Қытай Республикасы


Пән: География
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар:

  1. Қытай Конституциясы
  2. Мемлекеттік биліктің жоғары органдары
  3. Мемлекеттік басқарудың жоғары органдары
  4. Сот және прокуратура органдары
  5. Ұлттық-аумақтық автономия

Қытай Конституциясы

Конституцияны дайындау және қабылдау. ҚКП ОК басшылығымен және нұсқауымен дайындалған Қытайдың қолданыстағы 1982 жылғы Конституциясының жобасы 1982 жылғы сәуір-қараша айларында бүкілхалықтық талқылауға шығарылды және оны Қытай парламенті - Халық өкілдерінің бүкілқытайлық жиналысы қабылдады. Бұл Конституция Қытайдың 1954 жылғы бірінші конституциясын, сонымен қатар «мәдени революция» кезінде, 1975 және 1978 жылдары қабылданған конституциялық актілерді ауыстырды.

Қазіргі кезең Қытайдың Конституциясында «социализмді құрудың бастаушы кезеңі» (преамбула), ал қытай қоғамы социалистік құрылым ретінде анықталған. Қытайда қоғамды социалистік тұрғыдан жаңарту міндеті алға қойылған, ол шамамен 100 жылдың ішінде толыққанды социалистік қоғамды құруға әкеп соғуы тиіс.

Конституцияда көптеген демократиялық ережелер көрініс тапқан, азаматтардың құқықтарының кең қатары аталған, бірақ еңбекшілер мен қалған халықтың құқықтары ажыратылған. Мемлекеттік органдар жүйесі биліктің тармақтарға бөлінуін жоққа шығаратын, демократиялық орталықтандыру қағидасын басшылыққа ала отырып, мемлекеттік биліктің төменнен жоғарыға қарай өкілдік органдардың қолында шоғырлануын көздейтін марксистік-лениндік ережелерді негізге алды.

Конституцияда қоғамның әлеуметтік құрылымы туралы ережелер бар, онда халықтың түрлі топтары мен қабаттары белгілі бір дәрежелер бойынша орналасқан. Конституцияда «жұмысшы табы», «шаруалар», «зиялылар», «халық» және «халық жаулары» деген түсініктер бар. Жұмысшы табы билік етуші тап ретінде сипатталады, жұмысшылар мен шаруалардың одағы туралы да айтылған.

Қытай басқару нысаны бойынша - кеңестер түріндегі партократиялық республика, мемлекеттік-аумақтық құрылымы бойынша - күрделі біртұтас мемлекет, саяси режим нысаны бойынша - диктатуралық социалистік мемлекет.

Конституцияны өзгерту. Конституция ХӨБЖ Тұрақты комитетінің немесе ХӨБЖ депутаттарының бестен бір бөлігінің ұсынысы бойынша өзгертілуі мүмкін. Өзгертулер мен толықтырулар ХӨБЖ-нің бүкіл құрамының үштен екі даусымен қабылдануы тиіс. Өзгертуге жатпайтын баптар Конституцияда жоқ.

Өзгертулер:

  • 1982 жылы Конституцияға түзетулер төрт рет енгізілді (олардың бәрі экономика саласындағы либерализацияға байланысты болды)
  • 1988 жылы -10-11 баптарға(жеке шаруашылықты және жерді жалға алуды заңдастырды)
  • 1993 жылы «жаңартылған социализмге», «социалистік нарықтық экономикаға» бет алуға байланысты
  • 1999 жылы социалистік құқықтық мемлекет туралы ереже енгізілді
  • 2004 жылы барлық азаматтардың құқықтары мен міндеттерінің теңдігі жарияланды

Қытайда азаматтардың конституциялық міндеттерінің ерекшеліктері:

  • Азаматтарға бала тууды шектеу міндеті жүктелген.
  • Қалалық отбасында бір баладан артық болмауы керек
  • Селолық жерлердегі отбасыларда екі баладан артық болмауы белгеленген
  • Бұл ережені сақтаған жағдайда отбасы мемлекеттен материалдық көтермелеу алады.

Мемлекеттік биліктің жоғары органдары

Қытайда билікті тармақтарға бөлу көзделмеген. Бұл елде басқа тәсіл қолданылады: тек кеңестер түріндегі өкілдік органдар мемлекеттік биліктің органдары болып танылады, оларға мемлекеттік билік төменнен жоғарыға қарай толығымен тиесілі. Билік органдарының келесідей түрлері ажыратылады: мемлекеттік билік органдары (жоғары және жергілікті), мемлекеттік басқару органдары (жалпы құзыретке ие жоғары орган - үкімет, жергілікті - халық өкілдерінің атқарушы комитеттері), сот және прокуратура органдары.

Мемлекеттік биліктің жоғары органдарының қатарына - Халық өкілдерінің бүкілқытайлық жиналысы - мемлекеттік биліктің жоғары органы, оның тұрақты комитеті, республика төрағасы және оның орынбасары жатады.

Халық өкілдерінің бүкілқытайлық жиналысы провинциалардың, автономдық аудандардың, орталыққа бағынатын қалалардың халық өкілдерінің жиналысымен, сонымен қатар әскер өкілдерімен бес жылға сайланады. Конституцияға сәйкес сайлау жалпыға ортақ болып табылады. Белсенді және бәсең сайлау құқығын 18 жасқа толған азаматтар пайдаланады. Әрбір сайлаушының бір дауысы болғандығымен, Қытайдағы сайлау құқығы тең емес: село тұрғындарына қарағанда қала тұрғындары үшін бірқатар артықшылықтар берілген. Яғни село тұрғындарының 5 дауысы қала тұрғының 1 дауысына тең. Сонымен қатар, сайлаушы өзге адамдардың атынан сайлауға қатысу өкілеттіктерін иелене алады, бірақ ол көп дегенде үш адамның атынан ғана дауыс бере алады. ХӨБЖ құрамыда 3 мыңнан аспайтын депутат болуы тиіс, қазіргі кезде оның саны аздау.

ХӨБЖ - бір палаталы орган. Оның тұрақты төрағасы және тұрақты басқарушы органы жоқ. Отырыстарды сессияның төралқасы басқарады, төралқа әрбір сессияда сайланады. ХӨБЖ салалық (мамандырылған) тұрақты комиссияларды құрады: қаржылық-экономикалық, сыртқы істер жөніндегі, шетелдерде тұратын қытайлықтардың істері жөніндегі, ұлттар жөніндегі және т. б. Олар заң жобаларын алдын ала талқылайды.

ХӨБЖ құрамында партиялардың фракциялары жоқ. Олардың орнына сайлау бірліктерінің делегациялары құрылады. Делегациялар сессияға шығарылатын сұрақтарды алдын ала талқылайды, заң жобаларын қарайды, өз өкілдеріне ХӨБЖ отырыстарында осы депутаттық топтың ұстанымын білдіруді тапсыруға құқылы. Делегациялар заң шығару бастамасы құқығына ие. Олардың қызметін өздері сайлайтын төраға мен оның орынбасары басқарады.

Конституцияға сәйкес ХӨБЖ кең өкілеттіктерге ие:

  • Заңдарды қабылдайды
  • Мемлекеттің өзге жоғары органдарын және жоғары лауазымды тұлғаларын сайлайды
  • Әлеуметтік-экономикалық даму жоспарларын, мемлекеттік бюджетті және оны орындау туралы есептерді бекітеді.
  • Соғыс және бейбітшілік мәселелерін шешеді

ХӨБЖ сессиялық тәртіппен жұмыс істейді, сессия жылына бір рет шақырылады. Ол шамамен екі аптаға созылады. Сессияға депутаттармен қоса үкіметтің, Орталық әскери кеңестің мүшелері, Жоғарғы халық сотының төрағасы, Жоғарғы халық прокуратурасының бас прокуроры қатысуға міндетті.

ХӨБЖ Тұрақты комитеті мемлекеттік биліктің жоғары органдарының жүйесінде ерекше мәртебеге ие. Бір жағынан, бұл ХӨБЖ-ға бағынатын және ХӨБЖ сессияларының арасында оның өкілеттіктерін атқаратын орган. Екінші жағынан ол өз өкілеттіктерін ХӨБЖ отырыстарынан тәуелсіз жүзеге асырады.

ХӨБЖ Тұрақты комитетін ХӨБЖ жасырын дауыс беру арқылы сайлайды. Оның құрамына төраға, оның орынбасары, хатшылық бастығы мен мүшелері кіреді. Тұрақты комитет бес жылға сайлануы тиіс болғанымен, ХӨБЖ кез келген уақытта оны қайта сайлай алады.

ХӨБЖ Тұрақты комитетінің жеке құзыретіне Конституцияны және заңдарды түсіндіру, үкіметтің- Мемлекеттік кеңестің жұмысына бақылау жасау, Орталық әскери кеңестің, Жоғары халықтық соттың жұмысын бақылау, елде ішінара және жаппай мобилизациялау туралы, халықаралық шарттарды ратификациалау туралы шешімдер қабылдау жатады.

ХӨБЖ Тұрақты комитетінің ХӨБЖ қабылдаған заңдарға өзгертулер енгізу құқығы ерекше мәнге ие. Бірақ ол Конституцияда аталған кейбір маңызды мәселелер бойынша заңдарды қабылдай алмайды. Ал тәжірибеде дәл ХӨБЖ Тұрақты комитеті негізгі заң шығару жұмысымен айналысады, себебі ХӨБЖ сессиялары сирек және қысқа түрде өткізіледі.

Қытай Халық Республикасының төрағасы Конституцияға сәйкес мемлекет басшысы болып табылады, бірақ ол «әлсіз президент», себебі ол мемлекет басшысының негізгі өкілеттіктерін тек ХӨБЖ немесе оның Тұрақты комитетінің шешімі бойынша жүзеге асырады. Оның жеке өкілеттіктері негізінен салтанатты сипатқа ие актілерге және ХӨБЖ мен Тұрақты комитетінің шешімдерін рәсімдейтін актілерге байланысты болады.

Республика төрағасын ХӨБЖ бес жыл мерзімге сайлайды. Саяси құқықтарға ие және 45 жасқа толған кез келген Қытай азаматы Республика төрағасы болып сайлана алады. Бір тұлға қатарынан екі рет Республиканың төрағасы болып сайлана алмайды.

ХӨБЖ және оның тұрақты комитеті шешімдерінің негізінде Республика төрағасы келесі өкілеттіктерді жүзеге асырады:

  • Заңдарды жариялайды
  • ХӨБЖ-ге Мемлекеттік кеңес премьерінің кандидатурасын ұсынады
  • Мемлекеттік сыйлықтармен марапаттайды
  • Құрметті атақтарды береді
  • Қытайдың дипломатиялық өкілдерін тағайындайды
  • Халықаралық шарттарды ратификациялайды
  • Соғыс жағдайын жариялау, рақымшылық жасау туралы жарлықтар шығарады

ХӨБЖ республика төрағасымен қоса оның орынбасарын сайлайды.

Мемлекеттік басқарудың жоғары органдары

Мемлекеттік басқару жоғары органдарының қатарына Қытайдың үкіметі - Мемлекеттік кеңес жатады, дегенмен орталық әскери кеңес те елеулі рөлге ие. Конституцияда Мемлекеттік кеңес орталық халықтық үкімет, мемлекеттік биліктің атқарушы органы және жоғары мемлекеттік әкімшілік орган ретінде сипатталған.

ХӨБЖ сайланған соң оның бірінші сессиясында Мемлекеттік кеңес құрылады. Мемлекеттік кеңес төрағадан, оның орынбасарларынан, министрлерден, министр дәрежесіне ие комитет төрағаларынан және хатшылық бастығынан тұрады. ХӨБЖ Мемлекеттік кеңес төрағасы лауазымына үміткерді Республика төрағасының ұсынысы бойынша, ал Кеңестің мүшелерін Мемлекеттік кеңес төрағасының ұсынысы бойынша тағайындайды.

Мемлекеттік кеңес өзге елдердегі үкіметтің өкілеттіктеріне ұқсас өкілеттіктерді атқарады. Мемлекеттік кеңестің ішінен оның Тұрақты бюросы құрылады. Ол бес жылға сайланады. Мемлекеттік кеңес өз өкілеттіктерін пленаралық отырыстарда және Тұрақты бюроның отырыстарында жүзеге асырады.

Орталық әскери кеңес - әскери басқарудың алқалы органы. Ол төрағадан және мүшелерден тұрады. Орталық әскери кеңестің жеке құрамын ҚКП ОК алдын ала бекітеді. Орталық әскери кеңестің төрағасын ХӨБЖ тағайындайды.

Сот және прокуратура органдары

Сот. Қытайда жалпы және арнайы соттар бар. Жалпы соттар - Жоғарғы халықтық сот және үш дәрежедегі - жоғары, орта және төмен дәрежедегі жергілікті халықтық соттар. Арнайы соттар - әскери соттар, соған қоса өзге де арнайы соттар құрылуы мүмкін.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан-қытай қарым-қатынастарының бұқаралық ақпарат құралдарындағы көрініс
Қазақстан Республикасы мен Қытай халық республикасының қазіргі экономикалық байланыстар деңгейі және болашағы
Азия баспасөзінде көбінесе
Тәуелсіз Қазақстан Республикасының он алты жылдан астам уақыт ішінде Қытай Халық Республикасымен орнатқан мәдени және рухани қарым – қатынастары
Орталық азия аймағындағы қытайдың экономикалық ұстанымдары
Қазақстан мен Қытай Халық Республикасының экономикалық байланысы (1991-2009 жж.)
Қытай мен Қазақстан дипломатиялық қарым-қатынастары
Қазақстан дипломатиясының Орталық Азиядағы дипломатиясы
Екінші дүние жүзілік соғыстан кейінгі Қытайдың сыртқы саясаты
ХХ ғасырдың 90-шы жылдарындағы Қазақстан – Қытай қарым-қатынастары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz