Германия (ГФР)


Жоспар:
1-тарау. Германияның қысқаша конституциялық тарихы
2-тарау. ГФР-ның негізгі заңының сипаттамасы
2. 1. Германияның негізгі заңының құрылымы
2. 2. Конституциялық құқық негіздері
2. 3. Федералдық жүйе және жергілікті басқару
3-тарау. Мемлекеттік басқарудың жүйесі
3. 1. Заң шығарушы билік
3. 2. Атқарушы билік
3. 3. Сот билігі
Қорытынды
1. Қысқаша конституциялық тарихы
Неміс фашист әскерінің үлкен жеңілістерге ұшырауы Германияның жағдайын күрт нашарлатып жібергені мәлім. Фашистік режимнің дағдарысы барған сайын тереңдей берді. Генералдар, жоғарғы қызметкерлермен қаржы-өнеркәсіп алпауыттраының бір тобы Гитлерге қастандық ұйымдастырған еді. Қастандық жасаушылардың мақсаты «фюрерді» орнынан тайдыру, Ұлыбританиямен және оңаша бітім жасасу, соның нәтижесінде босаған әскерлерді Кеңес одағына қарсы Шығысмайданға төгу болатын Алайда 1944 жылы 20 шілдеде Гитлерге қарсы жасаған қастандық сәтсіз болып шықты. Гитлер ставкасында қастандық жасаушылардың бірі қалдырып кеткен бомба жарылғанымен, Гитлер тірі қалды. Қастандыққа қатысушылар көп кешікпей ұсталды.
1945 жылы Ялта қаласында Кеңес одағы АҚШ және Ұлыбритания мемлекеттері үкімет басшыларының конференциясында Германияның тағдыры шешілді. Бұл конференцияда Германияны біржолата талқандаудың әскери жоспары және дүниені соғыстан кейін қайта құрудың негізгі принциптері жасалды. Үш мемлекеттің басшылары герман милитаризмі мен фашизмін жою, сондай-ақ Германияның енді ешқашан бейбітшілікті бұза алмайтындығына кепілдік жасау, одақтас державалардың мақсатыболып табылды деп мәлімдеді.
Одақтастар фашистік озбырлықтан азат етілген елдерде келісілген саясат жүргізуге, олардың тәелсіздігін қалпына келтіріп, демократиялық дамуына қолғабыс етуге, бұл мемлекеттерге экономикалық көмек көрсетуге міндеттенді.
1945 жылдың 8 мамыр күні жеңілген Гитлер Германиясының өкілдері Германияның сөзсіз тізе бүккені туралы актіге қол қойды. Германиядағы Жоғарғы өкімет билігі одақтас державалар мемлекеттерінің қолына көшуі заңды да еді.
1945 жылғы 17 шілде мен 2 тамыз аралығында Потсдамда КСРО, АҚШ және Ұлыбритания үкімет басшыларының үшінші конференциясы болды . Онда соғыстан кейін дүниені қайта бөлісу мәселелері қаралды. Конференцияда одақтастардың Германия жөніндегі саясатының басты принциптері жасалды.
Келісімде көзделген жағдайлар Германияны толық қарусыздандыру, фашизмді түп-тамырымен құрту және елдің саяси өмірін демократиялық негізде қайта құру. Неміс монополистік бірлестіктердің бәрі жойылып, мемлекеттің демократизациялауы өткізілді.
1949 жылдың сәуір айында оккупациялық статут қабылданды. Оны АҚШ, Франция және Ұлыбритания қабылдады. Бұл құжат осы үш мемлекеттің билігін бекітті және әскери оккупация режимін енгізді. Оккупациялық мемлекеттер ГФР және жерлердің конституцияларын бақылай алатын, егер осы мемлекеттердің заңдары ГФР конституциясына және Оккупациялық статутқа қарсы болса, оларды жоя алатын болды. 1951 жылы оккупациялық статуттың құзіреті азайды да, 1955 жылы ол мүлде жойылды. ГФР Нато одағына кірді.
1949 жылдың мамыр айында Германияның Конституциясы қабылданды, ол бойынша бұрынғы Германия екі мемлекеттен тұратын болды: ГФР және ГДР. Батыс мемлекеттерге бағыты жақын Германия ГФР деп аталып, өзінің буржуазиялық-демократиялық Конституциясына ие болды. Оны қабылдаған- тұрғылықтыжерлердің өкілдерінен құрылған Парламент Кеңесі. Бонн конституциясы осыдан кейін жерлердің ландтагтарын тағайындады. Тек Бавария жері ғана Конституцияны бекіткен жоқ, ол Конституцияның елді бір орталыққа бағындыруы тым артық деп бағалаған болатын.
2. Негізгі заңының құрылымы
Герман Федеративтік Республикасының «Негізгі заңы» уақытша Конституция болып танылғандықтан, Конституция деп аталынбады. Преамбулада «Негізгі заң» тек Германияның бірігуне дейін жұмыс істейтінің, ал кейінірек Германия бірікеннен кейін күшін жоятыны жазылған. Бірақ 40-жыл өзгермеген конституциялық құрылым «Негізгі заң» Германия тарихындағы ең сәтті құжат болғандығын дәлелдеді.
Негізгі заң преамбуладан, 14 тарау, 146 баптан және 2 қосымшалардан тұрады. Негізгі заң күшіне енген күнінен бастап 50 рет өзгеріске ұшырады. Бұл өзгеріс оның баяндылығына қатысы болмады, дәл айтқанда, Негізгі заңды уақытында жетілдіріп отырды.
Өзгерістер енгізуге байланысты Незізгі заңды қатаң конституциялар қатарына жатқызсақ болады. Сонда да Негізгі заңға соңғы 50 жыл ішінде 146 бабының 100-іне жуығы өзгерістерге ұшырады. Негізгі заңға өзгерістер тек Бундестаг және Бундесрат мүшелерінің 2/3 бөлігі мақұлдаған кезде ғана қабылданады.
Герман Федеративтік Республикасы - демократиялық, құқықтық, әлеуметтік, федерациялық басқару нысанындағы парламенттік республика.
Ал демократиялық мемлекеттік негізіне - халықтық егемендік парқы жатыр. Конституция бойынша билік халықга. Мемлекеттік билік халық жағынан қолдау тауып, мойындалуға тиіс. Сайлау кезеңінде халық тікелей катысып мемлекеттік билікке ықпал етсе, сайлаудан тыс кезеңде «арнайы органдар» аркылы, яғни заң шығару, атқару үкіметі мен әділ сот арқылы билік жасалынады. Федерацияның аумақтық қүрылымын өзгерту қажет болған жағдайда халық референдум арқылы немесе халыктык ұсыныс арқылы ықпал етуінің Негізгі заңда көрсетілуі, тікелей демократияның мәні. Сондай-ақ қандай да саяси партиялар демократиялық кұрылымды өзгертуге талпынса, конституция негізінде Федералды сот бұған тыйым салу мүмкіндігіне ие.
Федералды мемлекеттің конституциялық парқы дегеніміз мемлекеттікке тек федерация ғана емес, сондай-ақ әрбір федералды жерлерде ие. Олардың әрқайсысы кейбір салаларда шектеулікте болса да, өзіндік егеменді билікке ие, өз заң шығару, атқару үкіметімен қатар әділ сот жүйесіне ие.
Құқықтық мемлекет парқының негізі Негізгі заңда белгіленгендей үкіметтік биліктің (заң шығару, атқару, әділ сот) бөлінуі. Қүқықтық мемлекеттің екінші елеулі парқы мемлекет жағынан жасалынатын барлық іс-қимыл тек заң шеңберінде ғана болуы. Яғни атқарушы үкімет ешқандай құқықты бұзуға тиіс емес, ен алдымен конституция мен заңдарды. Мемлекеттік биліктің іс-қимылы тәуелсіз соттар арқылы бакылауға алынып отырады (азаматтардың өтініші бойынша) .
Мемлекет әлеуметтік тұрғыдан әлсіздерге көмектесуге, қорғауға, қамқорлыққа алуға міндетті. Сондай-ақ мемлекет қарттарды, мүгедектерді, ауруларды және жұмыссыздарды әлеуметтік тұрғыдан қамсыздандыруы тиіс. Мұқтаждық көргендерге пәтер ақысын төлеуге, балаларына көмек көрсетуге, еңбек құқығын қорғауға, жұмыс уақытын реттеуге әлеуметтік жағынан жәрдемдесуі.
Негізгі заңды өзгерту үшін бундестагтың (парламент) үштен екісі құптауға және бундесраттың (жерлер палатасы) үштен екісі қолдағанда қана мүмкіндік туады. Кей жағдайда бундестагта немесе бундесратта қандай да партиялық топ көп дауысқа ие болса Негізгі заңды өзгерту үшін кең көлемдегі келісім кажет. Сондай-ақ оппозицияның белгілі бір бөлігі келіскен жағдайда ғана өзгерту мүмкін болады. Ал Негізгі заңның кейбір баптары өзгертуге жатпайды. Ол Федералды-мемлекеттік қүрылыс, үкіметтік билікті бөлісу, мемлекеттің демократиялық, құқықтық және әлеуметтік парықтары және еркіндіктер мен теңдік құқықтары.
ГФР Конституциясы Негізгі заң деп аталады және ол 1949 жылы Парламенттік кеңеспен қабылданған Германия тарихындағы төртінші Конституция. Конституция Федералдық Конституциялық сотпен қорғалады. Негізгі заңмен саяси плюрализм және көппартиялық саясат қағидалары бекітілген. Германия Федеративті Республикасында бірқатар саяси партиялар қызмет етеді. Олардың ішінде негізгілері, яғни басқа партияларға қарағанда ықпалы күшті алты партияны бөле-жара атаған жөн. Ретіне қарай атайтын болсақ, 1869 жылы құрылған Германия Социал-демократиялық партиясы; 1945 жылы құрылған Христиан демократиялық одағы. Бұл партияны Федералдық канцлер Ангела Меркель басқарады. Негізгі мақсаты - Батыс елдерімен интеграция жасау және әлеуметтік нарықтық экономика. Бұдан кейінгісі Христиан әлеуметтік одағы; Еркін демократиялық партиясы; Демократиялық социализм партиясы және 1990 жылы құрылған “Жасылдар” одағы.
Сайлау құқығына 18 жасқа толған, Германия республикасында кемінде 3 жыл тұрақты тұрған барлық герман азаматтары ие.
Федералдық жүйе және жергілікті басқару
Германия бұл 1949 жылғы қабылданған Незізгі заң бойынша конституциялық федерация болып табылады. Федералдық жүйеге қатысты құқықтық жағдай Незігзі заңның екінші тарауында қарастырылады.
Қазіргі таңда Германия 16 жеке не жартылай тәуелсіз федералдық жерлерден тұратын ел: Баден-Вюртемберг, Свободное Государство Бавария, Берлин, Бранденбург, Свободный ганзейский город Бремен, Свободный ганзейский город Гамбург, Гессен, Мекленбург-Передняя Померания, Нижняя Саксония, Северный Рейн-Вестфалия, Рейнланд-Пфальц, Саар, Свободное государство Саксония, Саксония-Анхальт, Шлезвиг-Гольштейн, Свободное государство Тюрингия. Ең үлкен аймақты иемденген Бавария жері ең кіші жер Бременнен 174 есе үлкен, ал ең көп адам шоғырланған Солтүстік Рейн жері Бременнен 26 есе үлкен.
Германия аймақтық қағида негізінде құрастырылған. Аймақтарды бөліп, жүйелеу кезінде тарихи салт-дәстүрлер мен экономикалық байланыстар айрықша орын алды. Жерлердегі конституциялық тәртіп республикалық, демократиялық, әлеуметтік, құқықтық мемлекет қағидаларына сай келуі тиіс. Әр жердің өзінің конституциясы, мемлекеттік билік органдары болады. Жерлердегі заң шығарушы органдар бірпалаталы, тек Баварияда екі палаталы және сол жердің азаматтарымен 4 не 5 жылға сайланады. Жерлердің дербес конституциялық соттары болады олар 5-тен 12 жылға дейін сайланады.
Заң шығарушы билік
Заң шығарушы билікті Германияда екі орган жүзеге асырады: Бундестаг және Бундесрат.
Бундестаг 656 депутаттан тұрады және олар 4 жылға сайланады. Депутаттардың жартысы округтерде мажоритарлық жүйе негізінде тікелей сайлау жүйесімен сайланады, ал қалған жартысы әрбір жерге пропорционалды бөлінген партиялық тізім негізінде сайланады. Бундестагтың төрағасы, бюросы, комиссиясы, депутаттық фракциясы болады.
Заң шығару процесі Бундестагта басталады. Қандай да бір заң жобасын Бундестаг мақұлдайды. Тек бюджетке байланысты заң жобасы ғана Бундестаг пен Бундесратқа бір мезетте талқылауға беріледі. Бундестаг бюджеттік жобаны бекітеді үкіметтің дұрыс атқарылуын қадағалайды. Бундестаг заң шығарады, халықаралық шартарды бекітеді, федералдық президентті, үкіметті сайлайды.
Бундасрат парламентінің жоғарғы палатасы. Бундесратты жерлердің өкіметтері сайлайды, оның құқықтық жағдайының ерекшеліктері бар. Әрбір өкімет 3 депутаттан кем бермейді. Жердіің өкіметі бундесраттың депутаттарына талап қояды, олар талапты орындауға тиісті. Қабылданатын ззаңдарды бундесрат қарап, өзінің пікірін білдіреді, жерлердің конституциясын, шекараларынөзгерту үшін осы органның келісімі керек. Бундесрат мүшелерінің саны сайланатын жерлердегі халықтың санына тікелей байланысты. 2 млннан кем халқы бар жерден 3, 2 млннан 6 млнға дейін халқы бар жерден 4, 6 не одан да көп млн халқы бар жерден 5 депутат сайланады. Сонымен бундесрат мүшелерінің жалпы саны 65-ті құрайды.
Атқарушы билік
Атқарушы билікті Федералдық Президент, Үкімет және Федералдық Канцлер жүзеге асырады.
Федералдық Президент Федералдық жиналыспен сайланады. Федералдық жиналыс бұл президентті уақытында сайлау үшін арнайы құрылған орган. Федералдық жиналыс Бундестаг депутаттарынан құрылады. Президентікке 40 жасқа толған Германия азаматы сайлана алады. Президент пікірталассыз, көпшілік даусымен сайланады. Егер екі сайлану айналымынан кейін ешбір сайланушы иемдеменсе көпшілік дауысты иемдеменсе, үшінші айналымда Федералдық жиналыс мүшелерінің көпшілік даусымен сайланады. Федералдық президент 5 жылға сайланады, қайта сайлану мүмкіндігіне 1-ақ рет ие. Федералдық президент федерацияның не жердің парламент, үкімет мүшесі бола алмайды. Сонымен қатар қандай да бір коммерциялық ұйымның мүшесі бола алмайды, мамандығы бойынша жұмыс істей алмайды. Федералдық президент ГФР атынан шет елдермен әр түрлі шарттарға қол қояды, елшілерді қабылдайды. Федералдық президент федералдық сот мүшелерін, офицерлерді және унтер-офицерлерді сайлайды және жұмысынан аластатады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz