"Көңіл-күй әлемінде"


1 Мақсаты
2 Ұйымдастыру бөлімі
3 Жаттығу: "Реніш.Кешірім"
- қуаныш сезімінің адам өміріндегі мәнін түсіндіру.
- өзара жағымды қарым – қатынас жасау іскерліктерін дамыту.
- мейірімділікке тәрбиелеу
- оқушыларды эмоционалдық психологиялық тұрғыдан қолдау көрсету және жағымды ахуал орнатуға ықпал ету.
Ұйымдастыру бөлімі:
Сәлемет ме, бүгінгі семинар қонақтары!
Бүгін сәтті күндердің бірін сіздермен бірге өткізгеніме қуаныштымын!
Көңіл күй- адамның өзіне, өзгеге, қоршаған ортаға деген қатынасының көрінісі. Махаббат, бауырмалдылық, жанашырлық сияқты жақсы сезімдер адамның көңіл-күйін көтереді, жанын шуаққа бөлейді, жүрегіне қуат береді. Кейде адамның Көңіл күйі жалпы өмірге деген қатынасын сипаттайды. Мысалы, адамның қызметі жақсы, жұмыс істейтін ұжымы ынтымақты, отбасы жарасымды болса, мұндайда оның Көңіл күйі де көтеріңкі болады. Адамның денсаулық жағдайы, жүйке жүйесіндегі ерекшеліктері де көңілге әсер етеді. Тіршілік үшін маңызды да мәнді нәрсе көңілге ерекше із қалдырады. Егер көптен айналысып жүрген іс оңға басса, орындалса, онда, кісі шат-шадыман күйге түседі. Керісінше, кісі сәтсіздікке ұшырап, көздеген мақсатына жете алмаса, қиналып мазасызданады.
Семинар жұмысының алғашқы баспалдағы "Көңіл күй әлемінде" тақырыбында өткелі тұрған тренингке әр білім ордасынан келіп отырған қонақтарды ортаға шақырамын.

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Материал
Көлемі: 6 бет
Бұл жұмыстың бағасы: 400 теңге
Таңдаулыға:   
Тегін:  Антиплагиат

Қандай қате таптыңыз?

Рақмет!






Тақырыбы: "Көңіл-күй әлемінде"
Мақсаты:
- қуаныш сезімінің адам өміріндегі мәнін түсіндіру.
- өзара жағымды қарым - қатынас жасау іскерліктерін дамыту.
- мейірімділікке тәрбиелеу
- оқушыларды эмоционалдық психологиялық тұрғыдан қолдау көрсету және жағымды ахуал орнатуға ықпал ету.
Ұйымдастыру бөлімі:
Сәлеметсіздер ме, бүгінгі семинар қонақтары!
Бүгін сәтті күндердің бірін сіздермен бірге өткізгеніме қуаныштымын!
Көңіл күй- адамның өзіне, өзгеге, қоршаған ортаға деген қатынасының көрінісі. Махаббат, бауырмалдылық, жанашырлық сияқты жақсы сезімдер адамның көңіл-күйін көтереді, жанын шуаққа бөлейді, жүрегіне қуат береді. Кейде адамның Көңіл күйі жалпы өмірге деген қатынасын сипаттайды. Мысалы, адамның қызметі жақсы, жұмыс істейтін ұжымы ынтымақты, отбасы жарасымды болса, мұндайда оның Көңіл күйі де көтеріңкі болады. Адамның денсаулық жағдайы, жүйке жүйесіндегі ерекшеліктері де көңілге әсер етеді. Тіршілік үшін маңызды да мәнді нәрсе көңілге ерекше із қалдырады. Егер көптен айналысып жүрген іс оңға басса, орындалса, онда, кісі шат-шадыман күйге түседі. Керісінше, кісі сәтсіздікке ұшырап, көздеген мақсатына жете алмаса, қиналып мазасызданады.
Семинар жұмысының алғашқы баспалдағы "Көңіл күй әлемінде" тақырыбында өткелі тұрған тренингке әр білім ордасынан келіп отырған қонақтарды ортаға шақырамын.

Танысу бөлімі: Америкалық педагог, психолог Дейл Карнеги "Адам есімі - қай тілде болса да ең тәтті және жағымды дауыс" деген екен, яғни Есім - құлаққа ең жағымды естілетін сөз. Сондықтан есімімізді атап танысып өтейік.
Түйін: Әрдайым есімдеріңізге сай мінездеріңізбен сүйкімді болып жүре беріңіздер деген тілекпен жалғастырамыз!
-Баршамыз да тыныш, бақытты өмірді аңсаймыз. Бірақ, кей жағдайда өзге адамның қатысуымен біздің көңіл-күйіміздің бұзылып, мұңаюымызға, ренжіп, өкпелеуімізге, тіпті кейде кектенуімізге душар қылатын жағдайларға тап болып жатамыз. Жанымызға салмақ түсіп, ойымыз өзгеріп, негізгі бағытымыздан ауытқып, бүліне бастаймыз. Сондағы қозғалтқыш күш не? Ол-реніш.
Жаттығу: "Реніш-Кешірім"
1- жағдаят: Анаңыз көптен уәде беріп жүрген затын сатып алып бере алмады. Сен достарыңа мақтанып та улгердің. Алып берген кездегі қуанышыңды елестеттің: достарыңа көрсетіп, олардың қызығып бәрі сені қоршап алып кезекпен кезек қолдарына ұстап қарағанын, ой елегінен өткіздің! Енді... ол бұл тәтті елес орындалмайды, қуанышың су сепкендей басылды! Яғни анаңыз сізге реніш сыйлады (Реніш деген смайлик ұсыну)
"Кешірім, Реніш" деген смайликтердің біруін оқушы таңдау арқылы жауап береді.
2-жағдаят: Досың уәделескен уақытта келмей қалды. Сен көп күттің. Сеніңд үйде шаруаң көп, сабақ тапсырмалары да бар, соған қарамастан уәделі уақытта кездесуге келіп едің, бірақ, досың келмеді әрі хабарласпады.
"Кешірім, Реніш" деген смайликтердің біруін оқушы таңдау арқылы жауап береді.
Түйін:Реніш пен өкпе арқылы адамның бойында үлкен стресс, яғни узақ уақытқа созылмалы уайым жүреді. Реніштің барлық кеселі мен зардабын тартатын тек өзіңіз! Сонда бұл күйіңізден кімге зиян, кімге зауал? Ойланып көріңіз!
Кеңес: "Кешіру арқылы бақытты өмірге қадам"
Неғұрлым адам кешірімшіл болса, соғұрлым ол өз-өзіне сенімді, мықты бола түседі. Себебі, ол реніш атты үлкен қамалды бұза білді. Ал, ең ауыр өкпесін жеңе білген адам өмірде барлық қиындықтарды да жеңе біледі. Ол - жеңімпаз! Ең бастысы, бойында реніші жоқ адам, өмірдің берер сыйынан жасқанбай, күнделікті қуаныштарын толыққанды сезіне алады.
Ой шақыру мақсатында бейнекөрініс: "Кешірім"
Тәмсіл: " Ренішті құмға, қуанышты тасқа жазып үйрен!"
Екі дос шөл далада келе жатыпты. Бір кезде екеуі сөзге келіп қалады да, біреуі екіншісінің бетінен ұрып жібереді. Сонда досы бетінің ауырғанын сезсе де, үндемей, құмға: "Бүгін ең жақын досым мені бетімнен ұрды" деп жазып қояды. Олар әрі қарай жүріп келе жатып, жазира далаға тап болады. Далада өзен бар екен, екеуі өзенге түсіп шомылып жатқанда, әлгінде досынан таяқ жеген жігіт суға батып кетеді. Сол кезде досы оны құтқарып, жағаға арқалап алып шығады. Есін жиған соң, жігіт: "Бүгін ең жақын досым мені құтқарды" деп тасқа қашап жазады.
Алдымен бетінен ұрып, кейін досын құтқарған жігіт одан: "Сені ренжіткен кезімде құмға жазып едің, енді тасқа қашап жаздың, не үшін?" деп сұрайды.
Сонда досы: "Біреу бізді ренжіткен кезде ренішті жел шайып кету үшін құмға жазуымыз керек. Бірақ біреу бізге жақсылық жасағанда, оны ешқандай жел шая алмау үшін тасқа қашауға тиіспіз. Ренішті құмға, қуанышты тасқа жазып үйрен", - деп жауап берген екен.
Түйін: "Ренішті құмға, қуанышты тасқа жазып үйрен" деген ой айтқым келеді.
"Әріптер сөйлейді" жаттығуы
Шарты: Оқушылар таратылған әріптер бойынша сұрақтарға жауап береді.
1. Бүгінгі көңіл күйің қандай?
2. Мектебің ұнай ма?
3 Ең жақсы көретін сөзің?
4. Қандай пәнді ұнатасың?
5. Егер бір нәрсеге ренжісең, өкпелесең не істейсің?
6. Қазіргі заман жастары қандай болу керек
7. Бүгінгі семинар қонақтарына тілер тілегің?

"Көңілді түстер"
Шарты: Оқушылар ... жалғасы
Ұқсас жұмыстар
Лирикадағы психологиялық көңіл-күй
Этнодеформация және ұлттық эмоциялық көтеріңкі көңіл-күй
Күй
Әсемдік әлемінде халық даналығы
Көңіл құпияларын ашқан жазушы
Күй ерекшеліктері
Агрекаттық күй
КҮЙ АТАСЫ - ҚАЗАНҒАП ТІЛЕПБЕРГЕНҰЛЫ
Қорытпалардың күй диагрммасы
Ән-күй халық қазынасы
Пәндер
Көмек / Помощь
Арайлым
Біз міндетті түрде жауап береміз!
Мы обязательно ответим!
Жіберу / Отправить

Рахмет!
Хабарлама жіберілді. / Сообщение отправлено.

Email: info@stud.kz

Phone: 777 614 50 20
Жабу / Закрыть

Көмек / Помощь