«Интегралдық және микропроцессорлық схемотехника» Есептік-графикалық жұмыс


Пән: Автоматтандыру, Техника
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   

ЕСЕПТІК-ГРАФИКАЛЫҚ ЖҰМЫСҚА ТАПСЫРМА:

Келесі түрде жұмыс істейтін деректерді жинақтау құрылғысын (ДЖҚ) жобалау керек: (АК) арналар коммутаторының F кірістеріне келіп түсетін аналогты сигналдарды тізбек бойынша сұрап шығып, аналогты-цифрлық түрлендіргіш (АЦТ) көмегімен цифрлық сигналға түрлендіріп, (1 байт=8бит разрядты екілік сөз) оларды оперативті есте сақтау құрылғысының (ОЕСҚ) М символдық аты бар адресті ұяшықтан басталатын аймағына орналастыру керек.

ДЖҚ-ның құрамында адрестік сөзінің форматы 2 байт =16 бит және Q = N·n сыйымдылықты ОЕСҚ-сы бар. Микропроцессорлық жүйенің жұмысын синхрондау тактілік импульстер генераторының (ТИГ) көмегімен іске асады. Синхрондау жиілігі f=500 кГц.

Талап етіледі:

а) ОЕСҚ ұйымдастыруды қарастыру;

б) 16-разрядты микропроцессор (МП) негізінде орындалған микропроцессорлық құрылғы түріндегі ДЖҚ-ны іске асыру. Бұл кезде кезекті арналардың адресі 1 кестесіне сәйкес берілген нұсқа бойынша R регистрінде сақталу керек. Микропроцессорлық құрылғыны құрылымдық схема түріне келтіріп жұмыс істеуінің программасын ассемблер тілінде құру керек және программаның жадысында BEG адресті ұяшығынан бастап орналасу кестесін келтіріп, программаны кодалық комбинацияларда (машиналық тілде) жазу;

в) ДЖҚ-ның тезәрекеттілігін анықтау.

МАЗМҰНЫ:

Кіріспе . . . 4

Есептік-графикалық жұмысқа тапсырма . . . 5

1. 1 Оперативті есте сақтау құрылғысын (ОЕСҚ) ұйымдастыру . . . 6

1. 2 Мәліметтерді жинақтау циклының соңын білдіретін белгіні қалыптастыру . . . 8

Ассемблер тілі туралы қысқаша мәлімет . . . 10

1. 3 Микропроцессорлық құрылғының тезәрекеттілігін бағалау . . . 11 Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 14

Кіріспе

ЕСЕПТІК-ГРАФИКАЛЫҚ ЖҰМЫСТЫҢ мақсаты: «Интегралдық және микропроцессорлық схемотехника» курсын оқып үйренуде алған білімдерін бекіту. Микропроцессорлық құрылғы түрінде деректерді жинау құрылғысын ұйымдастыру тәсілдеріне арналған. Мұнда күрделі микропроцессорлық техниканы оқып үйренудің бастапқы этапында деректер жинаудың есептеу процессін ұйымдастыру үшін Intel 8080 (аналогтары KP580ИК80 және КР580ВМ80А) немесе i8085 (аналогы K1821BM85A) сегізразрядты қарапайым модельдерін қолдану керек.

Байланыс арналарын өлшеу немесе телеметриялық ақпаратты электронды-есептеу машинасына (ЭЕМ) қабылдау кезінде мәліметтер жинауды қамтамасыз ету қажеттілігі жиі туады. Ол кезде ток немесе кернеу түріндегі аналогтық сигналдарға сұраныс жасау, оларды цифрлық түрге түрлендіріп, одан ары қарай өңдеп және көрсету мақсатымен оперативті жадының (ОЕСҚ) белгілі бір аймағына орналастырумен бірге орындалады.

ЕСЕПТІК-ГРАФИКАЛЫҚ ЖҰМЫСҚА ТАПСЫРМА

Микропроцессорлық құрылғы (МПҚ) түрінде құрастырылған ДЖҚ-ның құрылымдық схемасы 2 суретінде көрсетілген. МПҚ құрамында микропроцессор, АЦТ, оперативті жады (ОЖ) аналогты арналар коммутаторынан басқа екі енгізу және бір шығару құрылғылары бар, олардың жұмысын программалы-басқармалы регистр-порттар атқарады. Мысалы, К589ИР12 көпрежімді буферлік регистрлер (КБР) . Бұл вариант бойынша МПҚ мен басқару шинасы екі жолақтан ғана тұра алады: ЖАЗУ және ОҚУ.

Суретте:

МП - Микропроцессор

АЦТ - аналогты-цифрлық түрлендіргіш

АШ - адрестер шинасы

МШ - мәліметтер шинасы

ОЖ - операциялық жүйе

ДЖҚ- Деректер жинау құрылғысы

2 сурет . Микропроцессорлық құрылғы (МПҚ) түрінде құрастырылған Деректер жинау құрылғысының (ДЖҚ) құрылымдық схемасы .

  1. Оперативті есте сақтау құрылғысын (ОЕСҚ) ұйымдастыру

Оперативті жады жартылайөткізгішті ОЕСҚ-ның үлкен интегралды схемаларында (ҮИС) ұйымдастырылған.

59-НҰСҚА

N соң. алд =5

F 10 =12=С

R=С

N соңғы =9

M=03E5

Q=1024x8

BEG=071F

Берілгені:

Микросхема типі: КP541РУ5

Сыйымдылығы:1К x8

Цикл уақыты: (55) (таңдау), нс

Қоректену қуаты, мВт: <500

Қоректену кернеуі, В: 5

Технология: ИИЛ-ТТЛ

KР541PУ5 -Оперативті есте сақтау құрылғысы сыйымдылығы 4078-ға тең массасы 4г кем емес адрестік және разрядтық басқарылуы бар микросхема.

Оперативті жадының m микросхемалар санын анықтаймыз:

m = M T M 1 = 1024 × 8 1 К × 8 = 1 m = \frac{M_{T}}{M_{1}} = \frac{1024 \times 8}{1К \times 8} = 1 ; ( k=1024)

бұл жерде М 1 - таңдалған микросхемалардың бірінің сыйымдылығы.

Әр жолақтағы микросхемалар саны :

m = n т а л n т а ң = 8 8 = 1 m = \frac{n_{тал}}{n_{таң}} = \frac{8}{8} = 1 ;

бұл жерде n тал - талап етілген разрядтылық;

n таң - таңдап алынған микросхема разрядтылығы.

m жол жолақтар санын келесі формуламен анықтаймыз:

m ж о л = m m 1 = 1 1 = 1 m_{жол} = \frac{m}{m_{1}} = \frac{1}{1} = 1 ;

ОЕСҚ микросхемаларына екілік сөздерді жазу мен одан оқу режімдерін қамтамасыз ету үшін RD/WR (оқу/жазу) кірістері қарастырылған. RD/WR = 0 кезінде жазу режімі, ал RD/WR = 1 болғандағы оқу режімін қолданамыз.

1. 1. 2 8-разрядты микропроцессор базасында микропроцессорлық құрылғы түрінде ДЖҚ-ны іске асыру.

1. 2 Мәліметтерді жинақтау циклының соңын білдіретін белгіні қалыптастыру.

Мәліметтер жинау алгоритмінің блок-схемасын құрастыру.

Мәліметтер жинау алгоритмінің блок-схемасы

Блок-схемаға қысқа түсініктеме берейік. I блокта HL регистрлер жұбына M=003С бастапқы адресі енгізіледі. II блокта D регистріне 8 10 (10h ) санын енгізу керек. III блокта R =B регистрі аналогты каналдар санының санағышы қызметін атқарады. Оған алғашқы каналдың адресі ØØh енгізіледі. Келесі кезекте бұл адрес аккумулятор және №1 шығару құрылғысы арқылы (4 пен 5 блоктары) коммутатордың адрестік кірісіне келіп түседі. Коммутатор адресі көрсетілген арнаны АЦТ кірісіне қосады да түрлендіруді орындайды. АЦТ түрлендіру жұмысын аяқтағанша МПҚ күту режіміне көшеді (6, 7 және 8 блоктары) . АЦТ-ның аяқт. шығысынан сигнал №2 енгізу регистр-портының кіші разрядына келеді. Аяқт. =0 болса АЦТ жұмысы аяқталмағанын білдіреді. Бұл кезде 6-8 блоктары нөл триггер-жалауының жұмысын қамтамасыз етеді және программа кіші цикл бойынша орындалады. Бағдарламаның осылай орындалу режімі АЦТ-ның аяқт. шығысындағы сигнал 1 болғанға дейін қайталанады. Бұл күту режімін қамтамасыз етеді. Аяқт. =1 болғанда ғана 8 блогының командасы орындалып АЦТ шығысындағы түрленген сигнал С=1болады, яғни аналогты сигнал цифрлыға түрленеді және № 1 енгізу құрылғысы арқылы микропрцессордың аккумуляторына келіп одан берілген оперативті жады ұяшығына жазылады (9 және 10 блоктары) . 11 және 12 блоктарында кезекті аналогты арна мен келесі ақпаратты жазуға жады ұяшығының адрестері қалыптасады. Арнаның жаңа адресі аккумуляторға жіберіледі (13 блогы) . 14 блогында В және D регистрлеріндегі деректер салыстырылады. B =D = 0 теңдігі барлық арналардағы ақпарат оқылып, z = 1 нөлдік белгісі шыққанын, яғни деректерді жинақтау аяқталғанын көрсетеді. Егер z = 0 болса, яғни салыстыру операциясынан кейін аккумулятордағы мәлімет өзгермесе адресі 13 блогында енгізілген келесі арнадан ақпарат оқылады. 12 блогында көрсетілген E регистріндегі кезекті аналогты арнаның адресі I∅ 16 санына тең болғанша программа үлкен цикл бойынша қайталанады.

Нұсқа бойынша жасалынған Ассемблер тіліндегі программасы.

Командалар №

Команды

Белгі
Мнемокод
Операнд (тар)
Түсініктеме
Байттар
Циклдар
Тактілер
Командалар №Команды: 1
Белгі:
Мнемокод: LXI
Операнд (тар): H, 03E5 16
Түсініктеме: HL ← 03E5 16
Байттар: 3
Циклдар: 3
Тактілер: 10
Командалар №Команды: 2
Белгі:
Мнемокод: MVI
Операнд (тар): D, 0С һ
Түсініктеме: D ← 0С һ
Байттар: 2
Циклдар: 2
Тактілер: 7
Командалар №Команды: 3
Белгі:
Мнемокод: MVI
Операнд (тар): С, 00h
Түсініктеме: С ← 00h
Байттар: 2
Циклдар: 2
Тактілер: 7
Командалар №Команды: 4
Белгі:
Мнемокод: MOV
Операнд (тар): A, С
Түсініктеме: A ← С
Байттар: 1
Циклдар: 1
Тактілер: 5
Командалар №Команды: 5
Белгі: К2
Мнемокод: OUT
Операнд (тар): 1
Түсініктеме: №1шығ. құрылғ. ← (A)
Байттар: 2
Циклдар: 3
Тактілер: 10
Командалар №Команды: 6
Белгі: К1
Мнемокод: IN
Операнд (тар): 2
Түсініктеме: A ← №2 енг. құрылғ.
Байттар: 2
Циклдар: 3
Тактілер: 10
Командалар №Команды: 7
Белгі:
Мнемокод: RRC
Операнд (тар):
Түсініктеме: A ← оңға ығыст. (А)
Байттар: 1
Циклдар: 1
Тактілер: 4
Командалар №Команды: 8
Белгі:
Мнемокод: JNC
Операнд (тар): K1
Түсініктеме: 8 блогы ШӨ
Байттар: 3
Циклдар: 3
Тактілер: 10
Командалар №Команды: 9
Белгі:
Мнемокод: IN
Операнд (тар): 1
Түсініктеме: А ← №1 енг. құрылғ.
Байттар: 2
Циклдар: 3
Тактілер: 10
Командалар №Команды: 10
Белгі:
Мнемокод: MOV
Операнд (тар): M, A
Түсініктеме: M ← (A)
Байттар: 1
Циклдар: 2
Тактілер: 7
Командалар №Команды: 11
Белгі:
Мнемокод: INX
Операнд (тар): H
Түсініктеме: HL ← (HL) + 1
Байттар: 1
Циклдар: 1
Тактілер: 5
Командалар №Команды: 12
Белгі:
Мнемокод: INR
Операнд (тар): С
Түсініктеме: С ← (С) + 1
Байттар: 1
Циклдар: 1
Тактілер: 5
Командалар №Команды: 13
Белгі:
Мнемокод: MOV
Операнд (тар): A, С
Түсініктеме: A ← (С)
Байттар: 1
Циклдар: 1
Тактілер: 5
Командалар №Команды: 14
Белгі:
Мнемокод: CMP
Операнд (тар): D
Түсініктеме: (A) - (D)
Байттар: 1
Циклдар: 1
Тактілер: 4
Командалар №Команды: 15
Белгі:
Мнемокод: JNZ
Операнд (тар): K2
Түсініктеме: 15 блогы ШӨ
Байттар: 3
Циклдар: 3
Тактілер: 10

Ескерту :оңға ығыст. (А) - А регистріндегі (аккумулятор) деректі оңға ығыстыру, ШӨ - шартты өту.

Ассемблер тілі туралы қысқаша мәлімет .

Ассемблер тілі - машиналық тідің аналогы болып саналады. Ассемблер тілінде жазылған программа МП-р құрылысының ерекшеліктерін: жадтың ұйымдастырылуын, операндтарды адрестеу тәсілдерін, регистрлерді қолдану ережелерін анықтап, көрсету қажет. Әр МП-ң өзінің Ассемблері болады.

Ассемблер тілінде жазылған программа жад сегменттері деп аталатын жадблоктарының тобынан тұрады. Программа осындай бір немесе бірнеше блок-сегменттерден тұруы мүмкін. Әр сегмент программа кодының әр қатарында орналасқан сөйлемдерден құрылады.

Ассемблер тілінің сөйлемдері төрт түрлі болады:

  1. Командалар: машиналық кодтардың аналогтары. Бұл командалар трансляциялау кезінде МП-ң сәйкес командаларына түрленеді;
  2. Макрокомандалар: трансляциялау кезінде басқа сөйлемдерге алмасатын сөйлемдер;
  3. Дерективалар: ассемблер трансляторына орындалатын әрекеттер туралы түсінік береді, яғни қызметші ақпараттар жиыны. Дерективалар машиналвқ кодтарға түрленбейді;
  4. Комментарий: кез-келген белгілерден тұрады.

Ассемблер тілінің екі артықшылығы бар:

Бұл тілдің көмегімен программаны МП командалары деңгейінде жазуға болады және сандық кодтардың барлығын еске сақтауды талап етпейді. Программа командалары жазылып болған соң, Ассемблер программасы шақырылады да, ол бұл командаларды олардың кодтарына айналдырады. Командалар жиыныннан тұратын программа негізгі не алғашқы программа деп аталады, ал негізгі программаның сандық кодтары, яғни машиналық тілге айналған түрі - объектік программа деп аталады.

Ассемблердің атқаратын негізгі қызметі - қолданушыға түсінікті негізгі прогрпмманы МП түсінетін объекттік программаға айналдыру. Ассемблердің кең тараған түрлері: IBM фирмасының MASM(Macro Assembler) программасы және Borland фирмасының TASM (Turbo Assembler) прграммасы.

Программаның жадыда орналасуы

Команда №
Адрес 16
Команда №: 1
Адрес16:

071F

0720

0721

Команда №: 2
Адрес16:

0722

0723

Команда №: 3
Адрес16:

0724

0725

Команда №: 4
Адрес16: 0726
Команда №: 5
Адрес16:

0727

0728

Команда №: 6
Адрес16:

0729

072A

Команда №: 7
Адрес16: 072B
Команда №: 8
Адрес16:

072C

072D

072E

Команда №: 9
Адрес16:

072F

0730

Команда №: 10
Адрес16: 0731
Команда №: 11
Адрес16: 0732
Команда №: 12
Адрес16: 0733
Команда №: 13
Адрес16: 0734
Команда №: 14
Адрес16: 0735
Команда №: 15
Адрес16:

0736

0737

0738

Командаға керек ОЖ ұяшықтар саны команданың байттар санымен анықталады.

Программа кодалық комбинация түрінде көрсетілуі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сандық-аналогтық және аналогтық-сандық түрлендіргіштер
Шифратор және дешифратор
Басқарудың микропроцессорлық жүйелерi
Сандық құрылғылардың базалық логикасы
Мәліметті жинау құрылғысын жобалау
Микропроцессорлық жүйе туралы жалпы сипаттама
Микропроцессор туралы жалпы сипаттама
Аналогты-цифрлық түрлендіргіш және цифрлы-аналогтық түрлендіргіш
Жартылай есте сақтау құрылғылары
Триггерлер негізіндегі 4-разрядты әмбебап регистр
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz