Қазақ әдебиетіндегі дін тақырыбының даму, қалыптасу тенденцияларын, ислам дінінің ұлттық құндылыққа айналу жолындағы әдебиеттің маңызын анықтау


Пән: Дінтану
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 57 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 3

  1. ЕЖЕЛГІ ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНДЕГІ ДІНИ САРЫНДАР . . . 7-32

1. 1 Мінәжат жанрының қалыптасуы . . . 7

1. 2 Діни-насихат өлеңдер . . . 25

2 ДІН ТАҚЫРЫБЫНЫҢ ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНДЕГІ КӨРІНІСІ . . . 33-54

2. 1 Әдебиеттегі шариғат мәселелері . . . 33

2. 2 Қазіргі прозадағы дін тақырыбы . . . 41

2. 3 Қазіргі діни поэзия . . . 45

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 55

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 57

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі. Қазақ даласына ислам діні дендеп еніп, көк аспан мен сайын сахараны серік еткен көшпелі халықтың мұсылмандық канондарды қабылдағалы бірнеше ғасыр уақыттың дәргейі болды. Көшпелі ата-баба ғұрпына сүйенген қалыптасқан салт-дәстүрі бар ойлы халық хақ дінді ұстануда да өзіндік дүниетанымына иек артып, арқа сүйеген. Өткен ғасырдағы атеизм дәуірінде «қасаң» саналған мұсылмандық қағидаларды ұлттық сана, дәстүрлермен астастыра отырып, далалық мұсылманшылықтың асыл үлгісін қалыптастырған қазақ халқының әр дәуірлердегі руханияты мен мәдениетінен, сондай-ақ ұлттық әдебиетінен ислам құндылықтарының жан-жақты көрініс табуы заңдылық.

Қазақтың ауыз әдебиеті үлгілеріндегі діни насихат, жастарға үлгі формасында келетін туындылардың молдығы халқымыздың көне замандардан-ақ жас ұрпаққа діни білім беріп, силамның ізгі жолын үгіт еткенін көреміз. Қасиетті ораза айында айтылатын жарапазанның діни-әлеуметтік астары, халық арасында мақал, қанатты сөздерге айналған пайғамбар хадистерінің құндылығын ашу да осы тақырыптың өзектілігіне жатады.

Көк түріктің ұрпағы түркілердің әдеби мұраларындағы діни сарындар мен шариғат, дін мәселелері кейінгі ұлттық әдебиеттердің даму бағыты мен көркемдік деңгейін айқындап берді. Орталық Азия мен Қазақстанды мекендеген түркі тектес халықтардың рухани, діни көсемі болған, неше ғасыр өтсе де көркемдік құндылығын жоймаған хикметтердің авторы, орта ғасырлық ұлы шайыр, ойшыл ислам теологы Қожа Ахмет Яссауидің әдеби мұрасының негізгі тақырыбы - дін ілімі, діни дүниетаным болды. Өз заманының озық ойлы данышпаны Яссауидің әдеби мұрасында талданған дін тақырыбы кейінгі әдебиетте де жалғасын тауып, әр қырынан көріне бастады. Қазақ халқы мемлекет болып құрылып, өз алдына елдік ұстанған тұстағы жыраулар поэзиясында, өз билігі өзінен кетіп, өзгеге бодан болған ХІХ ғасырдағы әдебиетте де өзекті тақырыптың бірі дін болды. Бір жағынан Ресей патшалығының отаршылдық, дінсіздендіру саясатына қарсы бұқараның пікірі, екінші жағынан азаматтық позициясын берік ұстанған зар-заман ақындары мен ағартушы-демократтық бағытты ұстанған зиялылардың, сондай-ақ кітаби ақындар мен діни әдебиет өкілдерінің шығармашылығында дін тақырыбы, шариғат мәселесі, ислам ахлағының діни-әлеуметтік мәні сияқты қоғамдық маңызы зор мәселелері әр қырынан көрініп тұрды.

Дипломдық жұмысты жазу барысында қазіргі қазақ әдебиетіндегі дін тақырыбы да өзекті мәселенің бірі ретінде қарастырылды. Қазақ лирикасында, әсіресе балалар әдебиеті мен поэзиясындағы имандылыққа тәрбиелейтін, ислам дінінің құндылықтарын дәріптейтін ақын-жазушылар шығармаларын бөліп алып қарастыру, ондағы діни ұғымдар мен терминдердің жас ұрпақ санасына жеңіл, түсінікті болуына баса назар аударып, діни сауаттылыққа үйретудегі дидактикалық шеберліктері де назардан тыс қалмады.

Баланың өз қоғамына пайдасы тиер жақсы мінездерді бойына жинаған азамат болып өсуіне бірден бір себепші құрал - әдебиет. Балалар әдебиеті қасиетті сөздің дүниетанымдық-эстетикалық шырақтарын жаға отырып дамиды. Күллі гуманизм атаулының мәйегі ислам дінінің қағидаларымен етене, тұтасып жатыр десек, бұл бағытта өлең арнаған ақындарымыз бүлдіршіндердің иманды, білікті, білімді азамат болып өсуін осы дәстүрлі -
ислам діні шеңберінде танып, көре білді. Осы ретте бүгінгі қазақ лирикасында ислами сипат молынан көріне бастады. Сыршыл да, нәзік жырлары арқылы терең имандылық иірімдерін уағыздады. Кейіпкерлері имани қасиетке, ізгілікке құштар, озық адам болмысына сай бейнеленді. Қазақ балалар лирикасында ислами түсініктермен бірге жаңа этикалық-пәлсапалық байламдар молайды.

Қазақ прозасындағы діни ұғымдардың талдануы, қазіргі қазақ қоғамындағы рухани-тәлімдік мәселелердің әдебиетте көрініс табуы, ұлттық дүниетанымның замана келбетіне сай пішіндік және мазмұндық жағынан құбылуы, оған ислам дінінің тигізген ықпалы, қазіргі поэзиядағы тақырыптық ізденістерге діннің әсері мен діни поэзияның жаңаша түрленуі дипломдық жұмыс тақырыбының негізгі өзегі болды.

Диплом жұмысының мақсат - міндеттері. Дипломдық жұмыстың мақсаты - қазақ әдебиетіндегі дін тақырыбының даму, қалыптасу тенденцияларын, ислам дінінің ұлттық құндылыққа айналу жолындағы әдебиеттің маңызын анықтау. Дипломдық жұмыстың мақсатына сай төмендегідей міндеттер алға қойылады:

- түркі әдебиетіндегі мінәжат жанрының қалыптасу тарихын саралау;

- халық ауыз әдебиетіндегі діни-насихат өлеңдердің ұлттық мәнін айқындау;

- қазіргі қазақ әдебиетіндегі дін тақырыбын, діни поэзиядағы ұлттық дүниетанымның сипатын ашып көрсету ;

- қазіргі прозадағы діни, ислами түсініктер мен ұғымдардың әлеуметтік, тәрбиелік маңызын көрсету;

Диплом жұмысының дерек көздері . Адамзат руханиятының, өркениет пен мәдениеттің бір саласы ретінде әдебиеттегі, оның ішінде қазақ әдебиетіндегі дін тақырыбы әдебиет тарихымен қатарлас, әр кезеңдегі әдеби бағыттар мен оның өкілдерінің дүниетанымы мен философиялық көзқарастары тұрғысынан зерттеліп, айтылып жүр. Жалпы түркі халықтарына ортақ болып саналатын көне түркі әдебиет жәдігерліктерінен бастап, қазақ хандығы дәуіріндегі, ХІХ ғасырдағы, ХХ ғасыр басы мен кеңес дәуірі кезеңіндегі, сондай-ақ тәуелсіздік тұсындағы қазақ әдебиетіндегі көтерілген дін тақырыбы, имандылық сабақтары мен ұлттық дүниетанымға негізделген ислам құндылықтары туралы көптеген зерттеуші ғалымдардың еңбектері бар. Бұл тұрғыда, алғашқы әдебиет зерттеуші ғалымдар саналатын Ш. Уәлиханов, Ы. Алтынсарин, қазақтың діни әдебиетін жік-жікке саралап берген А. Байтұрсынұлы, қазақ әдебиеті тарихын дәуірлеудің ілкі бастауларында тұрған М. Әуезов, сонымен бірге ауыз әдебиеті мен фольклор жанрларын түбегейлі зерттеген С. Қасқабасов, қазақ әдебиетіндегі шығыстық сарындарға, әсіресе, Абай шығармашылығына Шығыстың классикалық әдебиетінің ықпалын терең зерттеген М. Мырзахметов, т. б. сияқты ұлттық және отандық ғалымдарды атауға болады. Қазақ-парсы әдебиетінің байланыстары мен ұлы түркі билеушісі, ғұлама Бабыр мен түркі энциклопедист ғұламасы Мұхаммед Хайдар Дулатидің ғұмырнамасы мен шығармашылығын зерттеген Ислам Жеменей еңбектері де әдебиетіміздегі ислами өрнектерді зерттеуге арналған. Белгілі Абайтанушы Ж. Шойымбеттің зерттеулері данышпан ойшылдың діни, ислами дүниетанымын саралауға құрылса, А. Қыраубаева, Н. Келімбетов пен Е. Ысмайылов және Қ. Жұмалиев, Х. Снйінішәлиевтер қазақтың төл әдебиетіндегі ислам тақырыбын жан-жақты зерттеуге атсалысты. Аталған ғалымдар еңбектері мен зерттеулерінде жекелеген авторлар мен тұтас дәуір әдебиетіндегі адам дүниетанымы, өмір философиясы мен дүие-ақирет мәселелерін әр түрлі аспектілерде зерттеді. Қазақ әдебиетіндегі діннің тақырыптық ерекшеліктері мен ислами әдебиеттің даму тенциялары бүгінгі күнге дейін әр түрлі қоғамдық талаптарға сай зерттеліп, кей тұстарда біржақтылық пен схематизмге бой алдырғанымен ұлттық құндылық пен дүниетанымды таныту жолында белгілі бір мақсатына жете алған.

Диплом жұмысының зерттеу нысаны. Диплом жұмысының негізгі нысаны қазақ әдебиетіндегі дін мен шариғат мәселесінің айтылуын және оның әлеуметтік, тәрбиелік мәнін анықтау болып табылады.

Жұмыста зерттеудің пәні ретінде ежелгі дәуір әдебиетінің кезеңіндегі әдебиет жәдігерлері және одан кейінгі кезеңдердегі қазақ әдебиетінің өкілдері мен шығармаларындағы дін мен шариғат мәселелерінің көтерілуі, сол кезеңдердегі қазақ қоғамының әлеуметтік-мәдени және саяси-экономикалық жағдайлары алынды.

Диплом жұмысының зерттеу әдістері. Ежелгі қазақ әдебиетіндегі діни сарындарды зерттеуде, алға қойылған мақсаттар мен міндеттерді орындап шығу барысында жинақтап жүйелеу, кешенді дәйектеу, салыстырмалы тарихи талдау әдіс-тәсілдері қолданылды.

Диплом жұмысының теориялық және практикалық маңызы.

Зерттеу жұмысының теориялық тұжырымдары, ғылыми талдау елегінен өткізілген өзекті мәселелер жайындағы тиянақты пікірлері әдебиеттің қоғам өміріндегі алатын орны мен рөлін, мәні мен маңызын тереңірек түсінуге мүмкіндік береді. Діни поэзияның ерекшеліктері және оның дін философиясы, ұлттық дүниетаным тұрғысынан қарастырылуы қазақ әдебиетінінің рухани құндылық ретінде терең танылуына мүмкіндік береді.

Дипломдық жұмыстың практикалық маңызы, теориялық пікірлері мен тұжырымдары фольклор мен әдебиет үлгілерінің қоғамдық ролін айқындауға, жас ұрпақ тәрбиелеудегі ислам құндылықтарын дәріптеуге септігін тигізеді. Сондай-ақ, дін ережелері мен қағидаларының қоғамдық санада дін философиясы тұрғысынан танылып қалыптасуына мүмкіндік береді. Бұл зерттеу, Қазақстан қоғамының діни және этикалық санасын көтеру мақсатында белгілі бір дәрежеде ұсынылған теориялық пікірлер мен ғылыми тұжырымдардың одан әрі зерттелуіне, сол арқылы діни әдебиеттің жанрлық және мазмұндық жағынан түрлене түсуіне септігін тигізеді.

Дипломдық жұмыстың құрылымы. Дипломдық жұмыстың құрылымы зерттеліп отырған тақырыптың мазмұнына сай кіріспе, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиет тізімінен тұрады.

1 ЕЖЕЛГІ ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНДЕГІ ДІНИ САРЫНДАР

1. 1 Түркі әдебиетіндегі мінәжат жанрының қалыптасуы

Адам баласының өзін жаратушы Құдіретке, тылсым күш иелеріне жалынып-жалбарынуы, жәрдем тілеуі - оның болмысында бар қасиет. Сондықтан мінәжат сөздері мен жырларының адамзат қоғамының алғашқы дәуірінде-ақ пайда болғаны күмән тудырмайды. Қазақ фольклорының ең көне үлгілерінде кездесетін Тәңіріге жалбарыну, рухтардың желеп-жебеуін, тылсым күш иелерінің жарылқауын тілеу мәніндегі шумақтарды мінәжат жырларының ауыз әдебиетіндегі алғашқы нұсқалары ретінде қабылдауға болады. Белгілі жазушы, әдебиет зерттеушісі М. Әуезов «Әдебиет тарихы» еңбегінде алғашқы діни наным-сенімдердің туындауы туралы айта келіп: «Табиғат басшысын қадірлеу, құдайға дұға оқып, жалбарыну әдеті туады. Сонымен жалғас ең әуелгі әдебиет жұрнақтары шығады. Құдайға дұға айтып шұбыртқан тақпақ өлеңдер шығады» деп жазады . Өз заманының ыңғайымен терістеу және үстірт пікір білдіргенімен, автор осы тұжырымы арқылы мінәжат жырларының тамыры қаншалықты тереңге кететінін меңзеп, әдебиетіміздегі алғашқы сүрлеуді салды. Ал әдебиеттанушы ғалым Х. Досмұхамедов халық әдебиетінің бір түрі ретінде өсиет өлеңдерді атай отырып, оларға мінәжатқа тән мазмұндық ерекшеліктерді теліген .

Ислам дінінің енуімен бірге төл әдебиетіміздегі сыйыну мәнді жырлар ислами реңкке ие болып, «Аллаға мінәжат» ұғымының аясына топтасты. Әлем әдебиетінің ежелгі нұсқаларында жиі кездесетін гимндер де мадақ пен мінәжаттың біріккен түрі әрі алғашқы бастау-көрінісі болып табылады. Сондықтан кез келген ұлт әдебиетіндегі мінәжаттың даму жолы сол әдебиеттің алғашқы үлгілерінен бастау алып, бүкіл өн бойына созылып жатқан құбылыс десек, қателеспейміз. Ал жазба әдебиеттің біртұтас, тұлғаланған жанры ретіндегі мінәжаттың шығу төркіні исламдық араб поэзиясынан бастау алады. Басқа да бірқатар шығыстық жанрлар секілді исламдық мазмұндағы мінәжат түркі жазба әдебиетіне парсы поэзиясы арқылы сатылай енген. Әдебиеттанушы И. Жеменей парсы әдебиетінде «мінәжат» сөзінің бес түрлі мағынасы бар екендігін көрсетеді: 1. Біреумен сырласу, сыбырласу. 2. Алламен сырласу. 3. Біреудің ішкі ойын ұғыну. 4. Сырласу. 5. Алладан тілеу.

Қазақ әдебиетіндегі мінәжат жанры туралы алғашқы толымды анықтама төл әдебиеттануымыздың негізін салушы А. Байтұрсынұлы қаламына тиесілі: «Діни дәуір мұңды-зарлы өлеңдеріне «мінәжат» деп ат қойған. Әуелде «мінәжат» деп ғұламалардың Құдайға айтқан зары, арызы, наласы айтылған. Бара-бара зарлық, мұңлық мағынасына айналып, зарлық өлең сияқты сөздер де «мінәжат» деп аталатын болған» . Осы тұжырымнан кейін ғалым өз өлеңін «Мінәжат» деп атаған Сейдахмет ақынның жырынан үзінді келтіреді:

Құдай-ау мен не жаздым бұл заманға?

Қадірі болмайды екен жұрт аманда.

Ел-жұрттың қасиетін қоян алып,

Болмайды еш қадірім бір адамға [1, 268] .

«Басын алып тастаса, басқасы мұң-толғау болатын» мұндай өлеңдерді «мінәжат» деп атауға келіспейтінін аңдатып, мінәжаттың құдайға қаратып бастауымен ғана мінәжат болмайтынын, жырдың біртұтас сыйыну, жалбарыну, медет тілеу мазмұнына құрылуы қажеттігін айта келіп, ғалым осы сипаттарға ие нағыз мінәжат үлгілерінен мысалдар келтірген.

Айта кету керек, қазіргі татар әдебиетінде халықтық мұң-шер өлеңдерінің үлкен бөлігі жалбарыну мәнді болмаса да, Алла атына айтылмаса да мінәжат жанрының туындылары ретінде қарастырылады. Мұндай өлеңдер қатарына дүниенің өткіншілігі мен алдамшылығын, айырылысудың ащы зарын өзек еткен мұңдасу сипатты туындылар және салауаттар мен хикаяттарды қамтитын діни мазмұнды жырлар жатады. Татар әдебиеттанушылары осындай жүйелеу әдісін негіз ете отырып, бірқатар зерттеулерді дүниеге келтірді.

Әдебиеттанушы А. Байтұрсынұлының жоғарыдағы пікірі аталған зерттеулер нәтижесімен қабыса бермейді. Татар әдебиетіндегі жанрлар табиғаты ұлт әдебиетінің жанрларымен үнемі сәйкес келе бермейтіндіктен, анықтамаларда да айырмашылық болуы заңды. Дей тұрсақ та, мінәжат жанрына қатысты бірқатар толымды теориялық тұжырымдардың негізінен татар әдебиетінде жасалғанын да атап айтуға тиіспіз. «В основе жанра мунаджата лежит трагическое начало… В мунаджате трагическое выражается в мотиве разлуки: разлуки с Родиной, разлука матери со своим ребенком, предстоящая разлука человека с жизнью» деп жазады белгілі әдебиет зерттеушісі А. Шарипов. Екінші бір татар ғалымы Х. Ю. Миннегулов: «Суть мунаджата составляет или обращенное к богу повествования о горестях человека, или изложение чувств и переживаний попавшегося в несчастье лирического героя» деген тұжырым айтады.

Классикалық араб поэзиясын зерттеген көрнекті шығыстанушы Б. Я. Шидфар жанрлар жүйесінде белгілі бір иерархия байқалатынын айқындап, оларды «жоғарғы жанр», «орта жанр», «төменгі жанр» аталатын топтарға бөлген болатын. Осы бағыттағы ізденістерді дамыта отырып, әдебиеттанушы А. Шарипов ХІІІ-ХІV ғасырлардағы түркі-татар поэзиясы негізінде жоғары, орта және төменгі рангалы жанрларға анықтама беріп, саралап көрсетеді. Зерттеуші мінәжатты жоғары рангалы жанрға жатқызады: «Жанры высокого ранга − это поэтическая публицистика, т. е. произведения, направленные на самые высокие идеалы и на высокие цели. К этим жанрам относятся: таухид, касыда (особенно касыда-нагт, посвященная пророку Мухаммеду), мунаджат (где поэт обращается к Богу, просит у Всевышнего помилования), мадхия и марсия» .

Қазақ әдебиеттануындағы теориялық зерттеулердің негізгі іргетасы кеңестік кезеңде қаланғаны белгілі. Ол тұста тиым салынған тақырыптардың бірі болып табылатын мінәжат жанры жоғарыда келтірілген А. Байтұрсынұлы еңбегінен кейін дербес зерттеу нысанына айнала алмады. Осының салдарынан ортағасырлық туындылар жайлы еңбектерде мінәжат шығарманың құрылымдық бірлігі ретінде ғана аталып өткенімен, оның жанр ретіндегі сын-сипаты, шет-шегі айқындала қойған жоқ. Аталмыш тақырыптағы зерттеулердің арнасы тәуелсіздік тұсында ғана кеңейе бастады. Бұл орайда әдебиеттанушы ғалымдар арасынан осы тақырыпқа арнайы қалам тартқан А. Ахметбек пен И. Жеменейді ерекше атауға болады. А. Ахметбек мақаласы түркі сопылық поэзиясының негізін салушы Қожа Ахмет Йасауидің «Мінәжатын» талдап-таразылауға арналса, И. Жеменей өзінің зерттеу нысаны - «Тарихи-Рашиди» еңбегіндегі мінәжат мәтіндеріне тоқтала отырып, ұлт әдебиетінің арғы-бергі кезеңдеріндегі мінәжат жанрының көріністерін біршама зерттеп-зерделеген. Ендігі кезекте аталған зерттеулер нәтижесін негізге ала отырып, қазақ әдебиетіндегі мінәжат жанрының қалыптасу және даму кезеңдерін, өзіндік ерекшеліктерін, сын-сипатын айқындап, біртұтас жанр ретіндегі лайықты бағасын беру қажеттігі туындап отыр.

Төл әдебиетіміздегі мінәжат жанрының қалыптасу, даму жолдарын егжей-тегжейлі қарастыруды жазба әдебиеттің ертеректегі нұсқаларынан бастаған жөн. Түркі халықтары әдебиетінің ежелгі дәуіріне тән Орхон-Енисей жазбалары, Баласағұн дастаны, «Қорқыт ата кітабы» секілді шығармаларда Тәңіріні ұлықтау, Аллаға мадақ айту, жалбарыну, тілек тілеу сынды эпизодтар біршама көрініс тапқан.

Орхон-Енисей жазба ескерткіштерінде Тәңірі жаратушы, жарылқаушы, күш беруші, ұлықтаушы, қолдаушы, қаһарға ұшыратушы құдірет ретінде сипатталады. Әрбір оқиғаны суреттеу барысында «Тәңірі күш бергені үшін», «Тәңірі жарылқағаны үшін», «жоғарыда Тәңірдің құдіретімен», «ұлықтаған Тәңірі», «ел берген Тәңірі» деп Жаратушының қайырым-шарапаты үнемі еске алынып отырады. Дегенмен бұл жазбаларда Жаратушыға жалынып-жалбарыну сарындары байқала бермейді. Мұны екі түрлі себеппен түсіндіруге болады. Біріншіден, ерлік шежіресі іспетті Күлтегін, Білге қаған, Тоныкөк жазбалары негізінен өткен шақ оқиғаларын бірыңғай баяндауға құрылған, кейіпкерлердің жан сезімдері көріне бермейтін эпикалық сипаты басым мәтін болып табылады; екіншіден «Тәңірі текті, тәңірі жаратқан» түрік қағандарының атынан айтылған сөзде Тәңірге жалбарынудан гөрі тең тұту және қасиеттеу сезімдері басым болуы да заңды. Орхон жазбаларында Жаратушыдан тілек тілеу сарыны «Білге қаған ұша барды. Жайы жоғары Тәңірде болсын» деген жалқы жолдан ғана аңғарылады.

ХІІІ ғасырдың аяғында хатқа түскен деп есептелетін «Оғызнама» жырының жазылу барысында тілдік-грамматикалық тұрғыдан біршама өңделгені, жетілдірілгені байқалғанымен, шығарманың сюжеттік желісі, көркемдік-бейнелілік жүйесі, лексикалық құрамы түпнұсқадағы қалпын сақтаған деуге болады. Бұған жырдағы сюжеттік құрылымның қарапайымдығы, баяндау әдісінің қалыпты-тұрақтылығы, көркемдік жүйенің түркілік төл дүниетанымнан туындаған табиғилығы себеп болуы мүмкін. Аталған ерекшеліктермен қатар дастандағы мифологиялық элементтердің басымдығы да оны «Қорқыт ата кітабынан» анағұрлым ерте, Түркі қағанаттары дәуіріне дейін дүниеге келген деп пайымдауға мүмкіндік береді. «Оғызнама» жыры ел арасында ертегі іспетті кеңінен таралып, қағазға түспес бұрын қалыпқа түскен болса керек. Аңыздық сипаты басым «Оғызнаманың» тақырып аясы, баяндау-суреттеу әдісі, көркемдік ерекшелігі мүлде басқа мазмұнға лайықталғандықтан, мінәжат мәнді мәтіндердің қамтылуына қолайлы емес. Жырда Оғыздың Тәңіріге жалбарынып отырғандығы айтылатын жалқы сөйлем ғана кездеседі .

«Қорқыт ата кітабының» ауызша тарала бастағаннан хатқа түсіп болғанға дейінгі аралықта бірнеше ғасырлық сүзгіден өткен көп қабатты мәтіні Тәңірлік сенімнің де, ислам дінінің де әсер-ықпалын молынан қамтитыны белгілі. Дегенмен жырлаушылар мен көшірушілердің өзіндік өңдеулері мәтін мазмұнын барынша жатықтырып, оның ислами реңкін күшейткен. «Көңіліне Тәңірім нұр құйған әулие» Қорқыттың алғашқы нақыл сөздерінің өзі мінәжатқа меңзейтін: «Алла, Алла демейінше іс түзелмес, Тәңірі бермейінше, ер байымас» деген жолдардан басталады. Қорқыттың нақыл сөздері де, Аллаға мадағы да, оғызнама жырлары да Алладан дұға тілей отырып берілген батамен аяқталады:

Ақ сақалды бабаңның жатқан жері ұжмақ болсын!

Ақ шашты анаңның жатқан жері жәннат болсын!

Ақыр соңы ар-иманнан айырмасын!

Әумин дегендер Тәңірінің жүзін көрсін!

Хақ алдында бес ауыз сөзбен дұға қылдық, қабыл болсын!

Алланың берген үміті кесілмесін!

Барша күнәңызды аты қасиетті Мұхаммед Мұстафаның нұрлы дидары үшін кешірсін, ей, хан ием! [2, 57] .

«Мінәжат қазақ әдебиетінде өзімен мазмұндас, бірақ түркілік тілек салтымен біте қайнасқан «бата» сөзімен өмір сүріп келе жатыр… «Бата» қазақ арасында кеңінен тараған қария-даналардың ұрпағына тілейтін ақ тілегі. Осы бата-мінәжат «Алладан тілеу» деген мағынаны білдіреді. Сондықтан мінәжаттың исламдық мазмұны мен қазақтың «бата» салты әдемі үйлесім тапқанын көреміз» деген И. Жеменей пікірі орынды пайымдаудан туғанын осы тұста атап айтқан жөн.

«Қорқыт ата кітабындағы» «Қазылық Қожаұлы Икенек бек әңгімесінің баяны» жырында бас кейіпкердің «жаратқан Аллаға сиынып, құлшылықпен мадақтауы» былай беріледі:

Биіктердің биігісің!

Ешкім білмес ұлықсың!

Уа, әзіз Тәңірім!

Сен анадан тумадың,

Сен атадан тумадың!

…Із-түзін білдіртпес білгір Тәңірім!

Зорлығың жоқ ешкімге, ұлы Тәңірім!

Қаһарлансаң қақыратқан Тәңірім!

Бірлігіңе сиындым, Ұлы Тәңірім!

Медет бер!

…Ісімді оңғара көр, Тәңірім!

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кітаби ақындар шығармашылығындағы сопылық ілімнің жырлануы. Автораферат
Орта ғасыр әдебиетіндегі «қисса – дастандар» үрдісі
Қазақ әдебиеті тарихын дәуірлеудің ғылыми негіздері
Қазақ әдебиетіндегі шариғат негіздерінің көрінісі
«ҒАЗАУАТ СҰЛТАН» ҚИССАСЫНЫҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ, КӨРКЕМДІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Жоқтау өлеңдердерінің көркемдік аспектілері
ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНДЕГІ ҚИССА МЕН ДАСТАН ЖАНРЛАРЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ЗЕРТТЕЛУІ
Қисса Сейітбатталдың тақырыптық, нұсқалық және көркемдік ерекшеліктері
ХХ ғасырдың басындағы діни-ағартушылық бағыт
ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің даму ерекшелігі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz