Табай би


Табай биді танимыз ба?
Табай бабамыз өз қатарынан оқ бойы озық туған, әрі көсем, әрі шешен, дуалы ауыз айтқаны келетің, тіпті көріпкелдігі де бар әулие кісі болғандығын ауыл ақсақалдары айтып отыратын. 2008-жылы жылы жаз мезгілінде Назарымбет руын дүр сілкіндірген оқиға орын алды. Ол оқиға Табай бидің мәңгілік тыныс тапқан жері, зияратының табылуы еді. Табай бидің көптен бері беймәлім болып келген Табай шешеннің жерленген жері Наурызым ауданының, Өлеңді елді-мекенінен 15-шақырым жерде Сәңкібай көлінің жағасынан Табай обасы бар екені, Табай атамыздың басына қойылған құлпы тасы табылып, жерленген жері дәлелденді. Бұл жағдайды Назарымбеттіктерге таратқан Жақсылық Ғайсин ағамыз еді. Ақсақалдардың айтуынша ертеде ол зияраттын маныңда «Табай обасы»-атты оба болған деседі. Әліде солай деп атайды. Кәзіргі кездеде ол обаны ел қадір тұтып, касиетті орын санап, қастерлеп, жоғын іздеген, көлденен кеселге шалдыққандар шипа іздеп, түнеп зиярат ететіндер көп. Ондай адамдарға әруақтың шипасы тиіп, тілектері қабыл болады деседі. Обаға кезінде көктас қойылыпты. Құлпытаста араб жазуымен «Бұл жерде Қыпшақ тайпасы, Назарымбер руы, Саламатұлы Табай, 1889 жылы 64 жасында опат болды»-деп тасқа ойылып жазылған. Табай атамыздың ұрпақтары тәу ету үшін жан-жақтан жиналды. Соның ішінде үлкені Әбжан атамыз еді. Өзі сексеннің сеңгіріне шыққан, жүріп-тұрысы пысық, естиі, көру, есте сақтау қабілеттері жойылмаған, сөзге саран, сөйлесе орнымен тауып сөйлейтің кісі екен. Сол кісі өз ауызыменен былай деді:
-Ақын бауырларымыз жазғандай біз деген мың өліп мың тірілген қазақ емеспізбе . . .
Біздің тарихымызда мың өшіріліп мың көшірілген. Бірақта осы күні не шындықтың шыңына шықпай, не арнасына түсіп анығына жетпей жатырмыз. Кезінде шындық жазғандардың артынан шырақ алып жүріп құудаласа, кәзіргі тәуелсіздік алып тәубе етіп отырған заманда тарихшылар таласа жазғанымен әлі түгенделіп болған жоқпыз. Жазылмаған, айтылмаған ақтандақтарымыз қаншама!Қазакқта бай да, би де, батырда көп болған. Сол бабаларымыздың білектің күшімен, найзаның ұшымен жанталасып жүріп ормандай орыстан, бәрін күйедей күйсейтің қытайдан, бірнеше ғасырлар бойы «итжығыспен» арпалысып жүріп қалмақтардан қорғап, алып қалған жеріміз ғой, кәзіргі көсіліп отырғанымыз. Тіпті жоғарыда айтып кеткен діні бөлек, тілі бөлек қысық көз қытайларды, ауызы түкті орыстарды алмағанның өзінде, өз ағам деп өзеуреп жүрген өздектердің де қылғаны аз ба?Қоқаны қоқандап, Хиуасы қиқандап мазамызды алап болған жоқпа!Жау жүрек батыр болмаса да, сауыт киіп садақ асынбаса да, атойлап жау қайдалап шаппаса да, елдің ортасында отырып-ақ ағайынныңи амандағына, тыныштығына ұйытқы болған арыстарымыз азболмаған. «Бай құт емес, біз құт»-деген дана халқымыз. «Кім бай болғысы келмейді-құдай қаламайды, кім би болғысы келмейді-халқы қаламайды. »-деп тағы айтқан. Біздің таланымыз болар адамды құдайы да, халқыда қалаған. Біздің Қыпшақтан тараған аттары аңызға айналған төрт арысымыз бар. Олар аттары ел арасында аттары қатар аталған-Уәйіс, Көбек, Жандарбек, Табай деген кісілер. Бұлар атқа қатар қоңған, үзеңгілес ағайынды адамдар. Төртеу түгел болса төбедегі келеді деген осы кісілерге қарап айтылған. Бірінің алдың бірі кеспеген, сыласып өткен адамдар. Ел арасында үнемі таусылмайтың барымта-қарымта, кейде адам өліміне де апаратын жер дауы, жесір дауы сияқты азаматтық, ру-тайпалық мәселелерді ушықтырмай, төре-қараға жеткізбей өздерпі шешетің болған. Бұл кісілер жайлы ел арасында тіпті одан да тысқары жерлерде аңыз әңгімелер көп айтылады. Бірде Бұқара-Шәріпте оқып Дәмолда болып келген Қанафия деген кісіні дін сауаттылығын алу үшін, елде қалдыру керек болғандықтан, кілем төсеп, дастархан жайып қарсы алады. Тек Табай атамыз ғана бармаса керек. Себебі Қанафияның жасы кіші болған. Отырғандар «Табай деген кісі бар, өзі пайғамбар жасынан асқан, намаз оқымайды, ораза ұстамайды, aлыстан алты жасар бала келсе алпыстағы ақсақал орнынан тұрып сәлем береді деген бар емеспе! Мұнысы несі?»-деп әңгіме қылыпты екен. Атамыз тек үшінші күні келсе бәрі намазға тұрып қойса керек. Табекен «Бәйгеге ат қостық, қасқа бастан бересін бе, өмілдірігінен бересін бе, жоқ әлде құйысқаннан ба?»-деп қыйсайып отыра кетіпті. Намаз бітіп Қанафия орнына отыра берген де Табекен сауал қойыпты. «Кеше бір екі бала үлкенге кішілік қылмаймын деген екен. Олардың орны қияметте тозақта мекен әлде жұмақта мекен?». Табекеннің сөзінің астарын түсінген Дәмолда Қанафия орнынан атып тұрып «Кешірініз жаздым, жаңылдым, Табайц айтыпты деген әңгімелерді сонау Бұхара-Шарифтен де естіген едім. Аллаһ тағала бір жарылқаған адамын қайтадан қарғамайды деуші еді»-деп Табай атамыздың иығына шапан жауыпты. Елдің ол кездегі тұлмыс-салты кәзіргіден көп өзгешелеу болған. Көшпенді ел болғандықтан күнкөріс тікелей малмен байланысты болған. Өйткені байдыңда басқаныңда байлығы кәзіргідей банкідегі ақшасы, үстіндегі үйі, астындағы машинасымен емес табындағы жылқысының санымен есептелетің болған. Сол себепті бай да, кедей де малдың қамын көп ойлаған. Табай атамыз өзі шендес кісілер сияқты малдарын қыс жылы жаққа, Сыр бойына, одан әрі Сарысуға қарай айдатқан. Бір жылы ерте көктемде қыс бойы қабарсыз кеткен жылқышылардың алдынан шығуға, бір жағынан сейіл-серуен құруға бір топ жақсылар аттаныпты. Қайтып
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz