ЭЕМ құрылымы


Сканер

Сканер Компьютерге мәтінді немесе бейнені енгізу жиі кездеседі. Көп жағдайда мәтінді енгізу пернетақтаның көмегімен жүзеге асырылады, бірақ бұл көп еңбек пен уақытты қажет етеді. Қолданушылар қазіргі кезде сканер құрылғысын пайдаланады. Сканер - электронды механикалық құрылғы. Сканерді планшетті, барабанды және қолмен басқарылатын деп бөлуге болады. Планшетті сканер бейнені оригиналдан ғана сканерлейді. Барабанды сканер факсте қолданылса, ал қолмен басқарылатын сканер оригиналды кез-келген бағытқа айналдырады. Сканерді қолданушылар өз үйінде де қолдана алатын деңгейге жетті. Саудада сканерлердің түрлі модельдері кездеседі. Олар бағасымен, программамен жабдықтауымен, интерфейсімен және технологиясымен бір-бірінен айрықшаланады.

Сканер Жұмыс істеу принциптері Барлық түрлі сканердің жұмыс істеу принциптері бірдей. Сканерленетін объект фотоқабылдағышқа келіп түседі. Түрлі-түсті сканердің ақ-қара түстен еш айырмашылығы жоқ.

1. Пластмасса корпусындағы сканерлейтін механизм,

2. Программалық бөлігі - TWAIN драйвері.

Ол тек сканермен ғана емес, басқа программалармен және ОЖ-мен түгелімен байланыстырады. Сканер компьютердің стандартты құрылғысы емес, сол себепті оған драйвер орнатылады. Әр модельдің өзінің драйвері болады. Сканерлерде стандартты драйвер болмайды. Планшетті сканер тікбұрышты формада пластмассадан жасалады. Корпустың ішкі жағында қозғалмалы каретка орналасқан. Сканерде түстердің 4 типі қолданылады: ϖ газоразрядты лампалар - жоғары сәулелі жылдамдықпен жұмыс істейді және ұзақ уақыт қызмет көрсетеді, бірақ энергияны көп тұтынады. ϖ «ыстық» катодты лампалар - бірдей спектрде сәуле береді, аз уақыт қызмет көрсетеді (шамамен 1 000 сағат) . Сканер жұмыс істеп тұрғанда лампа өшірілмеуі керек. ϖ «салқын» катодты лампа - өте ұзақ уақыт қызмет көрсетеді (5-тен 10 мың сағат), төмен жұмыс температурасы энергияны көп қажет етеді. Светодиодтар - энергияны аз тұтынады. СІS-сканерінде қолданылады. Қазіргі сканерлерде 3 түрлі светодиодтар жоғарғы жиілікте пайдаланылады. Сканерленетін бейненің сапасы оның түсінің қанықтылығына және динамикалық диапазонға байланысты. Сканерлердің сыртқы айырмашылықтары - сканерді компьютерге жалғайтын интерфейс. Қазіргі кезде интерфейстердің көптеген түрлерін кездестіруге болады.

-LPT - бұл берілген сканер интерфейсі компьютердің параллельді портына принтердің орнына жалғанады. Бұл қосылу типінің көптеген кемшіліктері бар. Сканермен жұмыс істеу барысында принтерге қосылу өте қиын. Бұл мәселені SPP стандартты режимімен шешуге болады, бірақ сканер мен принтердің жұмыс істеу жылдамдығы төмендейді.

- SCSI - бұл ескі қосылу әдісі. Компьютер мен сканер арасындағы байланыс арнайы кеңейтілу платасы SCSI интерфейсі арқылы жүзеге асырылады. Бұл интерфейстің жоғары жылдамдықта болуы жоғары сапалы сканерлеуді қамтамасыз етеді.

- USB - қазіргі кезде қолданылатын бастапқы қалыпта сканерлейтін интерфейс. Мәліметтердің берілуіне аса жоғары жылдамдықты қажет етпейді.

- FireWire қымбат, бірақ перспективті интерфейс. Мұндай сканер комплексінде 3 портты FireWire контроллері болады. Сканерден бөлек компьютерге басқа құрылғыларды да жалғай беруге болады (мысалы, цифрлы камера) . Барабанды сканерді факс жіберу үшін қолдануға бола

http://www.syl.ru/misc/i/ai/143220/419977.jpg

http://i52.tinypic.com/dnhfz8.jpg

http://masterotvetov.com/uploads/posts/2013-03-04/image_219.jpg

Монитор

Монитор ( monіtor ) - 1) компьютер жадындағы мәтіндерді, бейнелерді экранда көрсететін құрылғы; оны дисплей, экран, ал кейде бейне-блок деп те атайды. Монитор электронды-сәулелік түтікшеден, бейне күшейткіштен, жайма генераторы, қоректендіру бөлшегі және оларды басқару сұлбаларынан тұрады. Монитордағы кескінді құрастыру бөлшегі дербес компьютердің негізгі қорабында - жүйелік блогінде орналасады. Кейбір тұрмыста қолданылатын компьютерлерде Монитор орнына қосымша модуляторлық құрылғымен толықтырылған үйдегі телеэкранды пайдалануға болады. Мониторлар мәтіндік және график. Режимде жұмыс істей алады. Мәтіндік режимде - Монитор экранына тек символдар шығарылып, олар таңбалық генератормен қалыптастырылатын ASCІІ-кодтарының ұлттық әріптермен кеңейтілген символдар жинағынан тұрады. Графикалық режимде - экранда өте майда мозаик. бейнелер шығарылады. Монитордың график. режимі аса қажетті болып саналады және оның айқындылығы пиксельдер мөлшерімен анықталатын экранның айқындау қабілетіне байланысты. Соңғы кезде VGA және SuperVGA типті Мониторлар қолданылып келеді. Олар мәліметтерді мәтіндік және график. режимдердің екеуінде де экрандағы пиксельдік нүктелер санына байланысты кез келген ақпарат түрлерін сапалы түрде бейнелейді. Монитордың мәліметті жақсы көрсетіп, оларды айқындау қабілеті экрандағы нүктелер санына байланысты, мыс., горизонталь бағытта 200 нүктені, ал вертикаль бағытта 640 нүктені бейнелейтін (640*200), сондай-ақ 800*600, 1024*768 (SuperVGA) және айқындау қабілеті одан да жоғары Мониторлар бар. Экрандағы нүктелер саны артқан сайын, яғни нүкте көлемі кішірейген сайын (0, 2 - 0, 31 мм) Монитор сапасы да, бағасы да арта түседі. Түрлі түсті Мониторларда нүктелер көлемі 0, 24 мм болады. Нүктелер көлемі 0, 39 мм-ден үлкен Мониторларда экрандағы бейне анық көрсетілмейді. Мониторлар монохромды (ақ-қара түсті) және түрлі түсті болып ажыратылады. Монитордың негізгі сипаттамасына экран диагоналының дюйммен (1 дюйм=2, 54 см) берілген қашықтығы жатады, мыс., 14 дюйм, 15 дюйм, т. б. Алып жүруге ыңғайлы компьютерге (note-book) арналған Монитордың электронды-сәулелік түтікшесіз сұйық кристалды және сенсорлық экранды түрлері бар. Сұйық кристалдар электр кернеуінің әсерімен өз құрылымын, түсін және оптик. қасиеттерін өзгерте алады. Сұйық кристалдар құрамына басқа түсті ерітінділерді қосып және электр өрісін өзгерте отырып, жоғары сапалы 15 млн-нан аса түстерді бейнелей алатын экрандағы нүктелер саны 1024*768 немесе 1280*1024 болатын Мониторлар жасауға болады. Бұлардың салмағы жеңіл, көлемі кіші және денсаулыққа зиянды электро-магниттік толқындары болмайды; 2) Компьютердегі мәліметтерді өңдеу жүйесінде орындалатын операцияларды бақылайтын, реттейтін немесе тексеретін машиналық бағдарлама. Бағдарламалау тілдерінде - бөлінбейтін мәліметтік қорлармен (ресурстармен) байланыс ұйымдастыратын жоғары деңгейдегі әрекеттесу ісін жүзеге асырады.

http://admin-kompa.ru/images/sostavnye_chasti_compjytera/elt_monitor.jpg http://hi-news.ru/wp-content/uploads/2011/01/Samsung-950-3D-Monitor-450x276.jpg

https://00.img.avito.st/640x480/772772700.jpg http://pics.rbc.ru/img/cnews/2006/11/28/w2.jpg

http://go2.imgsmail.ru/imgpreview?key=32f92cca651a8b34&mb=imgdb_preview_1174 http://content.etilize.com/650/1024274052.jpg

Жүйелік блок

Жүйелік блок - енгізуді шығаруға айналдыру үшін қажет болатын өңдеуші құралдар орналасатын компьютердің негізгі бөлігі. Осы өңдеуші құрылғыларға жүйелік тақта, ішкі дискіенгізгілер және әр түрлі жүйелік жабдық, соның ішінде бейне тақта мен дыбыстауыш тақталар кіреді. Жүйелік блок (Системный блок; system block) - дербес компьютердің негізгі электрондық құрылғылары (процессор, жедел жад, дискілер жөне контроллерлер) мен қоректендіру блогы орналасқан блок. Бұның құрамында сыртқы мәлімет жинақтауыш, кейде дисплей мен пернетақта да орналастырылады; компьютердің орталық құрауыштары (процессор, жедел жад, көмекші схемалар, қоректендіру көздері және қуыс-орындар) қондырылған аналық тақша орналасқан қорап. Артқы жағында әр түрлі шалғай құрылғыларды қосуға арналған ағытпалар (порттар), ал алдыңғы бетінде жарық диодтық индикаторлар бар.

Аналық тақша

Компьютерде жұмыс істеу кезінде барлық мәліметтер аналық немесе жүйелік тақшамен өңделеді. Аналық тақша - бұл компьютердің барлық құрауыштары қосылатын күрделі көп қабатты баспалық тақша. Аналық тақша мыс өткізгіштер-жолдар желісімен қапталған - олар бойынша тақшада құрастырылған микросхемалар мен компьютердің басқа құрылғылары қосылатын слоттарға мәліметтер келіп түседі. Әрбір құрылғы белгілі бір слотқа қосыла алады. BIOS (Basic Input Output System)

Енгізу-шығарудың базалық жүйесі (BIOS - Basic Input Output System) өзіне компьютердің құрылғыларының арасындағы өзара әрекетті ұйымдастырушы енгізу-шығару бағдарламаларының жинағын қамтиды.

BIOS аппараттық құрал ретінде де, операциялық жүйенің бағдарламалық модулі ретінде де қарастырылады.

Компьютерде BIOS жүйесі жүйелік тақшада орнатылған микросхема түрінде іске асырылған.

Ескі жүйелерде ROM BIOS микросхемасын орнатқан болатын. Қазіргі заманғы компьютерлерде BIOS-ты сақтау үшін флэш-жад (flash memory) микросхемасы пайдаланылады. Олар бір құрауыш үшін ондаған мың есеге дейін ақпаратты қайта жазуға рұқсат етеді. Бұл қосылатын құрылғыларды қолдау үшін ескі қызметтерді оңай түрлендіруге немесе жаңа қызметті үстемелеуге мүмкіндік береді. BIOS-ты түрлендіру үшін жүйелік тақшасы бар жинақта жеткізілетін арнайы утилит (бағдарлама) пайдаланылады.

BIOS жүйесі мыналарды қамтиды:

• CMOS RAM - жүйелік уақыт пен компьютер қисыны туралы ақпаратты сақтайтын жад.

• CMOS-жад аз энергия тұтынуымен, энергияға тәуелсіздігімен ерекшеленеді, құрамдас аккумулятордан қоректенеді. CMOS RAM мөлшері BIOS жүйесіне кіретін Setupбағдарламасының көмегімен өзгереді. Бұл бағдарламаға компьютерді бастапқы жүктеу кезінде DEL пернесін ұстап тұрып кіруге болады

Сендердің компьютерлеріңде орнатылған BIOS туралы егжей-тегжейлі аналық тақша сипаттамасынан оқуға болады.

Процессор мен жад

Компьютер сипаттамасының басында, әдеттегідей, орталық процессордың (central processing unit, CPU) типі мен жиілігін көрсетеді. Одан әрі жедел жадтың (random access memory, RAM) сипаттамасы беріледі. Компютердің бұл құрауыштары - ең бастылары, өйткені оның жұмысының жылдамдығын осылар анықтайды. Компьютерге әлемдегі ең үлкен қатқыл дискіні, ең күшті бейнеадаптерді және керемет дыбыстық жүйені орнатуға болады, бірақ баяу процессор мен мардымсыз жад кезінде барлық осы байлық пайдасыз болады.

Процессор, немесе, оны тағы микропроцессор деп атағандай, компьютер мәліметтерін өңдеудің орталық құрылғысы болып саналады. Процессор микорсхема ретінде көрінеді де жедел жадпен қатар аналық тақшада тұрады. Процессорлар Microsoft Word немесе Netscape Communicator сияқты бағдарламалар жұмысы үшін қажетті есептеулерді орындайды. Процессор неғұрлым жылдам болған сайын, солғұрлым компьютердің жұмыс істеу жылдамдығы үлкен болады. Процессордың жылдамдығы мегагерцтерде (МГц) немесе гигагерцтерде (ГГц) өлшенетін оның ырғақтық жиілігімен анықталады. 1 МГц секундына бір миллион ырғаққа тең, ал 1 ГГЦ - бір миллиардқа; 1 ГГц = 1000 МГц. Процессорларды аналық тақшаға орнатады, сондықтан олар компьютерлердің ерекше ішкі құрауыштары болып саналады.

Процессорға үстінен радиатор орнатылады. Олар әр түрлі типті болады.
Базарда ең арзаны, жалпы мойындалғаны және кең таралғаны «Экструзиондық» (пресстелген) радиаторлар болып саналады. Оларды өндіруге пайдаланылатын негізгі материал - алюминий. Сондай-ақ радиаторларды мыстан да жасайды, олар қымбаттау тұрғанымен, өте тиімді.
Радиаторға үстінен желдеткіш (кулер) орнатады. Желдеткіш процессорды салқындату үшін қызмет етеді. Желдеткіш жұмыс істеу үшін оны аналық тақшаға қосу қажет.

Жүйелік өрім

Компьютердің алуан түрлі операцияларды орындау жылдамдығы жүйелік өрімнен тәуелді болады. Жүйелік өрімнің жылдамдығын, процессор сияқты, мега- и гигагерцтерде өлшейді. Егерде процессорды автомобильмен салыстырсақ, онда өрімді ол қозғалатын жол ретінде елестетуге болады. Баяу жүйелік өрімнің жұмыс істеуі машиналармен кептелген тар көшедегі қозғалыспен парапар, ал жылдам жүйелік өрімнің жұмыс істеуі - сегізқатарлы автомагистральдағыдай.

Жад

Жад деп мәліметтердің кез келген қоймасын айтады, бұл көбінесе тез (еркін) қатынас құруға болатын мәліметтерді уақытша сақтауға арналған құрылғы. Егерде процессорға әрбір бит үшін қатқыл дискіге қатынауға тура келетін болса, онда компьютер өте баяу жұмыс істеген болар еді. Осының орнына мәліметтер, процессор әлдеқайда тез жұмыс істейтін, жедел жадта сақталады. Жад түрлерінің көпшілігі мәліметтерді уақытша сақтауға арналған.
Жедел жад (RAM)

Компьютердің жедел жады (қысқартылған түрде - ОЗУ немесе RAM) мәліметтерді қысқа мерзімге сақтау үшін қызмет етеді. Кез келген бағдарламаның, ОЖ-ні қамти отырып, жұмыс істеуі үшін іске қосу кезінде бағдарламаның бір бөлігін жүктеуге жетел жадтың біршама көлемі талап етіледі. Бұл қатқыл дискіге қатынамастан бағдарламаның маңызды мәліметтеріне қатынас құру мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Компьютерде бір мезгілде неғұрлым көп бағдарлама жұмыс істесе, солғұрлым үлкен жедел жад талап етіледі. Бағдарламаның жұмысы аяқталған кезде немесе компьютерді ағытқанда жедел жадта сақталынатын мәліметтер өшіріледі.
Жедел жад ішкі жад болып саналады да сыртқы жадтың мысалдары бола алатын қатқыл дискі немесе жинақы-дискіден ерекшеленеді. Тіпті компьютер ағытылғаннан кейін де ақпарат сыртқы жадта сақталады.
Жедел жадтың көлемі мегабайтармен (Мб) өлшенеді. Қазіргі заманғы қосымша бағдарламалардың көпшілігі жұмыс істеу үшін, ең шекті өлшемде, іске қосылған бағдарламалардың әрбір данасы 64 Мб жедел жад талап етеді. Пәрменді пайдаланылатын бейнелік және дыбыстық үлкен бағдарламаларға (мысалы - компьютерлік ойындарға) оданда үлкен жад талап етіледі.
Жаңа компьютерлерге қазір ең аз дегенде 256 Мб-тық жедел жад орнатады. Егерде компьютерде орнатылған жадтан үлкен жатты талап ететін бағдарламаны іске қосатын болсақ, онда оның жұмыс істеу жылдамдығы бірден құлдырайды, тіптен компьютер мүлдем «тұрып қалады». Өнімділік тұрғысынан, компьютерде неғұрлым үлкен жад орнатылса, солғұрлым жақсы.

https://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/c/cc/Modified-pc-case.png/188px-Modified-pc-case.png https://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/2/20/IBM_HS20_blade_server.jpg/300px-IBM_HS20_blade_server.jpg

ЭЕМ буындары

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ЭЕМ-ң архитектурасы
ЭЕМ-нің даму тарихы. ЭЕМ-нің буындары
Дербес электронды есептеу техникасының архитектурасы
Информатика пәні, объектілері және құрама бөліктері
Информатиканың геометриялық түсінігі
Алгоритмдік тілдердің құрылымы
Ақпарат және оны өрнектеу жолдары жайлы ақпарат
ЕСЕПТЕУІШ ТЕХНИКАСЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ МЕН АСПЕКТІЛЕРІ
Информатика пәніне кіріспе. ЭЕМ жұмысының математикалық негіздері.
Есептеуіш машинаның тарихы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz