Заңды тұлғаларды ұйымдастырушылық- құқықтық нысаны


Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:   

Пәні: Азаматтық құқық

Тақырыбы: ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАРДЫ

ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛЫҚ- ҚҰҚЫҚТЫҚ НЫСАНЫ

Комиссия мүшелері:

1.

2.

Құқықтану мамандығының

ІІІ- курс студенті:

Жетекшісі:

Мазмұны

КІРІСПЕ . . . 3

1. ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАР ТҮСІНІГІ. 1. 1 Заңды тұлғалар түрлері . . . 5

1. 2 Заңды тұлғалардың құқық қабілеттілігі мен әрекет қабілеттілігі . . . 7

1. 3 Азаматтық құқық ұғымы . . . 9

2. ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАРДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛЫҚ- ҚҰҚЫҚТЫҚ НЫСАНЫ

2. 1. Заңды тұлғаларды қайта құру және тарату . . . 17

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 28

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . 30

КІРІСПЕ

Азаматтық - құқықтық қатынастарының субъектілері ретінде жеке тұлғалармен қатар заңды тұлғалар да танылады.

Заңды тұлға - бұл меншiк, шаруашылық жүргiзу немесе жедел басқару құқығындағы оқшау мүлкi бар және сол мүлiкпен өз мiндеттемелерi бойынша жауап беретiн, өз атынан мүлiктiк және мүлiктiк емес жеке құқықтар мен мiндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра алатын, сотта талапкер және жауапкер бола алатын ұйым.

Заңды тұлға институтының меншіктік азаматтық-құқықтық қатынастар үшін тәжірибелік мәні сонда, яғни заңды тұлғаны құрған азаматтар өзінің кәсіпкерлік тәуекелдерін өздерінің шамаларына қарай шектеуінде болып табылады.

Зайырлы мемлекеттің билік етуі кезеңінде, азаматтық құқық теориясында заңды тұлғалардың негізі жөнінде әртүрлі пікірлер болды. Заңды тұлғалардың негізгі зерттеу объектілері ретінде - мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдар қаралды, бұл экономикадағы мемлекеттік меншіктің басым болуымен байланысты.

Академик А. В. Венедиктовпен берілген, заңды тұлғаның мемлекеттік ұйымдарға қатысты кең түсінігі заңи әдебиеттерде «ұйым теориясы (теория коллектива) » деген атпен енді.

Қазіргі кезде заңды тұлғаның негізі жайында әңгімелер ғалымдар арасында аса актуалды емес. Шетелде, заңды тұлғаға қатысты, қазір фикция теориясы мен шынайылық теориясы көп қызықтыруда.

Заңды тұлғаның фикция теориясы герман заңгері, 19 ғасырда пайда болған тарихы құқық мектебінің басшысы К. Ф. Савиньи атымен байланысты. Ол «құқықтың субъектісі адам және тек қана адам», -деген екен. Оның концепциясы бойынша, заңды тұлға фикция арқылы пайда болған құқық субъектісі болып табылады, заңды тұлғада құқық қатынастарының нағыз субъектілері - жеке тұлғалар болып қалады, -дейді.

Фикция теориясы Англия мен АҚШ-та кеңінен етек жайды. Мүшелері мен құрылтайшылардан тәуелсіз заңды тұлғаның бар екенін мойындау Англия мен АҚШ корпорациялары үшін негізгі құқық қағидасы болды. АҚШ-тың теориясы мен тәжірибесіне жоғарғы сот судьясы Д. Маршаллдың 19 ғасырда белгілі болған корпорация түсінігіне берген анықтамасы белгілі: Корпорация - бұл көрінбейтін, жалған құрылған, тек заңи көзқараста ғана жүзеге асырылатын ұйым».

Шынайылық теориясы, немесе органикалық теория, бұл 19 ғасырдағы герман заңгері Гирке атымен байланысты, ол заңды тұлғаны мемлекеттің дұрыс қызмет атқару үшін қажетті нақты жүзеге асатын құқық субъектісі ретінде қарастырды.

Батыс құқығында заңды тұлға - ұйым, не кәсіпорын ретінде түсіндіріледі, ол азаматтық құқық қатынастарының жеке қатысушысы ретінде қабылданады. Бірақ, батыс мемлекеттердің азаматтық заңдары заңды тұлғаға мүлде анықтама бермегенді жөн көреді (ФРГ-да 1978 жылға дейін «заңды тұлға» атты термин қолданбаған, Италияның АК-де 1942 жылы заңды тұлғалардың тек классификациясы ғана берілген, және олар «Жалпы ережелер» деп аталған), не болмаса заң шығарушы тек жалпы және өте қысқа фомулировкалармен шектеледі. Сөйтіп, 1907 жылы Швейцарияның Азаматтық нормасының 52 бабында заңды тұлғаға мынадай анықтама береді: заңды тұлға - тұлғалардың бірігуі, өзінің корпоративті құрылымы мен жеке ғимараты бар, белгілі бір мақсатты жүзеге асыруға бағытталған ұйым, делінген.

Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, заңды тұлға институтының азаматтық құқықта негізгі орындардың бірін алады десек қателеспейміз.

Заңды тұлғаның белгілері: заңды тұлғаның анықтамасынан шағатын болсақ, біз білеміз кезкелген ұйым заңды тұлға бола алмайды. Бұл атақты алу үшін мынадай белгілердің жиынтығы болуы керек:

• Ұйымдастырушылық бірлік;

• Оқшау мүлік;

• Жеке мүліктік жауапкершілік;

• Азаматтық қатынастарды өзінің атынан жүзеге асыру.

Ұйымдастырушылық бірлік. Азаматтық кодекс заңды тұлғаны ұйым ретінде қарастырады. Ұйым дегенде бірнеше тұлғалардың ұжымын түсінеміз, олар белгілі ережелерге бағынады және сол ереже негізінде қызметін атқарады. Ұйымдастырушылық бірлік дегенде заңды тұлғаның азаматтық құқық қатынастарда біртұтас ұйым болып, бір мақсатты көздеген құрылым ретінде түсінеміз.

Шетелдік тәжірибеге қарасақ, заңды тұлға ретінде бірнеше тұлғалар ұжымы емес, жеке тұлғаның өзі де қызмет атқара береді екен. Мысалы, 70-жж. басында ФРГ-да 42 мың ЖШС-тер жұмыс істеді, оның ішінде 9300, яғни 22 пайызы бір тұлғадан тұратын ұйымдарға айналып кетті.

Оқшау мүліктің болуы - заңды тұлғаның негізгі белгісі болып табылады, одан мүліктік жауапкершілік туындайды. Заңды тұлға сол мүлігінің шегінде жауап береді, белгілі азаматтық қатынастарға түседі, т. б.

Жеке мүліктік жауапкершілік- бұл ұйымның оқшауланған мүлігіне негізделген. Бұл белгі АК 44-бабында көрініс тапты, яғни әр заңды тұлға өз міндеттемелері бойынша өзі жауапкершілікте болады. Оған қатысушылар да, мемлекет те жауапты емес. Заңда кредиторлардың мүддесін қорғайтын белгілі артықшылықтар бар. Өзге жағдайларда, заңды тұлға банкроттыққа ұшыраған уақытта субсидиарлы не солидарлы жауапкершілік туындайды.

.

1. ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАР ҰҒЫМЫ

1. 1 Заңды тұлғалар түрлері.

Жеке тұлғалармен қатар, заңды тұлғалар да азаматтық-құқықтық қатынастардың субъектілері бола алады (ҚР АК-ның 1-бабы) .

Заңды тұлға дегеніміз бұл мүліктік қатынастардың басқа субъектілері ұйымдастырған, құрған және құқықтар мен міндеттер берген субъект. Заңды тұлғаның құрылтайшылары (құрушылары) оны мүліктік қатынастардың субъектілері ретінде өзінен бөлу мақсатында құрады. Мүліктік азаматтық-құкықтық қатынастар үшін заңды тұлға институтының практикалық маңыздылығы мынада: «заңды тұлға құрылтайшыларының өз кәсіпкерлік тәуекелін өздері үшін орынды болады деп есептейтін сомамен шектеу мүмкіндігі бар».

Құқықтық санат ретінде заңды тұлғаның әдебиеттерде бір мағыналы анықтамасы жоқ. Кеңес мемлекеті өмір сүріп тұрған кезенде азаматтық құқық теориясында заңды тұлғалардың мәні туралы алуан түрлі пікірлер кең таралғанды. Негізінен алғанда, заңды тұлғалар - мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелер зерттеу объектісі болды, мұны экономикада мемлекеттік меншіктің үстемдік етуімен түсіндіруге болатын еді. ңды тұлғаның жария анықтамасы ҚР АК-ның 33-бабының 1-тармағында баянды етілген: «Меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығындағы оқшау мүлкі бар және сол мүлікпен өз міндеттемелері бойынша жауап беретін, өз атынан мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтар мен міндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра алатын, сотта талапкер және жауапкер бола алатын ұйым заңды тұлға деп танылады. Заңды тұлғаның дербес балансы немесе сметасы болуға тиіс».

Заңды тұлғаның белгілері . Заңды тұлғаның анықтамасынан кез келген ұйымның заңды тұлға ретінде таныла бермейтінін көреміз. Ұйым заңды тұлға мәртебесін алу үшін мынадай белгілердің жиынтығы болуы қажет: ұйымдық бірлік; мүліктік оқшауланушылық; дербес мүліктік жауапкершілік; азаматтық айналымда өз атынан әрекет ету.

Ұйымдық бірлік. Азаматтық кодекс заңды тұлғаны ұйым ретінде анықтайды. Индивидтердің жай ғана белгілі бір мөлшерін емес, өзара әрекеттесу мен қызмет етудің белгілі бір ережелеріне бағынған азаматтар ұжымын ұйым деп түсінеді. Заңды тұлғаның азаматтық-құқықтық қатынастарда біртұтас тұлға ретіндегі сыртқы еркін білдіретін әрекетін көптеген тұлғалардан тұратын ұжымдық құрылым - заңды тұлғаның ұйымдық бірлігі деп түсіну керек.

Заңды тұлғалардың оқшаулану дәрежесі түрліше және ол осы мүліке меншіктің түріне (мемлекеттік, жеке) байланысты. Егер бұл мемлекеттік кәсіпорын болса, онда мүлік оған шаруашылық жүргізу немесе оралымды басқару құқығымен бекітіліп беріледі және ол осы арқылы басқа кәсіпорындардың мүлкінен оқшауланады. Өзін-өзі өтеу және дербес бухгалтерлік баланстың болуы - заңды тұлғалардың мүліктік оқшаулануының көрінісі. Заңды тұлғаның дербес балансы немесе сметасы болуға тиіс (АК-ның 33-бабының 1-тармағы) . Заңды тұлғаның құрылуы. Заңды тұлға құрылтайшысының, меншік иесі ретінде, ерікті қадамы. Меншік иесінің еркінен тыс заңды тұлғаның құрылуы мүмкін болмайды.

Заңды тұлғаның құрылуының бірнеше түрін бөліп көрсетуге болады:

• Ұйғарым бойынша;

• Рұқсат бойынша;

• Нормативті тәсілдері.

Ұйғарым бойынша заңды тұлғаны құру құрылтайшының ұйғарымы негізінде жүзеге асады. Былайша мысалға, мемлекеттік кәсіпорындар мен мемлекеттік ұйымдар құрылады. Мемлекеттік кәсіпорындар мен мемлекеттік ұйымдардың құрылтайшылары болып тек, мемлекеттік меншікпен басқару ісін жүзеге асыруға уәкілетті органдар жүргізе алады. (АК 102 бабы) .

Рұқсат бойынша құру. Заңды тұлғаны құру үшін уәкілетті органның рұқсатиы қажет. Бұрын жүзеге асқан заңда бұндай шаралар тек, кооперативтер, әртүрлі қоғамдық бірлестіктерге қатысты жүргізілетін болған. Рұқсат берудің түсінігі, заңды тұлғаға тіркеуден өтуге рұқсат бермеуі мүмкіншілігімен сипатталады.

Нормативті -қатысу реті бойынша құру. Бұнда ешқандай мемлекеттік органның рұқсаты қажеті жоқ. Осындай құрылу тәртібі қазіргі кезде коммерциялық мемлекеттік емес заңды тұлғаларға қолданылады.

Заңды тұлғаның жойылуы - бұл заңды тұлғаны мемлекеттік реестрден шығарғаннан кейін, оның құқық қабілеттігі мен әрекет қабілеттілігінің тоқтатылуы. Жойылу кезінде қайта құру сатысындағыдай құқық мирасқорлығы болмайды. Жойылу ерікті және күштеу жолымен жүргізіледі. Ерікті жойылу меншік иесінің шешімі бойынша жүргізіледі. Күштеп жою соттың шешімі бойынша жүргізіледі.

Соттың шешімі бойынша заңды тұлға, АК 49 бабының 2 тармағына сәйкес жойылуы мүмкін:

• Банкроттық жағдайында;

• Заңды тұлғаның тіркеуін заңсыз деп таныған жағдайда;

• Заңды тұлғаның жарғылық мақсаттарына қайшы келетін әрекеттерді жүйелі түрде жасауы;

• Рұқсат алынбаған қызмет түрімен айналысқан жағдайда;

• Заңи актілерде көрсетілген жағдайларда, т. б.

Азаматтық кодекстің нормаларына сәйкес заңды тұлғаларды түрлерге бөлу келесі негіздер бойынша жүргізіледі:

• Заңды тұлғаға немесе олардың меншігіне қатысты құрылтайшының (қатысушылардың) құқықтары;

• Заңды тұлғаның қызмет істеу мақсаттары;

• Заңды тұлғаның мүлігі қалыптасатын, меншік формасы.

Заңды тұлғаның оқшау мүлкіне қатысты, құрылтайшылар міндеттемелік немесе заттық құқықтарын сақтап қалуына болады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Заңды тұлғаларды қайта құру және мемлекеттік тіркеу.
Мемлекет теориясы
Заңды тұлғалардың құқықтық жағдайы және құқықтық мәртебесі
Мүгедектерге протездік-ортопедиялық көмек беру үшін оларға құжаттарды ресімдеу мемлекеттік қызмет көрсету
Заңды тұлға туралы
Заңды тұлғалардың теориялары
Мемлекет жайлы
Тергеушінің тергеу бөлімінің бастығымен және анықтау органдарымен өзара әрекеттесуі
Жедел іздестіру қызметінің негіздері. Оқу-әдістемелік оқу жұмыс кешені
Қылмыстық ізге түсу функциясының ұғымы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz