Монро доктринасы


Мазмұны:

Кіріспе . . . 2-5

І - тарау. Монро доктринасының қалыптасуы

1. 1 Монро доктринасының қалыптасуына ішкі жағдайлардың тигізген әсері . . . 6-15

1. 2 Монро доктринасының қалыптасуына сыртқы жағдайдың тигізген әсері . . . 16-27

ІІ - тарау. Монро доктринасының жариялануы . 28-42

2. 1 Монро доктринасының сипаты мен

мазмұны . . . 43-53

2. 2 Монро доктринасының маңызы . . . 54-55

Қорытынды . . . 56-57

Сілтемелер . . . 58-60

Пайдаланған әдебиеттер тізімі . . . 61-62

Кіріспе

Диплом жұмысының өзектілігі.

Монро доктринасының шығуы және ерекшеліктері, мақсаты туралы, Америка Европа және Россия тарихшылары көптеген зерттеу жұмыстарын жүргізіп, өздерінің ол туралы пікірлерін жазған. Соның бірі Америка тарихи ассоциясының президенті профессор Декстера Перкинс. Оның Монро доктринасы туралы жазған үш томдық монографиясы Европа және Америка архивтерінде көп жылдар жұмыс істеу нәтижесінде пайда болды. Тарихшылардың Монро доктринасына бұлай көңіл бөлуі жайдан-жай емес еді, себебі Монро доктринасы Америка Құрама Штаттардың саясатындағы бір кезеңдік құбылыс емес еді, оның принциптерін АҚШ ішкі және сыртқы саясатта көптеген жылдар бойы пайдаланып келді.

Монро доктринасының маңызы, оның «Американдық жүйе» принциптерінің нақты көрінісі.

1947-1948 жылдары АҚШ-тың жетекшілігімен Америка елдерінің блогы «Америка мемлекеттерінің Одағы» құрылды. Одақ Симон Боливардың идеясын әрі қарай дамытып. Америка бірлігін нығайтуды көздеді. Америка Құрама Штаттары мен Латын Америкадағы мемлекеттердің бірлігінің берік екенін көрсету мақсатында 1956 жылы Панамада конференция болып өтті. Конференцияда жұмысына Америка Құрама Штаттарының президенті Д. Эйзенхауер сөз сөйледі. Конференция барысында басқа да толып жатқан көпірме баяндамалар болды. Онда Америка мемлекеттерінің ынтымағы, бірлігі туралы айтылды. Конференция осы елдердің атынан «Панамалық декларация» қабыдады, және онда Америка Құрама Штаттары Оңтүстік Америка мемлекеттерімен қарым-қатынас жасауда тең праволы делінді, бірақ осы айтылған өзара түсіністік сыйластық принциптері сақтады ма, міне мәселе осында.

Бұл сұрақтарға жауапты Монро доктринасының шығуының себептерін, оның алға қойған принциптерін терең зерттегенде ғана көз жеткізуге болады.

Монро доктринасында Оңтүстік Америка елдерін «Қасиетті Одақ» елдерінің шабуылынан қорғау керек делінді. Бірақ АҚШ мемлекеті шын мәнінде ол елдерді қорғауға дайын ба еді?!

Америка Құрама Штаттарының түпкі мақсаты бұл елдерге өзінің үстемдігін орнату және дамып келе жатқан өнеркәсіп өнімдерін өткізу рыногына бұл елді айналдыру еді.

Монро доктринасы қарастырған тағы бір маңызды мәселе, ол Америка Құрама Шататарынның тәуелсіздік алған елдердің жерінің есебінен өз территориясын кеңейтуге ұмтылуы еді.

Монро доктринасының шығу тарихын әңгіме еткенде Америка-Россия және Америка-Англия қарым-қатынасына да көңіл бөлуіміз керек.

Америка Құрама Штаттары Англиямен қарым-қатынасында екі жақты мақсат ұстанды, біріншісі «Қасиетті Одаққа қарсы бірігу»; екіншісі оны Америка жарты шарындағы ішкі мәселелерге қатыстырмау.

АҚШ-тың сыртқы саясатындағы түпкі мақсаты Америка материгіне өзінің жеке-дара үстемдігін орнату болды. Кейбіреулер Монро доктринасын қорғану тұрғысынан ғана көреді. Ал шын мәнінде Америка Құрама Штаттары ХІХ ғасырдың 20 жылдарының басында өзінің экспансиялық мақсаттарын анықтау барысында қимыл-әрекеттер жасағаны белгілі. Монро доктринасы Америка Құрама Штаттарының Европа мәселелеріне, керісінше Европа елдерінің Америка ісіне араласуын қаламайды.

Америка Құрама Штаттары буржуазиялық мемлекет болғандықтан оған тән нәрсе ұлтшылдыққа талпыну және өзінің үстемдік аумағын кеңейту. Міне, осы жағдайларды ескергенде ғана, Монро доктринасының шығу себептерін, оның мәнін және мақсатын түсінуге болады. Сонымен қатар, Монро доктринасының негізін түсіну үшін сол кезеңдегі Америка Құрама Штаттарының ішкі және сыртқы саясаттарын да жан-жақты зерттеп, оның ерекшеліктерін білуіміз қажет. Монро доктринасы тек Америка Құрама Штаттарының ішкі экономикалық және саяси дамуының нәтижесі ғана емес, ол Америка Құрама Штатарының сол кездегі Халықаралық қатынасының, оның сыртқы саясатындағы қолданылатын тәсілдерінің жиынтығы.

Монро доктринасындағы «саясаттың құрамалы жүйесі» Латын Америка елдеріне, Англияға, «Қасиетті Одақ» елдеріне АҚШ жүргізген саясатта көрнекті орын алады.

Монро доктринасы-Америка Құрама Штаттарының сыртқы саясатындағы доктринасы. Сондықтан оның түбін Америка Құрама Штаттарының халықаралық және ішкі жағдайларынан табуға болады.

Диплом жұмысының зерттелу дәрежесі . Монро доктрнасы туралы тарихнамаларда және оқулықтарда зерттеліп, жпзылған. Бұл Монро доктринасын Америка тарихшыларымен қатар орыс тарихшылары да зерттеген. Атап айтар болсақ орыс ғалымдары Болховитинов Н. Н., «Доктрина Монро» атты еңбегінде және Алексеев А. И., Болховитинов Н. Н., «Судьба Русской Америки» еңбектерінде жазылған.

Диплом жұмысының мақсаты -1812-1814 жылдардағы Американың сыртқы және ішкі саясатының дамуы мен қалыптасуын, Монро доктринасының шығуының себеп - салдарлары мен оған әсер еткен Америка Құрама Штаттарының халықаралық және ішкі жағдайларының мазмұнының мәнін ашу болып табылады.

Диплом жұмысында мына төмендегідей міндеттер өз шешімін табады:

  • Американың 1812-1814 жылдардағы экономикасының ахуалы;
  • Американың сыртқы және ішкі саясатының дамуы мен қалыптасу

жағдайлары;

  • Мақта, күріш, қант, темекі өндірістерінің етек алуы;
  • Құлиеленуші плантаторлардың Американың экономикалық

дамуына әсері;

  • Экспонсионистік теориялар мен көзқарастардың пайда болуы;
  • Оқшаулану идеологиясының дамуы;
  • Монро доктринасының шығуына әсер еткен жағдайлар және

оның қалыптасуы;

  • Монро доктринасының мәні мен сипаты;
  • Монро доктринасының тарихи маңызы.

Диплом жұмысының құрылымы кіріспе, 2 тарау, қорытынды және сілтемелер, пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.

І - тарау. Монро доктринасының қалыптасуы

І. 1 Монро доктринасының қалыптасуына ішкі жағдайлардың тигізген әсері

АҚШ-тың экономикалық құрылысы Монро доктринасын жариялау сатысында көп сатылы еді.

Елде мынадай экономикалық сатылық бар еді:

1. Патриархалық фермерлік шаруашылық.

2. Майда товар өнеркәсібі.

3. Құлиеленушілік плантациялық шаруашылық.

4. Капиталистік өнеркәсіп.

ХІХ ғасырдың 20-жылдарында шаруашылықтағы қалыптасқан патриархалды ұсақ товар құлиеленуші плантациялық және капиталистік өнеркәсіптің қайсысы басым еді. Осы мәселелені шешу АҚШ-тың сыртқы және ішкі саясатта жүргізген бағытын айқындап, Монро доктринасының мәнін, сипатын ашып береді. (1)

Американың қолайлы географиялық орны, климаты және табиғаты капиталистік қатынастардың дамуын жылдамдатты.

1812-1814 жылдардағы Солтүстік-Шығыстағы өнеркәсіп төңкерісі де көп әсерін тигізді.

Өнеркәсіп төңкерісі Солтүстік-Шығыстағы ХVІІІ ғасырларда басталды. ХІХ ғасырдың бірінші жартысында мақта-мата өнеркәсібі жоғары қарқынмен дами бастады.

Америкадағы өнеркәсіп төңкерісі тек қана сан жағынан өсіп қоймай, бірнеше фабрикалардың бірігуінің нәтижесінде ірі кәсіпорындар қалана бастады. Қол еңбегінің машина ауыстыра бастады. Еңбек өнімділігі арта бастады.

Тоқыма өнеркәсібімен қатар кеме жасау жұмысы да дами бастады. 1812-1814 жылдары Америкада үздіксіз пароход қатынасы орнайды.

Сауда кемелерінің негізгі бөлігі Американың ірі байларының меншігінде болды. Олар дүниежүзінің барлық жерімен байланыста болуы Америкада жасалынған кемелер Англиядағы кемелерге қарағанда шапшаң жүзетін еді.

1812-1814 жылдардан кейін Америкада металлургия өнеркәсібі дами бастайды. Петербургта 1-ші болып балқыту және прокат заводы өз жұмысын бастады. Американың Солтүстік, Солтүстік-Шығысында өнеркәсіп жылдам қарқынды дами түссе, Оңтүстік Америкада әлі құлиеленуші шаруашылық сақталып қалды. (2)

Плантациональдық құлиеленушілік шаруашылық негізінде мақта, темекі, күріш және қант өндіру пайдаланды.

Оңтүстіктің ең байырғы техникалық дақылы - темекі. Бағасының төмен боулының нәтижесінде оны сыртқа шығарудың көлемі ұлғаймады.

Техникалық дақылдардың тағы бір түрлері қант құрағы мен күріш өндіру де баяу дамыды.

Бұл дақылдарды өндіруге өте көп қол еңбегі жұмсалды, сондай-ақ оны суғару үшін, каналдар қазу, шлюзуер орнату көп қаражатты талап етті. Сондықтан бұл дақылдарды өндірумен өте бай адамдар айналысты.

Ал мақта шаруашығы Американың оңтүстік бөлігінің негізгі шаруашылығы болып қалды. Мақта өніміне сұраныс өте жоғары болды. Мақта өнімділігі жылдан - жылға арта түсті. Уитнидің мақта тазарту машинасын ойлап табуы мақта өнеркәсібінде төңкеріс жасады.

Америкада негізінен ұзынталшықты мақта сортын өндіруге көп көңіл бөлді. Америкада мақта монополиясы қалыптасты.

АҚШ-тың 20 жылдары сыртқа шығарған мақта, күріш және темекі экспорты 33 млн. долларды құрады, басқа экспорты 20 млн. Экспортың 25 млн. -нан артық көп бөлігін мақта өнімі берді. Мақта өнімі негізінен Англияға тасымалданды.

Американың оңтүстігі 1812-1814 жылдардан кейін капитализм дамыған Солтүстік-Шығыстың колониясы болып қалды. Мақтаның 1/5 немесе 1/4 бөлігі ішкі рынокта қалып, басқасы шет елге шығарылды. Шетке тасымалдайтын кемелердің иелері мақта жасаудың өте көп пайда тапты. (3)

Плантатор тасымалдаудың, өнімнің сақталуына көп мөлшерде ақша төледі. Оны банкіден алып отырды. Міне, сөйтіп оңтүстіктегі плантаторлар солтүстіктегі капиталистердің ықпалында болды.

Американың Солтүстік-Шығысында капиталистік қатынастар жылдам дамып, ал Оңтүстік аймақтардағы плантациялардағы құлдар еңбегін кеңінен пайдалануын қалай түсіндіруге болады.

Оңтүстік, әсіресе сұранысқа өте көп мөлшерде ие мақта шаруашылығында құлдар еңбегін пайдаланудың өзінің ерекше белгілері болды. Біріншіден мақта өндірісі басқа да техникалық дақылдарды өндіруге өте көп қол еңбегін пайдалану қажет болды. Америкадағы қалыптасқан жағдай құлдардың санының көптігі және оларға жұмсалатын шығынның аздығы.

Техникалық дақылдар өндіруде құлдар еңбегін пайдалану тиімді болды.

1812-1814 жылдары Американың Солтүстік-Шығысында негізінен капиталистік өндіріс басым болса, оңтүстігінде құлдардың еңбегін пайдалану басым болды, ал батысында қарапайым товарлы шаруашылық дамыды.

Сондықтан Америка аймақтарының бір-бірімен байланысына көбірек мән беруіміз қажет. Ол байланыс өте жоғары қарқынмен жүре бастады. Сөйтіп Америкада ішкі ұлттық рынок қалыптастаса бастады.

В. И. Ленин былай атап өтті: «Ішкі рыноктың дамуы елдегі капитализмнің дамуы», - деді. Ішкі рыноктың қалыптасуы мен дамуы елдегі еңбектің бөлінісіне әкеліп соғады. Сөйтіп сауда өнеркәсібі саласындағы жұмысшылардың санымолайа түседі. ХІХ ғасырдың 1-ші ширегінде Америкадағы жұмысшылар санының жылдам өскендігін мына таблицадан көруге болады.

Сауда: 1820 жылы 72 443 мың,

1840 жылы 117 607 мың.

Өнеркәсіп: 1820 жылы 319 506 мың,

1840 жылы 791 749 мың болды.

Сауда және өнеркәсіп өндірісінің дамуы қала халқының санының артуына да ықтимал жасайды. Мысалы:

Бостон қаласында, 1810 жылы 33, 3 мың тұрғын болса, 1830 жылы 61, 3 мың тұрғынға жетті.

Нью - Йорк қаласы, 1810 жылы 96, 4 мың, ал 1830 жылы 202, 6 мыңды құрады.

Филодельфия қаласы, 1810 жылы 91, 9 мың болса, 1830 жылы 161, 4 мыңға жетті.

Балтимор қаласы, 1810 жылы 35, 6 мың, ал 1830 жылы 80, 6 мыңға жетті.

Чарлетон қаласы, 1810 жылы 24, 7 мың, ал 1830 жылы 30, 3 мың болды.

Жаңа Орлеан қаласының халқы 1810 жылы 17, 2 мың болса, 1830 жылы 46, 1 мыңға өсті. (4)

Америкадағы ішкі рыноктың дамуының өз ерекшеліктері болды. Оның кеңеюне Европадан жаппай қоныс аударушылар да өз үлестерін қосты.

Ауыл шаруашылық саласы да өте жылдам қарқынмен дами бастады. Батыс штаттарда негізгі дақыл бидай болды. Бидайға сұраныс жылдан-жылға артып отырды. Америка астықты Европа елдеріне де шығарып отырды.

Американың Солтүстік-Батыс аймақтарындағы өнеркәсіп саласының дамуы, қалалардағы халықтың санының өсуі ауылшаруашылық өнімдеріне сұранысты арттырды.

Елдің ішіндегі сауда-саттық зор қарқынмен дамыды. Бірақ елдің ішіндегі сауда-саттық одан әрі қарай дамуына оны тасымалдап жеткізу өте қымбатқа түсті. Тасымалдау құралдарын жетілдіру және жол құрылысын қалыпқа келтіру мәселелері алға қойылды.

Су қатынасы ерекше орын алды. 1817 жылы бірінші рет Жаңа Орлеан мен Луисвиль арасында пароход қатынасы орнады. Үзіліссіз Миссисипи - Огайо пароход қатынасы Солтүстік-Батыс аудандарды мақта өсірумен айналысатын Оңтүстік-Батыс аудандарымен байланысты жақсартты. 1825 жылы Миссипи және Огайо өзендерінде 125 пароход жүрді. Соның нәтижесінде товар алмасу 167 717 111 долларды құрады. (5)

Батыс пен Солтүстік-Шығыс штаттарының арасындағы да товар алмасудың көлемі ұлғайды. 1820 жылы Филодельфия мен Питербург арасындағы сауда 18 млн. долларды құрады.

Сауда қатынасына арналған каналдар қазу жұмыстары да кең қарқынмен жүргізілді.

1816 жылғы болған президент сайлауында Монро көпшілік дауыспен президент болып сайланады. Ал 1820 жылғы сайлауда оған қарсы үміткердің жоқтығынан Монро президент болып екінші мерзімге сайланды. (6)

Монро президент болған кезде Американың экономикасы көптеген өзгерістерге ұшырайды, импорттан экспорттың көлемі көбейіп кетті. Америка товарларының бағасы күрт төмендеп кетті.

Ақша айналымында да кері құлдырау фактылары орын алды. 1815 жылы айналымда 110 мың доллар болса, 1819 жылы тек 45 млн. доллар ғана болды.

Өнеркәсіп, сауда компаниялары бәсекеге төтеп бере алмай жабылды немесе жартылай жұмыс істеуге көшті.

Елде жұмыссыздық саны күрт өсіп кетті. Жұмысшылардың жағдайы өте ауыр халде болды. Жұмыс уақыты 12-14 сағат болды. Тоқыма өнеркәсібінде жасөспірімдер мен әйелдер еңбегі кеңінен пайдаланды. Жалақы көлемі өте төмен болды.

1822 жылы Филодельфия жұмысшылары жұмыс уақытын 10 сағат етіп қоюды талап етті. Жұмысшылардың кәсіподақ ұйымдары «Треу-юнион» пайда болды. Олар жаппай ереуілдер ұйымдастыра бастады, жалақыны көбейтуді талап етті. (7)

Америка Құрама Штаттарының тарихи дамуы өзінің жеке ерекшеліктерімен сипатталады.

Капитализмнің кең көлемде дамуына Америка контитенті барлық жағдай қалыптасқан еді. Жерінің көлемінің кеңдігі т. б. Отарлаудың жаңа территориялары солтүстікке, батысқа және оңтүстік бағыттарға қарай жылжи бастады. Территорияны үнемі ұлғайту тек қана капитализмнің дамуына байланысты емес, оны ұлғайту құлиеленуші плантациональдық оңтүстікке де керек болды. Американың байырғы тұрғындары үндістерді қолайсыз шөл және таулы аудандарға ығыстырып, олардың да құнарлы жерлерін отарлап отырды. 1776 жылы АҚШ-тың территориясының көлемі 386 мың кв. миль болса, 1783 жылы ол 892 мың кв. мильге жетті.

Батыс штаттардың халқы жылдам қарқынмен өсті. 1820-1830 жылдары 221700-ден 37 адамға өсті. (8)

Отарлау негізінен Солтүстік және Оңтүстік бағытқа қарай жүргізілді.

Солтүстік бағытқа кеңейту ірі буржуазия өкілдерінің мүддесіне сай жүргізілді. Жаңа жерлерді отарлау оларды жаппай қоныстану мен қатар жүргізілді.

Оңтүстік бағыттағы жүргізілген экспансия жаңа жерлер игерудің өзінің ерекшеліктері болды.

Америка Құрама Штаттарының тұрғындарының әртүрлі құрамынң экономикалық және саяси қызығушылығының әртүрлі болуы, әсіресе Оңтүстіктің құлиеленуші плантаторларының солтүстіктің ірі буржуазияларының жаңа территорияларды экспонсиялау әртүрлі ұлтшыл және экспонсионистік теориялар мен көзқарастың шығуының негізі болды.

Батыс тарихшылары «Оқшаулану идеологиясының» дамуымен Монро доктринасының шығуын біртұтас зерттеуге көңіл бөліп келді. «Оқшаулану идеясы» экспансионистік теориясымен бірігіп, соның нәтижесінде Монро доктринасы қалыптасты.

Экспонсионистік теория жан-жақты зерттелген жоқ. АҚШ тарихшылары АҚШ-тың экспансионистік саясатына тура баға бермей келеді. Отарлаудың алғашқы кезеңінде-ақ бүкіл континент солтүстік американдықтардың меншігі болады деп мәлімдеген.

Экспонизм және буржуазиялық ұлтшыл идея АҚШ-тың ертеректегі тарихынан мәлім. Олар өздерін басқа халықтардан артық қойған.

Сонымен қатар оқшаулану теориясы дамыды. АҚШ ешқандай Европа елдерімен одақ құрмау идеясын ұсынды, оларды Америка ісіне араласпауын өтінді.

Оқшаулану идеясының бір ерекшелігі АҚШ-тың бүкіл Америка материгіне үстемдік жүргізу идеясымен тығыз қабысып кетуінде Т. Джефферсон былай дейді: «Біз біздің конференциямызды бас үй деп бағалауымыз керек, ал ол үйдің адамдары Оңтүстік және Солтүстік Американың бүкіл территориясына қоныс тебуі қажет». Франклин АҚШ-тың қауіпсіздігін сақтау үшін Квебекті, Сент-Джонды, Жаңа Шотландияны және Бермуд аралдарын, Шығыс және Батыс Флорида мен Багам аралдарын аннессиялауға шақырды. (9)

Канаданы да АҚШ қарамағына қосу идеясы да айтылды. Луизиананы қосып алу АҚШ-та экспансионистік теорияның одан әрі дамуына жағдай туғызды.

Американың Солтүстік - Шығыс штаттарының өкілдері Уайт (Делавер), Трейси (Коннектикум), Пиккеринг (Массачусете) Луизаны АҚШ құрамына қосып алуға қарсы шықты. 1803 жылы 3 ноябрьде Сенатта сөйлеген Джон Брекенридж Луизаны сатып алудың дұрыстығын дәлелдеді. Ол неғұрлым жер көлемі кең болса, соғұрлым мемлекет қауіпсіздігіне қолайлы болады деді. Бүкіл Америка американдықтарға деген идея кеңінен таралды.

Шейлердің проектісі бойынша Испания мен Португалияның колонияларын АҚШ пен Англияның құрамына беру керектігін көрсетеді. Оның ойынша: Канада, Жаңа Шотландия, Куба аралы, Флорида өздерінің бағынышты аралдарымен АҚШ-тың құрамына енуі керек.

Америка Құрама Штатының Америка материгінде өзінің толық үстемдік орнату әрекеттері, Европаға құпия емес еді.

АҚШ, Куба, Флорида т. б. мемлекеттердің Европалық кез келген мемлекетінің ықпалына өтуіне қарсы шықты.

Испанияның отарлау саясатының күйреуі бұрынғы отар елдердің өз тәуелсіздігін алып, мемлекет орнатуы АҚШ-ты қатты алаңдатты. АҚШ бұл мемлекеттерді өзінің ықпалынан шығармау жолдарын іздеді. Сондықтан да Европа елдерінің бұл мемлекеттерден қарым-қатынас орнатуына үзілді -кесілді қарсы шықты.

Американың көптеген саясаткерлері АҚШ пен Англияның арасындағы соғыстың болатындығын Америка материгіне үстемдікті не Америка, не Англия жүргізуі керек деп мәлімдеді. Шекара мәселесін нақтылағанда да экономикалық факторларға сүйеніп отырды. Мысалы: АҚШ-тың Мексика шығанағы мен арадағы шекараны белгілегенде теңізге шығудың экономикалық тұрғыдан қажеттілігі ескерілді. Шығанаққа құятын өзендердің тармақтарын иелену сөйтіп солтүстік-батыс аймағының астықты аудандарымен оңтүстік-батыс құиеленуші плантацияларының ішкі экономикалық байланысын нығайтудан туындайды дейді. 1823 жылы президент Монро Джефферсонға жазған бір хатында былай дейді: «Флорида және Куба, Миссисипи және Мексика шығанағы құятын басқа өзендерінң саласын құрайды. Сондықтан бұл шығанақты және Миссисипи өзенінің шығанаққа құяр тұсын біздің Одаққа қоссақ біздің ішкі қауіпсіздігімізді сақтауға зор мүмкіншілік береді және бізді көркейтеді, жерімізді кеңейтеді». (10)

«Табиғи шекара» терминін Америка мемлекеттік қызметкерлері көп пайдаланды. Олардың пікірінше «Табиғи шекара» түпкілікті орнықты түсінік емес, ол жағдайға қарап өзгере береді. Америка территориясының құрамына жаңа жерлердің көптен кіруі «табиғи шекара» терминінің жағдайға байланысты үнемі өзгеріп отыратындығын көрсетеді.

Тағдыр АҚШ-тың бүкіл материкке үстемдік жүргізуге жазыпты деп дәлелдейді мемлекет қайраткерлері.

«Табиғи шекара» теориясының мақсаты АҚШ территориясын кеңейту. АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Джон Квинси Адамс 1819 жылы ноябрь айында Американ кабинетінің отырысында былай деді: «Дүниежүзі мынадай ойды санасына енгізуі қажет Солтүстік континенті біздің заңды жеріміз, бұл табиғаттың заңы». (11)

Англия біздің солтүстігімізді, испания оңтүстігімізді иеленіп отыр. Ал біздің оларды иеленуге толық правомыз бар, ол табиға нәрсе. Себебі олардың қожайындары 15 мың миль қашықтықта Европа тұрады. Олардың көптеген иеліктерін біз сатып алдық. Контитенттің басқа да бөлігі біздікі болады. Америка Құрама Штаттары Солтүстік Америка контитенті бір ұғым, оны европалықтар мойындауы керек.

Монро доктринасының тегі үшін көп әсер ететін «американдық жүйе» концепциясын оқып үйрену керек. Монро доктринасына енген идеялардың ішіндегі «американдық жүйе» идеясы.

АҚШ-тың көптеген атақты саяси көсемдерінің санасында қалыптасқан өз уақытында «американдық жүйе» туралы Александр Гамильтонда жазған. Осы концепциясының жақтаушысының бірі Томас Джефферсон.

«Американдық жүйе» туралы ойын дамыта келіп Т. Джефферсон былай дейді: «Европа елдері жер шарының басқа бөлігін құрайды. Олардың өздерінің жеке қызығушылығы бар. Біздің ісімізге араласпасын Американың өзінің жарты шары бар. Олардың өздерінің қызығушылығы бар, оған Европа араласпасын», - деп мәлімдеді. (12)

1820 жылы 4 августа Т. Джеферсон тағы бір сөзінде былай деген еді: «Европамен байланссыз толық тәуелсіз американдық саяси жүйеге қосылуы керек», - деді.

Томас Джефферсон тағы да былай деп мәлімдеді: «Америка елдері Европамен байланыста емес, толық тәуелсіз «американдық саяси жүйеге» қосылуы қажет». Оңтүстік Америкаға өзінің ықпалын жүргізу мақсатында «Адам бостандығы лигасын» құру идеясын ұсынды. Бұл идея бойынша «адам бостандығы лигасы» бүкіл Американың елдерін біріктіруді көздеді.

І. 2 Монро доктринасының қалыптасуына сыртқы жағдайдың тигізген әсері

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
АҚШ - тың сыртқы саясатындағы Монро доктринасы
Әлемдік саясат ұғымы
XIX ғасырдың соңы XX ғасырдың басындағы Латын және Солтүстік Америкадағы халықаралық қатынас
Ақш-тың Орталық Азияға қатысты геостратегиясы
Франклин Делано Рузвельт
Джефферсонның демократиялық саяси - құқықтық доктринасы
АҚШ - тағы Азамат соғысы
АҚШ Конституциясы
Томас Джефферсонның саяси-құқықтық көзқарасы
Қазіргі кезеңдегі ақш-ң сыртқы саясатының концептуалдық негізі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz