Малдардың азықтардың құрамындағы улы заттармен улануы



І. Кіріспе.
ІІ.Негізгі бөлім.
2.1. Орталық жүйке жүйесін қоздыратын улы өсімдіктермн улану себептері, клиникалық белгісі, емдеу, алдын алу шаралары.
2.2.Орталық жүйке жүйесін қажытатын және салдандыратын әсері бар өсімдіктермен улану.
2.3.Орталық жүйке жүйесін қажытатын, сонымен қатар ас қорыту және жүрек . қан тамырлары жүйелеріне бірдей әсер ететін өсімдіктермен улану себептері, клиникасы және медеу, алдын алу шаралары.
ІІІ. Өзіндік зерттеу
3.1. Шаруашылыққа сипаттама.
3.2.Шаруашылықтың індеттік жағдайы.
3.3.Шаруашылықтағы малдардың орталық жүйке жүйесіне әсер ететін улы өсімдітермен улануы, клиникалық белгілері.
3.4.Ауру тарихы.
3.5. Жалпы зерттеу.
3.6.Курация.
3.7.Орталық жүйке жүйесіне әсер ететін өсімдіктермен уланғандағы токсикологиялық баға беру, патологиялық . анатомиялық өзгерістері.
3.8. Емдеу және алдын алу шаралары
IV. Қорытынды.
V.Ұсыныстар
Кең байтақ даламыздыңәр аймағында орналасқан малшаруашылықтарының малдарының ішінде әртүрлі азықтардың құрамындағы улы заттармен улануы жиі кездесетін жағдай. Малдың улануы шаруашылықтарға тигізетін зияны аз емес; улану негізінен 1- 2 бас ғана емес, малдардың топтап улануы; ауыр жағдайда жедел көмек көрсетіліп үлгермегенде, уланған малдың кенеттен өлім – жітімге ұшырауы; жұмыс малдарының уланған кейін жұмысқа жарамсыздығы; емдеуге қаражат шығындары; адамдар еңбегі, жалақысы және тағы басқада келтіретін шығындары да бар. Жәнеде осы малдардың улануы салдарынан, малдан алынатын өнімдерді пайдалған адамдарда улануы әбден мүмкін. Міне, осындайй шығындар шаруашылықтардың, жеке меншік қожалықтардың эканомикасына кері әсерін тигізері сөзсіз.
Біздің елімізде малдардың улануы, соның ішінде улы өсімдіктермен улануын жиі кездестіруге болады. Негізінен малдар улы өсімдіктерді тоқ кезінде жемейді, себебі улы өсімдіктердің өзіне тән ерекше жағымсыз иістері болады. Міне осы себепті тоқ тұрған мал оның иісін сезіп жемейді, және уланбайды. Бірақ бұған байланысты иісі бар болғандықтан улы өсімдіктермен улану жоқ деген сөз емес. Өйткені аш мал, яғни қыстан шыққан мал, көк шөпті сағынған мал және де белгілі бір себептермен ашыққан малдар көбінесе улы өсімдіктермен қоректеніп, соның салдарынан уланға ұшырайды. Уланаған малдардың әсіресе созылмалы түрінде, организмнің жалпы резистенттілік қабілеті төмендейді, олардың індетті, тоғышарлық, әсіресе жұқпалы емес ауруларға қарсы тұру қабілеті нашарлайды. Сондықтанда ондай малдарды уланудың басқа аурулармен қабаттасып, асқынған түрлері жиі кездесіп жатады. Улану көбінесе аяқ астынан, жіті түрде болатындықтан көптеген жағдайларда мал дәрігерлері малды күтуші улануды дер кезінде анықтай алмай қалады. Соның салдарынан емдеу, уланудың алдын алу шаралары дүрыс жүргізілмейді. Бұл мәселені дұрыс шешу үшін мал мамандары өз шаруашылығының аймағында қандай улы өсімдіктер өсетіні біліп, оған сай карта жасап, онымен малға қатысы бар адамдарды таныстырып отырулардың маңызы өте зор.
Міне осыған байланысты менің курстық жұмысының мақсаты:«Орталық жүйке жүйесіне тікелей әсер ететін заттармен уланған патологиялық материалдарына токсикологиялық баға беру».
1.Қорабаев Е.М., Заманбеков Н.А., Өтенов Ә.М., Айтжанов Б.Д., Көбдікова Н.К., Байнязов А.А. Токсикология. Дәуір-2011, Алматы. 319.
2.Бурсинин И.А. Токсикология ядовитых растений. Москва 4-е издание. 1962г. 624с.
3.Қожанов К.Н., Тойкина Г.Н. «Мал азықтан уланулары». Семей 2010 – 140.б.
4.Хмельницкий Г.А., Локтионов В.Н., Полоз Д.Д. « Ветеринарная токсикология».Агропромиздат, 1987г.
5.Баженов С.В. « Ветеринарная токсикология».Ленинград 1970г.
6. С.Димитров, А.Джуров, С.Антонов /пер. с болг./. Диагностика отравлений животных. М., Агропромиздат, 1986.
7.Интернет желісі: http://agrodir.ru
8.Интернет сайыты:http://stud.kz/search/

Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   
І. Кіріспе.
ІІ.Негізгі бөлім.
2.1. Орталық жүйке жүйесін қоздыратын улы өсімдіктермн улану себептері, клиникалық белгісі, емдеу, алдын алу шаралары.
2.2.Орталық жүйке жүйесін қажытатын және салдандыратын әсері бар өсімдіктермен улану.
2.3.Орталық жүйке жүйесін қажытатын, сонымен қатар ас қорыту және жүрек - қан тамырлары жүйелеріне бірдей әсер ететін өсімдіктермен улану себептері, клиникасы және медеу, алдын алу шаралары.
ІІІ. Өзіндік зерттеу
3.1. Шаруашылыққа сипаттама.
3.2.Шаруашылықтың індеттік жағдайы.
3.3.Шаруашылықтағы малдардың орталық жүйке жүйесіне әсер ететін улы өсімдітермен улануы, клиникалық белгілері.
3.4.Ауру тарихы.
3.5. Жалпы зерттеу.
3.6.Курация.
3.7.Орталық жүйке жүйесіне әсер ететін өсімдіктермен уланғандағы токсикологиялық баға беру, патологиялық - анатомиялық өзгерістері.
3.8. Емдеу және алдын алу шаралары
IV. Қорытынды.
V. Ұсыныстар
VI.Қолданылған әдебиеттер.

Кіріспе.
Кең байтақ даламыздың әр аймағында орналасқан малшаруашылықтарының малдарының ішінде әртүрлі азықтардың құрамындағы улы заттармен улануы жиі кездесетін жағдай. Малдың улануы шаруашылықтарға тигізетін зияны аз емес; улану негізінен 1- 2 бас ғана емес, малдардың топтап улануы; ауыр жағдайда жедел көмек көрсетіліп үлгермегенде, уланған малдың кенеттен өлім - жітімге ұшырауы; жұмыс малдарының уланған кейін жұмысқа жарамсыздығы; емдеуге қаражат шығындары; адамдар еңбегі, жалақысы және тағы басқада келтіретін шығындары да бар. Жәнеде осы малдардың улануы салдарынан, малдан алынатын өнімдерді пайдалған адамдарда улануы әбден мүмкін. Міне, осындайй шығындар шаруашылықтардың, жеке меншік қожалықтардың эканомикасына кері әсерін тигізері сөзсіз.
Біздің елімізде малдардың улануы, соның ішінде улы өсімдіктермен улануын жиі кездестіруге болады. Негізінен малдар улы өсімдіктерді тоқ кезінде жемейді, себебі улы өсімдіктердің өзіне тән ерекше жағымсыз иістері болады. Міне осы себепті тоқ тұрған мал оның иісін сезіп жемейді, және уланбайды. Бірақ бұған байланысты иісі бар болғандықтан улы өсімдіктермен улану жоқ деген сөз емес. Өйткені аш мал, яғни қыстан шыққан мал, көк шөпті сағынған мал және де белгілі бір себептермен ашыққан малдар көбінесе улы өсімдіктермен қоректеніп, соның салдарынан уланға ұшырайды. Уланаған малдардың әсіресе созылмалы түрінде, организмнің жалпы резистенттілік қабілеті төмендейді, олардың індетті, тоғышарлық, әсіресе жұқпалы емес ауруларға қарсы тұру қабілеті нашарлайды. Сондықтанда ондай малдарды уланудың басқа аурулармен қабаттасып, асқынған түрлері жиі кездесіп жатады. Улану көбінесе аяқ астынан, жіті түрде болатындықтан көптеген жағдайларда мал дәрігерлері малды күтуші улануды дер кезінде анықтай алмай қалады. Соның салдарынан емдеу, уланудың алдын алу шаралары дүрыс жүргізілмейді. Бұл мәселені дұрыс шешу үшін мал мамандары өз шаруашылығының аймағында қандай улы өсімдіктер өсетіні біліп, оған сай карта жасап, онымен малға қатысы бар адамдарды таныстырып отырулардың маңызы өте зор.
Міне осыған байланысты менің курстық жұмысының мақсаты:Орталық жүйке жүйесіне тікелей әсер ететін заттармен уланған патологиялық материалдарына токсикологиялық баға беру.
Сондай - ақ курстық жұмысты орындау барысында мынадай міндеттерді қойдым:
- орталық жүйке жүйесіне тікелей әсер ететін заттармен уланудың себептері, клиникалық белгілері.
- улану кезіндегі патологиялық - антомиялық өзгерістер.
- емдеу және алдын алу шаралары.

ІІ.Негізгі бөлім.
2.1.Орталық жүйке жүйесіне басымырақ әсер ететін улы өсімдіктер.
Бұл топқа жататын өсімдіктермен уланғанда әртүрлі клиникалық өзгерістерді байқауға болады. Уланулардың клиникасы тек орталық жүйке жүйесі жағынан ғана емес, сондай - ақ көбінесе ас қорыту жүйесінің және бүйректердің қызметтерінің бұзылуымен асқынған түрде жиі кездесі. Бұл топтың өсімдіктерінің өзін бірнеше топтарға бөлуге болады.
У тамыр - Вех ядовитый - Cicuta virosa L - Көлеңкелі, ылғалды жерде өсетін көп жылдық өсімдік. Әсіресе өзен, көл, арықтардың батпақты жағалауларында жиі кездеседі. Кей жерлерде қалың болып өсіп, өте ерте көктейді. Республикамыздың барлық жерлерінде кездеседі.
Биіктігі 1 м болатын жуан, жылтыр, қуыс сабағы бар: ұзын сапты екі - үш қанатты жапырақты; ұсақ, ақ түсті, шатыр тәрізді жинақталған гүлді; жуан, етті, тауықтың жұмыртқасы тәріздес, жақсы жетілген тамыры өсімдік. Тамыры топырақтың бетіне шығыңқырап тұрады. Улы зат - азотсыз цитутоксин. Ол есімдіктің барлық бөлігінде де кездеседі. Әсіресе тамыры улы болып келеді. Жас тамырда 0,2 % - ға, ал кепкен тамырда 3,5 % - ға дейін цитотоксин болады. Тамырдың улылығы әсіресе жазғытұрым және күзде күштірек болады.
1 - сурет. У тамыр.
Улану малды көктемде құнарсыз, шөбі әлі өсіп жетілмеген жайылымға жайғанда жиі кездеседі. Өсімдіктің 2 - 3 тамыры сиырларды, ал 1 тамыры қойларды уландыруға жетіп жатыр.
Цитотоксин майлы ортада жақсы сіңеді, сондықтанда организмде жылдам тарайды, әсіресе жүйке жүйесінің орталығына басымырақ әсер етеді. Бас миға ісер еткенде дененің бұлшық еттері тартылады, қатты қозғандық байқалады. Дем алу орталығының салдануынан уланған мал тұншығып өліп кетуі мүмкін.
Өлген малды сойып қарағанда өлексе құрсақ, ққан ұйымааған, қара қошқыл түсті. Тері астында, кілегей қабықтарда, кейбір ағзалардың сыртқы қабықтарында қанталағандық байқалады. Өкпелер, ми қабы, ішкі бездер қызарып ісінген, кейбір жерлері қанталаған.
Негізігі клиникалық белгілеріне уланған малдың тынышсыздануы, қатты қозу жатады. Бұлшық еттері дірілдейді, ас қазан мен мес қарын газға толып керіледі. Ауыз қуысынан сілекей ағады, жиі - жиі зер, нәжіс бөлінеді. Бұлшық еттердің дірілдеп тартылуы бас жақтан басталып барлық денеге тарайды. Кейде уланған мал бір тұрып, бір жығылып жанталасады. Эпилепсияның клиникалық белгілері анық білінеді. Осындай жанталастан кейін уланған мал әлсіреп барып тынышталады да, көпке дейін орнынан тұра алмай жатып қалады. Демалысы, тамыр соғысы жиілейді, бірақ әлсіз болады. Эптлепсия кезінде дене қызуы аздап көтерілгенімен депрессия кезінде төмендегені байқалады. Шошқалардың ерекшелігі ол құсады. Бұл құбылыс оларды оларды аман алып қалуға себебін тигізеді.
Уланудың барысы көбінесе жіті түрде болады да, мал жанталасып қиналған кезде өліп кетуі де мүмкін.
Улануды анықтау үшін уланған мал туралы толық деректерді жинаудың маңызы өте зор. Әсіресе мал жайылымында у тамырдың бар жоғын білу керек. Одан кейін негізгі клиникалық белгілеріне сүйене отырып диагнозын анықтауға болады.
Патологиялық - анатомиялық өзгерістер.
У тамыр негізінен жүйке жүйесін әсер ететіндіктен, сойып зерттеген кезде айтарлықтай өзгеріс жоқ. Газ жиналғандықтан қарын мен іщек кеңейген, кілегейлі қабығы гиперемияға ұшыраған, қан қара түсті, өкпеде гиперемия, кейде ми қабатында байқалады.
Дәнекер ұлпада, тыныс алу жолдарының кілегейлі қабығында, эпикард, эндокард астында бүйрек паренхимасы мен қабы астында қанталау болады.
Шошқаларда өкпе гиперемиясы, жұтқыншақ - кілегейлі қабығында ісіну байқалады. Жақ асты жұтқыншақ маңы лимфа түйіндерінің гипереиясы пайда болады. Плевра астында, жүректе, қарынның кілегейлі қабығында, ішекте қанталаулар бар.
Емі. Арнайы уға қарсы қолданылатын антидот жоқ. Организмді удан тазалау керек. Ол үшін асқазанды немес мес қарынды суға марганец қышқылы калий ерітіндісін қосып (1:1000) жуады. Қиын жағдайда мес қарынды кесіп, руминотомия жасайды да, оның ішін тазалайды. Ауыз қуысы арқылы сіңіргіш танин, белсендірілген көмір заттарын береді. Хлоралгидрат ерітіндісімен клизма жасайды. Ондай әдіс салындануға қарсы жақсы әсер етеді. 5 -10 % тұз қышқылының ауыз қуысы арқылы беруге болады. Венаға гемодез, цититон, ал еріннің астына лобеин жіберуге болады. Ұйықтату арқылы емдеу әдісін де қолдануға болады.
Сақтандыру шаралары. Малды күтуге қатысы бар адамдар улы шөптерді ажырата білулері керек. Ол үшін күні бұрын дайындалған гербарийлердің көмегі жақсы. Өсімдігі бар жайылымды жердегі у тамырды жою жұмысы ұйымдастыру қажет.
Жусан - Полынь - Artemisia L. Биітігі - 30 - 60 см, ақ түсті жібек тәрізді түгі бар, сұр - жасыл түсті көп жыылдық өсімдік. Ланцет тәрізді жапырақтары бар, барлық жерде улы болып келеді. Оның улылығына сыртқы ортаның жағдайы әсер етеді. Жусанның бірнеше түрлері бар: таврияя жусаны, теңіз жусаны, мейер жусаны, Ганзен жусаны, ащы жусан. Солардың ішінде теңіз жусаны улылырақ болып келеді. Өсімдіктің барлық бөліктері де улы.200 - 300 г құрғақ жусан жылқыны өлтіріп жіберуі мүмкін. Мал азығындағы шөптің құрамында 2% жусан болғанда уланудың созылмалы түрі дамиды.

2 - сурет.Жусан.
Улы заты өсімдіктің құрамында 0,5- 2 % мөлшерңнде болатын эфир майы және санотинге ұқсас лактон таурицин. Бұл заттар жүйке жүйесінің улы заттарының қатарына жатады. Жүйке жүйесін қоздырады, көп мөлшерде эпилептикалық салданудың аурыр түрін туғызады. Оған қосымша таурициннің әсерінен құсу, іш өту, жүрек қызметінің бұзылуы байқалады. Улану жусан аш малдардың организіміне түскенде жиі байқалады.
Улану жіті және созылмалы түрлерінде тіркеледі. Организмге түскен мөлшеріне және малдың аш тоқтығына байланысты ауыр және жеңіл түрлерін ажыратуға болады. Кейбір әдебиттерде уланған жылқылардың 20 %- ына дейін өлім - жітімге ұшырағандығы туралы деректер бар.
Негізігі клиникалық белгілері: улану ірі қара және ұсақ малда, жіті және созылмалы түрде өтеді. Тынышсыздану, эпилепсияға ұқсас салдану, тоникалық - клоникалық тартылулар малдың тынышталуымен кезектесіп отырады. Улаған малда үрей пайда болады, сәл, әлсіз тітіркендіргішке қатты реакция береді. Басында еріннің, беттің еттері тартыла береді де, артынан ірі бұлшық еттердің дірілдеп - қалшылдауы байқалады. Жылқылар алдындағы кедергігек қарамай алға ұмтылады, алдыңғы аяқтарымен қабырғаға шапшиды, қиналады, жақтың бұлшық еттері қарысып қалады, аяқ бұлшық еттері тартылады. Көздерінің қарашығы ұлғайып, малдың демалысы нашарлайды. Тісін шықырлатып, басын еденге ұрғылайды. Алдыңғы аяқтарымен суда жүзу қимылан сәкес қимылдар жасайды, тұруға талпынып, ұмтылады. Бірақ тұра алмай қайта құлайды. Терлейді, дене қызыуы көтеріледі. Нәжіс жалқаяқты, қанда билирубин анықталады. Жеңіл түрінде клиникалық белгілері де онша қатты болмайды. Ондай жағдайда уланған малдың жазылып кетуі мүмкін. Барлық жерлерде кездесетін ащы жусанның құрамында ащы зат - абсинтин жіне эфир майы бар. Аз мөлшерде орталық жүйке жүйесін қоздырады, ал көп мөлшерде естен тандырады, салдандырады. Ащы жусанды сиырлар мен қойлар жақсы жейді. Аз мөлшерде диеталық азық ретінде пайдалы да. Бірақ сүт беретін малдың сүті ащы дәмдід болады.
Патологиялық - анатомиялық өзгерістер.
Өлексені сойып, зерттегенде улануға тән патологиялық өзгерістер болмайды. Кілегейлі және сірлі қабықтар ( жүрек, плевра, қуық )
және де ми ұлпасында қан ұюлар кездеседі. Уланудың созылмалы түрінде ішек қарын жолында катаралды қабынулар болады. Бүрек, бауыр және бұлшық етте дегенрациялық өзгерістер басқалады.
Емі. Салдануға қарсы кілегейлі қайнатпаға хлоралгидрат қосып клизма қояды. Жүректің жұмысын жақсарту мақсатында терінің астына кофеин, кафора ерітінділерін жібереді. Ас қорыту жүйесін тазалайтын әдістерді қолданады. Терінің асытна 0,3- 0,4 г мөлшерінде пилокарпинді жібергеннің нәтижесі жақсы. Жылқының бас жағына суық копресс қоюға болады. Ауыз қуысы арқылы суға марганец қышқыл калийді, соданы қосып беруге болады: 3 - 6 л суға 15 - 30 г марганец қышқыл калий мен 60- 100г соданы ерітеді.
Балау. Жылқылардың жусанмен улануының жіті түрі орталық жүйке жүйесінің зақымдануымен сипатталады. Жусанмен улану жылқының инфекциялық энцефаломиелитіне ұқсас келеді. Бұл аурудан айыра білу үшін, жусанмен улануда мынандай белгілер болатынын білген жөн; улану күшті өтеді, ауыз қуысының кілегейлі қабығы сарғайады, ауыз қуысынан жусан иісі шығады. Уланудың созылмалы түрінде клиникалық белгілері айқын емес. Сондықтан клиникалық белгілерімен қатар, азықты талдау нәтижесіне көңіл аударылады.
Болжау. Уланудың жіті түрінде эпилептиформды құрысып тырысу температураның көтерілуі 40 ° С жоғары, терлеу болса, болжам жағымсыз. Мұндай жағдайда мал өлімге жиі ұшырайды. Тырысып - бүрісу болып температурасы жоғарыламаса, уланудың созылмалы түрінде мал толық жазылып шығады.
Сақтандыру шаралары. Жылқының азығында жусанның болмауын қадағалау керек. Кейде жусанның улы түрін оның усыз түрінен ажырату белгілі бір қиындық туғзуы мүмкін. Ондай жағдайда лабораторияда тышқандарға биологиялық сынама жасауға болады.
Кәдімгі қылқан жапырақты шөп - Кузьмичева трава - Ephedra vulgaris Rich. Биіктігі 8 - 15 см, сабағы қысқа бұтақты, тамыры тарамды болып келетін бұта. Сабағы бөлшектенген, жапырағы қысқа, гүлі ұсақ, жемісі қызыл түсті.
Ертеректе Кузьмичев деген атпен көптеген ауруларға қарсы қолданылған, әсіресе ревматизм ауруларында. Өсімдіктің әртүрлі бөліктерінде эфедрин алкалоиды бар. Ол орталық жүйке жүйесін қоздырады, әсіресе дем алу орталығына қатты әсер етеді. Сондай - ақ қан тамырларының өзегін тарылтады. Алкалоид өсімдіктің сабағында көбірек шоғырланады. Улану көбінесе қойлардың арасында, оның ішінде төлдерде жиі кездеседі. Улану өсімдікті көп жегенде байқалады.
Мысалы, ірі қойлар бір айда 37- 45 кг, ал салмағы 10 кг қозылар 13 - 15 күннің ішінде 2 - 11 кг өсімдікті жегенде өлетіні эксперимент жүзінде дәлеледенген. Ал улы өсімдік бар жайылымды басқа таза жайылымдықпен алмасытырып отыру уланудың алдын алудың бірден - бір әдісі көрінеді.
Уланудың бастапқы кезінде оның клиникалық белгілері аса білінбейді, негізгі белгілері уланудың ақырғы жіті түрге айналғанда ғана анық білінеді.
Негізгі клиникалық белгілері жүйке жүйесінің қызметінің ауытқуымен сипатталады: мал азық қабылдамайды, жайылымда қозағалысы баяу, жалпы жағдайы жабырқау, кейде малдың тынышсызданғаны, қозуы байқалады; қалай болса солай қозғалады, сіңірдің тартылуы байқалады: аяғын созады, мойыны бұралады, басын артқа қарай қайырады, шайнау еттері тартылады. Артынан аяқтарымен қалай болса солай жүзу тәрізді қимылдар жасайды. Дене қызуы көтеріледі, жүректің қызметі бұзылады, дем алысы үстіртін, тоқтап - тоқтап барып іске асады. Мал клиникалық белгілері білінгеннен кейін бір жұманың ішінде өлім - жітімге ұшырайды.
Өлген малды сойып қарағанда ұлтабар мен ішекттердің кілегей қабықтарында қабыну процесі, бауырдың жұмсарғаны, бүйректер мен кеңірдектің кілегей қабығының қызарғаны; өкпелерде, тыныс алу жолдарында, плевра қуыстарында серозды - геморрагиялы эксудаттың жиналғаны; жүрек қабаттарында, мидың қатты қабында қанталағандық байқалады.

Итжидек - Белладонна - Atropa belladonna L. Биіктігі 1,5 м, қоңыр жасыл түсті, жұмыртқаға ұқсас жапырағы бар, көп жылдық өсімдік. Гүлі ірі, қоңырауға ұқсас, лай - сия түсті; жемісі қара түсті, жылтыр.
Өсімдік өте улы, құрамында алкалоидтар бар: гиосциамин және скополамин мен белладоннаның іздері анықталады. Өсімдікті кептірген кезде гиосциамин толығымен оның изомері атропинге айналады. Өсімдіктің барлық бөлігі де улы, әсіресе гүлдеген кезде тамырында улы зат көп болады. Гиосциаминде, антропинде орталық жүйке жүйесін қоздырыды және сілекей, асқазан, ішек, тер бездерінің қызметтерін әлсіретеді, олардың секрет бөлуі азаяды. Өсімдіктің улылығы кептіргенде, сүрлегенде жойылмайды.

3-сурет.Итжидек.
Малдарға арнайы тәжірибе жасағанда, жылқыларға итжидектің 120-180 г құрғақ жапырағын немесе 60-90 г тамырын бергенде 5-6 сағаттан кейін малдың қатты уланғаны байқалған: мал қатты қозған, көздің қарашығы қатты улғайған, кілегей қабықтары құрғап, жүректің соғысы жиілеген, дем алысы қысқа, жиі болғандығы байқалған. Улану кезінде малдың іші кебеді, шанш у құбылысы байқалады, нәжіс құрғақ, кейде ішек бітеліп қалады. Көру процесі бұзылады. Артынан қозу процесі депрессиямен алмасады, жалпы жабырқау байқалады, жиі-жиі салдану, тартылу құбылыстары байқалады. Кейбір жағдайларда 30-50 сағат аралығында жылқы малының өлім-жітімге ұшырағаны тіркелген.
Итжидекке ірі қара малы өте сезімтал. Оның 30 г тамырын немесе 60 г жапырағын бергенде уланудың жіті түрі байқалады. Мал қатты қозады, іші кебеді, құтырғанға сәйкес клиника пайда болады. Ал қой мен ешкі онша сезімтал емес. Тәжірибеде 750 г итжидектің жапырағын жеген ешкіге ешқандай зиянды әсері болмаған. Үй қояндарына қанша жесе де зияны байқалмаған.
Табиғи жағдайда малдардың итжидекпен уланулары өте сирек кездесетін жағдай. Кейбір әдебиеттерде ондай жағдайлар сиырлар мен шошқаларда кездесетіні келтірілген.
Уланған малда уланудың клиникасы аяқ астынан болатыны жазылған: қозу, малдың күйінің нашарлауы, тәбетінің болмауы, ішектің бітелуі, еттерінің дірілі, қозғалысының қалай болса солай болуы, тартылуы, көздің қарашығының ұлғаюы, кейбір малдарда дем алысының жиілеуі, жүрек қызметінің бұзылуы, кей кезде құсу байқалған. Ауырған мал 12 сағат ішінде өлім - жітімге ұшыраған.
Аяқ астынан өлген малды сойып қарағанда ешқандай өзгеріс байқалмаған. Тек бірнеше күн аурып барып өлген малдың құрсақ қуысында сабан түстес сұйықтың жиналғаны анықталған. Бүйрек майындағы майлы клетчаткада қаньалағандық байқалады.
Емдеу. Бірінші кезекте арыған малға танин немесе танині бар дәрілік заттарды береді. Жылқылардың асқазанын 1 пайызды танин ерітіндісімен жуады. Шошқаларға құстыру үшін апоморфинді терінің астына жібереді. Ары қарй аурудың клиникасына байланысты дәрілік заттарды пайдаланады. Физиологиялық антидот ретінде пилокарпиннің тұз қышқылын немесе физостигминнің салицилатын терінің астына жібереді.
Қара меңдуана - Белена черная - Hyoscymus niger L. Биіктігі 1 м жететін, жуан, тік сабақты екі жылдық өсімдік. Жапырақтары ірі, жасыл - сұр түсті. Сабағы, жапырақтары түкті, жағымысз иісі бар. Жемісі кувшин тәріздес қораб.

4 - сурет.Қара меңдуана.
Өсімдіктің барлық бөліктері улы. Оның құрамында алкалоидтар гиосциамин және скополаминдер бар.Кептірген кезде гиосциамин толығымен атропинге айналады. Өсімдіктің әр бөлігінде улы заттардың мөлшері 0,3 % - ға дейін жетеді. Гиосциамин көбірек болады, бірақ улылығы жағынан скополамин күштірек. Улану итжидекпен улану тәріздес болып келеді. Бірақ құрамында итижидекке қарағанда скополамин көбірек болғандықтан ұйықтату, тыныштандыру әсерлері байқалады.
Жағымсыз иісі мен дәмінің салдарынан қара меңдуананы малдар табиғи жағдайда жемейді десе де болады. Сондықтан ол аса көп қауіп тудырмайды. Уланулар ерте жазғытұрымда байқалады. Уланған мал құлайды, дірілдеп - қалшылдайды, дем алысы үздіксіз, қырыл байқалады,ауызынан көпіршік пайда болады, іші өтеді, іші кебеді, көздің қарашығы ұлғаяды, кілегей қабығы көкшіл - қызыл түсті болады. Уланған бұзаулардың көзі бір жұмадай көрмей қалады. Уақытында емдегенде малды жазып алуға болады.
Өсімдік ұрығымен балапандардың улануыда болады. Ұрығы өте ұсақ болғандықтан ірі малдар оларды шайнамайды сондықтан улану байқалмайды.
Уланған малды емдеу, оның алдын алу шаралары итжидекпен уланғандағындай болады.
Емдеу. Бірінші кезекте арыған малға танин немесе танині бар дәрілік заттарды береді. Жылқылардың асқазанын 1 пайызды танин ерітіндісімен жуады. Шошқаларға құстыру үшін апоморфинді терінің астына жібереді. Ары қарй аурудың клиникасына байланысты дәрілік заттарды пайдаланады. Физиологиялық антидот ретінде пилокарпиннің тұз қышқылын немесе физостигминнің салицилатын терінің астына жібереді.
Сасық меңдуана - Дурман вонючий - Datura stramonium L.Қара меңдуанаға ұқсаса, бірақ қара меңдуанаға қарағанда қауіптірек. Көптеген әдебиттерде жылқылардың улануы және олардың өлім - жітімге ұшырауы туралы деректер бар. Қатты уланғанда қозу процесі нағыз жынданудың клиникалық белгісін көрсетеді. Уланған мал көбінесе жүректің салдануынан өліп кетуі мүмкін.

5- сурет.Сасық меңдуана.
Түймешетен - Пижма обыкновенная - Tanacetum Vulgare L. Сабағының биіктігі 1м - ге жететін күрделі жапырақты тұқымдас, алтын сарғыш түсті гүлі бар өсімдік. Өсімдіктің камфораның иісіне ұқсас иісі бар.
Құрамында ерекше зат - туйон бар эфир майы, камфора, борнеол, пинен, алкалоидтар мен органикалық қышқылдар бар. Өсімдіктің улылығы ондағы эфир майына байланысты. Ол жергілікті қатты тітіркендіреді, соның салдарынан малдың құсуы, ішінің өтуі байқалады. Эфир майы сіңгеннен кейін бүректер мен орталық жүйке жүйесіне ісер етеді: қоздырады, жиырылу процесін бұзады, дірідетіп - қалшылдатады. Буаз малдар іш тастайды. Сиырдың сүті ащы дәмді болады, иісі өзгереді. Сонымен қатар эфир майы тоғышар құрттарға қарсы күшті у. Сондықтан да малдәрігерлік тәжірибеде түймешетеннен ертеден тоғышарларға қарсы дәрілер дайындалып қолданылған.

6 - сурет. Түймешетен.
Түймешетенмен улану туралы деректер ертеден белгілі.
Клиникалық белгілері.Басында қатты қозып, кейіннен депрессия байқалады, көруі нашарлайды. Уланған мал басында мазасызданады, кенеттен жабырқайды. Көз қарашығы тарылып, көруі нашарлайды, іші өтеді, құсады. Эфир майы бүйрек және орталық жүйке жүйесіне әсер етіп, уланған малда қозу пайда болып, қозғалысы бұзылып, тырысып - бүріседі. Улану іш тастауғада әкеліп соғады. Кілегейлі нәжіс бөледі. Бір тәуліктен кейін мал өледі.
Емі. Улы заттарды организмнен шығару үшін қолданылатын барлық әдістер пайдалы. Ішті айдағыш дәрілермен азық қалдығын шығарып тастап, содан кейін симтоматикалық ем жасайды. Одан кейін уланудың белгілеріне қарай ем жүргізіледі.
Алдын алу шаралары. Жол бойындағы өскен өсімдікті тұқым шашқанға дейін шауып тастау керек.
Сарғалдақтар - Лютики - Ranunculus L. Сары гүлді, терең тіліген, ұзын сапты ірі жапырағы бар көп жылдық өсімдік. Гүлі бестен топтастырылған. Сарғалдақтардың көбі улы болып келеді. Ул заты эфир майы протоанемонин. Әсіресе өсімдік гүлдеген кезде көп болады. Оның ерекше күйдіргіш әсері бар.
Өсімдіктерді кептіргенде эфир майы ұшып жойылады.

7 - сурет.Сарғалдақ.
Сондықтан да құрағақ шөптің қауіптілігі жоқ. Өсімдік ерте жазғытұрым өте қауыпті, ал кейіннен гүлдегеннен кейін мал оны жемейді. Уланудың малдардың арасында көп тіркелмеуі де сондықтан.
Клиникалық белгілері. Улы зат бірінші кезекте ас қорыту жүйесінің ағзаларын тітіркендіреді, сілекей ағады, іші кебеді, құсуға бейімделеді, шаншу белгілері пайда болады. Артынан іші өтеді. Ас қорыту жүйесінің жарақаты кейде геморрагиялық гастроэнтеритке айналады. Мұндай жағдайда бүйректер жарақаттанады. Нәжісте, зәрде қан анықталады. Зәр шығарғанда ауырсынғандық байқалады. Уланудың созылмалы түрі ірі қара малында созылмалы гематурия ауруын тудыруы мүмкін.
Улану жүйке жүйесінің қызметінің бұзылуымен қабаттаса жүреді: мал тынышсызданады, діріл, тартылу құбылыстары пайда болады, әлсірейді, ес - түссіз жағдайда болады. Көмек көрсетілмеген жағдайда уланған мал кейде клиникалық белгілері біліне бастаңаннан кейін 30 - 60 минуттың ішінде өліп кетуі мүмкін. Әдебиетте малдардың барлық түрлері де уланатыны туралы деректер бар.
Емі негізінен улапнудың клиникалық белгілеріне байланысты жүргізіледі. Алдын алу үшін жайылымда өсімдіктің болмауын қадағалау, уланудың белгілері біліне бастаған кезде жайылымды өзгерту. Сарғалдақ көп өскен жайылымды гербицитпен өндеу жұмыстарын да жүогізуге болады.
Қазанақ - Багульник болотный - Ledum palustre L. Биіктігі 30 - 60 см, жапырақтары сирек үнемі жасыл түсті, сабағы тік, бұта тәрізді өсімдік. Ақ түсті ұсақ гүлі өсімдіктің бас жағында шатыр тәрізді орналасқан. Өсімдік шүлдеген кезде есенгірететіндей иісі бар.

8 - сурет.Қазанақ.
Сондықтан мал кәдімгі жағдайда оны жемейді. Уының құрамында өсімдікке ерекше иіс беретін, терпен ледолдан тұратын эфир майы бар. Сонымен қатар эриколин глюкозиды табылған. Эфир майының құрамындағы ледолдың жергілікті қатты тітіркендіретін қасиеті бар.
Клиникалық белгілері. Организге көп түскенде орталық жүйке жүйесін салдандырады, ішектер, жатыр салданады. Жүрекепен тыныс алу жүйелерінің қызметін бұзады. Қазанақпен уланған қойлар мен ешкілерде ауыр түрдегі гастроэнтерит анықталған.
Емі. Симтоматикалық ем жүргізіледі.
Алдын алу. Жайылымдағы улы өсімдіктерді тамырмен жұлып тастап, құрғату, жерді жырту және тағы басқа агротехникалық шаралар жүргізу.

2.2.Орталық жүйке жүйесін қажытатын және салдандыратын әсері бар өсімдіктер.
Табиғи көкнәр - Мак самосейка - Papaver rhocas L. Көкнәр тұқымдас бір жылдық өсімдік. Сабақтары мен жапырақтарының шеті ара темірдің жүзі тәріздес болып келеді. Сырты түкті. Дара өсетін гүлі қан қыззыл түсті. Арам шөп ретінде көп жерлерде кездеседі.

9- сурет.Табиғи көкнәр.
Көкнәрдің сөлі әртүрлі алкалоидтарға бай. Олардың ішіндегі негізгілері: реадин, морфин, папверин және тебаин. Гүлденген кезде алкалоидтар өсімдіктің барлық бөлігінде кездеседі. Көкнәр толық піскенге дейінгі жасыл қораб өте қауіпті. Улану малды қорабы бар астықтың қалдығымен азықтандырғанда пайда болады. Жасыл көкнәрді мал жемейді, сондықтан жайылымда малдың улануы болмайды дес еде болады. Сиырларды құрамында көкнәр бар азықпен азықтандырғанда сиырлардың өздері уланбасада оның сүтін емген бұзаулардың уланғандығы туралы деректер бар. Улану малдың кенеттен қозуын немесе кенеттен жабырқауын тудырады.
Жалпы клиникалық белгілері : мал қаты тынышсызданады, көз қарасында қорқыныш пайда болады, көздің қарашығы ұлғаяды, тістерін шықырлатады, маңайындағы заттарды сүзеді, кейде мүйізін сындырады, қалай болса солай қозғалып, жүгіреді, азық салатын орындарға шығып кетеді. Қозу жағдайы құтырудың белгілеріне жалғасады. Бастың, мойынның еттері тартылады, салдану байқалады. Осындай клиника 10- 15 минут созылуы мүмкін. Артынан мал тыныштанып, жабырқау пайда болады. Уланған мал әлсірейді, ұйықтаған тәрізді жағдайда болады. Қатты уланғанда сезімталдығы, рефлекстері толық жойылады; іші кебеді, сілекей ағады, шаншу құбылысы байқалады, кейде іші өтеді, ол ішектің бітелуімен кезектесіп отырады. Шошқалар құсады.
Жылқылар уланғанда көбінесе жабырқанқы: көздері жұмулы, сыртқы ортаға реакциясы жоқ, басы салбыраған, сезімталдық реакциясы болмайды, қиналып қозғалады, аяғын әрең қозғап жиі - жиі сүріне береді. Терісі құрғақ, көздің кілегй қабығы өызарған, көз қарашығы ұлғайған. Жүрек соғысы, дем алысы, дене қызуы қалыпты жағдайда. Көп жағдайларда уланған мал 2 - 3 күннен кейін жазылып кетеді. Ал қатты уланған мал көп жатып қалғанда, ққан аралас іші өткенде, теріде анестезия пайда болғанда бірнеше күннен кейін өлім - жітімге ұшырайды.
Өлексені сойғанда мида және ми қабықтарында қызарғандық, қанның ұйымауы, ас қорыту жүйесінің ағзаларында қабынудың белгілері, нефрит байқалады.
Емі. Танин және құрамында танин бар препараттарды тағайындайды. Жылқының асқазанын танин немесе марганец қышқылы калий ерітіндісімен жуады, іш өткізетін дәрілер береді және клиникалық қарсы емдейді. Мал қозған кезде малдың бас жағына суықтықпен әсер етеді, калий бром препаратын тағайындайды. Мал жабырқағанда қоздырушы препараттар береді. Шошқаларды құстырады. Физиологиялық антидот ретінде кофеинді немесе атропинді терінің астына жіберуге болады.
У сарғалдақ - Чистотел большой - Chelidonium majus L. Сабағының биікігі 40-100 см болатын, көп жылдық шөп тектес өсімдік. Тамыры жуан, қысқа, жанама тамыршақтары көп. Үш жағында тарамдалған жапырақтары бұтақшалары бар. Сабағын кескенде сары түсті қою сөл бөлінеді. Жапырақтары кезектесіп орналасқан, шымқай қоңыр түсті майда тұқымдары бар. Гүлдері сары ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Уланған кездегі ветеринариялық-санитариялық шаралар
Организмде витамин жеткіліксіздігін тудыратын өсімдіктермен улану
Құрамында синил қышқылы бар азықтармен улану
Ауыл шаруашылығы саласында қолданылатын токсиндік заттардың жануарлар организіміне түсу жолдары туралы
Картоптан улану
Улы заттардың жіктелуі
Ағзадан удың бөлінуі
Улану түрлері
Ас қорыту жүйесіне басымырақ әсер ететін улы өсімдіктермен улану
Сүттігеннен улану белгілері
Пәндер