Қазiргi кездегi ақша реформаларын жетiлдiру мәселелерi
Мазмұны
Кiрiспе. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
I. тарау. Ақшаның пайда болуының теориялық негiзi. ... ... ... ...
1.1 Ақшаның мәнi мен пайда болу тарихы. ... ... ... ... ...
1.2 Ақшаның қызметтерi және олардың қазiргi
жағдайдағы дамуы. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
1.3 Ақша айналымын реттейтiн заңдылықтар. ... ... ... ... ..
II. тарау. Ақша реформаларын талдау. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
2.1 Қазақстан Республикасындағы ақша реформалары
және оның ерекшелiктерi. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
2.2 ТМД елдерiндегi ақша реформалары. ... ... ... ... ... ... ..
2.3 Қазақстан Республикасындағы ақша саясаты. ... ... ...
III. тарау. Қазiргi кездегi ақша реформаларын жетiлдiру
мәселелерi. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
3.1 Ақша.несие саясатының негiзгi көрсеткiштерiн
болжамдау. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
3.2 Теңгенiң долларға шаққандағы валюталық
бағамы. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
Қорытынды. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Қолданылған әдебиеттер тiзiмi. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

Кiрiспе.
Бүгiнгi таңда егемендi елiмiздiң тұрақты экономикалық өсуiн қамтамасыз ету дұрыс ақша несие саясатын жүргiзуге тiкелей байланысты екенiн уақытының өзi дәлелдеп бердi. Оны ҚР Президентi Н.Ә.Назарбаев өз жолдауында да айтып өткен болатын. Ал осы ақша несие саясатын дұрыс жүргiзу барысында ақша айналымын жақсарту, дұрыс жолға қою үшiн бiрнеше реформалар жүргiзiлгенiн тарихтан жақсы бiлемiз. Әрбiр реформаның өзiндiк ерекшелiктерi мен осал тұстары болғанын бiлемiз.
Әлемге танымал экономист А.Смит: “Ақша-бұл айырбас процесiн жеңiлдететiн техникалық дөңгелек, айырбас және сауда құралы”,-деп анықтама берген ақшаның бүгiнгi өмiрiмiзде алатын орны күшеймесе әлсiреген жоқ. Ол экономиканы тұрақтандырудың бiрден-бiр құралы болып отырғаны аян. Әрбiр мемлекет дағдарыс тұсында дұрыс ақша реформасын жұргiзiлуiнiң нәтижесiнде тығырықтан шыққаны белгiлi.
Дипломдық жұмыстың өзектiлiгi сол ақша реформаларының қоғам өмiрiндегi, ел экономикасындағы ролiне байланысты болып отырғаны анық. Осы тақырыпты ашу мақсатында дипломдық жұмыс келесiдей тараулардан құралды:
• Ақшаның пайда болуының теориялық негiздерi.
• Ақша реформаларына талдау жасау.
• Қазiргi кездегi ақша реформаларын жетiлдiру мәселелерi.
Бiрiншi тарауда ақшаның пайда болу тарихы, оның экономикалық мәнi, қызметтерi және ҚР-дағы ақша айналымын реттейтiн заңдылықтар қарастырылды. Өйткенi ақша реформасына талдау жүргiзбес бұрын, оның мәнiн ашу қажет деп таптық.
Келесi тарауда ақша реформаларына талдау жасалынды. Осы күнге дейiн жүргiзлген ақша реформаларының артықшылықтары, кемшiлiктер мен себептерiне тоқталды. Елiмiздегi ақша саясаты жайлы жазылды.
Соңғы тарау қазiргi жағдайдағы ақша реформаларын жетiлдiру мәселелерi туралы болмақ. Мұнда төл теңгемiздiң конвертациялау жолдары қарастырылып, оның долларға шаққандағы валюталық бағамен арттыру мен тұрақтандыру мәселелерi қамтылған.
Дипломдық жұмыстың мақсаты жүргiзiлген ақша реформаларына баға берiп, төл теңгемiздiң еркiн айналысқа түсуiне жол ашар ұсыныстар беру болып табылады, сонымен қатар ақша-несие саясатының негiзгi көрсеткiштерiне болжам жасау.

1. ҚР президентiнiң жолдауы
2. Зоп. ұлттық банк туралы
3. Экономикс
4. Леврушина “ДКБ”
5. Сейiтқасымов Ақша, несие, банк
6. Аубакиров “Экономикалық теория”
7. Ильясов “ДКБ”
8. Бюлеттень бухгалтера 2003ж.
9. Экономика және статистика 2003ж.
10. Егемен Қазақстан 25 қазан 1996 ж.
11. Егемен қазастан 13 қараша 1998 ж.
12. Шымкент келбетi 7 қараша 2003 ж.
13. Сұхбат N32 10 тамыз 2003 ж.
14. ЮКГБ N1, январь 2003 г.
15. Банки Казахстана, N12-2001г.
16. Банки Казахстана N2-2004 г.
17. Экономист N11 2003 г.
18. Шымкент келбетi 2003ж. Қараша 4.
19. Сұхбат 10 тамыз 1994 ж.
20. Банки Казахстана –N 2. 2004ж.
21. Банки Казахстана N 12. 2001ж.
2. Зоп. ұлттық банк туралы
3. Экономикс
4. Леврушина “ДКБ”
5. Сейiтқасымов Ақша, несие, банк
6. Аубакиров “Экономикалық теория”
7. Ильясов “ДКБ”
8. Бюлеттень бухгалтера 2003ж.
9. Экономика және статистика 2003ж.
10. Егемен Қазақстан 25 қазан 1996 ж.
11. Егемен қазастан 13 қараша 1998 ж.
12. Шымкент келбетi 7 қараша 2003 ж.
13. Сұхбат N32 10 тамыз 2003 ж.
14. ЮКГБ N1, январь 2003 г.
15. Банки Казахстана, N12-2001г.
16. Банки Казахстана N2-2004 г.
17. Экономист N11 2003 г.
18. Шымкент келбетi 2003ж. Қараша 4.
19. Сұхбат 10 тамыз 1994 ж.
20. Банки Казахстана –N 2. 2004ж.
21. Банки Казахстана N 12. 2001ж.
Мазмұны
Кiрiспе. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
I. тарау. Ақшаның пайда болуының теориялық негiзi. ... ... ... ...
1.1 Ақшаның мәнi мен пайда болу тарихы. ... ... ... ... ...
1.2 Ақшаның қызметтерi және олардың қазiргi
жағдайдағы дамуы.
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
1.3 Ақша айналымын реттейтiн заңдылықтар. ... ... ... ... ..
II. тарау. Ақша реформаларын талдау.
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.1 Қазақстан Республикасындағы ақша реформалары
және оның ерекшелiктерi.
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.2 ТМД елдерiндегi ақша реформалары.
... ... ... ... ... ... ..
2.3 Қазақстан Республикасындағы ақша саясаты.
... ... ...
III. тарау. Қазiргi кездегi ақша реформаларын жетiлдiру
мәселелерi.
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
...
3.1 Ақша–несие саясатының негiзгi көрсеткiштерiн
болжамдау.
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
3.2 Теңгенiң долларға шаққандағы валюталық
бағамы.

..
Қорытынды.

... ... ... ... ...
Қолданылған әдебиеттер тiзiмi.
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Кiрiспе.
Бүгiнгi таңда егемендi елiмiздiң тұрақты экономикалық өсуiн
қамтамасыз ету дұрыс ақша несие саясатын жүргiзуге тiкелей байланысты
екенiн уақытының өзi дәлелдеп бердi. Оны ҚР Президентi Н.Ә.Назарбаев өз
жолдауында да айтып өткен болатын. Ал осы ақша несие саясатын дұрыс жүргiзу
барысында ақша айналымын жақсарту, дұрыс жолға қою үшiн бiрнеше реформалар
жүргiзiлгенiн тарихтан жақсы бiлемiз. Әрбiр реформаның өзiндiк
ерекшелiктерi мен осал тұстары болғанын бiлемiз.
Әлемге танымал экономист А.Смит: “Ақша-бұл айырбас процесiн жеңiлдететiн
техникалық дөңгелек, айырбас және сауда құралы”,-деп анықтама берген
ақшаның бүгiнгi өмiрiмiзде алатын орны күшеймесе әлсiреген жоқ. Ол
экономиканы тұрақтандырудың бiрден-бiр құралы болып отырғаны аян. Әрбiр
мемлекет дағдарыс тұсында дұрыс ақша реформасын жұргiзiлуiнiң нәтижесiнде
тығырықтан шыққаны белгiлi.
Дипломдық жұмыстың өзектiлiгi сол ақша реформаларының қоғам
өмiрiндегi, ел экономикасындағы ролiне байланысты болып отырғаны анық. Осы
тақырыпты ашу мақсатында дипломдық жұмыс келесiдей тараулардан құралды:
• Ақшаның пайда болуының теориялық негiздерi.
• Ақша реформаларына талдау жасау.
• Қазiргi кездегi ақша реформаларын жетiлдiру мәселелерi.
Бiрiншi тарауда ақшаның пайда болу тарихы, оның экономикалық мәнi,
қызметтерi және ҚР-дағы ақша айналымын реттейтiн заңдылықтар қарастырылды.
Өйткенi ақша реформасына талдау жүргiзбес бұрын, оның мәнiн ашу қажет деп
таптық.
Келесi тарауда ақша реформаларына талдау жасалынды. Осы күнге дейiн
жүргiзлген ақша реформаларының артықшылықтары, кемшiлiктер мен себептерiне
тоқталды. Елiмiздегi ақша саясаты жайлы жазылды.
Соңғы тарау қазiргi жағдайдағы ақша реформаларын жетiлдiру мәселелерi
туралы болмақ. Мұнда төл теңгемiздiң конвертациялау жолдары қарастырылып,
оның долларға шаққандағы валюталық бағамен арттыру мен тұрақтандыру
мәселелерi қамтылған.
Дипломдық жұмыстың мақсаты жүргiзiлген ақша реформаларына баға берiп, төл
теңгемiздiң еркiн айналысқа түсуiне жол ашар ұсыныстар беру болып табылады,
сонымен қатар ақша-несие саясатының негiзгi көрсеткiштерiне болжам жасау.
I. тарау. Ақшаның пада болуының теориялық негiзi.
1.1 Ақшаның мәнi мен пайда болу тарихы.
Ақша реформаларын қарастырмас бұрын, сол ақшаның не екенiн және оның
шығу тегiн қарастырып алайық. Күнделiктi өмiрiмiзде кездесетiн, үнемi
қолданыста болып жүрген ақшаға тұсiнiк бер десе, “жәй ғана қағаз ақша,
монета” деп айта салатын едiк.Ақша-бұл қатысуымен қоғамдық қатынастар
туындап пайда болатын экономикалық категория; ақша дербес формада құн
өлшемi, айналыс төлем және жинақ құралы бола алады.Ақша ежелгi заманда
пайда болды. Олар тауар өндiрiсiнiң дамуындағы бiрден-бiр шарт және өнiм
болып табылады. Тауар- бұл сату мен айырбастау ұшiн жасалынған еңбек
өiнiмi. Адам еңбегiнiң өнiмi (зат), оны өндiрушiлердiң белгiлi қоғамдық
қатынастарын тудыра отырып, тауар фирмасын қабылдайды. Бiрақ кез-келген зат
тауар бола алмайды. Егер тұтыну құны өз сатып алушысын таппаса немесе қоғам
тарапынан мойныдалмаса, онда оны дайындауға кеткен уақыттыңң рәсуә
болғаны, мұндай бұйым тауарлық формаға ие емес, өйткенi оның қоғамға қажетi
шамалы. Сондықтанда әрбiр тауар қажеттi тұтыну құнын алу құралы бола
отырып, өзiнiң өндiрушiсiне қатынасы бойынша айырбас құны ретiнде
көрiнедi.Алғашқы қауымдық құрылыс, кезiнде бiр тауардың басқа бiр тауарға
кезейсоқ айырбасталынуы барысында, айырбас құнының жай немесе кездейсоқ
формалары қолданылады (1 балта=5 құмыра, 1 қыт=1 қап бидай және т.б.).
Тауар өндiрiсiнiң өсуiне байланысты неғұрлым жиi айрбасталатын, тауар-
барлық басқа тауарлардың бiр-бiрiмен өзара айырбасталу құралы бола бастады.
Осыдан келiп, құнның толық немесе кең көлемдегi формасынан жалпы құндық
формасына жасырын тұрде өту басталды. Бiрақ оның ролi тауарға нық
бекiтiлмеген едi. Бiртiндеп жалпы құндық эквивалент ролiн белгiлi бiл
тауарлар көптеп атқара бастады және осы тауарлар ақша деп аталынды. Құнның
жалпы құндық формасы ақша формасына айналды. Тауар айналысының тарихи
эволюциялық даму процесiнде жалпы құндық эквивалент немесе рәсiмделiнбеген
ақша формасын әртүрлi тауарлар қабылдады.Әрбiр тауарлы-шаруашылық уклад өз
эквивалентiн алға тартады. Бiр халықтың өзiнде әртүрлi уақыттарда және
әртүрлi халықтарда бiр мезгiлде әртүрлi эквиваленттер болды. Сонымен,
бiрiншi iрi еңбек бөлiнiсiнiң нәтижесiнде мал бағушылардың бөлiнiп шығуымен
мал айырбас құралына айналды. Олардың белгiлi-бiр түрлерi табиғи климаттық
жағдайларда нақты сол отарда айырбас құралы болды. Шалғынды аудандарда
жылқы, сиыр және қой; ал шөл және шөлейiт аудандарда-тұйе; тундрада-бұғы
жалпы құндық эквивалент қызметiн атқарды. Малды жалпы эквивалент ретiнде
пайдаланғаны туралы нақты дәлелдер әртүрлi қолжазбаларда, қазба
жұмыстарының нәтижелерiнде табылған заттарда кездеседi. Гомердiң көне Троя
батырлары туралы поэмасында өгiздi құн өлшемi ретiнде пайдаланғаны жайлы
айтылады. Осы уақыттарда металдан жасалынған ақшаларда “өгiз” деген атау
ойып өрнектелiп жазылып жүрдi. Латынның сөзi ”пекуние” (ақша) ”пекус”
(мал)сөзiнен шыққан. “Рупа” (мал) сөзi үндiлердiң ақша бiрлiгiнiң атауы
”рупия” негiзiнде жатыр. Ежелгi Русьтарда да ақша металл ақшаларға
ауысқаннан кейiн де ”мал” деген атауға ие болды. Ярослав Мудрый 1018 былай
деген: “бiздiң жинаған малдарымыз: ерлерден 4 кун, старостылардан-10 гривен
және боярлардан 18 гривеннен тұрады”. Осы кездегi қазынашы “малшы”, қазына,
қазына жинау орны-мал ұстайтын орын деп аталынды. “Капитал” сөзiнiң шығуы
да малменен байланысты, өйткенi ескi герман тiлiнде бұл сөз мал басы
санының көптiгiн бiлдiре отырып, меншiк иесiнiң байлығын көрсеттi.
Солтүстiк халықтары ең бiрiншi тауар ретiнде айырбас үшiн, жүндi
пайдаланды. Ежелгi скандинавтар көлемi бойынша әртүлi тауарлар сатып алу
барысында құстардың, аңдардың жүндерiн пайдаланды (ұкi және т.б.). Құс
жүндерi Солтүстiк Сiбiр халықтарында, ал аң жүндерi Солтүстiк Америка
халықтарында жалпы құндық эквивалент ретiнде пайдаланылды. Жүн ақшалар
Моңғолияда, Тибетте және Памир аудандарында кеңiнен таралды. Ежелгi
Русьтардың арабтармен, хазарлармен, Византиямен сауда саттық жасауы
барысында жүн ең басты құралдардың бiрi болды. Ежелгi русь елiнде жұн ақша
жүйесiнiң бүгiнi болып саналды. 1610 жылы жаулап алынған орыстардың әскери
кассасында 5450 руб. күмiс пен 7000 руб жүн табылған. Жылы теңiздердiң
жағасын мекендеген тайпалар айналыс құралы ретiнде бақалшақ (раковиндi)
ақшаларды пайдаланды. Тарихта бақалшақ ақшалардың келесi атаулары
сақталынды бұлар: чангос, цимбис, бонгес, хайкве және т.б. Көлемi түймедей
ақшыл-қызғылт бақалшақ Кари көптеп таралды. Безендiрулер түрiнде жiпке
тiзiлгендерi Ежелгi Үндi елiнде, Қытайда, Үндiқытайда Африканың Шығыс
жағалауларында, Цейлонда және Филиппин аралдарына алғашқы ақшалар қызметiн
атқарды. Американдық үндiлердiң белдiктерiнде бақалшақ ақшалар құстардың,
жыртқыш аңдар келбет-кескiнiн өрнектеп, былғары белдiктерге көрiк бердi.
Бақалшақтарды Солтүстiк Американың Тынық мұхит жағалауларында, Полинезияда,
Каролин және Соломон аралдарында аиырбас құралы ретiнде пайдаланылды. Кейiн
келе металдардың арасында басты роль алтын мен күмiске өте бастады, өйткенi
олар жалпы эквивалент үшiн аса қажеттi сапаға ие. Әрине металдар бұған
дейiнгi ақша формаларын бiрден ығыстырып шығарып тастаған жоқ. ұзақ уақыт
бойы металл ақшалар тауар формасын сақтап келдi. Темiр ақшалар күрес, таға,
шеге, шынжыр және т.б. формаларды ұзақ уақыт бойына сақталынды. Грек
ақшасының атауы “драхма” “бiр уыс шеге” деген мағынаны бiлдiредi. Мыс
ақшалар қазандық құмыра қалқан түрлерiнде айналыста болды. Күмiс және алтын
ақшалар жүзiп, сырға, бiлезiк түрiнде де пайдаланылды. Бiрақ б.э. дейiн
ХIII ғасырда салмағы көрсетiлген құймалар пайда бола бастаған. Осындай
себепке байланысты көптеген ақша бiрлiктерi фунт стерлинг, ливр (жарты
фунт), марка (жарты фунт) салмақ бiрлiктерi атауымен аталады. Алғашқыдағы
белгiлi массасы бар формасың металл ақшаларды кейiн келе әр түрлi массадағы
бiркелкi формасы бар металл ақшалар ауыстыра бастады. Монеталардың пайда
болуы – ақшаның құрылуындағы соңғы кезең болып табылады. “Ақша-зат емес, ол-
қоғамдық қатынас”. Олар шындығында қоғамдық қатынастарды тудырушылар болып
келедi. Бұл дегенiмiз қоғамнан бөлiнген адамдар үшiн ақша керек еместiгiн
бiлдiредi. Робинзон Крузоға олар керек болмаған. Батып бара жатқан
кемеден құтқарылып алынған заттар оған адам алғы баспайтын аралда қажет
болған.
Ақша-өндiру мен бөлу процестерiнде адамдар арасындағы белгiлi
бiр экономикалық қарым-қатынастарды көрсететiн, тарихи даму үстiндегi
экономикалық категория болып табылады. Экономикалық категория
ретiнде ақшаның, мәнi оның үш қажетiнiң бiрiгуiмен көрiнiс табады.
• алпыға тiкелей айырбасталу;
• айырбас құнының жеке формасы;
• еңбектiң сыртқы заттық өлшемi.
Жалпыға тiкелей айырбасталу формасында ақшаның айырбастау
мүмкiншiлiгiнiң бар екенiн көрсетедi. Социализм жағдайында бұл мүмкiндiк
елеулi қысқарды және тiк қоғамдық жиынтық өнiмдi пайдалану және бөлумен
ғана шектелдi. Кәсiпорындар, жер, орман, жер асты байлықтары сатылмады және
сатып алынбады. Қазiргi кезде тiкелей айырбастау формасында ақшаның
пайдаланудың көлемi едәуiр кеңiдi.
Ақшаның айырбас құнының дербес формасы ретiнде пайдалану тауарларды
тiкелей өткiзумен байланысты емес. Ақшаны бұл формада қолдану жағдайлары
олар несие беру, бюджеттiң кiрiсiн қалыптастыру, өндiрiстiк және өндiрiстiк
емес шығындарды басқа банктерге сатуы және т.б.
Еңбектiң сыртқы заттық өлшемi тауарды өндiруге жұмсалған еңбектiң,
олардың ақша көмегiмен өлшенуi мүмкiн құнын анықтау арқылы көрiнедi.
Ғалым экономистердiң арасында алтынның ақшалай тауар ретiнгi ролi туралы әр
түрлi көзқарас бар. Бiреулер алтынның демонетизациялануы аяқталып, ол
жалпыға бiрдей эквивалент және ақша қызметтерiн атқару ролiн орындауды
толығымен тоқтатты дейдi. Құнның ақшалай формасынан жалпылама немесе
жайылыңқы формасына қайтып келдi. Несие ақшалар жалпыға бiрдей эквивалент
ретiнде жүрдi. Алтын, ақшаның классикалық қызметтерiн атқаруды жалғастыруда
дейдi екiншi бiреулер. Ал, ендi ұшiншi бiреулер алтынның жартылай
демонетизациялануы жалғасуда және ол жалпыға бiрдей эквивалент ролiн
орындаушы, ерекше тауар ретiндегi өзiнiң қасиеттерiн сақтап қалды дейдi.
Жекелеген елдердiң iшiнде алтын айналысы жоқ. Төлем, айналыс және
қорлану құралы болып, алтын белгiлерi (қоғамдық белгiлерi) қағаз және несие
ақшалар қызмет атқарады. Бiрақта алтын дүние жүзiлiк ақша болып қалып отыр
десек, онда ол жалпыға бiрдей эквиваленттi бiлдiредi.

Ақшаның әрбiр қызметi ақшаның тауар айырбастау процесiнен туындайтын
тауар өндiрушiлердiң өзара байланысының формасы ретiндегi әлеуметтiк-
экономикалық маңызының белгiлi-бiр жағын мiнездейдi. Ақша бес түрлi қызмет
атқарады: құн өлшемi, айналыс құралы, дұниежүзiлiк ақша. Ақша құн өлшемi
ретiнде. Құнның өлшем қызметi тауар өндiрiс жағдайында туындайды. Бұл
ақшаның барлық тауарлар құнның өлшемi ретiндегi қабiлеттiлiгiн бiлдiредi,
бағаны анықтауда делдал қызметiн атқарады. Өзiнiң жеке құны бар тауар ғана
құн өлшемi бола алады. Бұндай тауар болып өнiм өндiруiне қоғамдық еңбекке
жұмсалған, құнды қорғайтын алтын саналады. Яғни, бұл қызметтi толық құнды
ақшалар атқарады. Ақша еңбек өлшемi-ол жұмыс уақытын емес, осы еңбекпен
құрылған құнды көрсетедi. Ақша құн өлшемi қызметiн идеалды, оймен ойлау
арқылы орындайды. Яғни тауардың құнын өлшеу ақшаға айырбасталғанына дейiн
орындалады, сонымен құнның тауар формасынан ақша формасына айналуы үшiн
тауардың бағасын белгiлесек жеткiлiктi. Тауар бағасын өлшеу ұшiн қолма-қол
ақшаның болуы қажет емес, себебi еңбек өнiмiн теңестiру ойша орындалады.
Тауарды ақшаның көмегiмен өлшеуге болады, өйткенi олар адам еңбегiнiң
өнiмi. Ақша түрiнде көрiнетiн тауардың құны, оның бағасы болып табылады.
Толық құнды ақша айналысы жағдайында алтынның бағасы болған жоқ. Ақшаның өз
бағасы болмайды, олардың құны өздерiмен анықталуы мүмкiн емес. Бағаның
орнына ақшалар, кез-келген тауарлар санын сатып алу мүмкiндiгi бар. Сатып
алу қасиетiмен ерекшеленедi. Құн өлшеу қызметi жалпы эквивалент ретiндегi
ақшаның тауарға деген қатынасын көрсетедi. Бiрақ тауардың бағасын анықтау
үшiн баға масштабы қажет. Металл ақша (алтын, күмiс, мыс) айналасында
мемлекет заңды түрде баға масштабын тұрақты етiп ұстады. Металдың салмақтық
саны ақша бiрлiгiне бекiттi.
Алғаш монеталар соғыла бастағанда баға масштабы олардың
салмақтық құрамына сай келедi. Мысалы, фунт стерлинг алғашында күмiстiң
фунты есебiнде пайда болды. Тарихи даму барысында баға масштабы ақшаның
салмақтық мазмұнынан ерекшелене түстi.
Құн өлшемi және баға масштабы ретiндегi ақша қызметтерiнiң
арасында едәуiр айырмашылық бар. Құн өлшемi мемлекетке тәуелдi емес
ақшаның экономикалық қызметi болып табылады. Ол құн заңымен анықталады.
Баға масштабы заңды сипатқа ие бола отырып, мемлекет билiгiне тәуелдi және
құнды емес тауар бағасын көрсету ұшiн қызмет етедi.
Алғашында баға масштабы АҚШ қазынашылығымен алтынның тромск унициясына
(31,1г) 35 доллар есебiнде анықталып бекiтiлдi. Ол 1971 және 1973
жылдардағы долларды девалевациялануына дейiн сақталды және 1980 жылдың
қаңтарында 850 долларға дейiн жеттi.
Арнайы баға масштабы алтын құны мен оның мемлекеттiк тұрақты бағасының
арасы алшақ болып кетуiне байланысты өзiнiң экономикалық мағынасын
жоғалтты.
Ямайка валюта реформасының (1976-1978 жж.), нәтижесiнде арнайы алтын
бағасы және алтын паритетi жойылды. Құн өлшеу қызметi нарықтық баға
масштабы негiзiнде орындалады.
Қазiргi уақытта алтын тауарға тiкелей айырбасталмайды және бағалар
алтынмен көрсетiлмейдi. Алтынды айналыстан қазынаға қарай ығыстырып тастау
жағдайында ақшалы тауар (алтын) тiкелей массасына емес, алтын нарығындағы
несие ақшалармен операциялар жүргiзуге қарсы тұрады. Осыдан алтын қағаз
және несие ақшалардың құнын өлшеу ретiнде көрiнедi. Несие ақшалар тауардың
құнын өлшемейдi, өлшенген құнды көрсетедi, өйткенi өзiнiң құны жоқ.
Сонымен алтын белгiлерiнiң, яғни толық құнды емес және қорғау
ақшалардың пайда болуы, ақша ажырауына алып келдi.
Ақшаның келесi қызметi бұл айналыс құралы ретiндегi қызметi. Ақша
айналыс құралы қызметiнде тауарларды өткiзудегi делдал болып табылады.
Тауарлар бiр қолдан екiншi қолға ауыса отырып, өзiнiң тұтынушысын
тапқанға дейiн ақша үздiксiз қозғалыста болады.
Тауар айналысы кезiнде, ақша делдал ролiн атқарады, ал бұл кездегi
сатып алу мен сату актiсi ерекшеленедi уақытысы мен кеңiстiгi бойынша сай
келмейдi. Сатушы тауарын сатқаннан кейiн, басқа тауарды сатып алуға әр
уақытта асықпайды. Ол тауарды бiр нарықта сатуы, ал басқа нарықтан сатып
алуы мүмкiн. Делдал ретiндегi ақшаның көмегiмен уақыт пен кеңiстiктегi
өзара сай келмеушiлiк жойылды.
Өзiнiң құнын өткiзгеннен кейiн, айналыстан кететiн тауарларға
қарағанда, ақшалар айналыс құралы ретiнде барлық уақытта осында қалып
отырады және сату-сатып алу процесiнде қызмет етедi.
Бiздерге ақша айналыс құралы қызметiн негiзiнен мемлекеттiк,
оперативтiк, коммерциялық сауда тұрғындардың тауарларды сатып алуы кезiнде
орындайды. Шет елдерде мұндай шектеулер жоқ. Онда фирмалар мен
корпорациялардың және т.б. қолма-қол ақшамен есептесуiне тиым салынбаған.
Айналыс құралы ретiнде ақша қызметтерiнiң ерекшелiктерi
мыналар:
• тауар мен ақшаның қарама-қарсы қозғаллысы;
• оны идеалды ақшалар емес, нақты (қолма-қол) ақшалар орындайды;
• ақшаның бұл қызметiнде тауарларды айырбастау өте тез орындалатын
болғандықтан, оны нағыз ақшалар емес (алтын), оны ауыстырушылар-ақша
белгiлерi орындайды.
Бiрақ бұл, несие және қағаз ақшалар ақшалы тауармен (алтын) байланысты
емес деген сөз емес. Бұл байланыс несие ақшалардың алтын нарығында жасырын
айналыс болуымен түсiндiрiледi.
Ақша айналыс құралы қызметiн атқаратын болғандықтан, айналыс
қажеттiлiгi олардың саны өткiзiлуi тиiс тауарлардың бағасы мен массасы
негiзiнде, яғни өткiзiлуi тиiс тауарлар бағасының сомасымен анықталады.
Қанша дегенмен бiр ақша бiрлiгi бiр-несие тауар мәмiлелерiне қызмет ететiн
болғандықтан, ақша айналысы қанша көп болса, айналыс үшiн олардың қажетi
сонша аз болады.
Егер ақшаның айналыстағы массасы тауар массасынан көп болса, бұл
олардың құнсыздануы, яғни инфляцияға алып келедi.
Ақшаның келесi қызметi-төлем құралы. Тауар айналысы ақша қозғалысымен
байланысты. Бiрақ ақша қозғалысы мiндеттi түрде тауар қозғалысымен бiр
уақытта тоғысуы тиiс емес. Ақша құнның еркiн формасынан көрiнедi. Олар
өткiзу процесiн еркiн аяқтайды. Ақшаның қозғалысы тауар қозғалысынан ерте
немесе кем жүруi мүмкiн.
Егер тауар мен ақшаның қарама-қарсы қозғалысы болмаса, яғни тауар
төлем ақы түскенге дейiн сатып алынған немесе керiсiнше болса, онда бұл
жағдайда ақшалар төлем құралы қызметiн атқарады.
Ақшалар төлем құралы ретiнде тек қана тауар айналысында ғана емес,
сонымен бiрге қаржы несие қатынастарына да қызмет етедi. Барлық ақшалай
төлемдердi төмендегiдей етiп топтауға болады:
• тауарлар мен қызметтердi мiндеттемелер;
• еңбек ақы төлеуге байланысты мiндеттемелер;
• мемлекетке қатысты қаржылық мiндеттемелер;
• банктiк қарыз, мемлекеттiк және тұтыну несиесi бойынша борыштық
мендеттеме;
• сақтандыру мiндеттемелерi;
• әкiмшiлiк-сот сипатындағы мiндеттемелер және басқалары.
Ақша төлем құралы ретiнде айналыс құралынан өзара айырмашылықтары бар.
Бұл қызметте ақшалар делдал болып табылмайды, ол тек қана сатып алу мен
сатуды аяқтайды. Нәтижесiнде тауарға қатынасты ақшаның өз бетiнше еркiн
қозғалысы байқалады. Тауарды несиеге сатып ала отырып, сатып алушы сатушыға
ақшаны берудiң орнына, борыштық мiндеттеменi жазып ұсынады. Бұл борыш
өтелген кезде ақша төлем құралы ретiнде қызмет атқарады.
Төлем құралы қызметiн толық бағалы емес нақты ақшалар (қағаз немесе
несие), ал борыштық мiндеттемелердi өзара өтеуде идеалды ақшалар атқарады.
Төлем құралы ретiндегi ақшаның, қызметi оның бұдан бұрын қарастырылған
қызметтерiнен айырмашылығы болғанымен ол олармен берiк байланыста екенi
анық. Ақшаның төлем құралы қызметi, оның құн өлшемi және айналыс құралы
ретiнде қызмет етуi барысында көрiнуi мұмкiн. Ақшаның төлем құралы ретiнде
қызмет етуiнiң дамуы резервтiк қор құрудың, яғни ақшаның қор және қазына
жинау қызметтерiнiң туындауының қажет екенiн көрсетедi.
Ақшаның төлем құралы қызметiн атқаруына байланысты ақша айналысы
заңы өзiнiң неғұрлым толық көрiнiсiн тапты. Егер тауарлар несиеге сатылса,
онда қолма-қол ақша қажет емес. Бұл айналыстың қолма-қол ақшаға деген
қажеттiлiгiн азайтады. Бiрақ төлем мерзiмi жақындаған сайын борыштарды жабу
үшiн ақша айналымының қажетiлiгi артады. өзара өтелетiн төлемдер сомасы
айналыс үшiн ақшаның санын азайтады. Егер қандайда бiр бөлiмде борыштық
мiндеттеме бойынша төлем түспейтiн болса, онда бұл өзiмен бiрге басқа да
төлемсiздiк тiзбесiн тудырады.
Ақша қорлану және қазына жинау құралы ретiнде. Ақшаның төлем және
айналыс құралы қызметтерi ақшалай қорлардың құрылуын талап етедi. Ақшаның
қорлануының қажеттiлiгi Т-А-Т айналымының екi актiлерге Т-А және А-Т
айырылуымен байланысты.
Капиталистiк қоғамдақ формацияға дейiнгiлер үшiн байлықты “таза қазына”
формасында жинақтау, яғни ақшаның қарапайым қорлануы тән келедi. Бұл
экономикалық дамуға ешқандай ықпал еткен жоқ. Себебi олар шын мәнiсiнде
айналыстан тыс жатқан ақшалар болды. Капитализм тұсында бұл қазыналар
несиелiп жұйе және қор биржалары арқылы пайда әкелiн капиталға
(өнеркәсiптiк немесе сауда) айналады. Қазына жинау қызметiнiң қажеттiгi
тауар өндiрiсiмен байланысты болды. Айналым капиталын немесе тұтыну
заттарын алу үшiн ең бастысы ақша жинау қажет. Әрбiр тауар тек қана
жекелеген қажеттiлiктi анықтайды және олар жалпы байлықты бiлдiрмейдi.
Толық бағалы ақшалар (алтын) материалданған құнның формасы ретiнде
байлықтың жалпы өкiлiн сипаттайды. Демек, қазына жинау құралы қызметiн тек
толық бағалы немесе нағыз ақшалар орындауы мүмкiн. Қазыналарды қорландыру
алтын монеталар мен алтын құймаларын жинақтау түрiнде жүзеге асады.
Металл ақшалар айналысы тұсында қазына жинау тек қана ақша айналысын
реттеушi райы атқарған болатын. өндiрiстiң және тауар айналысының кеңеюi
барысында немесе керiсiнше. Қазiргi жағдайда қазына жинау қызметi
айналыстағы ақша массасын реттегiш қызметiн атқармайды. Қазына тек қана
мемлекеттiң сақтандыру қоры ретiнде болады. Алтын резервтерi мемлекетке
экономикалық тәуелдiлiктiң болуына кепiлдеме бередi. 1998 ж. 1 қаңтарда
Қ.Р. Ұлттық банкiсiндегi монетарлық алтынның қолдығы 41781,1 млн теңгенi
құрады.
Несиелiк және қағаз ақшалар қазына жинау құралы қызметiн атқара
алмайды, себебi олардың меншiктi құны жоқ. Бiрақ та осы қызмет негiзiнде
олар қорлану қызметiн жүзеге асырады.
Ақша айналыс саласынан уақытша шығып қалғаннан кейiн олар қорлана
бастайды. Қорлану қызметiнде ақша өзiнiң құнын сол формада сақтай отырып,
олар кез келген уақытта айналысқа төлем немесе айналым құралы ретiнде тұсе
алады. Шынында да бұл елдегi ақша айналысының тұрақтылығы жағдайында, яғни
инфляцияның болмауына байланысты ғана мүмкiн.
Тауар өндiрiс жағдайында қорлану екi формада жүредi;
• кәсiпорындар мен ұйымдардың есеп айырысу және депозиттiк шоттарындағы
ақшалай қаражат қалдығы тұрiнде ұжымдық қорлану;
• банктердегi салымдар, мемлекеттiк облигациялар.
Несиелiк механизмнiң арқасында кәсiпорындар мен халықтың ақшалары
банктен берiлетiн қарыздар түрiнде қайтадан айналыс процессiне түседi.
Сөйтiп, ақшалар қайта бөлу процессiне дәнекер болады.
Дүние жүзiлiк ақша қызметi. Тауар шаруашылығының кеңеюi, шаруашылық
байланыстардың интернационалднауы дүние жүзiлiк ақшалар интернационалдық
құн өлшемi, халықаралық төлем және сатып алу құралы ретiнде қызмет етедi.
Бұл қызметтi бастапқыда толық бағалы ақшалар (алтын), ал кейiннен нағыз
ақшалар (шетел валютасы) атқарды. 1867 жылы Париж келiсiмi дүние жүзiлiк
ақша қызметiн алтынға балап бекiттi. Егерде елдiң iшiнде ақша ұлттық ақша
бiрлiктерi формасында қызмет етiп жүрер болса, ал одан тысқоры жерде К.
Маркстiң айтуынша: “ақшалар өзiнiң ұлттық киiмдерiн шешiп, бастапқы қымбат
бағалы металл формасын киедi.”, яғни жалпыға бiрдей эквивалент формасына
өтедi. Бiрақ алтын айналысы тұсында да ағымдық халықаралық есеп
айырысуларға алдыңғы елдердiң ұлттық валюталары қызмет еттi. 1913 ж.
халықаралық есеп айырысулардың 80%-зы ағылшын фунт стерлингiнде бейнеленген
аударым вексельдер көмегiмен жүзеге асырылды, ал алтын халықаралық есеп
айырысулардың қалдығын жабуға ғана қызмет еттi. Бретон-Вудстағы (1944 ж)
мемлекетаралық келiсiмге келу, доллар мен фунт стерлингке резервтiк
валюталар мәртебесiн бердi. Кейiннен дүние жүзiлiк ақшалардың жаңа
формалары: СДР – арнайы қарыз алу құқығы; ӘКЮ – еуропалық есепке алу
бiрлiгi пайда болды. Ал 1999 ж. 1 қантарынан бастап Еуропаға ынтымақтастық
елдердiң ортақ ақша бiрлiгi “еуро” айналысқа шықты.
Қазiргi уақытта дүние жүзiлiк несиелiк ақшалардың жобаларын жасалуда,
бiрақ одан әлi нәтиже жоқ. Енгiзiлген шартты есептесу бiрлiктерiнiң өзiндiк
сменшiктi құндары жоқ. Сондықтан олар толыққанды түрде дүние жүзiлiк
ақшаның қызметiн атқара алмайды. Бұл қызметтi тек қана алтын нарығындағы
оперциялар арқылы алтын атқарады.
3. Ақша айналымын реттейтiн заңдылықтар.
Ақша жүйесiн реттейтiн нақты заңдылықтар қабылданбайынша, елдегi ақша
жүйесiн дұрыс жолға қою мұмкiн еместiгiн бұрынғы жұргiзiлген ақша
реформалары дәлелдеп бердi.
Ал ендi елiмiздегi ақша жүйесiне келер болсақ ҚР-дағы ақша жүйесi
1995 жылы 30 наурыздағы, Қазақстан Республикасы µлттық банк туралы
Қазақстан Республикасы Президентiнiң заң күшi бар жарлығына сәйкес
ұйымдастырылған. Жарғы ақша айналысын ұймдастыру негiзiн және формаларын
белгiлейдi, онда ресми ақша бiрлiгi, ақша белгiлерiнiң эмиссиясы, сонымен
қатар монеталарды жасау тәртiбi, ақша айналысын ұймдастыру және реттеу
тәртiптерi қамтылады.
ҚР-да орталық Банк-µлттық банк болып саналады. ҚР ұлттық банкiнiң
негiзгi мiндеттерi-Қазақстан Республикасының ұлттық валютасының iшкi және
сыртқы тұрақтылығын қамтамасыз ету болып табылады.
Сонымен қатар Қазақстан Республикасының Ұлттық банкiсiне мынадай қосымша
мiндеттер жүктеледi:
экономикаға интеграциялануы мақсаттарына жетуiне көмектесiп, ақша
айналысы, несие, банктiк есептеулердi және валюталық қатынастар
саласындағы мемлекеттiк саясатты жасау және жүзеге асыру;
Ақша-несие және банк жүйесiнiң тұрақтылығын қамтамасыз етуге
кҚазақстанның экономикасының дамуы және оның дүниежүзiлiк өмектесу;
Банктiң және басқа несиелiк мекемелердiң қызметiн реттейтiн ережелердi
жасау және орындалуына бақылау жасау негiзiнде банк несие берушiлердiң,
салымшылардың мүдделерiн қорғау.
Ұлттық банктiң жұмыстарының негiзгi бағыттары.
елдегi несиелiк ресурстарды және ақша айналысын басқару;
өзiне бағынышты мекемелер арқылы ақшалай түсiмдi инкассациялауды
ұйымдастыру және жүзеге асыру;
халық шаруашылығындағы несиелiк, есеп айырысу және кассалық
операцияларды жүзеге асыру;

операцияларды жүзеге асыру ережелердi, әдiстемелiк инструкциялық
нормативтiк актiлердi шығару (барлық банктерге мiндеттi) есеп жүргiзу
және банктердiң есеп беруiн ұйымдастыру;
банк iсiн лицензиялау, ақша-несиелiк реттеудiң әдiстерiнiң формаларын
талдау;
банк iсiн бақылау және қадағалау;
елдiң банк жүйесiнiң тәуелсiз балансын жасау;
ғылыми зерттеу және аналитикалық жұмыстар жүргiзу;
валюталық операцияларды жүргiзу ережелерiн және тәртiбiн жасау,
бiркелкi валюталық саясатын жүргiзу және т.б.
Валютаны өзгертуге тек қана Қазақстан Республикасының Парламентiнiң
құқы бар. ұлттық валютаның қызмет ету шарттарын, мерзiмiн, тәртiбiн анықтау
құқығы Қазақстан республикасының Президентiне жүктеледi.
Ұлттық банк ҚР-сының валютасын шетел мемлекеттерiнiң ақша белгiлерiне
айрбастау тәртiбiн белгiлейдi.

ҚР-дағы ақша айналымның өзiндiк тарихы бар. Ол бiрнеше стаылардан
өтiп, бiрнеше реформаларды бастан кешiрдi. Соның алғашқысы ретiнде 1922-
1924 жж. Ақша реформасын қарастырайық. Алдымен осы ақша реформасын жүргiзу
қажеттiлiгiне тоқталайық. Революцияға дейiнгi Қазақстанда жүргiзiлген 1895-
1897 жж. Ақша реформалары нәтижесiнде алтын монета айналысы бар алтын
монометализм жүйесi енгiзiлдi.
Айналыста алтын, күмiс, мыс монеталар жүргiзiлдi. Негiзгi ақша
белгiлерiне 92% алтынмен қамтамасыз етiлген мемлекеттiк банктiң несиелiк
билеттерi жатты. Ақша массасының басты бөлiгiн алтын монеталарға
ауыстырылатын айналыс құралдары құрады, сондықтанда оларға деген халықтың
сенiмi болды. 1917 ж. кезде уақытша ұкiмет 20 және 40 рубльдiк ақша
белгiлерiн шығарды, олар шынының бетiне жабыстырылған этикеткаларға ұқсас,
бұны халық арасында “кренки” деп атады. Несиелiк ақша мен ”кренкилерден”
басқа уақытша ұкiмет сурогаттардың әртүрiн енгiздi: мемлекеттiк қазынаның
қысқа мерзiмдi мiндеттемесi, заим купондары. Мемлекеттiк шығыстарды жабу
мақсатында ұкiмет iрi купюра қағаз ақшаларды шығарды. ұсақ ақшалар ролiн
чектер, бондар, маркалар және басқа да ақшалай сурогаттар атқарды. Ресейде
ақша жүйесiнiң жалпы құлдырауы басталып, оның Қазақстанға да өзiндiк ықпалы
болды. Қазан революциясынан кейiн ақша айналысының жағдайы, бiршама
нашарлай түстi. үш жыл iшiнде (1917-1920) айналыстағы қағаз ақшалардың
массасы 48 есеге дейiн өсiп кеттi. Ақша 10 мың есеге құнсызданды. 1919 ж.
алғаш рет кеңестiк мемлекеттiк билеттер, кейiннен РСФСР-дiң есеп айырысу
белгiлерi айналысқа шығарылды. Түркiстанда, Солтүстiк Кавказда, Кавказда,
Қиыр Шығыста және басқа жерлерде жергiлiктi ақша белгiлерiн шығаруға рұқсат
берiлдi. Ақша массасы сан алуан түрлi болды. Жергiлiктi ақша белгiлерi
Жетiсуда, Верный қаласында (Алматы) шығарылды. Жетiсулық несиелiк билеттер
Мемлекеттiк банкте апиынмен сақталған және Жетiсу облысының барлық
байлығымен қамтамасыз етiлдi. Бұл туралы несиелiк билеттiң бет жағында
көрсетiлген жазу куәландырылады. Дұниежұзiлiк тәжiрибеде мұндай жағдайлар
болған емес. Жергiлiктi билiк органдарының иелiгiнде мұндай бағалы дәрiлiк
шикiзаттың 275 пуды болды, олар елдiң байлығы болып саналды. Бiрақ бұлар
қаржылық жағдайды нығайта алмады. ”Верненск рублi” күн сайын құнсыздана
бастады. Азамат соғысы мен шетел интервенциясы жағдайында интервенттер,
шетелдiк және ақ гвардия “үкiметi” өздерiнiң ақшаларын басып шығарды.
Олардың бағамдары әртүрлi болды және олар тезiрек құнсызданды. Ақшаның
қатты құнсыздануының нәтижесi: шаруашылық қатынастардың натуралануы мен
ақшаның айналыстап шығарылуы болып табылды. 1920 ж. соңынан бастап “еңбек
поягын” ақысыз беру басталды. Келесi жылдарда пәтер ақы мен коммуналдық
қызметер үшiн төлем алынып тасталды. Оқушыларға тегiн киiм берiлдi.
Базалардың өзiнде, азық-түлiктермен алмасу ақшасыз, яғни кездейсоқ айырбас
эквивалент (мысалы етiк жұбы 30 фунт крупаға, немесе 1 пуд қара ұнға,
немесе 3 фунт махоркаға және т.б.) түрiнде жүзеге асырылды. 1921 ж.
наурызда болғанРКП (б)-ның Х съезiнде жаңа экономикалық саясат (ЖЭС)
қабылданды. Шаруалар өнiм салықтарын мемлекетке төгеннен кейiн, артық
өнiмдерiн базарға сатуға мүмкiндiк туды. Қала мен ауыл арасында нарықтық
қатынас дами бастады. Жеке меншiк капиталдық саудаға және ұсақ өнеркәсiпке
араласуына жол берiлдi. Бiртiндеп еңбекақыны ақшамен төлеу қалпына
келтiрiлдi. Егер 1921 ж. көктемiнде ақшалай еңбек ақыны төлеу тек 10%
құраса, онда 1923 ж. бiрiншi тоқсанында, ол 80%-дан астамын құрады. Бұл
ақша реформасының арқасында ғана мүмкiн болды. 1921 ж. қазанда Ресей
кеңестiк Федеративтiк Социалистiк Республикасында Мемлекеттiк банк
ұйымдастырылып, ол елдiң басты эмиссиялық орталғы ақша реформасын жүргiзуге
дайындық жасау болды. Ақша реформасын өткiзудiң экономикалық алғы
шарттарына жЭС жүргiзудiң нәтижесiнде шаруашылық жағдайдың бiршама
жақсаруы: әртұрлi өнеркәсiп салаларындағы өнiмдер көлемiнiң өсуi, еңбек
өнiмдiлiгiнiң артуы, ауыл шаруашылығының басты өнiмдерiнiң өсуi (бидай,
мақта) тауар айналымының артуы жатады. Тауар шаруашылығындағы ақша
айналысының бiрқалыпты болуының екiншi бiр алғы шарты-бұл ақшаның алтынмен
қамтамасыз етiлуi. 1.01.1922 жылдан 1.01.1923 жылдар аралығында Мемлекеттiк
банктiң алтын валюта резервi 6,7 млн-нан 31 млн рубльге дейiн өстi. 1922 ж.
сәуiрде бағалы металдарда және тастарды еркiн түрде иеленуге рұқсат бердi,
оған дейiн халық оларды мемлекетке тапсыруға мiндеттi болатын. Бағалы
металдан жасалынған монеталар мен шетел валюталары сатып алу мен сатуда
Мемлекеттiк банктiң өзi ғана жүргiзуге монополиялық құқығы болды. Ақша
айналысын қалыпқа келтiрудiң басты бiр қадамына 1922 ж. мемлекеттiк ақша
белгiлерiн шығару жатты. Мұндағы 1 рубль бұрынғы шығарылған 10 мың рубльге
теңестi. Ақашаларды қайта есептеу олардың төрт көлiк сызып тастау
(деноминазациялау әдiсi) арқылы жүрiзiлдi. 1922 ж. 1 мамырынан бастап,
барлық есептесулер жаңа ақшалармен жұзеге асты. Айналыстағы ескi ақша
белгiлерiн 1923 ж. 1 қаңтарына дейiн кассаларда қабылдады. Екiншi рет
деноминациялау барысында 1923 жылғы үлкендiгi 1 рубль 1922 жылы 100 рубльге
немесе бұрынғы кеңестiк ақша белгiлерiнiң бiр миллионына теңестi.
Деноминациялар ақшаны есепке алуды, оңайлатты ақша айналысын бiрқалыпқа
келтiру жөнiндегi ұмтылысты куәландырды. Әйтседе рубльдi тұрақтандыру
мүмкiн болмады. Мемлекеттiк бюджеттiң тапшылығы жағдайында жаңа ақшалар
үстi-үстiне шығарыла бергендiктен де, олар тезiрек құнсыздануға ұшырады.
Аталған ақша реформасы екi кезеңде жүргiзiлдi. 1922 ж. 25 шiлде және 11
қазанда Кеңхалком декретiмен Мембанкке 1,2,3,5,10,25, және 50 червонец
тұрғысындағы банктiк билеттердi шығару туралы құқық берiлдi. Бұл червонец
соғысқа дейiнгi алтын монетадағы (7,74234 алтын 10 рубльге теңестi).
Мембанк червонецтердi кәсiпорындарды вексельдiк және тауармен қамтамасыз
етiлген қарыздар беру арқылы шығарып отырды. Бұл тауар айналысының
қажеттiлiгiмен байланысты червонецтердi шығаруға мүмкiндiк бердi.
Червонецтердi эмиссиялардың несиелiк сипаты олардың қарызды өтеу
барысында банкке қайтарылуына қызмет еттi. Вексельдер мен тауарлы-
материалдық бағалылықтардан басқа да червонецтер эмиссия сомасынан 25%
алтынмен және шетел валютасымен қамтамасыз етiлдi. Банктiк билеттер алтынға
айырбасталмады, бiрақ банк червонецтердiң алтын рубльдегi бағамының
сақталуын бақылап отырды. Кеңес мемлекетiнiң барлық тарихында червонец
жалғыз ғана тұрақты валюта болып табылды.
Сауда-саттықтың және банктiк несиелердiң ұлғаюына қарай червонецтерде
айналыста қолданыла бастады. Олар айналыстағы барлық ақша массасының нақты
құнының 1.04.1923 ж-15%, 1.07.1923-37% және барлық ақшалай есеп айырусылар,
мемлекеттiң кiрiстерi мен шығыстары және басқа да төлемдер червонецтармен
бейнеле бастады.
Червонецтер iрi ақша болғандықтан да олар көбiне көтерме шаруашылық
айналымына қызмет еттi. Кеңестiк ақша белгiлерi өздерiнiң ұсақ құндылығына
қарамай, олар ұсақ бөлшек саудада және базар айналымында қызмет ете бердi.
Шын мәнiсiнде, елде екi валюатның қосарлы айналысының жүйесi қалыптасты:
мембанктiң несиелеу барысында шығарған червонецтерi және Халықаралық қаржы
комитетiнiң бюджет тапшылығын жабы мақсатында шығарған кеңес ақшасының
белгiлерi.
Екi валютаның қосарлы айналысы-халық пен елдiң экономика жағадйына
қатты әсер еттi. Жалақы червонец түрiнде есептелгенiмен кеңестiк ақшалық
белгiлерiнде берiлдi. Шаруалар өздiрiнiң өнiмдерiн құнсыз кеңестiк ақша
белгiлерiне сатқылары келмедi.
1.05.24 жылы айналыстағы ақша массасы астрономиялық санға –762,3
квадрильон рубльге (квадрильон-бұл 15 нолi бар ақша бiрлiгi) жеттi. Бұл
ақша массасының нақты құны (червонецтегi) 15,2 млн.рубльдi құрады.
Кеңестiк ақша бiрлiктерiнiң құнсыздану қарқыны орташа және ұсақ
купюрадағы ақшалардың жетiспеушiлiгiне әкелiп соқты. Сөйтiп, ұсақ ақшалар
ретiнде әр тұрлi ақшалар, әсiресе тұрақты валюатларда бейнеленген
сурогаттарды шығарды.
Кеңестiк ақша бiрлiктерiнiң құнсыздануы шаруаларға үлкен зиян әкелдi.
Червонецтер қаланың валютасы болды, iс жұзiнде олар ауылдарға жетпедi. Ауыл
шаруашылығы өнiмдерiнiң тауарлығы төмендей бастады. Мұның бәрi ақша
реформасын тезiрек аяқтауды талап еттi. Бұған деген өзiндiк экономикалық
алғышарттары болды: бюджет тапшылығы 15%-ға дейiн қысқарды, өнiдiрiс пен
тауар айналымының өсуi байқалды, алтын қоры ұлғайды (1.01.1923 ж. 10,9 млн.
рубльден, 1.02.1924 ж. 153,6 млн.рубльге дейiн). Бiрақ алтын қорының сомасы
Ресей патшылығы соғысының қарсаңындағы болған алтын қорына қатынасты
алғанда 9%-ға жуығын құрады.
5.02.24 ж. Орталық атқару комитетi (ОАК-ЦИК) және Халық Комиссарлар
кеңесi (ХКК-СНК) декретiне байланысты ақша реформасы тоқтатылды. Айналысқа
1,3 және 5 рубльдегi қазыналық билеттер шығарылды, мұндағы 10 қазыналық
рубльдiң құны 1 червонцке теңестi. Кеңес ақша белгiлерiн шығару тоқтатылды.
Олардың қаржы Халық комиссариатының қорында болған қоры жойлды. 22.02.24ж.
бастап 10,15,20 және 50 тиындық кұмiс монеталар және 1,2,3 және 5 тиындық
күмiс монеталар шығарылды. 1924 ж. бастап айналыстағы ақаашның кеңестiк
белгiлерiн нақты бағаммен сатып алу басталды, 1 рубльдiк қазыналық билет 50
мың рубльге теңестi. Қазыналық билеттердiң шығарылу шамасы айналыстағы
червонецтер сомасының жартысынан аспауға тиiс болды.
1888 ж. дүниеге келген Григорий Яковлевич Сокольников (Бриллиант) 1922-
1924 жж. Ақша реформасын ұйымдастырушы және теоретигi, болды. 1921 ж.
қараша айынан бастап, ол қаржы Халық Комиссариатын басқарған болатын. Оның
жетекшiлiгiмен бөлiнген қаржы-несие жүйесi қалпына келтiрiлдi. Не бары 3
жыл iшiнде, 1924 жылың аяғында, мемлекеттiк бюджет тапшылықсыз болды. Бұл
кеңестiк ақша белгiлерiнiң эмиссиясын қысқартып, тұрақты червонецтерге
өтуге мүмкiндiк жасады. Ол 1922 ж. басынан бастап валютаның тұрақтылығы
елдiң экономикалық өрелеуiнiң қажеттi шарты деп дәлелдедi. Осы уақыттарда
көптеген шаруашылық иелерi, құнсыз кеңестiк ақша белгiлерiнiң эмиссиялануы-
ұлттық табысты бiрiншi кезектегi мемлекеттiк қажеттiлiкке қайта бөлудiң
мұмкiн болар тәсiлi деп санады. Бұл көзқарасқа қарсы болған
Г.Я.Сокольников, барлық тауарлық шаруашылықта ақша тек қана айналыс және
төлем құралы болып табылмай, сондай-ақ құн өлшемi және қорлану құралы болып
табылады деп санаған. Соңғы екi қызметтi құнсыз кеңестiк ақша бiрлiктерi
атқара алмайды. Қорлану құралы ретiндегi ақшаға деген қажеттiлiк алтынның,
тұрақты валютаның келуiн талап етедi. Ол бюджеттiк эмиссиялауға негiзделген
гиперинфляцияның барлық ақша жұйесiнiң құлдырауына әкелiп соғатынын
дәлелдеген болатын. Қаншалықты сырты сауданың дамуы iшкi айналымдағы
ақшалар мен дүниежүзiлiк нарықтағы ақшалар арасында тұрақты қатынастың
болуын талап ететiндiктен де, алтынға байланысты ұлттық валютаның тұрақты
бағамы болуы қажет. Алтынға валютаның еркiн ауыстырылуын жақтаушы ретiнде
ғана емес, сонымен қатар Г.Я.Сокольников алтын резервтерiн жинақтау қажет
деп санады.
Алтын қорының үш ролi болды:
• халықаралық есеп айырысуларды резервтiк қор ретiнде;
• iшкi нарықта червонец бағамын реттеушi (мембанк алтынды шетел валютасымен
бiрге iшкi нарықтан сатып алып отырды);
• көзге көрiнбейтiн жағдайларға арналған сақтандыру резервi.
Червонец тарихқа “алтын” деген атпен кiрдi, бұл жерде боның мазмұны
патшалық он рубльдiң алтын мазмұнына сәйкес келуiнiң қатысы болғандықтан
емес. Мембанк валюталық бағамды өзгерiссiз (1 червонец тең 1фунт стерлинке)
қалыпта ұстау мақсатында ”еркiн нарықта” алтынды және шетел валютасын сатып
және сатып алып отырды. Мемлекеттiң нарықтағы алтын және шетел валютасына
деген сұраныс пен ұсыныс қатынасына араласуын валюталық интервенция деп
атай отырып, ол өз кезегiнде червонец позициясын нығайтуға, оның бағамын
арттыруға мүмкiндiк бердi.
Сонымен қатар, червонецтер кеден баждарын төлеуге де қабылданды.
Червонецке тұрақты бағамды валюта алу мұмкiндiгi, сондай-ақ червонецтегi
бағалардың тұрақтылығының қамтамасыз етiлуi, оған деген ”сенiмдi” арттырып
қоймай, боның пайдалану аясын кеңейте тұстi. 1.07.1923 ж. червонецтер
елдегi ақша массасының 45%-ын құрады. Ең басты червонецтер тұрақты қорлану
құралы болып табылды. Валюталық нарыққа алтынның және шетел валюталарының
қатты құйылымы басталды.
1922-1924 жж. Ақша реформасында көптеген адамдар құнсыз қағаз
ақшалардың орнына мыс монеталардың келуi таңғажайып нәрсе баға бердi. Ақша
айналысын реттеудi, ақша белгiлерiн эмиссиялауды қатаң орталықтандырып Ұлы
Отан соғысына тұрақты ақша жүйесiмен қадам басуға мүмкiндiк жасады.
1947 жылғы ақша реформасы Ұлы Отан соғысы елге-679 млрд. рубльге шығын
әкелдi, оның iшiнде әскери шығындар 551,1млрд.рубльдi құрады (соғысқа
дейiнгi бағамен есептегенде). Өндiрiс пен халық тұтынатын тауарлардың
сатылу көлемiнiң аяқ асты қысқаруы мемлекеттiк бюджеттiң табыстарын
азайтты. Осы уақыт iшiнде әскери шығыстар өсе бастады. Оларды жабу
мақсатында халықтан алынатын табыс салығына қоса әскери салық, баласыз
адамдарға салық, шығын жанұялыларға салық және жалғыз басты азаматтарға
салынатын салықтар енгiзiлдi. Халық арасында мемлекеттiк займдарға ерiктi
түрде жазылу және әскери техникаларды құрауға ерiктi жарналар беру
жұмыстары ұйымдастырылды. Соғыс уақытында халықтан барлығы 270 млрд. рубль
немесе мемлекеттiк табыстардың 25,4% шамасында қаражаттар түстi. Бюджет
тапшылығы эмиссиялау есебiнен жабылды. өндiрiс көлемiнiң қысқаруымен
айналыста ақша массасы жоғарылады. Бұл ұйымдастырылмаған (колхоз) нарықта
бағаның көтерiлуiне әкелдi. Мемлекеттiк сауданың тұтыну заттарына соғысқа
дейiнгi бағалар сақталды. Бұған халық тұтынатын тауарларды сатуда
карточкалық жүйе арқылы қол жеткiздi. Рубльдiң сатып алу қабiлеттiлiгi
төмендей бердi. Соғыстың зардаптарын жою үшiн экономика облысында рубльдiң
тұрақтылығын және оның сатып алу қабiлеттiлiгiн көтеру қажет болды.
өнеркәсiпте және ауыл шаруашылығында өндiрiс көлемiнiң ұлғаюы, тауар
айналысының, мемлекеттiк кiрiстердiң көбеюi ақша реформасын жүргiзуге (КСРО
Кеңес министрлiгiмен БКП(б) ОК қаулысына сәйкес 1947 ж. 14 желтоқсанда
“Ақша реформасын жүргiзу туралы және азық-түлiк пен өнеркәсiп тауарларына
карточкаларды алып тастау туралы” ) мүмкiндiк бердi. Айналысқа жаңа ақша
бiрлiктерi 1,3,5,10,25,50,100 номиналдық купюрлар шығарылды. Қолма-қол
ақшалар ескi ақшаларға 1:10 қатынаста айырбасталынды. Бұндай жолмен
айналыста ақша массасы 10 есеге азайды. Мемлекет жасанды ақшалардан
құтылды. Халықтың жинақ кассаларындағы 3000 рубльге 10000 рубльге дейiн 3:2
жеңiлдiк арақатысымен, 10000 жоғары 2:1 арақатынаспен қайта бағаланды.
Мемлекеттiк кәсiпорындар мен ұйымдардағы ақша қаражаты қайта бағаланбады.
Колхоздардың, кооперативтiк кәсiпорындардың және несиелiк мекемелердiң
шоттарындағы ақша қаражаты жеңiлдiк қатынаспен 5:4 есебiнде айырбасталды.
Ақшаның айырбастлуы қысқа мерзiмде 15-20 желтоқсан аралығында жүзеге
асырылды. Ол арнайы ұйымдастырылған айырбас пункттерiнде жүрдi. Бұрынырақ
кезде шығарылған металдық монета айырбасталуға жатпады және айналыста
номиналы бойынша қала бердi. Желтоқсаннның бiрiншi жартысы үшiн жалақы
бұрынғы мөлшерде жаңа ақшамен төлендi. Реформаның басты элементтерiнiң бiрi
бұрынғы шығарылған мемлекеттiк займдарды (1947 ж. займнан басқасын) 1948 ж.
бiртұтас 2%-дық займға конверсиялануы болды. Барлық бұрынғы займдағы
облигациялар 3:1 арақатынасымен айырбасталды. Ақша реформасын жүгiзуiмен
қатар, барлық азық-түлiк және өнеркәсiп тауарларына деген карточкалық жүйе
алынып тасталынды және карточкалық жүйемен салыстырғандағы нанның бағасы 10-
12% төмендедi.
Еркiн мемлекеттiк сауданың ықпалымен колхоз нарықтарындағы бағалар
төмендедi. 1948 ж. Бiрiншi тоқсанымен салыстырғанда 41%-ға өстi. 1947 ж.
Ақша реформасы ақша жүйесiнiң түбiрiмен қайта құрылуын бiлдiрген жоқ. Оны
жүргiзгеннен кейiн де, реформаға дейiнгi болған ақша айналысының құрылымы
сақталды. Бұның сәл айырмашылығы сол, Мемлекеттiк банктiң билеттерi
червонец емес рубль түрiнде шығарылатын болды. Реформа ақша жүйесiн нығайта
отырып, ақшаның барлық қызметтерiнiң маңызын арттырды. Бұл реформа өз
кезегiнде бiрнеше рет төлем қабiлеттi бар сұраныс пен тұтыну саласында
ұсыныс арасындағы тепе-теңдiктi сақтап қала алды.Бiрақ бұл елуiншi
жылдардың басында-ақ бөлшек сауда бағаларын төмендетудiң ойланбаған
саясатының әсерiнен бұзылды. Рубль бағамының жоғарылауы және оны 1950 жылы
алтын базасына өткiзу 1947 ж. Ақша реформасын кейiн алғашқы жылдары
экономиканың дамуындағы қол жеткiзген жетiстiктер және карточка жүйесiнiң
алынып тасталуы өнiмнiң өзiндiк құнының төмендеуiне, дүкегндерде азық-
түлiктердiң көюеюiне жол бердi. Жыл сайын бөлшек сауда бағаларының
төмендеуi басталды. Әдетте ол, 1948 ж. көктемiмен 1954 ж. дейiн жүргiзiлдi.
Бұл уақыт iшiнде азық-түлiк тауарларының бағасы 2,6 есе өнеркәсiп
тауарларының бағасы 1,9 есеге төмендедi. Әйтсе де бағаның төмендеуi
халықтың төлем қабiлетiнiң сұранысы, өндiрiстiң, әсiресе ауыл шаруашылығы
өндiрiсiнiң мүмкiндiктерiнен асып түсуiне әкелдi. Айналыстағы ақша
массасының өсуiн тежеу мақсатында хылқтың жүмыс жасайтын барлық
категорияларының жалақыларынан “халық шаруашылығын қалпына келтiруге және
дамытуға” арналған облигациялық займдарды төлеуге 10% ұсталып отырды.
Үкiмет рубльдiң бағамын шетел валюталарына қатысты көтеру және боны
алтын базасына өткiзу қажеттiгiн мойындады. Оған дейiн рубльдiң шетел
валюталарына қатысты бағамы алтын базасында емес, қандай да бiр алтындық
құрамы бар және алтынға айырбасталатын шетел валютасының базасында
белгiленiп келдi. Бастапқы кездерi рубльдiң бағамын анықтау үшiн база
ретiнде француз франкi қабылданған болатын, себебi Франция валютасының
тұрақты алтындық құрамы болды, ал девальвацияланған болатын. Бiрақ 1936 ж.
француз франкi де девальвацияланды, сөйтiп боның бағамы бiршама түсiп
кеттi. 1937 ж. рубльдiң бағамын АҚШ долларының базында есептеу енгiзiлiп, 1
доллар=5 рубль 30 тиын болды. 1950 ж. 1 наурыздан бастап үкiмет рубльдiң
алтындық құрамын (баға масштабы) 0,222168 г таза алтынмен белгiледi. Осы
бекiтiлген алтындық құрамына байланысты рубльдiң шетел валюталарына қатысты
бағамы анықталды. Осылайша бұрынғы 5 рубль 30 тиыннның орнына-1 доллар
(доллардың алтындық құрамы ол кезде 0,888671 г алтынды құрады) үшiн 4 рубль
болып жаңа бағам белгiлендi. Ағылшын фунт стерлингiне қатысты алғанда-
бұрынғы 14 рубль 84 тиынның ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz