«Ақын» концептісі



1 «Ақын» концептісі
2 Еркін ассоциативті тәжірибенің сипаты
Қазіргі таңда тіл біліміндегі зерттеулердің көбі негізгі категория ретінде концепт ұғымын алуда. «Концепт – адам санасының ойлау бірліктері мен психикалық ресурстарын, білім мен тәжірибенің бейнелі көрсеткіштерін құрайтын, хабарлы құрылымдарды түсіндіруге мүмкіндік беретін когнитивті лингвистиканың негізгі ұғымдарының бірі» [1, 267 б.].
Б. Тілеубердиев концепт сөздерді, олардың мәні мен мағынасын түсіну жеке адамнан бастау алып, қоғамдық таптар мен тұтас бір ұлттың ой-өрісі, дүниетанымы жайында ақпарат беретіндігін баса көрсетеді [2, 88 б.].
Ғалым А. Исламның айтуынша, концептілерді талдау барысында төмендегідей бірізділік ұсталынады: сөздіктегі анықтамасы; концептің мағынасы мен оның әр түрлі философиялық және діни жүйелердегі орны; концептің адамның күнделікті санасындағы түсінігі; концептің әмбебап белгілері; концептің фразеологизмдердің түзілуіне немесе қолдануына әсері; белгілі бір концептіге байланысты сюжеттің, немесе образдардың пайда болуы [3, 58 б.].
Сонымен, концепт дегеніміз - ақиқат дүние әлемі, өзіндік тілдік сипатқа ие құрылым.
Осы ретте «ақындық» концептісіне тоқталар болсақ, «ақындық болмыс» бұл жерде «өлең жазатын, өлең шығара алатын шығармашылық адам», «поэзиялық шығармалардың авторы» деген ұғымнан бөлекше. Ақындық болмыстың ерекшелігі — жыраулық дәстүрдің, жалпы жыраулық қабілеттің, жыршылық дарынның бөлекше бітімімен түсіндіріледі.
Жыраулық дәстүр туралы сөз болғанда оның басты ерекшелігі ретінде алдымен жырдың ауызша дүниеге келіп, ауызша таралу қасиеті аталады. Қазіргі ғылыми пайымдауда жыраулық дәстүрдегі ауызша шығарылып ауызша таралу салты сол кездегі қоғамның, ортаның мүмкіншілігімен түсіндіріледі, яғни жазу-сызудың кенже қалуы.
Ақындар ерте дәуірлерден бері қарай түркі тілінде түрліше атауларға ие болған. Жыраулар тілінде ақындыққа қатысты «жырау», «жыршы», «ақын», «шайыр» сөздері қолданылады. Ал Қарақалпақ, басқада кейбір түркі халықтарында «бақсы» сөзі «ақынның» орнына жүрген. Бақсы біздің түсінігімізде: «шамандық сенімнің басты өкілі. Қолына қобыз алып, аспаптың сиқырлы үнімен түрлі қимыл-қозғалыстармен (билеу, секіріп үйдің шаңырағына шығып кету т.б.) жындарды аластайтын ерекше қасиетті, табиғаты жұмбақ адамдар». Бақсы сөзінің этимологиясын Қ.Жұбанов музыка тарихына қатысты еңбегінде кеңінен сөз еткен: «Қазақтың бақсылары, есепшілері, тістің құртын шақыратындар, жыланды, бүйіні шақыратын тамыршылар, қобызшы, домбырашы, әншілер көбісі сол шаманнан өрбігендер.
1. Оразалиева Э.Н. Когнитивтік лингвистика: қалыптасуы мен дамуы. Ғылыми монография. – Алматы: Ан Арыс, 2007.
2. Тілеубердиев Б.М. Қазақ ономастикасының лингвоконцептологиялық негіздері. – Алматы: Арыс, 2007.
3. Ислам А. Ұлттық мәдениет контекстіндегі дүниенің тілдік суреті: филол.ғыл. докт. ... дисс. – Алматы, 2004.
4. Жұбанов Қ. Қазақ музыкасында күй жанрының пайда болуы жөнінен. 1936.
5. Уәлиханов Ш. Таңдамалы. – Алматы: Жазушы, 1985.
6. Жирмунский В., Зарифов Х. Узбекский народный героический эпос. - М.: Гослитиздат, 1947.

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Ақын концептісі

Қазіргі таңда тіл біліміндегі зерттеулердің көбі негізгі категория ретінде концепт ұғымын алуда. Концепт - адам санасының ойлау бірліктері мен психикалық ресурстарын, білім мен тәжірибенің бейнелі көрсеткіштерін құрайтын, хабарлы құрылымдарды түсіндіруге мүмкіндік беретін когнитивті лингвистиканың негізгі ұғымдарының бірі [1, 267 б.].
Б. Тілеубердиев концепт сөздерді, олардың мәні мен мағынасын түсіну жеке адамнан бастау алып, қоғамдық таптар мен тұтас бір ұлттың ой-өрісі, дүниетанымы жайында ақпарат беретіндігін баса көрсетеді [2, 88 б.].
Ғалым А. Исламның айтуынша, концептілерді талдау барысында төмендегідей бірізділік ұсталынады: сөздіктегі анықтамасы; концептің мағынасы мен оның әр түрлі философиялық және діни жүйелердегі орны; концептің адамның күнделікті санасындағы түсінігі; концептің әмбебап белгілері; концептің фразеологизмдердің түзілуіне немесе қолдануына әсері; белгілі бір концептіге байланысты сюжеттің, немесе образдардың пайда болуы [3, 58 б.].
Сонымен, концепт дегеніміз - ақиқат дүние әлемі, өзіндік тілдік сипатқа ие құрылым.
Осы ретте ақындық концептісіне тоқталар болсақ, ақындық болмыс бұл жерде өлең жазатын, өлең шығара алатын шығармашылық адам, поэзиялық шығармалардың авторы деген ұғымнан бөлекше. Ақындық болмыстың ерекшелігі -- жыраулық дәстүрдің, жалпы жыраулық қабілеттің, жыршылық дарынның бөлекше бітімімен түсіндіріледі.
Жыраулық дәстүр туралы сөз болғанда оның басты ерекшелігі ретінде алдымен жырдың ауызша дүниеге келіп, ауызша таралу қасиеті аталады. Қазіргі ғылыми пайымдауда жыраулық дәстүрдегі ауызша шығарылып ауызша таралу салты сол кездегі қоғамның, ортаның мүмкіншілігімен түсіндіріледі, яғни жазу-сызудың кенже қалуы.
Ақындар ерте дәуірлерден бері қарай түркі тілінде түрліше атауларға ие болған. Жыраулар тілінде ақындыққа қатысты жырау, жыршы, ақын, шайыр сөздері қолданылады. Ал Қарақалпақ, басқада кейбір түркі халықтарында бақсы сөзі ақынның орнына жүрген. Бақсы біздің түсінігімізде: шамандық сенімнің басты өкілі. Қолына қобыз алып, аспаптың сиқырлы үнімен түрлі қимыл-қозғалыстармен (билеу, секіріп үйдің шаңырағына шығып кету т.б.) жындарды аластайтын ерекше қасиетті, табиғаты жұмбақ адамдар. Бақсы сөзінің этимологиясын Қ.Жұбанов музыка тарихына қатысты еңбегінде кеңінен сөз еткен: Қазақтың бақсылары, есепшілері, тістің құртын шақыратындар, жыланды, бүйіні шақыратын тамыршылар, қобызшы, домбырашы, әншілер көбісі сол шаманнан өрбігендер. Бұл жалғыз қазақта емес, қоғамның дамуының белгілі дәуірінде қай елде де болған мәселе. Сондай-ақ Қ.Жұбановтың көрсетуінше, түрікмендерде музыкант бақшы деп аталады, кез-келген адам бақсы бола алмайды, ол тұқым қуалайтын қасиет. Қырғыздарда жомықшылар қасиеті, киелі саналып олар жыр айтқанда үй шайқалған, дауыл соғып, бүкіл дүние табиғат тактісінде билеп кететін болған дейді. Осындай жұмбақ жайттар қазақ жырауларына да тән. Қазақ ноғайға бірдей ортақ Мәулімнияз-Едіге жырын толғағанда дауыл тұрып, табиғатта аласапыран түсініксіз құбылыс болатындығы туралы Қ.Сәтбаевтың естелігінде айтылады. Маңғыстаулық Мұрын, Қарасай жыраулар жырлағанда шілдеде қырбық қар түседі екен деген көне көз қарттардың әңгімесі де бұған дәлел бола түседі [4, 82 б.].
Ш. Уалихановтың Қазақтардағы шамандықтың қалдығы атты атақты еңбегінде: Шамандық дегеніміз-әлемдік дүниені сүю, табиғатқа деген шексіз махаббат және өлгендердің рухын қастерлеу, аруағын ардақтау. Шамандар асқан тәңірі мен рухтың жердегі қолдаушылары есебінде саналады. Шаман сиқырлы қасиеттерімен қоса, білікті, талантты, басқалардан мәртебесі жоғары: ол ақын да, күйші де, сәуегей және емші, сегіз қырлы, бір сырлы адам болған. Қазақтар шаманды бақсы дейді, ол сөз монғолша оқытушы деген, ұйғырлар бахшы десе, түркімендер осы атаумен өздерінің ақындарын атайды [5, 175 б.].
В.М.Жирмунский өзінің Х.Т.Зарифовпен бірлесіп шығарған еңбегінде сөз болып отырған терминнің өзбек тіліндегі мағынасын түсіндірді. Осы авторлардың пікірінше, өзбектерде халықтық дастандарды үш түрлі айтады: бахши , шайыр , джироу . Соның ішінде бахши атауына ерекше тоқталады. Бахшидың екі жақты мағынасы бар: бір жағынан бақсы халықтық түсінікте сиқыршы, халықтық емші, музыканың магиялық күшімен аурудың иесін-жындарды қуушы, екінші жағынан эпикалық жыршыларды, ұзақ дастандарды орындаушыларды осылай атаған [6, 134 б.].
Сондай-ақ Қ.Жұбановтың пікірінше Қарақалпақтың батырлық жырларды орындаушылардан ең үздік шыққандарды өгіз жырау деп атайды. Мүмкін бұл түркі нәсілді халықтардың арғы атасы болып саналатын мифологиялық оғыз қаған есімімен де байланысты болар деген ой айтады. Сонымен бірге өгіз атауын узансөзімен байланыстыратын пікірлер де жоқ емес. В.В.Бартольдтың түсіндіруінде узан деп көне түркі тілінде ұзақ дастандарды, немес оғыз-намені арнайы аспаптармен жырлаушыны атаған.
Қ.Жұбановтың пікірінше: Қысқасы, қай халықта болмасын эпостың орындаушыларын киелі аруақты санап, оларды өлең айтқанда жаратушы тәңірінің өзі қолдап отырады деген түсінік туған. Тіпті, эпосты орындаушы жыраулардың өздері де өз өнерін тәңірдің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дүниенің поэтикалық бейнесі лингвоконцептуалдық талдау (ХҮ-ХҮІІІ ғасырдағы ақын-жыраулар поэтикасы бойынша)
Концептілік жүйе - концептілік құрылымдардың реттелген формасы
КӨРКЕМ ШЫҒАРМАДАҒЫ ДАЛА КОНЦЕПТІСІНІҢ КӨРІНІСІ
Міржақып Дулатұлы шығармаларындағы «Ғаламның тілдік бейнесі»
Жансүгіров поэзиясындағы тілдік бірліктердің қатысымдық және танымдық мәні, мазмұны
Дүниенін паремиологиялық бейнесін лингвомәдениеттанымдық негізі
Табиғаттың бір үлкен бөлшегі
Сөз образдар дүниенің тілдік бейнесін жасауға қатысатын тілдік бірліктер
СОЛТҮСТІК ӨҢІРІНІҢ АҚЫН-ЖЫРАУЛАР ӨЛЕҢДЕРІНІҢ ТІЛДІК- КӨРКЕМДІК ҚЫРЛАРЫ
Қазақ тіліндегі аманат концептісі
Пәндер