Қазақ әдебиетінен ашық сабақтар


1 Сабақтың тақырыбы: Қабдеш Жұмаділов «Қозыкүрең» әңгімесі
2 Сабақ тақырыбы: Айтыс
3 Сабақтың тақырыбы: Шешендік сөздер. Қазіргі шешендік өнер.
4 Сабақ тақырыбы: «Қамбар батыр» жыры
5 Сабақ тақырыбы: Аңыз әңгімелер.
6 Сабақ тақырыбы: Қазақ тілінің қоғамдық мәні
7 Сабақ тақырыбы: Шыңғыс Айтматовтың «Шынарым менің, шырайлым менің» повесінен үзінді: Шофердің әңгімесі
Білімі мен тәрбиесі ұштасқан, озық ойлы, көзқарасы мен пікірі орнықты, өз сөзін нақты дәлелмен жеткізе білетін саналы тұлға қалыптастыру.
Сабақтың міндеттері:
1.Білімділік: Оқушыларға қазақтың көрнекті жазушысы әрі драматургі
Қ. Жұмаділовтің өмірі мен шығармашылығы туралы әдеби білім бере отырып, Қабдеш Жұмаділовтің «Қозыкүрең» әңгімесінің сюжетін меңгерту.
2.Тәрбиелік: Оқушыларды ізгілікке, ұлтжандылыққа, тәрбиелеу.
3.Дамытушылық: Оқушылардың әдеби дүниетанымдарын кеңейту, ауызша және жазбаша тіл мәдениетін дамыту.
Сабақтың типі: аралас сабақ
Сабақтың түрі: дәстүрлі
Сабақтың әдіс-тәсілі: әңгімелеу, баяндау, сұрақ-жауап, түсіндіру, мәнерлеп оқу
Сабақтың көрнекілігі: Қабдеш Жұмаділовтің портреті, шығармалар жинағы,белсенді тақта.
Пәнаралық байланыс: тіл, әдебиет тарихы.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу.
2.Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.
3.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру:
Т. Молдағалиевтің өмірі жайлы мәлімет
« Бауырлар» өлеңін жатқа сұрау
Оқушылардың үй тапсырмасын айтқысы келетіндерінен сабақ сұрап, бағалау парақшасына белгі соғып қоямын. Парақша белсенді тақтадан көрініп тұрады.

ІІІ. Білім тексеру:
Сұрақ жауап:
Тұманбай Молдағалиевтің бұл өлеңі кімдерге арналады?
Т. Молдағалиев әлемнің әр түпкіріне шашырап кеткен қандас бауырларымызға нендей өтініш, тілек білдіріп отыр?
ІVЖаңа сабаққа дайындық
1.Сабақ тақырыбын тақтаға жазу
2.Сабақ мақсатын түсіндіру

V. Жаңа тақырыпты түсіндіру:

1. Қабдеш Жұмаділовтің шығармашылығы туралы мәлімет беру.
Жазушы Қабдеш Жұмаділовтің «Қаздар қайтып барады», «Сарыжайлау», «Шарайна», «Сәйгүліктер» тәрізді әңгіме, хикаят жинақтары, «Көкейкесті», «Бақыт жолында», «Атамекен», «Соңғы көш» романдары жарық көрді.
Жазушы «Тағдыр» романы үшін Мемлекеттік сыйлыққа ие болған.
Халықтың дүниетанымын бейнелейтін, өмірлік тартыс сырын тап басып, дәл суреттейтін дарынды жазушы – тарихи шығармалардың да шебері.
Сендерге ұсынылып отырған «Қаздар қайтып барады» әңгімесіндегі қарттың бала кезде табанынан топырғаның ыстығы өтіп, қасиеті сіңген туған жерін жат елде жүріп бір сәт те ұмыта алмауы шынайылығымен жаныңды толқытады. Оның туған жерге деген ұлы сағынышы, елге жету жолындағы қым-қуыт қиыншылықтарға төзе білуі ешкімді де бейтарап қалдырмайды.

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Материал
Көлемі: 181 бет
Бұл жұмыстың бағасы: 300 теңге




Қазақ әдебиеті 11 ә- сынып.
Күні:
Сабақтың тақырыбы: Қабдеш  Жұмаділов  Қозыкүрең әңгімесі
Сабақтың мақсаты:
Білімі мен тәрбиесі ұштасқан, озық ойлы, көзқарасы мен пікірі орнықты, өз
сөзін нақты дәлелмен жеткізе білетін саналы тұлға қалыптастыру.
Сабақтың міндеттері:
1.Білімділік: Оқушыларға  қазақтың көрнекті жазушысы әрі драматургі
Қ. Жұмаділовтің өмірі мен шығармашылығы  туралы әдеби білім бере отырып, 
Қабдеш  Жұмаділовтің  Қозыкүрең әңгімесінің сюжетін меңгерту.
2.Тәрбиелік: Оқушыларды  ізгілікке, ұлтжандылыққа, тәрбиелеу.
3.Дамытушылық: Оқушылардың әдеби дүниетанымдарын кеңейту,  ауызша және
жазбаша тіл мәдениетін дамыту.
Сабақтың типі: аралас сабақ
Сабақтың түрі: дәстүрлі
Сабақтың әдіс-тәсілі: әңгімелеу, баяндау, сұрақ-жауап, түсіндіру, мәнерлеп
оқу
Сабақтың көрнекілігі: Қабдеш  Жұмаділовтің портреті, шығармалар
жинағы,белсенді тақта.
Пәнаралық байланыс:  тіл, әдебиет тарихы.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу.
                                                2.Оқушылардың сабаққа
қатысуын тексеру.
                                                3.Оқушылардың зейіндерін
сабаққа аудару.
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру:
 Т. Молдағалиевтің өмірі жайлы  мәлімет
Бауырлар өлеңін  жатқа сұрау
Оқушылардың үй тапсырмасын айтқысы келетіндерінен сабақ сұрап, бағалау
парақшасына белгі соғып қоямын. Парақша белсенді тақтадан көрініп тұрады.
 
ІІІ. Білім  тексеру:
Сұрақ  жауап:
Тұманбай Молдағалиевтің  бұл өлеңі  кімдерге  арналады?
Т. Молдағалиев  әлемнің  әр  түпкіріне  шашырап  кеткен  қандас 
бауырларымызға   нендей  өтініш,  тілек  білдіріп  отыр?

ІVЖаңа  сабаққа  дайындық
1.Сабақ  тақырыбын  тақтаға  жазу
2.Сабақ  мақсатын  түсіндіру
 
V. Жаңа тақырыпты түсіндіру:
 
1.  Қабдеш  Жұмаділовтің шығармашылығы туралы  мәлімет  беру.
Жазушы  Қабдеш  Жұмаділовтің Қаздар қайтып барады, Сарыжайлау,
Шарайна, Сәйгүліктер тәрізді әңгіме, хикаят жинақтары, Көкейкесті,
Бақыт жолында, Атамекен, Соңғы көш романдары жарық көрді.
Жазушы Тағдыр романы үшін Мемлекеттік сыйлыққа ие болған.
Халықтың дүниетанымын бейнелейтін, өмірлік тартыс сырын тап басып, дәл
суреттейтін дарынды жазушы – тарихи шығармалардың да шебері.
Сендерге ұсынылып отырған Қаздар қайтып барады әңгімесіндегі қарттың бала
кезде табанынан топырғаның ыстығы өтіп, қасиеті сіңген туған жерін жат елде
жүріп бір сәт те ұмыта алмауы шынайылығымен жаныңды толқытады. Оның туған
жерге деген ұлы сағынышы, елге жету жолындағы қым-қуыт қиыншылықтарға төзе
білуі ешкімді де бейтарап қалдырмайды.
...Алпысыншы жылдардың орта шенінде жұртшылық назарын бірден елең еткізген
– Қаздар қайтып барады әңгімесі еді. Осы әңгімедегі тау асып, тас басып,
көп қиыншылықпен  шекарадан өтіп келіп, өзінің атамекеніне жетіп жығылған
Байтас шалдың тағдырына ой жібере отырып, Қабдештің айтар сыры мұнымен
бітпейтінін, әдебиетімізге бір үлкен суреткердің өз тақырыбымен келе
жатқанын шамалағанбыз. Көп ұзамай бұл болжам расқа шықты. Айналасы он шақты
жылдың ішінде Соңғы көш  дилогиясы мен Тағдыр романы дүниеге келді.
Қабдеш – тілге аса бай және әр сөздің сиқырлы бояуын жан-тәнімен нәзік
сезінетін жазушы
                                                                   
 ӘкімТарази
2.Әңгімені  байыптап  оқып  шығу.
3.Әңгімені  бөлімдерге  бөліп ат  қою,  жоспар  құру.
VІ. Түсінік  тексеру:
1.  Сұрақтарға жауап беру.
Ағыбайлар  қырғыз  досы Төреқұл  ауылына  бару  сапарына  неге  ерекше 
мән  берді?
Ағыбай мен  Төреқұл  достығы  қашан,  қалай  басталған?
Төреғұл  Ағыбайларды  қалай  қарсы  алды?
Әңгімедегі  Саяқбай  жылқышы  қандай  адам?
Саяқбайдың  Қозыкүреңді  аман  алып  қалу  үшін  жасаған  әрекетін,
жануарды  арулап  көмуін  қалай  түсінуге  болады?
Біздің  арамыздағы  достықты  осы  балалар  жалғастыратын  болсын деген 
сөзді  қалай  түсінуге  болады?
VІІ.Жаңа сабақты бекіту.
Ержанның  қырғыз,  қазақ  халықтарына  туыстығы  туралы  ойларын  мәтіннен 
тауып оқу.
Қозыкүреңге  байланысты  Төреқұл  әңгімесін  мазмұндау.
Әңгімедегі Қозыкүреңнің  өзін – өзі жаратып, дайындалуын  тауып  оқу.
Саяқбайдың  Қозыкүреңге  сүйіспеншілігін  мазмұндау.
Әңгімеде  портреттік  суреттемелер  бар ма?  Мысал  келтір.
Әңгімеден  теңеу  сөздерді  табу.
VІІІ.Сабақты  қорыту.
 Оқушылардың  өзара ой бөлісуіне уақыт беремін.
Бағалау:
 Оқушыларды сабаққа қатысуы мен біліміне, тақырыпты меңгеруіне және сөйлеу
тіліне қарап бағалаймын.
(Белсенді тақта арқылы ұпай сандарын оқушылар өздері де есептеп
отырғандықтан бағалау өте әділ өтеді.)
Үй тапсырмасын беру: 
1. Қабдеш Жұмаділовтің өмірі мен шығармашылығы туралы оқып келу.
 2. Бәріміз де  туыспыз деген  тақырыпта  шағын шығарма  жазу.

Сабақ тақырыбы: С. Торайғыровтың Таныстыру поэмасы
Сабақ мақсаты: 1. Жеті модульдікті пайдалана отырып, сабақты меңгерту:
2. Оқушыларды тарихқа шынайы көзбен қарауға,
3. Жаңа әдіс - тәсілдері арқылы оқушылардың сөйлеу қабілетін дамыту отырып,
шығармашылыққа баулу..
Міндеті: Поэмадағы кейіпкерлерге мінездеме бере отырып, поэманың
құрылысына, шындық болмысына тоқталу;

Сабақ түрі: аралас сабақ
Сабақ әдісі: РАФТ, алты телпек
Пәнаралық бс: тарих
Көрнекілігі: слайд
Сабақ барысы:
І Ұйымдастыру:
Оқушылармен амандасып, сынып тазалығын тексеру, түгендеу.

ІІ Жаңа сабақ:
Қызығушылықты ояту:
Торайғыров Сұлтанмахмұт (1893 - 1920) – ақын, ағартушы. Солтүстік Қазақстан
облысының Уәлиханов ауданында туған. Торайғыровтың 3 жасында шешесі қайтыс
болып, 6 жасына дейін әжесінің тәрбиесінде болды. Кейін әкесі екі ұлымен
Баянауылға көшіп, Торайғыр кентіне таяу жерге қоныстанды. Торайғыров алғаш
әкесінен ескіше хат танып, 13 жасынан Мұқан, Әбдірахман, Тортай деген
молдалардан дәріс алды. Өлеңге үйір, шығыстық сюжеттер негізінде жырлар
туындатқан Мұқан молда тәлімінің Торайғыровтың ақын ретінде қалыптасуына
игі әсері болғанымен, 1908 жылы баянауылдық Әбдірахман молданың қаталдығы,
өлең шығарғаны үшін жас қаламгерді жазалауы оның дін мен молдалар жайлы
теріс көзқарасының қалыптасуына негіз болды. 1911 жылы жаңаша оқыған Нұралы
ұстазының көмегімен қазақ, татар тілдеріндегі әдеби кітаптармен, газет -
журналдармен танысады. 1912 жылы Троицкідегі Ахун Рахманқұли медресесіне
түседі, бірақ мұнда бір жылдай оқыған ол өкпе ауруының зардабынан оқудан
шығып қалады. Торайғыров енді медреседе оқуды қойып, орысша оқу іздейді,
қала маңындағы елде жаз бойы бала оқытады.

Торайғыров поэма жанрын жаңа арнада дамытты. Ол сюжетсіз поэмаларында
өмірдегі сан түрлі мәселелерді кеңінен қамтып, өршіл ой - түйіндерін
бүкпестен, өткір де ашық насихаттауға тырысты. Алғашқы поэмасы
“Таныстыруда” Алашорда қозғалысыөкілдерін елге таныту мақсатын көздеді.
Сұлтанмахмұт 1918 жылдың қысында Абай елінде болып, Таныстыру атты
поэмасын жазады. Ақын Ақпан төңкерісінен кейін сара, даңғал жолға
бастайтын азаматтар кімдер? деген сұраққа жауап іздеп шарқ ұрады. Халыққа
жаны ашитын, жол сілтейтін қазақ зиялыларының жарқын бейнесін ерекше
мақтаныш сезіммен жырлай білді. Поэма қара қазақ пен оқыған зиялы қазақ
арасындағы диалогке құрылған. Қара қазақ:
Туғанда құдай иіп мұндай заман,
Сұрайтын бір сөзім бар сенен, балам.
Тап біздің осы Семей облысының,
Көшбасшы адамдарын айтшы маған.
Біз - дағы жоспарлайық өзімізше,
Десе де түк білмейтін қазақ надан.

Аумалы - төкпелі кезеңде бұл сауалды ел болашағын ойлайтын әр адамның
қоятын сұрағы екенін көреміз. Бұған оқыған зиялы қазақта бірден жауап
береді. Ол:
Ешкімнің Әлиханға бар ма сөзі,
Демейді қандай қазақ оны оң көзі.
Семей тұрсын, жеті облыс бар қазақтан,
Талассыз жеке - дара тұр ғой өзі.
Елі үшін құрбандыққа жанын берген,
Бит, бүрге, қандалаға қанын берген.
Ұрыдай сасық ауа, темірлі үйде,
Зарығып алаш үшін бейнет көрген.
Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, М. Дулатовтарды таныстырып, олардың “бірі –
күн, бірі – шолпан, бірі – ай” екендігін жазады, алаштықтардың қазақ
халқының тәуелсіздігі жолындағы еңбектерін саралайды. Алаш өкілдерімен
қоса, қазақтың көрнекті тұлғалары Абай мен Шәкәрімді ерекше атап көрсетеді.

ІІІ Алты телпек:
1. Ақ телпек – факт тарихи шындық
2. Сары телпек – сәттілік Сәтті кезенді айту
3. Қара телпек – сәтсіздік
4. Көк телпек – талдау жасау Неге? Не үшін?
5. Қызыл телпек – сезімтал эмоция
6. Жасыл телпек - шығарма ақылға сыйымсыз ойлар
ІҮ Р – оқушы
а - класс
ф – өлең, эссе, сурет
т -
Ү Үйге тапсырма: Таныстыру поэмасындағы кейіпкерлерге мінездеме беру

9 ә сынып әдебиет күні:

Сабақ тақырыбы: Шығарма. Түркі тілдес халықтарға ортақ мұра.
Сабақ мақсаты: Ежелгі дәуір әдебиеті жәдігерлері жөніндегі оқушылар білімін
саралау, байқау, бағалау.
Жазбаша көркем ой жеткізе білуге баулу.
Қазақ әдебиеті жөніндегі құрмет көзқарасын қалыптастыру.

Сабақ барысы: І ұйымдастыру кезеңі:
оқушыларды барлау; сыныпты сабаққа жұмылдыру;
ІІ шығарма жазуға кіріспе:
Тақырыпты талдау.
Жоспарлау.
Жаздыру.

Түркі тілдес халықтарға ортақ мұра

Түркі халқы жойылмасын, ел болсын.

Жоспары:
І. Түркі халқының ортақ тарихы ежелгі дәуір әдебиетінде.
ІІ. 1. Күлтегін жыры.
2. Тоныкөк дана – ел тұтқасы.
3. Оғыз-нама эпосы.
ІІІ. Ежелгі дәуір әдебиеті жәдігерлері – қазақтың көне тарихының көркем
шежіресі.

Сабақты бекіту: Ежелгі дәуір әдебиеті кезеңі қай ғасырлар аралығын қамтиды?
Қандай әдеби-тарихи жәдігерлерді атай аламыз?

Үйге тапсырма: Күлтегін жыры қайталау.

Сабақ тақырыбы: 1980 жылдардан бергі айтыс
Сабақ мақсаты Күтілетін нәтижеҚолданылатын Енгізілген модульдер
әдіс-тәсілдер
Айтыс өнері жайында Айтыс және оның Топтық, жұптық Оқыту мен оқудағы
мәлімет. Қазақ айтыс түрлері жайында талқылаулар. Белсендіжаңа тәсілдер
өнерінің іргетасын біледі. Қазіргі оқыту әдісі. Диалогтік оқыту,
қалаушы Біржан мен Саракездегі айтыс Сұрақ-жауап. Өзіндік оқыту үшін бағалау
айтысы туралы мәлімет өнері туралы ізденіс тапсырмалары.және оқуды бағалау,
беру, айтысты талдау. біледі. оқытудағы басқару
Қазіргі кездегі айтыс және көшбасшылық,
түрлеріне шолу. талантты және дарынды
балаларды оқыту, АКТ
пайдалану, сын
тұрғысынан ойлауға
үйрету, жас
ерекшеліктеріне
сәйкес оқыту
Сабақ барысы: Ұйымдастыру Үй жұмысын тексеру: Білу
кезеңі:
Оқушылар Тосын сұхбат ойыны арқылы оқушылардың өткен
бір-біріне жылы тақырыпқа байланысты бір-біріне сұрақтары
лебіз білдіреді.қойылады.
Жаңа сабақ: 1980 жылдардан бергі айтыстар.

Оқулықтағы мәлімет абзацтар бойынша 4 топқа бөлініп
беріледі. Оқушылар өз мәтіні бойынша талқылаулар жүргізіп,
менталды карта қорғайды.
1-топ. Манап Көкенов туралы.
2-топ. Надежда Лушникова, Қонысбай Әбілов туралы.
3-топ. Әсия Әйіпқызы туралы.
4-топ. Тәуелсіздік алғаннан соңғы айтыскер ақындар туралы.

Оқушыларлың мәліметтері тыңдалған соң қазіргі айтыс
үлгілерінен үзінді видеолар тамашаланады.

Тапсырма:
Қазіргі заманның айтысының мақсаты мен міндеттері
талқыланады.
Оқулықпен жұмыс.

Ойлаудың алты қалпағы арқылы қазіргі кездегі айтыс өнері
және оның дамуы туралы ойталқы жүргізу.

Топтар бірін-бірі бағалайды.
Үйге тапсырма: 121-бет. Кестемен жұмыс.

әдебиеті 9 ә- сынып. Күні:
Сабақ тақырыбы: Біржан – Сара айтысы
Сабақ мақсаты Күтілетін нәтижеҚолданылатын Енгізілген модульдер
әдіс-тәсілдер
Айтыс өнері жайында Айтыс және оның Топтық, жұптық Оқыту мен оқудағы
мәлімет. Қазақ айтыс түрлері жайында талқылаулар. Белсендіжаңа тәсілдер
өнерінің іргетасын біледі. Біржан –оқыту әдісі. Диалогтік оқыту,
қалаушы Біржан мен СараСара айтысының Сұрақ-жауап. Өзіндік оқыту үшін бағалау
айтысы туралы мәлімет сипаты мен ізденіс тапсырмалары.және оқуды бағалау,
беру, айтысты талдау. мазмұнын оқытудағы басқару
меңгереді. және көшбасшылық,
талантты және дарынды
балаларды оқыту, АКТ
пайдалану, сын
тұрғысынан ойлауға
үйрету, жас
ерекшеліктеріне
сәйкес оқыту
Сабақ барысы: Ұйымдастыру Үй жұмысын тексеру: Білу
кезеңі:
Оқушылар Тосын сұхбат ойыны арқылы оқушылардың өткен
бір-біріне жылы тақырыпқа байланысты бір-біріне сұрақтары
лебіз білдіреді.қойылады.
Жаңа сабақ: Қазақ ақындары айтыстарының ішіндегі ең көркемі – Біржан
– Сара айтысы.
Ауыз әдебиетіндегі айтыс өнерінің көркем үлгісі – Біржан
мен Сараның айтысы. Бұл айтыс 19 ғасырда Жетісу өңірінде
өткен. Содан бері халықтың ауыздан-ауызға таратып аңыз қып
келген айтыстарының бірі. Арқаның атақты әншісі, ақын
Біржан Жетісуда белгілі болған Сара есімді қызбен айтысады.

Біржан сал – қазақтың дәстүрлі әншілік өнерінің негізін
қалаған әнші, сазгер, ақын. Өз заманының өнерлі адамы.
Жетісуға бір келгенінде осында елге танымал болған Сара
Тастанбекқызын айтысуға шақырады.
Айтысты тамашалауға бүкіл Жетісу өңірінің жұртшылығы
келеді.
Айтысу барысында ақындардың қарсыласына қолданар тойтарыс
беру, сөзбен шалу іспетті барлық тәсілдері қолданылады.
Біржан қарсыласын қазаққа белгілі болған өнерпаз, сөзге
жүйрік ақын екендігін айтып үркітсе, Сара өзін Жетісудың
белгілі айтыскері екендігін, өзінің ешкімнен сөзден
жеңілмегенін айтып тойтарыс беріп отырады.
Айтыста қазақтың ескі салты – қалыңмал беріп қызды ұзатқаны
сөз болады. Өйткені Сараны өктем тап өкілдері қалыңмалға
сатып, Жиенқұл деген жаны да, тәні де кеміс біреуге берген
болатын.
Сара өз басының мұңын шағу арқылы бүкіл қазақ қыздарының
басындағы мүшкіл халін сипат етеді. Осыған ел разы болады.
Сара жеңіп те қалады. Біржан Сараның өзінен артық ақын қыз
екенін мойындап, айтыс үстінде оған ілтипат білдіреді.
Алайда сөзден жеңіліп көрмеген Біржан Сараның осал тұсынан
ұстап, жарын шақыруды сұрайды. Сара осы жерде жеңіліс
табады.
Айтыстың негізгі тақырыбы – ескілік салт, әйел басының
бостандығы жоқтығы.
Айтыста екі ақын да үлкен адамгершілікті тұлға ретінде,
халықтың сөзін сөйлеген нағыз ақын ретінде, көркем сөзбен
ой жеткізге шебер сөз зергерлері ретінде танымал болады.
Топтастыру:







Айтыстан үзінді оқу.
Көркемдік ерекшелігін талдау.
Үйге тапсырма: Қазіргі кездегі айтыстар туралы оқу.

Сабақ тақырыбы: Айтыс
Сабақ мақсаты:
1. Білімділік: қазіргі кездегі ақындар айтысын, олардың шығармашылық
ерекшеліктерін айқындау. Оқушылардың айтыс ақындары жайлы білімдерін
толықтыру.
2. Шығармашылыққа деген сүйіспеншілікті арттыру. Өз ойларын, көзқарастарын
еркін жеткізуге үйрету
3. Адал және шыншыл болуға тәрбиелеу.
Сабақ түрі:. Дәстүрлі емес сабақ
Қолданылатын әдіс - тәсілдер: Миға шабуыл, шығармашылық жұмыс жасау, сұрақ
- жауап, іздестіру, таблица толтыру.
Көрнекілігі: қанатты сөздер, ақындар шығармашылығынан дайындалған стенд,
плакаттар, компьютер.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу, оқушыларды түгендеу, сабаққа әзірлікті
қадағалау. Оқушыларға сабақтың мақсаты мен міндетін таныстыру
Сабаққа психологиялық дайындық
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. Біржан мен Сара айтысы туралы мазмұндау. Екі
оқушы шығып өздері дайындап әкелген баяндамаларын қорғайды.
ІІІ. Жаңа сабақ. Айтыс – халық тарихы
1. Айтысқа көзқарас уығы
Мұғалім: балалар айтыс жайлы бұл біздің алғашқы сабағымыз емес. Сондықтан
сендердің осы айтыс туралы көзқарастарың қалыптасқан болар. Өз
көзқарастарыңызды білдірсеңдер.
Оқушылардың пікірлері:

2. Айтыстың түрлер уығы
Мұғалім:
Өте жақсы. Енді мына плакатқа көңіл аударайық. Мұнда Айтыс сөзі берілген.
Сендер осы айтыстың түрлерін топтастырсаңдар. Яғни мына стрелкалар бойынша
таратып жазайық. Кәне, кім бастайды?

3. Жұмбақ айтыс уығы.
Мұғалім: осының ішінде жұмбақ айтысына тоқтала өтейік. Ол айтыстың қандай
түрі.
Оқушы жауабы:
Мұғалім:
- Ендеше екі қатар бір - бірімізбен жұмбақтасып, жұмбақ айтысын
ұйымдастырайық.

4. Айтыскер ақындар уығы.
Мұғалім:
Айтыскер ақындарға тән қасиеттер туралы ата өтейік.
Ақынға тән қасиеттер:
1. парасат, білім
2. сөзге тоқтау
3. намыс, жігер, қызу шабыт
4. талант, арқа
5. тапқырлық, ұтымды ой, қолма - қол суырыпсалушылық
- Енді оқушылар мына тақтаға көңіл аударайық. Бұл ақындар жайлы сендер
жақсы білесіңдер. Айтыскер ақындар жайлы қысқаша айтып өтсек.
Оқушылар:
- Сүйінбай Аронұлы
- Жамбыл Жабаев
- Сара Тастанбекқызы
- Ұлбике Ханкелдіқызы
- Біржан сал.
Мұғалім:
- Тағы да басқа ХХ ғасырда өмір сүрген айтыскер ақын жазушыларды
білесіздер?
Оқушылар:
- Шортанбай Қанайұлы т. б ... ..

5Әдебиет лотосы ойыны уығы.
Мұғалім:
Осы ақындар туралы мынадай кете толтырайық:
Ақын - Сүйінбай.
Кімдермен айтысты - Тезек төремен, Қатағанмен
Тақырыбы - Әлеуметтік мәселелер
Шығармалары - Болыстарға баға, Қасымға, Жетісу билеріне, Жамбылға
берілген бата

6.Осы күнгі айтыс уығы.
- Қазіргі кезде де айтыс өнері дамып келеді. Теледидардан түрлі айтыстар
болып жатыр. Қазіргі айтыстардың ерекшелігін неде деп ойлайсыңдар?
Жауап
- Осы күні теледидарда қандай айтыстар көрсетіліп жатыр?
Жауап:
- Жас айтыс ақындарын білесіңдер ме? Атап өт.
Жауап:
- Ендеше мен айтыскер ақындардың фотосын компьютер арқылы көрсетемін.
Сендер олар жайлы білетіндеріңді ортаға саласыңдар.
(Компьютермен жұмыс)

1. Аламан айтыс уығы.
Мұғалім:
- Қазір бәріміз соңғы жексенбіде болған айтыстан үзінді тыңдайық. Тыңдап
қана қоймай әр сөзін көңілге тоқып, өз пікірлеріңді білдіріңдер.
Мұғалім:
- Енді бізде Аламан айтысын ұйымдастырайық. Өздерің білесіңдер біздің
ортамызда Айман мен Маша атты аудан көлеміне танымал жас ақынымыз бар.
Солардың тамаша бір айтысын тамашалап, дауыс берелік. Келген қонақтарға
және оқушыларға алдын ала билет таратылған болатын, соны қораптың сары
жағына Машаға, көк жағына Айманға дауыс бересіздер.

ІҮ. Қорытынды

Сабақ тақырыбы: Шешендік сөздер. Әйтеке би.
Сабақ мақсаты Күтілетін нәтижеҚолданылатын Енгізілген модульдер
әдіс-тәсілдер
Төле би өмірі мен Шешендік Топтық, жұптық Оқыту мен оқудағы
шешендік сөздері туралысөздердің айтылуталқылаулар. Белсендіжаңа тәсілдер
мәлімет. Шешендік орны жайында оқыту әдісі. Диалогтік оқыту,
сөздерінің мәнін біледі. Төле би Сұрақ-жауап. Өзіндік оқыту үшін бағалау
талдау. өмірі және ізденіс тапсырмалары.және оқуды бағалау,
Сөз өнеріне деген төрелік сөздерін оқытудағы басқару
құрметін арттыру. талдайды. және көшбасшылық,
талантты және дарынды
балаларды оқыту, АКТ
пайдалану, сын
тұрғысынан ойлауға
үйрету, жас
ерекшеліктеріне
сәйкес оқыту
Сабақ барысы: Ұйымдастыру Үй жұмысын тексеру: Білу
кезеңі:
Оқушылар Тосын сұхбат ойыны арқылы оқушылардың өткен
бір-біріне жылы тақырыпқа байланысты бір-біріне сұрақтары
лебіз білдіреді.қойылады.
Жаңа сабақ: Төле би өмірі туралы мәлімет.
Төле Әлібекұлы (1663 – 1756) – қазақтың қоғам қайраткері,
шешен, Ұлы жүздің бас биі, Қазыбек, Айтеке бидің қолдауымен
үш жүзге төбе би болып сайланған. Артында "бүтін билікке
Төле би жеткен" деген сөз қалған тарихи тұлға. "Жеті
жарғыны" жасаушылардың бірі. Әлібекұлы Төле бидің атасы
Құдайберді би Есім хан мен Тұрсын хан егесі кезінде Есім
ханды қолдаған (Қазыбек бек Тауасарұлының "Түп-тұқияннан
өзіме дейін" кітабынан). Яғни Есім хан тұсындағы, халық
аузында "Есім ханның ескі жолы" атанып кеткен қазақ
халқының заңдар жинағын құрастыруға қатысқан билердің бірі
деп айтуға толық негіз бар.
ДЖИКСО әдісі бойынша Төле би туралы мәліметтерді игерту.
1-топ. Өмірбаяны
2-топ. Тауке ханның басқару кезінде
3-топ. Абылай ханның басқару кезінде
4-топ. Ескерткіштері.
Топтарға тапсырма:
Берілген мәліметтер бойынша әңгімелеудің тірексызбасын
дайындау.

Төле би өмірі мен шешендігі туралы бейнеролик тамашалау.
Шешендік сөздерінен үлгілер оқылады. Талданады.

Төле биге сипат беріңдер.
Шешендік сөз өнерінің ұлы тұлғасы тақырыбында ой толғау
жазыңдар.
Үйге тапсырма: Қазыбек би туралы мәлімет жинақтау. 90-94 беттер. Оқу.

9 ә сынып қазақ тілі күні:
Сабақ тақырыбы: Ауызекі сөйлеу стилі
Сабақ мақсаты: Күтілетін нәтиже: Қолданылатын Қамтылатын
әдіс-тәсілдер: модульдер:
Қазақ тіліндегі ауызекі Оқушылар қазақ Мозайка Оқыту мен оқудағы
сөйлеу стилі туралы тілінің құндылығы, тәсілімен топқа жаңа тәсілдер
түсінік беру;   оның терең тарихы, бөлу, Венн Диалогтік
оқушылардың қарым-қатынас және диаграммасы. оқыту, оқыту
ой-өрісін,сана-сезімін,белтәлім-т әрбие құралы үшін бағалау және
сенді ойлау дағдыларын екендігі туралы оқуды бағалау,
жандандырып,сыни біледі. оқытудағы
тұрғысынан ойлау Тілін сүйген азамат басқару және
материалдарын қолдана тәрбиесі. көшбасшылық,
отырып қызығушылығын талантты және
арттыру,білімін дарынды балаларды
дамыту,сауаттылыққа оқыту, АКТ
баулу,сабаққа пайдалану, сын
ынталандыру;оқушының тіл тұрғысынан
байлығын дамыту арқылы ойлауға үйрету,
тілдік құрлымдарды өз жас
бетінше талдап меңгере ерекшеліктеріне
білу,іс-әрекет,ізденімпазд сәйкес оқыту
ық дағдыларын
қалыптастыру.
Ресурстар: деңгейлік тапсырмалар, таратпа қағаздар, қосымша оқулықтар, маркерлер,
плакаттар, стикерлер
Сабақ барысы: Ұйымдастыру Оқушыларды Сыныпты сабаққа жұмылдыру.
кезеңі: барлау.
Жаңа тақырып: Түсіну:
Ауызекі сөйлеу стилі жөнінде мәлімет беру.
Ауызекі сөйлеу стилі өзіндік ерекшеліктерін жасайтын айрықша
белгісі жағдайға байланысты сөйлеу мәнері, эмоцияға қарай тілдік
бірліктерін қолдану өзгешелігі болады. Бұл ерекшелігі ең алдымен,
ондағы лексика-фразеология байқала ды;
а) ауызекі сөйлеу стилі диалогқа құрылады. Қатысушы екі
адам. Интонация ерекше қызмет атқарады. Сөйлеу тілінің тағы бір
ерекшеліті монолог (бір кісінің сөзі көпшілік алдында сөйлеу,
баяндама, дәріс, консультация);
ә) Ауызекі сөйлеу стилі ерекшеліктерінің екінші түрі онын
эмоциялылығы, өйткені айтушы өз эмоциясын сол сөздің аясына
сыйғызуға тырысады. Мыс., "Көбірек сөйлеп кетті" (бәсендеу түрі,
бірақ эмоция сезіледі), "Мылжыңдап кеттің ғой!" (эмоцияның катан
түрі);
б) Ауызекі сөйлеу стилі әдеби кейіпкердің сөйлеу ерекшелігі мен
мінезін таныту үшін ол өмір сүрген ортадағы жергілікті диалект
сөздерді стильдік мақсатта әдеби қолданады;
в) Ауызекі сөйлеу стилінде қыстырма, қаратпа, одағай сөздер жиі
қолданылады. Мыс., "Айналайын-ау, сені түсінеді деп айтып
отырмын". Сондай-ақ, сыйлау, құрметтеу, кішірейту, еркелету
амал-тәсілдері көбірек пайдаланылады;
г) Ауызекі сөйлеу стилі тілдің көркемдегіш бейнелеуші тәсілдері
де қолданылады (теңеу, эпитет, гипербола). Мыс., "Өгіздей біреу
алдымнан шыға келді";
т) Ауызекі сөйлеу стилі басқа стильдерден өзгешелігі мен
ерекшелігі, ең алдымен синтаксистен сөйлем құрылысынан байқалады.
Стильдің бул түрінде сұраулы, лепті сөйлемдер
катысады.Диалогке құрылады. Ауызекі сөйлеу тілінің стилі ой
көбіне автоматты түрде (аяқастынан) дайындықсыз айтылады.

Қолдану:
Венн диаграммасын құрғызу
Жазба тіл мен ауызекі сөйлеу тілінің айырмашылығын талдау.
Талдау:
55-жаттығу. Мәтіндегі ауызекі сөйлеу тіліне тән ерекшеліктерді
анықтаңдар.
Қарамен бірлген сөздерге морфологиялық тұрғыдан талдау жасаңдар.
56-жаттығу. Мәтінді оқып, құрмалас сөйлемдерді көшіріп жазыңыдар.
Түрін анықтаңдар.
Жинақтау, бағалау:
Ауызекі сөйлеу стилінің көркемшығармаларда қолдану мақсаты туралы
әңгімелеңіздер.

Үйге тапсырма: 57-жаттығу. Жазбаша.

9 ә сынып әдебиет күні:
Сабақтың тақырыбы: Шешендік сөздер. Қазіргі шешендік өнер.
Сабақтың мақсаты:Оқушылардың ауыз әдебиеті және оның түрлері туралы әдеби
білімдерін кеңейту, шешендік сөздер туралы мәлімет беру, билер мен
шешендердің сөздерін талдау.
Күтілетін нәтиже: шешендік сөздер туралы біледі. Қазақ шешендік өнерінің
тұлғаларын біледі.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: 1. Оқушылармен сәлемдесу.
2. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.
3. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.
ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру:
1. Шешендік сөздер туралы мәлімет беру.
Шешендік сөздер қазақ ауыз әдебиетінің күрделі де көркем бір саласы болып
табылады. Қазақтың дәстүрлі шешендік сөздерін: шешендік толғау, шешендік
арнау, шешендік дау деп шартты түрде үшке бөлуге болады. Шынайы шешендік
қиялдан тумайды, өмірлік оқиғалардан, табиғи құбылыстардан туады, көп
жылдық тәжірибе мен сан рет қайталау арқылы сыннан өтіп халық мойындаған
қағидаға, даусыз ақиқатқа айналады. Оның үстіне әр дәуірдің әр түрлі сөз
шеберлерінің талғамынан, толғауынан өтіп шешендік сөз “тілге жеңіл, жүрекке
жеңіл” тиетін сүйкімді үн мен ырғаққа ие болады. Шешендік сөздер үш түрлі
болады: кеңесу, билік және салтанатты сөз. Ал құрылысы жағынан кіріспе,
баяндау және қорытынды болып бөлімнен тұрады.
Шешендік сөздер - қазақ ауыз әдебиетіндегі шағын көлемді дидактикалық жанр.
Шешендік сөздер мазмұнына қарай 3 - ке бөлінеді: Шешендік арнау, шешендік
толғау, шешендік дау.
Шешендік арнауға қоғам мен заман өміріне байланысты өлеңдер, бата, тілек
жатады.
Шешендік толғау - қоғамды суреттейтін өлеңдер.
Шешендік даудың түрлері: жер дауы, жесір дауы, мал дауы, ар дауы, құл дауы.

Шешендік сөздер
(композициялық құрылымы жағынан)
1. Термелі сөз Пернелі сөз қара
өлеңмен жазылады сөзбен жазылады.

ІV. Жаңа сабақты бекіту.
1. Оқулықпен жұмыс.
а) Жиренше шешен, Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би әңгімелерін
мәнерлеп рөлге бөліп оқу.
ә) Жиренше шешеннің жауабын талдау.
Ағын судың өлгені -
Алты ай қыста қатқаны.
Асқар таудың өлгені -
Басын бұлттың жапқаны.
Ай мен күннің өлгені -
Еңкейіп барып батқаны.
Қара жердің өлгені -
Қар астында жатқаны.
Ажал деген атқан оқ,
Бір алланың қақпаны.
Дүниеде не өлмейді?
Жақсының аты өлмейді.
Ғалымның хаты өлмейді.

Қазыбек бидің толғауы
Өркенім өссін десең,
Кекшіл болма -
Кесапаты тиер еліңе.
Елім өссін десең,
Өршіл болма -
Өскеніңді өшірерсің.
Басына іс түскен пақырға
Қастық қылма -
Қайғысы көшер басыңа.
Жанашыры жоқ жарлыға
Жәрдемші бол асыға,
Қиын - қыстау күндерде
Өзі келер қасыңа.
Бүгін сағы сынды деп,
Жақыныңды басынба!

Әйтеке би
Суалмайтын суат жоқ
Тартылмайтын бұлақ жоқ,
Құйрығы суда тұрса да,
Уақытысы жеткенде
Құрамайтын құрақ жоқ.
Дүние деген фәни бұл,
Баласы жоқта мият жоқ.
Бәрінен де қиын сол екен,
Артында жанған шырақ жоқ...

3. Мәтінді нақышына келтіре мәнерлеп оқу.

4. Ойтолғау жазу.
Тарихта із қалдырған тұлғалар

5. Қазыбек бидің толғауымен Әйтеке бидің сөздерінен астарынан нені аңғаруға
болады?
б) Сұрақтарға жауап беру.

V. Үй тапсырмасын беру:
1. Шешендік сөздер
2. Жиренше шешен
3. Төле би.

11 ә сынып әдебиет күні:
Сабақ тақырыбы: М.Жұмабаев. Батыр Баян.
Сабақтың мақсаты:Поэмамен терең таныса отырып, шығармадағы Абылай, Баян,
Ноян, қалмақ қызы бейнелерін ашу, кейіпкерлер сипатын сан қырынан талдай
отырып, оларға баға бергізу.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру. Оқушылармен сәлемдесу, оқушылардың сабаққа қатысын тексеру,
зейіндерін сабаққа аудару.
ІІ. Негізгі бөлім.
Батырлық дегеніміз – жан дүниенің ұлы қасиеті.
Батыр Баян поэмасын құрылысына қарай талдау.
І. Шығарманың басталуы (неден?)
ІІ. Оқиғалар байланысы (Баян қайда, батырсыз соғысқа қалай барамыз?)
ІІІ. Дамуы (Ноянның 14 - тегі қалмақ қызын алып қашуы)
ІҮ. Шиеленісуі (Батыр Баян інісі Ноянды, қалмақ қызын атып өлтіреді).
Ү. Шешуі: Батыр Абылайға қарсы өзінің көзқарасын білдірді.
Баян қалмақтарға қарсы шықты.
Оқушыларға жалпы сұрақтар берілді.
- Поэма ұнады ма?
- Поэманың таңғалдырған тұсы.
- Қандай тарихи тұлғалар бар?
- Абылай хан туралы не білеміз?
- Поэмада Абылай қалай суреттеледі?
Оқушылар жауап берді.
Абылай саясаткер, дипломант, 1843 жылғы Жоңғария мемлекетінің әлсіреуіне
күш салды.
Дәптермен жұмыс.
Баян туралы білетіндерін жазу.
Тарихи дерек.
1710 - 1757 жылдар аралығында
өмір сүрген. Абылайдың серігі,
ағасы Сары екеуі, Қарағанды
облысында бейіті бар.
Поэма
Жаудың албастысы. Абылайдың
қанаты, қанды балақ серігі.
Ноянның ағасы, ел еркесі.
Ауқымды сұрақтарға кезек.
1) Егер сіз Баянның орнында болсаңыз, не істейсіз?
- Ноянды кері қайтарар едім.
2) Поэмада Баяннан кеткен қателік.
- Сұлу қызды еліне алып келуі.
3) Егер екі жасты Баян өлтірмесе олардың өмірі қалай болар еді?
- Екі жас бақытты өмір сүрер еді.
4) Шығармадағы ар - намыс мәселесі қалай көрініс табады?
- Батыр Баян ел намысы үшін туған бауырын өлімге қияды.

Пікірталас ұйымдастыру.
Баянның өз інісін өлтірмегені дұрыс болар ма еді? (дискуссия)

Ия (өлтірмегені дұрыс)
Қайырымды батыр болар еді
Жастардың ыстық ықыласына
бөленер еді.

Жоқ (өлтірмегені дұрыс емес)
Ағасын туған елі алдында қара
бет қылды. Ел намысын аяққа
таптады.

RAFT – әдісін пайдалана отырып кейіпкерлер бейнесіне ену. Бұл өз бетімен
шығармашылық жұмысқа жатады.
Үлгі: Бұл тапсырма алдын - ала берілді. Оқушылар үйден дайындалып келуі
керек.
Роль – қалмақ қызы
Аудитория – Баян
Форма – хат
Тақырып – кешірім

- Мен өмірімде үлкен қателік жібердім. Бұл ісіме әлі де өкінемін. Ноян бұл
іске лажсыз көнді. Оны өлім аузына өзім салдым.
- Сіздің де дәл осындай қатыгездікке баруыңызға кінәлі менмін. Сіздің
намысыңызға от салдым. Кешіріңіз мені, аға.
Роль – Батыр Баян.
Аудитория – Ноян.
Форма - әңгіме.
Тақырып – өкінген іс.

- Мен Баян батырмын.
Қазақта Батырды намыс өлтіреді деген сөз бар. Мен ел намысын қорғаймын
деп осындай құрбандыққа бардым. Мені мұндай жағдайға інімнің әрекеті
мәжбүрледі. Ол ел намысын аяққа таптады. Бұл ісімнің тым асығыстық екенін
кеш түсіндім. Артымнан ерген жалғыз бауырым еді. Орны толмас өкінішке душар
болдым. Бұл ісімнің ешқашан ақталмасын да білемін. Өмір бойы өзімді
жазалап, өкініп өтермін.

Шығарма кейіпкерлеріне 5 жолды өлең құрастыра отырып, мінездеме беру.

Сабақты қорытындылай келе, берілген жауаптарын қадағалай отырып оқушыларды
бағаладым.
Үйге тапсырма.
Мағжан шығармашылығы туралы Мағжан – сыршыл ақын атты ойтолғау жазу.

Сабақ тақырыбы: Лиро-эпостық жырлар. Қыз Жібек жыры
Сабақ мақсаты Күтілетін нәтижеҚолданылатын Енгізілген модульдер
әдіс-тәсілдер
Лиро – эпостық жырлар Дүние тану Топтық, жұптық Оқыту мен оқудағы
жайында мағлұмат жолындағы ой- талқылаулар. Белсендіжаңа тәсілдер
беру, Қыз Жібек, өрісін, қиялыныңоқыту әдісі. Диалогтік оқыту,
Баян сұлу- Қозы шамасын, еркін Сұрақ-жауап. Өзіндік оқыту үшін бағалау
Көрпеш, Айман- сөйлеуге, терең ізденіс тапсырмалары.және оқуды бағалау,
Шолпан жырларының ойлауға, әдеби оқытудағы басқару
тақырыбы мен идеясын тіл байлықтарын және көшбасшылық,
ашу. Қайталау арқылы дамытуға талантты және дарынды
естеріне тереңдете мүмкіндік жасау. балаларды оқыту, АКТ
түсіру, салу. пайдалану, сын
тұрғысынан ойлауға
үйрету, жас
ерекшеліктеріне
сәйкес оқыту
Сабақ барысы: Ұйымдастыру Үй жұмысын тексеру: Білу
кезеңі:
Оқушылар Батырлар жырының тақырыбы мен идеясы туралы
бір-біріне жылы баяндаңдар.
лебіз білдіреді.Қандай батырлар жырын білеміз?
Батырлар жырының құрылымы туралы
әңгімелеңіздер.
Жаңа сабақ: Түсіну:
Лиро-эпостық жырлар ғашықтық жырлар - лирикалық
әрі эпикалық шығарма. Оқиға желісі бірін-бірі құлай сүйген
екі жас арасындағы махаббатқа құрылады. Көпшілігінің
оқиғасы сүйгеніне қосылуды аңсаған, жастарға ескі салт-сана
қарсы тұрып, мерт қылумен аяқталады. Лиро-эпостық
жырларларда халықтың тұрмыс-салты,  әдет-ғұрпы, наным-сенімі
, көңіл-күйі көбірек суреттеледі.
Қолдану, Талдау:
Қыз Жібек жырының қысқаша мазмұны бойынша, лиро-эпостық
жыр екендігінің белгілерін анықтау ұсынылады.
"Қыз Жібек" жыры екі бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімінде
Төлегеннің Жібекке үйленуі әңгімеленсе, екінші бөлімде
Жібектің Сансызбаймен қосылғаны баяндалады. Екі бөлім - екі
оқиғаны жырлайды, бірақ сюжет біреу: жігіттің үйленуі.
"Қыз Жібек" эпосын махаббат гимні деудің әбден жөні бар.
Оның нағыз көркем туындыға айналу процесі жүріп жатқан
кезде, яғни ХVІ-ХVІІІ ғасырлардағы қазақ қоғамында жеке
бастың, сезімнің бостандығы, махаббат еркіндігі туралы
мәселе мұндай деңгейде ашық айтыла бермеген, ескі рулық
заманның неке мен отбасына қатысты ежеқабыл, қалыңмал, көп
әйел алу, әмеңгерлік сияқты салттары үстем болған. Солай
бола тұрса да, "Қыз Жібек" жырының шығуы сол дәуірдің
өзінде-ақ халықтың идеал туралы эстетикалық
пайым-түсінігінде белгілі бір дәрежеде өзгеріс болғанын
айғақтайды. Төлегеннің де, Жібектің де өзіне лайық жар
іздеуі, сүйіспеншілікпен үйленуді көздеуі - сол кезеңдегі
жастардың ойында, көкірегінде жүрген арманын, мұңын,
тілегін аңғартады. Жырдың ел арасында кең тарағанының бір
себебі осында болса керек.
Жинақтау:
Лиро-эпостық жыр мен батырлар жырын салыстыру.
Қыз Жібек жырының басты тақырыбы туралы әңгімелеңіздер.
Үйге тапсырма: Қыз Жібек жырын оқу, мазмұнын меңгеру.

9 ә сынып әдебиет
күні:
Сабақ тақырыбы: Шығарма. Қамбар батыр - халықтың қаһармандық жыры.
Сабақ мақсаты: Қамбар батыр жыры бойынша шығарма жаздыру. Оқушылардың
білімін бағалау, байқау, саралау.
Жазбаша көркем ой жеткізе білуге баулу. Көркемтілділікке баулу.
Батырлыққа, елін сүюге тәрбиелеу.
Сабақ барысы: І ұйымдастыру кезеңі:
Оқушыларды барлау. Сыныпты сабаққа жұмылдыру.
ІІ шығарма жазуға кіріспе:
Тақырыпты талдау.
Жоспарлау.
Жаздыру.

Қамбар батыр - халықтың қаһармандық жыры

Жоспары:
І. Ауыз әдебиетінің ерекше түрі – батырлар жыры.
ІІ. Қамбар батыр жыры.
1. Қазақ емес, сарт емес, 
    Қамбардың түбі ноғайлы. 
2. Қызықпастай қай адам,
Ол Назымның пашына.
3. Ұшқан құспен жарысқан.
ІІІ. Елдік, ерлік рухын асқақтататын Қамбар батыр жыры - әрбір ұрпақтың
рухани азығы.

Сабақты бекіту: Жырдағы жағымды және жағымсыз кейіпкерлерді атаңдар. Сипат
беріңдер.

Үйге тапсырма: Батырлар жыры. Қайталау.

Сабақ тақырыбы: Қамбар батыр. Ер қанаты.
Сабақ мақсаты Күтілетін нәтижеҚолданылатын Енгізілген модульдер
әдіс-тәсілдер
Батырлар жыры туралы Батырлар жыры Топтық, жұптық Оқыту мен оқудағы
оқушыларға жан-жақты туралы біледі. талқылаулар. Белсендіжаңа тәсілдер
түсінік беру. Қамбар батыр оқыту әдісі. Диалогтік оқыту,
Елін қорғау, Отанын, жырының Сұрақ-жауап. Өзіндік оқыту үшін бағалау
халқын сүю батырлар мазмұнымен танысізденіс тапсырмалары.және оқуды бағалау,
жырының басты болады. Жырдағы оқытудағы басқару
қасиеттері батыр бейнесінің және көшбасшылық,
екендігін оқушыларға жасалуын талантты және дарынды
ұғындыру талдайды. балаларды оқыту, АКТ
Адал және шыншыл болуға пайдалану, сын
тәрбиелеу. тұрғысынан ойлауға
үйрету, жас
ерекшеліктеріне
сәйкес оқыту
Сабақ барысы: Ұйымдастыру Үй жұмысын тексеру: Білу
кезеңі:
Оқушылар Топтық жұмыс
бір-біріне жылы Оқушыларды топтарға бөлу
лебіз білдіреді.Кім жылдам? сұрақ-жауап
Кейіпкерлер бейнесіне талдау
Топтық тапсырма мінездеме беру 
Жаңа сабақ: Түсіну:
Батырлар жырындағы жылқы сипаты.
Түн ұйықтамай, күндіз отырмай, тыным таппай жүрген
Күлтегіннің қанды шайқастардағы ең жақын көмекшісі, оның
мінген тұлпары болып көрінеді. Ер қанаты-ат екені
Күлтегін жырында да айтылады. Қанды шайқастарда Күлтегін
батыр өзінің жеңіске жетуінің бір себебі астындағы тұлпары
деп біледі.
Жиырма бір жасында,
Чача Сенүңмен айқастық,
Ең ілкі Тадықын чурдың,
Боз атын мініп шапты,
Ол ат сонда өлді.
Батыр бұдан кейін де талай-талай жаумен шайқасып, солардың
әрқайсысында әртүрлі алыптардың тұлпарына мініп шайқасқа
шығады. 

Қазақтың батырлық жырларында да батырдың жорыққа мінген
тұлпарлары да шайқас үстінде құлап, жаудан жарақаттанып
жататын сәттері болады. Мәселен, Тайбурыл Қобыландының
мінісіне шыдамай осылайша құлайды:
Екпіндеп шапқан Тайбурыл
Етпетінен жығылды.
Жығылғасын Қобыланды,
Аттан түсе қалады.
Болашақ батырдың шайқасқа шабатын тұлпарын тай кезінен
танып, түтікпенен су беріп, түндікпенен күн көрсетіп,
кекіл жалын тарап өсіреді.
Алпамыс батыр жырында да батырдың Шұбар атын суреттеуге
кең орын берілген. Алтын бауыр Шұбардың шабысын зор
шеберлікпен суреттей келіп:
Шын жүйрікке не сөз бар,
Тартылды жердің танабы.
Бір күн шапса Шұбар ат
Айшылық жолды алады, - дейді.

Қамбар батыр жырындағы тұлпар бейнесін талдау.
Үзінділер оқу.
Үйге тапсырма: Жылқы туралы мақал-мәтелдер жазу.

9 ә сынып әдебиет
күні:
Сабақ тақырыбы: Қамбар батыр жырындағы батыр бейнесі.
Сабақ мақсаты Күтілетін нәтижеҚолданылатын Енгізілген модульдер
әдіс-тәсілдер
Батырлар жыры туралы Батырлар жыры Топтық, жұптық Оқыту мен оқудағы
оқушыларға жан-жақты туралы біледі. талқылаулар. Белсендіжаңа тәсілдер
түсінік беру. Қамбар батыр оқыту әдісі. Диалогтік оқыту,
Елін қорғау, Отанын, жырының Сұрақ-жауап. Өзіндік оқыту үшін бағалау
халқын сүю батырлар мазмұнымен танысізденіс тапсырмалары.және оқуды бағалау,
жырының басты болады. Жырдағы оқытудағы басқару
қасиеттері батыр бейнесінің және көшбасшылық,
екендігін оқушыларға жасалуын талантты және дарынды
ұғындыру талдайды. балаларды оқыту, АКТ
Адал және шыншыл болуға пайдалану, сын
тәрбиелеу. тұрғысынан ойлауға
үйрету, жас
ерекшеліктеріне
сәйкес оқыту
Сабақ барысы: Ұйымдастыру Үй жұмысын тексеру: Білу
кезеңі:
Оқушылар Топтық жұмыс
бір-біріне жылы Оқушыларды топтарға бөлу
лебіз білдіреді.Кім жылдам? сұрақ-жауап
Кейіпкерлер бейнесіне талдау
Топтық тапсырма мінездеме беру 
Жаңа сабақ: І. Ұйымдастыру
І топ – Алпамыс батыр 
ІІ топ – Қобланды батыр 
ІІІ топ - Қамбар батыр 
ІІ. Өткен тақырыпты қайталау
Тапсырма №1
І Кім жылдам? сұрақ-жауап
ІІІ Жаңа сабақ
Тапсырма №2Тақырыпты оқып жұппен талдау, сұрақ қою. 
Мәтінмен жұмыс
І топ-Қамбар образы
ІІ топ-Назым образы 
ІІІ топ-Қараман мен Келмембет
Мазмұнын меңгеруге бағытталған өзіндік тапсырма
Басты эпизодтар :Назымның күйеу таңдауы
Сұрақтар –Назым кім?
Оның сипаты қалай берілген? 
Қамбарға Назымның ғашық болуы
Сұрақтар –Қамбар туралы хабарды қайда естиді?
Қамбар туралы жырда не айтылады? Оның сипаты жырда қалай
беріледі?
-Назымға неге қарамайды? Себебін айт. Жырдан үзінді келтір.
Поэмадағы басқыншылық саясаты 
-Қараман ,оның басқыншылары (Қалмақ батыры туралы өз
пікірің)
Қараманға қандай мінездеме берер едің?
Жырдан үзінді келтір .
Тапсырма №3 Үш топқа тақырыпты бөліп беріп, флипчартқа
ойларын бейнелеп түсіріп, постерді қорғайды. 
1 топ 
Халық алдында батырдың ,елім деген тұлғалардың міндеті
қандай?
II топ 
Назым-ел мәселесін саналы түрде ашық айтқан қыз
III топ
Қараман –басқыншылық өкілі.
Үйге тапсырма: Жырдағы Назым бейнесі.

9 ә сынып әдебиет
күні:
Сабақ тақырыбы: Қамбар батыр жыры
Сабақ мақсаты Күтілетін нәтижеҚолданылатын Енгізілген модульдер
әдіс-тәсілдер
Батырлар жыры туралы Батырлар жыры Топтық, жұптық Оқыту мен оқудағы
оқушыларға жан-жақты туралы біледі. талқылаулар. Белсендіжаңа тәсілдер
түсінік беру. Қамбар батыр оқыту әдісі. Диалогтік оқыту,
Елін қорғау, Отанын, жырының Сұрақ-жауап. Өзіндік оқыту үшін бағалау
халқын сүю батырлар мазмұнымен танысізденіс тапсырмалары.және оқуды бағалау,
жырының басты болады. Батырлар оқытудағы басқару
қасиеттері жырының және көшбасшылық,
екендігін оқушыларға тәрбиелік мәнін талантты және дарынды
ұғындыру аша алады. балаларды оқыту, АКТ
Адал және шыншыл болуғаКөркем оқу пайдалану, сын
тәрбиелеу. дағдысы тұрғысынан ойлауға
қалыптасады. үйрету, жас
ерекшеліктеріне
сәйкес оқыту
Сабақ барысы: Ұйымдастыру Үй жұмысын тексеру: Білу
кезеңі:
Оқушылар Батырлар жыры дегеніміз не? Қандай батырлар
бір-біріне жылы жырымен таныс болып едік? Қобыланды
лебіз білдіреді.батыр, Алпамыс батыр жырларының мазмұнын
еске түсіру.
Батырлар жырының идеясы, тақырыбы не?
Жаңа сабақ: Сабақ критерийі:
Батырлар жыры туралы білу.
Батырлар жырынң тақырыбы мен идеясын білу.
Қамбар батыр жырының мазмұнын меңгеру.

Енді “Қамбар батыр” сөзіне түсінік берейік, жұпта ой
толғау. Батыр сөзіне түсінік: ойларын тізбектеп жазамын:
ер, ерлік, ер жүрек, жауынан қорықпайды, жалғыз жауға
шабады, мықты т.б. Қамбар батыр жыры туралы айтып,суретін
көрсетемін, не байқағандарын сұраймын, ... жалғасы
Ұқсас жұмыстар
Қазақ әдебиетінен үй тапсырмасын берудің тиімділігі
Математикадан факультативтік сабақтар
Зоология пәнінен сабақтар жоспарлары
Саясаттану пәнінен сабақтар
Ашық экономика
Экология пәнінен лекциялық сабақтар тезисі
Математикадан факультативтік сабақтар өткізу әдістері
Сауат ашу - практикалық (семинар) сабақтар
Кiшi ашық экономика
Орыс тілінде оқытатын мектептерде қазақ тілі мен әдебиетінен 9-сыныптарға арналған мазмұндама жинағы
Пәндер

Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор №1 болып табылады.



WhatsApp: 777 614 50 20
Email: info@stud.kz
Көмек / Помощь
Арайлым
Біз міндетті түрде жауап береміз!
Мы обязательно ответим!
Жіберу / Отправить

Рахмет!
Хабарлама жіберілді. / Сообщение отправлено.

Email: info@stud.kz

Phone: 777 614 50 20
Жабу / Закрыть

Көмек / Помощь