Капиталдың құрамы мен сипаттамасы



1 Капиталдың құрамы
2 «Капитал және резервтер»
3 Жарғылық капитал
4 Табыстар жайлы және оны табу
Қазақстан Республикасының заңына сәйкес кәсіпорындар өзінің құрылуы барысында, яғни шаруашылық қызметпен айналысу үшін белгілі бір мөлшерде мүліктерге ие болуы тиіс. Осы жоғарыда аталған мүліктердің ақшалай өлшемге айналдырылғандағы жиынтығы ұйымның меншікті капиталы болып саналады. Кәсіпорын алғаш құрылған кезде оның капиталы Қазақстан Республикасы заңында қаралған мөлшерден кем болмауы тиіс және де ол сол ұйымның құрылтайшыларының, акционерлерінің ақшалай, заттай және басқадай түрде қоғамға қосқан үлестерінен құралады. Бұл сома, яғни кәсіпорынның капиталы осы ұйымның қызметі барысында тапқан таза табысы және басқа да көздерден, тегін түскен мүліктер мен ақшалай қаржылар есебінен өсіп отырады.
Жалпы кәсіпорынның есебін жүргізу барысында жұмыс істеп тұрған, қызмет атқарушы, яғни қолданыстағы капиталы және оның құрамы мен құрлымы бухгалтерлік баланстың активінде көрсетілсе, ол капиталдың қаржыландыру көздері баланстың пассивінде көрсетіледі.
Кәсіпорын мүлкінің құрамы.
Ұйымның барлық мүлігі қысқа мерзімді активтер және ұзақ мерзімді активтер болып екіге бөлінеді.
Ұзақ мерзімді активтер негізгі құралдардан, метериалдық емес активтерден, ұзақ мерзімді қаржылық инвестициялардан, басқа да ұзақ мерзімді активтерден құралады. Жалпы ұзақ мерзімді активтер шаруашылық субъектінің материалдық-техникалық базасын жасауға және дамытуға арналады.
Ал, қысқа мерзімді активтер кәсіпорынның қызмет атқаруы барысында пайда табуға негізделеді. Соған сәйкес олардың қатарына ақша қаражаттары, қысқа мерзімді қаржылық инвестициялар, қорлар, қысқа мерзімді дебиторлық берешектер және басқа да қысқа мерзімді активтер жатады.
Кәсіпорын мүліктерінің (капиталының) құрылу көздері.
Кәсіпорын мүлкі оның негізгі құралдары мен қысқа мерзімді қаржыларының құнынан құралады. Ұйымның меншікті капиталының көздері болып мыналар саналады:
- жарғылық капитал;
- резервтік капитал;
- бөлінбеген кіріс.
Кәсіпорындар өздерінің қызмет атқаруы барысында меншікті қаржыларының басқа қарыз қаражаттарын да пайдаланады. Ал олардың қатарына қысқа және ұзақ мерзімді несиелер, қарыздар, алынған аванстар және басқа да кредиторлық қарыздар жатады.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
Капиталдың құрамы мен мен сипаттамасы
Қазақстан Республикасының заңына сәйкес кәсіпорындар өзінің құрылуы барысында, яғни шаруашылық қызметпен айналысу үшін белгілі бір мөлшерде мүліктерге ие болуы тиіс. Осы жоғарыда аталған мүліктердің ақшалай өлшемге айналдырылғандағы жиынтығы ұйымның меншікті капиталы болып саналады. Кәсіпорын алғаш құрылған кезде оның капиталы Қазақстан Республикасы заңында қаралған мөлшерден кем болмауы тиіс және де ол сол ұйымның құрылтайшыларының, акционерлерінің ақшалай, заттай және басқадай түрде қоғамға қосқан үлестерінен құралады. Бұл сома, яғни кәсіпорынның капиталы осы ұйымның қызметі барысында тапқан таза табысы және басқа да көздерден, тегін түскен мүліктер мен ақшалай қаржылар есебінен өсіп отырады.
Жалпы кәсіпорынның есебін жүргізу барысында жұмыс істеп тұрған, қызмет атқарушы, яғни қолданыстағы капиталы және оның құрамы мен құрлымы бухгалтерлік баланстың активінде көрсетілсе, ол капиталдың қаржыландыру көздері баланстың пассивінде көрсетіледі.
Кәсіпорын мүлкінің құрамы.
Ұйымның барлық мүлігі қысқа мерзімді активтер және ұзақ мерзімді активтер болып екіге бөлінеді.
Ұзақ мерзімді активтер негізгі құралдардан, метериалдық емес активтерден, ұзақ мерзімді қаржылық инвестициялардан, басқа да ұзақ мерзімді активтерден құралады. Жалпы ұзақ мерзімді активтер шаруашылық субъектінің материалдық-техникалық базасын жасауға және дамытуға арналады.
Ал, қысқа мерзімді активтер кәсіпорынның қызмет атқаруы барысында пайда табуға негізделеді. Соған сәйкес олардың қатарына ақша қаражаттары, қысқа мерзімді қаржылық инвестициялар, қорлар, қысқа мерзімді дебиторлық берешектер және басқа да қысқа мерзімді активтер жатады.
Кәсіпорын мүліктерінің (капиталының) құрылу көздері.
Кәсіпорын мүлкі оның негізгі құралдары мен қысқа мерзімді қаржыларының құнынан құралады. Ұйымның меншікті капиталының көздері болып мыналар саналады:
- жарғылық капитал;
- резервтік капитал;
- бөлінбеген кіріс.
Кәсіпорындар өздерінің қызмет атқаруы барысында меншікті қаржыларының басқа қарыз қаражаттарын да пайдаланады. Ал олардың қатарына қысқа және ұзақ мерзімді несиелер, қарыздар, алынған аванстар және басқа да кредиторлық қарыздар жатады.
Жарғылық қор меншік иесінің (кәсіпорынның) жарғысында қаралған қызметтерін қамтамасыз ету үшін инвестициялық қаржылардың сомасы болып табылады.
Меншік иесінің тиісті құқығымен жауапкершілігіне қарай ұйымның жарғылық қоры мынадай түрлерге бөлінеді.
Кәсіпорындардың (толық серіктестік, коммандиттік серіктестік, жауапкершілігі шектеулі серіктестік, қосымша жауапкершілігі бар серіктестік, акционерлік қоғам) жарғылық капиталы.
Өндірістік кооператив мүшелерінің мүлік жарналары (үлестері).
Жарғылық қор мөлшері ұйымның жарғысында және басқа да құрылтайшылық құжаттарында белгіленген, үкіметтің атқарушы органдарында тіркелуі керек. Оның мөлшері құрылтайшылық құжаттарға тиісті өзгерістер енгізілгеннен кейін ғана өзгеруі мүмкін.
Барлық ұйымдардың меншікті капиталына екі қасиет тән. Біріншіден, ол материалдық-құндылық құрылым иеленбегендіктен сезілмейді және ол әрқашанда активтің көзі рөлінде қатысады. Екіншіден, меншікті капитал ақшалай түрден заттық түрге ауыса алатын немесе керісінше жағдайда өзінің нысанын өзгертетін меншікті құралдар түсінігіне синоним деп қарастыруға болмайды.
Меншікті капиталдың қаржылық есебінің негізгі мақсаты ресурстарды дұрыс қолдану мен сақтауда бақылаудың болуы. Бұл мақсатқа жету үшін қаржылық есеп мыналарды бақылауға қамтамасыз етуі тиіс:
жарғылық капиталға қатысушылардың үлестерін уақытында және толық қабылдап алу;
мерзімінде, толық және дәл көрсетілген жарғылық капиталдың немесе оның әр түрлерінің жалпы сомаларының өсуі немесе кемуі жайлы өзгерістерді айқындап отыру;
меншіктік акцияларды сатудан (эмиссиялық кіріс) түскен табыстарды алу;
инфляцияға байланысты негізгі құралдарды, инвестицияларды және басқа да активтерді қайта бағалаудан кейін капиталдың сомасын уақытында және дәл анықтау;
резервтік капиталдың уақытында және дұрыс құрылуы мен оны дұрыс қолдану;
алдыңғы есеп беру жылы мен есеп беру жылында пайда болған бөлінбеген кіріс (жабылмаған залал) сомаларын дұрыс анықтау және көрсету.
