Меншіктің жеке меншіктен айырмашылығын анықтау



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

1 МЕНШІК ҚҰҚЫҒЫ ЖӘНЕ МЕНШІКТІҢ ТҮРЛЕРІ ... .5
1.1 Меншік құқығы: ұғымы, формалары мен түрлері...5
1.2 Меншікті иелену, пайдалану, билік ету ... ... ... 11

2 МЕМЛЕКЕТТІК МЕНШІК ҚҰҚЫҒЫНЫҢ МАЗМҰНЫ ... 16
2.1 Мемлекеттік меншік құқығының субъектілері ... 16
2.2 Мемлекеттік меншік құқығының объектілері ... ... 20
2.3 Мемлекеттік меншікті жекешелендіру ... ... ... ..22

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ...25
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... 27
Меншік ұғымы әрқашанда ұйымдасқан адамдар қоғамына тән. Адамзаттың алғашқы даму кезеңінің соңына қарай меншіктің туындауы мемлекеттің пайда болуына және қоғамның ары қарай екпінді дамуына әкеп соқты. Меншік қатынасы қоғамдық құрылыстың әлеуметтік-экономикалық мәнін білдіреді. Сондықтан да меншік мәселесі қоғам өміріндегі негізгі мәселе болып табылады. Қоғамның қалай ұйымдасатындығы және адамдар тұрмысы оның қалай тұрғызылғанына байланысты. Меншік пен өндірістік қатынастардың негізгі формалары қоғамның құл иеленушілік, феодалдық, капиталистік сияқты типтерін тарихи анықтап берді. Сонымен қатар, меншікке дейінгі кезеңді-алғашқы қоғамдық және ғылыми жобаланған, бірақ толық іске аспай қалған социалистік кезеңді бөліп алуға мүмкіндік берді.
Жылжымайтын мүлікке меншік құқығы оған мемлекеттік тіркеуді өткізгеннен кейін жүзеге асады. Меншiк иесi өзiне тиесiлi мүлiкке қатысты өз қалауы бойынша кез келген әрекеттер жасауға, соның iшiнде бұл мүлiктi басқа адамдардың меншiгiне берiп, иелiгiнен шығаруға, өзi меншiк иесi болып қала отырып, оларға мүлiктi иелену, пайдалану және оған билiк ету жөнiндегi өз өкiлеттiгiн тапсыруға, мүлiктi кепiлге беруге және оған басқа да әдiстермен ауыртпалық түсiруге, оларға өзгеше түрде билiк етуге құқылы.
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері. Курстық жұмыстың негізгі мақсаты мен міндеті мемлекеттік меншіктің жеке меншіктен айырмашылығын анықтау және мемлекеттік меншіктің қазіргі таңдағы орны мен рөлін айқындап көрсету.
1. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы: Жаңа онжылдықтар - жаңа экономикалық өрлеу - Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері // Астана ақшамы.- 2010.- 30 қаңтар. - 1-4 б.
2. Қазақстан Республикасының құқықтық саясат тұжырымдамасы –Концепция правовой политики Республики Казахстан. – Алматы: Жеті жарғы. 2009. – 56 б.
3. Қазақстан Республикасының Азаматтық құқығы (шарттар жинағы) Т.7. - Алматы: «Қазақстан» баспа үйі, 2007.
4. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі // Алматы – 2009 жылғы баспа.
5. Қуандық Е. Саясаттану негіздері.- Астана: «Елорда», 2000.
6. Назарбаев Н. Жаңа онжылдық - жаңа экономикалық өрлеу -Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері. ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы // Ана тілі.- 4-10 ақпан.- 2010 жыл.
7. Назарбаев Н. Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан. - Алматы, 2007.
8. Е.Б. Саиров, Мәдени саясат және өнертану. – Алматы, 2011.
9. Заң және заман // Омаров А.С. Демократиялық қоғам – 2013жылғы басылым.
10. Фемида // Жылқыбаев Ж.Р. ҚР Демократиялық мемлекет – 2013жылғы басылым.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

1 МЕНШІК ҚҰҚЫҒЫ ЖӘНЕ МЕНШІКТІҢ ТҮРЛЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ...5
1.1 Меншік құқығы: ұғымы, формалары мен
түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
1.2 Меншікті иелену, пайдалану, билік
ету ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 11

2 МЕМЛЕКЕТТІК МЕНШІК ҚҰҚЫҒЫНЫҢ МАЗМҰНЫ ... ... ... ... ... ..16
2.1 Мемлекеттік  меншік  құқығының 
субъектілері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..16
2.2 Мемлекеттік меншік құқығының
объектілері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..20
2.3 Мемлекеттік меншікті
жекешелендіру ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... .22

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... .25
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... 27

КІРІСПЕ

Курстық жұмыстың өзектілігі. Меншік ұғымы әрқашанда ұйымдасқан адамдар
қоғамына тән. Адамзаттың алғашқы даму кезеңінің соңына қарай меншіктің
туындауы мемлекеттің пайда болуына және қоғамның ары қарай екпінді дамуына
әкеп соқты. Меншік қатынасы қоғамдық құрылыстың әлеуметтік-экономикалық
мәнін білдіреді. Сондықтан да меншік мәселесі қоғам өміріндегі негізгі
мәселе болып табылады. Қоғамның қалай ұйымдасатындығы және адамдар тұрмысы
оның қалай тұрғызылғанына байланысты. Меншік пен өндірістік қатынастардың
негізгі формалары қоғамның құл иеленушілік, феодалдық, капиталистік сияқты
типтерін тарихи анықтап берді. Сонымен қатар, меншікке дейінгі кезеңді-
алғашқы қоғамдық және ғылыми жобаланған, бірақ толық іске аспай қалған
социалистік кезеңді бөліп алуға мүмкіндік берді. 
Жылжымайтын мүлікке меншік құқығы оған мемлекеттік тіркеуді
өткізгеннен кейін жүзеге асады. Меншiк иесi өзiне тиесiлi мүлiкке қатысты
өз қалауы бойынша кез келген әрекеттер жасауға, соның iшiнде бұл мүлiктi
басқа адамдардың меншiгiне берiп, иелiгiнен шығаруға, өзi меншiк иесi болып
қала отырып, оларға мүлiктi иелену, пайдалану және оған билiк ету жөнiндегi
өз өкiлеттiгiн тапсыруға, мүлiктi кепiлге беруге және оған басқа да
әдiстермен ауыртпалық түсiруге, оларға өзгеше түрде билiк етуге құқылы.
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері. Курстық жұмыстың негізгі
мақсаты мен міндеті мемлекеттік меншіктің жеке меншіктен айырмашылығын
анықтау және мемлекеттік меншіктің қазіргі таңдағы орны мен рөлін айқындап
көрсету. Жеке және мемлекеттік меншіктің сандық ара қатынасы бастапқы кезде
мемлекеттік меншікті жекешелендіру қарқынымен анықталды. Бұл процесс ТМД-
ның басқа елдеріне қарағанда Қазақстанда белсенді жүргізілді, ондағы мақсат
мемлекеттік меншікті ең төменгі қажетті деңгейге жеткізу еді. Қазір бұл ара
қатынас мемлекеттік мүдделер бойынша анықталуда.
Зерттеудің әдістемелік және теориялық негіздері. Теориялық маңызы
жеткілікті дәрежеде меншік құқығын реттейтін арнайы нормативтік актілердің
болмауында. Ал практикалық маңызы Республикамыздағы мемлекеттік меншіктің
құқықтық тұрғыдағы осал жағдайларыдың белең алуы.
Зерттеудің объектісі – Мемлекеттік меншікті пайдалану құқығы дегеніміз
– ммелекеттік мүліктен оның пайдалы табиғи қасиеттерін алудың, сондай – ақ
одан пайда алудың заңмен қамтамасыз етілген мүмкіндігі. Пайда табыс, өсім,
жеміс, төл түрінде және өзге формаларда болуы мүмкін. Мемлекеттік мүлікті
пайдалану әртүрлі формада жүзеге асырылады. Мысалы, заңмен жол берілген
салада кәсіпкерлік қызметпен айналысатын мемлекеттік органдарға мемлекеттің
жер учаскелерін жалға және пайдалануға беруі, пайдалы қазбалар өндіруі,
ғимараттар мен құрал – жабдықтарды, жиһазды пайдалануға беруі кең таралған.
Зерттеудің пәні – мемлекеттік меншік объектісі және субъектісін
анықтап қана қоймай, мемлекеттік меншікті жекешелендірудің маңызын дәлелдеу
болып табылады. Меншік құқығы формалары мен түрлерінің демократиялық
мемлекеттегі және қоғамдағы заңдылық табиғаты мен қоғамдық қатынастарың
реттеудегі орны мен рөлі.
Курстық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған
әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 МЕНШІК ҚҰҚЫҒЫ ЖӘНЕ МЕНШІКТІҢ ТҮРЛЕРІ
1.1 Меншік құқығы: ұғымы, формалары мен түрлері

Адамзат дамуының қандай да болсын тарихи кезеңдеріне көз жүгіртіп
қарайтын болсақ, меншік мәселесі бірінші орында тұратындығын аңғарамыз.
Меншік — адамзат қоғамындағы мәнді құбылыс, ол адамның өмір сүруінің
негізгі болып табылады. Жеке меншіктің пайда болуы Ежелгі Грекия, Ежелгі
Рим, т.б. сол сияқты мемлекеттердің қалыптасуы мен даму бағыттарын
айқындады.
• Қазақтың әдеп-ғұрып заңында жерге жеке меншік құқығы болған жоқ. Жеке
меншікте тек мал мен мүлік болды. Меншікқұқығын бекіту үшін малдың
құлағына ен салатын.
• Бүгінгі түсінік бойынша меншік құқығы дегеніміз — субъектінің заң
құжаттары арқылы танылатын және қорғалатын өзіне тиесілі мүлікті өз
қалауынша иелену, пайдалану және оған билік ету құқығы.
Меншік — бұл жеке адамның затқа байланысты қарым қатынасы. Сондай-ақ
меншік заң бойынша қорғалды Біздің елімізде меншіктің заңдастырылған екі
түрі бар: жеке меншік және мемлекеттік меншік. Қазақстан республикасының
Конституциясына сәйкес олар бірдей мойындалады және қорғалады. 
Жеке меншік—бұл азаматтардің және мемлекеттік емес заңды тұлғалар мен
олардың бірлестіктерінің меншігі, ал мемлекеттің иелігіндегі мүліктер
мемлекеттік меншік болып есептеледі Біздің еліміздегі нарықтық қатынастар
мемлекеттік меншіктің әр түрлі формаларының қажеттілігін тудырады.
Сондықтан да біздің елімізде мемлекеттік меншікті жеке меншікке айналдыру
(приватизация) жүргізіліп жатыр [1, 84б].
Кейбір жағдайларда мүлік тек біреудің меншік құқығында ғана емес,
бірнеше адамға тиісті болуы мүмкін. Бір немесе одан да көп бірнеше тұлғаның
меншігіндегі мүлік оларға ортақ меншік құқығымен тиесілі болады. Ортақ
меншіктің үлестік және бірлескен ортақ меншік деген түрлері бар. Меншік
иелерінің үлестері белгілі болса, онда ол үлестік ортақ меншік
болады.Меншік құқығына қатысты үлестері белгіленбеген болса, онда олардың
үлестері өзара тең. Бұл — бірлескен ортақ меншік.
Меншік құқығының пайда болу негіздерін бастапқы және туынды деп
ажыратуға болады. Бастапқы негізге бұрын ешкімнің меншік құқығында болмаған
мүлік жатқызылады, яғни, жаңа салынған үй, олжа, қараусыз жануарлар, т.б.
Туынды негіз мүліктің бір тұлғадан екінші тұлғаға өтуі негізінде пайда
болатын меншік құқығы, мысалы, келісім бойынша жасалуы мүмкін сату — сатып
алу, айырбастау, сыйлау.
Қазақтың әдет-ғұрып заңында бірінші болып жерді басып алу құқығы
болған, яғни кімде-кім бірінші болып қыстаудан көшіп, жаңа жерге орнығып
алса, жайылым мен суат соның меншігі болып саналған.
Бұл құқық табиғи суаттарға ғана қатысты, ал жасанды суаттарға,
құқықтар мен тоғандарға меншік құқығы осыларды жасаған адамдарға байланысты
анықталған.
Меншік құқығының тоқтатылуы өз еркімен және мәжбүрлі түрде жүзеге
асырылады. Мүлікті өз еркімен басқа тұлғаға беру, сату, меншік құқығынан
бас тарту, мүлікті жою және т.б. Мәжбүрлі түрде меншік құқығын тоқтату:
тәркілеу, реквизация, иесіз мәдени немесе тарихи маңызы бар мүліктерді
сатып алу және т.б. негізде жүргізіледі.
Мемлекеттік  меншік  құқығы  дегеніміз  мемлекеттің  заң  актілерімен 
танылған  және  қорғалатын,  өзіне  тиесілі  мүлікті  өз  қалауы  бойынша 
иемдену,  пайдалану  және  оған  билік  ету  құқығы.
Дамыған  елдер  экономикасындағы  мемлекеттік  сектордың  өзіндік 
салмағы  әрқашан  қомақты  болған,  әсіресе  ол  энергетика,  көлік, 
космонавтика,  әлеуметтік  сала  және  инфрақұрылым,  жазалау  аппаратын
ұстау  және  с.с.  қаржыны  көп  керек  ететін  салаларда.  Кез  келген 
мемлекеттің  қалыпты  өмір  өмір  сүруі  үшін  қандайда  бір  төтенше 
жағдайларға  (әскери  әрекеттерге,  табиғи  апаттарға,  техногендік 
сипаттағы  апаттарға,  эпидемияға,т.б.)  арналған  материалдық  резерв 
(азық – түлік,  отын  т.б.)  болуы  керек.  Сондықтан  материалдық 
ресурстардың  мемлекеттің  қолына  шоғырлануы  және  тіптен  мемлекеттік 
кәсіпкерлік – қалыпты  жағдай.  Мәселе  мемлекеттің  өз  мүліктік 
қызметін  қалай  атқаратындығында,  ол  қоғамның  жкономикалық  дамуының 
әмбебап  реттегіші  болып  табылатын  рынокқа  қатты  теріс  әсер  етпеуі 
тиіс.
Өзге де заттық құқықтар — сеніп тапсырылған басқару құқығы жеке
меншіктегі жерді уақытша пайдалану құқығы жер асты байлығын иелену құқығы –
кепіл [2, 48-51б].
Егер меншік құқығы бұзылса немесе бұзылуы мүмкін болса онда меншік
иесі өз құқығын қорғауға жүгінеді. Меншік құқығы екі жолмен бұзылуы мүмкін:
меншік иесінё өз мүлкін қолдануына және иелік етуіне кедергі жасау. Бірінші
жағдайда, меншік иесі құқық бұзушыға бөтен біреудің иелік етуінен өз мүлкін
алу туралы виндикациялық талап кояды. Екінші жағдайда, меншік иесі өз
мүлкін қолдануға және иелік етуге тосқауыл болатын заңсыз кедергілерді жою
туралы заң бұзушыға негаторлық талап қояды.
Виндикациялық талапқа сай меншік иесі өз мүлкін бөтен біреудің заңсыз
иелік етуіне қарсы талап қоя алады. Виндикациялықталап қойылғанда, мүліктің
жаңа иесінің адал немесе адал емес екендігі анықталады. Егер мүлікті
иеленуші мүліктің заңсыз алынғанын білмесе және білуге мүмкіндігі болмаса,
онда ол адам адал деп есептелінеді. Керісінше, егер мүлікті иеленуші
мүліктің заңсыз алынғанын білсе жәнө білуге тиісті болса, онда ол адам адал
емес деп есептелінеді. 
Негаторлық талап— бұл мүлік иесінің үшінші тұлғаға меншік құқығын
дұрыс жүзеге асыруға кедергі жасайтын бөгеттерді жою туралы талабы.
Егер виндикациялық талап қойылған кезде талап қоюшы жауап берушінің заңсыз
иелігіндегі затқа иелік етпесе, негаторлық талапта талап қоюшы өз мүлкіне
иелік етеді, бірақ та жауап беруші өзінің құқыққа қарсы мінез- құлқымен
талап қоюшыға өзінің меншік құқығын дұрыс жүзеге асыруға кедергі жасайды.
Талап қоюшының талабы өзінің меншік құқығын дұрыс жүзеге асыруына жауап
беруінің құқыққа қарсы мінез- құлқы мен кедергі жасамауына ғана емес,
сонымен қатар, құқық бұзушылықтың салдарын жоюға, яғни шығындарды қайтаруды
талап етуге бағытталған. Бұл талапқа талап ету мерзімі қолданылмайды.
Әдетте, эканомикалық теория меншіктің екі базалық формасын бөліп
көрсетеді: жеке меншік және мемлекеттік. Ал соңғы кезде нарық жағдайында
меншіктің жеке меншік формасының өзі жеке бастық мүддесін іске асыру
бағытында екі, негізгі шаруашылық формада жүргізіледі. 
1) Меншіктің жеке меншік формасы (шаруа қожалықтары, жеке қосалқы
шаруашылықтар)
2) Меншіктің ұжымдық формасы (кооперативтер, шаруашылық
серіктестіктер, олардың ассоциациялары т.б.) Нарық эканомикасының негізін
жеке адамдар меншігі құрайды, бірақ ол баяғы қалпынан көп өзгерген. Меншік
эволюциясы нәтижесінде біздің елімізде оның жаңа, біріктірілген формалары
өмірге келді: ұжымдық, топтық акционерлік салыстырмалы түрде айтар болсақ
Батыс эканомикалық теориясы меншіктің жеке формасында барлық меншіктік емес
формаларды қарастырады. Оның үстіне қазір меншіктің жеке формаларымен қатар
мемлекеттік формасында дамып отыр, осыған байланысты бүгінгі кезде
меншіктің аралас формалары да өмір сүруде.
Меншік нысандарын зерттеу барысында жеке және қоғамдық меншік
категориялары айналасында күрделі пікірталастар туады. Көптеген авторлар
жалпы халықтық, қоғамдық, мемлекеттік ұжымдық меншік түсініктерін бірдей
деп қарап, олардың атауларын тек синонимдер деп түсіндіреді.Осы сияқты жеке
меншік категориясын да әр түрлі атпен атай береді. Олай болса, алдымен
меншік формасы дегенімізне? Осыны бір жүйелеп түсініп алу керек сияқты.
Сонымен, меншік формасы – меншік субъектісінің нышандарыбойынша
сипатталатын өлшем немесе белгі. Ол әр түрлі меншік объектілерінің бірыңғай
табиғат субъектеріне жататын анықтайды. Оны анықтайтын өлшемдер мен
белгілер бірнешеу болуы мүмкін: иемдену формасы бойынша, меншік құқығы
бойынша, субъект бойынша.
Алайда меншік формаларының жиыньығын жалпы түрде сипаттап сөрсетуге болады.
Олар:
1) жалпы халықтық меншік – қоғамның барлық мүшелерінің жалпылама және
теңдей қолдары жететін меншік (табиғи ресурстар);
2) мемлекеттік – қазба байлықтар, негізгі өндірістік қор, айналым қоры
(жалпы халықтық меншіктің бөлігі)
3) өңірлік мемлекеттік - өңірлік мемлекеттік органдар қарамағына
берілген меншік;
4) коммунальдық – жергілікті мемлекеттік органдарға берілген меншік;
5) ұжымдық – жоғарыда көрсетілген меншіктердің бөлінбейтін бөлігі,
белгілі бір мерзімге кәсіпорын ұжымының иелігіне және ұйғарымына берілген
меншік (қолданыстағы заңдарға сәйкес пайдалануға);
6) бірлескен үлестік меншік – бірікке топтар мүшелеріне қарасты,
жаңадан құрастырылған, сатып алынған мүліктер, оны бөлуге болады, заң
бойынша өздері дербес пайдалана алатын меншік;
7) жеке адамның меншігі - мүлік, зат, хабарлама түріндегі жеке адамға
қарасты, азаматқа – меншік иесіне қойылатын заңдық нормаларды сақтай отырып
пайдаланылатын меншік;
8) жоғарылардан басқа қоғамдық ұйымдар меншігін, топтық меншігін,
отбасылық меншіктерін бөліп көрсетуге болады.
Меншік – экономикалық санат ретінде. Меншіктің экономикалық санатын
ұғынудың негізі тіптен ХІХ ғасырдағы ғылыми жұмыстарда кездеседі. Ондағы ой
меншік қоғамда, тек мемлекет ұйымдастырған қоғамда ғана болады дегенге
тіреледі. Меншік, бұл – зат та емес, мүлік те емес. Бұл- белгілі бір
экономикалық қатынас. 
Меншік дегеніміз - тарихи қалыптасқан, белгілі бір қоғамдық қатынас,
ол адамдар арасында затқа байланысты туындайды. Меншік ұғымы әрқашанда
ұйымдасқан адамдар қоғамына тән. Адамзаттың алғашқы даму кезеңінің соңына
қарай меншіктің туындауы мемлекеттің пайда болуына және қоғамның ары қарай
екпінді дамуына әкеп соқты. Меншік қатынасы қоғамдық құрылыстың әлеуметтік-
экономикалық мәнін білдіреді. Сондықтан да меншік мәселесі қоғам өміріндегі
негізгі мәселе болып табылады. Қоғамның қалай ұйымдасатындығы және адамдар
тұрмысы оның қалай тұрғызылғанына байланысты. Меншік пен өндірістік
қатынастардың негізгі формалары қоғамның құл иеленушілік, феодалдық,
капиталистік сияқты типтерін тарихи анықтап берді. Сонымен қатар, меншікке
дейінгі кезеңді-алғашқы қоғамдық және ғылыми жобаланған, бірақ толық іске
аспай қалған социалистік кезеңді бөліп алуға мүмкіндік берді [4, 105-
111б]. 
Меншік қатынастарының өзгеруі – қоғамның негізгі қозғаушы күші және
барлық әлеуметтік сілкіністердің себебі. Ал, меншік қатынастарының өзгеруі
қоғамды прогресске де, регресске де әкелуі мүмкін. Өзгерістердің тиімділгін
анықтау қиын емес, ол үшін тиісті кезеңдердегі мемелекет пен адамзаттың
экономикалық және әлеуметтік дамуының статистикалық мәліметтерін салыстырса
жеткілікті. Сонымен, меншік құқығы — белгілі бір тұлғаның заңмен танылған
өзіне тиесілі мүлкін өз қалауынша, өз мүддесіне саи кез келген шаруашылыққа
пайдалану құқығы.
Құқықтық жағдайларына байланысты елімізде меншік: мемлекеттік  және
жеке меншік деген нысандарға бөлінген. Мемлекеттік емес заңды тұлғалар мен
жеке тұлғалардың меншігі жеке, ал мемлекеттің меншігіндегі мүліктер, т.б,
мемлекеттік меншік болып табылады. Елімізде нарықтық қатынастар меншік
түрлерінің ер алуандығыи қажет етеді. Сондықтан да елімізде мемлекеттік
меншікті жеке меншікке айналдыру үшін жекешелендіру жүргізілуде.

1.2 Меншікті иелену, пайдалану, билік ету

Меншік құқығының мамұны құқықтар мен міндеттердің жиынтығымен
анықталады. Меншік иелерінің өз құқықтырын жүзеге асыру көлемі мен шектері,
оларды қорғау кепілдіктері заңмен белгіленеді. Яғни, мемлекет, мемлекеттік
меншік объектілерінің бірден – бір меншік иесі ретінде, азаматтық
құқықтарды, сондай – ақ міндеттерді жүзеге асырудың шектері мен қорғауды
заң арқылы өзі үшін өзі анықтайды.
АК – ның 188 – бабының 2 – тармағына сәйкес өз мүлкін иелену,
пайдалану және оған билік ету құқығы меншік иесіне берілген. Азаматтық
айналымда мемлекет екі субъект арқылы берілген: Қазақстан Республикасы және
әкімшілік – аумақтық бөлініс, олар мемлекеттік меншікті іске асыра отырып,
өз аттарынан әрекет етеді. Сондықтан субъектік құрамның күрделілігі меншік
иесінің құқық өкілеттіліктерін мемлекеттік меншіктің аталған
субъектілерінің бірі болып табылатын мемлекет пен олардың мүддесін білдіруі
мүмкін тұлға арасында бөлуді көздейді [3, 69-73б].
Мемлекеттік меншікті иелену құқығы дегеніміз – мүлікті іс жүзінде
иемденуді жүзеге асырудың заңмен қамтамасыз етілген мүмкіндігі. Мемлекет,
материалданбаған ерекше субъект ретінде, барлық реттерде иемдену құқығының
титулын сақтайды, өз мүлкін іс жүзінде иемденуді мемлекеттік органдар
жүйесі арқылы жүзеге асырады. Мемлекеттің иемдену құқығы туралы мәселе заң
әдебиеттерінде дау туғызады. Мысалы, А. В. Венедиктов иемдену дегенді затқа
іс жүзінде үстемдік жасау құқығы, “затты қолда ұстау” құқығы деп түсінеді.
Сондықтан ол ммелекет ұшан – ғайыр өз мүлкін тікелей емес, тек өз органдары
арқылы ғана иемденеді дейді.
Мемлекеттік меншікті пайдалану құқығы дегеніміз – ммелекеттік мүліктен
оның пайдалы табиғи қасиеттерін алудың, сондай – ақ одан пайда алудың
заңмен қамтамасыз етілген мүмкіндігі. Пайда табыс, өсім, жеміс, төл түрінде
және өзге формаларда болуы мүмкін. Мемлекеттік мүлікті пайдалану әртүрлі
формада жүзеге асырылады. Мысалы, заңмен жол берілген салада кәсіпкерлік
қызметпен айналысатын мемлекеттік органдарға мемлекеттің жер учаскелерін
жалға және пайдалануға беруі, пайдалы қазбалар өндіруі, ғимараттар мен
құрал – жабдықтарды, жиһазды пайдалануға беруі кең таралған.
Мемлекеттік меншікке билік жасау құқығы дегеніміз - мүліктің заңдық
тағдырын анықтаудың заңмен қамтамасыз етілген мүмкіндігі. Айналымда жүрген
мемлекеттік мүліктің деніә ақша қаражаты болғандықтан, әдетте, пайдалану
және билік жасау құқық өкілеттіктері біріне бірі сәйкес келеді. Мемлекет
негізінен бюджет ақшасын таратады. Бұл функцияны жүзеге асыруға өкілдік
және атқарушы билік органдары тартылады. Алдымен Парламент пен мәслихаттар
бюджетті бекітеді, сонан соң Қазынашылық пен Әкіматтар ақша қаражатын
мемлекеттік органдар бойынша бөледі, ал олар қаржыландыру субъектісіне
жеткізеді.
Мемлекеттік меншік шектерінде мынадай схема жиі қолданылады – ммелекет
мүлікті иелену, пайдалану және оған билік ету құқығын мемлекеттік заңды
тұлғаларға береді. Бұл ретте мемлекет меншік құқығын жоғалтпайды. Ол
дегеніміз – мемлекетке жоғарыда аталған үш заттық құқықтан басқа тағы да
титулдық құқық бар деген сөз, ол меншік құқығын жоғалтқанда шарт бойынша
тек ерікті түрде ғана иеліктен алынуы мүмкін не пайдалану – билік ету
нәтижесінде объектінің жаратылып кетуі нәтижесінде тоқтайды. Бұл тезис АК –
ның 188 – бабының 3 – тармағында бекімін тапқан, онда былай делінген:
меншік иесі өзіне тиесілі мүлікке қатысты өз қалауы бойынша кез келген
әрекеттер жасауға, соның ішінде бұл мүлікті басқа адамдардың меншігіне
беріп, иелігінен шығаруға, өзі меншік иесі болып қала отырып, оларға
мүлікті иелену, пайдалану және оған билік ету жөніндегі өз өкілеттігін
тапсыруға, мүлікті кепілге беруге және оған басқада әдістермен
ауыртпалықтар түсіруге, оларға өзгеше түрде билік етуге құқылы [3,70б]. Бұл
ереже мемлекеттік заңды тұлғада арнаулы құқыққабілеттік бар екендігіне
есептелген, ал мемлекет, өзінің абсалюттік меншік құқығын іске асыра отырып
өзінің мүлкін, азаматтық айналымда көзделген мақсатта қатаң пайдаланылуы
үшін, мемлекеттік заңды тұлғаларға береді. Ммелекеттік органдар мен
әкімшілік – аумақтық бөліністердің өздері де мемлекеттік ақша қаражатын
бекітілген бюджетке сай жұмсайды.
ҚР Конституциясының 6-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан
Республикасында мемлекеттік менщік пен жеке меншік танылады және бірдей
қорғалады. Бұл меншіктің формалары. Әртүрлі әлеуметтік мақсат пен құқықтық
режим оларды бөліп алуға негіздеме болады. Меншікті екі формаға бөлу
Конституцияда олардың меншік құқығының субъектісі ретінде мемлекетке
қатынасының нышандары бойынша жүргізіледі. Жеке меншікке жататындықты заң
өте оңай анықтайды – мемелекетке тиесілі еместің барлығы солар. Яғни,
барлық мемлекеттік емес меншіктер жеке меншік болып табылады. Ресей
Федерациясында меншік формаларының тізбесі жабылған жоқ. Жеке және
мемлекеттіктен басқа оларда муниципалдық және басқа формалар бар. Меншік
формаларына меншік құқығы формалары сәйкес келеді. Өз кезегінде формалар да
түрлерге бөлінеді. Форма меншіктің арналған мақсаты мен әлеуметтік
бағыттылығына қарай оның сапалық ерекшелігін бейнелейді, ал түр – меншік
формалары ішіндегі субъективтік айырмашылық. Кез келген азамат немесе заңды
тұлға, сондай – ақ мемлекет меншік құқығының субъектісі бола алады.
Азаматтың әрекет қабілеті шектеулі болған немесе, тіптен, ол болмаған
жағдайда оның мүддесін заң немесе шарт бойынша өкіл қорғайды. Мемлекеттің
меншік құқығының субъектісі ретіндегі ерекшелігі сол – оның құқығы
уәкілетті мемлекеттік органдар немесе мемлекеттік заңды тұлғалар арқылы,
ал, заң құжаттарында көзделген жағдайларда – мемлекеттік емес заңды
тұлғалар және азаматтар арқылы жүзеге асырылады [5, 88-94б].
Конституцияға бағдар алып Азаматтық кодекс меншік формасы ретінде жеке
және мемлекеттік меншікті бөліп қарастырады. Сонымен қатар, қазақстандық
заң шығарушы, ресейлікке қарағанда, топтастыру кезінде форма терминін
пайдаланбады. Оған саналы түрде барды, себебі форма және түр ұғымдары
өз мәндері жағынан көп мағыналы және меншік құқығына қатысты қолдануға
оншакелмейді. Бұл ұстаным дұрыс та шығар. Дегенмен, бұл мәселеге қатысты
екі көзқарасты атап өткен жөн. Біріншісі бойынша меншік құқығы біртұтас
және біртекті. Ол нарықтық экономиканың жалпы ережесіне бағындырылған.
Бірақ мемлекеттік меншік құқығын бұған жатқызуға болмайды, ол мемлекет
функциясын қолдау және жеке меншік құқығының қалыпты жұмысын қамтамасыз
етуде шектеулі ауқымда болады. Яғни, жеке меншік түрлік емес, меншік
ұғымына келетін ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ортақ бірлескен меншік
Меншіктің мәні мен мазмұны
ҚР жекешелендіру мәні, кезеңдері мен оны жүргізу әдістері жайлы ақпарат
ҚР жекешелендіру мәні, кезеңдері және оны жүргізу әдістері туралы
Жекешелендіру меншік қатынастарын қайта құру формасы ретінде
Қазақстан Республикасы жекешелендіру мәні, кезеңдері және оны жүргізу әдістері
Жерді экономикалық бағалау
Аймақтық бюджет табысын қалыптастырудағы меншікке салынатын салықтын ролі
Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес ортақ меншік құқығының түсінігі және негізгі түрлері
Меншік қатынастары және олардың экономикадағы орны
Пәндер