Рухани – адамгершілік тәрбие



Кіріспе 3
1. Адамгершілік . рухани тәрбиенің маңыздылығы 4
2. Жас ұрпаққа рухани.адамгершілік тәрбие беру.басты міндетіміз 5
3. Адамгершілік тәрбиесі жан.жақты тәрбиенің аса маңызды бөлігі 6
Қорытынды 9
Пайдаланылған әдебиеттер 10
Рухани – адамгершілік тәрбие – белгілі бір мақсатқа қол жеткізе білетін мақсатты, жүйелі, ұлттық көзқарасты, сенімді, парасатты, мінез- құлықтағы адами тәртіп пен рухани дағдыны қалыптастыратын жалпы азамзаттық тәрбиенің құрамдас бөлігі. Адамгершілік тәрбиенің бүкіл жүйесі гуманистік мазмұнға толы, рухани негізде жеке адамның жан- жақты дамып жетілуіне бағытталған.
Адамгершілік тәрбие мәселесі негізінен ұлттық құндылықтарға сүйене отырып, тәрбие берудің әдістемелік жолдарына негізделеді.
• —Ұлттық дәстүрлер арқылы оқу – тәрбие үрдісінде адамның рухани мәдениетін қалыптастыру.
• — Ұлттық дәстүрлер арқылы адамның психологиялық ерекшеліктерін зерттеп, дамыту.
• — Салт – дәстүрлер негізінде, ұлттық психологиялық ерекшеліктерді ескере отырып, рухани – адамгершілік құндылықтарды тәрбиелеу.
Бұл мәселеге байланысты елбасымыз Н.Ә. Назарбаев: «… жаңа жағдайларға байланысты бәрімізді алаңдататын мәселе – білімді, кәсіби даярлығы бар адам тәрбиелеу ғана емес, қоғамдық өмірдің барлық саласында ұлттық және дүниежүзілік құндылықтарды қабылдауға қабілетті, рухани және адамгершілік мүмкіндігі мол тұлға қалыптастыру болып табылады», — деп атап көрсетті.
Міне, осы тұста қоғамға жан- жақты білімді, жоғарғы мәдениетті, еңбекқор, іскер ізденімпаз, қабілетті, шығармашыл тұлға қажет. Ондай тұлғаны орта және жоғарғы оқу орындары тәрбиелейді.
Аламгершілікке тәрбиелеудің маңызды педагогикалық шарттары – оқушылардың белсенді өміршіл, саналық көзқарасын, сөз бен істің бірлігін адамгершілік нормаларынан ауытқуларына жол бермеуді қалыптастыру. Ол баланың жеке басының қалыптастырушы дамудың аса маңызды бір саласы. Бұл арқылы Отанға, еңбекке қатынасын айқындайды. Тәрбиелі ұстаз шәкірттерге жан- жақты тәрбиені осы адамгершілік тәрбиесінен бастайды. Себебі бұл оның адамгершілік сезімін, сенімін белгілі бір мақсатқа жетелеу іс –әрекетін ұйымдастыруды жетілдіреді.Сонда ғана ұстаз шәкірттерінің ізгілігін, адалдығын, кішіпейілділігін қалыптастырады.
1. Әбiлова З. Этнопедагогика оқулығы / З. Әбiлова: А. 1999
2. Асылов Ү Даналардан шыққан сөз/ Ү Асылов – А. Мектеп, 1987
3. Көбесов А. Әл-Фараби/ А. Көбесов– А. Қазақстан, 1971
4. Төреқұлов Н. Нақыл сөздердің тәрбиелік мәні / Н. Төреқұлов– А. мектеп, 1971
5. “Шаңырақ” энциклопедия. – А. Ғылым, 1989
6. Әлімбаев М. Тәрбие туралы әңгімелер / М. Әлімбаев– А. Ғылым, 1979
7. Ғаббасов С. Ізгілік әліппесі / С. Ғаббасов – А Ғылым, 1991

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
Кіріспе 3
1. Адамгершілік - рухани тәрбиенің маңыздылығы 4
2. Жас ұрпаққа рухани-адамгершілік тәрбие беру-басты міндетіміз 5
3. Адамгершілік тәрбиесі жан-жақты тәрбиенің аса маңызды бөлігі 6
Қорытынды 9
Пайдаланылған әдебиеттер 10

Кіріспе
Рухани - адамгершілік тәрбие - белгілі бір мақсатқа қол жеткізе білетін мақсатты, жүйелі, ұлттық көзқарасты, сенімді, парасатты, мінез- құлықтағы адами тәртіп пен рухани дағдыны қалыптастыратын жалпы азамзаттық тәрбиенің құрамдас бөлігі. Адамгершілік тәрбиенің бүкіл жүйесі гуманистік мазмұнға толы, рухани негізде жеке адамның жан- жақты дамып жетілуіне бағытталған.
Адамгершілік тәрбие мәселесі негізінен ұлттық құндылықтарға сүйене отырып, тәрбие берудің әдістемелік жолдарына негізделеді.
* -- Ұлттық дәстүрлер арқылы оқу - тәрбие үрдісінде адамның рухани мәдениетін қалыптастыру.
* -- Ұлттық дәстүрлер арқылы адамның психологиялық ерекшеліктерін зерттеп, дамыту.
* -- Салт - дәстүрлер негізінде, ұлттық психологиялық ерекшеліктерді ескере отырып, рухани - адамгершілік құндылықтарды тәрбиелеу.
Бұл мәселеге байланысты елбасымыз Н.Ә. Назарбаев: ... жаңа жағдайларға байланысты бәрімізді алаңдататын мәселе - білімді, кәсіби даярлығы бар адам тәрбиелеу ғана емес, қоғамдық өмірдің барлық саласында ұлттық және дүниежүзілік құндылықтарды қабылдауға қабілетті, рухани және адамгершілік мүмкіндігі мол тұлға қалыптастыру болып табылады, -- деп атап көрсетті.
Міне, осы тұста қоғамға жан- жақты білімді, жоғарғы мәдениетті, еңбекқор, іскер ізденімпаз, қабілетті, шығармашыл тұлға қажет. Ондай тұлғаны орта және жоғарғы оқу орындары тәрбиелейді.
Аламгершілікке тәрбиелеудің маңызды педагогикалық шарттары - оқушылардың белсенді өміршіл, саналық көзқарасын, сөз бен істің бірлігін адамгершілік нормаларынан ауытқуларына жол бермеуді қалыптастыру. Ол баланың жеке басының қалыптастырушы дамудың аса маңызды бір саласы. Бұл арқылы Отанға, еңбекке қатынасын айқындайды. Тәрбиелі ұстаз шәкірттерге жан- жақты тәрбиені осы адамгершілік тәрбиесінен бастайды. Себебі бұл оның адамгершілік сезімін, сенімін белгілі бір мақсатқа жетелеу іс - әрекетін ұйымдастыруды жетілдіреді.Сонда ғана ұстаз шәкірттерінің ізгілігін, адалдығын, кішіпейілділігін қалыптастырады.
Ізгілік отбасынан бастау алады, оған ата- ананың берген тәрбиесі, тұрмысы ықпал етеді. Халықтық мақал Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің адамгершілік тәрбиенің негізгі отбасында қалыптасатынын көрсетуде. Халық, жанұя құндылықтарын ауызша халық шығармашылығы арқылы тапсырады, мысалы, аңыз ертегілерді, ырымдарды, салттарды қолданады, дін арқылы, әртүрлі қоғамдық ұйымдар арқылы т.б. Халық ауыз әдебиеті адамгершілік - эстетикалық тәрбие беруде баланың ой- өрісін дамытады. Олардың тіл байлығы және шексіз шешендік мүмкіндіктерін арттырады.

1. Адамгершілік - рухани тәрбиенің маңыздылығы
Қай ғасырда болсын тәрбие мәселесі назардан тыс қалған емес. Бала тәрбиесі мемлекеттің маңызды міндеті деген сөзді Платон бекер айтпаған.
Болашақты жасайтын ертеңгі азаматтар - бүгінгі жас ұрпақ, оларды тәрбиелеу - бүгінгі күннің ең басты мәселесі. Жастар мен жүргізілетін тәрбие жұмыстарының сипаты қандай болса, жемісі де соған сай болары хақ.
Адамға ең бірінші керегі - тәрбие беру. Тәрбиесіз берілген білім - адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның өміріне опат әкеледі, - деген екен данышпан Әл-Фараби бабамыз.
Жас ұрпаққа тәрбие берудің ең бір қажеттісі, мол тәрбиенің түрі, бұл - патриоттық тәрбие.
Патриотизм ( грек сөзі)- Отанға деген сүйіспеншілік. Әрбір азаматтың бойында күш-қуаты мен білімін Отан игілігі мен мүддесіне жұмсау деген сөз. Патриотизм - Отанымыздың гүлденуіне экономикамыз бен мәдениетіміздің қарыштап дамуына зор ықпал етеді.
Еліміздің қарқынды дамуының болашағы жас ұрпақ тәрбиесімен тығыз байланысты. Бәсекеге қабілетті, алдыңғы шептегі елу елдің қатарына көтерілу білім жүйесін жаңаша құруды қажетсінеді. Бұл мәселе тек оқыту технологияларын қолданумен шектелмейді, ең бастысы өз Отанының азаматын тәрбиелеу болып табылады. Болашақтың қауымына үлкен жауапкершілік жүктейді. Мектептегі білім мен тәрбие егіз ұғымдар. Мектепті білім тірегі десек, ұстаз - оның жүрегі.
Адамның адамгершілік жағынан қалыптасуы оның өз елінің патриоты болуын талап етеді, ал мұның өзі белгілі дәрежеде ұлттық дәстүрлерді, ұлттық ережелерді мақтанышты, ар-ожданды жақсы білу деген сөз.
Адамгершiлiк мәдениет адамзат қоғамының даму тарихы арқылы қалыптасады, әрбір дәуiрдiң өзiндiк қайшылықтарымен бiте қайнасып, жетiледi. Сондықтан да адамгершiлiктiң мәнiн абстрактылы түрде қарап, оны адамдардың табиғатымен, биологиялық ерекшелiктерiмен ғана байланыстыруға болмайды.
Адамзат тарихында адамгершiлiкке байланысты пайда болған категорияларға мыналар жатады: жомарттық, батырлық, ерлiк, әдiлдiк, қарапайымдылық, кiшiпейiлдiлiк, адалдық, шыншылдық, ұяттылық, ар мен намыс, тағы басқалары. Әрбір қоғам өзiнiң даму процесінде адамгершiлiк категорияларына, оның мазмұнына көптеген өзгерiстер енгiзiп отырған. Адамгершiлiк - адамдардың практикалық өмiрiнен тамыр алып, пайда болған әдет-ғұрыптар мен дәстүрлерді тудырып, солармен сәйкес дамиды. Ал мораль болса, шындыққа қарама-қарсы, теріс қарым-қатынаста пайда болады және адамның өзiне субьективтi түрде міндет қоя білумен туындайды. Адамгершiлiк қасиеттері отбасында, қоршаған ортада, балалар бақшасында, мектепте, адамдардың iс-әрекетiнiң барысында бiр-бiрiмен араласуы нәтижесiнде, қоғамдық тәжiрибе алуын өмірмен байланыстыру арқылы қалыптасады. Халықта: "Ұяда не көрсең, ұшқанда соны iлерсiң" деген мақал бар. Тәлiм - тәрбие болмаған жерде адамгершiлiк мәдениетi мен қасиетi де қалыптаспайды.
Адамның адамгершiлiгi - оның жоғары қасиетi, былайша айтсақ, кiсiлiгi. Оның негiзгi белгiлерiнiң бiрi - адамдық ар - намысты ардақтау, әр уақытта жақсылық жасауға ұмтылу, соған дайын болу, "Өзiң үшiн еңбек қылсаң, - дейдi Абай, - өзi үшiн оттаған хайуанның бiрi боласың. Досыңа достық - қарыз iс, дұшпаныңа әдiл бол". Ақылды, мейiрiмдi адам кез-келген уақытта өзгенің жақсылығын бағалағыш болып келеді. Арлы адам - ардақты. Бiздiң ортамызда осы сапаларды бойына сiңiрiп қана қоймай, өзiн қоршаған ортаға таратушы, осындай өз сапаларымен жас ұрпақты тәрбиелеуші ұстаздар аз емес. Адамгершiлiгi мол адам - басқаларға қашан да үлгi-өнеге.
Батырлық, ерлiк көрсету дегенiмiз - адамның жан дүниесiнiң ерекше қасиетi. Ержүрек адамды бүкiл халық мақтаныш етедi. Бауыржан Момышұлы, Талғат Бигельдинов, Әлия Молдағұлова, Мәншүк Маметова, тағы басқа ер жүрек ұл-қыздарымыз халқымыздың мақтанышы. Олардың әрқайсысы бiздiң елiмiзге абырой, атақ, даңқ әкелді. Соларды үлгі, өнеге етіп отыру.
Әр адамның бойында жастайынан мынадай қасиеттер қалыптасуы керек. Олар: Отансүйгiштiк.
Халқымыз кір жуып, кiндiк кескен атамекенiн аялап, елiнiң тiлi мен мәдениетін, әдебиеті мен тарихын, біртуар аяулы перзенттерін мақтан тұтып, қадірлеп, қастерлеуді ұрпағына аманат еткен.
Қазақ елi - бiздiң Отанымыз, атамекенiмiз. Оны қастерлеп, қадірлеп қадір тұтқан адам ғана есейе келе туған халқы мен ел-жұртын, атамекенiн шын көңiлiмен сүйетін болады. Өйткені халқымыз "Отан - от басынан басталады" деп бекерге айтпаған. Ата-анасын, өз үрім-бұтағын жанындай жақсы көріп сүймеген баланың ел-жұртын, халқы мен ұлтын сүйетiн толыққанды азамат болуы екіталай. Ұлтжанды кiсiнiң имандылық - адамгершiлiк қасиеттерi, сондай-ақ, оның достарына, ата-анасына деген көзқарасынан да жақсы байқалады. Қазақ елiнiң кез-келген перзенті жұмыр жердің қай бұрышында жүрсе де өзiнiң iс-әрекетi мен мінез-құлқынан өз ұлты мен халқына деген сүйiспеншiлiк қасиеттерін тайға таңба басқандай айқын байқатып отыруы тиіс.
2. Жас ұрпаққа рухани-адамгершілік тәрбие беру-басты міндетіміз
Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім- адамзаттың қас жауы. Ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі.
Әл-Фараби
Жаңа кезеңдегі білім берудің өзекті мәселесі- жас ұрпаққа адамгершілік-рухани тәрбие беру. Құнды қасиеттерге ие болу, рухани бай адамды қалыптастыру оның туған кезінен басталуы керек. Халықта Ағаш түзу өсу үшін, оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда, оны түзете алмайсың деп бекер айтылмаған. Сондықтан баланың бойына жастайынан ізгілік, мейірімділік, қайырымдылық, яғни адамгершілік құнды қасиеттерді сіңіріп, өз-өзіне сенімділікті тәрбиелеуде отбасы мен педагогтар шешуші роль атқарады. Рухани -адамгершілік тәрбие- екі жақты процесс. Бір жағынан ол үлкендердің, ата-аналардың, педагогтардың балаларға белсенді ықпалын, екінші жағынан- тәрбиеленушілердің белсенділігін қамтитын қылықтарынан, сезімдері мен қарым- қатынастарынан көрінеді. Адамгершіліктің негізі мінез-құлық нормалары мен ережелерінен тұрады. Олар адамдардың іс-қылықтарынан, мінез-құлықтарынан көрінеді, моральдық өзара қарым-қатынастарды басқарады. Отанға деген сүйіспеншілік, қоғам игілігі үшін адам еңбек ету, өзара көмек, сондай-ақ қоғамға тән адамгершіліктің өзге де формалары, бұл-сананың, сезімдердің, мінез-құлық пен өзара қарым-қатынастың бөлінбес элементтері, олардың негізінде қоғамымыздың қоғамдық-экономикалық құндылықтары жатады.
Баланың өмірге белсенді көзқарасының бағыты үлкендер арқылы тәрбиеленеді. Тәрбиелеу, білім беру жұмысының мазмұны мен формалары балалардың мүмкіндігін ескеру арқылы нақтыланады. Адамгершілікке, еңбекке тәрбиелеу күнделікті өмірде, үлкендердің қолдан келетін жұмысты ұйымдастыру процесінде, ойын және оқу ісінде жоспарлы түрде іске асады. Мұндай мақсатқа бағытталған педагогтық жұмыс еңбек сүйгіштікке, ізгілікке, ұжымдық пен патриотизм бастамасына тәрбиелеуге, көп дүниені өз қолымен жасай алуды және жасалған дүниеге қуана білуді дамытуға, үлкендер еңбегінің нәтижесін бағалауға тәрбиелеуге мүмкіндік жасайды. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
АУЫЛ МЕКТЕБІ ОҚУШЫЛАРЫН РУХАНИ-АДАМГЕРШІЛІККЕ ТӘРБИЕЛЕУДІҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШАРТТАРЫНЫҢ ОРЫНДАЛУЫ
Заманауи социум жағдайында балалардың адамгершілік дамуының ерекшеліктері
Болашақ «Өзін-өзі тану» пәні мұғалімін оқушыларға рухани-адамгершілік тәрбие беруге дайындаудың ғылыми-әдістемелік негіздері
Ауыл мектебі оқушыларының адамгершілік қасиетерін қалыптастыру
Қазіргі кезеңде оқушылардың рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру
Адамгершілік тәрбиесі ерекшеліктері
Адамгершілік-рухани білім беру және тәрбиелеу жөнінде халықаралық тәжірибе
Рухани - адамгершілікке тәрбиелеудің шарттары
Оқушылардың рухани-адамгершілік құндылықтарын қазақтың ұлттық мұралары негізнде қалыптастыру.
Ұлттық рухани - адамгершілік құндылықтар
Пәндер