Меншікті капитал есебіне Халықаралық қаржылық есеп стандартының бухгалтерлік есеп шоттарының жұмыс жоспарына сәйкес V бөлім арналған.
Капитал және резервтер бөлімінің шоттары капитал мен резервтерді есепке алуға арналған. Капитал- бұл ұйымның активтерінде оның барлық міндеттемелерін шегергеннен кейін қалған үлес.
Аталған бөлім мынадай кіші бөлімдерді қамтиды:
5000 Шығарылған капитал
5100 Эмиссиялық кіріс
5200 Сатып алынған жеке меншік үлестік аспаптар
5300 Резервтер
5400 Бөлінбеген кіріс (жабылмаған залал)
5000 Шығарылған капитал кіші бөлімі шығарылған капиталды есепке алуға арналған және шоттардың мынадай топтарын қамтиды:
5010- Жарияланған капитал -мұнда акционерлік қоғамның төленген эмиссияланған қарапайым, артықшылықты акцияларының жиынтық атаулы құны, сондай-ақ серіктестіктің жарғылық капиталына салымдар мен жарналар көрініс табады;
5020- Төленбеген капитал - онда ұйымдардың жарғылық капиталына эмиссияланған акцияларды төлеу, салымдарды (мүліктік жарналарды) енгізу жөніндегі операциялар, сондай-ақ ұйымдардың жарғылық капиталына эмиссияланған акцияларды төлеу жөніндегі жеке тұлғалар мен ұйымдардың берешегі және салымдарды (мүліктік жарналарды) енгізу жөніндегі құрылтайшылардың берешегі көрсетіледі.
5100 Эмиссиялық кіріс кіші бөлімі шоттардың мынадай тобын қамтиды:
5110 - Эмиссиялық кіріс - онда шығарылған акциялар бойынша эмиссиялық кіріс есепке алынады.
5200 Сатып алынған жеке меншік үлестік аспаптар кіші бөлімі сатып алынған меншікті үлес құралдарын есепке алуға арналған және шоттардың мынадай тобын қамтиды:
5210- Сатып алынған жеке меншік үлестік аспаптар - онда өздерінің меншікті үлес құралдарын сатып алу кезінде ұйым келтірген шығындар ескеріледі.
5300 Резервтер кіші бөлімі резервтерді есепке алуға арналған, ол қаржылық есептілік стандарттарының талаптарына сәйкес, сондай-ақ құрылтай құжаттарына және ұйымның есепке алу саясатына сәйкес капиталдың шоттарында көрсетіледі және шоттардың мынадай топтарын қамтиды:
5310- Құрылтай құжаттарында белгіленген резервтік капитал - онда Қазақстан Республикасының заңнамасына және құрылтай құжаттарына сәйкес белгіленген резервтік капитал көрсетіледі;
5320- Қайта бағалауға раналған резерв - онда қаржылық активтерді, негізгі құралдарды, материалдық емес активтерді қайта бағалау жөніндегі операциялар көрсетіледі;
5330- Шетелдік валютаны қайта есептеуге арналған резерв - онда монетарлық бап бойынша туындайтын бағамдық айырмалар көрсетіледі, ол барлық жағынан шетелдік ұйымға ұйымның таза инвестицияларының бөлігін құрайды, меншікті капитал ретінде ұйымның қаржылық есептілігінде, таза инвестициялардың шығарылуына дейін, одан кейін олар кіріс немесе шығыс ретінде танылуы тиіс;
5340- Басқа да резервтер - онда алдындағы топтарда көрсетілмеген басқа да резервтер көрсетіледі.
5400 Бөлінбеген кіріс (жабылмаған залал) бөлімшесі бөлінбеген кірісті немесе жабылмаған залалды есепке алу үшін арналған және мынадай шоттардың топтарын қамтиды:
5410- Есептік жылдың пайдасы (залалы) - онда есептік жылдың пайдасы немесе залалы көрсетіледі, сондай-ақ есептік жыл үшін түпкі қаржылық нәтижені қалыптастыру жөніндегі ақпарат жинақталады;
5420- Есеп саясатының өзгеруі нәтижесінде пайданы (залалды) түзету - онда есеп саясатының өзгеруі нәтижесінде пайданы (залалды) түзету жөніндегі операциялар көрсетіледі;
5430- Өткен жылдардағы пайда (залал) - онда өткен жылдардағы пайда (залал) көрсетіледі.
Корпорацияның негізгі қаржылық құрылымының өзінің меншік капиталының келесідей элементтерін құрайды:
- жарғылық капитал;
- акционерлік қоғамынан сатып алынғаннан кейін қайта сатуға немесе күшін жоюға құқығы бар меншік акциялары;
- резервті капитал;
- қосымша капитал;
- бөлінбеген табыс (жабылмаған залал);
- мақсатты қаржыландыру.
Жарғылық капитал корпорация мүліктерінің ең аз мөлшерін анықтайды және ол несие берушінің мүддесіне кепілдік береді. Жарғылық капитал негізгі құралдардың, мүліктердің жиынтығын, материалдық емес активтерді және де ұйымды құрушылардың арасындағы енші үлестер туралы құжаттарды анықтайтын мүліктік құқықтарды сипаттайды.
Жарғылық капитал кәсіпорындардың әр түрлі ұйымдастыру - құқықтық нысандарында (серіктестік пен қоғам) сәйкес қалыптасады.
Мысалы, АҚ - ның жарғылық капиталы акционерлерден алынған жай және артықшылығы бар акциялардың номиналдық құнынан құрылады. Бірақ артықшылығы бар акцияның номинлдық құны жарғылық капиталдың көлемінен 25 % аспауы керек. Ұйымды құрғанда барлық акциялар оны құрышылары арасында бөлінеді.
Қазақстан Республикасының зандарына сәйкес ААҚ-ның жарғылық қорының ең аз мөлшері ЕАК 50000 мәрте көлемінен кем болмауы тиіс. Акцияларға төлем формасы (ақшамен, бағалы қағазбен, ақшалы бағамы бар мүліктік құқықпен) ұйымның құрылуы келісімі мен жарғысы арқылы анықталады, ал қосымша акциялар оны орналастыру шешімімен анықталады.
Ұйымның жарғысымен акцияның көлемін, номиналдық бағасын және категориясын қоғамдық ұйым өзі қосымша анықтауға толық құқығы бар. Егер де жарғыда бұл ерекшеліктер жоқ болса, қосымша акция орналастыруға болмайды.
Қосымша акцияны алу үшін оның номиналдық құны 25 % кем емес ақша қаражаттарынан төмендеуі тиіс. Акционерлерді акцияға төленетін төлем ақынан босатуға құқығы жоқ. Жарғылық капиталды толық төлемейінше, акцияларға ашық түрде жазылуға мүмкіндік берілмейді. Қоғамдық ұйымды құрғанда оның акциялары құрушылар арасында ғана таратылған.
Ұйымның таза активтері 2 жылда және одан кейінгі жылдарда жарғылық капиталынан кем болатын болса ұйым оны тиісті органдарға хабарлауы керек. Ал егер де жарғылық капиталдын ең кіші мөлшері заңға сәйкес таза активтерден аз анықталатын болса, онда ұйымды таратуға тура келеді. Ұйымның жарғылық капиталын акциялардың номиналдық құнын өсіру арқылы немесе қосымша акцияларды орналастыру арқылы ұлғайтуға болады. Акциялық номиналдық құнын өсіру туралы шешім барлық акциялардың жалпы жиналысында талқыланады. Ал жарғылық капиталды арттыру мақсатында қосымша акцияларды орналастыру туралы шешімді акционерлер немесе директорлар кеңесінің жиналысында жасайды. Мұндай құқық ұйымның жарғысында бекітілуі керек. Қосымша акциялар тек жарғыда көрсетілген белгілі бір мөлшерге дейін ғана орналастыру керек.
Ұйымның жарғылық капиталын қосымша акциялар арқылы немесе олардың номиналдық құның жоғарлату арқылы ғана оның мүлкінің есебінен жүзеге асырылады. Егер де жарғылық капиталды ұйымның мүлкі арқылы қосымша акцияларды орналастырса, оларды акционерлер арасында тарату керек. Сонымен қатар акциялар бірдей категориялы болуы қажет.
Ал жарғылық капиталды қосымша акциялардың енгізілуінен бұрын жоғарылатса, одан бөлшек акциялар шығаруына рұқсат берілмейді.
Жарғылық капиталды номиналдық құны арқылы немесе жалпы акциялардың саның қысқарту арқылы төмендетуге болады. Егер де жарғылық капиталды төмендететін болсақ, онда заңға сәйкес оның ең кіші мөлшерінен төмен болмауы керек. Тек акционерлердің жылпы жиналысында ғана жарғылық капиталды төмендету туралы шешім қабылданады. Сонымен қатар ұйымның жарғылық ережесіне де ептеген өзгерістер енгізеді.
Жарғылық капиталды төмендету жағдайындағы міндеттер:
Біріншіден, егер де заңға сәйкес 13.05.2003 ж. АҚ туралы акцияларға төлем мерзімінде толық төленбесе, акция ұйымының басқаруына беріледі. Ұйымның келісім шартында қарастырылғандай, акцияларға төлемнің мерзімінде түспеуіне байланысты айыппұл төлейді. Мұндай акциялар жалпы жиналыста дауыс құқығынан айырылады және оған дивиденд төленбейді. Акция ұйымның басқарылуына түскен сәттен бастап 1 жылдың ішінде сатылуы керек. Ал егер көрсетілген мерзімде акция сатылмаса, акционерлер жалпы жиналыс құрып, жарғылық капиталды төмендету туралы шешім қабылдайды. Ұйым мұндай шешімді мрезімінде қабылдамаса, заңды тұлғалардың мемлекеттік тіркеу органы ұйымды тарату жөнінде сотқа шағым жасауға құқығы бар. Акцияға төлем толық төленгеннен кейін ғана қосымша акцияға жазылуға мүмкіндік бар.
Екіншіден, Акционерлік қоғам туралы заң сәйкес дауыс беретін акцияларды ұйымның талабымен сатып алуы айтылған. Мысалы, мүліктері 50 % баланстың құнынан жоғары болатын активтеріне байланысты ұйымның қайта құрылуы немесе көлемді келесі жасағанда, шешімге қарсы дауыс бергендер немесе дауысқа қатыспағандар талабымен ұйым акциясын сатып алады.
Акционер ұйымнан шешім қабылдаған күннен бастап, 45 күн ішінде жазбаша түрде талап ету қажет. Егер де акционер талап ету құжатын жазбаса, онда ұйым 30 күн ішінде акцияны қайта сатып алуға міндетті. Ұйымның жалпы акцияларды сатып алу құралдарының сомасы, оның 10 % -к таза активтерінен аспауы керек. Қйымды қайта құрған кезде бұрынғы акцияның қалдық төлемі өтелінуі тиіс. Егер де ұйым басқаша жағдайда сатып алса, акция ұйымның басқарылуына беріліп, 1 жыл ішінде нарық бағасымен сатылуы тиіс. Ұйым бұл жағдайларды дұрыс шешпесе, онда акционерлер жалпы жиналыс құрып, жарғылық капиталды төмендету туралы шешім қабылдайды.
Ұйым 30 күн ішінде өзінің кредиторларына жарғылық капиталының төмендегені туралы хабарлама беріу керек. Хабарлама берілген күннен бастап 30 күн ішінде несие кредиторлар ұйымынан, мерзімінен бұрын міндетін өтеуді немесе тоқтатуды, осыған байланысты келтірген шығындарды төлеуді талап етуге құқықтары бар.
Жарғылық капитал АҚ-ң меншік капиталдың ішіндегі ең турақтысы болып саналады. Әдетте кәсіпорын өз меншік формасын өзгертпесе, ол жыл бойы өзгеріссіз тура береді. Ақ-ң немесе серіктестіктің акционері өзінің меншік акциясын сатқанда нақтылық шығындар сомасы бухгалтерлік есептемеде жазылады, Меншік акциялар дебетіне, ал кредитіне ақша құралдарының есептемесі жазылады.
Меншік акциялар шотында болатын акцияларды сатып алу мен олардың арасындағы номиналдық құнның айырмашылығын Басқа да кірістер мен шығыстар шотында жазуға болады.
АҚ-ң резервтік капиталы оның жарғысында қарастырылғандай жарғылық капиталдың 5 % -нен төмен болмау керек. Резервті капитал жарғыда көрсеткендей таза табыстан жыл сайын түсіп отыратын міндетті төлемдерден құралады. Жыл сайынғы аударымдар жарғыда бекітіледі және ол табыстың 5 % кем болмауы тиіс. Акциялар мен облигацияларды сатып алу үшін ұйымның басқа ақша қаражаттар болмаса, онда резервтік капиталды қолданады.
Шетелдік инвестициялары бар кәсіпорындар резервттік капиталына таза табыстан ең жоғарғы көлемде салым салынады. Шаруашылық серіктестіктер мен ұйымдар үшін резервттік капиталдың ең төмен мөлшері көрсетілмеген. Ол көбінесе белгіленген ұйымдастырушы құжаттар көлемінде жинақталады.
Мүлік бағамының жоғарлауы, эмиссиялық кіріс, қайтарымсыз бағалы құндылықтар және тағы басқа түсімдер қосымша капиталды көрсетеді.
Қосымша капиталдың негізгі элементіне кіретіндер:
- айналымнан тыс активтердің қосымша бағалуының сомасы;
- акционерлік қоғамның эмиссиялық кірісі;
- басқа кәсіпорындардан немесе басқа да түсімдерден түскен қайтарымсыз мүліктер.
Сомалар қосымша капитал шотының кредитіне ереже бойынша көшірілмейді. Ал дебетке олар келесі жағдайларда жазылады:
1) тыс активтердің бағалау қорытындысы бойынша сомасының төмендеуі - актив шоттардың корреспонденциясы есебінен анықталуы;
2) жарғылық капиталды ұлғайтудың бағыттары - жарғылық капитал және құрушы мен есеп айырысу шоттардың кредитіне жазылып корреспонденциялауы;
3) ұйымды құрушылар арасында соманы бөлу - құрушы мен есеп айырысу корреспонденцияланғанда.
Мақсаттық қаржыландыру шотының құрамында мақсаттық шараларға жұмсалатын ақша қаражаттары кіреді (заңды тұлғаларрдан немесе мемлекеттен түсетін бюджеттік қаржы бөлу ретіндегі ақша құралдары). Белгілі бір шамаларды мақсаттық қаржыландыру корреспонденциясы Мақсаттық қаржыландыру шоты кредитінде, дебитормен, кредитормен әр түрлі есеп айырысу шоты дебетінде жазылса, әл кредитінде көрсетілетін шоттар.
- Негізгі өндіріс және жалпы шаралық шығындар;
- Бейне коммерциялық ұйымдарды қаржыландыру бағытында;
- Қосымша капитал - инвестициялық мақсаттақолданылатын құралдарда;
- Болашақ кезен табыстары бюджеттік құралдарды мақсаттық шығындарды қаржыландыру бағытында.
Әр бөлімшенің меншікті үлес салмағының жалпы көлемі меншік капиталының құрылымын көрсетеді. Бұл капитал құрылымына сыртқы және ішкі факторлар әсер етеді. Ішкі факторлар корпорация басшылығының бақылауында болды. Сыртқы факторларды меншік капиталдың құрылымының мақсатты қалыптасуында байқаймыз. Әдетте бұларға кіретіндер: қаржылық нарық жағдайы және мемлекеттің ақша - несие, салық саясаттары. Меншік капиталының құрылымының есеп беру кезінде (тоқсан, жыл) және болашақта болатын болжамын құрғанда көруге болады.
Кәсiпорынның жарғылық капиталы қызметтi бастауды қамтамасыз ету үшiн жаңадан құрылған кәсiпорынның жасаған қаражаттарының сомасы болып саналады.
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес, шаруашылық жүргізуші ұйымдардың алуан түрлері құрылады. Қосымша №1
Ол акцияларды орналастырудың немесе сатудың, жеке капиталын салудың, мемлекеттiң қаражаттарының, материалдық емес активтердiң және басқа да мүлiктердiң немесе мүлiктiк құқықтарының есебiнен құрылады. Сонымен қоса, жарғылық капитал жаңадан құрылған заңды тұлғалар өз қызметiн бастау үшiн бастапқы материалдық базасы болып та табылады, ол құрылтайшылардың (акционерлердiң, қатысушылардың) қатысу үлесiн және кепiлдiк сипатын анықтайды.
Шаруашылық серiктестiктердiң жарғылық капиталына салынатын салымдары, ақша да, бағалы қағаздар да, мүлiк те, мүлiктiк құқық та және басқа да мүлiктер (интеллектуалдық қызметтiң нәтижесiнде берiлген құқын да қоса алғанда) болуы мүмкiн.
Құрылтайшылардың (қатысушылардың) жарлық капиталына натуралды нысанда салынатын салымдары немесе барлық құрылтайшылардың келiсiмi бойынша немесе барлық құрылтайшылардың жалпы жиналысының шешiмi бойынша мүлiктiк құқығы ақшалай нысанда бағаланады. Осындай салымдардың құнының сомасы жиырма мың айлық есептiк көрсеткiштен асып түсуi керек, бiрақ сол бағалауды тәуелсiз эксперт қуаттауы керек.
Шаруашылық жүргiзушi субъектiлер қайта тiркелген кезде қатысушылардың ақшалай салымдары бухгалтерлiк құжаттармен не болмаса аудиторлық есеп берулерiмен қуатталып бағалануы мүмкiн.
Осындай бағалау кезеңiнен бастап, бес жыл бойы шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң құрылтайшылыры өздерi қосқан сомаларының шегiнен артық бағаланған салымдарына субъектi кредиторларының алдында бiрлесiп жауап бередi.

Табыстар жайлы және оны табу
Табыс дегеніміз - к.о.-ң есепті кезеңдегі әдеттегі қызметінен алынған; оның капиталының өсімін білдіретін эк-қ тиімділіктің жиынтық түсімдері болып табылады. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын талдау туралы
Нарықтық экономика жағдайында кәсіпорын деңгейінде қаржыларды басқару
ЖШС «Казтехпром-сервис» кәсіпорнының қаржылық жағдайы мен экономикалық потенциалын талдау және бағалау
Меншікті капиталдың экономикалық сипаттамасы
Капитал туралы
Ағымдағы активтерді талдау
“ФудМастер” ЖШС
Меншікті капиталды есепке алу
Төлем қабілеттілігі мен өтімділігін талдау
Меншікті капиталдың есебі мен аудиты
Пәндер