Топырақтану және топырақ географиясы



I.Кіріспе [1.2]
II.Негізгі бөлім[2.5]
1. Табиғаты
2. Геологиясы мен кен байлықтары
3. Топырағы, өсімдік және жануарлар дүниесі
III.Қорытынды[6]
Қазақстан аумағы жағынан ірі ел, оның жер көлемі Англиядан 11 есе үлкен. Ұлан-байтақ территориясы терістіктен оңтүстікке қарай 1600 км, шығысынан батысына қарай 3000 км жерге созылып жатқан кеңістікті алып жатыр. Республика ТМД елдері ішіндегі Ресейден кейін 2-ші орында. Бейнелеп айтқанда Қазақстан жеріне Армения сияқты 90 республика еркін сиып кетеді. Халқының саны жөнінен әлемде 80 орында болып, жер көлемі жөнінен кең байтақ 10 елдің қатарында. Әлем халқының 0,3 пайызын құрай отырып, Қазақстан жер шарының 2 пайызын алып жатыр. Осындай кең байтақ өлкенің бір бөлігін құрайтын оңтүстік өлке. Оңтүстік Қазақстан облысында жазықтар мен ойпатты жерлер, құмды өлкелер, биіктігі әртүрлі таулар кездеседі. Бұл аймақтағы жер бедерінің әртүрлілігі тек климатына әсер етіп қоймай топырағының қалыптасуына да септігін тигізеді. Осыған орай Оңтүстіктегі топырақтардан жазық аймақтың жазық аймақ топырақтары және таулы аймақтың топырақтары деп жіктей аламыз. Оңтүстік Қазақстан облысының территориясы шөл зонасының оңтүстігінде жатыр. Бұл зонада Оңтүстік Қазақстан облысымен бірге Батыс Қазақстан облысының біраз жері, Атырау, Маңғыстау, Қызылорда облыстары түгелімен Ақтөбе, Қостанай, Ақмола, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының біраз жерлері, Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарының басым көпшілік жерлері орналасқан.Бұл алқапта ауадан түсетін ылғал мөлшері өте аз, ылғалдану коэффициенті 0,1 – 0,05-ке дейін кемиді. Жылына түсетін ылғалдың мөлшері 80 – 150 мм-дей.Үсіксіз уақыттың ұзақтығы 170 – 220 күнге жетеді. Күннің бұлтсыз, ыстық 10 градустан жоғары болатын температура қосындысы Түркістан маңында 4700 градусқа жетеді. Бұл аймақ нағыз шөлдің өзі. Жерге тек ерте көктеммен күздің соңғы айларында ылғал түседі. Сондықтан, өсімдік тіршілігінде 2 биологиялық тыныштық кезең өтеді, оның біріншісі қыстың суық, екіншісі жаздың құрғақ кезінде болады. Өсімдіктер табиғаттың осындай қысымшылдығына бейімделген. Онда өсетіндер: сирек шығатын бұташалар, жусан және кейбір сортаңданған, сорланған топырақтарға бейімделген шөптер. Өсімдік сирек шығатындықтан олардың топырақта қалдыратын қалдықтары мардымсыз.
1.Жамалбеков Е.,Білдебаева Р. Топырақтану және топырақ географиясы мен экологиясы оқу құралы-Алматы:Қазақ Университеті,2000.
2. Жамалбеков Е.,Білдебаева Р. Жалпы топырақтану және топырақ географиясы оқу құралы-Алматы:Қазақ Университеті,1997
3.Мотузова Г.В.,Безуглова О.С. Топырақтың экологиялық мониторингі оқуқұралы Алматы 2013
4.Қабышева Ж.К.Топырақтану оқу құралы Алматы 2013

Пән: География
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Жоспары:
I.Кіріспе [1-2]
II.Негізгі бөлім[2-5]
1. Табиғаты
2. Геологиясы мен кен байлықтары
3. Топырағы, өсімдік және жануарлар дүниесі
III.Қорытынды[6]

Қолданылған әдебиеттер тізімі:\
1.Жамалбеков Е.,Білдебаева Р. Топырақтану және топырақ географиясы мен экологиясы оқу құралы-Алматы:Қазақ Университеті,2000.
2. Жамалбеков Е.,Білдебаева Р. Жалпы топырақтану және топырақ географиясы оқу құралы-Алматы:Қазақ Университеті,1997
3.Мотузова Г.В.,Безуглова О.С. Топырақтың экологиялық мониторингі оқуқұралы Алматы 2013
4.Қабышева Ж.К.Топырақтану оқу құралы Алматы 2013

Кіріспе
Қазақстан аумағы жағынан ірі ел, оның жер көлемі Англиядан 11 есе үлкен. Ұлан-байтақ территориясы терістіктен оңтүстікке қарай 1600 км, шығысынан батысына қарай 3000 км жерге созылып жатқан кеңістікті алып жатыр. Республика ТМД елдері ішіндегі Ресейден кейін 2-ші орында. Бейнелеп айтқанда Қазақстан жеріне Армения сияқты 90 республика еркін сиып кетеді. Халқының саны жөнінен әлемде 80 орында болып, жер көлемі жөнінен кең байтақ 10 елдің қатарында. Әлем халқының 0,3 пайызын құрай отырып, Қазақстан жер шарының 2 пайызын алып жатыр. Осындай кең байтақ өлкенің бір бөлігін құрайтын оңтүстік өлке. Оңтүстік Қазақстан облысында жазықтар мен ойпатты жерлер, құмды өлкелер, биіктігі әртүрлі таулар кездеседі. Бұл аймақтағы жер бедерінің әртүрлілігі тек климатына әсер етіп қоймай топырағының қалыптасуына да септігін тигізеді. Осыған орай Оңтүстіктегі топырақтардан жазық аймақтың жазық аймақ топырақтары және таулы аймақтың топырақтары деп жіктей аламыз. Оңтүстік Қазақстан облысының территориясы шөл зонасының оңтүстігінде жатыр. Бұл зонада Оңтүстік Қазақстан облысымен бірге Батыс Қазақстан облысының біраз жері, Атырау, Маңғыстау, Қызылорда облыстары түгелімен Ақтөбе, Қостанай, Ақмола, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының біраз жерлері, Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарының басым көпшілік жерлері орналасқан.Бұл алқапта ауадан түсетін ылғал мөлшері өте аз, ылғалдану коэффициенті 0,1 - 0,05-ке дейін кемиді. Жылына түсетін ылғалдың мөлшері 80 - 150 мм-дей.Үсіксіз уақыттың ұзақтығы 170 - 220 күнге жетеді. Күннің бұлтсыз, ыстық 10 градустан жоғары болатын температура қосындысы Түркістан маңында 4700 градусқа жетеді. Бұл аймақ нағыз шөлдің өзі. Жерге тек ерте көктеммен күздің соңғы айларында ылғал түседі. Сондықтан, өсімдік тіршілігінде 2 биологиялық тыныштық кезең өтеді, оның біріншісі қыстың суық, екіншісі жаздың құрғақ кезінде болады. Өсімдіктер табиғаттың осындай қысымшылдығына бейімделген. Онда өсетіндер: сирек шығатын бұташалар, жусан және кейбір сортаңданған, сорланған топырақтарға бейімделген шөптер. Өсімдік сирек шығатындықтан олардың топырақта қалдыратын қалдықтары мардымсыз. Сондықтан, топырақта қарашірік аз. Оның мөлшері топырақтың беткі қабатында небары 1 - 1,5 % . Осының салдарынан топырақтың түсі бозғылт тартып, өзін түзген тау жынысына ұқсайды. Бұл зона екі зонашаға бөлінеді: а) сор шөпті жусан өсетін құба топырақтар, терістік шөл; б) жусанды сор шөптер өсетін сұр - құба топырақтар, орталық шөл. сонымен қатар, 2 зонашада да, әсіресе, соңғысында тақыр түсті топырақтар мен тақырлар, үгілме құмдар және сорланған жерлерде көптеп кездеседі.Аймақ негізінен шөл жайылымына қолайлы. Мұнде тек суармалы егістіктен ғана өнім алады. Өзен бойларында орналасқан тақыр түстес топырақтар күріш егуге ыңғайлы. Топырақ құнарлығы аз болғандықтан, суарған кезде азоттың фосфорлы және органикалық тыңайтқыштарды қолдану керек. Шөл аймағы Қазақстандағы ең мол жерді алып жатыр. Оның көлемі 119 млн.га, яғни республика территориясының 44% -- на жуық.Жалпы жартылай шөл мен шөл зоналарын сипаттай келіп, ол алқаптарды өнімсіз, құнарсыз деп айтуға әсте болмайды. Өйткені, осы жердің ыстығына бейім сорланған топырақта өсетін сор шөптерді қой малы, оның ішінде әсіресе қаракөл қойлары, "шөл кемесі" атанған түйе малдары сүйсіне жейді. Ал мұнда қолдан су беріп, мелиорация шараларын қолданған кезде, шөлдің ұзақ күнін ұнататын кейбір қымбатты дақылдар, суға да қанығып, мол өнімдер береді. Дегенмен, осыған қарап, барлық шөл жерлерді бау - бақшаға айналдыруға болады деген қиялға берілмеген абзал. Себебі, қоғам үшін шөлдер қоғамға шөл күйінде қажет. Табиғатта бір жер шөл болып, екінші жері көл болып бірін - бірі толықтыратын, бірін - бірі теңгеретін заңдылық бар.
Табиғаты .Оңтүстік Қазақстан территориясында жазықтық жерлер тауларға қарағанда көп. Оңтүстік Қазақстан облысында ірі таулар Қаратау, Қазығұрт, Өгем таулары. Оңтүстік Қазақстан облысының жер бедері негізінен жазық (орташа биіктігі 200 - 500 м). Солтүстігінде тасты-сазды Бетпақдала шөлінің оңтүстік-батысы, Ащыкөл ойысы, Тоғызкентау жоны, Шу өзенінің төменгі ағысы және Мойынқұм құмды алқабының батыс бөлігі орналасқан. Облыстың орталық бөлігін Қаратау жотасы солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай екіге бөліп жатыр. Оның ең биік жері - Бессаз (Мыңжылқы) тауы (2176 м). Қаратаудың оңтүстік-шығысында Боралдай (1400 - 1600 м) жотасы орналасқан. Облыс жерінің оңтүстік-шығысын Батыс Тянь-Шань-ның сілемдері (Өгем жотасы), Қаржантау (2800 - 2900 м), Қазығұрт тауы (1700 м), Талас Алатауының батыс сілемдері - Кіші Ақсу (2577 м), Алатау (3137 м) таулары қамтиды. Облыстың ең биік жері - Сайрам шыңы (4299 м). Оңтүстік-батысында Қызылқұм құмы, Қарақтау тауы (388 м), оңтүстігінде Шардара даласы, Ызақұдық құмы, Қауынбай молда (321 м), Белтау (592 м) жоталары, қиыр оңтүстігін Мырзашөл алып жатыр.
Геологиясы мен кен байлықтары.Облыс жерінің көпшілік бөлігі Тұран[ плитасының құрамына кіреді. Геологиялық құрылымы негізінен кембрийлік, девондық, тас көмірлік жыныстардан (тақтатас, құмтас, әктас), таулы бөлігі төменгі палеозойлық жыныстардан (құмтас, гранит, конгломерат, жоталар аралығындағы ойыстар девонның қызыл түсті шөгінділеріне толған) түзілген. Жер қойнауынан полиметалл, қоңыр көмір, темір, уран кентастары, фосфорит, вермикулит, тальк, барит, гипс, отқа төзімді саз, әктас, гранит, мәрмәр, кварц, т.б. кен байлықтары барланған. Қаратауда Ащысай, Мырғалымсай, Байжансай қорғасын-мырыш кеніштері 20 ғасырдың 40- 40-жылдарынан жұмыс істейді. Республикада уран кентастарының қоры жағынан бірінші орын, фосфорит және темір кентасының қоры жағынан үшінші орын алады.
Топырағы, өсімдік және жануарлар дүниесі.Облыстың жазық бөлігінде топырақ жамылғысын сұр, сортаңды сұр, бозғылт сұр, құмды, құмдақты топырақ құрайды. Тау етегінде шалғындық, таудың қызыл қоңыр топырағы таралған. Негізінен шөл белдеміне тән өсімдік жамылғысы қалыптасқан. Сексеуіл, жүзгін, жусан, күйреуік, бұйырғын, ши, жантақ, еркекшөп; Сырдария, Шу өзенінің аңғарларында жиде, жыңғыл, тал; тау етегінде бетегелі-жусанды дала, тауларында жеміс ағаштары, арша, альпілік шалғын өседі. Жануарлардан қасқыр, түлкі, қоян, қарсақ, елік, арқар, таутеке, жабайы шошқа, қоңыр аю, барыс, сусар, борсық, шөлді аймақтарда бауырымен жорғалаушылардың түрлері тіршілік етеді. Құстардан ұлар, кекілік, бүркіт, шіл, торғайдың көптеген түрлері мекендейді. Табиғи өсімдіктерді, жануарлар дүниесін сақтап қалу үшін Төле би, Түлкібас аудандары аумағында мемлекеттік Ақсу-Жабағылы қорығы (1926) ұйымдастырылған.
Таулы алқаптарда ені әр жерде әртүрлі батыстан шығысқа қарай созылған тау етегіндегі шөлді дала зонасы - белдеуі орын алған. Жазықтықтағы шөлді дала зонасына қарағанда тау етектерінде жатқандықтан бұл аймақтың табиғи жағдайы өзгеше келеді. Бұл беулік таулық белдеулік зонасының ең төменгі сатысы. Сондықтан бұл алқапты пайдалану жағдайы да басқаша.
Топырақ жамылғысы табиғаттың зоналық заңына сәйкес таралатындықтан аумағында биік таулы салқын альпілік топырақтардан бастап тау бөктерлеріндегі әртүрлі қоңыр және сұр топырақтарға жалғасып, терістік және терістік-батыс аймақтарындағы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан топырақтарының қазіргі экологиялық жағдайлары
Топырақ бонитетінде сандық көрсеткіштері
Экология пәні бойынша Обсөж сабақтарының әдістемелік нұсқауы
Топырақтың минералдық құрамы
Топырақ жамылғысы. Топырақтың ауданы экономикалық қызметке байланысты деградацияға ұшырауын қарастыру
Докучаевтың топырақтану ғылымына салған үлесі
Топырақтардың табиғатта таралу заңдылықтары мен оның құрылымы
Топырақтың сіңіру қасиеті
Топырақ ғылымының даму тарихы
Зоналық топырақтар
Пәндер