Аграрлық өндіріс
К І Р І С П Е
1 Қызылорда облысы "Жаңқожа" өндірістік кооперативінің өндірістік сипаттамасы
2 ЖҮГЕРІНІ ЕГІП . ӨСІРУ МЕН ЖИНАУҒА АРНАЛҒАН МАШИНАЛАР КОМПЛЕКСІ
2.1 Жүгеріні егіп . өсіру мен жинауға арналған машиналарды жіктеу
2.2 Негізгі құрастыру бөлшектерінің құрылысы
3 ЖҮГЕРІНЕ ДӘНГЕ ӨСІРУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ
3.1 Агрегаттың кинематикалық параметрлерін есептеу
3.2 Аусым уақытын жобалау
4 ТЕХНИКА.ЭКОНОМИКАЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕР
5 Машинаның кемшіліктері және оларды жақсарту
5.1 Газағынды аппаратының түтігін жасауға арналған
технологиялық есеп
5.2 Газағынды вакуум аппаратының параметрлерінің есебі
5.3 ДА.100МА жаңбырлатқышты пайдалануда қауіпсіздік сақтайтын талаптар.
6 ҰСЫНЫЛҒАН МАШИНАНЫҢ ТЕХНИКО.ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЕСЕБІ

Қазақстан Республикасы –ірі аграрлы – индустриялы мемлекет. Аграрлық өндіріс ауыл шаруашылығы мен ауыл шаруашылығын өнімін ұқсату және өнім өндіруді материалдық-техникалық қамсыздандыру өндірісін қамтиды. Ауыл шаруашылығы егін және мал шаруашылығынан тұрады.
Оның мақсаты – еліміздің азық-түлікке деген мұқтажын толық өтерлік және шет елге сатуға (экспорт) жетрлік мөлшерде өзіндік құны төмен, сапасы жоғары өнім алу.
Ауыл шаруашылығының тиімділігі еңбек өнімділігімен сипатталады. Еңбек өнімділігін өсірудің дәйекті бір жолы- ауыл шаруашылық өндірісін жарақтандыру. Өндірісті жарақтандырудың екі түрлі шешімі бар. Біріншісі – шаруашылықты конструкциясы жетік, сенімділігі мол, жұмыс өнімділігі жоғары техникамен жеткілікті деңгейде жабдықтау да, екіншісі – сол техниканы ұтымды пайдалану. Осы екеуі бірігіп “машина пайдалану” деген ұғымды білдіреді.
Ауыл шаруашылық күллі аграрлық өндіріс негізінен егіншілік қалайды. Егіншілікке машина пайдалану бірнеше істен (элементтен) тұрады, машина таңдау және оны сатып (қабылдап) алу, машинаны қожалыққа жеткізіп, оны жиыстыру және ысылту (обкатка) одан агрегат түзу және баптау, агрегатты жұмысқа салу және жұмысын техникалық қамсыздандыру, яғни оған техникалық қызмет көрсету, диагноз қою, жөндеу, май құю, қысқа немесе ұзақ мерзімге сақтау, қосалқы бөлшекпен жабдықтау т.б.
Машина пайдаланудың түпкі мұраты – дақыл өсіру жұмысын агротехникалық мерзім ішінде түгелдей және сапалы атқарып, жарақталған жұмыстың экономикалық тиімділігін қамтамасыз ету. Жоғарыда атаған машина пайдалану ісінің әрқайсысы осы мақсатқа қызмет етеді. Олардың әрбіреуінің өзіндік атқару технологиясы, техникасы, инженерлік қызметі мен материалдық-техникалық қоры бар. Солардың бәрін түпкі мақсатқа жұмылдырудың ұтымды жолын машина пайдалану ғылымы зерттеп, оның технологиялық және ұйымдастыру шарасын белгілейді.

1. Воронов Ю.П.және т.б. Ауылшаруашылық машиналары. Алматы, Қайнар, 1986
2. Алшынбаев М.Р., Әлиев Б.Ә. Ауыл шаруашылық машиналары. Алматы, Қайнар, 1979
3. Қоныспай Қ. Қозыбай А. Ауылшаруашылығында мәшине пайдаланудың анықтамалық деректері. Алматы, КазМАТУ,1996
4. Лстопад Г.Е. Сельскохозяйсвтенные и мелиоративные машины. М.,Агропромиздат,1986
5. Карпенко А.М., Халанский В.М. Сельскохозяйственные машины. М.Колос, 1989
6. Лурье А.Б., Енисеев В.Г., Теплинский И.З. Курсовые и дипломные проектирование по сельскохояйсвтенным и мелиоративным машинам. Л.,Агропромиздат, 1991
7. Теория, конструкции и расчет сельскохозяйственных машин. Под ред. Е.С.Босого. М.,Машиностроение, 1978
8. Основы проектирование и расчет сельскохозяйсвтенных машин. Под ред Л.А.Резникова и др.М.,Агропромиздат,1991
9.Гузенков П.Г. Детали машин. М., Высшая школа, 1986
10. Иванов М.Н.Детали машин. Высшая школа, 1982
11. Дунаев П.Ф. Конструктивные узлов и деталей машин. М.Высшая школоа,1986
12. Величко И.В. Безопасность при работе на тракторах и сельскохозяйсвтенных машинах. М.Колос, 1985
13. Основные положение определения экономического эффекта от использования результатов НИР. М., ВНИИЭСХ, 1987

Қазақстан Республикасы –ірі аграрлы – индустриялы мемлекет. Аграрлық
өндіріс ауыл шаруашылығы мен ауыл шаруашылығын өнімін ұқсату және өнім
өндіруді материалдық-техникалық қамсыздандыру өндірісін қамтиды. Ауыл
шаруашылығы егін және мал шаруашылығынан тұрады.
Оның мақсаты – еліміздің азық-түлікке деген мұқтажын толық өтерлік және
шет елге сатуға (экспорт) жетрлік мөлшерде өзіндік құны төмен, сапасы
жоғары өнім алу.
Ауыл шаруашылығының тиімділігі еңбек өнімділігімен сипатталады. Еңбек
өнімділігін өсірудің дәйекті бір жолы- ауыл шаруашылық өндірісін
жарақтандыру. Өндірісті жарақтандырудың екі түрлі шешімі бар. Біріншісі –
шаруашылықты конструкциясы жетік, сенімділігі мол, жұмыс өнімділігі жоғары
техникамен жеткілікті деңгейде жабдықтау да, екіншісі – сол техниканы
ұтымды пайдалану. Осы екеуі бірігіп “машина пайдалану” деген ұғымды
білдіреді.
Ауыл шаруашылық күллі аграрлық өндіріс негізінен егіншілік қалайды.
Егіншілікке машина пайдалану бірнеше істен (элементтен) тұрады, машина
таңдау және оны сатып (қабылдап) алу, машинаны қожалыққа жеткізіп, оны
жиыстыру және ысылту (обкатка) одан агрегат түзу және баптау, агрегатты
жұмысқа салу және жұмысын техникалық қамсыздандыру, яғни оған техникалық
қызмет көрсету, диагноз қою, жөндеу, май құю, қысқа немесе ұзақ мерзімге
сақтау, қосалқы бөлшекпен жабдықтау т.б.
Машина пайдаланудың түпкі мұраты – дақыл өсіру жұмысын агротехникалық
мерзім ішінде түгелдей және сапалы атқарып, жарақталған жұмыстың
экономикалық тиімділігін қамтамасыз ету. Жоғарыда атаған машина пайдалану
ісінің әрқайсысы осы мақсатқа қызмет етеді. Олардың әрбіреуінің өзіндік
атқару технологиясы, техникасы, инженерлік қызметі мен материалдық-
техникалық қоры бар. Солардың бәрін түпкі мақсатқа жұмылдырудың ұтымды
жолын машина пайдалану ғылымы зерттеп, оның технологиялық және ұйымдастыру
шарасын белгілейді.
Ауыл шаруашылық техниканы дұрыс пайдалану агроинженердің біліктілігіне
тікелей байланысты.
Машинаны ұтымды пайдалану түптеп келгенде машинаны дұрыс агрегаттауға,
яғни оны таңдау, агрегат түзу және жұмысқа жегуге келіп тереледі. Оның
басқа элементері (техникалық қызмет көрсету және жөндеу) агрегатқа қызмет
көрсету кіші жүйе ролін атқарады. Оларды үйрену үшін лабораториялық сабақ
жеткілікті. Сондықтан дәріс оқып, ауыл шаруашылық жағдайында машина
агрегаттаудың жай–жапсарын теория мен практика тұрғысынан жан-жақты ашу
арқылы оқытуға түбегейлі білім беруге болады. Соның арқасында техника
жұмсаудың кез-келген мәселесін оқу орнында болсын, өндірісте болсын маман
өз бетінше оқып-меңгере алады.
Қызылорда облысы "Жаңқожа" өндірістік кооперативінің өндірістік
сипаттамасы
"Жаңқожа" өндірістік кооперативі 1996 жылы құрылған. Шаруашылық облыс
орталығы Қызылорда қаласының 5 км қашықтықта орналасқан.
Кооператив өндірісінің негізгі бағыты мал және егін шаруашылығы, бұл
бірлестіктің орналасқан жерінің, табиғи-климатьшың сипаттамасна байланысты.
Бұнда негізінен дәнді дақылдарды, мал азығын өндірумен айналысады.
Табиғи климаттық жағдайы
Шаруашылықтың табиғаты ауа-райының құбылмалылығы, жауын-шашынның әр
түрлі жауатындығы, ауаның құрғақтылығы, қатты буланғыштығы, күн шуағының
молдығымен сипатталады.
Ауаның жылдық орташа температурасы 8 және 11 градус шамасында ауытқып
тұрады.
Ең суық ай - қантардағы ауаның температурасы орташа 20...24 градус. Ал
жылдық ең суық кезіндегі ауаның орташа температурасы 20 градус суықтық
аралығьшда. Кей жылдары аяз З3...35градусқа дейін жетеді. Айдағы ауаның
орташа температурасы 23...26 градус. Жылдың жылы кездегі орташа ауаньң
температурасы 18...20 градус. Көктемнің алғашқы белгілері сәуір айының
бірінші жартысьшда байқалады. Көктем ұзақтығы 60 күн шамасында.
Жылына күн 3000 сағат шамасында шуағын төгеді, соның 2100 сағаты
жылдың жылы кезеңіне сәйкес келеді. Жылы кезеңдегі ауаның салыстырмалы
ылғалдылығы 48 пайызна сәйкес келеді.
Жауын - шашын жылдың көктем айларында көп жауады. Қар қалың түседі,
оның ең қальщдығы 0,7 м-ге, ал орташа қалыңдығы 30...35 см-ге барады.
Қыстың ызғары көктемде, сәуір айының басына қарай қайтады. Қазан
айының басына қарай күзгі суық түседі. Күннің жылы күндері 165... 170
шамасында, ал топырақта 120... 130 күн.
Қар қабаты қазан айында пайда болады. да 170...190 күнге күнге дейін
бұзылмай тұрады. Қальшдығы үйіндіні санамағанда 40...60см ал үйінділерде
кей кезде 1,2 м -ге дейін жетеді. Топырақтьщ тоңазу тереңдігі шамамен 25-
30см.
Топырағы. Топырағы сарғыш және сұр түсті. Жазда ауаньщ қүрғақ болуы
тез буланып кетуіне бейімделген. Топрырақтьщ айдалатын қабатында
0,08...0,13 пайызға дейін азот, 0,13...0,18 пайызға дейін фосфор болады.
Айдалатын топырақтағы ауылшаруашылық дақылдарының өнімін арттырудың бірден-
бір жолы ылғал жинау және минералды тыңайтқыштар қолдану болып табылады.
Рельефі. Рельефі тұрақсыз аудандарда айдалатың жерлер беткейлерді
көлденеңінен қайырмасыз жырту, сай жоталарды тиектерді бекіту, еріген қар
суларын жинау, ауыспалы егіске жоңышқа енгізу сияқты эрозияға қарсы шаралар
жүргізуді талап етеді.
Шаруашылықтьң өндірістік сиапттамасы
Жоғарыда айтылғандай шаруашылықтың негізгі өндірістік бағыты егін
шаруашылығы, мал шаруашылығы өнімлерін өндіруде тәжірибе жинап дамып
келеді. Бұл шаруашьшықпен айналысуы бірлестіктің орналасқан жерінің табиғи-
климаттьщ жағдайьша байланысты.
Осыған байланысты бірлестіктің бұл саланы дамыту көлемі мал мен егін
шаруашылығының өсіп-өнуімен пропорционалды болуы көзделіп отыр.
Бүгінгі күнде "Жаңқожа" өндірістік шаруашылығы бұл саланы дамытуға
бірлестік басқармасы және 27 жұмысшы қызмет етуде. Бірлестікте өндіріс
көлемі өскен сайын, жұмысшылар саны да өсе түседі.
Шаруашылықтың жер пайдалану құрылымының сипаттамасы
Барлық жер көлемі 10300га, оның ішінде егіндік - 975 га, жайлым - 4500га,
пар - 3000га.
Егістік құрылымы кестеде көрсетілген
1 кесте
Дақылдар Жер көлемі, га
2005ж 2006ж 2007ж
Бидай 270 200 150
Арпа 350 310 450
Жүг ері 150 270 375
Кестеде өндірілетін өнімнің түсімділігі және жалпы түсім жөнінде
мәліметтер көрсетілген
2 кесте
Дақылдар 2005 ж 2006ж 2007ж
q тга Qt qtга Qt q тга Qt
Бидай 10 2700 9 1800 10 1500
Арпа 12 4200 10 3100 12 5400
Жүгері 200 30000 170 45300 260 97500
Кестелерде "Жаңқожа" өндірістік кооперативінің егістерінің құрамы
Жоғарыда көрсетілген жұмыс көлемін игеру үшін шаруашылықта біршама
техника бар. Оның түрлері, маркасы және саны кестеде көрсетілген. Бұл
техника түрі жоғарыда аталған дақылдарға жеткіліксіз, сондықтан машина
паркі құрамын қажетті техникамен толықтыру алда тұрған мақсаттардың бірі.
Машиналарды пайдалану көрсеткіштеріне тоқталатын болсақ, тракторлдардың
жылдық жүктелу көрсеткіштері норманың шамаларына жақын. Өйткені жазда дала
жұмыстарына, қыста мал шаруашылығына қолданылады.
Техника құрамы
3. Кесте
Техника түрі мен маркалары Саны
1. Тракторлар: барлығы 12
Оның ішінде МТЗ-80 8
ДТ-75 2
Т-40 2
2. Автомобиль ГАЗ-53 4
3.Ауылшаруашылық машиналар, барлығы 41
Оның ішінде: комбайндар 8
Соқалар 4
Сепкіштер 3
Тырмалар 8
Культиваторлар 3
Тіркеуіштер 3
Шөп шапқыштар 4
Шөп тырмасы 5
Тыңайтқыш шашқыш ПРТ-10-1 3
Жаңбырлатқыштар 3
ЖҮГЕРІНІ ЕГІП - ӨСІРУ МЕН ЖИНАУҒА АРНАЛҒАН МАШИНАЛАР КОМПЛЕКСІ
Жүгеріні егіп - өсіру мен жинауға арналған машиналарды жіктеу
Жүгеріні еліміздің топырағы мен климаты әр түрлі аймақтарда егіп-
өсіреді. Кейбір аймақтарда жүгері толық пісіп, оны дәнге және сүрлемге
жинап алады. Басқа аймақтарда ол балауыздану немесе сүттеніп-балауыздану
сатысына дейін ғана пісетіндіктен тек сүрлемге ғана жинап алады.
Жүгеріні және басқа да күнбағыс, бұршақ, бақша сияқты отамалы
дақылдарды, әдетте пунктірлі және шаршы-ұялы әдіспен себеді.
Пунктирлеп сепкенде тұқым бір-бірінен белгілі бір қашықта жалғыз талдан
сіңіріледі, соның нәтижесінде 1 га егістік жерге қажетті тұқым мөлшері
себіледі. Пунктирлі себу өлшемі жоқ сымы бар сеялкалар арқылы атқарылады.
Тұқым себудің бұл әдісі шаршы-ұялы әдіспен салыстырғанда себу
агрегаттарының еңбек өнімділігін жұмыстың аса жоғары жылдамдығы есебінен
екі есе арттыруға мүмкіндік береді. Пунктирлі әдіспен себу үшін СУПН-8,
СУПН-6, СКПГ-4, СБК-4 пунктирлі сеялкалары қолданылады.
Шаршы-ұялы әдістің негізгі артықшылығы –егістіктің қатараралығын екі
бағытта механикаландырып өңдеу мүмкіндігі. Осының нәтижесінде өсімдікті
күтуге жұмсалатын еңбек шығыны күрт азаяды.
Тұқымды шаршы-ұялы әдіспен себу үшін СКНК-8, СКНК -6 аспалы сеялкалары
қолданылады. Жүгері егісін күту топырақты тапаудан басталады.Оны ауа
райының жағдайына байланысты тістісақиналы ККН-2,8 немесе су құятын СКГ-2
катоктарымен жүргізіледі. Арамшөптерге қарсы күресу үшін жүгері жер бетіне
көгеріп шыққанға дейін және шыққаннан кейін ЗБЗС-1,0 тырмаларымен, МВН-2,8М
ротациялық шотпен тырмаланылады.
6 қатарлы жүгері егісігің қатараралығын өңдеуді КРН-4,2, ал 8 қатарлы
КРН-5,6 өсімдік қоректендіргіш культиваторларымен жүргізіледі.
Дәнге арналған жүгеріні “Херсонец -7”, КСКУ-6 жүгері жинайтын
комбайнмен және арнаулы жаткалармен жабдықталған астық жинайтын
комбайндармен жинайды.
Ауыл шаруашылығының практикасына жүгеріні дәнге арнап егіп-өсірудің
индустриялық технологиясы енгізілуде. 1979 жылы ол РСФСР-да, Украинада,
Қазақстанда, Грузияда және Молдавияда 160мың га алқапта қолданылады. Орта
есеппен әр гектардан 51,5 ц дән немесе әдеттегі егістіктен гөрі 23,8 ц
артық алынды. Соңғы жылдары жүгеріні индустриялықтехнологиямен егіп-өсіру
көлемін ұлғайту белгіленді. Бұл технолония барлық талап етілетін
операцияларды белгіленген мерзімде ұсынылған агротехникалық шаралары мұқият
сақтай отырып орындауды көздейді.
Жүгеріні егіп-өсірудегі индустриялық технологияның аса маңызды элементі
тиімділігі жоғары гербицидтерді енгізу арқылы арамшөптерге қарсы күрес
болып табылады. Мұның нәтижесіндежүгері өніп-өсу кезінде өнімді жинауға
дейінгі кезеңде қатараралық өңдеуді қажет етпейдінемесе олар қажет кезде
ғана атқарылады. Мұның өзі топырақтағы ылғалды сақтап, өнімнің +түсімін
арттыруға ықпал етеді.
Ауыл шаруашылығы дақылдарын шаршы-ұялы және пунктирлі әдіспен сепкенде
себудің жалпы ережесіне қосымша мынадай талаптар орындалуы тиіс:
Ұялар ұзынынан да, сондай-ақ көлденең бағытта да тура сызықпен қатар
жасап орналасады; ұя ортасының қатардағы сызықтан көлденең де, ұзыннан да
жіберуге болатын ауытқуы ±5 см-ге, пунктирлі себуде негізгі қатарарлықтың
ауытқу ± 3см-ге дейін жіберіледі;
Тұқымды тереңге сіңіру біркелкі болуы тиіс, тұқым сіңірудің нақты
тереңділігі белгіленгеннен ± 1 см ауытқымауы тиіс;
ұяның ұзындығы сеялканың қозғалу бағыты бойынша шамамен 3-5см;
ұядағы және 1га жердегі дәннің саны белгіленген мөлшерге сәйкес, тіпті
белгіленгеннен ауытқуы ± 5-6%;
тұқымның зақымдануы 1-2% аспайды;
сошниктің ізі қатардағы осы жолы қопсытып қалатын қалатын сияқты болып
түседі.
Аспалы сеялканың құрылысы мен жұмыс процесі. СУПН-8 сеялкасы ( -
сурет) сұрыпталған, сұрыпталмаған жүгері тұқымын және басқа да отамалы
дақылдарды пунктірлеп себумен қоса минералды тыңайтқыштарды енгізуге
арналған. Ол екі тіреуіш –жетекті пневматикалық доңғалақтары бар (2)
рамадан (1), тұқым себеьін секциядан (12), тыңайтқыш сепкіш аппараттан (9),
желдеткіштен (7), екі маккерден (4), басқыштан (11) және беріліс
механизмдерінен тұрады.
Сеялка тұқымының топыраққа себілу процесі мен бункердегі тұқымның
деңгейін автоматты бақылап тұру үшін прибормен жабдықталған. Сеялканың
рамалары екі брустан және көлденең байланыстардан дайындалған. Үлкен қималы
негізгі брустың орталық бөлігінде екі тесік бар.
1-сурет. СУПН -8 сеялкасы:
1- рама, 2-доңғалақ, 3-кронштейн, 4- маркер, 5- құлып, 6- ауа өткізгіш,
7- желдеткіш, 8- тыңайтқыш өткізгіш, 9- тыңайтқыш сепкіш аппарат, 10-
тазартқыш, 11- басқыш, 12- секция
Оларға осьтер кигізіледі, остерге автоматты тіркеме бекітіледі, оның
көмегімен сеялка тракторға тіркеледі. Брустың шет жақтарында фланецтер бар,
оларға раманың қатаңдығын арттыратын маркерлер мен көтергіштерді бекіту
кронштейндері бекітіледі.
Сеялканың тұқым себу секциялары біркелкі етіп жасалған. Олар сепкіш
дискінің жетек механизмдері бар сепкіш аппараттардан, тұқымға арналған
бункерден, сошниктен, сошниктің тереңге батуын реттейтін механизмнен,
тапайтын доңғалақтан, қырғылардан, шлейфтен, аспалы механизмі бар
кронштеиннен тұрады. Сепкіш аппарат пневматикалық болып келеді. Сошниктер
құрама, сырғымалы үлгіде жасалған. Тарау доңғалағы әрбір сошниктің артқы
жағына орналасқан. Себу секциясын доңғалағы әрбір сошниктің артқы жағына
орналасқан. Себу секциясын раманың брусына паралеллограмды механизммен және
екі құрсаумен бекітеді. Осындай брусқа арналған дара аспадағы
паралеллограмды механизм сошниктің егістіктің жер жер бедеріне жақсы
икемделінуіне және тұқымды топыраққа сапалы сіңіруге мүмкіндік береді.
АТД-2 дискілі-қырғышты тыңайтқыш сепкіш аппараттары. Әрбір аппарат екі
бороздаға тұқымнан біршама қашықтықта тыңайтқыш енгізеді. Сыртқы тепкіш
механизм типіндегі желдеткіш сепкіш аппарат қақпақтары камераларындағы
ауаны сиретуге арналған. Сеялкаға оң және сол жақ маркерлер қойылған.
Сеялканың жұмыс процесі былайша өтеді. Агрегаттың қозғалысы кезінде
бенкерлердегі тұқым өздігінше сепкіш аппараттарға келіп түседі. Аппарат
камерасының қуысында желдеткіш оны сейілтеді. Сепкіш дискілер айналғанда
тұқым сейілту маңында дискінің тесіктеріне сорылып, одан аппараттың төменгі
жағынан ауысады, мұнда сейілту маңына шығып, дискілердің тесіктерінен
түседі де, сошниктердің тұқымдық екшелері жасап кеткен борозданың тапталған
түбінде салынады. Тыңайтқыш сепкіш аппараттыардың өткізгіштерінен өтіп,
сошниктің тыңайтқыш сепкіш аппараттардың өткізгіштерінен өтіп, сошниктің
тыңайтқыш өкшесі қалыптастырып кеткен бороздаға тұқымнан біршама қашықтыққа
келіп түседі. Тұқым мен тыңайтқыш себілген бороздалар қырғылармен жабылады,
таптайтын доңғалақ топырақты нығыздайды, ал шлейфтер тұқым себілген егістік
бетін тегістейді және аймақты қорғау қабатының топырағымен жабады. Тұқым
себудің технологиялық процесінің сапасы мен СУПН-8 сеялкасының
бункерлеріндегі тұқым деңгейін бақылауды “Кедр” приборының көмегі арқылы
тракторшы орнында отырып –ақ жүзеге асырады.
Сеялканың жұмыс органдары мен қызмет бөлшектері. СУПН-8 ( 2- сурет)
сеялканың себу секциясы сошниктен (18), сошниктегі тереңдетуді реттеу
механизмінен, тұқымға арналған бункері бар сепкіш аппараттан (17), тапаушы
доңғалақтан (14), қырғылардан (16), шлейфтен (15), паралеллограмдық аспалы
механизм бар кронштейннен (1) тұрады.
Сошник құрастырылмалы, сырғымалы үлгіде жасалған. Ол тұқым мен
тыңайтқышқа арналған екі бөлімді сырғымадан, тыңайтқыш воронкасы мен
бекіту тартқыштарынан тұрады.
Сошник жүрісінің тереңдігі реттеу механизмі кулисалардан, тез алынатын
серіппелі шплинттен, серіппелі қысым жасайтын штангалы шектегіш құрсауы
бар екі тартқыштан тұрады. Тұқымды топыоаққа терең сіңіру қулисалардың
тесігінен тез алынатын шплинттерді ауыстыру арқылы реттеледі.
2-сурет. Себу секциясы:
1- кронштейн, 2- гайка, 3,9 шайбалар, 4- қапсырма, 5- рама, 6- ось, 7-
серіппе, 8- сақина, 10-гайка, 11- болт, 12- планка, 13- кулиса, 14 –
доңғалақ, 15- шлейф, 16- қырғы, 17- аппарат, 18-сошник, 19-жұлдызша
Аз тереңдікке сіңіру шплинтті кулисаның төменгі тесігіне, ал мейлінше
көп тереңдікке сіңіру жоғары тесігінен ауыстырып қою арқылы жасалады.
Шплинттерді кулисаның келесі тесігіне ауыстырып қою тұқым сіңіру тереңдігін
10мм-ге өзгертеді.
Топырақтың түріне қарай сошникке түсетін қысымды тотқатқыш сақинаны
серіппелі штанга бойымен ауыстыру арқылы азайтуға немесе көбейтуге болады.
Серіппелі қысу сошниктің топыраққа қысымын арттырады әрі ауыр топырақтарда
қолданылады. Серіппені босату қысымды азайтады әрі ауыр топырақтарды
қолданылады. Серіппені босату қысымды азайтады әрі жеңіл топырақта
қолданылады.
Тапау доңғалағы қатардағы топырақты нығыздайды. Ол диаметрі 300 мм және
ені 150 мм атмосфералық қысымды шиналардан және күпшекті металл мен
доңғалақты айналдыратын осі бар екі дискіден тұрады. Екі қырғы (оң және сол
жақтағы) борозданы топырақпен жабуды қамтамасыз етеді. Олар тірек пен
канаттан тұрады.
Шлейф тұқым себілген қатарды қопсытылған топырақпен жауып, оның үстін
тегістейді. Ол себу секциясының тартқышына топсамен бекітілген рама түрінде
болады.
Пневматикалық үлгідегі тұқым себуге арналған аппарат ( - сурет )
жинағыш камерасы бар корпустан (14), сейілткіш камерасы бар қақпақтан (6),
аудастырғышы бар сепкіш дискіден (9) тұрады. Сепкіш диск корпус (14) пне
қақпақтың (6) арасына білікке орнатылған. Диск өзара мықты жалғастырылған
жұқа металл төсемнен және негізден тұрады.
3 - сурет. Сепкіш аппарат: 1,13- тісті жұлдызшасы, 2- білік, 3- подшипник,
4- айыр, 5,7- тістің жұлдызшасы, 6,13,19- қақпақтар, 7- аралық төсем, 8-
шпилька,9-диск, 10-аудастырғыш, 11- білік, 12-втулка, 14- корпус, 15-
шкала, 16- рычаг, 17- жапқыш, 18,16- тістің жұлдызшасы, 20,21 - шплинттер
Диаметрі 120мм дискінің негізі мен жапсырмаларын айналдыра әр түрлі
мөлшердегі тесіктер орналасқан. Төсемде олар азырақ. Мұндай құрылыс
тұқымының дискі тесіктерінің тығылып қалуын болдырмайды. Сепкіш аппараттағы
диск тұқым жинвйтын камера корпусына кіші диаметрі тесіктерімен орнатылған
және ол қақпаққа аудастырылған (10) арқылы қысылып тұрады. Дискінің
сейілткіш камерасы ауа өткізгіш арқылы желдеткіш түтігімен жалғастырылған.
Сепкіш дискінің тесіктеріне сорылып келіп, тұрып қалған артық тұқым
ашамен (4) алынып, жинау камерасына келіп, тұрып қалған артық тұқым ашамен
(4) алынып, жинау камерасына түседі. Аша штырларының ара қашықтығын дискі
тесігінің шеңберіне қарай бұрып реттейді және рычагты (16) шкала (15)
бойынша штырлардың арасынан тесікке қарай сорып алынған тек бір ғана дән
өтетіндей, ал қалғандары дән жинвйтын камераға барып түсетіндей етіп
орналастырады. Рычагты шкаланыңбір бөлігіне ауыстыру штырлардың өзара
қашықтығын 1мм өзгертеді. Тұқым сепкіш дискінің тесігінің дән соруын себу
алдында желдеткіш жұмыс істеп тұрғанда егістікте тексереді. Тексеруді
қалқалағыштың жабылған аппарат корпусындағы көру саңлауы арқылы
жүргізіледі. Сепкіш аппараттың жетегі қарсы жетек білігінің шынжырлы
берілісі арқылы жасалады. Аппаратты босату аппараты корпусының төменгі
бөлігіне орналасқан қақпақпен жабылатын саңылау арқылы жүзеге асырылады.
Себу секциясы паралеллограмды аспалы таратқыштар мен кронштейн арқылы
сеялка рамасының брусына бекітіледі.
АТД-2 тыңайтқыш сепкіш аппараты тыңайтқышқа арналған бункерден, сепкіш
дискіден, екі бағыттауышы қырғыштан, тыңайтқыш араластырғыштан, екі себу
нормасын реттегіштен, ссебетін саңылауы бар белдеуден, тыңайтқыш
өткізгіштері бар екі воронкадан, беріліс механизмдері бар кронштейннен
тұрады. Тыңайтқышқа арналған цилиндр формасындағы бункердің жоғарғы
бөлігінде қақпақты бекітуге арналған топса мен қақпақтың қысымын бекіту
үшін құлақ, ал төменгі бөлігінде себетін саңылауы бар белдеу мен бункерді
аударатын топса бар. Бункердің қақпағына тыңайтқыш мөлшерін көрсеткіш
орнатылған. Сепкіш дискі негізгі жұмысымен – тыңайтқыш себумен бірге
бункердің түбі болып та табылады. Сепкіш дискісі мен белдеу арасында
саңылау қалдырылады, ол конус басты бұрандалы штырды реттейді. Бағыттаушы
қырғыштар белдеудің штырына топсамен бекітілген. Олар тыңайтқыш қабатын
сепкіш саңылауға бағыттауға арналған. Бағыттаушы қырғыштардың қалпын
өзгерту арқылы тыңайтқыш себу нормасын реттеуге болады.
Тыңайтқышты араластыру үшін бункердің төменгі бөлігіндегі сепкіш
дискінің үстіне төрт қалақты араластырғыш орнатылған. Тыңайтқыш
өткізгіштері бар воронкалар құрсаулар арқылы жалғастырылған. Аппараттың
жетек механизмі 12-ден 30-ға дейін тісі бар бір жұп конустың тістерден және
бір жұп 12-ден 45-ке дейін тісі бар цилиндрлі тіс жерден тұрады. Сепкіш
дискіні 45 тісті тістерге үш болтпен бекітеді. Тыңайтқыш сепкіш аппараттар
жетекті сеялканың түреуіш доңғалақтарынан шынжырлы берілістен қарсы жетек
арқылы қозғалыс алады.
Ортадан тепкіш механизм типтес желдеткіш ( - сурет) сепкіш
аппараттардың қақпағының камерасында ауаны сиретеді. Ол ротордан, құндақтан
(7), ауа енетін сегіз тесіктен және жетек механизмінен тұрады, Роторда
біліктің бір ұшына бекітілген екі дискі бар.
4- сурет. Желдеткіш:
1-шестернялы мотор, 2,3 және 9- кронштейндер, 4-раструб, 5- қалқан, 6,7-
құндақ, 9,15- штуцер, 10-сақина, 11- шайба, 12,13- болттар, 14- жоғары
қысымның буын қабы, 16- сақина, 17- бұрыштық муфта, А- “гидромоторды
қондырудың схемасының таблицасы”, Б- тоқтатқыш
Дискілердің арасына қалақшалар бекітілген. Айналысты гидравликалық
шестернялы мотордан (1) желдеткіш роторына жеткізетін шкив тетіктің екінші
ұшына шпонка арқылы бекітілген. Айналу муфта арқылы беріледі. Муфта
сеялканың пневматикалық жүйесінде тұрақты сейілдетуді қамтамасыз етеді және
желдеткіштің құрастыру бөлшектерінің жүгін төмендетеді.
Желдеткішқұндағының (7) штуцерлі (8) тесігі болады, ал штуцерге ауа
өткізгіш орнатылған. Ауа өткізгіштің екінші ұшы сепкіш аппараттың қақпағына
бекітіледі.
Маркерлер сеялканың оң және сол жақтарына орнатылған. Агрегаттың
қозғалысы кезінде маркердің дискісі егістің тұқым себілмеген жағынан
борозда жасайды, ол тракторшы тракторды келесі жолы жүргізу үшін белгі
болады. Маркерлердің кергіштері бар штангалары болады. Олар сеялка
рамасының кронштейндеріне топсамен бекітілген. Штангалы остерде дискілер
еркін айналады. Бір маркер жұмыс қалпына төмендегенде екіншісі тассымал
қалпына көтеріледі. Маркерлерді жұмыс қалпыынан тасымал қалпына ауыстыру
және оған керісінше жасауды гидравликалық механизм арқылы тракторшы орнында
отырып-ақ жүзеге асырады. Ол рычагтан маркерлер мен гидроцилиндрлерді
басқаратын сым арқандардан тұрады. Маркерлер бір жүрісте гидроцилиндрдің
штогын көтереді әрі төмендетеді. Маркерлер тасымал қалпында раманың
шпренгелінен кронштейндер арқылы бекітіледі.
Басқыштар сеялканы минералды тыңайтқыштармен толтыру кезінде қызмет
істеушілердің жұмысын жеңілдетуге арналған. Оның үстіне екі тіреуіш
орнатылған. Олар рама брусына кронштейндермен бекітілген.
СУПН-8 сеялкасындағы тіреуіш- жетек доңғалақтары пневматикалы болып
келеді. Әрбір доңғалақ, төрт тұқым сепкіш және екі тыңайтқыш сепкіш
аппараттарды айналдырады. Доңғалақтың күпшігіне орнатылған жұлдызшалардан
беріліс механизмінің ену білігінің жұлдызшасы арқылыкеледі. Бұл білікте үш
жұлдызшадан тұратын блок бар, олардан тұқым сепкіш аппаратардың қарсы
жетегінің білігіне айналыс береді. Ену білігінің екінші ұшындағы
жұлдызшалардан айналыс шынжырмен екі тыңайтқыш сепкіш аппараттардың
біліктеріне беріледі. Беріліс механизмдері бар тіреуіш –жетек доңғалақтар
сеялканың рамасына қапсырмамен бекітілген кронштейндерге қондырылған.
Тұқым себуді және оның деңгейін бақылайтыын “Кедр” ( - сурет) приборы
басқару пултінен (1), күшейткіш блоктан (2), себу датчиктерінен (5), деңгей
датчиктерінен (6) және ширатылған кабельдерден (3 және 4) тұрады. “Кедр”
аспабы СУПН-8 сеялкасына себу жұмыстары басталар алдында завод басшылығының
нұсқауларына сәйкес орнатылады.
5- сурет. Себуді және тұқым дәрежесін бақылайтын аспап:
1- пуль, 2- күшейткіштер блогы, 3,4- кендір, 5- себу датчигі, 6- деңгей
датчигі
Сеялканы жұмысқа әзірлеу. Егістікке шығар алдында жүгері сеялкаларын
жұмысқа мұқият әзірлейді. Құрастыру сапасын және жекелеген жұмыс
тетеіктерінің техникалық дәрежесін тексереді, сеялканы реттейді.
Тұқым сепкіш аппараттарды себу нормасына келтіру. Тұқым себетін
аппараттарды жүгерінің, күнбеғыстың, т.б. да отамалы дақылдардың 1 гектарға
берілген себу нормасына сепкіш дискілер мен беріліс сандарын сайлап алып,
завод басшылыққа алуға берген беріліс схемасы мен тұқым себу нормасының
таблицасын пайдалана отырып қондырады.
СУПН-8 сеялкасына сепкіш дискінің төрт комплектісі қосып беріледі:
Тесік саны, дана 14 14 22 22
Тесік диаметрі, мм 3 5,5 5,5 3
Сеялканы реттеудің алдында домкратпен немесе тұғыр қойып, тіреуіш-
жетек доңғалақты қолмен айналдыруға болатындай етіп көтеріп қояды.
Беріліс сандарды өзгерту үшін тартқыш құрылғысының тұтқасын сағат
тіліне қарсы, тұтқаның саңлауы корпустағы дөңеске дәл түскенге дейін
беріліс механизімінің шынжырын босатады. Үш жұлдызшадан тұратын блок пен
ролигі бар шынжырды қажетті жағдайға дейін қолмен, ал бес жұлдызы бар
блокты тұтқамен қозғалтады. Беріліс схемасына сәйкес таңдап алынған
жұлдызшаларға шынжырды кигізеді де, тұтқасын бұрап отырып тартқыш
қондырғысын алғашқы қалыпқа келтіреді, шынжырды тартады. Егер қажет болса,
секциялар аспасы кронштейндегі трансмиссия білігі мен беріліс механизімінің
шығу білігіндегі жұлдызшаларды да өзгертеді немесе тыңайтқыш сепкіш
аппараттардың трансмиссия білігі мен берілістің шығу білігіндегі
жұлдызшаларды ауыстырады.
Сепкіш дискілерді ауыстыру үшін аппараттың қақпағындағы гайканы бұрап,
аралық төсем мен дискіні алады. Тесігінің диаметрі кіші, іріктеліп алынған
комплектінің дискілерін аударыстырғыштың бастырмасына, аралық төсемге
орнатып, гайкалармен бұрап бекітеді.
Тұқымның өлшеміне байланысты ( - кесте) айырдың рычагын шкаланың тиісті
бөлігіне орнатады. Айырдың қалпын сеялканың байқау жүрісінен кейін қосымша
реттейді.
Кесте 4
Циферблат Айыр штырларының ара Орнату жөніндегі ұсыныстар
бөліктері қашықтығы, мм
1 2
0 0 0,5 Тек қана айырды орнату үшін. Себу
мүмкін емес
1 0,5 1,0 Жүгерінің ұсақ дәнін және басқа
ұсақ тұқымдарды себу үшін
2 1,5 2,0 Жүгерінің жалпақ дәндерін себу
үшін
3 2,5 3,0 Ірі дән үшін және жүгерінің
сұрыпталған тұқымы үшін
4 3,5 4,0 Ірі тұқым үшін
5 4,5 5,0 Бұл да сондай
6 5,5 6,0 -*-
Егер екі тұқым себілетін болса, рычагты шкаланың бір бөлігіне жартылай,
бір бөлігіне төмен, жартылай жіберіп қойғанда, бір бөлігін жоғары
жылжытады.
Сепкіш аппараттарды жасауда және құрастыруда сепкіш дискілердің
алмасуын сеялкаға қосымша айырдың үлгі қалпымен тексереді әрі реттейді. Бұл
үшін бекітетін шкаланың гайкасы мен болтын босатады. Сепкіш дискісі алынған
сепкіш аппаоаььың білігіне штырдың айырларын ойыққа кіріп тұратындай етіп
орнатады. Шкаланың нөлдік бөлігін рығагтың белгісімен сәйкестендіреді.
Үлгіні алады, сепкіш дискіні аралық төсем мен қақпақты орнатады, гайканы
бұрайды.
Сошниктер жүрісінің тереңдігін реттеу. Сошниктер жүрісінің тереңдігін
кулисалардың тесіктеріндегі шплинтті алмаастыру арқылы реттейді. Тесіктер
бойынша шплинтті жоғары қарай ауыстыру арқылы реттейді. Тесіктер бойынша
шплинтті жоғары қарай ауыстыру согникті шамамен 1 см тереңдетеді және соған
керісінше. Сошниктің топыраққа түсетін қысымын қысылатын штангілердің
тоқтатқыш сақинасын ауыстырып реттейді.
Маркердің өрісін орнату. Маркер өрісі –маркердің дискісінен шеткі
сошниктің сырғымасының ортасына дейінгі қашықтық. Себу кезінде тракторды
мынадай әдістердің бірімен – оң доңғалақпен, алма-кезек оң және сол жақ
доңғалақтармен, радиатор тығынымен маркердің дискісі сызған борозда
бойынша жібереді. Маркердің қажетті өрісін орната отырып, штангілер мен
кергіштерді бекіткен қапсырманы босатады. Оларды өрістің мөлшеріне қарай
жылжытып, босатылған бекіткіштерді қатайтады. Екі штанганы да дискілермен
бірге жерге түсіреді. Рычагты шеткі оң қалпына аударып, оң маркердің сым
арқанын тартып, оны бекітеді. Жұмысты қалыпты істеу үшінсым арқандар жақсы
тартылуы тиіс,салбыратып қоюға болмайды. Гидроцилиндрдің көмегімен рычагты
екі жаққа аударады. Бұл кезде жұмыс қалпына түсірілген диск асылып тұрмауға
тиіс.
Жүгері сеялкасының конструкциясына шолу. СУПН-6 аспалы пунктирлі жүгері
сеялкасы СУПН-8 сеялкасы қандай мақсатқа арналса, бұл да соған арналған.
СУПН-6 сеялкасының құрастыру тетіктері СУПН-8 сеялкасына үйлестіріп
жасалған, айырмашылығы СУПН-6 сеялкасына алты себу секциясы мен үш
тыңайтқыш сепкіш аппарат орнатылған. Сеялка “Беларусь” тракторына
тіркеледі, 1 сағат жұмыс істегендегі таза өнімділігі 5 га, салмағы 850кг.
СБК-4 бороздалық жүгері сеялкасы механикалық құрамы жөнінен жеңіл және
жел эрозиясына ұщырайтын ылғалы жеткіліксіз аудандарда жүгеріні
қатараралықтары 90см етіп пунктирлі себуге арналған. Сеялка сонымен бірге
мынадай операциялар атқарады: топырақтың жоғары құрғақ қабатын жылжытып
тереңдігі 10см борозда жасайды; тұқымды борозданың түбіне түсіріп, оны 4-
10см тереңдікке ылғалды топырақпен жабады; топыраққа минералды тыңайтқыштар
енгізеді; себілген қатарларды тапайды; қатараралықтардағы арамшөптерді
тамырын қалдыра қырқады. Сеялка СА-1 автотреуішпен және сепкіш
аппараттардың жұмысын тексеруге арналған тетікпен жарақтандырылғанг әрі
жүгерінің қатараралығын өңдеу үшін оны өсімдік қоректендіргіш-культиватор
етіп қайта жарақтандыруға да болады.
Сеялканың негізгі құрастыру бөлшектері – рама жұмыс органдарының жүріс
тереңдігін реттейтін механиздері бар екі тіреуіш- жетек доңғалағы, дән
сепкіш аппараттардың төрт секцмясы, борозда ашқыш жұмыс органдары,
сошниктер, таптауышы катоктар, екі тыңайтқыш сепкіш аппарат, сыдыра жыртқыш
культиватор табандары.
Сеялкаға із көрсеткіш тыңайтқышпен үстеп қоректендіргіш төрт пышақ пен
тыңайтқыш сепкіш екі аппарат бекітіледі.
Рама екі көлденең және төрт бойлық брустардан пісіріліп жасалған.
Раманың орта бөлігіне сеялканы тракторға тіркеуге арналған автотіркеуіш
орнатылған. Алдыңғы көлденең брусқа ортаңғы және шеткі сыдыра жыртатын
табандар, ал артқы көлденең брусқа дән сепкіш аппараттардың секцияларын
жалғастыру үшін кронштейндер мен сеялканың культиватор түріндегі тіреуіш
доңғалақтары орнатылған.
Мөлшері 5,5х1,6 тіреуіш-жетек доңғалақтары пневматикалық болып
келетінқозғалмайтын кронштейннен, рычагтан, сыдыра жыртатын табандар
жүрісінің тереңдігін реттейтін механизмнен және борозда ашқыш органдардан,
шынжырлы берілістен тұрады.
Дән себетін аппараттар секциясы ұялы-дискілі, ол банкалы дән сепкіш
аппараттан СКНК-8 сеялкасындағыдай борозда ашқыш органнан, сошниктен,
қырғыдан, каток пен сепкіш аппараттардың жетек механизімінен тұрады.
Борозда ашқыш орган топырақтың жоғарғы құрғақ қабатын алып шетке жылжытады
және борозда жасайды. Ол тіреуіштен, жебе үлгідегі табаннан және екі
қалқаннан орындалған. Тартқыштармен қалқанша топсаның бұрышын өзгертіп
борозданың енін түрліше етіп алуға болады. Борозда ашқыш органның тіреуіне
дән сепкіш аппарат пен сошникті қондыру үшін кронштейндер пісірілген.
Дән сепкіш аппараттарды жетекке келтіру тапауыш катоктан келетін
шынжырлы беріліспен жүзеге асырылады.
Сошник тұқым мен тыңайтқышты борозда ашқыш органдар жасаған 4-10см
тереңдікке себеді. Ол тіреуден, қашаудан екі воронкадан және екі бүйір
жақтаудан тұрады.
Тапаушы каток шинасында атмосфералық қысым бар, олар тұқым себілген
қатарлардағы топырақты нығыздайды. Катоктардың топыраққа қысымын штангадағы
серіппенің ұзындығын өзгерту арқылы реттейді.
АТД-2 тыңайтқыш сепкіш аппарат раманың артқы брусындағы кронштейнге
қондырылған және тіреуіш-жетек доңғалағы шынжырлы берілісі арқылы іске
қосылады. Сыдыра жыртқыш табандар себу мен культивациялау кезінде
қатараралықтарындағы арамшөптерді қырқады. Сеялкаға түрінде үш табан, оң
және сол бір жақты табандар орнатылған. Сыдыра жыртқыш табан тіреуден,
ұштықтан, оң және сол жақ түреннен тұрады.
Бір жақты табанның бір түрені ғана болады. Табандар раманың
кронштейндеріне болтпен бекітілген. Кронштейндегі сопақ тесіктер әрі
табанның биіктігі мен топыраққа ені бұрышын реттеуге мүмкіндік береді.
Автотіркеуіш сеялканың рамасына орнатылған құлыптан және трактордың
гидроаспасы механизмімен жалғасатын үшбұрышты рамадан тұрады.
Сепкіш аппараттардың жұмысына бақылау жасауға арналған тетік трактордың
электр жүйесінен ток алады және оған алты импульс датчигін, басқару блогын,
бақылау жүйесінің индикаторын және индикатор мен қоректендірудің өлшеуші
және жалғастырушы кабелдерін қосады.
Із көрсеткіш трактордың алдындағы лонжеронға орнатылған екі жалаушасы
мен екі кронштейіні бар штангалардан тұрады.
Тыңайтқышпен қоректендіргіш пышақты СБК-4 сеялканың өсімдік
қоректендіргіш-культиватор түрінде жүгері егісінің қатараралығын өңдеу
кезінде топыраққа тыңайтқыш енгізу үшін пайдаланады. Сеялканың таза 1 сағат
жұмыс істегендегі өнімділігі 1,37 га. Ол “Беларусь” пен ЮМЗ-
6Лтракторларына жегіледі.
Аспалы шаршы-ұялы СКПК-8 жүгері сеялкасы треуішті пневматикалық
доңғалағы бар рамадан сегіз (төрт оң және төрт сол) себу секциясынан, төрт
тыңайтқыш сепкіш аппараттан, оң және сол жақ түйін ұстағыштардан,
катушкадағы өлшеуіш сымдары жинайтын жәгн тарөқататын механизмнен,
блокировкңалау механизмі бар екі маркерден және ауыстырып-қосқыш маркерден
және екі тартқыш станциядан (босатқыш қазықтардан) тұрады. Сеялканың рамасы
шаршы қималы алдыңғы негізгі брустан, артқы бұрыштамадан және үш көлденең
байланысты түтіктерден әзірленген. Брустың ортаңғы бөлігіне тракторға
тіркеуге арналған қондырғы, ал брус пен бұрыштамаға маркерлерді бекіту
үшін треулер пісірілген.
Сеялканың секциялары бірдей жасалған. Олар корпустан, сепкіш
аппараттан, тапаушы доңғалақтар мен паралеллограмды аспадан тұрады.
Сошниктер құрамдары, сырғымалы үлгіде екі канал түрінде жасалған.
Сошниктің корпусы ішкі жағынан қалқамен екі бөлікке бөлінген. Корпустың
жоғары бөлігіне бөлгіш орнатылған. Дән сепкіш аппараттары ұялы-дискілі
болады. Тапаушы доңғалақтар әрбір сошниктің артқы жағына орналастырылған
және тартқыштармен сошниктер корпусына жадғасада. Әрбір себу секциясын
раманың алдыңғы ьрусына паралеллограмды механизммен және екі қапсырмамен
бекітеді. Брусқа паралоллограмды механизммен бекітілген осындай дара аспа
сошникке егістік бедеріне икемдеуге мүмкіндік береді және тұқымды топыраққа
енгізудің сапасын жақсартады. Тасымалдау қалпында секциялар рамаға артқы
бұрыштықпенжалғастырылған штангалар ұстап тұрады.
Дискілі-қырғышты АТД-2 тыңайтқыш сепкіш аппараттары. Әрбір аппарат
тұқымнан біршама қашықтықтау етіп, екі бороздаға тыңайтқыш енгізеді. Түйін
ұстағыштар раманың екі жағына қондырылады. Түйін ұстағыштың алдыңғы және
артқы екі айыры бар. Олардың ара қашықтығы 70см. Сеялканың сол жақ
жартысына өлшегіш сымды тарқататын және орайтын механизм қондырылған.
Бөлгіш механизмнің шаршы қималы білігі сырғымалы подшипниктерде айналады
және остік қозғалыстан тоқтатқыш сақина арқылы сақтандырылады. Олар
қозғалысты түйін ұстағыштың дән және тыңайтқыш сепкіш аппараттың
клапандарына береді. Сеялкаға оң және сол жақ маркерлер қойылған. Олар
өзара блокировкалау сымымен жалғастырылған. Ұяларды шаршы етіп орнластыру
үшін сеялка түсірілетін екі қазықпен және тіреуіштерінің ара қашықтығы 140
см ұзындығы 1200 м өлшеуіш сыммен жабдықталған. Тұтынушының қосымша заказы
бойынша оған тіреуіштерінің ара қашықтығын 120 және 180 см өлшеуіш сымдар
беріледі.
Сеялканың жұмыс процесі былайша өтеді. Банкада тұрған тұқымдар сепкіш
аппараттың дискілеріндегі ұяларын толтырады, Дискілер бір қалыпты айналып,
дәнді аппараттың түбіндегі тесікке жеткізеді. Олар мұнда түрткішпен
сошниктің корпусына еріксіз лақтырылады. Тұқым корпуста бөлгішпен екі
үлеске бөлінеді. Бір үлес сошниктің сол жақ қуысындағы сол жақ клапанға,
ал екінші оң жақ клапанға беріледі. Сол жақ клапандар түйін ұстағыштың
алдыңғы айырлары алшақтағанда, ал оң жақ клапандар артқы айырлары
алшақтағанда ашылады. Клапандардың ашылмауы мен бөлгіштің бұрылуының бір
қалыптан екіншіге ауысуы өзара үлестірілген. Сол жақ клапан ашылған уақытта
бөлгіш сол жақ қалыпқа ауысады да төменгі бөлігімен (құйыршықпен) сошник
корпусының оң қуысын жабады. Сошниктің осы жартысындағы бөлгіштің
құйыршығында тұқымның біршама үлесі жиналады. Оң жақ клапан ашылғанда
бөлгіш оңға бұрылады,тұқым сошниктің оң жақ қуысына түседі де,құйыршықпен
сол қуысты жауып тастайды. Дән клапандары ашылғанда, тыңайтқыш клапандары
да ашылады. Сөйтіп, сошниктердің тұқымға арналған клапандары сеялка жүріп
өткен әрбір 70см жол сайын алма-кезек ашылады, ал тыңайтқыш клапандары
тұқым себетін клапандармен бір мезгілде оң жақ клапан ашылғанда оң жағы,
сол жақ клапан ашылғанда сол жағы ашылады. Нәтижесінде ұялар бір-бірінен 70
см қашықтыққа тұқым мен тыңайтқыш аралығында аздаған топырақ қабатымен
орналастырады. Тұқым мен тыңайтқыш бар бороздалар сошниктерден кейін
жүретін тапаушы доңғалақтармен өңделеді. Сеялканың бір сағат таза жұмыстағы
өнімділігі 3,6 -4,3га. Селканың таза салмағы 1160кг.
СКП-4 пунктирлі жүгері сеялкасы беткейінің еңістігі 120-қа дейінгі
таулы аудандарда топыраққа тұқыммен бір мезгілде тыңайтқыш енгізе отырып,
жүгерінің сұрыпталған тұқымын пунктирлі себуге арналған. Сеялка алымының
ені 2,4 м, қатараралықтардың қашықтығын 60, 70 және 90 см етіп себеді.
Ол рамадан, төрт себу секциясынан, екі тыңайтқыш сепкіш аппараттан,
гидрофицирленген маркелерден, тіреуіш-жетек доңғалақ-тарынан және басқыш
тақтадан тұрады.
Себу секциясы сошниктен, рамасы мен қырғылары бар тапау доңғалағынан,
рамасы мен қабырғалары бар аспа механизмнен, сепкіш дискісі горизонталь
орналасқан банка үлгісіндегі сепкіш аппараттың тереңдету механизмінен
тұрады.
СКПГ-4 сеялкасының өнімділігі 1 сағат жұмыста 1,8-2,8га. Т-40АН, Т-
40АНМ, МТЗ-50, МТЗ-52, МТЗ-8082 тракторларына тіркеледі.
Жүгеріғ қызылша, картоп, мақта, капуста, помидор т.б. отамалы
дақылдарды, әдетте қатараралықтарын кең етіп себеді, немесе отырғызады. Бұл
дақылдар әсіресе жаңа өсіп келе жатқанда мұқият күтуді талап етеді, өйткені
кең қатараралықтарда арамшөп тез өседі, ал топырақ қабыршақтарпен
көмкеріліп кеуіп кетеді. Өсімдікті күту, белшілі бір уақыт аралығында,
дақылдың түріне, өсу фазасына және өніп-өсуіне топырақ пен ауа райы
жағдайына байланысты белгілі бір дәйектілікпен жүргізіледі. Өсімдікті күту
кезінде мынадай операциялар жүргізіледі: топырақтың қабыршағын бұзу, өсіп
келе жатқан арамшөпті құрта отырып, қатараралықта культивация жүргізу,
түптеу, тыңайтқышпен қоректендіру,зиянкестер мен ауруларға қарсы еүресу,
суармаландыру мен суару.
Тұқымды сеуіп немесе отырғызып болған соң біраздан кейін учаскеде
топырақ беті қабыршықтанып, арамшөп көктеп шығады. Топырақтың қабыршағы
топырақты құрғатып, ауаның жетуінқиындатады және мәдени дақылдардың өніп
шығуын тежейді. Топырақты тырмамен немесе ротоациялы (айналмалы) шотпен
жаппай қопсытып, қабыршақты бұзады және өсіп келе жатқан арам шөпті жояды.
Қабыршақ неғұрлым ерте бұзылса мәдени дақылдың өнуіне соғұрлым қолайлы
жағдай жасалынады.
Культивацияның мақсаты – топырақты қопсытып, егістің қатараралығындағы
арамшөпті жою.
Өсімдікті түптей отырып, топырақты қопсытып, араластырады, оны
қатараралықтан алып, өсімдіктің төменгі жағына аударып тастап, қатардың
бойына жал жасайды. Қолайлы қоректік режим жасау үшін өсімдікті өзінше
немесе культивация және түптеу кезінде қоректендіреді. Бұл операцияларды
культиватормен атқарады.
Ауыл шаруашылығына едәуір зиян келтіретін мәдени өсімдіктердің
зиянкестері мен ауруларына қарсы күрес – күтім кезіндегі маңызды операция.
Әр түрлі: бүріккіш, тозаңдатқыш т.б. машиналарды қолдана отырып,
өсімдіктің зиянкестері мен ауруларына қарсы химиялық әдісті қолдану
мейлінше тиімді.
Топырақтың ылғал қорын толықтыру үшін суармаландыру мен суаруды
қолданады. Беттік суарумен және топырақ астын суармаландырумен қатар
жаңбырлату да ойдағыдай қолданылады.
Өсімдікті күту жөніндегі операциялар қатаң белгіленген мерзімде және
комплексті жүргізген жөн. Тек сонда ғана ауыл шаруашылық дақылдарынан
жоғары және тұрақты өнім алу кепілдік жасалады.
Культивация процесінде қатараралықтағы арамшөптер қырқылып, топырақтың
қабыршағы уатылуға тиіс. Топырақтың төменгі ылғалды қабатын жұмыс
органдарынмен бетке шығармаған жөн. Топырақты қопсытудың бір қалыпты
тереңдігін сақтау керек: белгіленген тереңдіктен жіберуге болатын алшақтық
±1см. Өсімдікті зақымдамау үшін, қорғау аймағын дұрыс орнатқан маңызды.
Қатараралықты бірінші өңдеуде қорғау аймағы әдетте 10-12см-ге тең, ал одан
кейінгілерінде 12-15см. Терең қопсыту кезінде жұмыс органдарының өсімдікті
қырқып кетпеуін және тоң кесектер пайда болмауын қадағалайды. Түптеуіш
жұмыс органдары арамшөпті жойып қатараралықтағы топырақты босатады және
қатараралықтағы топырақты өсімдікке қарай аударады.
Минералды тыңайтқышты бір қалыпты қатараралықтың ортасына, сондай-ақ
жақын қатардан 12см қашықтыққа да енгізеді: тыңайтқышты енгізудің тереңдігі
5-6см. Тыңайтқыш сепкіш аппараттармен біркелкі себудің жіберуге болатын
алшақтығы 5 %-дан аспайды.
Культиватордың жалпы құрылысы. КРН-5,6 культиваторы ( - сурет)
жүгерінің, күнбағыстың және отамалы дақылдар егісінің қатараралығын 60
және 70см өңдеу мен қоректендіруге арналған. Аспалы КРН-5,6 культиватор-
өсімдік қоректендіргішпен мынадай операцияларды атқаруға болады: 6-12см
тереңдікте қатараралықтарды культивациялау; қатараралықты 16 см тереңдікте
қопсытып, сонымен бір мезгілде 15см-ге дейінгі тереңдікке минералды
тыңайтқыш енгізе өсімдікті қоректендіру; бір мезгілде минералды тыңайтқыш
енгізе отырып, суаратын борозда жасау; өсімдікті түптеп, себер алдында
топырақты өңдеу; отамалы дақылдар еніп шыққанға дейін және өсіп шыққан соң
отамалы тырманы қоладана отырып, дестеге түскен егістің қаратаралығы мен
қорғау аймағын өңдеу.
6- сурет. КРН-5,6 культиватор - өсімдік қоректендіргіш:
1-рама, 2-тыңайтқыш сепкіш аппарат, 3- шынжырлы беріліс, 4- кронштейн,
5- қоректендіргіш пышақ, 6- секцияның тіреуіш доңғалағы, 7- секцияның
алдыңғы кронштейні, 8-культиватордың тіреуіш доңғалағы, 9- автотіркеуіш
Мұның өзі секцияны брустың әр жеріне қондыруға, сөйтіп культиваторды
қатараралығының ені әр түрлі егіске жұмыс істеуге икемдеуге болады.
Минералды тыңайтқыш енгізу үшін культиваторды қоректендіргіш тетікпен
жабдықтайды. Ол сегіз тыңайтқыш сепкіш аппараттан (2), тыңайтқыш
өткізгіштерінен (4) және қоректендіргіш пышақтардан (5) тұрады. Тыңайтқыш
сепкіш әрбір төрт аппарат тіреуіш доңғалақтарынан шынжырлы беріліс арқылы
қозғалысқа келеді.
Культиватор- өсімдік қоректендіргіш жұмыс процесі былайща жүзеге
асырылады. Тракторшы трактор доңғалақтарын қатараралықтың ортасына
бағыттайды, культиватордың жұмыс органдары қатараралықтың арасына орналасып
оларды өңдейді.
Тыңайтқыш сепкіш аппараттардың банкілерінен жапқышпен реттелетін тесік
арқылы табақшаның артқы жағына келіп түседі. Табақ горизонталь жазықтықта
айналатын тыңайтқыш бөлгішке үздіксіз тасқынмен беретін дискілі
лақтырғыштарға жеткізеді. Олар одан соң тыңайтқыш өткізгіш арқылы
қоректендіргіш пышақ жасаған бороздалардың түбіне себеді. Культиватордың
өнімділігі сағатына 4,1га, жұмыс жылдамдығы 9кмсағ. МТЗ-80 және ЮМЗ-6Л
тракторларына агрегатталады.
Қатараралықты өңдейтін жұмыс органдары ( - сурет) арамшөпті отағыш (бір
жақты сыдыра жыртатын табан-пышақ), жебе тәрізді сыдыра жыртқыш, жебе
тәрізді әмбебап табан және табан-қайырма қопсытқыш (қашау типті және
аударма табан), түптеуіш (түптеуіш және борозда кесуші), отағыш
тырнауыштар, ротоциялы (ине іспеттес дискілер) және қоректендіргіш пышақтар
болып бірнешеге бөлінеді.
Бір жақты сыдыра жыртқыш табанды ( - а, сурет) оңқай және солақай
етіп әзірлейді. Табанның қалқандары өсімдік қатарларын топырақ басып
қалудан сақтайды. Пышақтарды бірінші культивацияда немесе мәдени
өсімдіктерді сирету үшін қатараралықтарды өңдеуге қолданады.
Жебе тәрізді сыдыра жыртқыш табандар ( - б, сурет) көкөніс
дақылдарының, қант қызылшасы мен мақтаның қатараралығы 4-6см тереңдікте
өңдеу үшін пышақты комплектісімен пайдаланылады.
Топырақты қопсытумен қатар арамшөпті кесетін жебе тәрізді әмбебап
табандар ( в сурет) биік сабақты дақылдардың қатараралығын 10-12см
тереңдікте өңдеу үшін қолданылады.
Қайырма табандар ( - г, сурет) оңқай және солақай етіп әзірленеді.
Оларды жебе тәәрізді табанмен бірге жүгерінің, картоптың және көкөніс
дақылдарының қатараралығын өңдеуге қолданады.
Қайырмалар қатараралықтағы арамшөпті қырқып, топырақты қопсытады және
ішінара топырақты қорғау аймақтарына аударып, өсіп келе жатқан арамшөпті
бастырады. Қайырманың артында келе жатқан жебе тәрізді табандар топырақты
қопсытады және қатараралықтың ортасындағы арамшөпті құртады. Қайырма
–табандарды жебе тәріздіден гөрі 2-3см кішілеу етіпорнатады.
7- сурет. Культиватордың жұмыс органдары:
а- бір жақтықыршушы жазық табан-пышақтар, б- жебе тәрізді жазық қыршушы
табандар, в- жебе тәрізді әмбебап табан, г- аударатын табан, д- қашау
тәрізді табан, е- кері табан, ж-түптеуші жұмыс органдары, з- ине тәрізді
дискілер, и-отааушы тырмалар буыны, к- қоректендіргіш пышақ
Қашау тәрізді табандар ( д, сурет) қант қызылшасы егісінің
қатараарлығын 16см тереңдікке дейін қопсытады; кері табандармен ( е, сурет)
бақшаның көкөніс дақылдары мен мақтаның қатар аралығын 12-ден 22-25см
тереңдікке дейін өңдейді. Табанның бір ұшы тозып біткен соң, оның екінші
ұшын орнатады.
Түптеуші жұмыс органдарын ( - ж, сурет) қатараралықты өңдеуге,
борозданың түбіндегі арамшөпті жоюға және қопсытылған топырақты өсімдіктің
төменгі жағына аударып тастауға қолданады, өңдеу тереңдігі 12 см-ге дейін.
Ине типтес дискілер ( - з, сурет) мен отамалы тырмалар ( и, - сурет)
топырақтың қабыршағын бұзу мен қорғау аймағының арамшөптерін жоюға
пайдаланылады. Отамалы тырмалардың жұмыс органы –дөңгелек немесетікбұрышты
қималы тістер. Ине типтес дискілерді әр қатарға қос-қостан; бірін оң
жақтан, екіншісін сол жақтан қояды. Отамалы тырма мен ине типтес дискілерді
бірінші және екінші қатараралықты өңдеуде өте-мөте тиімді пайдаланады.
Қоректендіргіш пышақ ( -к, -сурет) воронкасы бар қашау түріндегі табан, сол
арқылы тыңайтқыш борозданың түбіне түседі.
Жұмыс органдарын жекелеген секцияларға орнатады. Әрбір секцияның ( -
сурет) төртбуыны, тіреуіш доңғалақты грядилі және жұмыс органдарды
ұстаушылары бар.
8- сурет. КРН-5,6 культиваторының жұмыс органдары секциясы:
1-артқы ұстағыш, 2- жапсырма призма, 3- стержені бар бүйір жақтағы
ұсиағыш, 4- грядиль,5- жұмыс органдары, 6-тасымалдау тартқышы, 7- артқы
кронштейн, ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz