Спандияр Көбеевтің шығармалары


Кіріспе3
1. Спандияр Көбеев4
2. Спандияр Көбеевтің шығармаларына талдау5
Қорытынды10
Пайдаланған әдебиеттер11
КіріспеСпандияр Көбеев (1878, Меңдіқара ауданы, Қостанай облысы - 1956) - қазақ жазушысы, қоғам қайраткері, Қазақстанның еңбек сіңірген мұғалімі.
1878 жылы бұрынғы Торғай облысы, Обаған болысына қарасты нөмiрі үшiншi ауылда - қазiргi Ақсуат ауылында дүниеге келген. Анасы Айтбоз өте қайратты, ақылды, ауылының ортақ анасы сияқты қадiрлi адам болған көрiнедi. Әкесi Көбей хат таныған, шыншыл, тек қолөнерiмен күн көрген. Әке-шешесiнiң үлгi тәрбиесi болашақ педогог-жазушының мiнез құлқының қалыптасуына көп әсер еткен. Мектеп жасына жетiп қалған бала бiрде әкесiмен бiрге бұл кездегi дәулеттi кiсi Соқытбайдың ауылына барғанда, Ыбырай Алтынсариндi көредi. Көп кешiкпей сол ауылда ұлы ағартушы Ы. Алтынсарин бiрiншi рет екi жылдық мектеп ашады.
1887 жылдың желтоқсанында Алтынсариннiң тiкелей көмегiмен Спандияр сол мектепке алынады. Содан кейiнгi жылдары Қарағайлыкөл деген жердегi төрт жылдық болыстық мектепте бiлiм алады да, Қостанай қаласындағы Алтынсарин ашқан орыс-қазақ мектебiнде оқуын жалғастырады. Ендi ол осы қаладағы жаңадан ашылған екi жылдық педагогикалық курсқа түсiп, оны 1901 жылы бастауыш мектеп мұғалiмi деген мамандық бойынша бiтiрiп шығады.
Спандияр Көбеев Петропавлскiде оқытушылық қызметiн атқарып жүргенде, сол кездегi ұлы орыс халқының атақты жазушысы И. Крыловтың бiрнеше мысалдарын қазақшаға аударып, баспаға ұсынады. Ол аудармалары «Үлгiлi тәржiме» деген атпен 1940 жылы және «Үлгiлi бала» (1912 жылы) кiтаптары басылып шығады. Осы кiтаптарына енген өлеңдерi мен әңгiмелерi жасөспiрiмдердi еңбек пен бiрлiкке, тату-тәттi ынтымаққа шақырған.
С. Көбеевтiң қазақ топырағында тұңғыш романдарының бiрi болған «Қалың мал» 1913 жылдың қазан айында басылып шығады. Бұл роман шығармашылық өмiрiнде ерекше орын алады. Мұнда қазақ ауылының әлеуметтiк суретi, қазақ әйелiнiң тағдыры, оның теңсiздiгi және жастар өмiрi, ойын-той салттары туралы бейнеленген. Атайдың соңғы жылдары жазған «Орындалған арман» атты мемуарлық еңбегi 1954 жылы өңделiп, екiншi рет кiтап болып баспадан шығады. Кiтаптың негiзгi мазмұны педагог-жазушының өткен өмiр жолы, қоғамдық қызметi, ортасы мен дәуiрi жайлы шығарма. Әсiресе, Ы. Алтынсариннiң халықтық қызметiн көрсетуге көп көңiл бөлген.
Ұлы ағартушының iзбасары С. Көбеевтiң кезiнде жоғары бағаланып, екi дүркiн Ленин орденiмен марапатталып, «Қазақстан Республикасының еңбек сiңiрген мұғалiмi» деген құрметтi атақ алған және Республика Жоғарғы Кеңесiне депутат болып сайланды.
1. Спандияр КөбеевСпандияр Көбеев 1878 жылғы қазан айының 1 күні Қостанай облысы, Боровский ауданының Ақсуат ауылында кедей шаруа семьясында дүниеге келген.
Ыбырай Алтынсарин ұйымдастырған ауылдық мектепте сауат ашып, Қостанай қаласында мұғалімдер даярлайтын курсты 1901 жылы бітірген. Осы жылдан бастап өмірінің соңына дейінгі 55 жылын ұстаздық қызметке жұмсады. Ол өзінің ұзақ та жемісті ұстаздық еңбек жолын «Орындалған арман» (1951) атты мемуарлық кітабында баяндады. Жазушы шығармасында бастан кешкен дәуірдің нақты тарихи деректерін негізге ала отырып, әлеуметтік-қоғамдық құбылыстарды шынайы суреттеді, көптеген адам образдарын бейнеледі.
Көбеев ұстаздық жұмысы мен жазушылық қызметін тығыз байланыстыра жүргізді. Өзі оқытқан шәкірттерінің кластан тыс оқуына арнап орыс жазушылары мен ағартушыларының бірқатар шығармаларын қазақ тіліне аударып, «Үлгілі тәржіме» деген атпен жеке кітап етіп бастырды.
1912 жылы Спандиярдың «Үлгілі бала» атты кітабы шықты. Бұл - бастауыш мектептегі қазақ балаларына арналған оқу кітабы еді. Ұлы ұстазы Ыбырай үлгісін пайдалана отырып ол бұл кітапқа өзі аударған Крылов мысалдарын, орыс классиктерінің балаларға арналған шығармаларын, қазақтың ауыз әдебиеті үлгілерін, табиғаттың түрлі құбылыстарымен таныстыратын, өсімдік, жануарлар әлемі туралы білім беретін әр алуан қызықты қысқа әңгімелер кіргізді.
Спандияр Көбеевтің қазақ әдебиеті тарихындағы үлкен орны - оның революциядан бұрынғы әдебиетте прозаның тууына, ондағы роман жанрының қалыптасуына сіңірген еңбегімен байланысты. 1913 жылы Қазанда басылған жазушының «Қалың мал» романы қазақ әдебиеті тарихында тұңғыш көлемді прозалық туынды болып саналады. «Қалың мал» (дәстүр кәде) . «Мен ат-тон айыбымен қалың мал қайтартпақшы болдым ғой» (С. Көбеев) . Құда түсу рәсімі кесілген соң дала заңы бойынша күйеу жағы «қалың мал» төлеуге тиіс. Бұл қазақ, қазақ болғалы бұлжымаған ежелгі дәстүр. Оның мөлшері құдалардың дәрежесі мен дәулетіне байланысты екі жақ келісе отырып шешеді. «Бұрынғы кедейлер арасындағы қалың мал мөлшері 5-6 малмен тынса, ірі байлар арасында екі жүз, бес жүз, мың жылқыға дейін жеткен. Би мен байлар, хан төрелер арасында қалың мал үстіне «бес жылқы» деп аталатын бес түйеге қосып бір «жетім қыз»(күң ), «аяқ жақсы» деп бкрктін үш түйеге қоса бір «еркек жетім»(құл) бергендігі кейбір деректер арқылы белгілі. Қалың малдың «қырық жеті», «отыз жетінің бүтіні», «отыз жеті», «отыз жетінің жартысы», «жақсылы отыз жеті», «жиырма жеті», «он жеті», «домалақ қалың мал», «домалақ бата»сияқты түрлері болған. (КСЭ, 6-том) .
2. Спандияр Көбеевтің шығармаларына талдау
Болашақ педагог-жазушы өзінің өмірлік мұратын мұғалімдікпен ұштастырады. «Ыбырайдың өлімі менің оқытушы боламын деген ынта-ниетімді біржолата баянды етіп бекітті», - дейді. Сол ниетпен Орынбордағы оқытушылар семинариясына түсуге талаптанады да, оның сәті түспей қалған соң Қостанайдағы екі жылдық педагогикалық курсы мұғалімдікке жол ашады. Курсты 1901 жылы бітіріп, бастауыш мектепке мұғалімдік құқық алады. Жүрегі надандық торына шырмалған өз халқына деген сүйіспеншілік пен оған білім шырағын жағу үмітіне толы жас жігіт жердің шалғайлығына қарамай Қостанайдан мың шақырымдай Ырғыз уезіндегі Толағай болысына қарайтын Кішіқұм деген жерге оқытушы болып барады. Арнаулы салған мектеп үйінің жоқтығы, жабдықтар мен оқу құралдарының жетпеуі, балаларын орысша оқытуға наразы ел ішіндегі надан көзқарас - бәрімен жас мұғалім жалғыз күреседі. Сөйте жүріп, балаларға арнап «Үлгілі тәржімә», «Үлгілі бала», «Орындалған арман» секілді асыл туындыларды дүниеге әкеледі. Осылардың ішіндегі 1951 жылы жарияланған «Орындалған арман» мемуарлық кітабының орны ерекше. Кітап өңделіп, 1954 жылы екінші рет басылды. «Орындалған арман» - педагог-жазушының өткен өмір жолы, қоғамдық қызметі, ортасы мен дәуірі жайлы шығарма. Онда автор заман шындығын әр қилы оқиғалар мен адамдар тағдыры арқылы көрсетеді. Кітапты оқып отырып, ең алдымен, өз ғұмырын халқына арнаған, талай қилы кезеңдер, қалтарысы мол жылдардан өтіп, өз еңбегінің жемісіне ие болып, республиканың көрнекті қоғам қайраткері дәрежесіне көтерілген қарт педагог-жазушының бейнесі көз алдыңнан өтеді. Кітапта сол адамның күрескерлікке толы ескі және жаңа өмірі нанымды суреттеледі. Айналасында болып жатқан өзгерістерге бақылаушы болып сырттан қарап тұрмай, біте араласып жүреді. Сондықтан оның қандай оқиғаға болмасын өз көзқарасы, өз қатынасы бар. Ескі қазақ ауылындағы тап тартысы, байлар мен кедейлер арасындағы кейін саяси бағыт алған стихикалық соқтығысулар, жер дауы, жесір дауы, 1905 жылғы алғашқы орыс революциясының қазақтарға әсері, 1916 жылғы көтеріліс, орыс-қазақ достығының нығаюы жайын кейде кесек оқиғалар, кейде шағын эпизодтар арқылы айқын көрсетіп отырады. Шығарманың негізгі кейіпкері ел басындағы ауыртпашылықты бірге көтереді, қолынан келгенін халық мүддесі жолына жұмсайды. Қараңғылық пен надандықтан халқын құтқарып, ілімнің ұрығын себуге талаптанған ол бала оқытады, елді тәрбиелеуге көмектесерлік әдеби шығармалар жазады. Қазан революциясынан кейін ол халық арасында Кеңес өкіметінің мәнін, оның саясатын насихаттаушылардың алдыңғы қатарында жүреді. Кітапта Ыбырай Алтынсариннің халықтық қызметін көрсетуге бірсыпыра көңіл бөлінеді. Автор қазақ даласында алғаш мектептер ашқан, сол мектептердің біріне өзін оқуға орналастырған ағартушы-педагогтің образын жасайды, онымен кездесулерін әсерлі баяндайды. «Қара бақсының хикаясы», «Надандық құрбаны» атты тарауларында ескі ауылда етек жайып, оны рухани жүдеткен қараңғылық пен надандықты әшкерелейді. Ауылдағы тап тартысы, кедейлердің егіндік, шабындық жерлерін тартып алған байларға қарсы бой көтеруі, байлардың олардан «кек қайтару» озбырлығы - кітаптың бірқатар тарауларының («Зорлық», «Мұз үстіндегі айқас», т. б. ) мазмұнын құрайды. XX ғасыр басындағы революциялық оқиғалардың қазақ ауылына әсері, орыс большевиктерінің ісі, прогресшіл мақсаттағы оқытушылардың қызметтері кітапта нанымды баяндалады. Осы оқиғаларға ере автор өзі де өсе түседі. Кітаптың соңғы бөлімін Спандияр өзінің Кеңес өкіметі жылдарындағы қызметіне арнаған. Спандияр Көбейұлы тек оқу-ағарту майданында ғана емес, сонымен қатар қазақ әдебиетінің тарихында да елеулі орын алады. Оның ағартушылық, педагогтік және жазушылық қызметі өзі өмір сүрген заманның талабынан туды, халықтың рухани тілегіне жауап берді.
Жауыздың сақтаныңыз тіліне ермей,
Ғасырға тек жүрмеңіз ғақыл бермей,
Бір маймыл қартайғанда қор болыпты,
Байғұстың бұрынғыдай көзі көрмей.
Наданға айтқан сөзің текке кетер,
Дос болсаң, ықылассыз қызмет етер.
Бір істі пайдасы үшін паш етсеңіз.
Ықылас көңіліңіз болар бекер.
Көре алмай бұрынғыдай қайғыланған,
Сұрайды:-Ем бар ма?-деп көрген жаннан,
Бәреуден ақырында құлақтанды,
Тәуір деп көзілдірік, өзі арзан.
Бес-алты көзілдірік алды сатып,
Жарар деп пайдаланса іске ұқсатып;
Салғаннан төбесіне киіп алды,
Айырып ешбір жөнін көрмей жатып.
Сонан соң тұмсығына түсіреді,
Бір-бірлеп айырмастан алып жатып.
Онымен ешбір пайда болмаған соң,
Апардықұлағына саудыратып.
Құлақтан құйрығына байлап алды,
Көрген жан күліп жатыр, шегі қатып.
Ақырында көзге себеп болмаған соң,
Сындырды ашуланып тасқа атып.
Аю және бөрене (әңгіме)
Қалың орманды аралап келе жатқан бір аю бал арасына кез болады. Ағаш басындағы бал арасына тамсанып, аузынан сілекейі шұбырып, оны жегісі келеді. Аю ағаш басына өрмелеп, ұяға жақындағанда, ілініп тұрған ауыр бөрене оған кедергі жасапты. Балға ұмтылған аю бөренені итеріп жібереді. Ары серпілген ауыр бөрене өз салмағымен қайта оралғанда аюдың басына сарт ете қалады. Күшіне сенген ожар аю ашуланып, бөренені одан бетер қатты итереді. Өз салмағымен қайта оралған бөрене аюдың басына тағы да сарт етеді. Аюдың құлағы шыңылдап басы айналады. Бұған ызаланған аю бар күшімен үшінші рет итеріп жібергенде, қайта оралған бөрене аюдың басын қақ айырып, ағаштан ұшырып түсіріпті.
ІІ топ. Аққу, шортан һәм шаян (мысал)
Көп кіріскен іс оңбас ынтымақсыз,
Көп малдыңкерегі не болса бақсыз
Таудайын талаптан да бақыт артық
Болса да қара жаяу жалғыз атсыз.
Ынтымақ жоқтығынан біздің қазақ,
Кем жұртқа әрбір түрлі болды мазақ
Зияны толып жатқан бастан артық,
Кемітіп ғазиз басын көріп ғазап.
Мысалы, бірліксіздің ғибыраты,
Пайдалы салыстырсаң бар лұғаты.
Кеңесінен аққу, шортан, шаянменен,
Тыңдаңыз тәржіме етіп жазған хатты:
Бір аққу, шортан, шаян бұрынырақ
Кеңесін еттім бәйіт, салсаң құлақ,
Тартуға жүкті арбаны міндеттенген,
Оңаша көл басында тұрған жырақ.
Үшеуі кәдімгідей жегілісіп,
Қайтсе де тартамыз деп ерегісіп,
Тырмысып бейшаралар азаптанды,
Пайдасыз михнаттанып терге түсіп.
Жөнелді аққу көкке таман,
Сұңқылдап үсті-үстіне достан жаман,
Жайда да кесел шіркін жөнге жүрмес,
Тырмысып кейін қарай жатыр шаян.
Тартады демалысып кезек-кезек,
Арбаны қозғалта алмай күдер үзіп,
Тыпырлап суға қарай бетіменен
Шамасы келмей жатыр шортан кезіп.
Кіріскен ынтымақсыз ол басында
Ерлердің болмай бірлік жолдасында.
Бетімен әр тарапқа тартқаннан соң,
Қозғалмай арба қалды көл басында.
Сұрақ: Аққу, шортан һәм шаян мысалы тағы қай ақында кездеседі? (А. Байтұрсынов)
Балалар мен ғалым (әңгіме)
Екі бала келе жатып, бір кітап тауып алыпты. Бірінші бала:
-Бұл кітап менікі, неге десең, мен сенен бұрын көрдім. -дейді. Екінші бала:
-Жоқ, бұлкітап менікі, неге десең, мен сенен бұрын жерден көтеріп алдым, -дейді.
Екі баланың таласының үстінен шыққан ғалым оларға:
-Сендер хат танисыңдар ма?-депті. Балалардың екеуі де шынын айтып:
-Жоқ, хат танымаймыз, -дейді. Сонда ғалым:
-Кітап сендерге не керек? Бұл кітапты мен алайын. Қай бұрын оқу білгенге беремін, -депті.
ІІІ топ. Есек пен сандуғаш (мысал)
Отырған сандуғаш, келді есек,
Аузынан сөзі шығып кесек-кесек;
- Ә, бұлбұл, сені әнші деп естіп едім,
Сайрашы сынайын мен өзім естіп.
Бұл кезде жұрт сөзіне сенім бар ма,
Сыпыртып айтқанының бәрі - өсек.
Аямай біліміңді паш айлашы,
Тыңдайын мейірім қанып болса несіп.
Сандуғаш сол арада әнге басты,
Жаңғыртып кетті даусы күллі ағаштың.
Білімін құдай ерген аясын ба,
Мың түрлі құйқылжытып лебіз шашты.
Даусын кейде көтеріп, кейде созып,
Тыңдатуға ләззатты үнін шашаты.
Құс біткен сайрап жатқан ормандағы
Бәрі де құлақ салып құп тыңдасты.
Аң біткен маңындағы тұра қалып,
Елтісіп тұрды әніне құлақ салып.
Аузынан сорғалатып сілекейін,
Есек те тыңдап тұрды ғажаптанып
Сол кездесоғып тұрған жел де тынып,
Ешбір жан бүлк етпеді тамаша ғып,
Бұлбұлдың қызған сайын басып жатыр,
Сырнайдың даусындай үні шығып.
Бір ашып батыр бұлбұл әнге салды,
Елтітіпмаңындағы күллі жанды,
Бір кісі қойда жүрген баласымен,
Мас болып, олар-дағы ұйықтап қалды.
Наданға еткен қызмет кетер текке,
Жақсылығың болса сақтан, ондайға етпе,
Соқтырып әрлі-берлі сандуғашым,
Тоқтады ұнады ғой деп есекке.
Көтеріп ақымақ есек жерден басын:
-Жарайды, ұнайды, -деді, - сандуғашым,
Жалықпай тыңдауға да болады екен,
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz