Теодолиттік түсіріс, оның мәні және жұмыс тәртібі


Теодолиттік түсірістің мәні. Белгілі бір жер территориясының жай-жапсарын 1:500- 1:5000 масштабтағы пландарда жер бедерінсіз кескіндеу үшін жүргізілетін горизонталь түсіріс теодолиттік түсіріс деп аталады.

Осы жұмыстарда бұрыш өлшеуіш аспабы ретінде теодолит қолданылады, ал ара қашықтықты өлшеу үшін ленталар (рулеткалар) және оптикалық қашықтық өлшеуіштер пайдаланылады. Теодолиттік түсіріс геологиялық барлауда, тау-кен ісінде, ауыл шаруашылығында, құрылыста т. с. с. пайдаланылатын мәліметтерді алу үшін жүргізіледі.

Теодолиттік түсіріс үшін тірек жүйесі әдетте теодолиттік журістер жүйесі түрінде құрылады да, олардың нүктелерінен ситуацияны түсіре отырып, қажетті нүктелердің орнын полярлық әдіспен, перпендикулярлар және жарма әдістерімен, сонымен қатар әр түрлі бұрыштық және ұзындық қиыстырулар көмегімен аныктайды.

Теодолиттік тусіріс дайындық, далалық және ғылыми еңдеу жұмыстарынан тұрады.

Дайындық жұмыстары кезінде жергілікті жердің жай-жапсарын кескіндеудің қажетті дәлдігіне сүйеніп, түсірістің масштабын таңдайды да, қолдағы бар картографиялық материалдарды (планды, картаны және профильді) мұқият қайта қарап зерттейді. Егер түсіріс жургізілетін ауданда геодезиялық тірек жүйесінің пункттері болса, онда олардың орналаскан жерінің схемасын жасап, каталогтан координаталарын жазып алады.

Далалық жұмыстардың құрамына мынадай жұмыстар енеді: 1) жергілікті жерді рекогносцировкалау және пункттерді бекіту; 2) түсірістің пландық негіздеуін жасаған кезде бұрыштарды және сызықтардың ұзындығын өлшеу; 3) жергілікті жердін контурын түсіру; 4) түсіріс негіздеуінің пункттерін мемлекеттік немесе жергілікті жүйе пункттеріне байланыстыру.

Рекогносцировка кезінде геодезиялық тірек жүйесінің пункттері ізделініп табылады және жүргізілетін теодолиттік жүрістердің неғұрлым қолайлы орындары белгіленеді. Рекогносцировканың натижесін ірі масштабтағы немесе жұмыс барысында жасалған схемаға түсіреді.

http://mybiblioteka.su/mylektsiiru/baza5/1039502617609.files/image092.jpg

Жергілікті жерде теодолиттік жүрістерді жүргізу. Теодолиттік жүрістер түйықталған, тұйықталмаған және бір жағы байланыстырылған болуы мүмкін. Тұйықталған теодолит-тік жүріс (60, а-сурет), әдетте, геодезиялық негіздеудің пунктіне байланысқан тұйық көпбұрыш түрінде болады. Тұйықталмаған

жүрістер (60, б-сурет) басы мен аяғында геодезиялық негіздеудің координаталары белгілі пункттеріне тірелуі тиіс. Бір шеті геодезиялық негіздеудін пунктіне байланыстырылып, ал екінші шеті еркін қалса бұл жүріс бір жағы байланыстырылған жүріс (60, в-сурет) деп аталады.

Толықтыру түрістері. Толықтыру түсірістері теодолиттік жүрістердің пункттерінен жүргізіледі. Ол берілген тапсырмаға және қабылданған масштабқа байланысты планда кескінделетін әрбір контурдың және ситуацияның барлық нүктелерінін орнын анықтайтын өлшеулерден тұрады.

Перпендикулярлар әдісі аныкталатын нүктеден теодолиттік жүрістің қабырғасына түсірілген жергілікті жердегі перпендикулярдың ұзындығын және жүрістің нүктесінен перпенднкулярдың табанына дейінгі ара қашықтықты өлшеуден тұрады (61, а-сурет) . Қысқа перпендикулярлар көз мөлшерімен, ал ұзындары-эккердің көмегімен тұрғызылады. Эккер үшқырлы призма болып табылады, оның екі кыры теодолиттік жүрістін кабырғасына перпендикулярларды түсіретін және көз алдына келтіретін айна қызметін атқарады.

Жармалар әдісі теодолиттік жүрістің қабырғаларына тірелетін сызықтардың жармаларын немесе тірек нүктелерінің жармасында орналасқан нүктелерді түсіруде қолданылады (61, г-сурет) . Бұл әдіс кесінді сызықтардың шеткі нүктелерінің арасында көрінушілік болған жағдайда пайдаланылады. Жармалар әдісі кұрылыс салынған аймақтарды түсіруде кең қолданылады, әрі перпендикулярлармен ұзындық қиылыстыру әдістерімен жиі ұштастырылады.

Бұрыштық қиылыстыру әдісі , әдетте жетуі қиын нүктелерді түсіру үшін қолданылады (61, в-сурет) . Нүктенің орны теодолиттік жүрістің нүктелерінен немесе қабырғаларында орналасқан нүктелерден өлшенілетін екі бұрышпен анықталады. Анықталатын нүктедегі бұрыштың шамасы 30°-150° аралығында болуы тиіс. Нүктенің кескінін салу транспортирмен жасалынады, олардың қиылысқан жері тиісті нүктенің орны болып табылады.

Г еодезиялық тура есеп. Белгілі бір жердегі геодезиялық өлшеулердің нәтижесінде бұрынғы нүктенің коордннаталарына сүйеніп басқа нүктелердің координаталарын анықтау қажеттігі туады. Мысалы, нүктенің x және y координаталары, 1-нүктеден 2-нүктеге дейінгі горнзонталь ара қашықтығы және 1-2 сызығы бағытының дирекцнондық бұрышы α 1-2 берілсін. Екінші нүктенің х 2 және y 2 координаталарын табу керек болсын. Осы тұрғыда координаталардың берілуі геодезиялық тура есеп деп аталады. http://mybiblioteka.su/mylektsiiru/baza5/1039502617609.files/image098.jpg

1- және 2-нүктелерін координаталар осіне проекциялаймыз

http://mybiblioteka.su/mylektsiiru/baza5/1039502617609.files/image100.jpg

Осындағы келесі және бұрынғы нүктелердің координаталарының айырымы (∆х және ∆у) координаталар өсімшелері деп аталады. Олар

d 1-2 кесіндісінің координаталар осіндегі проекциялары болып табылады. 1-2-2' үшбұрышынан мынаны табамыз:

http://mybiblioteka.su/mylektsiiru/baza5/1039502617609.files/image102.jpg

Дирекциондық бұрыштардың (α) әр түрлі мәндері үшін ∆х және ∆у өсімшелерінің таңбалары кестеде келтірілген.

http://mybiblioteka.su/mylektsiiru/baza5/1039502617609.files/image104.jpg Демек, координаталар өсімшелерін біле отырып, 2-нүктенің координаталарын мына формулалар бойынша анықтауға

болады:

http://mybiblioteka.su/mylektsiiru/baza5/1039502617609.files/image106.jpg

Сонымен, келесі нүктенің координаталары бұрынғы нүктенің координаталарына және координаталар өсімшелерінің қосындысына тең.

Геодезиялық кері есептің шешуі. Қесіндінің екі шетінің тікбұрышты координаталары аркылы осы кесіндінің ұзындығы мен дирекциондық бұрышын анықтайтын болсақ, онда бұл есеп геодезиялық кері есеп деп аталады. Мұндай есеп геодезияда барлау кезіндегі бұрғылау скважиналарының арасындағы ара қашықтыкты анықтауда жиі кездеседі.

http://mybiblioteka.su/mylektsiiru/baza5/1039502617609.files/image108.jpg А және В кесінділеріндегі екі бұрғылау скважиналарыньщ ко-ординаталары берілген. Осы А және В нүктелеріндегі скважиналардың ара қашықтығы АВ= d мен АВ бағытының дирекциондық бұрышын ала аныктау қажет болсын. Тікбұрышты АаВ үшбүрышынан:

http://mybiblioteka.su/mylektsiiru/baza5/1039502617609.files/image110.jpg

Мұндағы

Ва=∆у=у В - у А ; Аа=∆х=х В - х А (105) болғандықтан

http://mybiblioteka.su/mylektsiiru/baza5/1039502617609.files/image112.jpg

Дирекциондық бұрыштың мәнін анықтаған кезде координаталар өсімшелерінің таңбаларын ескерген қажет.

Скважиналар арасындағы ара қашықтықты d тексеру мақсатында мына формулалардың көмегімен екі рет есептеп шығарылады:

http://mybiblioteka.su/mylektsiiru/baza5/1039502617609.files/image114.jpg

Бұдан басқа, ара қашыктықтың d мәнін тікбурышты үшбұрыштан Пифагор теоремасы бойынша есептеп шығаруға болады

http://mybiblioteka.su/mylektsiiru/baza5/1039502617609.files/image116.jpg

Тахеометрлік түсіріс - топографиялық түсірістің бір түрі. Бұл түсірістің нәтижесінде ситуация мен рельеф бейнелегне план алынады. «Тахеометрия» сөзі греу тілінен аударғанда «тез өлшеймін» деген мағынаны береді. Бұл түсірісте жер бетіндегі әр нүктенің пландық және биіктік орнын көру дүрбісін рейкаға бір рет қана қаратып анықтайды, мұнда бір мезетте арақашықтықты, горизонталь бұрыштарды және вертикаль бұрыштарды немесе өзара биіктікті өлшеп алады. Ос себептен өлшеуге кететін уақыт азайып, өлшеу жылдамдығы артады. Тахеометрлік түсірістің аспаптарына теодолиттермен қатар, тахеометр деп аталатын арнаулы аспаптар жатады.

Тахеометрлік түсірістер кішігірім жердің ірі масштабты планын алу үшін қолданылады. Құрылыс салынған жерлерді, жол ізденістерінде трасса бойын түсіргенде және т. б. бұл түсірісті қолдану тиімді.

Тахеометрлік түсірісте өзара биіктікті анықтау үшін тригонометриялық нивелирлеу әдісі қолданылады.

Тригонометриялық нивелирлеуде өзара биіктіктің формуласы

h=d*tgv+i-l+f

ал егер рельефтің өзгерісі бірқалыпты болса, жердің қисықтығы және рефракция ескерілмесе (d<300м) f=0 және көздеу биіктігі l мен аспап биіктігінің і шамасын теңестірсе, яғни айтқанда i=l онда

h=d*tgv

тахеометрлік түсірісте арақашықтық жіптік қашықтық өлшеуішпен өлшенеді, оның анықтау формуласы

D=Cn+c

Егер көздеу өсі горизонтпен v бұрышын құраса, онда оның анықтау формуласы d=D*cos 2 v

h=1/2D*sin2v

Горизонталь арақашықтықтың d және өзара биіктіктің h шамалары тахеометрлік таблицалардың көмегімен немесе калькулятор арқылы есептеледі.

Номограммалық тахеометр аспабын ТН қолданғанда өзара биіктік пен горизонталь қашықтық тікелей вертикаль рейкамен және дүпбінің ішіндегі номограммамен анықталады.

Тахеометрлік түсірістің ізденіс кезіндегі негізгі түсіру масштабтары: 1:500, 1:1000 және 1:2000. Бұл масштабтар қызметіне, жобалау кезеңіне, сондай-ақ рельефтің және ситуацияның өзгеруіне байланысты таңдалынады.

Тахеометрлік түсірісті орындау үшін келесі аспаптар қолданылады: теодолиттер Т15, Т15К(компенсаторлы), Т30, 2Т30, 2Т30П;

тахеометрлер: номограммалық: ТН, DALTHA-010, DALTHA-020; электрондық: - Та-3, Та-5, RECOTA, RETA, ТС-307, ТРК-110;

тахеометрлік және нивелирлік рейкалар; тахеометрлік қадалар; жер өлшейтін ленталар мен рулеткалар.

Тахеометрлік түсірістің пландық-биіктік негіздері. Пландық - биіктік негіздері немесе түсіру нүктелері арқылы жер бетінің рельефі мен ситуациясы толық түсіріледі, бұл негіздер екі әдіспен құралады:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Геодезиялық өлшеулер туралы түсінік
Айрықша сызықтар, айрықша нүктелер
Студенттің практикаға тапсырмасы
Координаталар өсімшелері
«мақташы» мектебінің құрлыс барысы
Жерге орналастыру мен кадастрдағы геодезиялық жұмыстардың құрамы
Геодезиялық практика материалдары
Геодезия (сұрақ-жауап)
Теодолиттердің жіктелуі
Кадастр жұмыстарын геодезиялық қамтамасыз ету
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz