Жетісу поэзиясындағы «Мәңгілік ел» идеясы тақырыбындағы шығармалардың жиілігін, оның ерекшеліктерін, таралымын анықтау



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... .3.4

НЕГІЗГІ БӨЛІМ ... ... ... ... .5.20
Қазіргі Жетісу ақындарының өлеңдеріндегі «Мәңгілік ел» идеясының көрнісі ... ... ... ... ... ... ... ... ..5.13
Ерлан Жүністің «Мәңгілік ел. Нараду» поэмасындағы «Мәңгілік ел» идеясының сипаты ... ...14.20

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... 21.22
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... .23
Қазір тәуелсіз еліміз өзінің даму жолының жаңа кезеңіне бет бұрды. Жаңа кезең тың бастамалар мен идеяларды қажет етті. Еліміздің мұратына айналған «Мәңгілік ел» идеясы - халықтың әл-ауқатын жақсартып, ынтымағын арттыратын, елді дамудың жаңа сатысына жетелейтін осындай жаңа қадам. «Мәңгілік ел» идеясының маңыздылығын Елбасы Н.Назарбаев «Қазақстан жолы - 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты жолдауының негізі етіп алып, бұл туралы өз сөзінде: «Бір жыл бұрын мен еліміздің 2050 жылға дейінгі дамуының жаңа саяси бағдарын жария еттім. Басты мақсат – Қазақстанның ең дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосылуы. Ол – «Мәңгілік Қазақстан» жобасы, ел тарихындағы біз аяқ басатын жаңа дәуірдің кемел келбеті... Өткен тарихымызға тағзым да, бүгінгі бақытымызға мақтаныш та, гүлденген келешекке сенім де «Мәңгілік Ел» деген құдіретті ұғымға сыйып тұр» [1] деген болатын. Халықты бір мақсатқа, бір мүддеге, бір болашаққа үндеген Елбасының бұл жолдауында ел халқына үлкен жауапкершілік жүктелген.
Ал, осы Елбасымыз ұсынған идеяның бастауы тереңде екенін ұғындыру, насихаттау бұқаралық ақапарат құралдары мен халықтың сенімі мен ақ көңіл пейіліне ие ақындар қауымының мойнына жүктелгені хақ.
«Мәңгілік Ел – ата-бабаларымыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы болғандықтан болар, бұл тақырыпта жазылған шығармалардың жалпы қазақ әдебиетінде жетерлік екенін байқауға болады. Сонау ескерткіштер заманынан бері көптеген шығармалардың түб астарында «Мәңгілікке» деген ұмтылыс байқалады. Кеңес өкіметінің шырмауында жүрсе де, егемендікті жүрегімен қалаған ақын-жазушыларымызда бұл тақырыпты айналып өткен емес.
Ілияс пен Мұқағалидың ізімен келе жатқан қазіргі Жетісу ақындары Тәуелсіз елде өз ойларын еркін отты жырлары арқылы жеткізіп, «Мәңгілік ел» тақырыбы аясында біраз жырларды дүниеге алып келді.
«Мәңгілік ел» идеясын баспасөзде, ғылыми конференцияларда айтылып, талданғанымен, оның қазақ әдебиетіндегі орын алуы туралы аракідік мақалаларды ұшырастыруға болады. Ал, Жетісу поэзиясындағы «Мәңгілік ел» идеясы тақырыбы бұрын-соңды қаралмаған. Сондықтан, біз қазіргі Жетісу поэзиясындағы «Мәңгілік ел» идеясының орны, оның белгілері туралы сөз қозғамақпыз.
1. Қазақстан 2050. Мәңгілік ел. Елбасы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. 11 қараша 2014 жыл. www.akorda.kz
2. Сыдықов Т. Рух пен интеллект көкжиегі. – Талдықорған, 2015. – 401б.
3. Қасенова Г. Алуа. Жыр жинағы.- Алматы: Баянжүрек, 2014.- 152 б.
4. Игіман Ж. Тәуелсіздік туралы толғау // Жас алаш.- 1996.- 16 желтоқсан.- 3 б.
5. Ақыпбекұлы Ө. Балаларға базарлық - өлеңдер.- Астана: Елорда, 2002.
6. Қайранбаев Қ. Ақ жауын. Жыр жинағы. – Талдықорған, 2004.
7. Әрін Ә. Тамызық. Жыр жинағы. – Талдықорған, 2004.
8. old.qamshy.kz
9. Сұлтанғазы А. Тұл дүние. – Талдықорған: Жетісу университеті, 2015.
10. Молдағалиев Ж. Мен-қазақпын. Өлеңдер мен поэмалар /Құраст. Е.Дүйсенбайұлы. -Алматы: Раритет, 2007.-240б
11. Мақатаев М. Төрт томдық шығармалар жинағы. – Алматы, 2002.

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3-4

НЕГІЗГІ БӨЛІМ ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5-20
Қазіргі Жетісу ақындарының өлеңдеріндегі Мәңгілік ел идеясының көрнісі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5-13
Ерлан Жүністің Мәңгілік ел. Нараду поэмасындағы Мәңгілік ел идеясының сипаты ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 14-20

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..2 1-22
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ..23

КІРІСПЕ

Жұмыстың өзектілігі. Қазір тәуелсіз еліміз өзінің даму жолының жаңа кезеңіне бет бұрды. Жаңа кезең тың бастамалар мен идеяларды қажет етті. Еліміздің мұратына айналған Мәңгілік ел идеясы - халықтың әл-ауқатын жақсартып, ынтымағын арттыратын, елді дамудың жаңа сатысына жетелейтін осындай жаңа қадам. Мәңгілік ел идеясының маңыздылығын Елбасы Н.Назарбаев Қазақстан жолы - 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ атты жолдауының негізі етіп алып, бұл туралы өз сөзінде: Бір жыл бұрын мен еліміздің 2050 жылға дейінгі дамуының жаңа саяси бағдарын жария еттім. Басты мақсат - Қазақстанның ең дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосылуы. Ол - Мәңгілік Қазақстан жобасы, ел тарихындағы біз аяқ басатын жаңа дәуірдің кемел келбеті... Өткен тарихымызға тағзым да, бүгінгі бақытымызға мақтаныш та, гүлденген келешекке сенім де Мәңгілік Ел деген құдіретті ұғымға сыйып тұр [1] деген болатын. Халықты бір мақсатқа, бір мүддеге, бір болашаққа үндеген Елбасының бұл жолдауында ел халқына үлкен жауапкершілік жүктелген.
Ал, осы Елбасымыз ұсынған идеяның бастауы тереңде екенін ұғындыру, насихаттау бұқаралық ақапарат құралдары мен халықтың сенімі мен ақ көңіл пейіліне ие ақындар қауымының мойнына жүктелгені хақ.
Мәңгілік Ел - ата-бабаларымыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы болғандықтан болар, бұл тақырыпта жазылған шығармалардың жалпы қазақ әдебиетінде жетерлік екенін байқауға болады. Сонау ескерткіштер заманынан бері көптеген шығармалардың түб астарында Мәңгілікке деген ұмтылыс байқалады. Кеңес өкіметінің шырмауында жүрсе де, егемендікті жүрегімен қалаған ақын-жазушыларымызда бұл тақырыпты айналып өткен емес.
Ілияс пен Мұқағалидың ізімен келе жатқан қазіргі Жетісу ақындары Тәуелсіз елде өз ойларын еркін отты жырлары арқылы жеткізіп, Мәңгілік ел тақырыбы аясында біраз жырларды дүниеге алып келді.
Мәңгілік ел идеясын баспасөзде, ғылыми конференцияларда айтылып, талданғанымен, оның қазақ әдебиетіндегі орын алуы туралы аракідік мақалаларды ұшырастыруға болады. Ал, Жетісу поэзиясындағы Мәңгілік ел идеясы тақырыбы бұрын-соңды қаралмаған. Сондықтан, біз қазіргі Жетісу поэзиясындағы Мәңгілік ел идеясының орны, оның белгілері туралы сөз қозғамақпыз.
Зерттеу нысаны. Қазіргі Жетісу ақындарының шығармалары.
Жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Жұмыстың басты мақсаты - Жетісу поэзиясындағы Мәңгілік ел идеясы тақырыбындағы шығармалардың жиілігін, оның ерекшеліктерін, таралымын анықтау, қазіргі әдеби процеске, ұлттық идеологияны насихаттауға тигізген ықпалын айқындау. Осы мақсатқа сәйкес мынадай міндеттерді шешу мәселесі алға қойылды.
- Мәңгілік ел идеясы тақырыбында қалам тербеген Жетісу ақындарын анықтау;
- Мәңгілік ел идеясы тақырыбы аясында ақындардың өлең-жырларының ұқсастықтары мен айырмашылықтарын салмақтап-саралау;
- Ерлан Жүністің Мәңгілік ел. Нараду поэмасының Мәңгілік ел идеясын насихаттаудағы маңызы;
Жұмыстың дереккөздері. Қазақстан 2050. Мәңгілік ел. Елбасы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. 11 қараша 2014 жыл. Сыдықов Т. Рух пен интеллект көкжиегі. - Талдықорған, 2015. - 401б. Жомарт Игіман, Гүлбақыт Қасенова, Әміре Әрін, Асыл Сұлтанғазыұлы және т.б. ақындардың жыр жинақтары.
Жұмыстың ғылыми жаңалығы. Еңбектің мынадай ғылыми жаңалықтарын атап көрсетуге болады:
- Мәңгілік ел идеясының Жеітсу ақындары шығармаларының тақырыбына әсер етуі сарапқа салынды;
- Мәңгілік ел идеясын насихаттауда Жетісу ақындарының шығармаларының маңызы мен рөлі анықталды;
- Мәңігілік ел тақырыбында жазылған Жетісу ақындарының өлеңдері салыстыра отырып қарастырылды.
Зерттеу әдістері. жинақтау, талдау және салыстырмалы әдістер пайдаланылды. Жетісу ақындарының шығармашылығындағы ұқсастықтар мен өзіндік ерекшеліктер салыстырыла қарастырылды.
Жұмыстың құрылымы. Зерттеу жұмысы кіріспе мен қорытындыдан, екі тараудан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Қазіргі Жетісу ақындарының өлеңдеріндегі Мәңгілік ел идеясының көрінісі

Адам ата, Хауа анадан жаралып, Жерді мекені етіп, өсіп-өнген қай халық Мәңгі Ел болғысы келмейді дейсіз. Дүние - үлкен көл, заман соққан жел, алдыңғы толқын - ағалар, артқы толқын - інілер, кезекпенен өлінер, баяғыдай көрінер, - деген екен ұлы Абай. Үлкен көлден қажетін алып, небір аласапыран, қиямет-қайымын, маңдайға жазғанын көріп, күні жеткенде заманның желімен бұл жалғанмен қоштасып, ұрпағын қалдыру - табиғаттың бұлжымас заңы. Өміріне өкінбеген, өкінсе, ісін жалғастыратын болашағын қалдырмағанына өкініп, қалдырса, риза көңілмен көз жұмған [2, 20].
Біз ата-бабаларымыздың тарихына көз жүгіртсек, скиф, сақ, ғұн, қаңлы, көк түрік, үйсін, қыпшақ, оғыз боп адамзат қауымдастығынан арна тартып, дарынды, жігерлі адамдардан тұратын қоғам орнатқанын, ерлікті, батырлықты ұрпақтан - ұрпаққа үрдіс еткенін көреміз. Барлығының арман-тілегі Мәңгілік елге айналып, өшпес ізін қалдыру болды. Бүгінде тәуелсіз мемлекет құрып, өз билігіміз бен биігіміз өз қолымызға тигенде, сол көк түріктің ұрпақтары сол мәңгіліке қол жеткізуге талпыныс жасауда.
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев биылғы Жолдауында Қазақстан - 2050 стратегиясына нық табан тірей келе: Мен қоғамда Қазақ елінің ұлттық идеясы қандай болу керек? деген сауал жиі талқыға түсетінін көріп жүрмін. Біз үшін болашағымызға бағдар ететін, ұлтты ұйымдастырып, ұлы мақсаттарға жетелейтін идея бар. Ол - Мәңгілік Ел идеясы [1], - деп уақыт талап етіп отырған идеяны халқының назарына ұсынды. Мәңгілік Ел идеясы - неше жүздеген ғасырлық тарихы, ерлік шежіресі, өткені өнегелі Елге тән. Мысалы, біздің заманымыздың VII-II ғасырларында өмір сүріп, Афрасияп - Алып Ер Тоңға атанған бабамыз алғашқы Түрік мемлекеті, Енисейден - Жерорта теңізіне дейін созылып жатқан ұлы империяны құрған. Дана патша Тұран - Тұр елі - Түріктер елін қуатты ел қылған жүрек жұтқан, алып күш иесі ғана емес, нақты тұлға ретінде халық жоқтауында дәріптелген. Ол - түріктердің жер үстіндегі ең қуатты Мәңгі Ел болуын, соны құрушы өзінің де есімі мәңгі ұмытылмауын аңсап, Қорқыттай өліммен ұзақ айқасқан аңыз Адам ретінде ұрпақ жадында қалған. Афрасияп, Тұмар, Зарина, Мөде, Естемес т.б. патшалардың ісіне, салтына, халқына барынша адал, ерекше болмысына қанық Білге, Қапаған, Күлтегін (VII-VIII ғасыр) табғаштанып кеткен, еңсесі езіліп, есеңгіреген түріктердің басын қайта құрайды. Олар:
Өлімші халықты тірілттім,
Жалаңаш халықты тонды,
Кедей халықты бай қылдым,
Аз халықты көп қылдым,
Тату елге жақсылық қылдым, - деп қайта басы қосылған халқын ойлап, Орхон өзенін қыстап, Жетісу, Сырдария, Сыр, Шу бойын жайлап, көне Тараз қаласын салады [2, 22]. Кейін осы алыптардың ұрпақтары Керей мен Жәнібек Қазақ хандығын құрып, ұланғайыр кең дала төсінде шашыраған, бытыраңқы ру-тайпалардың басын бір тудың астына қосады. Содан бергі Ұлы даланың иесі Қазақ деген өршіл рухты халық Мәңгілік ел болу жолында талай азапты күндер мен арайлы таңдарды бастан кешірді. Мен - қазақпын деп бар әлемді тебіренткен Жұбан Молдағалиевтің мына жолдарынан-ақ осы сөзімізге дәлел табуға болады:
Қарсыласпай өлмедім, қан татырдым,
Құлап қалсам атымнан, қайта тұрдым.
Сансыз басты диюдай сан тіріліп,
Мен қазақпын дегенді айта тұрдым [11, 135], - деп Мен - қазақпын атты поэмасында тарих қатпарын қазып, ата-баба рухымен сырласқандай болады. Құлап қалса да, қайта тұруға сеп болған Мәңгілік ел атануға деген күш-жігер, ерік болса, сан тірілуге септігін тигізген халықтың ауыз бірлігі мен ынтымағы болса керек. Мәңгілік Ел болу үшін әуелі ішкі ынтымақ берік болуын Бұқар жырау:
Өлетұғын тай үшін,
Қалатұғын сай үшін,
Қылмаңдар жанжал - ерегес.
Бұл қылықты қоймасаң,
Құдайдың бергеніне тоймасаң,
Көресің сонан теперіш, - деп өшпенділікті ұмытып, тамағы тоқтық, уайымы жоқтықтан азбауға, туған жерді енді маңдайдың терімен өркендетуге шақырады. Ел бірлігі, тұтастығы, Мәңгі Ел болудың кепілі - ханды, ол еліңді, жеріңді, заңыңды, Отаныңды, халқыңды құрметтеу қажеттігін айтады.
Міне, заман өзгерсе де, заманының адамы өзгерсе де барлық ұлттың арманы - Мәңгілік ел болу. Бұл - бұлжымас заңдылық. Ал біздің халқымыз өткен жол, өмір сүрген қазақ жерінің ұлылығы, Мәңгілік Ел түсінігіне толық жауап беретінін ұлы ақынымыз М.Мақатаев:
Пай!Пай!Пай! Киелі неткен жер!
Батырлар дүрілдеп өткен жер.
Тұлпарлар дүбірлеп төккен тер,
Ғашықтар бір-бірін өпкен жер.
Сарылып сал-сері кеткен жер.
Бас иіп, иіскеп топырағын
Тағзым жасамай өтпеңдер! [10, 45] - деп Қазақ Елі мәңгі жасауының тарихи себебі мықты, мәңгі жасауға хақысы барын жеткізе толғаған бұл жолдарда үлкен сыр мен астар бар.
Әлемдi билейтiн - сөз, сөздi билейтiн - ақын. Талантпен, талғаммен қоса табандылықты, азаматтықты қажет ететiн ақын болу - қиынның қиыны. Азаматтық жоқ жерде ақындық та жоқ. Төлеген Айбергенов:
Ақын болу оңай деймiсiң, қарағым,
Аузында болу бұл өзi дүниедегi барлық жараның, - деп бекер айтпаса керек. Дүниеге бiр жарықшақ түссе алдымен жүрегi жараланатын (Гейне) аймүйiз айтулы талай ақындарымыз Жетісудың киелі топырағында дүниеге келіп, қанаттарын қатайтып, поэзия атты әлеміне самғады.
Жетісудан түлеп ұшқан талай ақындар тамыры тереңге бойлаған Жетісудың ақындық мектебінен сусындады. Қазақ поэзиясында өзіндік орнын ойып алған мүйізі қарағайдай ақын ағаларымыз жас буынға сүйеу бола білді. Абай мен Мағжан поэзиясының мөлдірінен тамсана жұтып, жерлестері Ілияс Жансүгіров, Ғали Орманов, Мұқағали Мақатаев, Жұматай Жақыпбаев сынды тәңірдің өзін тәнті ететін жауһар жырлардың иесі алдыңғы аға буыннан үлгі алып, солардың салған сара жолымен ақындыққа бет бұрғаны қаншама?!.
Сара жолдың сарынымен алдыңғы буын ағалары кеңес өкіметінің қысымынан айта алмай, жаза алмай кеткен талай тақырыптарды бүгінде тәуелсіз елдің ұландары жырға қосып жүр. Сондай биік армандардың бірі -Мәңгілік ел болу. Осы орайда, Гүбақыт Қасенованың Биік арман өлеңі ойға оралады.
Биік арман
асыл мұрат діттеген,
Асқақ ойлар, даңғыл жолдар бітпеген.
Үміт сәулем талмаураған сәтте де,
Кер тағдырдың тосын сыйын күткен ем.

Биік арман - биік жартас ...
жетер жылжып жылан да,
жетер оған қалықтаған қыран да.
Армандарым - биік асқақ, заңғар шың,
Бір жетермін аппақ арай қылаңда...[3, 25]
Расымен, арман адамды шыңдарға жетелейді. Армансыз адам, қанатсыз құспен тең. Жер бетін мекендеген саналы тіршілік иесінің барлығында арман бар, әркімдікі әр түрлі. Ал, солардың бәрін біріктірсе, бүкіл бір ұлттың адамзаттың арманы айқындалады. Гүлбақыт апайымызда өзінің армандары мен халқының армандарын ұштастыра білген, елінің үмітін үкілеген аяулы жандардың бірі. Ақынның арманы - халықтың арманы, ел егемендігі, тіл еркіндігі, адами құндылықтары жоғары қоғам, бейбітшілік, мәңгілік ұрпақ жалғастығы. Ал, осының барлығы бірігіп, алып бір идеяға айналды емес пе?
Осы бір алып идея ата-бабамызды қолына қару алып, жауына қарсы тұруға жігер беріп, Алтайдан Атырауға дейінгі даланы келер ұрпаққа сақтап қалуға әсер етті.
Бұл тарауда 1991-2015 жылдары аралығында жазылған Жетісу ақындарының шығармаларын қарастырдық. Жалпы, қазіргі Жетісу поэзиясындағы Мәңгілік ел идеясын қозғаған ақындардың өзін екіге бөліп қарастыруға болады:
1. Кеңес өкіметінде дүниеге келіп, оқу-білімді сол кезеңде алып, солақай саясаттың қысымында қаламдарын ұштаған ақындар, яғни аға буын өкілдері;
2. Тәуелсіздік алған жылдарда поэзия әлеміне келген ақындар;
Егемендік алғаннан кейін қазақ ақындары көбіне Кеңес өкіметінің шырмауынан шыққан елін, жерін, соған сеп болған ұландарын мадақтаудан бастады. Ата-баба аңсаған күнге жеткендіктерін жар сала жырлады. 1996 жылы Тілім - қазақ, тегім - түрік, ислам - дінім, иманым деген Жомарт Игіман ағамыздың өлеңі жарық көрді. Бұл өлеңде Сарқан ауданының тумасы, ақын, журналист, Балқаш өңірі, Сарқан газеттерінің редакторы қызметтерін атқарған Жомарт Игіман Мәңгілік ел болу үшін ұлттың тілі, тегі, діні мен иманы берік болу қажеттігін ескертеді:
Тілім - қазақ, тегім - түрік, ислам - дінім, иманым,
Ұлт едім мен ұлы едім, құл бол деп жат қинады ...
Жоңғарға да, шүршітке де дес бермеп ем, орыстың,
Құшағына еніп кеттім, жел сөзіне иланып [4, 3], - деп басталатын өлең жолдарында жоңғарға да, шүршітке де дес бермеген қазақтың орыстың алдауы мен арбауына қалай түсіп қалғандығын түсіне алмай, жауап іздейді.
Желтоқсанда еркіндігін мұрат тұтқан халықтың,
Жалын жастар, ерлік жолы жалғасқанын таныттың.
Қайрат сынды қайраттанған бауырларым мәңгілік,
Рух көтеріп тұрып қалды тұғырында даңқтың, - деп Мәңгіліктің есігін ашқан Қайрат бастаған жалынды жастардың ерлігін мадақтайды. Жомарт Игіманның пікірінше Мәңгілік ел болу үшін тіл, тек, дін мен иманның беріктігі қажет.
Тарих - кесіп кіндігін,
Халық - ашқан түндігін:
Тәуелсіздік-
Құрдасым,
Біз - төліміз бір күннің ... [5,120]- деп басталатын өлең жолдарының авторы, балалар ақыны Қапал ауылында дүниеге келген Өтепберген Ақыпбекұлы. Бұл өлең Тәуелсіздіктің он жылдығына арнап шығарылған.
Асқақтату ізгі әнді,
Өрлік дер ем бұл дағы:
Өйткені өмір - Ұлы той,
Тарқамайтын думанды...

Бойкүйездік жат маған,
Елім еркін,
Шат заман!...
Мен: Әлемге -
Тәуелсіз,
қазақпын, - деп мақтанам!... [5,120]
Өтепберген Ақыпбекұлы Мәңгілік ел сөзін Шат заман деп алып, сол заманның келгеніне қуанады. Ақын үшін Шат заманның бастауы - елінің еркіндігі. Мәңгілік, Шат заман, Тәуелсіздік ұғымдары бір-бірімен астасып жатқандығын осы тұста байқаймыз.
Бүкпесіз шындық бейнеленетін, таза, мөлдір жырлардың ендігі бір иесі - Қуат Қайранбаев. Ағамыз Мәңгіліктің кілтін қазақ тілінен іздейді. Ана тілсіз егемендік - жарты демеу, жарты ырыс, Ол алқыныс - ұлтсыздыққа бағытталған талпыныс - деп Мұхтар Шаханов та тілдің ұлт болашағы жолында маңызын ашып көрсетеді.
Кім айтады қазақ тілі осал деп,
Осал болса сонша ғұмыр жасар ма ед?
Оған куә тарих жатыр телегей,
Ол аз болса, өз дауысын қосар көк.
Әр ұрпақ кеп ұсынған соң соны леп,
Ана тілді қашан қолдан жонып ек?
Ғасырлармен үндесетін бұл тілмен,
Хат қалдырған Білге Қаған, Тоныкөк.
Қазақ тілі туғаннан-ақ бейне өлең,
Жалғыз сөзбен еткізеді ойды елең.
Жер-жаһанды дүбірлеткен даңқымен,
Есіл ерлер осы тілде сөйлеген
Болашақтың аузында әлі жүреді,
Белгісі боп бар қазақтың еркінің [6, 123], - деп қазақ тілінің ғасырлармен үндесіп, қаншама ғұмыр жасап, бізге жеткендігін, бар әлемді даңқымен дүбірлеткен батырлар мен патшалардың қазақ тілінде сөйлегендігін еске түсіреді. Тіліміз осал емес, ескерткіштер заманынан біздің ғасырға талай нәубетті бастан кешіп жетті дей келе, мәңгіліктің тілі болуына толық хақысы барлығын тілге тиек етеді.
Елі мәңгілік, тілі мәңгілік жасайтындыған ақын сенімді. Болашақтың аузында жүретін тіл - қазақ тілі, сол тілде сөйлейтін халық - қазақ халқы мәңгілік жасайтындығына сенімді. Дәл осы жолдар арқылы Қуат ағамыздың болашаққа деген үмітінің үлкен екендігін аңғарамыз.
Ертеңіне елеңдеген азамат немесе Мәңгілік ел мұратына адалдық. Мәңгілік ел болу үшін егемендігіміз берік, ана тіліміз асқақ болуы қажет. Ал, Мәңгілік елдің азаматтары қандай болуы керек? Бұл сұрақтың жауабын Әміре Әрін шығармаларынан іздеп көрсек.
Дәл осындай адалдар күресуде,
Мәңгілікке ізгілік жыр есуде.
Қақпақылда қатық ап қалатындар -
Қасиетті қалпыңды түгесуде...[7,46]
Иә, Мәңгілік үшін күрес - мәңгілік текетірсетерден, қарама-қайшылықтардан тұрады. Адал да атпал азаматқа ізгілік, адалдық, тазалық, жарқын істер серік болуы міндет.
Ей, Ала күн, Ала күн,
Қыран көзім шалатын.
Қорғасындай қара бұлт,
Әлі - ақ тарап қалатын.

Болат найза емен сап,
Қажет тұста менен тап,
Бадана көз, тоғыз тор-
Сауыт киер шақтарда
Баһадүрді менен тап!.. [7,58]
Бүгіннің, ертеңнің рухани несібесі осылай өткенмен сабақтастырыла жасалады. Халықты халық ететін намыс пен жігер. Әміре Әрін адамгершілік, имандылық сияқты қасиеттердің қорғаушысы. Егер әрбір қазақ баласы осы Әміре ағамыздың жырын көкейіне түйсе, зұлымдық біздің халқымызға атаулы жоламас еді, елін-жеріне шынайы жанашыр жандар көп болар еді деп ойлаймын.
Мәңгілік ел - тәуелсіздік философиясы деп білген жас ақын Ерлан Жүніс тәуелсіздік жайлы Менің атым - Тәуелсіздік өлеңінде былай деп толғайды:
Тарихты өзім білемін,
Жолдарды сезем жонарқамменен мыңжылдар өткен ұлы елім.
Ұлылық жайлы ойлайды басқа,
Жап-жас шақ
Ұлы қорғандардың күйреуін көрген жүрегім -
Алты-ақ жасында ақырын көрген алыптың!

...Тәуелсіздік ше?
Ол - менің тегім,
ұлдарыма оны дарыттым.
Тәуелсіздік - мен,
ол - менің асқақ аңызым,
Болмысы ол ұлдың өзіңнен туған, Жарық Күн! [8]
Ақ жаулықты анасының тарих пәнінің мұғалімі болғандығын, оның Ұлы дала иелерінің ұлылығын айтып, ата-бабамыздың ерліктерімен мақтанып, үлгі алу қажеттігін осы өлең арқылы жеткізеді. Ақын тәуелсіздіктің мәні мен маңызын түсіндіруге тырысады. Анасының айтқан баға жетпес шежіресін өз ұрпақтарына сіңіргендігін айта отырып, Ұлы елдің ұрпақтары ұлы бабаларына әркез бас иетіндігін айта өтеді. Тәуелсіздік - мен деп оның әрқайсымыздың бойымызда екенін, алпыс екі тамырда ағып жатқандығын, одан айырылсақ өзімізді жоғалтатынымызды бір ғана жол арқылы оқырманға шебер жеткізеді.
Бабаларымыз тасқа басқан өсиеттерін іске асырып, мәңгілік ел болуға бет бұрдық. 2050 жылға дейінгі бағдарламаның мақсаты - 30 өркендеген елдің қатарына қосылу, Нұрлы жол бағдарламасы, басқа да шаруаларды сондай мемлекет құру үшін қолға алып жатырмыз. Ұлттық идеяны іске асыруға белсене атсалысатын жас ұрпақтың алғашқы легі - сіздер боласыздар, -- деп Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев айтқандай бабаларымыздың арманын жүзеге асыру ендігі жас ұрпақ - біздің қолымызда. Тәуелсіздіктің арайлап атқан таңымен бірге дүние есігін ашқан сәбилер, бүгінде жастары жиырмадан асып, ақындық жолды өздерінің мұраты етіп алған. Солардың бірі және бірегейі Асыл Сұлтанғазыұлы. Панфилов ауданында туған жас ақын Жетісу газетінде тілші болып қызмет етеді. Оның Тарихи толғау атты жыры талай мүшайраның бас бәйгесін қанжығалаған.
Алашым, сен биіксің басқалардан,
Тарихың таңбаланып, таста қалған.
Қазақ деген біртұтас ел болғаның,
Керей мен Жәнібектен бастау алған.
Шындығыңды жазайын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚAЗAҚ ПOЭЗИЯCЫНДAҒЫ МӘҢГІЛІК ЕЛ ТAҚЫРЫБЫНЫҢ ЖЫРЛAНУЫ
Ақындық мектеп дәстүрі (Ж. Жақыпбаев шығармашылығы негізінде)
Ақын Мұхтар Шаханов
Қазақ жеріндегі жыр айту мектептері
Ежелгі түркі тілді ру-ұлыстарымен бірге жасаған көркем сөз өнерін түсіндіру
Жыраулар поэзиясындағы Абылай хан бейнесінің көрінісі
Қазақ эпосы мен жыраулар поэзиясындағы жылқы образы
Жансүгіров поэзиясындағы тілдік бірліктердің қатысымдық және танымдық мәні, мазмұны
ЖЫРАУЛАР ПОЭЗИЯСЫНЫҢ ДАМУ КЕЗЕҢДЕРІ.
ПОЭЗИЯ - СӨЗ ӨНЕРІНІҢ АЛТЫН ТӘЖІ
Пәндер