Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды тәрбиелеу



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... .3
1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚОРҒАНШЫЛЫҚ ЖӘНЕ ҚАМҚОРШЫЛЫҚ ОРГАНДАРЫ ... ... ... ... 5
1.1 Қорғаншылық және қамқоршылық туралы жалпы түсінік ... ... ... ... ... ... ..5
1.2 Қорғаншылық және қамқоршылық органдарының мiндеттерi ... ... ... ... ... 8
1.3 Баланы патронатқа тәрбиелеуге беру ... ... ... .12
2 МЕМЛЕКЕТТІҢ ҚОРҒАНШЫЛЫҚ ЖӘНЕ ҚАМҚОРШЫЛЫҚ ЖӨНІНДЕГІ ФУНКЦИЯЛАРЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ... ... ... ... ... ... ... ... .16
2.1 Қорғаншылық және қамқоршылық функцияларын жүзеге асыру тәртібі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 16
2.2 Ата.анасының қамқорлығынсыз қалған балалар орталықтарының негізгі атқаратын жұмысы ... ... 20
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ..24
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... .26
Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған және отбасына тәрбиелеуге берілуі тиіс балалар міндетті мемлекеттік есепке алынуы керек. Ол үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың есебін алуды ұйымдастыру ережесі бекітілген.
Қорғаншылық және қамқоршылық ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, оларды асырау, тәрбиелеу және бiлiм беру мақсатында, сондай-ақ олардың мүлiктiк және мүлiктiк емес құқықтары мен мүдделерiн қорғау үшiн белгiленедi.
Қорғаншылық және қамқоршылық әрекетке қабiлетсiз немесе әрекетке қабiлетi шектеулi кәмелетке толған адамдардың мүлiктiк және жеке мүлiктiк емес құқықтары мен мүдделерiн қорғау үшiн де белгiленедi.
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері. Курстық жұмыстың негізгі мақсаты мен міндеті - ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды тәрбиелеу болып табылады. Өркениетті қоғам мен мемлекет ата-анасының қамқорлығынсыз қалған және көмекке мұқтаж балаларды дер кезінде табуды өзінің алдына басты мақсат етіп кояды. Осы міндеттерді орындау жүктелген арнаулы мемлекеттік органдар — қорғаншылық және қамқорлылық органдары жұмыс істейді. Бұл органдар мұндай балаларды іздеп тауып қана қоймай, оларды орналастыру және олардың тұрмыс жағдайларын бақылау міндеттерін жүзеге асыруы тиіс.
1. Қазақстан Республикасының Отбасы құқығы - Алматы: // 2005жыл.
2. Қазақстан Республикасының құқықтық саясат тұжырымдамасы –Концепция правовой политики Республики Казахстан. – Алматы: Жеті жарғы. 2009. – 56 б.
3. Алмонд Г. Азаматтық мәдениет // Әлемдік саясаттану антологиясы. Т.7. - Алматы: «Қазақстан» баспа үйі, 2007.
4. “Неке және отбасы туралы Қазақстан Республикасының Заңы” 1998 жылғы 17 желтоқсан N 321-IА.А.
5. Таранов. Қазақстан Республикасының әкімшілік құқығы. Алматы,2003.
6. Назарбаев Н. Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан. - Алматы, 2007.
7. Е.Б. Саиров, Мәдени саясат және өнертану. – Алматы, 2011.
8. Заң және заман // Омаров А.С. Демократиялық қоғам – 2013жылғы басылым.
9. Қазақстан Республикасының қорғаншылық және қамқоршылық органдары туралы және Патронат туралы ережелерді және Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды орталықтандырылған есепке алуды ұйымдастыру ережесі // - Астана: «Елорда», 2009 жыл 12 наурыз.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚОРҒАНШЫЛЫҚ ЖӘНЕ ҚАМҚОРШЫЛЫҚ
ОРГАНДАРЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
.5
1.1 Қорғаншылық және қамқоршылық туралы жалпы
түсінік ... ... ... ... ... ... ..5
1.2 Қорғаншылық және қамқоршылық органдарының
мiндеттерi ... ... ... ... ... 8
1.3 Баланы патронатқа тәрбиелеуге
беру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .12
2 МЕМЛЕКЕТТІҢ ҚОРҒАНШЫЛЫҚ ЖӘНЕ ҚАМҚОРШЫЛЫҚ ЖӨНІНДЕГІ ФУНКЦИЯЛАРЫН ЖҮЗЕГЕ
АСЫРУ ... ... ... ... ... ... ... .. ...16
2.1 Қорғаншылық және қамқоршылық функцияларын жүзеге асыру
тәртібі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..16
2.2 Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар орталықтарының негізгі
атқаратын
жұмысы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ..20
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... .24
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... 26

КІРІСПЕ

Курстық жұмыстың өзектілігі. Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған және
отбасына тәрбиелеуге берілуі тиіс балалар міндетті мемлекеттік есепке
алынуы керек. Ол үшін  Қазақстан Республикасы  Үкіметінің  қаулысымен ата-
анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың есебін алуды ұйымдастыру ережесі
бекітілген.
Қорғаншылық және қамқоршылық ата-анасының қамқорлығынсыз қалған
балаларға, оларды асырау, тәрбиелеу және бiлiм беру мақсатында, сондай-ақ
олардың мүлiктiк және мүлiктiк емес құқықтары мен мүдделерiн қорғау үшiн
белгiленедi.
Қорғаншылық және қамқоршылық әрекетке қабiлетсiз немесе әрекетке
қабiлетi шектеулi кәмелетке толған адамдардың мүлiктiк және жеке мүлiктiк
емес құқықтары мен мүдделерiн қорғау үшiн де белгiленедi. 
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері. Курстық жұмыстың негізгі
мақсаты мен міндеті - ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды
тәрбиелеу болып табылады. Өркениетті қоғам мен мемлекет ата-анасының
қамқорлығынсыз қалған және көмекке мұқтаж балаларды дер кезінде табуды
өзінің алдына басты мақсат етіп кояды. Осы міндеттерді орындау жүктелген
арнаулы мемлекеттік органдар — қорғаншылық және қамқорлылық органдары жұмыс
істейді. Бұл органдар мұндай балаларды іздеп тауып қана қоймай, оларды
орналастыру және олардың тұрмыс жағдайларын бақылау міндеттерін жүзеге
асыруы тиіс.
Зерттеудің объектісі – Республикамызда балаларға қамқорлық көрсету,
оларды мемлекеттік қолдау балалар уйлері мен интернат мекемелері жүйесі
арқылы жүзеге асырылады. Қазақстанда 1994 жылы балалар мен жас аналарды
қолдау үшін Үміт үйі құрылды, онда жеке басты аналар балаларын қамтамасыз
етуге тиісті жағдайлар туғанша уақытша орналастырады.
Ата-ана және басқа құқық өкілдері балаларға өмір сүру мен білім алу
үшін салауатты және қауіпсіз жағдайлар жасау керек, бала жеке тұлғасының
интеллектуалды, дене-күш және адамгершілік қасиеттерінің дамуын қамтамасыз
етулері керек. Бүгінгі бала – елдің болашағы. Келешегін ойлайтын саналы ел
ертеңгі күнін бүгіннен жоспарлап, бүгіннен ойластырары хақ. Сондықтан болса
керек, дана халқымыз бала тәрбиесіне ешуақытта бей-жай қарамаған. Тәртіпті
де тәрбиелі ұрпақ өсіру – отбасылық өмірдің негізгі мақсаттарының бірі.
Зерттеудің пәні – қорғаншылар мен қамқоршылар құқықтары мен
міндеттерінің демократиялық мемлекеттегі және қоғамдағы заңдылық табиғаты
мен қоғамдық қатынастарың реттеудегі орны мен рөлі.
Курстық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған
әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚОРҒАНШЫЛЫҚ ЖӘНЕ ҚАМҚОРШЫЛЫҚ ОРГАНДАРЫ
1. Қорғаншылық және қамқоршылық туралы жалпы түсінік

Қорғаншылық және қамқоршылық ата-анасының қамқорлығынсыз қалған
балаларға, оларды асырау, тәрбиелеу және бiлiм беру мақсатында, сондай-ақ
олардың мүлiктiк және мүлiктiк емес құқықтары мен мүдделерiн қорғау үшiн
белгiленедi.
Қорғаншылық және қамқоршылық әрекетке қабiлетсiз немесе әрекетке
қабiлетi шектеулi кәмелетке толған адамдардың мүлiктiк және жеке мүлiктiк
емес құқықтары мен мүдделерiн қорғау үшiн де белгiленедi. 
Қорғаншылық он төрт жасқа толмаған балаларға, сондай-ақ психикалық
аурудың салдарынан немесе ақыл-есiнiң кемдiгiнен сот әрекетке қабiлетсiз
деп таныған адамдарға белгiленедi.
Қорғаншылық қайтыс болған немесе соттың шешiмiмен өлдi немесе
хабарошарсыз кеткен деп танылған кәмелетке толмаған адамның, әрекетке
қабiлетсiз немесе әрекетке қабiлетi шектеулi кәмелетке толған адамның
мүлкiне тағайындалады.
Егер қорғаншылық және қамқоршылық белгiленген адамның басқа жерде
мүлкi болса, онда осы мүлiктi басқару үшiн қорғаншы және қамқоршы органдар
мүлiктiң тұрған жерiнде қорғаншы тағайындай алады. 
Қамқоршылық он төрттен он сегiз жасқа дейiнгi кәмелетке толмағандарға,
сондай-ақ спирттi iшiмдiктерге немесе есiрткi заттарға салынуы салдарынан
сот әрекет қабiлеттiлiгi шектеулi деп таныған адамдарға белгiленедi [1, 23-
24б ].
Денсаулығының жай-күйiне байланысты өзiнiң құқықтарын өз бетiнше
жүзеге асыра алмайтын және мiндеттердi орындай алмайтын кәмелетке толған
әрекет қабiлеттiлiгi адамдардың арызы бойынша оларға қамқоршылық белгіленуі
мүмкін.
Қомқаршылық пен қамқоршылық негізгі мақсаты - ата-анасының
қамқорлығынсыз қалған балаларды тәрбиелеу болып табылады.
Өркениетті қоғам мен мемлекет ата-анасының қамқорлығынсыз қалған және
көмекке мұқтаж балаларды дер кезінде табуды өзінің алдына басты мақсат етіп
қояды. Осы міндеттерді орындау жүктелген арнаулы мемлекеттік органдар —
қорғаншылық және қамқорлылық органдары жұмыс істейді. Бұл органдар мұндай
балаларды іздеп тауып қана қоймай, оларды орналастыру және олардың тұрмыс
жағдайларын бақылау міндеттерін жүзеге асыруы тиіс.
Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған және отбасына тәрбиелеуге берілуі
тиіс балалар міндетті мемлекеттік есепке алынуы керек. Ол үшін Қазақстан
Республикасы  Үкіметінің қаулысымен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған
балалардың есебін алуды үйымдастыру ережесі бекітілген.
Республикамызда балаларға қамқорлық көрсету, оларды мемлекеттік қолдау
балалар уйлері мен интернат мекемелері жүйесі арқылы жүзеге асырылады.
Қазақстанда 1994 жылы балалар мен жас аналарды қолдау үшін Үміт
уйі құрылды, онда жеке басты аналар балаларын қамтамасыз етуге тиісті
жағдайлар туғанша уақытша орналастырады.
14 жасқа толмаған балалар қорғаншылыққа алынады, ал қамқоршылық 14—18
жастағы кәмелетке толмаған балаларға жасалады. Қорғаншылық пен
қамқоршылықты белгілеу қорғаншы немесе қамқоршы адамды тағайындау жолымен
іске асырылады. Бұл адамдарды қорғаншылық және қамқоршылық органдары
тағайындайды. Көмелетке толған, іс-әрекетке қабілеттері бар азаматтар ғана
қорғаншылар және қамқоршылар бола алады. Бұлардан басқа, жеке басының
сапасы, жасы, денсаулық жағдайы ескеріледі [2, 39-42б].
Баланың қорғаншысының (қамқоршысының) құкықтары мен міндеттері:
• баланы тәрбиелеуге, оның денсаулығына, рухани және ізгілік
адамгершілік көзқарастарының дамуына қамқорлық жасауға құқықты әрі
міндетті;
• баланың пікірін, корғаншылық және қамқоршылық органының ұсьшыстарьш
ескере отырып, баланы тәрбиелеудін тәсілдерін өз еркімен дербес белгілеуге
құқықты;
• өзінің қамқорлығындағы баламен бірге тұруға міндетті.
Қамқорлығындағы бала 16-ға толғанда қорғаншылық және қамқоршылық органының
келісімімен бөлек тұруларына жол беріледі;
• қамқорлығындағы баланың өкілі болып табылады және заңға сөйкес кез
келген азаматтық-құқықтық мәмілелер жасай алады.
Қамқоршының қорғаншыдан айырмашылығы көмелетке толмаған бала жасына
байланысты, өзі дербес жасай алмайтынмәмілелер жасауға келісім береді
(мысалы, қамқорлығындағы адамның үйін сату, мұрасынан бас тарту және
баскалары).
Қорғаншылар мен қамқоршылар өз міндеттерін ақша талап етпей тегін
орындайды және олардың құқықтарының белгілі мерзімдік сипаты бар.
Қамқорлығындағы адам 14 жасқа толғанда оған қамқорлық жасау токтатылады, ал
қорғаншы міндетін атқарушы адам көмелетке толмаған баланың қамкоршысы
болады. Өз кезегінде, қамқоршылық камкорлығындағы адам 18-ге толғанда
немесе ол көмелет жасына жетпей некеге тұрса тоқтатылады.
Егер қорғаншы және қамқоршы орган ата-аналар мен балалар мүдделерінің
арасында қайшылық барын анықтаса, ата-аналардың өз балаларының мүдделерін
білдіруге құқығы жоқ. Ата-аналар мен балалардың арасында келіспеушілік
болған жағдайда қорғаншы және қамқоршы орган балалардың құқықтары мен
мүдделерін қорғау үшін өкіл тағайындауға міндетті. Ата-ана құқықтарын
балалардың мүдделеріне қарама-қайшы жүзеге асыруға болмайды. Балалардың
мүдделерін қамтамасыз ету олардың ата-аналары қамқорлығының негізгі мәні
болуға тиіс.
Ата-ана құқықтарын жүзеге асыру кезінде ата-аналар балалардың дене
және психикалық денсаулығына, олардың адамгершілік жағынан дамуына зиян
келтіруге құқығы жоқ. Балаларды тәрбиелеу әдістерінде адамның қадір-
қасиетін кемсітетін немқұрайлылық, қатыгездік, дөрекілік, балаларды қорлау
немесе қанау болмауға тиіс [3,26-29б].

2. Қорғаншылық және қамқоршылық органдарының мiндеттерi

Қорғаншылық және қамқоршылық органдарының құқықтары
1) қорғаншылар мен қамқоршыларды тағайындауға;
2) қамқоршының он алты жасқа толған қамқорлығындағы баладан оның
тәрбиесiне, құқықтары мен мүдделерiне қолайсыз әсер етпеуi шартымен бөлек
тұруына рұқсат беруге;
3) қорғаншыларды, егер олар науқастығына, мүлiктiк жағдайы өзгеруiне,
қамқорлығындағы адаммен өзара түсiнiстiктiң болмауына орай немесе басқа да
дәлелдi себептер бойынша, олардың өтiнiмi бойынша оларды өз мiндеттерiн
орындаудан босатуға;
4) егер асырап алушы баланы тәрбиелеу және оған қамқорлық жасау
жөнiндегi өзiнiң мiндеттерiн дұрыс орындамаса, сондай-ақ баланың мүдделерi
оны талап ететiн басқа да жағдайларда асырап алуды тоқтатуды талап етуге;
5) асырап алуды жарамсыз деп тануды талап етуге;
6) егер ол балаға зиянды әсер етпесе, ата-аналық құқығынан айрылған
ата-ананың өтiнiшi бойынша баламен кездесуге рұқсат етуге;
7) қорғаншыға қамқорлығындағы адамның мүлкiн иелiктен шығару, оның
iшiнде айырбастау немесе сыйға тарту жөнiнде мәмiле жасауға  немесе оның
атынан кепiлдiк шарт жасасуға, оны жалға (арендаға), тегiн пайдалануға
немесе кепiлге беруге, қамқорлығындағы адамның заң бойынша және өсиет
бойынша мұраға тиесілi құқығынан бас тартуға әкелетiн мәмiле жасауға, оның
мүлкiн бөлуге немесе одан оның үлесiн шығаруға, сондай-ақ қамқорлығындағы
адамның мүлкiн азайтуға әкелетiн кез-келген басқа да мәмілелерді жасауға
рұқсат беруге;
8) қорғаншы осы баптың 10-тармағында көрсетiлген мәмілелердің
нәтижесiнде алған қаражаттың қалай жұмсалуы қажет екендiгiн айқындауға;
9) қамқорлығындағы адамның қорғаншыға, оның жұбайына немесе туыстарына
осы адам қорғаншы болып тағайындалғанға дейiн пайда болған қамқорлықтағы
адамның қарыздарын төлеуiне рұқсат етуге;
10) қорғаншы немесе қамқоршы өзiне жүктелген мiндеттердi дұрыс
орындамаған, оның iшiнде олар қорғаншылық пен қамқоршылықты жеке басының
мақсатына пайдаланылған кезде немесе қамқорлығындағы адамды бақылаусыз және
қажеттi көмексiз қалдырған жағдайларда, қорғаншылар мен қамқоршыларды бұл
мiндеттердi орындаудан шеттетуге құқылы [4, 156].
Бала асырап алу нәтижесінде, бір жағынан, бала асырап алушылармен және
олардың туысқандарының арасында, асырап алынған бала арасында қандастығы
бойынша туыстар арасындағы сияқты құқықтар мен міндеттер туындайды. Сонымен
қатар асырап алушының туған балалары мен, егер ондай балалары болса, асырап
алған балаларының арасындағы құқық тең деп танылады.
Заңда бала асырап аларда бірқатар шарттар көзделген: • бала асырап
алушының келісімі;
• баланың ата-аналарының келісімі. Олардың келісімі жазбаша түрде
беріледі және нотариус арқылы куәландырылады;
• 10 жасқа толған баланың келісімі. Баланың келісімі жазбаша
толтырылады. Егер келісім іс сотта қаралған кезде берілетін болса, ол
ауызша келісім болып табылады. 10 жасқа толмаған баланың келісімі қажет
емес;
• егер ерлі-зайыптылардың біреуі ғана бала асырап алатын болса, онда
соттың келісімі керек. Егер ерлі-зайыптылардың біреуі бұған қарсы болса,
асырап алынған баланың мұндай отбасыңда тұруы қажетсіз. Бұдан басқа, бала
асырап алу практикасы, әдетте, ерлі-зайыптылардың біреуінің ғана бала
асырап алуына рұқсат етпейді. Балаға дұрыс отбасы керек.
Бала асырап алу шарттарынан басқа оған тыйым салулар да белгіленген.
Мысалы, кәмелетке толған баланы асырап алуға болмайды; некеде тұрмайтын
асырап алушы мен асырап алынушының арасындағы жас айырмашылығы 16 жастан
кем болса, бала асырап алуға болмайды.
Соттың асырап алушының қалауы бойынша асырап алу құпиясын сақтау
жөніндегі мәселені қарауына болады. Баланың туған күніне өзгеріс енгізуді
осындай шараларға жатқызуға болады; баланың тегін, атын және әкесінің атын
өзгерту; асырап- алушыларды ата-анасы ретінде жазу және басқалары.
"Неке жәнө отбасы туралы" Заңның 76-бабына сөйкес Қазақстанның жетім
балаларын шетел азаматтарының асырап алуына жол беріледі. Қазақстан
Республикасының азаматы болып табылатын балаларды Қазақстан Республикасының
азаматтарына тәрбиелеуге беруге мүмкіндік болмаған жағдайда, шетелдіктерге
тәрбиелеуге беруге болады.
Республикада балаларға көмек беру жөніндегі “ФРЭНК” халықаралық
қайырымдылық қорынын өкілдігі қызмет етеді. Ол шетел азаматтарына бала
асырап алуда көмек көрсетеді, сондай-ақ шетелдерде асырап алынған
балалардың жағдайына бақылау жасайды. Қазақстан балаларын шетел
азаматтарының асырап алуы — біздін мемлекетіміздің практикасында жаңа
құбылыс. Және бұл арада қоғамдық пікір біркелкі емес — кейбір азаматтар
мұндай асырап алушылықты қолдамайды, ал көпшілігі — қолдайды. Асырап
алынған балалар Қазақстан азаматтығынан айырылады [5, 108-112б].
Қорғаншылық және қамқоршылық органдарының мiндеттерi:
1) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды анықтауға, олардың
тұрмыс жағдайларын тексеруге, мұндай балалардың есебiн жүргiзуге және ата-
анасының қамқорлығынан айрылуының нақты жағдайларына қарай балаларды
орналастырудың нысандарын таңдауға, сондай-ақ олардың күтiмi, тәрбиесi және
бiлiм алуы жағдайларын одан әрi бақылауды жүзеге асыруға;
2) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар туралы мәлiмет алған
күннен бастап үш күннiң iшiнде баланың құқықтары мен мүдделерiн қорғауды
және бiр айдың iшiнде оны орналастыруды қамтамасыз етуге.  
Баланы отбасына тәрбиелеуге беру мүмкiн болмаған жағдайда, ол туралы
мәлiметтi баланы есепке алу және кейiннен Қазақстан Республикасының
аумағында тұрақты тұратын Қазақстан Республикасы азаматының отбасына
тәрбиелеуге орналастыруға жәрдемдесу үшiн тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық
бiрлiктiң бiлiм берудi басқару органына жолдауға;
3) қорғаншылар мен қамқоршылардың қызметiн бақылауды жүзеге асыруға,
ол үшін жылына кемінде екі рет олардың өз міндеттерін орындауын тексеруге,
сондай-ақ жыл сайын қорғаншылардың қамқорлығындағы адамның денсаулық
жағдайы туралы, оларды тәрбиелеу жөніндегі жұмыстары туралы есеп беруін
талап етуге;
4) ата-аналық құқықтарынан айыру немесе шектеу, ата-аналық құқықтарын
қалпына келтiру, бала асырап алудыңкүшiн жою немесе жарамсыз деп тану, жасы
кәмелетке толмағандармен некенi жарамсыз деп тану, сондай-ақ "Неке және
отбасы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес басқа да
істер қаралған кезде сотқа қатысуға;
5) бала мен оны тәрбиелеуге тiлек бiлдiрген адамдардың тұрмыс
жағдайларын тексеруге;
6) он жасқа толған баланың асырап алуға келiсiмiн анықтауға және ол
үшiн ұғынымды нысанда асырап алудың мәнiн түсiндiруге;
7) баланы асырап алудың құпиясын сақтауға;  
8) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған кәмелетке толмаған
балалардың, белгiленген тәртiппен жүйкесi ауру немесе ақыл-есi жетiмсiз
немесе әрекетке қабілетi шектеулi деп танылған адамдардың мүлкiнiң
қаттауын, сондай-ақ белгiленген тәртiппен, қайтыс болған немесе хабар-
ошарсыз кеткен деп танылған және денсаулығы жағдайы бойынша өз бетiнше
өзiнiң құқықтарын қорғай алмайтын және өзiнiң мiндеттерiн атқара алмайтын
кәмелетке толған адамдардың мүлкiнiң қаттауын жасауға;
9) қорғаншылар мен қамқоршылардан өздерiнiң мiндеттерiн жүзеге асыруды
талап етуге мiндеттi [9, 76-80б].  

1.3 Баланы патронатқа тәрбиелеуге беру

 Патронат —ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы шарт бойынша
басқа азаматтардың отбасына тәрбиелеуге беретін тәрбиенің бір түрі. Бұл
шарт баланы тәрбиелеуге алуға ықылас білдірген адам мен корғаншылык және
қамқоршылык органы арасында жасалады. Бала патронат тәрбиешіге шартта
көзделген мерзімге тәрбиелеуге беріледі. Бұл арада патронат тәрбиешіге
баланы бағыпкұту үшін ай сайын ақша төленіп тұрады.
Баланы тәрбиелеуге беру оның пікірін есепке алу арқылы жүзеге
асырылады. Ал жасы 10-ға толған бала өзінің келісімімен ғана тәрбиелеуге
беріледі. Ағалары мен қарындастарын медициналық қорытындылар немесе басқа
да себептерге байланысты, олардың бірге тәрбиеленуіне мүмкіндігі жоқ
жағдайларда болмаса, ажыратуға жол берілмейді.
Патронат тәрбиепгілерді іріктеп алу қорғаншы және қамкоршы органдар
міндетіне кіреді, патронат тәрбиешілердің жеке басының сапасы, олардың бала
тәрбиелуге қабілеті, балаға көзқарасы ескеріледі. Кәмелетке толған екі
жыныстың адамдары патронат тәрбиеші бола алады, яғни не әйел не еркек
немесе озара некеге тұрған екеуі де шарт жасаса алады. Патронат
тәрбиешілерге қорғаншылар мен қамкоршылар сияқты құқықтар мен міндеттер
беріледі. Баланы патронатка алған отбасы немесе адам баланы тәрбиелеу
жөніндегі міндетін ақылы түрде орындайды, яғни қорғашпылар мен
қамқоршылардан айырмасы бұларға ақша таленеді.
Қазақстан Республикамызда 2000 жылғы 13 желтоқсан- да "Отбасылық
тұрпатмндағы балалар деревнялары мен жасөспірімдер үйлері туралы" Заңы
қабылданды. Отбасы тұрпатындағы балалар деревнялары мен жасөспірімдер
үйлері балаларды қоғамдық пайдалы еңбекке даярлауды, еңбек нарығы
сұранысындағы қандай мамандықтарға окытуды, әрбір балаға жинақ қорын ашуды
көздейді.
Республикамызда бүгінгі күні отбасылық тұрпатындағы балалар
деревнялары құрылып жұмыс істеуде. Бұл деревнялар жетім балаларды қорғаудың
жаңа үлгісі болып табылады. Деревнялардың негізгі міндеті —
тәрбиеленушілердің өздерінің қоғамға қажет екендіктерін сезінетіндей,
отбасы жағдайында тәрбиеленіл жатқандай әсерлі жағдайлар туғызу екендігі
кездейсок емес. Балаларды балалар деревнясының отбасына беру қорғаншылық
және қамқоршылық органы мен тәрбиелеуші-ана арасында
жасалатын шарт негізінде жүзеге асырылады [6, 46-49б].
Тәрбиеші-ананың тәрбиелеуіне жасы 18-ге дейінгі 7—10 бала беріледі
(отбасы ішіндегі балалардың жасы әр түрлі — 5,7,10,15 болуы мүмкін). Мұндай
әрбір отбасы балалар деревнясынын құрамына кіреді, пәтер тұрпатындағы
тұратын үй-жайлары бар (отбасы тұратын), үй іргесіндегі және қосалкы
шаруашылықтары, өкімшілік үйлері мен құрылыстары бар өзінің окшауланған
аумағы болады. Сондай-ақ балалар деревнясынын жанынан жасөспірімдер үйлері
кұрылуы мүмкін, олардың негізгі мақсаты — балалар деревнясының
тәрбиеленушілері мен балалар үйлерін бітіргендерге әлеуметтік бейімделуд ен
өтуге, қоғамға кірігуге, тәрбиеленушілердін көсіби даярлығы мен еңбекке
орналасуына көмектесу. Тәрбиеленушілер жасөспірімдер үйінде 23 жаска дейін
бола алады.
Патронаттық тәрбиешiлерге қорғаншылыққа және қамқорлыққа
берiлген әрбiр балаға мекеменiң әкiмшілiгi немесе бiлiм бөлiмдерi мынадай
құжаттарды:
1) тууы туралы куәлiгiн;
2) денсаулық жағдайы туралы дәрiгерлiк анықтама мен баланың даму
тарихының көшiрмесiн;
3) бiлiмi туралы құжатты;
4) ата-анасы туралы құжаттарды (қайтыс болуы туралы куәлiк, сот үкiмi
немесе шешiмi, ата-анасының науқасы немесе iздестiрiлуi туралы анықтама
және баланың ата-анасының қамқорлығынан айрылғандығын растайтын басқа да
құжаттар);
5) зейнетақы алатын балаларға зейнетақылық кiтапшаны, соттың алимент
өндiрiп алу жөнiндегi шешiмiнiң көшiрмесiн;
6) аға-iнiлерi, апа-сiңлiлерi және олардың тұратын жерлерi туралы
анықтаманы ұсынады.  Патронаттық тәрбиешiлерге берiлген бала алиментке,
зейнетақыға, жәрдемақыға және басқа да әлеуметтiк төлемдерге құқығын,
сондай-ақ тұрғын үй-жайға меншiк құқығын немесе тұрғын үй-жайды пайдалану
құқығын сақтайды.
7) патронаттық тәрбиешiлердi iрiктеудi қорғаншы және қамқоршы органдар
жүзеге асырады. 
Ата-анасыз қалған балалардың мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету
үшін заң оларды асырап алу мүмкіндігін белгіледі.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды орналастырудың заңдық тәртібі
Қорғаншылар мен қамқоршылар түсінігі және оның құқықтары мен міндеттері
Қорғаншылық және қамқоршылықтың жалпы түсінігі
Бала асырап алудың құқықтық сипаты
Қорғаншылық және қамқоршылық
Девиантты тәртіпті балалар мен ата ананың қамқорлығынсыз қалған балаларға әлеуметтік қызмет көрсету
Баланың туу туралы куәлігі
“Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың құқықтарын қорғау аясындағы заңнамалардың орындалуы туралы”
Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы
Баланы асырап алуға таңдау кезінде асырап алушы
Пәндер