Франция елі



1 Франция жалпы конституциялық.құқықтық теория
2 Францияның басқару жүйесі
3 Мемлекетте жергілікті өзін.өзі басқаруды ұйымдастыру
Франция жалпы конституциялық-құқықтық теория мен практикасының дамуына үлкен үлес қосқан мемлекеттер қатарына жатқызсақ болады. Ұлы француздық буржуазиялық революциясы өткеннен кейін бергі 200 жыл ішінде мемлекетте 4 республика, екі империя ауысып, әр түрлі басқару формалары қалыптасты. Бұл уақытта жиырмадан аса конституция, конституциялық хартия, конституциялық құқық түрлері қабылданды.
Францияның қазіргі таңда қызмет ететін Конституциясы 1958 жылы 28 қыркүйекте референдумда қабылданып, 1958 жылы 4 қазанда күшіне енді. Бұл жаңа Конституцияның қабылдану себебі Францияның төртінші республика кезінде терең саяси дағдарысқа түсуі. Конституция 1958 жылғы бастапқы редакциясында қысқаша преамбула мен 92 баптан, 15 тараудан тұрды. Негізгі заң Францияны республика, құқықтық, зайырлы және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады.
Сайлау құқығының негізгі қағидалары конституцияның 3 бабында қарастырылған. Бұл бапқа сәйкес Франциядағы сайлау процесі жалпылама, тең және жасырын түрде жүреді. Сайлауға 18 жасқа толған азамат қатыса алады. Төменгі палатаның депутататына сайлану үшін 23 жастан кем болмау керек. Ал сенаторлардың жастық мөлшері 35 жастан кем болмау тиіс. Президенттік, парламенттік сайлауларға тек Францияның тікелей өзінің ғана азаматтары қатыса алады.
Қазіргі Франция аралас республика болып табылады. Бесінші республикаға атқарушы биліктің күшейіп, Парламенттің рөлі төмендеуі сәйкес келеді. Атқарушы биліктің иесі республиканың президенті және үкімет. Конституцияның 5 бабына сәйкес президент Конституцияның сақталуын, мемлекеттік институттардың дұрыс қызмет етуін, халықаралық келісімдердің іске асырылуын қадағалайды. Республиканың Президенті – қарулы күштердің жоғарғы бас қолбасшысы болып табылады, сонымен қатар үлкен әскери шендерді тағайындауды іске асырады. Президенттің өкілеттігіне премьер-министрді сайлау, ұлттық жиналысты тарату, заң шығару бастамасын көтере алады.

Пән: География
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Франция жалпы конституциялық-құқықтық теория мен практикасының дамуына үлкен үлес қосқан мемлекеттер қатарына жатқызсақ болады. Ұлы француздық буржуазиялық революциясы өткеннен кейін бергі 200 жыл ішінде мемлекетте 4 республика, екі империя ауысып, әр түрлі басқару формалары қалыптасты. Бұл уақытта жиырмадан аса конституция, конституциялық хартия, конституциялық құқық түрлері қабылданды.
Францияның қазіргі таңда қызмет ететін Конституциясы 1958 жылы 28 қыркүйекте референдумда қабылданып, 1958 жылы 4 қазанда күшіне енді. Бұл жаңа Конституцияның қабылдану себебі Францияның төртінші республика кезінде терең саяси дағдарысқа түсуі. Конституция 1958 жылғы бастапқы редакциясында қысқаша преамбула мен 92 баптан, 15 тараудан тұрды. Негізгі заң Францияны республика, құқықтық, зайырлы және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады.
Сайлау құқығының негізгі қағидалары конституцияның 3 бабында қарастырылған. Бұл бапқа сәйкес Франциядағы сайлау процесі жалпылама, тең және жасырын түрде жүреді. Сайлауға 18 жасқа толған азамат қатыса алады. Төменгі палатаның депутататына сайлану үшін 23 жастан кем болмау керек. Ал сенаторлардың жастық мөлшері 35 жастан кем болмау тиіс. Президенттік, парламенттік сайлауларға тек Францияның тікелей өзінің ғана азаматтары қатыса алады.
Қазіргі Франция аралас республика болып табылады. Бесінші республикаға атқарушы биліктің күшейіп, Парламенттің рөлі төмендеуі сәйкес келеді. Атқарушы биліктің иесі республиканың президенті және үкімет. Конституцияның 5 бабына сәйкес президент Конституцияның сақталуын, мемлекеттік институттардың дұрыс қызмет етуін, халықаралық келісімдердің іске асырылуын қадағалайды. Республиканың Президенті - қарулы күштердің жоғарғы бас қолбасшысы болып табылады, сонымен қатар үлкен әскери шендерді тағайындауды іске асырады. Президенттің өкілеттігіне премьер-министрді сайлау, ұлттық жиналысты тарату, заң шығару бастамасын көтере алады. Республиканың Президенті 7 жылға сайланады. Президент мерзімінен бұрын биліктен кетсе онда оның міндеттерін Сенат төрағасы атқарады, ал егер Сенат төрағасы болмаса онда билік Үкіметке жүктеледі. Президент өз қалауы бойынша референдум жүргізе алмайды. Премьер-министр мен Үкімет мүшелері Президенттің өзімен сайланады.
Парламент Франция республикасының ең жоғары мемлекеттік мекеме. Ол екі палатадан құралады: Ұлттық жиналыс және Сенат.
Ұлттық жиналыс депутаттары жалпылама және тікелей дауыс беру арқылы 5 жылға сайланады. Жоғарғы палата Сенат деп аталады. Бұл қауымның мүшелері 9 жылға сайланады. Парламент мемлекеттік бюджетті бекітеді, атқарушы биліктің жұмысын қадағалайды.
Франция унитарлы мемлекет. Францияда өте күрделі әкімшіліктік-аумақтық бөлініс қалыптасқан . Оның бөліктері ретінде коммуна, кантон, округ, департамен және облыс болып табылады.
Францияның басқару жүйесі
Францияда -- жергілікті өзін-өзі басқарудың аумақтық кіші құрылымдық бөлігі -- коммуна болып табылады (қазіргі кезде оның саны 40 мыңнан асады). Коммуна қалалық (қаладағы аудандар) және селолық болып бөлінеді. Коммунаның басқару органдарына 6 жылға сайланатын муниципалдық кеңес жатады. Оның депутаттарының саны тұрғылықты халықтың санына байланысты.
Муниципалдық кеңесті -- мэр басқарады. Францияда оның өкілеттігі өте күрделі, өйткені, ол бірінші жағынан сайланбалы адам боса, екінші жағынан алып қарасақ ол -- үкіметтің агенті ретінде заңдардың орындалуын қарауға, мемлекеттік аппараттың кейбір бөліктерінің қызметтерін бақылауға тиіс (мысалы, муниципалдық полиция). Мэрмен бірге оның орынбасарлары сайланады (1-12 адамға дейін), ал үлкен қалаларда, айталық Парижде, Марселде, Лионда т.б. мэрдің орынбасарлары одан да көп.
Мысал ретінде Трамбле-де-Гомес деп аталатын кішігірім қаланы алалық. Париждің қасында орналасқан, 30 мыңдай тұрғындары бар. Қаланың өмірін муниципалдық кеңес басқарады. Кеңесте не барлығы 35 депутат жұмыс істейді. Жасырын дауыспен мэрді, оның 10 орынбасарларын сайлайды. Мэрмен бірігіп олар кеңес бюросын қрайды. Осы депутаттардың ішінде тек қана тұрақты негізде мэр ғана қызмет атқарады, ал қалған депутаттар өз мамандығы бойынша жұмыс істейтін жерінде тұрақты қызмет атқарып, сол жерден еңбекақы алады, тек бір рет жұмыстан босатылады. Осыған орай айтатынымыз бұл тек қызметкерлерге қатысы бар, ал өндірістен ешкімді де босатпайды. Мэрилердің аппараты 80 қызметкерлерден тұрады. Оны мэр тағайындайтын мэрдің хатшысы басқарады. Ол барлық күнделікті атқарылатын жұмысқа жауапты. Бұл лауазымдағы адам депутат болуға хақысы жоқ. Кеңестің бюросы демалысына бір рет жиналады. Ал Кеңестің өзі толық құрамында айында бір рет жиналады, онда да тек бюро мәжілісінде қабылданған шешімді бекіту, не оны бекітпеу үшін Мэрдің барлық шешімдері бекітілуге жатады.

Келесі өзін-өзі басқарушы аумақтық бөліктер -- департамент. Оның органы -- генералдық кеңес, оны бірнеше коммунадан тұратын округ (кантон) сайлайды. Әр кантоннан бір генералдық кеңесші сайланады. Бірінші мәжілісте генералдық кеңес төрағасын, оның орынбасарларын, хатшысын (олар кеңестің бюросын құрайды) және 4-7 адамнан тұратын департаменттің комиссиясының сайлайды. Бұлар жылына екі сессия болатын шақырымдардың аралығында генералдық кеңестің атқарушы ортаны болып табылады.
1982 жылғы реформада генералдық кеңеспен департаменттік комиссиясының өкілеттігі едәуір кеңейтілді. Ең басты енгізілген жаңалық-префектің қызметіне кеңестік және комиссиялық бақылау жасау болатын. Ендігі жерде префект өз билігінше генералдық кеңестің шешімін бұзуға не жоюға қақысы жоқ, ол тек келіспеген жағдайда жоғарғы инстанцияға шағымданып, наразылық білдіре алады.
Осыған орай мынаны естен шығармауымыз керек: француздық жергілікті өзін-өзі басқарудың барлық ауыртпалық ортасы -- коммуна болып қала береді. Департаменттегі генералдық кеңестің міндеті бұрынғысынша өзгеріске ұшыраған жоқ. Оған жататындар -- жол құрылысы, қоғамдық көлік, әкімшілік үйлерді қолдануға беру, әлеуметтік көмек көрсететін ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Франция
Соғыс испан тағына франция королі
Ұлы Морав мемлекеті
Франциядағы білім жүйесінің ерекшеліктері
Ақшаның теориясы
1894-1895 жж. әскери қақтығыстардың себебі мен алғышарттары
Ресейдегі білім беру жүйесі
Оңтүстік Шығыс елдерінің экономикалық жетістіктерге жету жолдары мен міндеттері
Елдердің сыртқы саясаты
Шарль де голль француз республикасының президенті
Пәндер