Стансалық құрылғылар


Пән: Транспорт
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

3. Негізгі стансалық құрылғыларының есебі

3. 1 Жолаушылар құрылғыларының есебі және жобалануы

Аралық стансаларда жолаушыларға қызмет көрсету үшін жолаушы ғимараттары (вокзалдар), платформалар және олардың арасындағы өтпелдер сонымен қатар багаж қоймаларымен басқа да бөлмелер орналасады.

Жолаушы ғимараттарын сыйымдылығы 25, 50, 100, 200 жолаушы болатын типтік жобалар бойынша салады. Ғимараттардың сызықтық өлшемдері сәйкесінше: 6х18; 12х18; 12х42; 24х42. Ғимараттарды әдетте елді мекен жағынан шеткі басты жолдың осінен кем дегенде 20 м қашықтықта (жылдамдықтары 120 км/сағ-тан асатын желілерде - кем дегенде 25 м) .

Жолаушы платформалары негізінен аласа болып орнатылады(рельс басының деңгейінен 200 мм) . Биік платформалар (рельс басының деңгейінен 1100мм) . Биік платформалар жолаушы ағындары жоғары болатын телімдерде және мотовагонды жылжымалы құрам қатынаста болғанда қарастырылады. Платформалар жолаушы пойыздарының аяулы қарастырылатын барлық жолдарадан жолаушыларды түсіріп, мінгізуді қамтамасыз ете алатындай орналастырылады. Және д платформалардың саны максималды, басты жолдардың арасында платформалардың болмауы ұсынылады.

Платформалардың ұзындығы желіде қатынайтын жолаушы құрамдарының ұзындығына тең болуы қажет (400-500 мм) ; және де қойма құрастырылатын стансада 600 м-ге дейін болса - 300 м-ге дейін ұзартуды қарастыру қажет.

Платформаларының ені жолаушы ғимаратынан платформаларға қарай жолаушыларды өткізуіне арналған құрылғының типіне байланысты анықталады. Аласа платформалары кезінде рельс басының деңгейінде болатын өтпелдер (настил) ұйымдастырылады. Өтпелдердің саны кем дегенде 2-еу, ал олардың ені кем дегенде 3 м. Бұл жағдайда платформалардың ені 4 м-ге тең болады. Вокзал төңірегіндегі негізгі бүйірлік платформаның ені әдетте 6 м, ал қалған жерлерде - 4 м. Жолаушылардың биік платформаларға өту үшін тоннельдер немесе көпірлер құрастырылады (көпірлердің ені кем дегенде 2, 25 м, ал тоннельдердің ені кем дегенде 3 м) . Көпірлер мен тоннельдерден шығу жолының енін ескере отырып платформалардың ені 6-8 м-ді құрайтын болады.

Сонымен платформаның ортасында шығу орындары болса оның ені кем дегенде:

В п л = В с х = 4 {\ В}_{пл =}В_{сх} = 4 (3. 1)

В п л В_{пл} =2+4=6 м

мұндағы, В п л В_{пл} -платформаның ені;

В с х В_{сх} -шығу орнының ені;

4-шығу орнынан платформаның шетіне дейінгі суммаралық қашықтық.

Шығу орындары платформаның шегінде орналасқан жағдайда

В п л В_{пл} = В с х В_{сх} +2 (3, 1-g) (3. 2)

В п л В_{пл} =2+2(3, 1-1, 92) =4, 36

мұндағы, 3, 1-жолың осінен платформаның шетіне дейінгі қашықтық ( биік-1, 92 м және аласа-175 м) .

Платформа орналасатын жол осьтерінің ара қашықтығы келесідей анықталады:

e= В п л В_{пл} +2g (3. 3)

е=6+2*1, 92=9, 84 м.

Жоғары жылдамдық тартымында платформаның енін анықтау кезінд жолаушылардың платформа шетінен қауіпсіз қашықтықта болуының мәні 3 м-ден кем болмайтындығын ескеру қажет. Ал өтпелдерде әртүрлі деңгейлерде қарастыру керек. Багаж қоймалары, өрт сөндіру және шаруашылық басқа да ғимараттар мен құрылғылар типтік жобалар бойынша жобаланады. Осы курстық жобада 6х4 өлшемінде шарты түрінде сызбада көрсетілген.

3. 2. Жүк құрылғыларының есебі мен жобалануы

Жүк құрылғылары (жүк ауласы) стансада жолаушы ғимараты жағынанда (елді мекен) және оған қарама-қарсы жақтан да орналастыруы мүмкін.

I жағдайда елді мекенмен ыңғайлы байланыс орнатылады, автожолдарды салуға кететін шығындар азаяды және жүктерді шығару жеңілдетіледі. Бірақ жүк ауласының алдағы уақытта дамылуы қиындатылады. Осының салдарынан басты жолдарға қарама-қарсыжақтан жаңа қоймалар мен алаңдар салу қажеттілігі туындайды. Бұл вагондарды беріп алуға байланысты маневрлық жұмыстрдың тежелуіне алып келеді. Өйткені басты жолдарды киып өту қажет болады.

II жағдайда елді мекенмен байланыс нашарлайды, автожолдарды салумен жүктерді шығаруға кететін шығындар көбейеді, бірақ жүк ауласының дамуына және де маневрлық жұмыстардың стансаның бір ауданында шоғырлануына қолайлы жағдайлар қалыптасады. Сондықтан жүк ауласының осылай орналасуы тиімдірек болып келеді.

Аралық стансаларда жүк операцияларын орындау үшін жалпы қолданылыстағы қоймалар, жабық және ашық платформалар, контейнерлік және үйме алаңдары бақа да ғимараттар салынады. Осы құрылғылар әдетте жеке аудандар орналастырылады. Оның жүк ауданы (жүк ауданы) деп атайды. Жүк ауданының құрамына соныменқатар жол таралымы және қызметтік техникалық ғимараттар автомобиль көлігінің тұрақтары, қызметшілердің бөлмесі және т. б. кіреді.

Жүк құрылғылары жүктің түріне байланысты арнайыландырылады. Ал үлкен сансаларда операциялардың түрлеріне байланысты қабылдау және жөнелту болып бөлінеді. Жүк құрылғыларының орналасуы қабылдап-жөнелту жолдарына параллель болуы мүмкін. Ал жергілікті жұмыстар көп болғанда, вагон ағымының көлемі айтарлықтай болатын кірме жолдар жалғанғанда стансаның бойлық осіне қандай да бір бұрыштан орналасады.

Жалпы және жалпы емес қолданылыстағы жүк құрылғыларын маневрлерді тартым жолда шоғырландыру мақсатымен мүмкіндігінше стансаның бір ауданында орналастыру қажет.

Жүк ауданының жол таралымы тиеп-түсіру және шығару жолдарынан тұрады. Сусымалы жүктерді тиеп-түсіру көлемі көп болғанда вагон таразысы бар жолдарда орналастырған жөн. Тиеп-түсіру жолдарының пайдалы ұзындығы жүк фронтымен анықталады. Ал шығару жолдарының ұзындығы берілетін вагондардың ұзындығына байланысты. Жабық (бетон және кірпіш) және ашық жүк қоймалары типтік жобалар бойынша құрастырылады. Қоймалардың ені - 12, 18 және 24 м, теміржол жағынан рампаның ені кем дегенде 3 м, автомобиль жолы жағынан кем дегенде 1, 5 м. Қоймалар мен платформалардың ұзындығы есептеу арқылы тәулігіне түсірілетін вагондардың санына байланысты анықталады.

Контейнерлік алаңдардың және де орман ауыр салмақты және ұзын өлшемді жүктердің алаңдары консольді крандардың ұзындығы немесе теміржол, автомобиль жүрісіндегі крандардың стреласының ұзындығына байланысты анықталады. Аралық стансаларда ұзындықтары 11, 3 және 16 м тағандық крандарды ұсынылу қолданылады. Кран асты немесе теміржол жолдарының арасындағы қашықтық 2, 8 м болу керек (контейнерлік алаң теміржол жолының бүйірінде орналасқанда) .

Ақтарма жүктері биіктігі 1, 5-2 м жоғарлатылған жол салынады. Ақтарма жүктердің алаңдары бірлік-даналық және контейнерлік жүктердің қоймаларынан кем дегенде 50 м қашықтықта орналасуы қажет.

Жүк аудандарының сызбасын жасау келесі принциптерге сәйкес орналасады:

  • жүк құрылғылары немесе құрылғыларының топтары бір-біріне параллель сызықтарының бойында орналастырылады;
  • сызықтарды өңделетін жүктердің түрлеріне байланысты әдетте белгілі бір тәртіппен арнайыландырылады (станса жолдарынан алшақтау шамасына байланысты) : бірлік-даналық жүктерге, контейнерлік жүктерге, ауыр салмақты, орман жүктеріне, құрылыс материалдар, көмірге арналған;
  • шаңданатын жүктерге арналған қоймалар мен алаңдар жел бағытын ескере отырып бірлік-даналықжәне контейнерлік жүктердің қоймаларынан кем дегенде 50 м қашықтықта орналасады;
  • қоймалар, алаңдар және жолдар ауданның көлемін азайту және автомобиль көлігінің жүрісін қысқартылуы үшін жинақы орналастырылады;
  • бағыттама алқымы маневрлық жартылай рельстермен қозғалудың қысқарту үшін, қажет болған кезде радиусы 200 м кері қисықтарды пайдалана отырып қысқа жобаланады;
  • тиеп-түсіру жолдары тік болуы қажет, ал қажет болғанда радиусы кем дегенде 600 м қисықтарда жобаланады;
  • автокөліктердің жұмысы мен аялдауы үшін қоймалары мен алаңдардың арасына автоөтпелдерді орналастырылады;
  • автоөтпелдер мен теміржолдарының қиылысу саны аз болуы қажет, сонымен қатар олар автокөліктерді қоймаларға еркін жақындауын қамтамасыз ету қажет.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оперативті - технологиялық байланыс жүйесін жобалау реті
Микропроцессорлық автоблокировка жүйелері
Шу-Отар телімінде ОРЦ мен XML құжаттарымен құжат алмасуы
Темір жол көлігінде тасымалдауды ұйымдастыру және басқару мамандығы бойынша тәжірибе есебі
Аралық станса
Біржолды автоблокировка рельс тізбектерінің ауысып қосылуы
Ауыл телефон желісінің цифрландырылуы
«ҚазТрансГаз» АҚ
Құрылғыларға техникалық қызмет көрсетуді ұйымдастыру
Пойыздарды локомативтер және маневрлік құрамдардың маршруты
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz