - бұл дайын өнімді өткізу десек, ендеше тұтыну несиесін қолдап аталған мәселені шешуге мүмкіндік береді. Тұтыну көптеген елдердің экономикасында маңызды рөл атқарады, сондықтан да, оны мемлекеттік ұйымдар тарапынан белсенді түрде реттеп отыру қажет. Мұндай реттеуді екі түрге бөледі: берілу және пайдалану деңгейінде реттеу. Берілу деңгейінде мемлекет тұтынушыларды ынталандыруға тиіс.

Сондай-ақ тұтыну несиесі жеке тұлғаларға тұрғын үй сатып алуға және құрылысына ұзақ мерзімді банктік сауда формасында да берілуі мүмкін. Бүгінгі танда тұтыну несиесінің біздің елімізде жеке қолданылмай келудің себебі, отандық өнеркәсіп пен ауылшаруашылық өндірісінің қиындықтар кешуі нәтижесінде нарықтағы халық сұранысы мен төлем қабілеттігінін өсуі және олардың тауарлы-материалдық бағалылықтармен өтеудің кері кетуі арасындағы теңсіздікке байланысты.

Мемлекеттік несие - мемлекет және жергілікті билік ұйымдарының өздері қарыз алушы немесе қарыз беруші болып табылатын заңды тұлғалар мен азаматтарға байланысты қалыптасатын несиелік қатынастар жиынтығын білдіреді.

Мемлекеттік несиенің негізгі формаларына: мемлекеттік облигациялық зайымдар, қысқа және орта мерзімді қазынашылық міндеттемелер және басқа

да мемлекеттің бағалы қағаздары жатады. Бүгінгі таңда, мемлекет тарапынан қысқа және орта мерзімді қазыналық міндеттемелер бюджет тапшылығын жабу мақсатында шығарылуда. Қазыналық міндеттемелердің шығарылу мерзімі: алты ай, он екі ай және үш жыл мерзімді құрайды. Бұл жағдайларда мемлекеттің рөлі қарыз алушы ретінде болады себебі, қарыз беруші - заңды және жеке тұлғалар. Сондай-ақ мемлекет бюджет есебінен ірі жобаларды қаржыландыруға несие береген жағдайда ол, қарыз беруші ретінде несиелік қатынасқа түседі және мұндай да қарыз алушыларга банктер және қаржыландырылатын заңды тұлғалар жатады.

Халықаралық несие - валюта және тауар ресурстарын қайтару, сондай-ақ, пайыз төлеу шартында берумен байланысты болатын халықаралық экономикалық қатынастар аумағындағы қарыз капиталының қозғалысын білдіреді.

Мұнда қарыз берушілер мен алушылар ретінде: банктер, жеке тұлғалар, кәсіпорындар мекемелер, халықаралық ұйымдар және аймақтық ұйымдар бола алады. Қазақстанның алдыңғы қатарлы халықаралық ұйымдарға мүше болуы, экономикалық реформаларды түбегейлі жүргізу үшін қажетті қосымша қаржы көздеріне қол жеткізді. Халықаралық несие көбіне банктік несие негізінде жүзеге асырылуда. Әрине, бүл жерде жасалатын мәмілелер негізінен коммерциялық сипатқа ие. Сондықтан да, халықаралық банктік несие бойынша төлейетін пайыз мөлшері 3-4 есе жоғары болып келеді. Халықаралық несие қарыз беруші елдің валютасында немесе еркін алмастырылатын валюталарда беріледі.

Ипотекалық несие - бұл қозғалмайтын мүліктерді (тұрғын үйді, өндіріс ғимараттарын, жерді және т. с. с. ) кепілге ала отырып, ұзақ мерзімге берілетін несиені білдіреді.

Ипотекалық несие көбіне ипотекалық банктер арқылы беріледі. Біздің отандық банктеріміздің, тәжірибесінде ипотекалық несие беру барысы енді ғана дами бастады. Алғашқы ипотекалық несиелер ААҚ Центркредит банкімен өз қызметін біріктірген «Тұрғын-үй құрылыс банкінен» берілген болатын. Несиенің бұл формасының дами алмай отыру мәселелері де аз емес,

атап айтсақ, қозғалмайтын мүліктер нарығының (өте қымбат тұрғын-үй нарығынан басқа) болмауы, сонымен қатар, жердің өтімсіздігінен банктердің оларды кепілге алудан бас тартып отыруы, сондай-ақ арнайы ипотекалық банктер мен жаллы ипотекалық жүйенің қызмет етуінің кешігуі т. с. с4.

Кәсіпорындарды және басқа да ұйымдарды өндірістік және әлеуметтік қажеттіліктерге байланысты банктік несиені беру, несиелеу қағидаларын қатаң сақтау негізінде жүзеге асырылады. Өйткені, мұнда несиенің мәні және мазмұны, сондай-ақ несиелік қатынастар төнірегіндегі объективті экономикалық зандардың талаптары көзделеді.

Несиелеудің соңғы қағидасы, шетелдік банктік тәжірибеде бірінші классты қарыз алушылар үшін жиі қолданылады. Мұндай жағдайда несие, сыйақы ретінде ешқандай да қамтамасыз етілмеген түрде беріледі.

Несиенің мақсаттылығы несиелеудің басты қағидасы ретінде, несиенің қандай мақсатқа сұралып отырғандығын сипаттайды.

Қазақстандағы несие жүйесінің даму кезеңдері ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Коммерциялық банктердің жеке тұлғаларды несиелеуін талдау арқылы банктердің несие беру шарттары
Коммерциялық банктердің жеке тұлғаларды несиелеу
«Қазақстан Республикасында ипотекалық несиелеуді дамытудың негізгі бағыттары»
Заңды тұлғаларды несиелеу
Жеке тұлғаларды несиелеу
Темірбанк АҚ-ның несиелендіруін талдау
Тұтыну несиесі жайлы мәлімет
Жеке тұлғаларды несиелеудің мәні, формалары және жіктелуі
ҚР-да екінші деңгейлі банктердің дамуы
Коммерциялық банктердің несиелік операциясына сипаттама
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz