М.Жұмабаевтың «Батыр Баян» поэмасындағы онімдердің сипатын анықтау



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... 2
«Батыр Баян» поэмасындағы антропонимдер ... ... .3
«Батыр Баян» поэмасындағы топонимдер ... ... ..7
«Батыр Баян» поэмасындағы фитонимдер мен зоонимдер..13
«Батыр Баян» поэмасындағы теонимдер, этнонимдер, космонимдер ... ... ... .15
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ...19
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ..21
Қазақ тіл білімінің маңызды мәселелерінің бірі көркем шығарманың ономастикалық сипатын қалыптастыру болып табылады. Осыған байланысты қазіргі кезде көркем шығармадағы онимдерді зерттеу нысаны ретінде алған еңбектердің саны да артып келеді. Көркем шығармалардағы жалқы есімдерді талдаудың маңызы ерекше. М.Жұмабаевтың «Батыр Баян» поэмасы қазақ халқының өткенінен мол мәлімет беретін мәдени, тарихи, саяси-әлеуметтік ақпараттарға бай. Осы орайда М.Жұмабаевтың «Батыр Баян» поэмасындағы ономастикалық ерекшеліктердің сипатын айқындау мақсаты жұмыстың өзектілігін көрсетеді.
Зерттеу нысаны М.Жұмабаевтың «Батыр Баян» поэмасындағы ономастикалық атаулар алынды.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Зерттеудің басты мақсаты − М.Жұмабаевтың «Батыр Баян» поэмасындағы онимдердің сипатын анықтау, онимдердің қызметін анықтау, топтарға бөлу, автордың шығарманың мәнін жеткізудегі онимдердің орнын айқындау.
Зерттеу жұмысының дереккөздері ретінде М.Жұмабаевтың «Батыр Баян» поэмасы алынды.
Зерттеудің негізгі әдістері мен тәсілдері. Зерттеу жұмысында сипаттама, талдау және жүйелеу, жинақтау, түсіндіру мен тұжырымдау әдістері қолданылды.
Жұмыстың ғылыми жаңалығы. М.Жұмабаевтың «Батыр Баян» поэмасындағы онимдердің сипаты қаралып, төмендегі нәтижелерге қол жеткізілді:
- Онимдердің түрлеріне қарай М.Жұмабаевтың «Батыр Баян» поэмасында кездесетін жалқы есімдер жіктелді;
- Онимдердің қолданыс жиілігі, саны анықталып, көркем шығармада атқарып тұрған қызметі анықталды;
- Онимдердің шығу тегі мен олар туралы ақпараттар жинақталып берілді.
Зерттеу жұмысының құрылымы мен көлемі. Жұмыс кіріспеден, негізгі бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1. М.Жұмабаев Жан сөзі. Өлеңдер мен дастандар. – Алматы: Раритет, 2005
2. Т.Жанұзақ. Қазақ ономастикасы. Казахская ономастика. І том.-Астана, «1С-Сервис» ЖШС, 2006ж.-400 б.
19. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. Алматы: Дайк-Пресс, 2008. - 968 б.
3. Сарбасова Қ.Б., Чукенаева Г.Т. Жетісу гидронимдері: оқу құралы.-Талдықорған: ЖМУ.2011.86 б.
4. Wikipedia.kz

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..2Батыр Баян поэмасындағы антропонимдер ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... 3
Батыр Баян поэмасындағы топонимдер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... 7
Батыр Баян поэмасындағы фитонимдер мен зоонимдер ... ... ... ... ... ... .. ... .13
Батыр Баян поэмасындағы теонимдер, этнонимдер, космонимдер ... ... ... .15
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...19
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 21

Кіріспе

Зерттеу жұмысының өзектілігі: Қазақ тіл білімінің маңызды мәселелерінің бірі көркем шығарманың ономастикалық сипатын қалыптастыру болып табылады. Осыған байланысты қазіргі кезде көркем шығармадағы онимдерді зерттеу нысаны ретінде алған еңбектердің саны да артып келеді. Көркем шығармалардағы жалқы есімдерді талдаудың маңызы ерекше. М.Жұмабаевтың Батыр Баян поэмасы қазақ халқының өткенінен мол мәлімет беретін мәдени, тарихи, саяси-әлеуметтік ақпараттарға бай. Осы орайда М.Жұмабаевтың Батыр Баян поэмасындағы ономастикалық ерекшеліктердің сипатын айқындау мақсаты жұмыстың өзектілігін көрсетеді.
Зерттеу нысаны М.Жұмабаевтың Батыр Баян поэмасындағы ономастикалық атаулар алынды.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Зерттеудің басты мақсаты − М.Жұмабаевтың Батыр Баян поэмасындағы онимдердің сипатын анықтау, онимдердің қызметін анықтау, топтарға бөлу, автордың шығарманың мәнін жеткізудегі онимдердің орнын айқындау.
Зерттеу жұмысының дереккөздері ретінде М.Жұмабаевтың Батыр Баян поэмасы алынды.
Зерттеудің негізгі әдістері мен тәсілдері. Зерттеу жұмысында сипаттама, талдау және жүйелеу, жинақтау, түсіндіру мен тұжырымдау әдістері қолданылды.
Жұмыстың ғылыми жаңалығы. М.Жұмабаевтың Батыр Баян поэмасындағы онимдердің сипаты қаралып, төмендегі нәтижелерге қол жеткізілді:
oo Онимдердің түрлеріне қарай М.Жұмабаевтың Батыр Баян поэмасында кездесетін жалқы есімдер жіктелді;
oo Онимдердің қолданыс жиілігі, саны анықталып, көркем шығармада атқарып тұрған қызметі анықталды;
oo Онимдердің шығу тегі мен олар туралы ақпараттар жинақталып берілді.
Зерттеу жұмысының құрылымы мен көлемі. Жұмыс кіріспеден, негізгі бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Батыр Баян поэмасындағы антропонимдер

Көркем шығармаларда кездесетін ономастиконда мол мәдени ақпаратқа ие, өзіндік уәжділігі мен шығу тарихы бар, шығарманың құрамдас компоненті ретінде антропонимдердің атқарар қызметі зор. Осы ретте зерттеу нысаны ретінде Батыр Баян поэмасын алдық. Поэмада 330-ға жуық антропонимдер кездеседі. Шығармадағы антропонимдердің басым көпшілігі ұлттық негіздері қазақ есімдері: Абылай(156), Байжігіт(157), Тасболат(157) , Толыбай(157), Қанай(157), Бөгенбай(157), Жанатай(157), Бәсентиін Сарымалай (157), Оразымбет(157), Елшібек(157), Қошқар(157), Жәнібек (157), Қалдан(157), Жәбек(157), Сырымбет(157), Қарабұжыр(157), Бұқар(157), Тәтіқара(157), Қанай(158), Баян(158), Наркескен(158), Көкше(159), Қосай(159), Сары(159), Ноян(160), Атығай(165), Асанқайғы(165), Болат(171), Бұғыбай(172), Ұса(173), Серен(173), Жанатай(177), Толқыншаш(178) т.б. негізінен мағынасы түсінікті, күнделікті тіршілікте де кездесетін қазақ есімдері.
Поэмада қазақ антропонимиясының этномәдени болмысы мен сипатын көрсететін кісі аттарының бір типі немесе түрі - зооантропонимдер болып табылады. Олар: Қошқар, Бұғыбай.
Поэманның тарихылығы мен шынайылығын танытатын антропонимдік атаулар да шығармада маңызды рөл атқарады. Яғни, тарихи қайраткерлер есімдері де шығармада көптеп саналады, олар: Абылай хан, Қалдан - қалмақ ханы, Бөгенбай, Баян, Ноян - батырлар, Бұқар, Тәтіқара, Асан қайғы - жырау, ақындар. Мысалы, Абылай хан (шын есімі Әбілмансұр) -- 1771-1781 жылдар аралығында билік құрған Қазақ хандығының18-ші ханы. Қазақ Ордасының тарихындағы ең ұлы хандардың бірі. Арғы тегі Ақ Орданың негізін қалағанОрда Ежен ханнан бастау алады. Абылай онымен қоса Ұрыс хан, Барақ хан, Әз-Жәнібек хан сияқты билеушілердің тікелей ұрпағы. Абылай хан қазақ тарихындағы бірегей тұлға Кенесары ханның атасы.
Солардың ортасында Бурабай көл
Мөп-мөлдір, дөп дөңгелек ұқсайды Айға.
Бурабай - Арқа аралы, жер еркесі,
Ертеде қоныс болған Абылайға [1, 156].
Бөгенбай - Абылай хан тұсындағы батыр, атақты қолбасшы. Қазақ жауынгерлері арасында зор беделге ие болған, сондықтан оны халық Қанжығалы Бөгенбай деп атап кеткен. Сырдария өзенінің жағасында дүниеге келіпті Оның атасы -- Әлдекүн, әкесі Ақша қанжығалы руы ішінде белгілі адамдар болған. Әз Тәуке хан оның әкесіне 80 мың сарбаздан тұратын әскерге қолбасшы болуды сеніп тапсырған. Ол сонымен қатар өнерлі адам болған. Ұсталық өнермен айналысып, соғыс қару-жарақтарын жасаған. Бойында ақындық, айтыскерлік өнері де болған. Әкесінің өнері баласына дарыған. Бала кезінен қазақ даласының шешендік өнерін бойына сіңіріп өскен ол жігіт шағында ауылдарға барып, ру арасындағы дауларды шешіп, билердің құрылтайларына қатысқан. Өзіне жақын адамдардан топ құрып, кейін елде Қанжығалының қырық батыры деп аталып кеткен.
Ту баста Абылайды хан көтерген
Қамқоры Қарауылдың шешен Қанай,
Ашуы жауған қардай, шөккен нардай
Қарт қыран Қанжығалы қарт Бөгенбай [1, 157].
Бұл жолдардан тағы бір тарихта есімі алтын әріптермен жазылған Қанай шешеннің де осы оқиғаға куә болғандығын көреміз. Қанай шешен Құттымбетұлы - 1695-1698 жылдар шамасында туып, 1775-1780 жылдары дүниеден өткен қазақтың атақты би, шешені әрі батыры. Ол атақты Абылайханның сенімді бас билерінің бірі болған. Балалық шағы Ақмола облысы, Зеренді ауданы, Қарабұлақ ауылында өткен. Зерек, сезімталдығы жас кезінен қалыптаса бастаған баланың сөз тапқыш алғырлығы ауылдастары арасына таралады.
Өзіне тірі жанды тең көрмейтін
Тәкәппар Қошқар ұлы ер Жәнібек,
Қалданға ханмен бірге тұтқын болған
Жолдасы Абылайдың батыр Жәбек [1,157].
Қалмақтың ханы Қалдан Серен туралы естімген жан жоқ шығар, қазақ тарихында қанды қол қолбасшы, атажау саналған ханның тарихи оқиғаларға қатысты поэманың шынайылығын арттыру мақсатында қолданылуы да орынды. Қалдан Серен (1693 - 1745) - жоңғар хандығының билеушісі (1727 - 45), қолбасшы. Әкесі Сыбан Раптан 1723 ж. қазақ жеріне басып кіргенде, Қ. С. 10 мың қолмен Балқаш пен Қаратауды шапқан. Сыбан Раптан өлгеннен кейін таққа отырды. Оның тұсында қазақ жеріне жоңғар шапқыншылығы күшейе түсті. Жоңғарлар Жетісудың біраз жерін, Іле Алатауынан Балқашқа дейінгі өңірлерді, Сібір өңірін жаулап алды. Әйгілі Аңырақай, Бұланты шайқастары, Қалмаққырылған оқиғалары осы Қалдан Серен билеген кезеңдерде өтті. Болашақ қазақ ханы, сұлтан Абылай 1741-43 жылы жоңғар тұтқынында отырды (қаласы Абылай). Қалдан Серенмен соғыс барысында қазақ хандығының билеушілері, батырлары бір орталыққа бірігіп, өз еліне қорған бола білді.
Қанайым, ойың удай, тілің шаян,
Амал не, келген жоқ қой батыр Баян.
Көп жаудың албастысы, ел еркесі
Баянның батырлығы алашқа аян [1, 162].
Поэманың бас кейіпкері батыр Баянның батылдығы мен ерлігі туралы халық арасында аңыз-әңгіме жетерлік. Поэмадағы Батыр Баянның образын біреу даттаса, біреуі жақтайды. Бірақ, біз бұл көркем шығарма екендігін ұмытпауымыз қажет. Бұл жерде әсірелеу басым болады. Жалпы, Батыр Баян туралы тарихта төмендегідей мәлімет берілген:
Баян Батыр, Баян Қасаболатұлы (шамамен 171015 - 1757) - батыр. Бүкіл өмірін қазақ жұртының тәуелсіздігі жолындағы күреске арнаған ержүрек ардагерлердің бірі -- батыр Баян Қасаболатұлы. Батырлығымен, тапқырлығымен Абылай ханның ерекше құрметіне бөленген. Қазақ-жоңғар шайқастарына қатысып, Батыр Баян атанған.
Наркескен, өрттей ескен, қайтпас болат
Баянсыз қанатымды қалай жаям?!
Би Қанай! Аттанбайды хан Абылай,
Келмесе қандыбалақ батыр Баян!
Батыр Баян поэмасының өн бойында қазақтың маңдайына біткен даралары мен даналарының есімдері көптеп кездеседі. Мысалы,
Әрі ақын, әрі батыр Қарабұжыр,
Айтатын өрлеп барып аспанға сыр.
Бұқар мен Тәтіқара жырлағанда,
Толқынды тұңғиық боп төгілер жыр [1, 159].
Бұқар жырау Қалқаманұлы (1668 -- 1781) -- қазақтың ұлы жырауы, 18 ғ. жоңғар басқыншыларына қарсы Қазақ-жоңғар соғысының бастаушысы әрі ұйымдастырушысы атақты Абылай ханның ақылшысы. Шыққан тегі Арғын тайпасының қаржас руынан. Заманындағы сыншылар оны көмекей әулие деген. Тәтіқара (1705, қазіргі Қостанай облысы Сарыкөл ауданы - 1780, сонда) - ақын, жырау. Абылай ханның ақылшысы ретінде біршама уақыт хан сарайында тұрған. Олжабай, Бөгенбай батырлардың қалмаққа қарсы жорықтарына қатысып, олардың ерлік істерін мадақтаған, толғауларында жауынгерлерді табандылыққа, төзімділікке үндеген. 1756 жылғы Цин империясы басқыншылары мен Абылай сарбаздары арасында өткен соғысты сипаттаған жалынды жырлары ("Қамыстың басы майда, түбі сайда", "Кебеже қарын, кең құрсақ", т.б.) Тәтіқара есімін халыққа кеңінен танытты.
Көркем шығармаларда антропонимдер, яғни адам аттары көркем образдар жасауда немесе кез келген көркем бейненің ерекшелігін ашып көрсетуде маңызды роль атқарған, сонымен қатар,антропонимдер ақын не жазушының белгілі бір қоғамды, әлеуметтік топты, суреттеліп отырған заманның бет пердесін ашып көрсетуде көп қолданған. Батыр Баян поэмасындағы антропонимдердің басым бөлігі тарихи атаулар болғандықтан, ақын шығармаларындағы адам атаулары шығарманың тарихилығы мен шынайылығын танытады.


Батыр Баян поэмасындағы топонимдер

Тіліміздегі жер-су, өзен-көл атауларын зерттейтін ономастиканың үлкен бір тарауы топонимдер болып табылады. Топоним гректің топос - жер, онома - ат, атау деген сөздерінен құралып, қазақша жер-су аттарын зерттеу деген мағынаны білдіреді. Топонимиканың негізгі бөлімдері: гидронимия (өзен, көл, су атаулары), оронимия (тау, төбе, шың, қырат атаулары), ойконимия (елді мекен аттары) болып сараланады. Жерімізде кездесетін жер-су, тау, тас атауларының мән-мағынасын ашып түсіндіру, топонимияның басты мақсаты болып саналады. Кез келген адам туған өлкесіндегі жер-су, өзен-көл атауларының қойылу себептері мен беретін мағынасын жақсы білуі тиіс. Ол адамның отанына, туған жеріне деген құрметі болып саналады.
Басқа мемлекеттер секілді қазақ даласы да көптеген ұлы дүмпулерден, қанды жорықтардан, басқыншылықтар мен жаулап алушылықтардан өтті. Сол кезеңдердің барлығы да біздің ұлан-байтақ жерімізге көп өзгерістер алып келді, әсіресе, қазақ жерінің әрбір тауы мен тасы, өзені мен көлі, шоқысы мен қыраттарының атауларына өзіндік әсерлерін тигізді. Сол себепті де тарихтың көзіндей болып жеткен еліміздегі онимдердің, оның ішінде жер-су атауларының мән-мағынасы мен түп-төркінін танып-білу өте маңызды болып саналады. Ономастика ғылымының маңызы да, қажеті де осында. Ертедегі елімізді мекендеген тайпалардың арасындағы соғыстар, жаулап алушылықтар, кейіннен Жоңғар қалмақтарының шапқыншылықтары, патшалы Ресейдің отаршылық саясаты, т.б. көптеген тарихи оқиғалар жер-су атауларында өз іздерін қалдырды.
Өткенді жырлап, болашаққа жол сілтеуші ақын-жазушыларымыздың шығармаларында еліміздің жер-су атаулары көрініс тауып, өзіндік қолданысқа ие болған. Сол арқылы ақын-жазушыларымыз халқының өткен өмірінен сыр шертіп, оның тарихының өшпеуіне, болашақ ұрпаққа аман жетуіне мол үлес қосқан. Сондай ұлтжанды, елін сүйген, елі сүйген, құрметтеген аяулы ақындардың бірі - М.Жұмабаев. Ақын шығармаларының басым бөлігі тарихи, шынайы, өмірде болған образдарға толы әрі олардың тілдік ерекшеліктері де қызықты. Әрбір атаудыңастарында жатқан құпияны ашып көрсету арқылы болашақ ұрпаққа сол жерлердің қалай келгендігі, еліміздің қандай тарихи процестерден өткендігі туралы түсінік қалыптастырып, елін, жерін сүйетін, рухы мықты ұрпақ қалыптастыра аламыз.
Батыр Баян поэмасындағы жалпы топонимдердің саны -
Сарыарқа - сары дария, қиыры жоқ ,
Көз болсын қандай қыран, талады да.
Ішінде сары дария көз тоқтатар
Көкшетау- Сарыарқаның аралы да [1, 58].
Поэмада оқиға желісі Көкше жерінен Абылай ханның ордасында бастау алып, Жетісу, қазақ пен қалмақтың қалың қолының түйіскен жерде жалғасын табады.
Балқаш қой бұл айдыны сылдыр қаққан,
Балқаштың бетін мәңгі меруерт жапқан.
Қаратал, Аягөзбен - екі көзі,
Еркесі - Іле өзені ұзын аққан.
Басы егіз ерке Іленің: Кеңес, Текес,
Тәңірінің тентек Текес дәмін татқан [1, 179].
Бұл тарихи маңызы бар деректер. Қазақ пен қалмақ соғысқан қан майданның қай жерде болғандығын ақын нақты осы жыр жолдарында көрсеткен.
Шығармада кездесетін жер аттары мен олардың шығу төркіні мынандай:
Сарыарқа− Қазақстанның ірі физикалық-географиялық және табиғи-тарихи аймақтың бірі. Сарыарқа - халықтық атау. Сарыарқаға Қарағанды, Астана облыстарының жері толықтай, Торғай, Семей, Павлодар облысының біраз жері кіреді. Сарыарқа атауы жер бетіндегі өсімдіктері күйгендіктен сарғайып жататын кең де үлкен жон, жалпақ үстірт, сансыз адырлы қырқа ұғымын білдіреді.Сарыарқа қазақтың ұсақ шоқылығы атты өлке болып табылады.
Арқа - республикамыздағы ірі географиялық объект. Бұл Сарыарқа деп те аталып, тұтас алғанда Орталық Қазақстанды білдірді. Арқа сөзі түркі тілдерінде көбіне географиялық термин ретінде қолданылады. Қарақалпақ.арқа - арқа тұс, сырт жақ, түркімен.арга− солтүстік, башқұрт арка−тау жалыт.б.
Көкшетау - Солтүстік Қазақстан облысындағы тау. Атаудың бірінші сыңарындағы көк сөзі аспан және ше - үстемелі мәнді қосымша. Атаудың толық мағынасы: көкпеңбек, әдемі, сұлу боп көрініп тұратын тау.
Ономастиканың үлкен бір бөлімі − гидронимия саласы болып табылады. Гидроним грек тілінен аударғанда hydor − су + onyma, onoma − ат, атау, есім кез келген су объектісін білдіретін жалқы есім, топонимнің бір түрі. Әр тілде қолданылатын гидронимдер өзіне тән гидрографиялық терминдер арқылы жасалады. Гидрографиялық терминдер күрделі топонимдер құрамына еніп қана қоймайды, түбір күйінде жалқы есімге өтіп, апеллятив атаулар да жасайды. Топонимикада гидронимдер ең көне атаулар деп есептеледі, сондықтан олардың мағынасын ашып жеткізу маңызды іс болып саналады. Гидронимия топонимиканың ең өзекті де ірі бөлімі болып табылады.
Кез келген аймақтың өзіне тән географиялық ерекшеліктері болады. Әр өлкенің табиғат байлығы: тауы мен тасы, өзен-көлі, өсімдіктер мен жануарлар әлемі − сол жердің мақтанышы болып саналады.
Осындай табиғаттың тамаша жаратылыстарының бірі − өзендер мен көлдер. Мыңдаған жылдарды артқа тастап, қаншама оқиғалардың куәсі болған қазақ жерінің әрбір тау-тасы, әр шоқысы, өзен мен көлі - тірі тарих іспеттес. Киелі қазақ жерінде тарихы тереңде жатқан қаншама өзендер мен көлдер кездеседі. Адамзат ұғымында су −тіршілік көзі, өмір нәрі. Сол себепті де ата-бабаларымыз оларды ұлықтап, түрлі атаулар берген, өткеннің белгісі деп қастер тұтқан. Ақындарымыз өлең арнаған.
Туған жер табиғатын қастерлеп, оның әрбір жаратылысын мақтан тұтып, болашақ ұрпаққа жеткізуші ақындарымыздың бірі - М.Жұмабаев. Автор әдемі табиғат жаратылысы болып табылатын өзен-көл, бұлақ, бастау т.б. шығармаларына арқау ету арқылы туған жеріне деген перзенттік махаббатын, құрметін жеткізеді. Ақын шығармаларындағы атаулардың мән-мағынасына түсінік беру арқылы көркем шығарма тарихилығын, шынайылығын арттырудағы қызметін анықтауға мүмкіндігіміз болары анық. Су атауларынан да ұлттың дүниетанымынан ақпарат алуға болады, себебі Көркем шығарма мәтініндегі топонимдер мағынасына терең үңілу барысында халқымыздың тарихына, дүниетанымдық ерекшеліктеріне қатысты түрлі мәліметтер алсаң, суреткер шығармаларында қолданыс табуы арқылы қосымша ақпаратқа қанығамыз.
Арқада жер жетпейді Бурабайға,
Бөленген бұйра сыпсың қарағайға [1, 161].
Мұндағы Іле гидронимі туралы Т.Жанұзақов: Іле − Ұйғыр ауданындағы өзен. Бұл көне атаудың шығу төркіні мен мағынасы жайлы әрқилы пікірлер болғаны мәлім. Ғ.Қоңқашбаев бұл қалмақтың иле- жарқыраған, жалтыраған деген сөзінен шыққан дейді. ХІ ғ. ірі ғалымы Махмұт Қашғари: Бұл дария түрік елдерінің Жаухуны деп есептеледі - деген. Қытайдың 2 мың жыл бұрын өткен Хан патшалығы заманында-ақ тарихшылар Іле өзенін ханзу жазуында Иле деп жазыпты.
Мұндағы Балқаш гидронимінің этимологиясы жайында халық арасында мынандай аңыз сақталған: Бұдан көп ғасыр бұрын көлдің батыс жағалауын бір бай мекендеген екен. Оның Балқия атты қызы болыпты. Ол ақылдылығымен, адамгершілігімен ел аузына ілігіпті. Сүйікті қызды бүкіл - ел-жұрт еркелетіп Балқаш деп атайды екен. Жасы 17-ге толғанда Балқия алыс елден келген Ерден атты жас жігітке ғашық болыпты.Бірақ қазақтардың салты бойынша Балқияның атастырып, малын алып қойған екен. Содан екі жас ақылдасып, бір түнде қашып кетеді. Екеуі бір қамыстың түбіне келіп паналайды, сонда олардың аттарына қабандар тап береді. Ерден аттарын құтқарам деп өзі қатты жараланып қайтыс болады.Балқия жігітті жерлеген соң өзі де өлмек болады. Бұл кезде Балқияның әкесі қызын ұстап әкелуді бұйырады. Жігіттер Балқияның тығылған жерін тауып алады. Қыз әкесінің қатал мінезін біліп, жардан суға секіріп кетеді, бұл оқиғаны естіген халық сол көлді қыздың атымен атайтын болыпты -дейді халық аңызы.
Қаратал − Алматы облысындағы өзен, ұзындығы 321 км. Осы өзен атымен қойылған поселке, аудан аты бар. Қаратал сөзінің мағынасы қалың, ну өскен тал, қалың, жыныс орман, тоғай деген ұғымға сәйкес келетіндей. Бұған Қаратал өзенінің жағасында талдың көп, қалың өсуі дәлел болады [3, 32].
Текес − Райымбек ауданындағы өзен. Бұл атауды Э.Мурзаев Теріскейден ағатын су − Күнестің антонимі десе, Шоқан Уәлиханов Қашқарға сапар атты еңбегінде осы өзеннен өткен кезде Теріс аққан өзен деп атаған. Себебі өзен басқа өзендердей емес, батыстан шығысқа қарай аққандығынан атаса керек. Ақын поэзиясында көрініс тапқан топонимдер ең алдымен, географиялық атаудың объектімен байланысын, сол объекті туралы кешенді ақпаратты қамтып, белгілі бір аймақта ертеректе кімнің, қандай тайпаның, рудың қоныстанғандығынан және жалпы халық тарихынан ақпарат береді. Екіншіден, ақын өлеңдеріндегі әрбір топоним - сол аймақты мекен еткен халықтың дүниетанымы, тұрмыс - тіршілігі, салт - дәстүрі мен географиялық орта туралы таным - білімі туралы қосымша ақпарат көзі. Үшіншіден, ақын белгілі бір топонимді қоғамдағы құбылыстардан бірқатар мәліметтер беру мақсатында және оқырманға өзінің ішкі ойын жеткізудегі қатысым құралы ретінде қолданылған [3, 45].
Жолдыөзек - Ертіс алабындағы тұйық көл. Солтүстік Қазақстан облысының, Аққайың ауданының жерінде, Қызылағаш ауылының солтүстігінде, Талдыарал көлінің батысында орналасқан. Ауданы 12,0 км2. Ұзындығы 6,2 км, ені 3,0 км шамасында. Қарашаның басында қатып, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Батыр Баян поэмасындағы антропонимдер
Мағжан Жұмабайұлы шығармаларындағы тарихи тұлғалар бейнесі
Қазақтың атақты біртуар ақыны Мағжан Жұмабаев
Батыр Баян поэмасы
М. Жұмабайұлы шығармаларындағы тарихи тұлғалар бейнесі
Шәкәрімнің қай шығармасынан
МАҒЖАН ЖҰМАБАЕВ ПОЭМАЛАРЫНДАҒЫ ТАРИХИ ШЫНДЫҚ ЖӘНЕ КӨРКЕМДІК ҚИЯЛ
Мағжан Жұмабаев шығармаларындағы тарихи шындық және көркемдік шешім
Мағжан Жұмабаев шығармашылығын мектепте оқытудың ғылыми-әдістемелік негіздері
«Қорқыт», «Қойлыбайдың қобызы», «Оқжетпестің қиясында» поэмаларындағы этно психологиялық жақтары
Пәндер