Үкіметтік емес ұйымдар


Пән: Саясаттану
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

Кіріспе

1. Үкіметтік емес ұйымдардың азаматтық қоғам құрудағы алатын орны мен рөлі.

1. 1. Үкіметтік емес ұйымдардың құрылу ерекшеліктері, даму динамикасы және ағымдағы күйі.

1. 2. ҮЕҰ және олардың осы заманғы демократиялық қоғамдағы орны.

1. 3. Әлеуметтік қорғау жүйесіндегі үкіметтік емес ұйымдардың рөлі.

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер мен сілтемелер

Үкіметтік емес ұйымдардың құрылу ерекшеліктері, даму динамикасы және ағымдағы күйі

Бұрынғы ТМД-ның барлық мемлекеттерінің негізгі мәселелерінің бірі халықтың жаңа өмір жағдайларына, қоғамдық қатарға ауыр түрде әлеуметтік бейімделуі болып табылады. Әлі күнге дейін жаңа тәуелсіз өмірге бейімделу аяқталған жоқ. Басқа да көрші мемлекеттердегі сияқты, Қазақстанда кедейліктің, жұмыссыздықтың деңгейі жоғары. Қоғамдағы әлеуметтік қысымдылықты шешудің жақсы бағыттарының бірі, көптеген дамыған мемлекеттердегі секілді, міндеттердің бір бөлігін қоғамдық бірлестіктерге жүктеу. Бірақ елдегі әлеуметтік кәсіпкерліктің (үкіметтік емес ұйымдар) дамуының пайда болуы, тек азаматтық қоғамның нарықтық үлгі шеңберінде әрекет ететін, үкіметтік емес ұйымдарды қолдау мен дамытудың тиімді инфрақұрылымы болғанда ғана мүмкін болады. Бұндай жүйенің жақсы дамуы үшін Қазақстандағы үкіметтік емес ұйымдардың пайда болу мен даму ерекшелігін білу және түсіну қажет.

Үкіметтік емес сектор Қазақстандағы азаматтық қоғамның тұрақты дамуының базалық шарты болып табылатын, елдің қоғамдық (әлеуметтік) капиталын қалыптастыра отырып, адамдар арасындағы сенімнің кеңістігін басты етеді. Үкіметтік емес ұйымдар азаматтардың әр түрлі мүдделері мен ынталарын интеграциялауға, қалыптастыруға және алға жылжытуға қабілетті, азаматтық қоғамның маңызды институттарының бірі болып табылады. Коммерциялық емес ұйымдар бола отырып, ҮЕҰ қойылған мақсаттарға бірлесіп қол жеткізу үшін адамдарды біріктіруге көмектеседі, бұл халықтың азаматтық (саяси) белсенділігін жоғарылатады.

Қазіргі таңда Қазақстандағы үкіметтік емес сектордың даму қарқыны елдің экономикалық даму процестерінің динамикасынан артта қалуда.

Арнайы институттар қалыптастыра отырып, қоғам өзінің өмірлік іс-әрекетінің маңызды салалары мен мәселелерінде әлеуметттік-саяси өзара әрекеттестіктің белгілі бір түрлерін пайымдайды және бекітеді, оларды сол қоғамның мүшелері үшін үнемі және міндетті етеді. Щепанскийдің пікірі бойынша, азаматтық қоғам институттары - белгілі бір адамдар жеке және қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін белгілі-бір қоғамдық функцияны атқару міндетін мойнына алатын мекемелер жүйесі.

«Мемлекетттік азаматтық қоғам институттарын өсіру өнері жоқ, ол тек олардың дамуы үшін қолайлы жағдайлар қалыптастыра алады. Сондықтан да біздің міндетіміз - мемлекет пен ҮЕҰ-дың нақты серіктеске айналуына жағдай жасау»

Үкіметтік емес сектордың құрылуы қазақстандық мемлекеттің қалыптасуымен, Қазақстанның нарықтық экономикаға ие, демократиялық, әлеуметтік мемлекет ретіндегі даму кезеңімен сәйкес келеді. Қазақстанда, тәуелсіздіктің 10 жылы ішінде, қоғамның әлеуметтік мәнді мәселелерін шешетін қоғамдық бірлестіктер, қорлар және мемлекеттік емес мекемелерден тұратын үкіметтік емес сектор қалыптасты.

Үкіметтік емес ұйымдар - азаматтардың ерікті түрде заңға қайшы емес ортақ мақсаттарға қол жеткізу үшін қалыптастырған, қоғамдық қатынастарды реттеу механизмдердің бірі болып табылатын, әлеуметтік мәселелерді шешуде, азаматтық қоғам қалыптастыру мәселесінде мемлекет пен азаматтардың арасында делдалдар рөлін атқаратын коммерциялық емес ұйымдар. Үкіметтік емес ұйымдар қызметі азаматтық дамытуға, қоғамдық ұйымдардың әлеуметтік мәселелерді шешудегі рөлін көтеруге, қоғамның тұрақты дамуына қол жеткізуге бағытталған.

Қазақстанның комерциялық емес секторының даму кезеңдері қоғамның даму кезеңдерімен бірге жүреді және былайша бөлінеді:

1) Кеңестік дәуір

2) «Қайта құру» кезеңіндегі кеңестік дәуір

3) Егеменді мемлекет дәуірі

Егеменді Қазақстанның даму кезеңдерін де азаматтық қоғамның осы секторының дамуының 3 кезеңіне бөлуге болады.

Қазақстандағы ҮЕҰ дамуының тарихын бірнеше кезеңдерге бөліп көрсетуге болады:

1) Құрылу дәуірі (1991 жылдың соңы-1994 жыл)

2) Сапалық және сандық өсу дәуірі (1995-1997)

3) Мемлекет тарапынан ҮЕҰ-ды мойындау және олардың өзара қатынастарындағы сапалық өзгерістер кезеңі(1998 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін) .

Дамудың кеңестік кезеңі. Жіктеулерге сәйкес, Ұлттық Комиссарлар кеңесінің және болашақ егеменді Қазақстанның аймағындағы РСФСР-дың Орталық атқарушы комитетінің жарғысымен 1930 жылы 30-тамызда бекітілген, «Ерікті қоғамдар және одақтар туралы ереже» негізінде әрекет ететін қоғамдық институттар кеңестік кезеңде «Еріті қоғамдар» деп аталынды.

Олар келесі типтер бойынша бөлінеді

Типтер
Мысалдар
Типтер: Ғылыми-техникалық және ғылыми инженерлік қоғамдар
Мысалдар:

«Сайлаушылар мен өнертапқыштар» қоғамы;

«Радиоға әуестер» қоғамы

Типтер: Физикалық мәдени-спорттық қоғамдар
Мысалдар:

«Динамо»

«Спартак»

Типтер: Мүгедектер қоғамы
Мысалдар:

«Қазақстан соқырлық қоғамы»

«Қазақстан мылқаулар қоғамы»

Типтер: Қызығушылықтар бойынша қоғамдар
Мысалдар:

«Аңшылар мен балықшылар» қоғамдарының одағы

«Шахмат әуесқойлары қоғамы»

Типтер: Кәсіби қоғамдар
Мысалдар:

Қазақстан жазушылар одағы

Қазақстан сәулетшілер одағы

Типтер: Жастарға арналған қоғамдар
Мысалдар:

Әскерге, авиацияға және флотқа көмектесу қоғамы

Жас өрт сөндірушілер қоғамы

Типтер: Мәдени-тарихи қоғамдар
Мысалдар: Қазақстан тарих пен мәдениет ескерткіштерін қорғау қоғамы
Типтер: «Сыртқы саяси үгіт-насихат» қоғамы
Мысалдар:

Бейбітшілікті қорғау комитеті

Азия, Африка елдерін қолдау комитеті

Типтер: Гуманистік қоғамдар
Мысалдар: Қазақстандық Қызыл крест және Қызыл Жарты ай қоғамы

Жоғарыда аталған қоғамдардың көбі XX ғасырдың 20-30 жылдарында қалыптасты және сол кезеңнің қажеттіліктері мен міндеттеріне, яғни сауатсыздықты жою, жас мемлекеттің қорғаныс қабілетін бекіту, кедейлікпен күресу және т. б. -на жауап береді.

Бұл қоғамдарға тән ерекшеліктер олардың мемлекеттік меншіктің жартысын, құндылықтар және белгілі бір міндеттер жүйесін, тармақталған желіні иеленуі және орталық органдармен үйлесімді жұмыс істеуі болды.

Біртіндеп, кеңестік қоғам қалыптасуының қандай да бір кезеңіне әсер ететін бірқатар себептерге байланысты, төменнен туындайтын ынта жоғарыдан келетіндермен, харизмаға ие көшбасшылардың орны номенклатуралық адамдармен, «сапалық және бұқаралық» ұстанымы «сандық және бұқаралық» ұстаныммен алмастырылды. Осының барлығы қоғамның бүтіндей бөлігінің «бюрократтануына» және бүтіндей формация жүйесінің басталып келе жатқан дағдарысына қарсы тұру ретіндегі баламалы негіздегі қоғамдардың кішігірім өсінділерінің пайда болуына алып келді.

«Қайта құру» кезеңіндегі кеңестік дәуір -1985-1992 ж

1985 жылы «Қызығушылықтар бойынша әуесқойлық бірлестіктер мен клубтар туралы ереже» қабылданды, себебі қоғамды демократияландырудың «қайта құру» толқыны кезеңінде жариялылықты қалыптастыру шарттарына жауап беретін көптеген пікір-талас клубтары, тәуелсіз азаматтық иницативалар қозғалысы пайда бола бастады.

1. Құрылу дәуірі (1991 жылдың соңы-1994ж) Бұл үдерістің басталуын көбінесе «Невада-Семей» қозғалысының, алғашқы құқық қорғау ұйымдары мен бірлестіктерінің, әйелдер ұйымдарының және т. б. қалыптасуымен және олардың іс-әрекетінің басталуымен байланыстырылады. Сол кезеңде негізінен құқық қорғау бағытындағы 500-дей ҮЕҰ қалыптастырылды.

Осы дәуірге ҮЕҰ мен мемлекеттің белсенді бірлесіп жұмыс жасауының мысалдары, әдетте, сирек кездесетіндігі тән, ҮЕҰ-дың өздері мемлекет пен жеке компаниялардың қолдауына сүйенді. Бұл дәуір, сонымен қатар көптеген бір сәттік міндеттерді шешу, күш пен қорлардың шашыранқылығы, шараларды орындаудың кәсіби емес деңгейі, дайын кадрлардың жоқтығы, романтизм рухы және көшбасшылардың жоғары энтузиазмі, мақсатты топтардың ҮЕҰ жүргізген шаралардың идеялары мен мақсаттарын сипаттайды.

2. Сапалық және сандық өсу дәуірі (1995-1997) . ҮЕҰ-дың 1600-ге дейін өсті, қызмет түрлері бойынша дифференциация жасалды: бірінші кезекте халықаралық қорлардың гранттар жүйесі арқылы ҮЕҰ-дың іс-әрекетін бұқаралық қаржылық қолдау есебінен. Сарапшылар кадрлық әлеуеттің құрылуы және ҮЕҰ-дың кәсіби деңгейін көтеру, алғашқы «жалған ҮЕҰ-дың» пайда болуы, гранттарды таратуға байланысты ҮЕҰ-дың жобалық қызметінің дамуы және осының салдары ретінде грант алушы ҮЕҰ-дың өзінің қатардағы мүшелерінен біртіндеп алшақтауы осы дәуірге сәйкес келеді деп атап көрсетеді. Қызмет бағыттарын арнайы бағыттау басталады және профильдік ҮЕҰ-дың арасындағы бәсекелестік асқынады.

3. Мемлекет тарапынан ҮЕҰ-ды мойындау және олардың өзара қатынастарындағы сапалық өзгерістер дәуірі. (1998 жылдан қазіргі кезеңге дейін) . Серіктестік идеяларының дамуы, мемлекеттік органдармен және ұйымдармен бірлесіп жұмыс істеудің қалыптасуы, ортақ сипаттағы мәселелерді шешуге бағытталған ҮЕҰ мен мақсатты топ мәселелерін шешу басты міндеті болып табылатын ҮЕҰ арасында бөліну етек алады. Грант берушілер шарттарынан қаржылық тәуелсіздікке қол жеткізу мақсатындағы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру нышандары немесе талпыныстары байқалады. Гранттық бағдарламалардың қысқаруымен байланысты, ҮЕҰ-дың белсенділігін төмендету үрдісі шынайы бола бастайды . Шын мәнінде тек 2005 жылдан бастап қана орын алған бұл қысқару мемлекеттік қолдау механизмдерінің - мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың пайда болуымен біршама деңгейде ретке келді.

ҮЕҰ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ОСЫ ЗАМАНҒЫ ДЕМОКРАТИЯЛЫҚ ҚОҒАМДАҒЫ ОРНЫ

Соңғы жылдары еліміздің әлеуметтік-саяси өмірінде қоғамдық қатынастар саласындағы түбірлі өзгерістер, тұрғындардың азаматтық белсенділіктерінің өсуі басым сипат алды. Азаматтық қоғам институттарын үдемелі және дәйекті түрде қалыптастыру, азамат пен мемлекеттің арасындағы серіктестік қатынастың орнығуы реформаларды алға бастырудың көзге айқын шалынатын индикаторына айналды.

Кез келген демократиялық қоғамның мемлекеттік және жекеменшік сектормен өзара қатынаста болатын дамыған «үшінші» сектормен сипатталатындығы белгілі, мұның өзі көпшіліктің әлеуметтік маңызы бар шешімдерді қабылдау мен оларды бірге жүзеге асыру процесіне қатысу механизмінің пайда болуын негіздейді.

Азаматтық қоғам қалыптасуының маңызды құрамдас бөлігі үкіметтік емес ұйымдардың іс-қызметі болып табылады.

Егер жағдайды абстрактілі-ықтималдық модальдықта бағалайтын болсақ «үшінші сектор» елдегі қоғамдық-саяси процестерді одан әрі демократияландыруға оң ықпал етеді. Ерікті негізде іс-әрекет жасап және бастама көтере отырып көптеген ҮЕҰ қазірдің өзінде әлеуметтік саланың өткір мәселелерін шешуге айтарлықтай үлес қосуда.

Мәселен, мұны көп балалы және жалғыз басты аналардың, жетім балалардың, қиын жасөспірімдердің, экологиялық апаттар құрбандарының проблемаларымен айналысатын үкіметтік емес ұйымдарға қатысты айтуға болады. Түрлі әлеуметтік топтар мүдделерінің көптүрлілігін көрсететін үкіметтік емес ұйымдардың тармақталған жүйесін қалыптастырып, нығайту еліміздегі азаматтық қоғамды орнықтырудың маңызды индикаторы болып табылатындығы күмәнсіз.

Талдау бүгінгі күні Қазақстанда қоғамдық бірлестіктерден, қорлардан, мемлекеттік емес коммерциялық мекемелерден және әлеуметтік мәселелермен айналысатын басқа да ұйымдардан тұратын жеткілікті дәрежеде дифференциалданған үкіметтік емес сектордың қалыптасқанын көрсетеді.

Соңғы жылдары еліміздің әлеуметтік саяси өмірінде түбегейлі өзгерістер болуда, халықтың азаматтық белсенділігінің өсуі байқалады. Бұл мағынада үкіметтік емес ұйымдардың тармақталған жүйесін құру және нығайту Қазақстандағы азаматтық қоғамды қалыптастырудың маңызды индикаторы болып табылады. Нақ үкіметтік емес ұйымдар қоғамдық қатынастардың өзіндік бір реттегіші болып табылады, мемлекет пен азаматтардың арасын жалғастырушы рөлін атқарады, өзіне қоғамдағы әлеуметтік жаңғырулардың көптеген функцияларын алады.

Ең алдымен, Қазақстанда «үшінші сектордың» қалыптасуының қазақстандық мемлекеттіліктің қалыптасуына орайлас келгендігін атап айту қажет. Мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдардың өзара қатынасын талдау шартты түрде үш кезеңді бөліп алуға және оларға қысқаша сипаттама беруге мүмкіндік береді:

1. кезең - «стихиялық», көптеген ҮЕҮ-нің стихиялы түрде

құрылу процесімен, мемлекеттің үкіметтік емес секторға көңіл

аудармауымен ерекшеленеді;

2. кезең - «талдау», мемлекеттің «үшінші секторға» қатысты

тек жалпы позициялары ғана айқындалған, үшінші сектормен өзара

қатынас жөніндегі бірыңғай мемлекеттік саясат толық мөлшерде

жасалынбаған;

3. кезең - «ынтымақтастық». Бұл үкіметтік емес ұйымдармен

өзара қатынас жөніндегі мемлекеттік механизмді жасау мәселесін

қоюмен сипатталатын сапалық жаңа кезең. Мұндай жағдайда

үкіметтік емес сектордың мемлекетпен тең құқықты серіктестік

принципінде нақты ынтымақтасуы үлкен маңызға ие болады.

Демократиялық қоғамда ҮЕҰ көптеген функцияларды орындайды, олардың арасындағы негізгілері мыналар болып табылады:

- тұлғаны саяси әлеуметтендіруге қатысу;

- көпшіліктің жергілікті проблемаларды шешуге қатысуын

қамтамасыз ету;

- саяси шешімдерді талқылауға және қабылдауға қатысу;

- үкіметтік бағдарламаларды жүзеге асыруға қатысу механизмі;

- қоғамдық қызметке қатысу тәжірибесі өзге саяси қызметке

(мемлекеттік, партиялық) дайындық іспетті;

- кәсіптік кадрларды дайындау.

Әдебиетте ҮЕҰ-ның көптеген анықтамалары бар: nongovernmental organizations, НКО, НКПО, НГО.

Талдау мақсаттары үшін үкіметтік емес ұйымдардың бес негізгі сипаттамасын: коммерциялық емес, мемлекеттік емес, саяси партия емес, діни бірлестік емес, олардың қоғамдық пайдалы қызметін бөліп алуға болады.

Бұл жерде ондай сипаттамалардың өзінде қарама-қайшылықтар бар екендігін, сөздің белгілі бір мағынада «өзін жоққа шығаратындығын» ескерту қажет. Сондықтан ҮЕҰ-ның қоғамдағы орнын анықтаған кезде байыпты қатынас аса маңызды.

Бұл сипаттамалардың әрқайсысын бөлек алып қарауға болады:

- коммерциялық емес: қаржыландыру шарты - гранттар,

субсидиялар, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс формасы + ұйымды дамыту мақсатында коммерциялық қызметпен айналысу мүмкіндігі;

- мемлекеттік емес: дегенмен ҮЕҰ мен мемлекеттің өзара

қатынасы қажет - заңдылық база;

- саяси емес: сайлауға, үгітке қатысу + саяси партиялармен

бірдей қатынаста болу;

- діни емес: айырым критериі, мақсаттардың ортақтығы болуы

мүмкін;

- қоғамдық пайдалы қызмет: мемлекеттегі әлеуметтік саясатты

жаңаша түсіну.

ҮЕҰ-ның осынау функциялары мен сипаттамаларынан шығара отырып мемлекет бүгінгі күні «үшінші секторға» қатысты саясатын қалыптастырады. Бұл жерде бүгінде қоғамдық секторды бірінші кезекте сапалы, салмақты, ең алдымен, ұйымдық-практикалық жағынан қолдау проблемасы туындайды.

Әлеуметтік маңызды міндеттерді жүзеге асыруда үкіметтік емес сектордың мемлекетпен тең құқықты серіктестік принципінде нақты ынтымақтасуы үлкен маңызға ие болады.

Елбасының 2000 жылғы 24 қазандағы Қазақстан халқына Жолдауында «Үкіметтік емес қоғамдық ұйымдар бүгінгі күннің өзінде Қазақстандағы құқыққорғау қызметінде де және қоғамды әлеуметтік тұрақтандыруда да үлкен рөл ойнайды. Әлеуметтік маңызды жобаларды жүзеге асыруға, жекелей алғанда, грант жүйесі арқылы, байыпты мемлекеттік қолдау қажет. Бұл орайда да ауқымды жұмыстарды бастайтын уақыт жетті» делінеді. Президенттің 2002 жылғы Жолдауында да «азаматтық қоғам институттарының одан әрі дамуына қолдау жасау» міндеті қойылғандығын атап өту қажет.

Бүгінде мемлекетті «үшінші секторға» «бет бұрды» деп сеніммен айтуға болады, бұған ол үкіметтік емес ұйымдардың демократиялық процестердегі рөлін сезіну арқылы келді. Бұған Қазақстан Республикасының үкіметтік емес ұйымдарын мемлекеттік қолдау Қонцепциясының қабылдануы мысал бола алады. Концепцияда еліміздегі қоғамдық сектордың қазіргі кездегі жағдайына талдау жасалынған, үкіметтік емес ұйымдарды мемлекеттік қолдаудың мақсаттары мен басымдықтары, оны жүзеге асырудың деңгейі, принциптері мен механизмдері айқындалған.

Үкіметтік ұйымдарды мемлекеттік қолдаудың негізгі мақсаты ретінде Концепцияда Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік саясатты жүргізуде қатынастардың жаңа үлгісін қалыптастыру, әлеуметтік бағытталған үкіметтік емес ұйымдарға олармен белсенді ынтымақтасу жолымен тиімді қолдау көрсету, оларды әлеуметтік маңызды проблемаларды шешуге тарту, ақпараттық, консультативтік, әдістемелік, ұйымдық-техникалық қолдау, сонымен қатар оларға мемлекеттік тапсырыс арқылы көмек көрсету жайлары айқындалған,

Аталған Концепцияда «үкіметтік емес» түсінігі сақталынады, өйткені Елбасының Қазақстан халқына Жолдауында, оны орындау үшін де осы Концепцияның жобасы жасалынып отыр емес пе, нақты «үкіметтік емес ұйымдарды» мемлекеттік қолдау жайында айтылады.

Үкіметтік емес ұйымдарды мемлекеттік қолдау формаларына қатысты былай деп атап көрсетілген: « . . . заңдылық үкіметтік емес ұйымдарды қолдаудың мемлекеттік саясатын тікелей қарастырмайды, бір-бірінің істеріне араласпау принциптерін және өз қызметін тараптардың келісімдері негізінде атқаруды бекітеді». Өз кезегінде Қазақстан Республикасының «Үкіметтік емес ұйымдар туралы» Заңының 9 бабының 1 тармағында: «Мемлекет Қазақстан Республикасының заңдылығында белгіленген тәртіппен үкіметтік емес ұйымдардың қызметіне соңғылары мемлекеттік органдарға өтініш жасаған жағдайда ақпараттық, консультативтік, әдістемелік, ұйымдастыру-техникалық көмек көрсетеді» деп тұжырымдалады.

Сол сияқты 2001 жылғы 16 қаңтардағы «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» Заңның 40-бабы коммерциялық ұйымдар өз қызметінің мақсаттарына сәйкес мемлекеттік органдармен олармен келісім жасап, олар үшін белгілі бір жұмыстар орындау жолымен ынтымақтаса алады деп белгілейді. Бұл ережелерден коммерциялық емес ұйымдар атқарған жұмыстың тегін істелінбейтіндігі түсінікті болып шығады, оны мемлекет төлейді. Сөз коммерциялық емес ұйымдардың қызметін тікелей қаржыландыру туралы болып отырған жоқ. Мемлекет коммерциялық емес (үкіметтік емес) ұйым тарапынан белгілі бір жұмыстың атқарылғандығы туралы келісім шарт жасап немесе келісімге қол қоя отырып конкурстық іріктеу жолымен белгілі бір әлеуметтік проблеманы шешеді.

Әлеуметтік тапсырыс формасындағы мемлекеттік қолдау биліктің республикалық, өңірлік және жергілікті органдарының әлеуметтік және қоғамдық-пайдалы бағдарламаларды нақты орындау және атқарылған жұмыс үшін тиісті төлем алу мүмкіндігін беру арқылы жүзеге асырылады. Концепцияның 3 тарауында «Әлеуметтік тапсырыстың тақырыбы нақты әлеуметтік-маңызды проблемаларды шешуге бағытталынған мақсатты әлеуметтік шараларды (акцияларды, бағдарламаларды) жасау және (немесе) жүзеге асыру, сонымен қатар республикалық және жергілікті мақсатты бағдарламалар шараларына конкурстық негізде қатысу болып табылады» деп анық айтылған.

Қойылып отырған мақсатқа сәйкес мынадай міндеттер айқындалып отыр:

1. мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдардың өзара қатынасы мен ынтымақтасуы жүйесін жетілдіру;

2. азаматтық бастамашылдықтың өсуі үшін жағдай жасау;

3. мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс арқылы әлеуметтік бағытталынған үкіметтік емес ұйымдардың бағдарламаларын қаржыландыру;

4. мемлекеттік органдар мен қоғамдық бірлестіктердің өзара қатынасы жөнінде Кеңестер құру;

5. бірлескен шаралар өткізу (конференциялар, «дөңгелек үстелдер», семинарлар, әлеуметтік маңызды проблемалар бойынша тренингтер, қайырымдылық, мәдени-көпшілік акциялары және басқалар) ;

6. Қазақстанның үкіметтік емес ұйымдарының қызметін ақпараттық қамтамасыз ету;

7. үкіметтік емес ұйымдарды тіркеу шарттарын жұмсарту.

Бұл жерде үкіметтік емес ұйымдарды мемлекеттік қолдауды қалыптастыру және жүзеге асыру мәселелеріне деген қатынас мынадай принциптерге негізделуі тиіс:

• заңнамалық - Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдылық нормаларын сақтау;

• серіктестік - үкіметтік емес ұйымдар мен мемлекеттік органдардың әлеуметтік проблемаларды шешуге, әлеуметтік саясаттың басымдықтарын айқындауға бірлесе қатысуы;

• ашықтық - тараптардың ашықтығы және мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты беруде барлық мүдделі үкіметтік емес ұйымдар үшін ақпараттың жалпы қолжетімділігі;

• тең құқықтылық - барлық үкіметтік емес ұйымдардың тендерге қатысудағы тең құқығын қамтамасыз ету;

• келісімділік - қойылған мақсатқа қол жеткізу және жалпы қызметті ұйымдастыру әдістері бойынша келісілген шешімдер қабылдау;

• жауапкершілік - тараптардың әлеуметтік тапсырысты орындауда бекітілген мемлекеттік келісімшартты қатаң сақтауы.

Концепцияда үкіметтік емес ұйымдарды мемлекеттік қолдау әртүрлі формаларда: ақпараттық, консультативтік, әдістемелік, ұйымдастыру-техникалық, сонымен қатар мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс арқылы қолдау көрсету түрінде жүзеге асырылуы мүмкін екендігі айқындалған.

Қазіргі кезде Концепция базасында үкіметтік емес ұйымдарды 2006-2008 жылдарға мемлекеттік қолдау Бағдарламасы жасалынған. Бағдарлама еліміздің мемлекеттік органдары мен үкіметтік емес ұйымдарының арасында серіктестік қатынастардың тиімді жүйесін құруға бағытталынған.

Бағдарламаның мақсаты - азаматтық қоғамның бір бөлігі ретінде Қазақстанда үкіметтік емес ұйымдардың тұрақты дамуы үшін жағдай жасау және олардың мемлекеттік билік органдары тарапынан қолдау және өзара қатынас негізінде қоғамның әлеуметтік маңызды проблемаларын шешудегі рөлін күшейту.

Бағдарламада кешенді шешімі үкіметтік емес ұйымдардың сапа жағынан өсуін ынталандыратын мынадай міндеттер айқын көрсетілген:

- мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдардың өзара қатынасы мен ынтымақтастығы жүйесін жетілдіру;

- әлеуметтік мәселелерді шешумен айналысатын еліміздің үкіметтік емес ұйымдарына ақпараттық, консультативтік, әдістемелік, ұйымдастыру-техникалық қолдау көрсету;

- үкіметтік емес ұйымдардың қызметін қамтамасыз ететін құқықтық базаны жетілдіру;

- мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс жүйесін қалыптастыру;

- мемлекеттік қызметкерлердің үкіметтік емес ұйымдармен ынтымақтасу және өзара қатынасы мәселелері бойынша дайындықтарын және мамандану дәрежелерін көтеру жүйесін жасау;

- үкіметтік емес ұйымдар қызметінің мониторингі;

- халықаралық ұйымдармен ынтымақтастықты дамыту.

Бағдарламаны жүзеге асыру үшін белгіленген шараларды кезеңімен орындауды көздейтін Шаралар жоспары жасалынған. Жоспар мемлекеттік органдардың Бағдарламаны орындау жөніндегі қызметін үйлестіруге және бақылауға мүмкіндік береді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстандағы халықаралық үкіметтік емес ұйымдар: әлемдік тәжірибе
Үкіметтік емес ұйымдардың халықты әлеуметтік қорғаудағы рөлі
Қалада азаматтық бастаманы дамыту
Үкіметтік емес ұйымдардың халықты әлеуметтік қорғауға қосқан үлесі
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІКТЕРІНІҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ - ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘРТЕБЕСІ
Үкіметтік емес ұйымдардың азаматтық қоғам қурудағы алатын орны мен рөлі
Қазақстан Республикасының адам құқықтары мен еркіндіктері жөніндегі халықаралық құжаттарға қосылуы мен осы мәселеде БҰҰ, ЕҚЫҰ және үкіметтік емес ұйымдармен ынтымақтастығы
Саяси қозғалыстың өшу сатысы
Азаматтық қоғамның теориялық-әдістемелік негіздері
Халықаралық ұйымдар шегіндегі адам құқықтарының халықаралық-құқықтық негізінің құрылуы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz