Хорезмшах мемлекеті


Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 57 бет
Таңдаулыға:   

Кіріспе . . . 2

І-Тарау. ХІ-ХІІ ғасырлардағы Хорезмнің саяси тарихы .

  1. Хорезмшах әулетінің құрылуы мен саяси аренаға шығуы . . . 6
  2. Хорезмшахтардың қыпшақтармен қарым-қатынасы және салжұқтар бодандығынан дербестікке ұмтылуы . . . 10

ІІ-Тарау. Хорезмшах мемлекетінің құрылуы .

2. 1 Мемлекетің құрылуы, көрші елдермен саяси қарым- қатынастары . . . 17

2. 2. Хорезмшах мемлекетінде тақ таласының белең алуы және империя дәрежесіне көтерілуі . . . 21

Ш-Тарау. XIII ғасырда мемлекеттің шарықтауы мен жойылуының алғы шарттары.

  1. Хорезмшах мемлекетінің XIII ғасырда Гур, Қарақытай және Қарахан мемлекетірімен байланысы . . . 28

3. 2. Мемлекетте бір орталықка бағынбаушылықтың белең алуы және Монғол шапқыншылығына ұшырауы . . . 43

Қорытынды . . . 53

Пайдаланылған әдебиеттер . . . 58

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі: Бүгінде Қазақстан Республикасы өз тарихыңда күрделі бетбұрыс кезеңін бастан кешіріп отыр. Дүниеге қоғамға халықтың тарихына көзқарас өзгеріп отыр. Отанымызда шыншылдыққа және ақиқатты ғана айтатын тарихқа деген ынта ықылас та қаурыт өсе түсті. Тарих дегеніміз халықтың зердесі болып табылады. Тарих ол болып өткен, оны түзете алмайсың және жақында ғана жасалып келгендей каньюктураға жағынып бір түсін екіншісі мен ауыстырып жаңадан жазуға болмайды. Біз оны бүкіл қайшылықтарымен қаһармандық және қайғылы беттерімен қоса ол қандай болса нақ сол түрінде бүкіл алуан түрімен тұтас күйінде қабылдауға тиіспіз /1/. Өкінішке орай кеңестік дәуірде көптеген тарихи зерттеулерге үрдісті шамадан тыс идеолгияландыру қара-дүрсін тікелей түсіну схематизм тән еді. Тиім салу жүйесі тарихи зерттеулер деректеме базасын шектеп отырды. Қазақстан тарихын түркі халықтары тарихынан оқшаулап бөлектеп ұстады. Бұхара халықтың санасына бұрынғы КСРО халықтарының тарихында, дүние жүзілік тарихта Ресейдің ерекше роль атқарғандығы және басқыншылардан құтқарушы дәрежесі туралы идея қалыптастырды /2/. Ия XX ғасырдың аяғы ұлы қоғамдық кұбылыстарға толы ерекше бір кезең. Ең негізгісі бостандық сезімі және жас мемлекеттердің жеке алдына шаңырақ көтеруі. Тарихымызда кеткен олқылықтарға бүтіндеп толықтыратын уақыт жетті. Тарихтың ешқашанда өзгермейтінін дәлелдейтін кезең болып табылады. Саналы адамзаттың және қоғамның мәңгілік ізгі арманы, тілегі мақсаты тәуелсіздікпен тікелей байланысты.

Тақырыптың мақсаты. Менің диплом жұмысымның тақырыбы "Хорезмшах мемлекетінің құрылуы" болып табылады. Тақырыптың өзектілігі сондай кезек күттірмейтін жұмыс болып табылады. Әрине хорезмшах мемлекеті жайында елімізде дерек көздері өте аз. Тек қана монғол шапқыншылығы тұсындағы мемлекеттің саяси тарихы кеңінен айтылған. Алайда осы мемлекеттің қайдан шыққаны және құрылғаны бізге көп таныс емес. Деректер көбіне парсы-араб тілдеріңде жазылған. Сонымен қатар қазіргі таңда орыс, түрік тілдеріне тарихшылар аударып зерттеген, сонымен қатар батыс елдерінің зерттеулері де кездеседі. Әрине бізде жоқ деп айтуға болмайды, бірақ өте аз зерттелген. Сондықтан мен осы тақырыпқа қызығып, өз ойымды ортаға салып отырмын. Жалпы түріктер тарихына көз жүгіртер болсақ ғұндардың тарих сахнасына шығып мемлекет құруы және Қытайдың арандатушылық саясатының нәтижесінде екіге бөлініп, батыс ғұңдар Талас өңірімен Арал Каспий аралығында мекендеді. Бұдан кейін тарихқа көктүріктер қағанаты келді. Жібек жолының үстемдігі үшін түркі тайпалары барын салып күресті. Осының арқасында түріктердің Хорезм территориясына орналасулары басталды. Мұнан соң құрылған ұйғыр мемлекетінің қырғыздар шабуылына ұшырап ыдыраған соң ұйғырлар бет ауған жаққа көшіп кетті. Ұйғырлардың бір бөлігі Турфанға екінші бір бөлігі Гансуға орналасса, ендігі бір бөлігі Ирронқа орналасты. Сары ұйғырлар сол кездің өзінде-ақ Арал теңізінің солтүстік бөлігіне орналасты. Д. Ж. Гамильтон "Ұйғырлардың IX ғасырда күйреуінен кейін тоғыз оғыз-ұйғырлар батыс шекараға қарай ығыстырып"Арал теңізінің бойына орналастырылды" деп айтады /3/.

Жоғарыда атап айтқандай IX ғасырда ұйғырлардың бір бөлігі қимақтар қатарына кірді. Сөйтіп Шығыс Қазақстан далаларына қоныс тепті. Соңынан батысқа қарай қоныс аударды. XI ғасырдың басында Қыпшақ-қимақ мемлекеті құрылғанда, ұйғырлар және тағы басқа түркі тайпалары Орталық Азиядан көш жасап, қыпшақ тайпаларына қосылып солтүстік шығыс Хорезм аймағына орналасты. Орта Азиядағы ең мықты мұсылман мемлекетімен біріге отырып, олардың ішкі саясаттарына бүкіл тыныс тіршілігіне түгелдей араласып кетті. Н. Н. Бартольдтың тұжырымдауына карағанда "Хорезм басқа аудандармен салыстырғанда түріктердің әсер етуіне бой алдырды. Осыдан бастап XI соңғы жылдарында Хорезм билеушілерінің дені түрік есімдерімен аталды" деп жазды /4/.

Осы себептерден болар Хорезмшахтардың қандай түркі тайпасынан шыққандығы талас тудыратыны белгілі. Қалай айтсақ та Ануштегин әулетінің түрік екені даусыз болғанымен тарихшылар әр түрлі пікірлер ұстануда. Тарихшылардың көпшілігі бұл әулетті оғыз тайпасының Бегділі руына жатқызады. Тарихтан белгілі айтып өткенімдей ұйғырлар мен оғыздардың осы аумақтарға орналасуы және саяси билік құрулары, қаңлылардың бой көрсетуі, қарлұқ тайпаларының Маураннахыр территорияларыңда қоныстануы және қыпшақтардың билігі бұлардың барлығы осы аймақтармен тікелей байланысты болғандықтан әулеттің қай тайпаға жататынын дөп басып айту қиын. Сұлтан Меликшах кезінде сарайға келген Ануштегин "құмырашы" шеніне қол жеткізген /5/. Хорезм билігіне осы кезенде келген болатын. Мұхаммед ұрпақтары түрік құлдарын ұстауда ең биік сатыда тұрды. Бұл ұлттық тұтқындарды Персияда сыртқы тұлғаларымен күші және мінез-құлқы үшін өте жоғары бағаланып отырған. Бұларды Каспии теңізінің солтүстік шығысындағы елдерден жасөспірім шақтарында көптеп алып келіп отырған. Жергілікті түріктер мен тілдестер және номадтар бір-бірімен соғыста қолга түскен жасөспірімдерді құлдықка сатып отырған. Бұл балаларды әмірлер мен ел басшылары өте жоғары бағаға сатып алып оларды ислам дінінде тәрбиелеп және оларды әскери тәртіпке баулып отырған. Олардың көбі өз қожайындарының әскери жасағында немесе үй шаруашылығында қызмет атқарған. Қожайындарының сенімінен шығып адал қызмет атқарғандарының кейбіріне бостандық беріліп әскер қатарында және сарай қызметтерін аткарған. Сонымен қатар аймақ билеушісі дәрежелеріне қол жетізген. Осыдан бастап ислам дініндегі түрік құлдарының ұлы адамдар қатарына қосылып осы территорияны түріктердің жаулап алуына тездеткен болатын /6/. Менімше және тарихшылардың қелтірген деректеріне сүйене отырып Ануштегин әулетін "Қаңлылардан" шыққан деп тұжырымдаймын. Әрине мен бұл жерде кейбір тарихшыларымыз өз ата-бабаларын дәріптегені сияқты рушылдыққа салынып отырған жоқпын, аз да болса өзімнің тапқан әдебиеттеріме сүйеніп айтып отырмын. Бұған кезегі келгенде тоқталып өтемін.

Хорезмшах билеушілері саяси билігін нығайту мақсаттарында көшпелі тайпалармен қақтығысып отырған. Олардың бір бөлігін бейбітшілік жолмен жайылымдық жерлер беріп ислам дінін қабылдатса және әскери шендер үлестіріп қызықтырып отырған. Өз бостандығы мен дербестігі үшін күрескен бөлігін, күштеп басқыншылық жорықтар арқылы бағындырып отырған. Ел билеуші хорезмшахтар билікке қол жеткізісімен өз мемлекетін кеңейтуге әрі мықты әскер көшпелі тайпалар екенін түсініп, оларды өз уыстарынан шығармауға күш салып отырған. Сонымен қатар кең байтақ Қазақстан далалары да қызықтырып отырған. Салжұқ бодандығынан шығып, қарақытайларға бағыныштылығы, Батыс қарахандарды және Гуриттерді жеңіп тарихымыздан өшпестей орын алған "Отырар апаты" және сол кездегі монғол шапқыншылығына өжеттікпен қарсы тұрған, ең маңыздысы өмірі қысқа болса да, ислам дінінің кең етек жайуына себепкер болған бірден бір мемлекет болып табылады /7/.

Дипломның құрылымы: Кіріспе және үш тараудан, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттерден тұрады.

І-тарау. ХІ-ХІІ ғасырлардағы Хорезмнің саяси тарихы.

1. 1. Хорезмшах әулетінің құрылуымен саяси аренаға шығуы.

Амудария өзенінің төменгі ағысының екі жағына орналасқан географиялық аймақ Хорезм атымен аталады. Осы аумаққа билік жүргізген билеушілердің барлығына "хорезмшах" атағы беріліп отырған /8/. Хорезм атымен танылған бұл аймаққа салжұқтардан бұрын бірнеше мемлеккеттер билік жүргізген. Н. Н Бартольд бұл аймаққа билік жүргізген мемлекеттерді төрт бөлікке бөлген.

1. Исламнан бұрын пайда болған және 995 жылына дейін саяси билігін сақтаған Афригиттер.

2. 995-1017 жылдарында билік жүргізген Мамун әулеті.

3. Ғазнауи сұлтаны Махмудтың Хорезмді жаулап алып, жергілікті билікті 1017 жылы Алтынташқа берді. Алтынташ хорезмшахтары болып табылады.

4. 1097-1231 жылдар арасында салжұқтардың тағайындауымен Хорезм билігін қолдарына алған ең соңғы хорезмшахтар болып табылады/9/.

Алғашқы Хорезмшахтар дәуірінде орталық Кас (қазіргі Шах Аббас Нели ауданы) қаласы болатын. Бұл кезеңде Хорезмнің оңтүстік аумағы маңызды болған. Алайда Амударияның солтүстік аймағында өте маңызды қала болып есептелген Үргеніш каласының әміршісі Мамун 996 жылы Кас қаласың жаулап алуымен оңтүстіктегі маңыздылық Үргеніш қаласына ауысты. Аздаған уақыт ішінде тек сауда мен шектелмей саяси және мәдени аланда өте қарқынмен дамыды. 1017 жылы Хорезмді Мамун әулетінің соңғы хорезмшахы Абул Харис Мұхаммед бин Алиден, Ғазнауи сұлтаны Махмуд тартып алып әскербасыларының бірі Алтынташты тағайындады. Алайда хорезмшах Харун Ғазнауи сұлтанының орнына отырған сұлтан Месудқа қарсы көтерліс жасады. Сонымен қатар сол кезеңде Хорезм территориясына келген Тұғырыл, Чағры және Ибрахим Инал басқаруындағы салжұқ түркмендері мен қосылып Хорасанды өздеріне қаратпақшы болды. Бірақ Женд қаласының билеушісі Шах-Мелик, Ғазнауи мемлекетімен одақтасып 1034 жылы салжұқ түркмендеріне шабуыл жасауы Харунның жоспарын тежеді. 1035 жылы хорезмшах Харунның өлімі, Хорезмді қайта саяси келеңсіздіктерге ұшыратты/10/.

Дегенімен аздаған уақыттан кейін Харунның бауыры Исмайыл Хандан "хорезмшах" болды. Харунның өлтірілуіне байланысты салжұқтар бұл жерде өздеріне қолайлы отан болмайтынына көз жеткізіп Хорасан территориясына көш жасаудан басқа шаралары қалмады. Ғазнауи сұлтаны, Шах-Меликтің Хорезмнен дәмелі екенін түсініп оған басы бүтін өзіне берілгені жөнінде хабарлады. Бұл хабарды алысымен Шах-Мелик Хорезмге қысымын арттырды және Алтынташ әулетін жақтастарымен қоса ығыстырып 1041 жылы 12-ақпанда Үргенішке басып кірді /11/. Сұлтан Месуд бұл жерде өз атына "қүтбе" оқытты. Осы уақытта Хорасанда салжұқтар Бейдоғду, Хажиб субашы әскер басшылардың басқаруымен Ғазнауи әскерлерін жеңіліске ұшыратты. 1040 жылы салжұқтар Ғазнауи мемлекетін "Данданакан" соғысыңда ауыр жеңіліске ұшыратты. Шах-Мелик тарпынан Хорезмнен куылған Алтынташ ұрпақтары Хорасанға келіп ескі достары салжұқтарды паналағанымен көп ұзамай ыдырап кетті. Батыс Иран жорығынан оралған. Тұғырыл Чағрымен қосылып 1043 жылы Хорезмге аттанды. Үргеніш қаласын қоршауға алғаңда Шах-Мелик қоршаудан құтылып шығып Ғазнауилерді паналады. Хабибус Сиер мағлұматында Шах-Мелик Ғазнауилерден жәрдем алмақшы болып жолға шыққаңда өлді деп келтіреді. Ибнул Есирдің келтірген дерегіне сүйенсек Чағры алғашқы жорығында сәтсіздікке ұшыраған. Сұлтан Месудтың орнына отырған Мендут уақтында, Шах-Мелик Ғазнауи мемлекетіне бағынышты болған. Тұғырылдың Хорезм жорығында Шах-Мелик қашып Дихистан, Табес, Кирман аймағынан Мекранға дейін шегінген. Бірақ бұл жерде Ибрахим Иналдың бауыры Ерташ оны ұстап Чағрыға берген дейді. Осыған қарағанда Хорезмде салжұқ билігі Тұғырыл бей кезеңінде құрылған деп айтуға болады. 1065 жылы сұлтан Алып-Арслан Маңғышлаққа жорық ұйымдастырды Салжұқ мырзаның мазарына зиярат ету мақсатымен Женд қаласына барды. Қайтар жолында Үргенішке соғып билігін екінші баласы Арслан Аргунға берді /12/.

Қалай айтсақта Алып Арслан немесе Меликшах кезендеріңде осы кісілердің ықпалымен Хорезм билігіне әмірлер тағайындалып отырған. Сұлтан Меликшах Ануштегинді Хорезм билігіне тағайындады /13/. Алайда Ануштегин бұл әмірлікке келгенімен шын мәніңде Хорезмнің билігі қыпшақ тайпасынан шыққан хорезмшах Елкенже бин Қошқардың қолында болатын. Марвазидің келтірген дерегіне сүйенсек Еленкже (Акинжи) бин Қошқарды хұн немесе қидан тайпасынан шыққан дейді. Елкенже Санжардың құлы болған, билік басына отырғызған да сол Санжар болатын /14/. Дегенімен Елкенже бин Қошқарды Қодан мен Ярукташ өлтіріп әскерін ыдыратып жіберді. Содан кейін Хорезм халқына өздерін сұлтан жіберді деп жергілікті билікті қолдарына алды. Мұны естіген Беркярук Хорасан аумағына әмір етіп тағайындаған Хабеш бин Алтынтақты, Қодан мен Ярукташты жазалау үшін Хорезмге аттандырды. Хабеш Хорасанда болған оқиғаларды бір арнаға түсіріп жергілікті билікті Ануштегиннің баласы Кутб ад-дин Мұхаммедке берді. Хорезмшах Кутб ад-дин Мұхаммед Хорезмді 30 жыл яғни өлгенінше биледі және Санжарға тәуелді әрі бағынышты болды /15/. Ең бастысы осы әулеттің қайдан шығып қайда барғаны жөңінде сөз етсек, жоғарыда атап өткендей хорезмшах династиясының атасы болып есептелетін Ануштегин түрік екені даусыз. Алайда қандай түрік тайпасынан шықканы әлі күнге шешімін таппай келе жатқан даулы мәселелердің бірі болып қалып отыр. Ибнул Есирмен Ала ад-дин Ата Мәлік Жунейнидің келтірген мәліметтеріне сүйенсек салжұқ мемлекетінің әмірі Білге Тегін, Ануштегинді Гаржистандан сатып алған бір құл екені айтылады /16/. Осы себептен кейін ол Ануштегеин Гаржалық деп аталған. Ата Мәлік Жунейни тек қана Ануштегиңді түрік ретінде көрсеткен. Рашид ад-дин Ануштегинді Оғыз тайпасының Бегдлі руынан шыққан дейді /17/. Алайда бұл дерек Жувейниде көрсетілмеген. Бартольдтың мәліметтерінде кездеспейді. Фуад Қөпрулі "Жами ат Таварихқа" сүйеніп бұл пікірді қостайды. Дегенімен бүгінгі танда Рашид ад-динның айтқан мәліметін дәлелдейтін ешқандай қосымша дерек көзі жоқ. 3. У. Тоғанда алғашқы жылдары "Жами ат Таварихқа" қосылғанымен кейіннен бұл пікіріне қарсы жаңа мақалалар жариялады. Хорезмшахтардың атасы болған Ануштегиннің "Грже" атағын "Гузже" деп оқыған Рашид ад-дин оны оғыз тайпасынан санағанымен Енуше (Нуше, Нуш) және Тегин сияқты Тянь-Шань аймағының түріктері арасында қолданылған екі сөздің түрегенін және ұрпақтарының ешқашаңда оғыз болмағанына қарасақ, Ануштегиннің оғыз болмағаны белгілі. Тоған үздксіз Ануштегиннің ұрпағын имек, қаңлы, қыпшақ және ұйғыр тайпаларына байланыстырған. Шемс бин Кайстың жазған лұғатында бұл әулетті яғни Ануштегиннің Хорезмді билеген ұрпақтарына "Қаңлы Хорезмшахтар дәуірі" деп атап көрсеткен /18/. Міне 3. У. Тоған осы деректерге сүйене отырып Хорезмдегі Ануштегин ұрпағын "Қаңлы Хорезмшахтары" деп көрсетеді. Осы пікірлерге Ибрахим Кафесоглу әлі толық шешімін таппаған мәселе деп қарайды. Ануштегиннің лақабын "Грже" деп көрсеткен аңыздар бұл сөздің "Гурже" кіші огур де болуы мүмкін деп айтады /19/. Десек те осы кездегі хорезмшахтар уақтында қыпшақ тайпасына қараған түріктерге "Ұйғырзадеган", "Ұйғыр ұлдары" деп те аталған. Сонымен бұл пікірлерге қарап отырып өз ойымды ортаға салып отырмын. Меніңше Ануштегин оғыз тайпасынан емес, қаңлы тайпаларынан шыққан ба деп тұжырымдаймын. Әрине Ануштегин Халаш түріктерінен де болуға ғажаб емес. Хорезмшах әулетінің бұл жерде қыпшақ тайпасынан да қаңлы тайпасына жақындығы көрініп тұр. Өйткені жоғарыда атап өткенімдей оның ұрпақтарына "Қаңлы Хорезмшахтары" деп аталса яғни Кутб ад-дин Мұхаммед және хорезмшах Атсыз кезеңдеріне айтылған. Сонымен Ануштегиннің билік басына қалай келгенін айтар болсақ Ануштегинді Изз ад-Динан Онаром Билге Тегин оны сатып алған /20/. Осылайша ол сарайға келді және бұл жерде ол өте ақылдылығымен көзге түсіп Меликшахтың қарамағында болды. Сарайда "Құмырашы" "таштар" мансабтарына қол жеткізген болатын /21/.

1. 2. Хорезмшахтардың қыпшақтармен қарым-қатынасы және Салжұқтар бодаңдығынан дербестікке ұмтылуы.

Кутб ад-дин Мұхаммед өлгеннен кейін орнына үлкен баласы Атсыз отырды. Атсыз 492 (1099) жылы туылған /22/. Атсыздың бұл орынға келуінің басты себебі сұлтан Санжар Кутб ад-дин Мұхаммедке өте разы болғаны үшін өлгенде орнына баласы Атсызды хорезмшах етіп тағайындады. Сонымен қатар Атсыз алғыр және ел басқара алатын қабылетін байқаған сұлтан оны осы орынға отыруға лайықты деп тапқан. Сұлтан Санжардың барлық соғыстарына қатынасып отырған, жоғары марапаттарға ие болған және өзінің саяси билігін артыру мақсатында әкесінің қорғаныс әрекеттерінен гөрі Атсыз жаугершілікке көшіп Женд, Маңғышлақ және Сырдарияның солтүстік аймақтарына жорықтар жасады. Маңғыстауды жаулап алып қыпшақтар мен олардың одақтастары оғыз-язырларды талқаңдап, Женд қаласын басып алды. Қырға бойлай еніп, бірнеше сәтті жорықтар жасап, 1133 жылы "дінсіздер арасында зор құрметке ие болған" қыпшақ ханын женді /23/. Деректемелер жоғарғы қыпшақ ханының байырғы өз ұлысы шегінде алғаш рет жеңіліске ұшырауының себептері туралы ешқаңдай қосымша деректер келтірілмейді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Түркі-ислам байланыстары
Қыпшақ мемлекеті
Қыпшақ хандығының құрылуы мәселесін қарастыру
Моңғолдар мемлекетінің құрылуы
Ежелгі Хорезм мемлекеті
Қимақтар
Оғыз мемлекетінің мәдениеті
Қыпшақ дәуіріндегі Қазақстан
Қазақстан тарихындағы Монғол мемлекеті
МОҢҒОЛ МЕМЛЕКЕТІНІҢ СЫРТҚЫ САЯСАТЫ. ШЫҢҒЫСХАН ЖӘНЕ ТҮРІК-МОҢҒОЛ МЕМЛЕКЕТІ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz